Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

"Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері" тақырыбындағы cеминар-тренинг 18.04.2025
   2025 жылдың 15 сәуірінде Әділет департаментінің қызметкерлері «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысты. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Абишев Тастемир Даутович және Президент Әкімшілігінің делегациясы қатысты.Семинар модераторлары ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшелері сөз сөйледі:- Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жаркенова С.Б.;- Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты, «Байқоңыр» ауданы бойынша кәмелетке толмағандар істері жөніндегі заң кеңесінің меңгерушісі Осокина И.Ю.;- Қазақстанның Ұлттық құрылтайының мүшесі, Қазақстандағы заңды тұлғалар бірлестігі «Дағдарыс орталықтары одағы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрайымы, Алматы қаласындағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығының директоры Байсакова З.М.   Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/977436?lang=kk
Соғыс жаңғырығы: Астанада Удмуртиядан келген іздеушілер жауынгердің отбасына оның заттарын табыстады 18.04.2025
ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейінде Ұлы Отан соғысы кезінде хабар-ошарсыз кеткен қызыл әскердің туыстарына жеке заттарын табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев, Удмурт Республикасының делегациясы, Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінің өкілдері, ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері және сарбаздың туыстары қатысты.    Ленинград облысының Тосненск ауданындағы экспедиция барысында удмуртиялық «Долг» қоғамдық ұйымының іздеушілері қаза тапқан сарбаздың сүйектері мен жеке заттарын тапты. Олар медальонның Омбы облысы Қират ауылының тумасы 1943 жылы желтоқсанда хабар-ошарсыз кеткен 1907 жылы туған Төкен Мендішевке тиесілі екенін анықтады.–  Біз Қазақстанға қатардағы сарбаз Төкен Меңдішевтің және сұрапыл соғыс жылдарында шайқасқан барлық қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсетіп, тағзым ету үшін келдік. Табылған медальон сол кезеңнен естелік және кешегі мен бүгінгі буынның сабақтастығының символы, – деп атап өтті Ресей Федерациясы Удмурт Республикасы үкіметі төрағасының орынбасары Наталья Тойкина.2024 жылдың 10 мамырында қызыл әскер Төкен Меңдішевтің және тағы 194 жауынгердің сүйегі Ленинград облысы Тосненск ауданы Чудская бор ауылының жанындағы мемориалдық зиратта бауырластар қабіріне жерленді. Сарбаз қаза тапқан жерге ескерткіш белгі орнатылды. Төкен Меңдішевтің келіні Айсұлу Меңдішеваның айтуынша, атасы Төкен туған інісі Қайыргелдімен майданға бірге аттанған. Соғыста жараланып елге оралған Қайыргелді өмір бойы хабар-ошарсыз кеткендер қатарынан Төкенді табамын деген үмітпен өтті. Өкінішке орай, қаза тапқан жауынгердің артында ұрпақ қалмады. Сарбаздың барлық табылған заттарын: патрондарға арналған сөмке, қасық, сіріңке, ұстара, түймелер, ілмек, жұлдызша, СВТ мылтығының кілті, медальон және капсулалы бланкіні Меңдішевтер отбасы ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейіне тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/977420?lang=kk
Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарыбел орта мектебі» КММ-де "Біріктірілген сыныптарда оқу процесін ұйымдастыру әдістері" 18.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасыныңСамар ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарыбел орта мектебі» КММ-де «Біріктірілген сыныптарда оқу процесін ұйымдастыру әдістері: сабақты жоспарлау мен оқу уақытын бөлудің әртүрлі тәсілдерін талқылау» атты семинар өтті. Мақсаты:Біріктірілген сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдердің кәсіби дамуы мен педагогикалық дағдыларын жақсарту. Біріктірілген сыныптардағы сабақтарды ұйымдастыру механизмдерін талдау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/977412?lang=kk
Қалалық мобильділіктің болашағы: Қонаевта LRT құрылыс жобасы талқыланды 18.04.2025
