Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің бас маманы оқу орнында “Тауар белгісін құқықтық қорғау және тіркеу шарттары” тақырыбында дәріс өткізді. 18.04.2025
Тауар таңбаларын қорғау мәселелері талқыланды, Әділет органдарының тауар таңбасын заңсыз пайдалануына тексеру жүргізу туралы айтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/977245?lang=kk
Пышан Жәлмендеұлының 140 жылдығына арналған І республикалық «Сұңқар едім шөлдегі, сұлтан едім елдегі» атты дәстүрлі әншілер байқауы өтті 18.04.2025
Талдықорған қаласы Д.Рақышев атындағы облыстық филармониясында қазақ әдебиеті мен музыка өнеріне үлес қосқан ақын, әнші-сазгер Пышан Жәлмендеұлының 140 жылдығына арналған І Республикалық «СҰҢҚАР ЕДІМ ШӨЛДЕГІ, СҰЛТАН ЕДІМ ЕЛДЕГІ» атты дәстүрлі әншілер байқауы өтті.Кешкі сағат 17:00-де байқау жеңімпаздарының қорытынды Гала-концерті және марапаттау рәсімі атқарылды.Байқауға республикамыздың  облыстырынан және Астана, Алматы, Тараз, Талдықорған қалаларынан өнерпаздар қатысты.Байқаудың мақсаты: ақын, әнші-сазгер Пышан Жәлмендеұлының  шығармашылық мұрасын сақтау және насихаттау, дәстүрлі ән жанрындағы жаңа орындаушылармен таныстыру, шығармашылық байланыстар орнату және орындаушылар арасында тәжірибе алмасу. Әншілердің шығармашылық мүмкіндіктерін нығайту және дамыту, қолдауға жағдай жасау, орындаушылардың кәсіби деңгейін және шеберлігін арттыру.Байқауға қатысушылардың өнерлерін төмендегі қазылар алқасы саралады: Әміре Әрін - ақын, Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, алқа төрағасыЕрмұрат Үсенов - Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның ұстазы,  композиторАлпысбаев Әли Демегенұлы – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының мүшесі, профессор, композитор, дирижерАрдақ Балажанова – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші, ұстазНұржан Жанпейісов – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, ұстаз, дәстүрлі әнші.Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болып, дипломдармен мен алғыс хаттармен марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/977234?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп: әдеп жөніндегі уәкілдердің жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлі 18.04.2025
«Заң мен тәртіп» нарративін іске асыру шеңберінде, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілдерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп» ұйымдастырып, өткізді.Іс-шараға қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты. Мектептің жұмысы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатындағы әдеп жөніндегі уәкілдер институтының құзыретін арттыруға және рөлін нығайтуға бағытталған.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі: қағидаттар, міндеттер және қызметінің тиімділігі" тақырыбында баяндама жасап,  бұл бағыттағы жүйелі жұмыстың маңыздылығына және әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға белсенді қатысуына баса назар аударды.ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысының ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Дархан Хайруллин әдеп жөніндегі уәкілдердің мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қызметіндегі проблемалары мен оларды шешу жолдарын атап өтіп, әдептілік мәдениетінің деңгейін үнемі арттыру және профилактиканың заманауи әдістерін енгізу қажеттігін атап өтті.Әдеп тәртібі және жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мәселелеріне облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мира Беккужина ерекше назар аударып, тәлімгерліктің рөліне және жаңа бастаған мемлекеттік қызметшілерде адамгершілік бағдарларды қалыптастыруға баса назар аударды.ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шығыс Қазақстан филиалының директоры Жанар Бұқанова сөз сөйледі. Ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана. Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыру әрбір қызметшінің жеке жауапкершілігінен басталуы тиіс екенін атап өтті.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектептің қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға оқуға қатысқанын растайтын сертификаттар табысталды.Мұндай іс-шараларды өткізу әдеп жөніндегі уәкілдер институтын нығайтуға және мемлекеттік басқаруда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/977228?lang=kk
