Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Мобильді топ мектепке дейінгі ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетті 15.04.2025
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мобильді тобы мектептерді мемлекеттік аттестаттауға дайындық кезінде әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған жұмыс жүргізді. Осы айда Рузаевка ОМ, Сокологоровка ОМ, №2 Новоишим ОМ және Новоишим қазақ ОМ сияқты бірнеше ұйымдарға назар аударылды.Мобильді топтың жұмысы педагогтарды қолдауды қамтамасыз етуге, олардың біліктілігі мен кәсіби өсуін арттыруға бағытталған, бұл өз кезегінде ауданның білім беру ортасына және мектепке дейінгі ұйымдардың дамуына оң әсер етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/973176?lang=kk
Полиция департаментінде 12 полиция қызметкері марапатталды 15.04.2025
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментіндегі кезекті жедел кеңес тергеу бөліністері мен көші-қон қызметінің қызметкерлерін марапаттаудан басталды.Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Петропавл қаласы полиция басқармасы тергеу бөлімінің аға тергеушісі Алена Дёроваға атқарып отырған лауазымынан бір сатыға жоғары полиция подполковнигі атағы берілді.Тайынша ауданының аға тергеушісі полиция подполковнигі Абай Сүйіндіков «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Ал СҚО ПД тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Бибігүл Қасеноваға «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі табыс етілді.СҚО полиция департаментінің грамоталары көші-қон қызметінің қызметкерлері: бас мамандар Әлия Мұстафина мен Гүлнәр Сәліковаға, жетекші маман Ольга Пашковаға табысталды. ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов алғыс хатпен Уәлиханов ауданының көші-қон қызметінің тәжірибелі қызметкері полиция майоры Ержан Хамзинді марапаттады.Тағы 9 қызметкер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Салтанатты шара кәсіби мерекелерге: 5 сәуір – ҚР көші-қон қызметі, ал 6 сәуір – ҚР тергеу органдары қызметкерлерінің күндеріне орайластырылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/973169?lang=kk
Өңірлерде спорттың дамуын талдау бойынша жұмыс тобының екінші кезеңі басталды 15.04.2025
Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы еліміздің өңірлеріндегі спорт саласына жүргізілетін мониторингтің екінші кезеңін бастайды. Бұл топтың негізгі міндеті – былтыр өңірлерде анықталған мәселелердің шешілу барысын тексеру және министрлік тарапынан қолға алынған спорт реформаларын жергілікті жерлерде түсіндіру.Бірінші кезеңде жұмыс тобы аймақтарды аралап, жергілікті спорт инфрақұрылымының жай-күйін зерттеп, саладағы мәселелер мен олқылықтарды жинақтап, министрлікке ұсынған. Нәтижесінде, әр өңірге нақты ұсыныстар жолданып, жүйелі жұмыс жүргізуге бағыт берілді.Екінші кезеңде осы ұсыныстардың өңірлерде қалай іске асып жатқанына талдау жасалады. Сонымен қатар жұмыс тобы өңірлердегі спорт мектептерінің, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық даярлау орталықтарының және басқа да мекемелердің қызметімен танысып, қажет болған жағдайда әдістемелік және тәжірибелік көмек береді.Жұмыс тобы 10 адамнан құралған және екі бағытқа бөлінеді. Топ құрамында экономист, заңгер, құқықтық және әкімшілік-кадр, сарапшы, спорт менеджерлері және тағы басқа мамандар бар. Бірінші топ Қарағанды облысына, екіншісі Абай облысына жол тартады. Әр өңірде кемінде бір апта немесе он күннен астам уақыт жұмыс жүргізу жоспарланған. Жалпы алғанда, бірінші жартыжылдықтың соңына дейін 20 өңірді толық қамту көзделіп отыр.Мониторинг жұмыстары бекітілген кесте және келісілген жоспар бойынша жүзеге асады. Жұмыс барысын Туризм және спорт министрлігі тікелей бақылауда ұстайды.Бұл жұмыс орталық пен өңір арасындағы өзара іс-қимылды күшейтіп, реформаларды тиімді жүзеге асыруға және жергілікті деңгейдегі спорт саласын нақты деректер негізінде дамытуға мүмкіндік береді.Айта кетейік, жұмыс тобы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау, спорт саласын жүйелі дамыту және мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыру мақсатында ҚР Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған болатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/973163?lang=kk