 Алматы облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев төрағалығымен Оңтүстік Кореяның RETD CO., LTD компаниясы делегациясымен ресми кездесу өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы – Алматы мен Қонаев қалаларын жалғайтын перспективалық маглев негізіндегі жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасын талқылау болды.Кездесуді ашқан Рустам Исатаев көлік инфрақұрылымын дамытудың стратегиялық маңыздылығына тоқталды:«Алматы облысы – инвестициялық және инфрақұрылымдық әлеуеті жоғары, қарқынды дамып келе жатқан өңір. Біз көлік қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға басымдық береміз. Маглев технологиясын қолданатын LRT жобасы – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі», – деді облыс әкімінің орынбасары.RETD CO., LTD компаниясының атқарушы директоры Ли Чан Ук магнитті ілініс технологиясының артықшылықтары және компанияның Азия елдеріндегі осындай инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибесі туралы айтып берді.«Біздің тәжірибеміз бен технологиямыз Қазақстан үшін пайдалы болады деп сенеміз. Маглев – бұл болашақтың көлігі, және біз Алматы облысының ауқымды дамуына үлес қосуға дайынбыз», – деді ол.Өз сөзінде Рустам Исатаев Оңтүстік Кореяның Қазақстанның негізгі экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Бүгінде Алматы облысында корей капиталының қатысуымен 15 кәсіпорын жұмыс істейді.Кездесуге облыстық басқармалар мен бөлім басшылары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, кәсіпкерлік басқармасы, сондай-ақ «Алматы облысының өңірлік даму орталығы» ЖШС өкілдері қатысты.Тараптар LRT жобасын жүзеге асыру өңірдің көлік жүйесін дамытудың жаңа кезеңіне жол ашып, технологиялық және экономикалық серпін беретіндігіне сенім білдірді. Әкім орынбасары жобаның барлық кезеңдерінде жергілікті атқарушы органдар тарапынан толық қолдау көрсетілетінін атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/977404?lang=kk
Президенттің кеңесшісі Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті 18.04.2025
Мемлекет басшысының бастамасымен өткізілген Ұлттық құрылтайдың IV отырысында ел болашағына бағытталған маңызды тапсырмалар жүктелгені белгілі. Осы тапсырмаларды іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуде ерекше рөл атқаратын Ұлттық ұланның Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, мазмұнды әңгіме өрбітті.Аталған шарада Жамбыл облысының бірқатар қоғам қайраткері мен мемлекеттік орган өкілдері бас қосты.Мәлік Отарбаев Президент тапсырмаларын орындау бағытында жүзеге асырылып жатқан іс-шараларға тоқталып, ел ішіндегі бірлік пен тұрақтылықты сақтауда әскери құрылымдардың атқарып отырған маңызды қызметін ерекше атап өтті.Кездесу аясында әскери бөлімнің жеке құрамымен ашық форматта пікір алмасу болды. Жүздесу соңында М.Отарбаев әскери қызметкерлерге сәттілік тілеп, мемлекеттің болашағы жолында бірлесе еңбек етуге шақырды.Ол ел қорғаны саналатын Ұлттық ұланның ел бірлігі мен тыныштығын сақтаудағы рөліне айрықша тоқталып, қызметтеріне алғыс білдірді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/977397?lang=kk
«Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы және өлке тарихының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті 18.04.2025
2025 жылдың 16 сәуірінде Ш.Уәлихановтың 190 жылдығына және Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, «Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасы және өлке тарихының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы тек қазақ халқы үшін ғана емес, мәдени құбылыс және тұтас бір дәуір болып келеді.  Ұлы ағартушының сан қырлы ғылыми қызметі көптеген елдердің түркітанушылары, тарихшылары, этнографтары, этнологтары мен филологтардың зерттеу пәніне айналды.Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың ІV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тарихи-мәдени мұрамызды ХХІ ғасырға сай жаңғыртып, жүйелі түрде дәріптеуіміз қажет. Ғылыми зерттеулер жүргізу, тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, археологиялық қазба жұмыстарын жандандыру, музей ісін дамыту, шетел мұрағаттарын зерделеу, салт-дәстүрімізді жаңғырту - осы жұмыстың бәрін бір жоспарға келтіру керек» деп атап өтті.Іс-шараның бағыттарына сәйкес, ғылыми-тәжірибелік конференцияда Астана, Көкшетау қалаларынан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарынан келген ғалым тарихшылардың, археологтардың зерттеуші, этнограф, шығыстанушы, тарихшы Шоқан Уәлихановтың әлемдік тарихқа қосқан зор үлесі туралы баяндамалары ұсынылды. Сондай-ақ тарихтың, археологияның болжамды міндеттерінің даму перспективалары, тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау және қорғау саласындағы әдіс-тәсілдер мен шешімдер туралы сөз қозғалды.