Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

🔹️ «Дроптар» арқылы жасалатын алаяқтық: ІІМ азаматтарды сақ болуға шақырады 15.04.2025
🔹️ «Дроптар» арқылы жасалатын алаяқтық: ІІМ азаматтарды сақ болуға шақырадыАқпарат сайтта.#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973226?lang=kk
🔹️ Алматыда екі ер адамнан 190 sim-карта мен sim-box құрылғылары тәркіленді 15.04.2025
🔹️ Алматыда екі ер адамнан 190 sim-карта мен sim-box құрылғылары тәркілендіАқпарат Polisia.kz сайтында.#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973217?lang=kk
🤝 Ел полициясы қазақстандықтарға қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін алғыс білдіре отырып, жол қозғалысында және қоғамдық орындарда қауіпсіздікті сақтау қажеттігін ескертеді. 15.04.2025
🤝 Ел полициясы қазақстандықтарға қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін алғыс білдіре отырып, жол қозғалысында және қоғамдық орындарда қауіпсіздікті сақтау қажеттігін ескертеді.Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және #ЗАҢМЕНТӘРТІП қағидасын қадағалау жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973216?lang=kk
🔹️ Елордалық полиция биылғы ең үлкен пәтер ұрлығы туралы айтты 15.04.2025
🔹️ Елордалық полиция биылғы ең үлкен пәтер ұрлығы туралы айттыАқпарат Polisia.kz сайтында.#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973214?lang=kk
🔹️ Шәйнектегі есірткі: такси жүргізушісі қылмысты ашуға көмектесті 15.04.2025
🔹️ Шәйнектегі есірткі: такси жүргізушісі қылмысты ашуға көмектестіТүркістан облысы полиция департаменті қылмысты ашуға септігін тигізген қоңырау туралы айтып берді.Ақпарат Polisia.kz сайтында.#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973210?lang=kk
Қостанай облысындағы жаңа зауыттар өңірдің елдегі автомобиль жасау орталығына айналуына мүмкіндік береді – Құмар Ақсақалов 15.04.2025
Қостанай облысындағы жаңа зауыттар өңірдің елдегі автомобиль жасау орталығына айналуына мүмкіндік береді – Құмар Ақсақалов2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қостанай облысының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалды. Ауыл шаруашылығы көлемі 19,4%-ға, құрылыс – 14,1%-ға, жеке инвестициялар – 10,7%-ға, сауда – 9,9%-ға, көлік – 5,3%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру – 4,1%-ға өсті. Орташа жалақы 13,3%-ға өсіп, 329 131 теңгені құрады. Ал 2 жыл ішінде ол 1,4 есе өсті. 17 мың жұмыс орны құрылды. Жұмыссыздық 4,6%-ға дейін төмендеді. ОКҚ алаңында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов атап өткендей, кедейлік шегінен төмен тұратын және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар санын 3964-тен 2356-ға дейін азайтуға қол жеткізілді. Нәтижесінде, АӘК алатын отбасылар санының төмендеу қарқыны бойынша облыс ҚР бойынша екінші орында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973206?lang=kk
📲 Қарағандыда кибералаяқтық схемасы әшкереленді: 2000-нан астам sim-карта тәркіленді 15.04.2025
📲 Қарағандыда кибералаяқтық схемасы әшкереленді: 2000-нан астам sim-карта тәркілендіАқпарат Polisia.kz сайтында.#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973203?lang=kk
🔸Елордалық полицей концерттік билеттерді сатудың алаяқтық схемасын анықтады 15.04.2025
🔸Елордалық полицей концерттік билеттерді сатудың алаяқтық схемасын анықтадыЖалған билеттер алып, Орда тобының кешіне кіре алмай, алданған астаналықтар полицияға жүгінді. Жәбірленушілер алданғандарын концертке кіре алмаған сәтте ғана білді.Толығырақ сайтта#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973197?lang=kk
🔸Үш жолаушы қос азаматтығы үшін айыппұл арқалап елден шығарылды 15.04.2025
🔸Үш жолаушы қос азаматтығы үшін айыппұл арқалап елден шығарылдыМәскеу-Қарағанды әуе рейсі ұшып келгеннен кейін қала әуежайында үш шетелдік азамат ұсталды.Толығырақ сайттаЖыл басынан бері полицейлер ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3629 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартып, оның 1077-сі сот шешімі бойынша елден шығарылды. Сонымен қатар, қос азаматтығы бар 412 тұлға анықталып, олар бойынша да тиісті шаралар қабылданды.#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973195?lang=kk
🤝 Мүгедектер арбасына таңылған ер адам 5 жылдан астам уақыт бойы полицейлерге қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесіп келеді 15.04.2025
