Қоғам
ЖҮЛДЕЛІ ЖЕТІСТІК 15.04.2025
📌Астана қаласында өткен “Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия” республикалық байқауында Батыс Қазақстан облысының командасы Бас жүлдені жеңіп, үздік атанды.Команда сапында Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №4 ЖОББМ-нің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Габдулинна Галия Гимеденовна болды.Құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-borli/press/news/details/973824?lang=kk
Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету 15.04.2025
Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті ҚР ТЖМ Есет Көкіұлы атындағы №20982 әскери бөлімімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Су айдындарына бақылау квадроциклдер мен су көліктері арқылы тиімді жүзеге асырылуда. Кезекті патрульдеу барысында адам көп жиналатын орындар мен шомылуға тыйым салынған аумақтар тексеріліп, жағада демалып жатқан тұрғындар мен балықшыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.ТЖМ судағы қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады!Ақтөбе облысының ТЖДАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-aktobe/press/news/details/973790?lang=kk
ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: Тұрғындардың талап-тілегін тыңдады 15.04.2025
Әкімдіктің кіші залында аудан әкімі қоғамдық қабылдау жүргізіп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі көпке ортақ мәселелерді қозғап, ұсыныстарын жеткізді.Олардың қатарында, наубайханаларға керекті ұн бағасын төмендету, балық шаруашылығын дамыту, Сеңкібай ауылындағы лотоктарға көпір салу, жайылым тапшылығы, электр желілерінің тозуы, Бурыл ауылындағы көпірлерді ретке келтіру, тазалау жұмыстарын жүргізу, күл-қоқыс тасымалдау, Көктал ауылындағы ескі мектептің жай-күйі, интернет желісі, Түймекент ауылында жүргізілетін канал құрылысы, Үшбұлақ елді мекеніндегі жолды ағымдағы жөндеу, балалар ойын алаңын салу, «Тараз-Байзақ» бағытында қатынайтын қоғамдық көлік қатынасы бар. Сондай-ақ, баспана мәселесіне қатысты бірқатар тұрғындар өтініштерімен қайырылды.Тұрғындардың көтерген мәселелерін мұқият тыңдаған аудан басшысы қолданыстағы Заңнама аясында көтерілген мәселелердің шешу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, қоғамдық қабылдауда көтерілген кейбір мәселе зерделеуді қажет ететіндіктен бақылауға алынатындығын жеткізіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.Ақпараттық медиа орталығы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/973787?lang=kk
Заң және тәртіп: медициналық колледж студенттерімен кездесу 15.04.2025
Талдықорған жоғары медициналық колледжінде ағымдағы жылдың 10 сәуірінде семинар өтті. Семинардың тақырыбы Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауы аясындағы заң мен тәртіпті сақтау мәселелері болды.Іс-шараға колледж студенттері мен оқытушылары қатысты. Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің қызметкерлері А.Изгуттиева мен Г.Валиева заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы туралы баяндама жасады.Елдің әл-ауқаты мен дамуы әрбір азаматқа байланысты екендігіне ерекше назар аударылды. Өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау, адал еңбек ету, заңды құрметтеу және қоғамдық өмірге белсене қатысу әділетті қоғам құруға ықпал ететіні айтылды.Семинар соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы бейнематериалдар көрсетілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тегін консультация алуға, сондай-ақ белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлауға болатын 1424 call-орталығының жұмысы туралы айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetisu-oblysy/press/news/details/973784?lang=kk
Сіздерді тікелей эфирге қатысуға шақырамыз 15.04.2025