Археология адамзат қоғамы қызметінің материалдық қалдықтары негізінде өткенді зерттейтін ғылым ретінде тарихи ғылымның маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатындығын атап өткен жөн. Археологиялық ескерткіштеріндегі зерттеу жұмыстары, археологиялық жобалар әрқашан өзекті болып табылады. Олардың өзектілігі – археологияны зерттеу кезінде жастар тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар іс жүзінде далалық тәжірибелерді ұйымдастыру барысында, археологиялық орындарға экскурсиялар біздің тікелей еліміздің өткенінен сыр шертеді. Археология мен тарихи өлкетанудың өзара байланысы өскелең ұрпақтың туған өлкенің тарихи-мәдени құндылығын түсінуге тәрбиелеуге және жас ұрпақтың тарихи-мәдени ойлауының негіздерін қалыптастыруға, яғни олардың тарихи дамудағы аумақтардың өзара байланысын, адамзаттың өткенін зерттеудің маңызы мен  маңыздылығын түсінуіне мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/977363?lang=kk
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария портал енгізілді 18.04.2025
Астана. 14 сәуір. ҚазТАГ-ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп, елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы барлық негізгі ақпарат жинақталған ашық онлайн-ресурсты іске қосты, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі."Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі" Ұлттық ақпараттық технологиялар " АҚ-мен бірлесіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария порталды іске қосты. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпаратты бір ресурста жүйелеуге арналған. Барлық ниет білдірушілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі қызметпен таныса алады", - делінген хабарламада.Сонымен қатар, портал оқыту курстарынан өтуге, тестілеуден өтуге және сертификат алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, пайдаланушылар сауалнамадан өте алады, оның нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды түзетуге көмектеседі.Порталда Transparency International, "сыбайлас жемқорлық картограммасы", тәуекелді лауазымдар мен өңірлер бойынша деректері бар зерттеулер, интерактивті карталар, бейнероликтер, сондай-ақ волонтерлік қызмет туралы бөлім орналастырылған. Портал арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға қатысу үшін сауалнама беруге және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/977348?lang=kk
Ермағанбет Бөлекпаев Гомель облысының делегациясымен кездесті 18.04.2025
Беларусь өнеркәсіпшілері Қарағанды облысымен бизнес серіктестікті нығайтуға мүдделі. Байланыстарды дамыту үшін Қарағандыға құрамында мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпорын басшылары бар Гомель облысынан үлкен делегация келді. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде өңіраралық ынтымақтастық әлеуеті талқыланды.– Беларусь пен Қазақстанды жыл сайын дамып, нығайып келе жатқан ортақ тарих, терең тарихи және мәдени байланыстар біріктіреді, – деп қонақтарды қарсы алды Ермағанбет Бөлекпаев. – Өздеріңіз білетіндей, біздің облыс – өнеркәсіптік өңір. Мұнда ірі тау-кен кәсіпорындары, сондай-ақ түсті және қара металлургия, машина жасау, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы мен энергетика өндірістері шоғырланған. Біз өнімді әлемнің 50 еліне, соның ішінде Беларусь Республикасына да жеткіземіз. Ынтымақтастық үшін негіз бар, біз өзара тиімді жағдайда жұмыс істеуге дайынбыз.Аймақ басшысы «Сарыарқа» АЭА мен Saran индустриалды аймағында инвесторлар үшін жасалған жағдайлар туралы айтты.Өз кезегінде қонақтар гомельдік кәсіпорындардың мүмкіндіктерін көрсететін бейнероликті ұсынды.Гомель облыстық атқару комитетінің төрағасы Иван Крупко Қазақстан Беларусь үшін стратегиялық серіктестердің бірі және сыртқы тауар айналымы бойынша Ресей мен Қытайдан кейін үшінші орында екенін атап өтті.– Соңғы бесжылдықта Гомель облысының Қазақстанмен тауар айналымы бір жарым есеге артты. Менің ойымша, біз өз халықтарымыз үшін, өз тұрғындарымыз үшін екі жаққа да тиімді нүктелер табсақ, көп нәрсеге қол жеткізе аламыз. Біздің кездесуіміз өңіраралық ынтымақтастықты дамытуда жақсы нәтиже береді деп үміттенемін, – деп атап өтті делегация басшысы.Негізінен Беларусьтан жергілікті нарыққа қазір ет-сүт өнімдері, ауыл шаруашылығы техникасы жеткізіледі. Иван Крупконың пікірінше, жиһаз шығаратын бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, гомельдік кәсіпорындар фермерлерге арналған техниканы ұсынады.Қарағандылықтар қыркүйек айында Гомельде өтетін экономикалық форумға шақырылды.Кездесу Гомель және Қарағанды облыстары арасындағы өңіраралық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюмен аяқталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/977322?lang=kk