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Бас директоры Дарен Тангпен таныстық кездесу өткізді 18.04.2025
Женева, 2025 жылғы 14 сәуір – Женевада Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаевтың Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Бас директоры Дарен Тангқа сыпайылық сапары өтті.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Атап айтқанда, ДЗМҰ қолдауымен Қазақстанның Ұлттық инновациялық стратегиясының іске қосылуы, білім беру бастамаларын дамыту және зияткерлік меншік саласындағы халықаралық жобаларға Қазақстанның қатысуы мәселелері қаралды.Тұрақты өкіл Қазақстанның Жаһандық инновациялық индекстегі позициясын нығайтуға ұмтылысын атап өтіп, Орталық Азиядағы алғашқы ДЗМҰ кеңсесін Қазақстанда ашуға қызығушылық білдірді.Сонымен қатар, кездесу аясында Қазақстан Республикасының Марракеш шартына қосылуы туралы ратификациялық грамота ресми түрде берілді, бұл көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған туындыларға қол жеткізу құқығын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады.Кездесу барысында ДЗМҰ Бас директорының алдағы Астана халықаралық форумына қатысуы да талқыланды. Форум аясында цифрлық технологиялар мен креативті индустриялар дәуіріндегі зияткерлік меншік мәселелеріне арналған арнайы панельдік сессия өткізу жоспарланып отыр.Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен ДЗМҰ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен нығайтуға өзара мүдделілік бар екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/977174?lang=kk
Өртке қарсы дайындық пен су тасқынының алдын алу – басты назарда 18.04.2025
Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен мәжілісте өрт қауіпсіздігі, санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру және алдағы жылу маусымына дайындық мәселелері жан-жақты пысықталды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті мекеме-кәсіпорын басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.Мәжіліс барысында елді мекендерде санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, абаттандыру, көгалдандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы сараланды. Сонымен қатар алдағы жылыту маусымына дайындық шараларын уақытылы әрі сапалы ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.Аудан әкімі тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі мен су тасқынының алдын алу бойынша кең көлемде түсіндіру-насихат жұмыстарын жандандыру қажеттігін айтып, жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар облыс әкімі төрағалығымен өткен жиында көтерілген мәселелер бойынша тиісті міндеттерді мерзімінде орындауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/977165?lang=kk
Үкімет отырысында көтерілген мәселелер бойынша тапсырма берілді 18.04.2025
Бүгін өртке қарсы дайындық, су тасқынының алдын алу мәселелері талқыланған Үкімет отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режимде қатысты.Аймақ басшысы Үкімет отырысынан кейін жиын өткізіп, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына тапсырма жүктеді.«Статистикалық деректерге қарағанда, еліміздегі төтенше жағдайлардың 90 пайызы өрт салдарынан болады. Өңіріміздің құрғақ, желді климатын ескерсек, дала өрттерінің тұтану, тез таралу қаупі аса жоғары.Дала өрттерінің алдын алу үшін тұрақты мониторинг жүргізіп, тиісті шараларды дер кезінде қамтамасыз ету қажет. Орман, дала өрттерінің басым бөлігі тұрғындардың, шаруашылықтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан, жауапкершілікті сезінбеуінен туындайды.Жергілікті шаруашылықтар тазалық жұмыстарын жүргізерде орман мекемелеріне алдын-ала хабарлама беруі тиіс. Өрттің алдын алу шараларының толық ұйымдастырылуын қатаң бақылауға алыңыздар. Табиғи, адами факторлардың әсерінен магистральді және ауданаралық жол бойында, егіс алқаптарында құрғақ шөптің жану қаупі жоғары. Орман алқаптарында, егістікте бақылауды күшейту керек.