Құрметті Өскемен қаласының тұрғындары!Сіздерді тікелей эфирге қатысуға шақырамыз: 2025 жылғы 10 сәуір, сағат 15:00@akimatoskemen Instagram парақшасында.Эфир тақырыбы: «Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жөніндегі жұмыс»Сіз тікелей эфирде өз сұрағыңызды қойып, нақты жауап ала аласыз.Пайдалы ақпараттан қапы қалмаңыз – эфирге қосылыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/973782?lang=kk
«Қызылабад» алқабы: Қарқаралы, Қазығұрт, Сәйгүлік, 1-бұр., Бекеев, Аягөз, Ханжайлау, 2-бұр., Ханжайлау, Байғазы көшелеріне орташа жөндеу жүргізіледі 15.04.2025
Тараз қаласы, «Қызылабад» алқабындағы Қарқаралы, Қазығұрт, Сәйгүлік, 1-бұр., Бекеев, Аягөз, Ханжайлау, 2-бұр., Ханжайлау, Байғазы көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Ұзындығы – 4,796 шақырымАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/973776?lang=kk
ҚЫЗЫЛОРДАДА ВЕЛОСПОРТТАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ 15.04.2025
ҚЫЗЫЛОРДАДА ВЕЛОСПОРТТАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫБүгін Қызылордада тас жолдағы велоспорттан ерлер арасындағы көпкүндік ҚР Кубогы және юниор ұлдар мен қыздар арасындағы көпкүндік ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті.Ашылу рәсіміне Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев, Қазақстанның велосипед спорты федерациясының бас хатшысы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Жетес Сулейменов және спорт ардагерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.Шарада алғы сөз алған облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, байрақты бәсекенің жоғары деңгейде өтуіне сенім білдірді.- Бүгінде өңірімізде үш мыңнан аса адам велоспортты тұрақты жанына серік етіп, бұқаралық спорттың дамуына өз үлестерін қосуда. Бүгінгі байрақты бәсеке де велоспортпен шұғылданушылар үшін маңызы айрықша дода деп сенемін. Өздеріңіз білетіндей, соңғы жылдары аймақ басшысының бастамасымен спорттық инфрақұрылымдарды ілгертуге ерекше басымдық берілуде. Сәйкесінше, жыл басынан бері аймақ басшысының қатысуымен облыс орталығы мен аудандарда 10-ға жуық соңғы үлгідегі спорт кешендері ел игілігіне табысталды. Бүгін облыстың спорт саласын дамытуда тағы бір тарихи сәт орын алды. «Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры мен Қызылорда облысының әкімдігі үшжақты меморандумға отырды. Соның арқасында бүгін аймақ басшысының қатысуымен Қызылорда қаласының сол жағалауында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды. Спорт саласын серпінді дамыту арқылы спортшыларымыз әлемдік ареналарда үлкен жетістіктерге жетеді деп сенеміз. Барлық жарыс қатысушыларына сәттілік тілеймін! Шын мықты жеңіске жетсін!, - деді облыс әкімінің орынбасары.Сондай-ақ, спорт саласының ардагерлі де сөз сөйлеп, спортшыларға жеңіс тіледі.Аталмыш жарыста облыс және қалалардан келген 13 команда сынға түспек. Жарыс жеңімпаздары 13 сәуір күні анықталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sport/press/news/details/973771?lang=kk
АСТАНАДА 500 STARTUPS ЖӘНЕ INNOPOLIS UNIVERSITY-ДЕ ЖЕТЕКШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАР МЕН АКСЕЛЕРАТОРЛАР МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗДІ 15.04.2025
Шақырылған спикерлер табысты кейстердің тәжірибесімен бөлісті және стартаптарды құрудың ең инновациялық тәсілдерін айтып берді.Мастер-класс спикерлері табысты кәсіпкерге басшылыққа алуға қажетті құралдар туралы, стартаптың табысты дамуы үшін Индустрия 4.0 технологиясын қалай қолдану туралы, стартаптар үшін маркетингтің қандай стратегиялары және сатылымдары ең тиімді екендігін және 500 Startups акселераторына қалай кіру керектігін және Силикон алқабында инвестицияларды қалай тарту екендігі туралы айтып берді.Спикерлердің бірі - әлемнің 60 елінде 500-ден астам компанияны инвестициялаған 500 Startups акслераторының серіктесі Марвин Лиао айтқандай, табысты стартап-жобасының дамуында негізгі сәт-қызметтерді тұтынушылардан кері байланыстыалу болып табылады.«Сіздің әлеуетті клиентіңіз бен үнемі сөйлесіп, кері байланыс іздеңіз. Осының арқасында Сіз сіздің бизнесіңіз қандай кезеңде екенін, кемшіліктерді уақытында жою үшін жобада қандай қиыншылықтар бар екендігін әрдайым біле аласыз», - деп атап өтті Марвин Лиао.