Астана қаласы Департаментінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған рухани-шығармашылық кеш өтті 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ерекше шығармашылық кеш ұйымдастырды. Бұл кеш ұлы ақынның әдеби мұрасын дәріптеп, қазақ тілінің мәртебесін арттыруға бағытталды.Шараның мақсаты:Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оның терең философиясы мен поэзиясын таныстыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.Шығармашылық кеш барысында:Абай өлеңдерінен үзінділер оқылдыАқынның философиялық ойлары мен шығармашылығы талқыландыҚатысушылар Абайдың туындылары бойынша өз пікірлерін білдіріп, рухани сұхбаттастыАбай шығармаларын өнер түрлері арқылы ұлықтау жүзеге асырылдыҰлы ақынның шығармашылығын дәріптеу шарасына Департамент қызметкерлері белсене қатысты. Бұл кеш қазақ әдебиетінің асыл қазынасын жастар арасында насихаттауға үлкен үлес қосады! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/973158?lang=kk
Құрметті ата-аналар! 15.04.2025
      Бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл індет тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, күнделікті өмірде де кездесіп жатады. Сондықтан оның алдын алу – баршамыздың ортақ міндетіміз.     Баланың алғашқы тәрбиесі – отбасынан басталады. Сіздердің әрбір іс-әрекеттеріңіз, адалдыққа деген көзқарастарыңыз балаңыздың болашақтағы ұстанымына тікелей әсер етеді. Егер бала әділдік пен шыншылдықты үйренсе, ол ешқашан заңсыз жолды таңдамауға тырысады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін:🔹️балаларыңызға адалдық пен әділдіктің маңызын түсіндіріңіз;🔹️заңды құрметтеуді үйретіңіз;🔹️өз әрекеттеріңізбен үлгі болыңыз;🔹️қоғамдағы теріс әрекеттерге бейжай қарамауға тәрбиелеңіз.Біз бірге әділ, таза және парасатты қоғам құра аламыз. Әр отбасы – болашақтың негізі. Сондықтан адал ұрпақ тәрбиелеу – ең маңызды міндет.Жемқорлықсыз болашақ – біздің қолымызда! ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті  #elgekyzmet🇰🇿#АдалҰрпақ#СаналыҰрпақ#СыбайласЖемқорлыққаЖолЖоқ#СкажемНетКоррупции @elgeqyzmet.gov.kz@darkhan.jazyqbay @muximov_salauat@elgeqyzmet.abaiАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1218702?lang=kk
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» 15.04.2025
Қазақстан  Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының 8- бабы 5- тармағына  және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі  талдау жүргізудің үлгілік қағидиларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 22 сәуірден бастап 22 мамыр аралығында Жәнібек ауданы әкімінің аппаратына және аудан әкімдігіне бағынысты бөлімдерінде, сонымен қатар Тау, Қамысты, Борсы, Жақсыбай және Талов ауылдық округ әкімі аппараттарына сыбайлас жемқорлық тәуекелдері  бойынша ішкі талдау жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhanibek/press/news/details/973135?lang=kk
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 2025 жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша бос орындар саны туралы хабарлайды: 15.04.2025
Қарағанды ​​облысы білім басқармасының «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы 2025 жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша бос орындар саны туралы хабарлайды: «Алёнка» бөбекжайы» КМҚК:2022 ж.т. – 3 орын. «Берёзка» бөбекжайы» КМҚК:2019 ж.т. – 15 орын;2020 ж.т. – 7 орын;2021 ж.т. – 6 орын; «Ботагөз» бөбекжайы» КМҚК:2019, 2020 ж.т. (сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған түзету тобы) – 4 орын;2019,2020,2021 ж.т. – 2 орын (оқыту мемлекеттік тілде);2021 ж.т. – 13 орын;2022 ж.т. – 21 орын. «Гүлдер» бөбекжайы» КМҚК:2019 ж.т. - 2 орын;2020 ж.т. - 10 орын;2022 ж.т. - 2 орын; «Еркетай» бөбекжайы» КМҚК:2019 ж.т. - 9 орын;2020 ж.т. – 1 орын. «Қарлығаш» бөбекжайы» КМҚК:2019 ж.т. - 5 орын;2020 ж.т. – 1 орын;2021 ж.т. – 2 орын;2022 ж.т. - 2 орын;2023-2022 ж.т. – 1 орын; «Салтанат» бөбекжайы» КМҚК:2020 ж.т. - 1 орын; «Снегурочка» бөбекжайы» КМҚК:2020 ж.т. – 2 орын;2021 ж.т. – 2 орын;2022 ж.т. - 1 орын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/973123?lang=kk
ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Калининград облысында болып қайтты 15.04.2025
Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаевтың Калининград облысына жұмыс сапары өтті.Губернатор Алексей Беспрозванныхпен кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өңірлері мен Калининград облысы арасындағы тауар айналымы $91,9 млн. құраған, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 31% - ға артық. Мұндай өсу қарқыны сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, өзара инвестицияларды және кәсіпорындар арасындағы тікелей байланыстарды жандандыру үшін жоғары әлеуетті көрсетеді.Тараптар Қазақстан мен Калининград облысының бизнес-топтары өкілдерінің кездесулерін өткізу қажеттілігін қолдады. Іскерлік байланыстарды нығайту мақсатында Елші «За Родину» балық өңдеу кешенінде, «Автотор» автоқұрастыру кәсіпорнында және Калининград кәріптас комбинатында болып қайтты.Д.Абаев, сонымен қатар аймақтың көркем табиғаты мен бай тарихи-мәдени мұрасына назар аудара отырып, мұражай және туристік салаларда ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін білдірді.Сапар барысында Жеңіс мерейтойын мерекелеу тақырыбына ерекше көңіл аударылды. Губернатормен бірге Елші «1200 гвардияшы» мемориалына гүл шоқтарын қойып, қала үшін шайқаста қаза тапқан Алматы облысының тумасы, Кеңес Одағының Батыры Төлен Қабыловты еске алу рәсіміне қатысты. Іс-шара жергілікті №14 мектепте өтті, мектеп қасбетінде қазақстандық жауынгердің құрметіне мемориалдық тақта орнатылған. Сонымен қатар, оның есімі Калининград көшелерінің біріне берілген.Сапар соңында Елші «Калининград қаласы» қалалық округі әкімшілігінің басшысы Елена Дятловамен және «Калининград қаласы» қалалық округінің басшысы Олег Аминовпен кездесті. Әңгіме барысында Д.Абаев өңір халқының шамамен 13% - ы Қазақстаннан шыққандар екенін ескере отырып, Калининград пен Қазақстан қалаларының бірі арасында бауырластық байланыс орнатуды ұсынды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-moscow/press/news/details/973120?lang=kk
ДЕПАРТАМЕНТ: ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ 15.04.2025
ДЕПАРТАМЕНТ: ТҮРКІСТАНДА ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ 2025 жылдың 5 сәуір күні ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Түркістан қаласын көркейту, көгалдандыру және санитарлық-тазалықты қамтамасыз ету мақсатында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының іс-шара жоспарына сәйкес Түркістан қаласында кең ауқымды жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырды. "Таза Қазақстан" акциясының басты мақсаты-қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту. ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері де аталмыш іс-шараға қатысып, Департаментке бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/973104?lang=kk
Целиноград ауданында «Jas Tulga» атты жастармен кездесу өтті 15.04.2025
Қоянды ауылынның мектеп-лицейінде «Jas Tulga» атты жастармен маңызды кездесу өткізілді.         Аталмыш шара, жастарға кәсіби бағдар беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттандыру және адал еңбекке ынталандыру мақсатында өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында есірткінің алдын алу, әлеуметтік мәселелерді шешу, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру болып табылады.         Кездесуге «Esbol Qory» қоғамдық қорының төрағасы және ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі – Жандос Ақтаев, кәсіби бағдар беруші PhD кандидаты, «Dauletten» қайырымдылық қорының президенті – Жасұлан Қуандық, облыстық ЖРО басшысы – Дастан Ермеков,  аудандық құқық қорғау органдардың өкілдері, мектеп оқушылары мен ауданның белсенді жастары және ұйымдастырушылар қатары қатысты.         Дастан Амангелдіұлы өңірдегі жастар үшін қандай жаңа жобалар мен бастамалар бар екенін таныстырып, волонтерлік қызмет пен өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, нашақорлықтың алдын алу, зиянды әдеттерден аулақ болу мәселелері де көтерілді.         «Esbol Qory» қоғамдық қорының төрағасы – Жандос Берікұлы жастарға нашақорлықтың зияны мен оның салдары туралы баяндады.         Құқық қорғау органдарының өкілдері заң мен тәртіптің сақталуы, жастар арасында нашақорлықтың таралуының алдын алу шаралары туралы айтып, қатысушыларға заң бұзушылықтың ауыр салдарлары мен есірткінің қоғамға келтіретін зардаптары туралы нақты мысалдар келтірді.           «Нашақорлық – тек жеке адамның ғана емес, қоғам дерті. Біз жас ұрпақты бұл зиянды әдеттен аулақ болуға шақырамыз. Ең бастысы - дұрыс орта қалыптастыру, жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау», – деді спикер.         Жастардың рөлі мен жауапкершілігі, қоғамдағы белсенділіктің маңыздылығын, еріктілік пен өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Жастарға тек білім алып қана қоймай, сонымен қатар түрлі әлеуметтік жобаларға белсенді қатысып, өз ортасын жақсартуға үлес қосу қажеттігін айта кеткен жөн.         Мамандық таңдау және болашаққа жоспар құру, жастар үшін ең маңызды тақырыптардың бірі.         Аталған бағыт бойынша, болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың негізгі қағидалары мен жаңа заманға қажетті кәсіби бағыттар туралы, кәсіби бағдар беруші PhD кандидаты, «Dauletten» қайырымдылық қорының президенті – Жасұлан Бостандықұлы баяндады.         «Қазіргі нарықта қандай мамандықтар сұранысқа ие? Жастар қай саланы таңдағаны дұрыс? Бұл сұрақтар әрбір түлекті ойландырады. Біздің мақсатымыз – дұрыс таңдау жасауы», – деді спикер.         Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, табысты мамандардың өмірлік тәжірибесімен танысты. Олар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, нақты жауап ала алды.         «Кездесу жастар үшін пайдалы және ынталандырушы болды деп айтқым келеді. Мұндай кездесулер мен форумдар жастарға кәсіби бағыт беріп, болашақта дұрыс қадам жасауға көмектесуде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, форум жастар арасында заңдылық пен тәртіпті сақтау, жаман әдеттерден аулақ болу, сондай-ақ қоғамның есірткіге қарсы күрестегі күш-жігерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Іс-шара салауатты өмір салтын қолдаудағы үлкен қадам. Салауатты өмір салты - жарқын болашақтың кепілі!» - дейді аудандық ЖРО директорыныңы м.а. Махабат Ирешова.         Шара соңында аудан әкімінің алғыс хаттарымен жас ұрпақтың белсенді өкілдері марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/973102?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН «МАЙНЕКС-2018 РОССИЯ» ТАУ-КЕН ФОРУМЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН ЖЕР ҚОЙНАУЫ ТУРАЛЫ КОДЕКСТІ ТАНЫСТЫРДЫ 15.04.2025
Қазақстан үшін геологиялық және тау-кен өндіру салалары маңызды және басымдыққа ие. Бұл сектор мұнай-газ өнеркәсібінен кейінгі ел экономикасы құрылымында екінші орында. Қазақстан әлемдегі негізгі пайдалы қазбалар бойынша көшбасшы орынға ие екенін айта кету керек.Сала әлемдік нарықта мыс, уран, титан, ферроқорытпа және полиметаллдарымен танымал және аймақта темір, көмір және алюминий нарығына айтарлықтай әсер етеді. Жылдам дамып келе жатқан ғылыми-техникалық прогресс нарықтық сұранысқа үнемі түзетулер енгізеді. Мысалы, электромобильдердің қозғалтқыштары мен смартфондарға салынатын литий, вольфрам, молибден және басқа да сирек кездесетін металдарға сұранысты күрт арттырды.«Қазіргі кездегі жағдайларға орай, Қазақстан 2017 жылғы желтоқсанда қабылданып, 2018 жылдың 29 маусымында күшіне енген жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің нәтижесі ретінде халықаралық әдістерге сәйкес жер қойнауын пайдалану саласына кең ауқымды реформалар жүргізді. Жаңа Кодекске саланы мемлекеттік реттеудің ашық әдістерін, геологиялық ақпаратқа қолжетімділікті, ұлттық стандарттарды әлемдік стандарттармен үйлестіруді қамтамасыз етудегі үздік халықаралық тәжірибе енгізілді»,- деп атап өтті форумда сөйлеген Тимур Тоқтабаев.Кодекс аясында жер қойнауын пайдалану құқығын беру шарттары бірінші өтінімнің қағидасын енгізу арқылы 24 айдан бірнеше күнге дейін қысқартылды; геологиялық ақпаратқа қол жеткізу; CRIRSCO жүйесі арқылы пайдалы қазбалардың қорларын есептеуге арналған халықаралық жүйе 5 жыл өтпелі кезеңмен енгізілді.Ең бастысы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылады, өйткені жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырудағы талаптары өте айқын және әділ.Жер қойнауын пайдалану құқығын қамтамасыз етуде «бірінші өтінім» қағидаты бойынша жүйелілік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін Қазақстандағы минералды ресурстардың мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы бекітілді. Бұл жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың жаңа құралы, ол орта мерзімді перспективада тиісті саланың даму бағыттары туралы инвесторларға жалпы мәлімет береді.