Өңірімізде су тасқынының алдын алудың кешенді шаралары қабылданып, 14 ақпаннан бастап өзен бетінде мұз жүрді, наурыз айында толық тазартылды. Келген мол су көлдер жүйесіне жіберілді. Өзендегі су деңгейі магистральді каналдар мен көлдер жүйелеріне су алу арқылы реттелді. Суды тиімді пайдалану және су басу аймақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды.Бүгінгі мәжілісте қаралған мәселелер өзекті. Қатаң бақылауда ұстап, мерзімінде тиісті шара қабылдау қажет», – деді Н.Нәлібаев.Айта кетейік, өрттің алдын алуда орман шаруашылығы мекемелерінде 15 өрт сөндіру автокөлігі, 10 дрон және 65 тұрақты өрт сөндіруші жасағы қызмет атқаруда.Соңғы 3 жылда өңірдегі орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық- техникалық базасын нығайтуға қаржы бөлінді. Биыл 62 техника мен 80-ге жуық құрал алу көзделуде. Орман және дала өрттерін сөндіру үшін 18 тонна жанар-жағармай қоры дайындалып, 15 қадағалау мұнарасында тұрақты кезекшілік ұйымдастырылған.Су басу қаупі бар 29 аймаққа арнайы техника, күш-құралдары бар 135 жауапты мекеме бекітілді. Оларда 410 арнайы техника және 1 234 адам күші бар. Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қор жеткілікті, яғни 129,7 тонна жанармай, 95 110 қап және басқа да материалдар жинақталған. Ықтимал су тасқыны кезінде халықты көшіру пункттері дайын. Атап айтсақ, 61 эвакуациялық жинақтау және 71 эвакуациялық қабылдау пункті бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/977143?lang=kk
KazAID " Жаһандық қарым-қатынас шеңбері" халықаралық форумында 18.04.2025
KazAID " Жаһандық қарым-қатынас шеңбері" халықаралық форумында2025 жылғы 10-11 сәуір, Тараз қ. - Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің базасында, Ұлттық волонтерлер желісі мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған "Жаһандық қарым-қатынас шеңбері" халықаралық форумына KazAID қатысты.Форумның мақсаты - тәжірибе алмасу және волонтерлік саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Іс-шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 70-тен астам өкіл қатыстыОнлайн-баяндамада ҚР МАМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Г. Б. Сұлтанова халықаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. ХТУ ректоры, профессор М. Н.Сарыбеков жастар саясаты саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, ҚР Президентінің бастамасымен 2026 жыл БҰҰ-ның Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланғанын еске салды. 📌KazAID-ті форумда жоба менеджері А. К. Түймебекова таныстырды, ол панельдік сессия шеңберінде агенттіктің тұрақты және инклюзивті дамуға бағытталған бағдарламалары туралы, сондай-ақ 2024 жылғы ақпанда қол қойылған меморандум шеңберінде ҰЕЖ-пен ынтымақтастық туралы айтты.Форум соңында қатысушылар достық белгісі ретінде ХТУ-ға ағаштар отырғызды, сондай-ақ Тараз қаласына экскурсия жасады, онда волонтерлер ескерткішіне, ежелгі Тараз мұражайына, Тектұрмасқа, Айша-бибі мен Қарахан кесенелеріне және қаланың басқа да көрікті жерлеріне барды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/977127?lang=kk
Бақылау-қассалық машиналарды қолдану 18.04.2025
 Салық кодексінің 166-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар үлгілері БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машинаны (БКМ) міндетті түрде қолдана отырып жүргізіледі.ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 284-бабына сәйкес БКМ қолдану тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.Сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану -ескерту жасауға әкеп соғады.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік):- жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;- орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30 АЕК;- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kyzylorda/press/news/details/977116?lang=kk
Дубайдың Экономика және туризм департаментінің корпоративтік қолдау жөніндегі Бас директоры Абдул Б.М. Әл Жанахимен кездесу 18.04.2025