Сондай-ақ, Yahoo-ның бұрынғы коммерциялық директоры өз бизнесі саласында беталыстар мен трендтерді бақылау қажеттілігін атап өтті. Мұндай тәсіл клиенттер үшін дұрыс өнім таңдауға, оны уақытында жақсартуға көмектеседі және өз жобаңыздың қызметтерін қалай дұрыс пайдалану керектігі туралы нақты түсінік береді.Health IT- да ең ықпалды әйелдер рейтингісінің 10-дығына кіретін Татьяна Канзавеллидің пікірі бойынша, стартап жобасын жасау кезінде әріптестердің не үшін қажет екенін анық білу керек.«Мен әрдайымсіз әріптесіз деген кезде, сізде үш слайд болуы керек деп айтамын. Біріншіде серіктеспен ынтымақтастықтың сізге әкелетін пайдасы туралы ақпарат. Екіншіде – сіз осы серіктестерге қандай пайда әкелесіз, оларға сіз не үшін қажетсіз. Үшінші слайд - сіздің серіктесіңізбен ынтымақтастығыңыз ортақ клиенттерге не береді. Егер сіздің компанияңызда осы үш сұраққа жауап болмаса, онда ынтымақтастық туралы ешқандай мәселе болмайды, өйткені табысты бизнес дәл осылай жұмыс істейді»,- деп есептейді 500 Startups акселераторының тәлімгері, Кремний алқабының инвесторы, Open Health Network IT-стартабының негізін қалаушы.Сондай-ақ, мастер-класста өзінің стартап-идеяларымен тәжірибе жүргізу маңыздылығы туралы айтылды. Innopolis University тәлімгері, e-commerce және B2B саласындағы көптеген сәтті ғаламтор-стартаптардың негізін қалаушыМихаил Свердлов атап өткендей, тәжірибе неғұрлым көп болса, соғұрлым сәттілікке мүмкіндік көп болады. Бұдан басқа, спикер барлық стартаптардың мақсаты үздіксіз қозғалыс екенін айтады, «идея табысты бизнеске айналу үшін дамуы керек».Мастер-класс технологиялық кәсіпкерліктің құзыреттілігін арттыру, технологиялық кәсіпкерлікке қызығушылықты ынталандыру және инновациялық стартаптарды дамыту мақсатында өткізілді.Іс-шараның көрсетілімінің жазылуын Агенттіктің Youtube каналында көруге болады (https://www.youtube.com/watch?v=y9waVhvuTu0).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23928?lang=kk
«Тектұрмас» алқабы: Стариков, Жангелдин, Горная көшелеріне орташа жөндеу жүргізіледі 15.04.2025
Тараз қаласы, «Тектұрмас» алқабындағы Стариков, Жангелдин, Горная көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Ұзындығы – 3,228 шақырымАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/973756?lang=kk
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР БОКСТАН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ НҰРСҰЛТАН АЛТЫНБЕКТІ ҚҰРМЕТПЕН КҮТІП АЛДЫ 15.04.2025
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР БОКСТАН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ НҰРСҰЛТАН АЛТЫНБЕКТІ ҚҰРМЕТПЕН КҮТІП АЛДЫБразилия елінде бокстан өткен World Boxing Әлем Кубогында көк туымызды көкке көтеріп, ел қоржынына алтыннан олжа салып, жеңіске жеткен жерлесіміз Нұрсұлтан Алтынбекті бүгін сырбойылықтар салтанатты түрде әуежайдан қарсы алды.55 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Нұрсұлтан Алтынбек дүниежүзін мойындатқан боксшылармен қолғап түйістіріп, өз мықтылығын баршаға мойындатты. Осылайша батыр ұлымыз Әлем Кубогының жеңімпазы атанды.Күтіп алу шарасында Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы сырбойылық спортшыны теңдессіз жетістігімен құттықтап, қомақты қаржылай сертификат табыстады.Сондай-ақ, басқарма басшысының орынбасары алдағы байрақты бәсекелерде жеңісті жолын жалғап, Олимпиада чемпионы болуға үлкен сенім білдірді.Өз кезегінде мақтанышымыз Нұрсұлтан Алтынбек және оның жаттықтырушысы Жәміл Жүсіп қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге өз алғысын жеткізді.Шара соңында жас ақын Динар Рахман арнау айтты. Ал қызылордалық жанкүйерлер чемпионмен естелік суретке түсіп, жылы лебіздерін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sport/press/news/details/973753?lang=kk
Ұлы Отан соғысындағы ата-бабаларымыздың ерлігі мен батылдығын ұлықтау мақсатында Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы @qaragandy_jastary студенттерге арналған "Ұмытылмас ерлік" тақырыбында танымдық quiz өткізілді.⠀ 15.04.2025