🤝 Мүгедектер арбасына таңылған ер адам 5 жылдан астам уақыт бойы полицейлерге қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесіп келеді15 жыл бұрын Есболат Балабаев жол апатына ұшырап, мүгедектер арбасына таңылды. Күрделі оңалту кезеңінен кейін ол полицейлерге ЖКО-ның алдын алу шараларына көмектесе бастады. Оның мақсаты — өз тәжірибесі арқылы басқаларды осындай тағдырдан сақтандыру.Толығырақ сайтта.#ЗАҢМЕНТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-obagan/press/news/details/973194?lang=kk
ҚХА-ң даму тұжырымдамасы мен қоғамдық жобаларының іске асырылуы мен орындалуы туралы баяндама оқыды 15.04.2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Елтану» және «Бірлігіміз әралуандықта» жобалары негізінде «Дагестан» этномәдени бірлестігінің төрағасы мен «Возрождение» немістер этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары, этномедиация орталығының жетекшісі Ақтөбе құрылыс техникалық колледжінің студенттерімен кездесіп, ҚХА-ң даму тұжырымдамасы мен қоғамдық жобаларының іске асырылуы мен орындалуы туралы баяндады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-sayasat/press/news/details/973188?lang=kk
Мұрат Қабенұлын еске алу би фестивалі 15.04.2025
Өзінің туған Нежинка ауылында Мұрат Кабенович Жұмабеков ойлап тапқан, ұйымдастырған және көптеген жылдар бойы өткізген жыл сайынғы би фестивалі биыл аудандық мәдениет үйінің сахнасында өтті. Бұл мерекені аудандық білім бөлімі мен Өнер мектебі ұйымдастырды. Мұрат Кабеновичтің қызы, Диана Мұратқызы фестиваль қатысушылары мен ұйымдастырушыларына жылы лебіздерімен және тілектерін білдірді. Фестивальге аудан бойынша 140-тан астам қатысушы қатысты. Би нөмірлері үш номинация бойынша ұсынылды: халықтық, заманауи және эстрадалық би. Концерттік бағдарлама 3-5 жас, 6-9 жас, 10-13 жас және 14-16 жас санаттары бойынша өтті. Бұл фестиваль қонақтарға көптеген жарқын және әсерлі билерін сыйлады. Мұрат Кабенович Жұмабеков туралы жарқын естелік оның игі істері мен Мұрат Кабеновичтің есімі берілген би фестивалі болып қала бермек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/973185?lang=kk
Құрметті кезекте тұрған азаматтар! 15.04.2025
Тұрғын үй орталығы жыл сайын кезек тізімдерін түгендеу және тұрғын үйді кезек тәртібімен беру мәселесін қарау шеңберінде «Халықтың әлеуметтік осал топтары» және «Көп балалы отбасылар» санаттары бойынша тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған азаматтарға тізбеге сәйкес сұратылған құжаттарды ұсынуды сұрайды.Өтініш беру үшін сізде болуы керек:1) ЭЦҚ кілті;2) өтініш берушіге және Қазақстан Республикасы бойынша отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама (анықтама өтінім берген сәтте күніне бір күн, ҚР электрондық үкімет порталынан алынуы тиіс – EGOV.KZ); 3) балалардың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы / отбасы мүшелерінің жеке куәлігі(бар болса);4)неке қию/бұзу/ әке болуды анықтау туралы куәліктің сканерленген нұсқасы/ №4 нысан/ қайтыс болу туралы куәлік (бар болса);5) үлесі, тұрғын жылжымайтын мүлкі, жатақханаларда бөлмелері болған кезде меншік құқығының туындағанын растайтын құжаттарды (сатып алу сату/ сыйға тарту/ айырбастау/ жекешелендіру /беру/ мұрагерлік құқығы туралы куәліктің көшірмесі және т. б.) ұсыну қажет;6) өтініш берушінің және кезекте тұрған отбасының құрамында көрсетілген отбасы мүшелерінің мүгедектігі туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы (бар болса).Құжаттарды тапсыру мерзімі мен тәсілі:Құжаттар 2025 жылғы 14–30 сәуір аралығында birge.astana.kz порталы арқылы электронды түрде қабылданады.Ерекше шарттар:Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың қамқоршылары құжаттарды Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының кеңсесіне жеке өзі келіп тапсыруы қажет.Мекенжайы: Астана қаласы, «Байқоңыр» ауданы, Республика даңғылы, 32 (Тұрғын үй орталығының бірінші қабаты).Назар аударыңыз:Құжаттарды уақтылы тапсырмау немесе олардың болмауы кезек тізімінен шығуға әкеп соғуы мүмкін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uzh/press/news/details/973180?lang=kk
Мәшһүр - Жүсіп оқуларының қалалық кезеңі 15.04.2025