Жатаған у кекіре. (Acroptіlon repens DC) арамшөпі қауіпті карантинді объект. Горчак ползучий 18.04.2025
Жатаған у кекіре. (Acroptіlon repens DC) арамшөпі қауіпті карантинді объект. Горчак ползучийАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/977320?lang=kk
Қарағанды қаласының жетінші сынып оқушысы Spelling Bee халықаралық байқауының республикалық деңгейінде жеңіске жеткені үшін сыйлық ретінде Ұлыбританияда оқу курсын ұтып алды 18.04.2025
Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің жетінші сынып оқушысы Данияр Мұстафин Spelling Bee халықаралық байқауының республикалық кезеңінде үздік атанды. Білім додасындағы жеңісі үшін сыйлық ретінде Ұлыбританияға сапар ұтып алдя, онда оқушы EF Education First-тен бір апталық тіл курсынан өтеді.Spelling bee – жыл сайынғы ағылшын емле байқауы. Қатысушылар жылдамдыққа күрделі ағылшын сөздерін әріптермен жіктеп атаулары тиіс.Биыл байқауға 7–9 сынып оқушылары қатысты. Барлық турлардың қорытындысы бойынша үздік нәтижелерді Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Данияр Мұстафин көрсетті.– Даниярдың ең алғашқы ағылшын мұғалімдері оның ағалары болды. Үлкен ұлымыз ҚТЛ, ортаншымыз – IT-лицейді бітірді. Данияр біздің кенже баламыз, ағалары онымен жиі ағылшынша сөйлесетін. 4–5 жастан бастап Данияр ағылшын тіліне қызығушылық танытты. Бұл байқауға ол онша дайындалған жоқ. Мен оның бойында жарыс рухын сақтауға тырысамын. Бұрын ол жеңіліске ұшырағанда қатты күйзелетін, бірақ мен әрқашан ең бастысы – қатысу, ал жеңістер міндетті түрде болады деп айтатынмын, – дейді Даниярдың анасы Айнагүл Мұстафина.Сыйлық ретінде Даниярға EF Education First-тен бір апталық стипендия берілді. Курс Ұлыбританияда осы жылдың шілде айының соңында өтеді.– Бізге Англияның үш қаласын таңдау ұсынылды. Біз Борнмутты таңдадық. Данияр сол жерде ағылшын отбасында тұрады. Тамақтану, тұру, оқу – осының бәрі стипендиямен өтеледі. Виза мен ұшу өз есебімізден, – дейді Айнагүл Мұстафина. – Әрине, бұл арзан емес, бірақ бала өз жеңісінің жемісін пайдалануы тиіс.Осы байқауда тағы бір қарағандылық жүлделі орынға ие болды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің оныншы сынып оқушысы Эмир Бүтімбаев қола медальға ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/977311?lang=kk
2025 жылты 1 сэуірде жеке тулгалардан келік куралдарына салынатын салыкты телеудін 2024 жылы мерзімі аякталды. 18.04.2025
2025 жылты 1 сэуірде жекетулгалардан келік куралдарына салынатын салыкты телеудін 2024 жылы мерзімі аякталды.Салыкты уактылы телемеген жосыксыз салык,телеушілерге катысты мемлекеттік кірістер органдары салык берешегін межбурлеп ендіріп алу эсерінін, барлык тетіктерін колданады.Біріншіден, салыкты уактылы телемеген жадайда, Мерзімі еткен эрбір кун ушін кайтакаржыландырудын ресми ставкасынын 1,25еселенген мелшерінде осімпул есептеледі.Екіншіден, "жеке тулгалардын, салык, берешегітуралы" хабарлама орындалмаган, "жеке тулганын,берешегін ендіріп алу туралы Салык буйрыты" еріктітурде орындалмаган кезде материал жеке соторындаушыларына межбурлеп ендіріп алуга тікелей беріледі.Оз кезегінде, берешекті ендіріп алу максатындажеке сот орындаушылары борышкерлерге катыстыалынган материалдар бойынша мынадайшараларды колданады:- Казакстан Республикасынан тыс жерлерге шытуды шектеу;- тіркеу рекеттерін шектеу;- салык, телеушінін мулкіне тыйым салу;- банк шоттары бойынша шыгыс операцияларынтоктата туру;- борышкердін, езін камаута алу.Бул ретте борышкер салыктар бойыншаберешекті телегеннен кейін соторындаушыларынын кызметтеріне ендіріп алынган соманын 25 пайызына дейінгі мелшерде телеуге міндетті.Электрондык салык телеуші ретінде тіркелген жеке тулгалар салык телеушінін кабинеті аркылыэлектрондык арна аркылы хабарлама мен салыкбуйрытын алатынын атап отеміз.Салык міндеттемесін орындау КазакстанРеспубликасынын рбір азаматынын, міндеті женеборышы болып табылады.Баяндалганнын негізінде салык берешегінін, бар- ЖОЫН КР Мемлекеттік кірістер комитетінін сайтында, электрондык сервистер белімінде-салык, берешегінін, жок (бар) екендігі туралы мэліметтерді не банктін косымшасында тексеруге боладыKaspi.kz. мемлекеттік кызметтер белімінде-салыктар бойынша карыздар.Салык, бойынша берешекті телеуді екінші денгейдегі банктердін мобильді косымшалары аркылы электрондык турде жургізуге болады(post.kz, kaspi.kz, homebank.kz жене баскалар),Esalya мобильді косымшасындаты салык эмиянкызметі аркылы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/977304?lang=kk