Ұлы Отан соғысындағы ата-бабаларымыздың ерлігі мен батылдығын ұлықтау мақсатында Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығы @qaragandy_jastary студенттерге арналған "Ұмытылмас ерлік" тақырыбында танымдық quiz өткізілді.⠀Іс-шара барысында қатысушылар 1941–1945 жылдардағы тарихи оқиғаларға қатысты білімдерін сынап, патриоттық рух пен тарихи жадыны бағалаудың маңыздылығын сезінді.Бұл форматтағы шаралар – өскелең ұрпақтың азаматтық санасын қалыптастырып, ел тарихына деген құрметін арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karagandy/press/news/details/973750?lang=kk
Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығымен Kind QJ еріктілері «Ардағым ардагерім» акциясы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай еңбек ардагері СОРОКА ЕЛЕНА ВАСИЛЬЕВНА ауласын тазартып, сенбілік ұйымдастырды. Жастар өз еңбегі арқылы еңбек ардагеріне деген алғысын білдіріп, ұрпақтар сабақтастығын көрсетіп қайтты. 15.04.2025
Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығымен Kind QJ еріктілері «Ардағым ардагерім» акциясы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай еңбек ардагері СОРОКА ЕЛЕНА ВАСИЛЬЕВНА ауласын тазартып, сенбілік ұйымдастырды. Жастар өз еңбегі арқылы еңбек ардагеріне деген алғысын білдіріп, ұрпақтар сабақтастығын көрсетіп қайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karagandy/press/news/details/973748?lang=kk
Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығымен Kind QJ еріктілері «Ардағым ардагерім» акциясы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай еңбек ардагері Пьяных Лидия Аристарховнаның ауласын тазартып, сенбілік ұйымдастырды. Жастар өз еңбегі арқылы еңбек ардагеріне деген алғысын білдіріп, ұрпақтар сабақтастығын көрсетіп қайтты. 15.04.2025
Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығымен Kind QJ еріктілері «Ардағым ардагерім» акциясы аясында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай еңбек ардагері Пьяных Лидия Аристарховнаның ауласын тазартып, сенбілік ұйымдастырды. Жастар өз еңбегі арқылы еңбек ардагеріне деген алғысын білдіріп, ұрпақтар сабақтастығын көрсетіп қайтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karagandy/press/news/details/973746?lang=kk
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ 15.04.2025
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаевамен кездесті. Кездесу барысында қор тарапынан 3 жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асқан қайырымдылық бағдарламалары мен жобаларының нәтижелері туралы айтылды. Ұсыныстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.✔️Басқосуда қоғамдық қордың басқарма төрайымы өңірдегі ауқымды жұмыстарға оң бағасы беріп, алдағы маңызды жобаларды атап өтті. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Түркістан облысы арасындағы жолға қойылған тұрақты әріптестік байланыс одан әрі жалғасатынын жеткізді. Биыл ұсынылған жаңа жобалар қаралады.✔️Қор құрылғалы Түркістан облысында денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу мақсатында 8 млрд теңгеден астам қаражат бағытталған 20 бірегей жоба жүзеге асты.⤵️Аймақ басшысы қор ұжымына өңір халқының атынан алғысын жеткізіп, бірлесіп атқарылатын жұмыстарға тоқталды.📌– Президентіміздің тікелей бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен тығыз байланыс орнатылып, өңірімізде бірлескен маңызды жобалар жүзеге асуда. Біз әрі қарай да ортақ іске белсенді араласып, бірлесе жұмыс жүргізуге әрдайым дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.