Биылғы жылдың 15 қыркүйегінен бастап, барлауға өтінімдер жоғарыда аталған бағдарлама бойынша қабылданады, сондықтан лицензия 2018 жылдың 15 қазанынан беріле бастайды.2024 жылға дейінгі өтпелі кезеңде осы Кодекске сәйкес қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия аукцион өткізу арқылы жүзеге асырылады.Бұл саланы дамытудағы келесі қадам Ұлттық Банк деректерін енгізу. Бұл мемлекеттік органдардың мен жер қойнауын пайдаланушылардың өзара қатынасын электронды форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді.Мәселен, Ұлттық банк деректері аясында жер қойнауын пайдалану құқығын бірнеше күн ішінде электронды түрде беру ғана емес, геологиялық ақпаратқа қол жеткізу, жер қойнауын пайдаланушылардың есептерін беру, лицензияның орындалуына мониторинг жүргізу және келісім-шарт міндеттемелері және т.б. қамтамасыз етілетін болады.Кодексте пайдалы қазбалардың мемлекеттік сараптамасы CRIRSCO стандарттары бойынша есептер дайындау үшін құзыретті тұлғаларға берілді, содан кейін 2024 жылдан бастап резервтер бойынша мемлекеттік комиссияның күші жойылды.CRIRSCO стандарттары барлық дамыған елдерде қолданылады. Бұл отандық жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың жер қойнауын пайдалану саласының ашықтығы мен болжамдылығы есебінен шетелдік және отандық инвестицияларды тарту мақсатында әлемдік қор нарықтарына және биржаларына кірулеріне мүмкіндік береді.CRIRSCO стандарттарына көшу кезінде салықтық тәсілдерді қайта қарау жоспарлануда. Австралия, Канада, Швеция және Оңтүстік Африка республикаларының үлгісімен соңғы көлемдер мен қорларға қарамастан, өндірілген пайдалы қазбаларға салық жинау ұсынылады.Роялти барлық кемшіліктер мен қайшылықтарды жояды. Бұл әдіс әділетті және минералды шикізатты қайта өңдеуді «қайта бөлудің неғұрлым жоғары деңгейі, соғұрлым жылдамдығы» қағидасына сәйкес ынталандырады (австралиялық үлгі).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23259?lang=kk
ДЕПАРТАМЕНТ: БАСТЫ МАҚСАТ - ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 15.04.2025
ДЕПАРТАМЕНТ: БАСТЫ МАҚСАТ - ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 2025 жылдың 3 сәуір күні ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Ержанов Бекжан Ержанұлы Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Бәйдібек ауданы білім бөлімінің «С.Абдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат» КММ-не жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Бекжан Ержанұлы «С.Абдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат» КММ-нің еңбек ұжымындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтырына қатысты түсіндірме жұмыстарын өткізді. Жиын соңында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Бекжан Ержанұлы жұмыскерлер мен жұмыс берушілер тарапынан қойылған еңбек қатынастарына қатысты жеке сұрақтары бойынша ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына сәйкес жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/973086?lang=kk
Жүргізуші куәлігі көбіне үш жағдайда ауыстырылады 15.04.2025
🪪Жүргізуші куәлігі көбіне үш жағдайда ауыстырылады: жарамдылық мерзімі аяқталуға жақын қалған кезде, мерзімі өткенде немесе категорияны ауыстыру кезінде. Мұндай жағдайларда не істеу керек – оқыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu/press/news/details/973084?lang=kk
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК КОДЕКСІ ТҮСІНДІРЕДІ 15.04.2025
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК КОДЕКСІ ТҮСІНДІРЕДІ СІЗГЕ ҚАЖЕТТІ ДЕРЕК: МЕРЕКЕ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІНДЕГІ ЖҰМЫСҚА АҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/973100?lang=kk
ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ 15.04.2025
ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2025 жылғы 1-жартыжылдыққа арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ҚР Еңбек заңнамасының және ҚР халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 3 сәуір күні ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлы Түркістан облысы Мақтарал ауданында орналасқан Түркістан облысы білім басқармасы Мақтарал ауданы білім бөлімінің «№10 Асыл мұра жалпы білім беретін мектеп» КММ-не профилактикалық бақылау жүргізді. Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадулаұлы «№10 Асыл мұра жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің ұжымында жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтырына қатысты, жұмыс беруші мен жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттеріне, еңбек қауіпсіздігіне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жүргізу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы «№10 Асыл мұра жалпы білім беретін мектеп» КММ- ұжымының жұмыскерлері мен жұмыс берушілер тарапынан еңбек қатынастарына қатысты қойылған сұрақтары бойынша ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына сәйкес жауап берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/973091?lang=kk
Жұмыссыз азаматтарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 15.04.2025
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!Тараз қаласы бойынша Мансап орталығы Тараз қаласының жұмыссыз тұрғындарын қысқа мерзімді кәсіптік оқуға шақырады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға техникалық және қызмет көрсету оқу мамандықтары қарастырылған. Сондай-ақ 3 ай білім алып, ай сайын 32 681 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Сонымен қатар, оқуды аяқтаған мамандықпен тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Оқу алдағы уақытта басталады.ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОҚУ ТІЗІМІ:1. Тырнақ әрлеуші (Маникюр)2.Массаж3.Шаштараз (Парикмахер)4. Бет әрлеуші (Визажист)5. Кассир6.Аспаз (Повар)7. Тігінші (Швея)8. Оператор ЭВМ9. Жиһаз құрастырушы (Сборщик мебели)10. Электромонтер11. Дәнекерлеуші (Сварщик)12. Автомобиль жөндеу слесарі (Слесарь по ремонту автомобилей)13. Кран машинисті (Машинист кранов).Мекенжайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, 6 кабинет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/973069?lang=kk
АККРЕДИТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ХV-ШІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ 15.04.2025
ҰАО-ның бас директоры М.Өмірханов «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-н дамытудың 2019-2020 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» баяндама жасады.Бүгінгі күні ҰАО: сынақ және калибрлеу бойынша ILAC MRA бірлесіп тану туралы келісіміне қол қоюшы;өнім бойынша IAF MLA бірлесіп тану туралы көптарапты келісімнің қол қоюшысы;өнім бойынша РАС MLA  көптарапты тану туралы келісімінің қол қоюшысы;APLAC-қа толыққанды мүше және сынақ және калибрлі зертханалар бойынша APLACMRA келісімінің қол қоюшысы болып табылады.ҰАО 214 СЗ-на ILAC MRA бірлескен белгісін пайдалану құқығын берді, олар ҚР-ның заңды тұлғаларына 195 127 сынақ хаттамаларын берді, оның ішінде 4225 сынақ хаттамалары ҚР-нан тыс жерлерге берілді. Хаттамалар негізінен ауыл шаруашылығы өнімдеріне, астық өніміне, дәрілік заттарға, фармацевтикалық өнімге және т.б. берілді.68 СРО-ға IAF MLA бірлескен белгісін пайдалану құқығы берілді, олар 13 404 IAF MLA бірлескен белгісі бар сертификатын берді, оның 363-і ҚР-нан тыс жерлерге берілді.17 МЖ СРО-на IAF MLA бірлескен белгісін пайдалану құқығы берілді, олар 82 IAF MLA бірлескен белгісі бар сертификат берді.«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚРЗ-на өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» «ҰАО» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Серік Құрманғалиев баяндама жасады.Баяндама  Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу аккредиттеу саласындағы заңнаманы жетілдіру қажеттігінен екендігі, аккредиттеу рәсімдерін жеңілдету жолымен бизнес-қауымдастығына түсетін жүктемені төмендету, аккредиттеу саласындағы жаңа халықаралық стандарттарды енгізу, сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы қызметтің жаңа бағыттарын игеру және дамытуға байланысты   екендігі сөз болды.Аккредиттеу жөніндегі Кеңес жұмысына «КОАС» ЗТБ төрағасы Дәулет Сүтемгенов, «Қазақстан Ұлттық индустриалды палатасы» БКП ЗТБ басқарма төрағасы Юрий Ципурит, Астана қ. «Әділет» тұтынушылар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Тұрсын Жағпарова, «Техникалық реттеу және метрология жүйесі қатысушыларының қазақстандық бірлестігі» ЗТБ-ның атқарушы директоры Олег Савеленко. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Садуақасов қатысып сөз сөйледі.Кеңес отырысын қорытындылаған ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев «ҰАО» ЖШС-не «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-н дамытудың стратегиялық жоспарын пысықтауды, сондай-ақ Аккредиттеу жөніндегі Кеңес мүшелерінен түскен ұсыныстарды ескере отырып, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына ұсыныстар енгізуді тапсырды.Отырыс барысында Аккредиттеу жөніндегі Кеңес құрамы бекітілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/23233?lang=kk