Дубайдың Экономика және туризм департаментінің корпоративтік қолдау жөніндегі Бас директоры Жоғары мәртебелі Абдул Басет Мохаммед Әл Жанахимен кездесу өтті. Кездесу барысында туризм және басқа салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dubai/press/news/details/977072?lang=kk
Прокурорлар өңірде балық қорының артуына қолдау көрсетуде 18.04.2025
Талдау нәтижесінде анықталғаны, соңғы үш жылда балықтандыру қызметтері сатып алынбағандықтан, бұл аталған саланың дамуының баяулауына алып келген.Осыған байланысты Ақтөбе облысының табиғат қорғау прокуратурасы «Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында уәкілетті органдармен және балық шаруашылықтары өкілдерімен кездесу өткізді.Қазіргі уақытта әкімдік осы шығыстарды 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізу үшін қажетті қаражат бөлетін болады.Кездесуде балық өсіретін арнайы тәлімбақ ашу ұсынысы да қолдау тапты.Бүгінде шаруашылықтардың көпшілігі балықты тоғандар мен ашық су айдындарында өсіреді, бұл оларды азықтандыру мен емдеуді қиындық тудырады.Өзге өңірлерде арнайы тәлімбақтар кеңінен пайдаланылуда және олар өз тиімділігін дәлелдеп отыр.Балық шаруашылығы субъектілер мемлекеттік қолдау шаралары, атап айтқанда субсидиялау мүмкіндіктері туралы жеткілікті түрде хабардар емес екені анықталды.Бұрын субсидия алуға жылына екі үш өтінім түссе, ал түсіндіру жұмыстарынан кейін 19 млн теңгеге 10 өтінім қабылданды.Балық шаруашылықтарын қолдау және дамыту жұмыстары жалғасуда.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП #ЖауапкершілікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/977033?lang=kk
Қытай Халық Республикасы Чжэцзян провинциясының кәсіпкерлер делегациясы Ақмола облысына сапармен келді 18.04.2025
Ақмола облысына Қытай Халық Республикасының Чжэцзян провинциясынан келген кәсіпкерлер делегациясы өңір әкімдігінің шақыруымен іссапармен келді. Сапардың басты мақсаты – инвестициялық ынтымақтастықты дамыту.Көкшетау қаласында облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов делегация өкілдерімен өнеркәсіп, электронды коммерция және логистика саласындағы бірқатар жобаларды талқылады.Чжэцзян – Қытайдың маңызды провинцияларының бірі. Астанасы – Ханчжоу қаласы, мұнда Alibaba, DingTalk сынды әлемге әйгілі технологиялық алыптардың бас кеңселері орналасқан. Сонымен қатар, бұл өңір – шетелге инвестиция салатын ірі жеке компаниялары ең көп шоғырланған Қытай провинциясы.Қытайлық тарап Транскаспий дәлізінің Орта коридоры аясында өңірдің инфрақұрылымын пайдалануға қызығушылық танытты. Кездесу барысында республикалық маңызы бар “Aqmola” индустриялық аймағына ерекше назар аударылып, делегация бұл аумақты жоғары бағалап, өндіріс орындарын орналастыру үшін әлеуетті нысан ретінде қарастыруда.Әкімдік шетелдік компаниялар үшін Қазақстанда қарастырылған инвестициялық преференциялар мен жағдайлар туралы ақпарат беріп, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге және бірлескен жобаларды іске асыру үшін қолайлы орта қалыптастыруға дайын екенін жеткізді.Тараптар бауырлас өңірлер форматында ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруға ниетті екендерін білдірді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/976987?lang=kk
Ұлттық кітап күні мерекесі аясында облыста өтетін іс-шаралар 18.04.2025
Қайырлы күн, құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға “Ұлттық кітап күні” мерекесі аясында 16 сәуір мен 23 сәуір аралығында өтетін мәдени іс-шаралар тізімін ұсынамыз.  Өтетін жері: Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/976945?lang=kk
Агенттік банк секторындағы тәуекелге бағытталған қадағалаудың кезекті циклін аяқтады 18.04.2025