✔️Қор демеушілігімен үш жылда QH балалар нейрохирургиялық қызметін дамыту, сирек (орфандық) кездесетін ауруларға шалдыққан науқастарға қымбат бағалы дәрі-дәрмек, шала туылған нәрестелердің ретинопатиясын офтальмологиялық скринингке және емдеуге арналған жабдықтар, көз трансплантациясын қажет ететін науқастарға қайырымдылық көмек көрсетілді. Қайырымдылық қоры арқылы шала туған нәрестелерге арналған «Ерте араласау» орталықтары жабдықталып, медициналық генетиктер мен ультрадыбыстық диагностика мамандары шетелде біліктілігін арттырды. Онкологиялық аурулары бар науқастар қымбат бағалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Түркістан облысының 20 тұрғынына соңғы нұсқадағы протездер сатып алынды.✔️3 мыңнан астам ауыл балаларына білім беру гранттары бөлініп, 12 мектеп сыныптары жарақтандырылды. Болашақ инженерлер даярлайтын робототехника кабинеттері жасақталып, 40 мыңдай бала жазғы демалыстарын лагерлерде өткізді. Түркістан облысында аутизм және басқа да ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған орталық жарақтандырылды. Аудандардағы спорт залдары жабдықталып, спорттық құрал-жабдықтар алынды. Ауқымды жұмыстар биыл жалғасын табады.📌– Түркістан облысы – еліміздегі халық ең тығыз орналасқан аймақ. Әрине, облыс дотациялық болып есептеледі. Қор тарапынан үш жылдың ішінде ауқымды жұмыстар жасалып, қолдау көрсетілді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғаса береді. Мейлінше әрі қарай да қолдау көрсетуге күш салынады, - деді «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/973739?lang=kk
STOP наркотик! – Бүкіл елге шабыт беруі тиіс үлгі 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысында нашақорлықпен күрес тек мемлекеттің емес, бүкіл қоғамның ісіне айналған пилоттық жоба іске қосылды. Бұл жай ғана бастама емес — бұл ортақ жауапкершіліктің нақты көрінісі.Ел ішіндегі есірткі сақтау және тарату фактілері туралы хабар берген қырағы азаматтарға сыйақы төленеді. Бұл қаржы бюджеттен емес, өздері осы күрестің бір бөлігі болуға бел буған бейжай қарамайтын кәсіпкерлерден түседі.Қаңтар айында — 60 грамм мефедронның алынуына ықпал еткен ақпарат үшін 300 мың теңге төленді.Наурызда — 80 грамнан астам синтетикалық заттарды ұстауға көмектескен дерек үшін 400 мыңнан астам теңге берілді.Сыйақы мөлшері тәркіленген есірткі көлеміне байланысты болады.Жоба нақты нәтижесін бере бастады.Осылайша мемлекет қылмыспен күрестегі азаматтық батылдық пен ынтымақтастықты қолдап отыр.Улы заттардың таралуын тоқтатуға атсалысқан әр адам мұны ақша үшін емес — өмір үшін жасайды. Өз балалары үшін. Таза болашақ үшін.Ересектер жастарды қорғау жолында біріге алғанда — қылмысқа еш мүмкіндік қалмайды. Жақсылық жағына шыққан әр азаматқа алғысымыз шексіз. Сіздердің қырағылығыңыз — біздің күшіміз.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай: «Есірткімен күрес — ұлттың генетикалық қорын сақтау мәселесі».Бұл — жай ұран емес, бұл — ортақ шындығымыз.Барлық өңірлерді осы бастаманы қолдауға шақырамыз. Мемлекет, кәсіпкерлер және қарапайым халық — бәріміз бірігіп, есірткі бизнесіне қарсы тұра аламыз.#ЗАҢменТӘРТІП #ЗаңбәрінеортақАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ekonomika/press/news/details/973710?lang=kk
«Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» сервисін пайдалану туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізілді 15.04.2025
Қаратал ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Бейсембаева бүгін бөлім қызметкерлерімен алаяқтық транзакцияларды ресімдеу және жасау бойынша қылмыстық әрекеттерден бөгет жасау үшін ерікті негізде «Банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту» сервисін пайдалану туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ интернет-алаяқтықтан қорғау шаралары туралы ұсынымдар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/973705?lang=kk
Опашка населенных пунктов – необходимая мера пожарной безопасности 15.04.2025