Шахтинск қаласының білім бөлімімен 2025 жылғы 2 сәуір күні «Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ базасында республикалық Мәшһүр - Жүсіп оқуларының қалалық кезеңі өтті.Мәшһүр - Жүсіп оқуларының қалалық кезеңіне 21 оқушы қатысты.Мәшһүр - Жүсіп оқулары қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар белгіленді:І бағыт. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» ақындар мүшәйрасы бойынша: 1 орын. Қадирбекұлы Нұржан. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Карабаева Ф.Ж.2 орын. Ильясов Мейиржан. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Калабаева А.С.3-орын. Жусупова Айша. №7 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Дюсембекова П.Б.3-орын. Еркибаева Асель. №12 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Рамазанова Э.Н.ІІ бағыт. «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» ғылыми-зерттеу жобасын қорғау бойынша: 1 орын. Баикен Асылхан. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Жолшибекова У.Т.2 орын. Есімова Аружан. С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы. Мұғалімі: Газизова М.Г.3 орын. Исабай Мадина. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Біржікен Э.О.ІІІ бағыт.  «Білімді зерек адам болам!»-десең, Қара өзіңді басқанын айнасымен» эссе жазу бойынша: 1 орын. Шайзанда Ақбота. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Барлыбай Н.Т.2 орын. Маратбекқызы Фарида. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Каржасова А.С.3 орын. Исатай Ақнұр. №12 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Нажмаддинова Н.С.IV бағыт. «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» бойынша: 1 орын. Орманова Аяулым. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Касенов Н.М.2 орын. Уринбасаров Асылбек. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Барлыбай Н.Т.3 орын. Алтайбай Салима. №12 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Рамазанова Э.Н.V бағыт. «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» бойынша: 1 орын. Алтайбай Аяулым. №12 жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Нажмаддинова Н.С.2 орын. Ергешбай Иврахим. С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мұғалімі: Сабиолдина А.К.3 орын. Болатов Нурдаулет. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі. Мұғалімі: Салимжанова Д.С. 2025 жылғы 15 сәуір күні өткен «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының қалалық кезеңінде 1-орынға ие болған оқушылар Шахтинск қаласының намысын қорғау үшін облыстық кезеңге жолдама алды. Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/973178?lang=kk
Мобильді топ мектепке дейінгі ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетті 15.04.2025
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мобильді тобы мектептерді мемлекеттік аттестаттауға дайындық кезінде әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған жұмыс жүргізді. Осы айда Рузаевка ОМ, Сокологоровка ОМ, №2 Новоишим ОМ және Новоишим қазақ ОМ сияқты бірнеше ұйымдарға назар аударылды.Мобильді топтың жұмысы педагогтарды қолдауды қамтамасыз етуге, олардың біліктілігі мен кәсіби өсуін арттыруға бағытталған, бұл өз кезегінде ауданның білім беру ортасына және мектепке дейінгі ұйымдардың дамуына оң әсер етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/973176?lang=kk
Полиция департаментінде 12 полиция қызметкері марапатталды 15.04.2025
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментіндегі кезекті жедел кеңес тергеу бөліністері мен көші-қон қызметінің қызметкерлерін марапаттаудан басталды.Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Петропавл қаласы полиция басқармасы тергеу бөлімінің аға тергеушісі Алена Дёроваға атқарып отырған лауазымынан бір сатыға жоғары полиция подполковнигі атағы берілді.Тайынша ауданының аға тергеушісі полиция подполковнигі Абай Сүйіндіков «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Ал СҚО ПД тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Бибігүл Қасеноваға «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі табыс етілді.СҚО полиция департаментінің грамоталары көші-қон қызметінің қызметкерлері: бас мамандар Әлия Мұстафина мен Гүлнәр Сәліковаға, жетекші маман Ольга Пашковаға табысталды. ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов алғыс хатпен Уәлиханов ауданының көші-қон қызметінің тәжірибелі қызметкері полиция майоры Ержан Хамзинді марапаттады.Тағы 9 қызметкер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты шара кәсіби мерекелерге: 5 сәуір – ҚР көші-қон қызметі, ал 6 сәуір – ҚР тергеу органдары қызметкерлерінің күндеріне орайластырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/973169?lang=kk
Өңірлерде спорттың дамуын талдау бойынша жұмыс тобының екінші кезеңі басталды 15.04.2025
Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы еліміздің өңірлеріндегі спорт саласына жүргізілетін мониторингтің екінші кезеңін бастайды. Бұл топтың негізгі міндеті – былтыр өңірлерде анықталған мәселелердің шешілу барысын тексеру және министрлік тарапынан қолға алынған спорт реформаларын жергілікті жерлерде түсіндіру.Бірінші кезеңде жұмыс тобы аймақтарды аралап, жергілікті спорт инфрақұрылымының жай-күйін зерттеп, саладағы мәселелер мен олқылықтарды жинақтап, министрлікке ұсынған. Нәтижесінде, әр өңірге нақты ұсыныстар жолданып, жүйелі жұмыс жүргізуге бағыт берілді.Екінші кезеңде осы ұсыныстардың өңірлерде қалай іске асып жатқанына талдау жасалады. Сонымен қатар жұмыс тобы өңірлердегі спорт мектептерінің, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық даярлау орталықтарының және басқа да мекемелердің қызметімен танысып, қажет болған жағдайда әдістемелік және тәжірибелік көмек береді.Жұмыс тобы 10 адамнан құралған және екі бағытқа бөлінеді. Топ құрамында экономист, заңгер, құқықтық және әкімшілік-кадр, сарапшы, спорт менеджерлері және тағы басқа мамандар бар. Бірінші топ Қарағанды облысына, екіншісі Абай облысына жол тартады. Әр өңірде кемінде бір апта немесе он күннен астам уақыт жұмыс жүргізу жоспарланған. Жалпы алғанда, бірінші жартыжылдықтың соңына дейін 20 өңірді толық қамту көзделіп отыр.Мониторинг жұмыстары бекітілген кесте және келісілген жоспар бойынша жүзеге асады. Жұмыс барысын Туризм және спорт министрлігі тікелей бақылауда ұстайды.Бұл жұмыс орталық пен өңір арасындағы өзара іс-қимылды күшейтіп, реформаларды тиімді жүзеге асыруға және жергілікті деңгейдегі спорт саласын нақты деректер негізінде дамытуға мүмкіндік береді.Айта кетейік, жұмыс тобы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау, спорт саласын жүйелі дамыту және мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыру мақсатында ҚР Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/973163?lang=kk
Астана қаласы Департаментінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған рухани-шығармашылық кеш өтті 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ерекше шығармашылық кеш ұйымдастырды. Бұл кеш ұлы ақынның әдеби мұрасын дәріптеп, қазақ тілінің мәртебесін арттыруға бағытталды.Шараның мақсаты:Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оның терең философиясы мен поэзиясын таныстыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.Шығармашылық кеш барысында:Абай өлеңдерінен үзінділер оқылдыАқынның философиялық ойлары мен шығармашылығы талқыландыҚатысушылар Абайдың туындылары бойынша өз пікірлерін білдіріп, рухани сұхбаттастыАбай шығармаларын өнер түрлері арқылы ұлықтау жүзеге асырылдыҰлы ақынның шығармашылығын дәріптеу шарасына Департамент қызметкерлері белсене қатысты. Бұл кеш қазақ әдебиетінің асыл қазынасын жастар арасында насихаттауға үлкен үлес қосады! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/973158?lang=kk
Құрметті ата-аналар! 15.04.2025
      Бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл індет тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, күнделікті өмірде де кездесіп жатады. Сондықтан оның алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз.     Баланың алғашқы тәрбиесі – отбасынан басталады. Сіздердің әрбір іс-әрекеттеріңіз, адалдыққа деген көзқарастарыңыз балаңыздың болашақтағы ұстанымына тікелей әсер етеді. Егер бала әділдік пен шыншылдықты үйренсе, ол ешқашан заңсыз жолды таңдамауға тырысады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін:🔹️балаларыңызға адалдық пен әділдіктің маңызын түсіндіріңіз;🔹️заңды құрметтеуді үйретіңіз;🔹️өз әрекеттеріңізбен үлгі болыңыз;🔹️қоғамдағы теріс әрекеттерге бейжай қарамауға тәрбиелеңіз.Біз бірге әділ, таза және парасатты қоғам құра аламыз. Әр отбасы – болашақтың негізі. Сондықтан адал ұрпақ тәрбиелеу – ең маңызды міндет.Жемқорлықсыз болашақ – біздің қолымызда! ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті  #elgekyzmet🇰🇿#АдалҰрпақ#СаналыҰрпақ#СыбайласЖемқорлыққаЖолЖоқ#СкажемНетКоррупции @elgeqyzmet.gov.kz@darkhan.jazyqbay @muximov_salauat@elgeqyzmet.abaiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1218702?lang=kk
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» 15.04.2025
Қазақстан  Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының 8- бабы 5- тармағына  және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі  талдау жүргізудің үлгілік қағидиларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 22 сәуірден бастап 22 мамыр аралығында Жәнібек ауданы әкімінің аппаратына және аудан әкімдігіне бағынысты бөлімдерінде, сонымен қатар Тау, Қамысты, Борсы, Жақсыбай және Талов ауылдық округ әкімі аппараттарына сыбайлас жемқорлық тәуекелдері  бойынша ішкі талдау жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhanibek/press/news/details/973135?lang=kk