Агенттік банк секторындағы тәуекелге бағытталған қадағалаудың кезекті циклін аяқтады, оған бірнеше негізгі процедуралар кірді: кешенді SREP (Supervisory Review and Evaluation Process) бағалауы, активтердің сапасын тұрақты бағалау (AQR) және қадағалап стресс-тестілеуі (ҚСТ).SREP қадағалау моделі корпоративтік басқарудың сапасын арттыруға және бизнес-процестерді жетілдіруге бағытталған. 2024 жылы SREP бағалауы жаңартылған әдістеме негізінде жүргізілді, ол неғұрлым терең және жан-жақты талдауды көздейді. Бұл тәуекелдерді анықтау, бағалау және бақылау тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.AQR аясында банктердің қарыз портфелін жан-жақты талдау және резервтердің жеткіліктілігін бағалау жүргізілді. Жүргізілген ҚСТ банктік сектордың экономикалық және қаржылық дағдарыстарға қарсы тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік берді. AQR және ҚСТ ауқымына банктердің жалпы активтерінен 85%-ын құрайтын 11 банк кірді. «2024 жылғы AQR және ҚСТ бағалауларының қорытындысы бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілігі (k1) 15,0% құрады, бұл белгіленген минималды нормативтен – 5,5% – айтарлықтай жоғары. Қадағалау циклының қорытындысы бойынша алғаш рет банктердің капитал жеткіліктілігіне жеке үстемелер мен буферлер енгізілді. Бұл шаралар банктік сектордың қаржылық тұрақтылығын арттыруға және потенциалды тәуекелдерді жабу үшін қажетті капитал қорының жеткіліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған», – деді Агенттік Төрағасының орынбасары Тимур Әбілқасымов.SREP және AQR нәтижелері бойынша қадағалаушы үстемелерді қолдану және банктердің капитал жеткіліктілігіне буферлер енгізу туралы шешімдер Агенттіктің пруденциялық реттеу және қаржы нарығын дамыту Комитетінің отырысында қабылданды. Барлық банктер қадағалаушы үстемені ескере отырып, минималды нормативтік талаптарды сақтай отырып, жеткілікті капитал қорын сақтап қалды.Тұрақты AQR-ға кіретін банктер үшін қадағалаушы үстемелердің диапазоны SREP және AQR нәтижелеріне байланысты 0-ден 6%-ға дейін құрайды. AQR-ға қатыспайтын банктер үшін үстемелер 0-ден 3%-ға дейін және тек SREP нәтижелері бойынша анықталады.ҚСТ нәтижелері бойынша буфер 0%-дан 3%-ға дейін өзгеріп, банктердің стресс-сценарийлерге ұшырау деңгейіне байланысты анықталады, ал қадағалаушы үстемелерден айырмашылығы, буфер тек банктердің таза табысын дивидендтер төлеуге бөлу шектелген жағдайда ескеріледі. «Банктерге стратегиялық және бюджет жоспарлау процестерінде, сондай-ақ тәуекелдерге деген көзқарасты анықтағанда қадағалаушы үстемені және буферді ескеру қажет. Агенттік банктерге тәуекелге бағытталған қадағалаудың кезекті циклі бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін талаптар мен ұсыныстар жіберді», – деп атап өтті Т. Әбілқасымов.SREP кешенді бағалау нәтижелері бойынша Агенттік бірінші есепті жариялады, ол қадағалаушы бағалаудың негізгі қорытындыларын және қолданылған әдістеме мен процедураны толық сипаттайды, бұл Қазақстанның банктік секторының тұрақтылық деңгейін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.Агенттіктің сайтында 2024 жылғы AQR және ҚСТ нәтижелері бойынша жылдық есептер де қолжетімді.Сыртқы коммуникациялар басқармасы:press@finreg.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/976939?lang=kk
Астанада заңсыз майнинг: 900 миллион теңгеден астам мүлік тәркіленді 18.04.2025
Астанада 2022 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін майнинг фермасын қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жасырып, бір мегаполистің тұрғын ауданымен салыстырғанда айлық электр энергиясын тұтынған үш азаматқа қатысты айыптау үкімі шығарылды.Заңсыз жолмен алынған цифрлық активтер эквиваленті 143 миллион теңгеден асады.Тінту барысында 1 257 асикмайнер (цифрлық активтерді өндіруге арналған жабдық), өнеркәсіптік салқындатқыш желдеткіштер мен трансформаторлық станция алынды.Сот оларды ҚР ҚК 214-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салу жазасын тағайындады.Сот шешімімен мемлекет пайдасына 900 миллион теңгеден астам мүлік: 2 көлік («Toyota Camry», «Nissan Juke») және майнинг жабдықтары тәркіленді.Сонымен қатар, сот қылмыстық табыс мөлшері ретінде 143,2 миллион теңгені мемлекетке қайтаруды міндеттеді.Үкім заңды күшіне енді.Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі. ҚР ҚМА Баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/976938?lang=kk