Өрт қауіпті кезеңде елді мекендердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі талаптарының бірі орман және дала учаскелерімен шекарадағы елді мекендердің айналасын жырту болып табылады.Өрттер әр түрлі себептермен пайда болуы мүмкін, егер өрт ошағын оқшаулауға қабілетті кедергілер алдын-ала жасалмаса, өрттің таралу жылдамдығына байланысты салдары қайғылы болуы мүмкін. Бақыланбайтын өрттің таралуын болдырмау үшін өрт сөндіру қажет.Өртке қарсы опашка арзан, сонымен қатар өрт туындаған жағдайда мұндай шаралар өте тиімді. Орман және дала алқаптарына іргелес жатқан жерлердің барлық иелері мен жалға алушылары жер жыртуға тиіс.Жер жырту үшін топырақты айналдыратын және ұсақтайтын соқалар мен кескіштермен жабдықталған бульдозерлер мен тракторлар қолданылады. Жырту нәтижесінде өрттің таралуына жол бермейтін минералданған жолақ пайда болады."Ені кемінде 4 метр минералдандырылған жолақ табиғи өрттерді сөндіруді жүзеге асыратын не елді мекенді қорғайтын күштер келгенге дейін өрттің таралуын тежей алады. Ұйым басшылары мен халық бұл шара өрт болған жағдайда мүлікті үнемдеуге көмектесетінін түсінуі керек".Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-auliekol-audany-akimat/press/news/details/973702?lang=kk
Өрт қауіпсіздігі және абаттандыру 15.04.2025
Өрттің алдын алу жоспарын жүзеге асыру аясында Краснознаменное ауылында қамыс шабу жұмыстары жүргізілудеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-mamlyut-krasnoznamen/press/news/details/973700?lang=kk
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНДА БЮДЖЕТКЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАПТЫ 15.04.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫНДА БЮДЖЕТКЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАПТЫ✔️Бүгін сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы облыстағы жаңа кадрлық тағайындауларды таныстырып өтті.✔️Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, мәслихат депутаттары, облыс әкімдігінің мүшелері, басқарма басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.✔️Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізіп отырды. Күн тәртібінде «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» мәселе қаралды.✔️Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/180-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек баяндама жасады.✔️Маңызды мәжілісте депутаттар басқарма басшысына сұрақтар қойып, тиісті шешім қабылдады.✔️Облыс әкімі Нұралхан Көшеров сессия жұмысын қорытындылай келе, мәслихат жұмысына табыс тіледі.📌– Бүгінгі сессияда маңызды мәселелер қаралып, облысымыздың экономикалық өсімін қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында нақты шешімдер қабылданды. Мұндағы мақсат – халықты толғандыратын мәселелерді анықтап, оларды шешу бойынша тиісті шараларды қабылдау екені белгілі. Нақтылай өтсем, биылғы 2 айда өсім 111,1%-ды құрап, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі сақталды. Осы қарқынды бәсеңдетпей әрі қарай тиісті жұмыстарды бірлесіп атқаруға шақырамын. Сессия барысында қаралған мәселелерге бірауыздан қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды жүзеге асыруда бірлесе жұмыс атқарамыз деп сенемін, – деді облыс басшысы.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/973693?lang=kk
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық ұланның әскери бөліміне «Integrity Check» тетігін таныстырды 15.04.2025
Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамасымен Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінде заңдылық пен тәртіпті сақтау мәселелеріне арналған жиын өтті.Күн тәртібінде жеке құрам қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, парасаттылықты қалыптастыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдамағаны үшін бірінші басшылардың жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Департаментпен ашық және адал ортаны қалыптастыруға көмектесетін «Integrity Check» тұрақты өткізуді ұсынды.Сондай-ақ қатысушыларға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу туралы ақпарат ұсынылды.Кездесу соңында қатысушыларға бейнеролик көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің 1424 Call-орталығының жұмысы түсіндірілді.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-shymkent/press/news/details/973684?lang=kk