Тағылымдама өткізілді 18.04.2025
2025 жылдың 11 қарашасында Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.М. Абдикалыкова Қостанай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының №1 бөлімінің инспекторларына құжаттарды апостильдеуге қабылдау мәселелері бойынша тағылымдама өткізді.Тағылымдама барысында электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау тәртібін түсіндіруге және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударылды. Қостанай облысыӘділет департаментініңБаспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1102902?lang=kk
Жалған хабарламалар туралы хабарлаймыз 18.04.2025
Құрметті салық төлеушілер!Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бүгінгі таңда интернет-алаяқтар «Салықты төлеу қажеттілігі туралы ескерту» деген тақырыппен фейк хабарламаларды электронды пошта арқылы немесе WhatsApp желісі арқылы жіберуді жалғастырып жатқанын хабарлайды.Ескертеміз, барлық хабарламалар мемлекеттік кірістер органдары тарапынан жасалып, нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген. Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде хабарламаларды қалыптастыру кезінде хабарлама нөмірлері оларға енгізілген алгоритм бойынша автоматты түрде жасалады.Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері хабарламаларды тек "салық төлеушінің кабинетіне", "электрондық үкімет" порталының жеке кабинетіне және "e-Salyq" мобильді қосымшаларына жібереді. Салық төлеуші хабарламалардың бір бөлігін бірден өзінің жеке кабинетінде КТС, ЭҮП немесе ESA, ESO-да көре алады. Бұл ретте камералдық бақылау нәтижелері бойынша қалыптастырылған хабарламалар салық төлеуші қол қойылған PDF нысанын өзінің электрондық поштасына КТС немесе ЭҮП арқылы дербес сұратады.Осыған байланысты абай болуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, ақша қаражаттарын аудармауға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сұраған деректерді (Аты-жөні, байланыс нөмірі, лауазымы, мекенжайы және басқа мәліметтер) толтырмауға және ұсынбауға, сондай-ақ алынған хабарламалардың дұрыстығын тексеруге кеңес береміз. Маңызды! Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінен салық төлеушілердің электрондық пошталарына жіберу жүзеге асырылмайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/977293?lang=kk
Мемлекеттік бажды қайтару 18.04.2025
Мемлекеттік бажды қайтару үшін қайтарудың негізділігін растайтын тиісті органның құжатын қоса бере отырып, өтініш беру қажет.Өтінішті «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасы, «Электрондық үкімет» порталы, «e-Salyq Аzamat» мобильдік қосымшасы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы қағаз жеткізгіште ұсынуға болады.Мемлекеттік бажды қайтару Салық төлеушінің банктік шотына қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/977285?lang=kk
Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулованың дәрісі өтті 18.04.2025
   2025 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – Тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, сондай-ақ жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және «Заң және тәртіп» нарративін ақпараттық қолдау аясында З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің базасында Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулованың дәрісі өтті.   Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Конституциясының қалыптасу және даму кезеңдері, оның мемлекеттілікті нығайтудағы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі маңызы, сондай-ақ жастар арасында құқықтық сана мен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы құқықтық ағартудың рөлі талқыланды.   Сонымен қатар қатысушылар құқықтық мәдениеттің өзекті мәселелері мен қоғамдағы құқықтық сана деңгейін арттыру жолдарына және жастардың құқықтық бастамаларға белсенді қатысу маңыздылығына ерекше мән берді. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/977268?lang=kk