101.04 салық есептілігі нысанын жасау қағидаларындағы өзгерістер: салық агенттері нені білуі тиіс 18.04.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 бұйрығымен және ҚР Қаржы министрінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 783 бұйрығымен бекітілген «Бейрезиденттердің табысынан төлем көзінде ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп (101.04 нысаны)» салық есептілігін жасау Қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.Редакция 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді және салық агенттерімен Салық кодексінде көзделген жеңілдіктерді қолданудың негізділігін бақылауды жетілдіруге бағытталған.Негізгі өзгерістер:- 101.04-нысанда Салық кодексіне сәйкес салық салынбайтын кірістер көрсетілуі тиіс.- Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс болып табылмайтын төлемдер де есепке алынады.Әкімшілік жүктемені азайту мақсатында есептілікке тек жылдық жиынтық мөлшері 50 000 АҚШ долларынан асқан жағдайда ғана аталған төлемдер енгізіледі (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта). Сондай-ақ валюталық қайта есептеу Салық кодексінің 647-бабына сәйкес жүзеге асырылады.Бұл өзгерістер есептілікте толық ақпараттың көрсетілуіне және оның негізінде жіберілетін хабарламалар санының азаюына әсер етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/978852?lang=kk
Қарағандыда 27 сәуірде орган концерттерінің маусымы басталады 18.04.2025
Қарағандыдағы кафедралды собор – орган музыкасын сүйетіндер жиналатын дәстүрлі орын. Биыл концерттер маусымы 27 сәуірде басталады. Бағдарлама қыркүйекке дейін қалыптастырылған: Қазақстан, Австрия, Чехия, Ресей және Германиядан келген органшылар өнер көрсетеді деп күтілуде.27 сәуірде астаналық органшы, халықаралық конкурстардың лауреаты Әсел Смағұлова көрермендерді шеберлігімен қуантады. Ол Қарағанды жұртшылығына жақсы таныс, осында бірнеше рет өнер көрсеткен.Шетелдік қонақтардың арасында: Австриядан Франц Райтнер мен Анжелика Киртц, Чехиядан Йежабек Томаш, Германиядан Винсент де Пол бар.Барлық орган концерттеріне кіру тегін. Басталуы бір уақытта: 15:00.Әулие Дева Мария барлық халықтардың Фатим анасының кафедралдық соборы мына мекен-жай бойынша орналасқан: Шахтерлер, 32.Аңдатпа және концерттік бағдарламаны Instagram парақшасынан бақылауға болады.Қарағандыдағы соборға арналған органды австриялық Pfluger фирмасы жасаған. Онда 32 тіркелім, 1974 металл құбырлар және 128 ағаш құбырлар бар - барлығы 2102 құбыр. Құрал дыбыс үй-жайдың барлық бұрыштарын толтыратындай етіп орналастырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/976892?lang=kk
Облыс әкімдігі жанынан азаматтарды қабылдау орталығы ашылды 18.04.2025
Облыс әкімдігі жанынан азаматтарды қабылдау орталығы ашылды Бүгін, 15 сәуір күні, Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратында Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды. Жаңа нысанның жұмысымен өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай арнайы танысып, орталық қызметіне сәттілік тіледі. Орталықтың басты мақсаты – халыққа ыңғайлы әрі қолжетімді жағдай жасап, сапалы қызмет көрсету. Бұл ретте азаматтарға кешенді қолдау көрсету үшін арнайы кеңес беру аймағы, балалар бұрышы, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы, азаматтарды қабылдау бөлімі, сондай-ақ медициналық және психологиялық көмек кабинеттері қарастырылған. Сонымен қатар, кеңес беру аймағында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) мамандары да халыққа қызмет көрсетеді. Азаматтарды қабылдау орталығының қызметтері аясында тұрғындар кез келген мемлекеттік органға өтініш жолдап, облыстық басқармалар өкілдерінен кәсіби кеңес ала алады. Сондай-ақ, мемлекеттік орган басшылары мен олардың орынбасарларының жеке қабылдауына жазылу мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде 1 330 қызмет түрі бар. Соның ішінде жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін 265 қызмет түрі бойынша өтініштер түсіп, 9 млн-нан астам қызмет көрсетілді. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай орталық азаматтардың өзекті мәселелерін жедел әрі тиімді шешуге ықпал етуі тиіс екенін атап өтіп, мамандарға қабылдауға келген тұрғындарға заң аясында сапалы әрі уақытылы қызмет көрсетуді тапсырды. Ақтау қаласы, 14-шағынауданда орналасқан (№1 ғимарат) орталық дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс – 12:30-дан 14:00-ге дейін. Байланыс телефоны:8 (7292) 46-21-11 (ішкі нөмір 1088)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/976889?lang=kk