eGov.kz арқылы жер телімін алуға кезекке тұру 15.04.2025
Бүгін күні eGov.kz порталында тұрғындар өз кезегін қарау немесе кезекке тұруға болады. Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталына кіріп, "Жылжымайтын мүлік" – "Жер қатынастары" бөлімінен "Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру" қызметін таңдау қажет. Әрі қарай өтініш түрін таңдау керек. Бүгінде порталда өтініштің үш түрі бар: кезекке қою; деректерді өзектендіру; кезектен шығару. Егер сіз жер учаскесін алу үшін кезекке алғаш рет өтініш білдіріп тұрсаңыз, онда өзіңіз жер алуды қалайтын өңірді таңдайсыз. Егер сіз бұдан бұрын жер кезегіне тұрған болсаңыз, бірақ ол туралы ақпарат таппасаңыз, онда "Өзектендіру" өтініш түрін таңдауыңыз қажет. Кезек алғаныңызды растау үшін қолыңызда бар құжатты (талонның скан-нұсқасы, өтініштің, жеке куәліктің және т.б. көшірмелері) жүктеу қажет. Бұдан бұрын алған жер кезегінен бас тарту үшін "Шығару" өтініш түрін таңдау қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-almaty/press/news/details/975604?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер PRO BONO құқықтық кеңестер беруде 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ерікті - Ақтөбе облысы Нотариаттық палатасының директоры Дарья Әділова өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін нығайтуға белсенді қатысады.Ерікті өз қызметінде халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысады, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын, әділеттілік құндылығын насихаттайды,сондай-ақ кәсіби ортада және жалпы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға жеке үлес қосуда.Оның үлгісіне сүйене отырып, облыс нотариустары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты қолдап, азаматтарға олардың құқықтарын түсіндіріп, заңнаманы сақтауға шақырады.Барлық нотариустарда азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы сұрақтармен немесе хабарламалармен жүгіне алатын 1424 бірыңғай колл-орталығының жұмысы туралы ақпараты бар плакаттар орналастырылған.Азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын, ашықтық және заңдылық қағидаттарын ілгерілетудегі кәсіби қоғамдастықтың рөлін атап өтеміз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік азаматтардың сенімін нығайтуды жалғастыруда және адамгершілік және адал қоғамды қалыптастырудың пәрменді құралына айналуда.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП#АдалАзамат#Әділдік#Жауапкершілік  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aktobe/press/news/details/973057?lang=kk
№27 орта мектеп-гимназиясында «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторлық» аясында Ұлы Отан Соғысының 80 жылдығына орай маңызды кездесу өтті 15.04.2025
№27 орта мектеп-гимназиясында «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторлық» аясында Ұлы Отан Соғысының 80 жылдығына орай маңызды кездесу өтті. Осы шара шеңберінде 28 панфиловшыларды еске алу сәті де ұйымдастырылды, сондай-ақ Ауған соғысының ардагерлері Омаров Амангельді Жумаханович, Жайлаубеков Кажимхан Арынович, Сембеков Берик Мейлканович, Калпебаев Адильбай Адилмажинович, Абдрасилов Ергали Мырзатаевич, Бахтыбаев Ержан Камбарович және Жетісу облысы, Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие және идеологиялық жұмыстар, әскери қызметті насихаттау инспекторы – Дауренбаев Есет Женисович  қатысып, өздерінің жеке тәжірибелерімен бөлісті.Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан Соғысы мен Ауған соғысының тағдыры туралы терең түсінік беріп, ардагерлердің ерліктері мен патриоттық рухын жастарға жеткізу, ел тарихына құрметпен қарауға, ұрпаққа баға жетпес үлгі болуға шақыру болды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-comdev/press/news/details/973056?lang=kk