Шекелік шашбау жасау бойынша шеберлік мастер классы 18.04.2025
Отбасын қолдау орталығында ұлттық нақыштағы ерекше іс-шара өтті!Шекелік шашбау жасау бойынша шеберлік мастер классы ұйымдастырылды.Қатысушылар дәстүрлі өнердің қыр-сырын меңгеріп, өз қолдарымен ұнаған әсем әшекейлерін жасады.#Шашабау #Шекелік#Отбасынқолдауорталығы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/977256?lang=kk
Маңғыстау облысында ғашықтар күнінде 26 шаңырақ құрылды 18.04.2025
Қазақстанда жыл сайын 15 сәуірде Ғашықтар күні атап өтіледі. Аталған мерекеге орай «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облыстық филиалының АХАТ бөлімдеріне неке қиюға 26 өтініш түсті. Оның ішінде 18-і Ақтау қаласында тіркелген.  Ал елімізде бұл күні  500-ден астам шаңырақ құрылды.Айта кетейік, 2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанда жалпы 23 835 неке тіркелген. Маңғыстау облысында жыл басынан 1103 жас жұптар некелерін заңдастырған.Естеріңізге сала кетейік, елімізде неке қиюға өтінішті АХАТ бөлімдері, электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы беруге болады. Мемлекеттік органдар өтінішті 1 жұмыс күні ішінде қарайды, ал неке қию рәсімі 15 күннен кейін таңдалған АХАТ бөлімінде өткізіледі. Егер тіркеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, ол автоматты түрде келесі жұмыс күніне ауыстырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/977255?lang=kk
«Өндіріп алушының өтініші бойынша атқару парағы негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар өткізілді. 18.04.2025
2025 жылдың 15 сәуірде «СҚО Әділет Департаменті» РММ «№4 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының мемлекеттік сот орындаушысы Ж.Б. Исакановамен «Ғ. Мүсірепов атындағы ауданының Мансап орталығы» филиалының қызметкерлерімен «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқару парағы негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар өткізілді.Қызметкерлерге мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, осы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуы түсіндіріліп, қойылған сұрақтарға жауап берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/977249?lang=kk
Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы оқу орнында “Тауар белгісін құқықтық қорғау және тіркеу шарттары” тақырыбында дәріс өткізді. 18.04.2025
Тауар таңбаларын қорғау мәселелері талқыланды, Әділет органдарының тауар таңбасын заңсыз пайдалануына тексеру жүргізу туралы айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/977245?lang=kk
Пышан Жәлмендеұлының 140 жылдығына арналған І республикалық «Сұңқар едім шөлдегі, сұлтан едім елдегі» атты дәстүрлі әншілер байқауы өтті 18.04.2025
Талдықорған қаласы Д.Рақышев атындағы облыстық филармониясында қазақ әдебиеті мен музыка өнеріне үлес қосқан ақын, әнші-сазгер Пышан Жәлмендеұлының 140 жылдығына арналған І Республикалық «СҰҢҚАР ЕДІМ ШӨЛДЕГІ, СҰЛТАН ЕДІМ ЕЛДЕГІ» атты дәстүрлі әншілер байқауы өтті.Кешкі сағат 17:00-де байқау жеңімпаздарының қорытынды Гала-концерті және марапаттау рәсімі атқарылды.Байқауға республикамыздың  облыстырынан және Астана, Алматы, Тараз, Талдықорған қалаларынан өнерпаздар қатысты.Байқаудың мақсаты: ақын, әнші-сазгер Пышан Жәлмендеұлының  шығармашылық мұрасын сақтау және насихаттау, дәстүрлі ән жанрындағы жаңа орындаушылармен таныстыру, шығармашылық байланыстар орнату және орындаушылар арасында тәжірибе алмасу. Әншілердің шығармашылық мүмкіндіктерін нығайту және дамыту, қолдауға жағдай жасау, орындаушылардың кәсіби деңгейін және шеберлігін арттыру.Байқауға қатысушылардың өнерлерін төмендегі қазылар алқасы саралады: Әміре Әрін - ақын, Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, алқа төрағасыЕрмұрат Үсенов - Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның ұстазы,  композиторАлпысбаев Әли Демегенұлы – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының мүшесі, профессор, композитор, дирижерАрдақ Балажанова – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші, ұстазНұржан Жанпейісов – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, ұстаз, дәстүрлі әнші.Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен мен алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/977234?lang=kk