2025 жылғы 21 сәуірде кезектен тыс сессияның өткізілетіндігі туралы хабарлама 18.04.2025
2025 жылғы 21 сәуірде кезектен тыс сессияның өткізілетіндігі туралы хабарлама2025 жылғы 21 сәуірде сағат 10.00 - да Меңдіқара аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы ZOOM конференция режимінде өтеді.Отырыстың күн тәртібі: 1. Мәслихаттың 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 89 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.ZOOM конференциясына қосылуhttps://us04web.zoom.us/j/6787471748?pwd=aFVuJ7W6Xi6fA4rHpJJultj0qEQvTM.1&omn=75420170192Конференция идентификаторы: 678 747 1748Кіру коды: 123456Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mendikara/press/news/details/976882?lang=kk
Қазақстанда ғашықтар күнінде 500-ден астам шаңырақ құрылды 18.04.2025
Қазақстанда ғашықтар күнінде 500-ден астам шаңырақ құрылдыҚазақстанда жыл сайын 15 сәуірде Ғашықтар күні атап өтіледі. Аталған мерекеге орай биыл «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының АХАТ бөлімдеріне неке қиюға 500-ден астам өтініш түсті. Некелесушілер саны бойынша Алматы, Астана қалалары мен Түркістан облысы көш бастап тұр.Айта кетейік, 2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанда жалпы 23 835 неке тіркелген. Оның басым бөлігі Алматы және Астана қалаларына және Түркістан облысына тиесілі.Естеріңізге сала кетейік, елімізде неке қиюға өтінішті АХАТ бөлімдері, электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы беруге болады. Мемлекеттік органдар өтінішті 1 жұмыс күні ішінде қарайды, ал неке қию рәсімі 15 күннен кейін таңдалған АХАТ бөлімінде өткізіледі. Егер тіркеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, ол автоматты түрде келесі жұмыс күніне ауыстырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/976919?lang=kk
Семей мен Алматыда бітімгерлерді салтанатты жағдайда қарсы алды 18.04.2025
Семей қаласының «Абай» әуе айлағы мен Алматы халықаралық әуежайында БҰҰ бітімгерлік миссиясы құрамында Голан жоталарында қызмет атқарған әскери қызметшілерді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.Семейде бітімгерлерді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов пен Абай гарнизонындағы әскери бөлімдердің командирлері қарсы алды.Мемлекет басшысы әскери борышын үлгілі атқарғаны, көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметшіні мемлекеттік наградалармен марапаттады.Әуежайға жақындарын күтіп алуға келген отбасы мүшелерінің көңілінде толқу бар. Солардың бірі 3 сыныпты сержант Қанат Ибраевтың зайыбы Жансая Хамзаева. – Қазіргі көңіл-күйімізді сөзбен айтып жеткізу қиын. Жүрегіміз дүрсілдеп тұр. Бітімгерлер Астанаға жетті деген хабарды естігелі бері қуанышымызда шек жоқ. Жұбайларымыздың халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жөніндегі маңызды міндеттерді атқарып келгенін біз де мақтаныш тұтамыз. Барша әскери қызметшілердің отбасыларына амандық тілеймін, – деп ағынан жарылды ол.Алматыда бітімгердерді ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының командирі подполковник Уәлихан Байкенов қарсы алды.Ол әскери қызметшілерді миссияның сәтті аяқталуымен және туған елге аман-есен оралуымен құттықтап, БҰҰ мандаты шеңберінде тапсырмаларды орындау кезінде көрсеткен жоғары кәсібилігі мен батылдығын атап өтті.Бітімгерлік миссиясы құрамында қызмет ету – бұл үлкен тәжірибе, әрі жауапкершілік. Алға қойылған міндеттерді ойдағыдай орындағаны үшін қазақстандық бітімгерлік контингенттің жеке құрамы БҰҰ Миссиясы мен Хатшылығы басшылығының жоғары бағасына ие болғанын атап өту керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/976872?lang=kk