Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

Тозған жайылымдарды қалпына келтіру жобасы Ақтөбе облысында жүзеге асырылуда 15.04.2025
Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) бірлесіп, "Қазақстанда жайылымдық жерлердің климаттық тұрақтылығын агромелиорация жолымен қамтамасыз ету" жобасы шеңберінде Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында нақты іс-шараларды іске асыруды бастады.Жоба тозған жайылымдарды қалпына келтіруге және олардың климаттық өзгерістерге төзімділігін арттыруға бағытталған.Ағымдағы жылы Аралтоғай және Талдысай ауылдық округтерінде қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының белсенді қатысуымен 550 га алаңда агроорман мелиорациялық жүйесі құрылатын болады, бұл 2500 га тозған жайылымдарды жедел қалпына келтіруге мүмкіндік береді.Сарапшылар жобаға қатысатын жайылымдық жерлер мен фермерлік шаруашылықтарды таңдады. Жер иелері бекітілген технологияға сәйкес жайылымдарға отырғызылатын бидай шөптері мен беде тұқымын, бұталардың көшеттерін (үйеңкі, жида, қарағаш, қарағай) алады.Құрылған агроорман-мелиорациялық жүйе топырақта жаңбыр мен қар суының жиналуына, су тасқыны қаупін азайтуға және малдың жағдайын жақсартуға ықпал етеді, оны жазда көлеңкемен және қыста баспанамен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жүйе тозған жайылымдардың өнімділігін арттырады.Сарапшылардың қолдауымен ауылдық округтерде "Жайылымдар туралы" ҚР Заңының талаптарына сәйкес жайылымдарды басқарудың бес жылдық жоспары әзірленуде. Жоспар жайылымдық инфрақұрылымды жақсарту және жайылымдарды қалпына келтірудің оң нәтижелерін тарату бойынша ұсыныстарды қамтиды.Жергілікті қоғамдастықтарды жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану мәселелерін шешуге тарту мақсатында ауылдық округтерде жайылымды пайдаланушылардың қоғамдық кеңестері құрылды, олар жоспарды әзірлеуге белсенді қатысатын және іс-шаралардың орындалуын бақылайтын болады.Жоба сонымен қатар агроорман мелиорациялық жүйелерін қалыптастыру бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, мамандар даярлауды және фермерлер үшін тренингтер өткізуді көздейді.Осы бастамаларды іске асыру үшін Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы мен Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі жайылымдық дала мектебін ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-e-kotibarov/press/news/details/971651?lang=kk
073/е нысандағы анықтаманы қалай алуға болады? 15.04.2025
🚙 073/е нысанындағы медициналық анықтаманы eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында алуға боладыБұл анықтама пайдаланушының көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдерінің жоқтығын растайды. Қызметке өтінім берген соң анықтама жеке кабинетте PDF форматында 1 жыл бойы жарамды болады ✅Қызмет туралы толық ақпаратпен карусельден танысыңыз ⬆️Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/saran-aktas/press/news/details/969967?lang=kk
Жетісуда Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, еске алу шарасы өтті. 15.04.2025
🎼 Бүгін Талдықорғанда қазақ музыкасының сайыпқыраны, әйгілі күйші, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті. Н. Тілендиев атындағы музыка мектебінің алдында өнер саңлағының ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, оның музыкалық шығармалары орындалды.▶️ Облыс басшылығының атынан еске алуға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов көпшілікті мерейтоймен құттықтап, ЮНЕСКО 2025 жылды Нұрғиса Тілендиев жылы деп жариялағанын, сондықтан бұл мерейтойдың дүниежүзілік мәнге ие болғанын атап өтті:✔️Ескерткіштің маңында Талдықорған балалар көркем сурет мектебі оқушыларының сурет салу пленэрі ұйымдастырылып, жас суретшілер дәулескер күйші-композитордың бейнесін қағаз бетіне түсірді. Сонымен қатар Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының «Жетісу виртуозы» ансамблі шағын концерт қойып, Н.Тілендиевтің шығармаларын орындады.☝🏼 Еске салсақ, бүгін Б.Римова атындағы драма театрында Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның Мұқан Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі жүз жылдық мерейтойға орай «Өз елім» атты концерт өткізеді. 👏🏼Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/967492?lang=kk
Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Азамат Негматоллаұлы Тілешев мекемелерге барған кезде№29, №30, №31, №32, №33, №34, №35, №36 Қарағанды облысының ҚАЖ мекеме қызметкерлеріне Адам мен азаматтың іргелі құқықтары бойынша түсініктеме берді 15.04.2025
Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Азамат Негматоллаұлы Тілешев мекемелерге барған кезде№29, №30, №31, №32, №33, №34, №35, №36 Қарағанды облысының ҚАЖ мекеме қызметкерлеріне Адам мен азаматтың іргелі құқықтары бойынша түсініктеме берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/967157?lang=kk
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді 15.04.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, оның сапары Қазақстан-Словения серіктестігін тереңдетуге септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.– Словениямен тығыз ынтымақтастық құруға ниеттіміз. Бұл – анық. Президент ретінде өзара мүддемізге сай келетін барлық саладағы байланысты нығайтуға күш-жігерімді саламын. Біз Словенияны Қазақстанның Балқан түбегіндегі негізгі және өте маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Сіздің елдің бизнес өкілдеріне және үкіметіңізге бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз, – деді Мемлекет басшысы.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, оның сапары Қазақстан-Словения серіктестігін тереңдетуге септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.– Словениямен тығыз ынтымақтастық құруға ниеттіміз. Бұл – анық. Президент ретінде өзара мүддемізге сай келетін барлық саладағы байланысты нығайтуға күш-жігерімді саламын. Біз Словенияны Қазақстанның Балқан түбегіндегі негізгі және өте маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Сіздің елдің бизнес өкілдеріне және үкіметіңізге бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз, – деді Мемлекет басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/967090?lang=kk
Аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінде аудандық Ұлттық салт-дәстүрлер мен ойындар фестивалі өтті. 15.04.2025
💫Мерекелік шарада республикалық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.⚜️11 киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақышта көрмелер сондай-ақ, мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды. Киіз үйлердің әрленуін әділ-қазылар алқасы бағалап, жеңімпаздарды анықтады. I-орынды Өскемен құс фабрикасы, II-орынды аудандық білім бөлімі, III-орынды Бозанбай ауылдық округі иеленіп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.🏅Сондай-ақ, ауданның дамуына зор үлес қосқан жерлестеріміз Л.Михееваға, Ш.Икомбаеваға және Ж. Жапишевке аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды.💪Ұлттық спорт түрлерінен жарысқа қатысушылар өз күштерін сынап, белсенділіктерін танытты.🏆Арқан тарту жарысында ерлер арасында  I орын — Ұлан 2,II орын — Ұлан 1, III орын — Айыртау командалары, ал әйелдер арасында I-орын — Шығыс Қазақстан, II-орын — Ұлан 1, III-орын — Ұлан 2 командалары иеленді.🏆Сонымен қатар, қол күресі, қой көтеру, қант көтеру, таяқ тарту, тауық күресі және ләңгі тебу жарыстарында жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.⚜️Ұлттық салт-дәстүріміз бен спорт түрлерінің дамуы – ауданымыздың абыройын асқақтатып, жас ұрпақтың өз тарихы мен мәдениетіне деген құрметін арттырудың жарқын көрінісі. Бұл игі бастама жыл сайын жалғасын тауып, болашаққа бағдар боларына сеніміміз мол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/965672?lang=kk
Игілікті мамандыққа келу 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы ТЖД кадр және тәрбие жұмыстары басқармасының мамандары, қызметтегі болашақ кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлді. Кәсіби бағдар беру жұмысының аясында ТЖД өкілдері Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясының № 5518 әскери бөліміне барып, онда мерзімді қызметтегі сарбаздармен кездесіп, құтқарушылар қатарында жұмысқа орналасу және конкурсқа қатысу ережелерін түсіндірді. Сондай-ақ, ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу ережелері, Академияны бітірген соң  азаматтық қорғау офицері погоны берілетіндігі жеткізілдіІс-шара барысында Кадр және тәрбие жұмыстары басқармасының мамандары әскери бөлім сарбаздарының барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берді.Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ның кәсіби психологы азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызмет ететін сарбаздардың рухын көтеру мақсатында тренинг өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/964866?lang=kk
“Көне дәстүр күмбезі” ұлттық фестивалі 15.04.2025
“Көне дәстүр күмбезі” ұлттық фестиваліЕңбек ауылының Аққошқар ауылдық мәдениет үйінде ІІІ дәстүрлі “Көне дәстүр күмбезі” ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар аймақтық фестивалі аясында “Тұсау кесер” дәстүрі кеңінен насихатталды.Төрт ауылдың – Еңбек, Есет батыр, Жаңадария, Аққұм ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының өнерпаздары қатысып, мерекелік концерт ұйымдастырды.Концерт тұсау кесер дәстүрімен басталып, сәбидің тұсауын Еңбек ауылдық округінің әкімі Бахытберген Мархабайұлы кесті.Салт-дәстүрге сай сый-сияпат алмасу рәсімі өтіп, мерекелік шара әсем ән мен күйге ұласты.Іс-шара барысында келген қонақтарға наурыз көже мен бауырсақ ұсынылды.Ұлттық құндылықтарды дәріптеген тамаша кеш болды! Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-enbek/press/news/details/964358?lang=kk
Федоров ауылдық округінде 2025 жылдың 27 наурызында "ТАЗА Қазақстан" бағдарламасы аясында сенбілік өткізілді. 15.04.2025
Федоров ауылдық округінде 2025 жылдың 27 наурызында "ТАЗА Қазақстан" бағдарламасы аясында сенбілік өткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-fedorov/press/news/details/964186?lang=kk
Тырысқақ немен қауіпті? 15.04.2025
Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары «Life» МО» ЖШС медициналық пунктінің медицина қызметкерлерінінің арасында «Тырысқақ немен қауіпті?» тақырыбында семинар өткізілді.Жұмыс барысында әлемдегі, Қазақстандағы аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық ахуал, тырысқақ клиникасының ерекшеліктері, оның ерте көріністері айтылды.Обаға қарсы костюм кию және обаға қарсы костюм алу алгоритмінің үлгілерін талдай отырып, тырысқаққа күдікті науқасты анықтаған кезде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге баса назар аударылды.Материалды бекіту үшін қатысушылар ауызша форматта тест тапсырды, аса қауіпті инфекциялар бойынша ақпараттық-түсіндіру материалдары таратылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/963768?lang=kk
ШҚО студенттері отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы оқу сот процесін өткізді 15.04.2025
Қазақстан-Америка Еркін Университетінде «Заң және тәртіп» қағидасын іске асыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске арналған оқу сот процесі ұйымдастырылды.Іс-шараға «Құқық» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты. «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының болашақ заңгерлері өздерінің қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша білімдерін тәжірибе жүзінде сынап, сот процесін жүргізу машықтарын жетілдірді.Оқытушылар қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін атап өтті.- Мұндай іс-шаралар студенттерге тек білімдерін тереңдетіп қана қоймай, өздеріне деген сенімділікті арттыруға да көмектеседі. Олар нақты құқық нормаларымен жұмыс істеуді үйренеді, бұл болашақ заңгерлер үшін таптырмас тәжірибе, – деп атап өтті құқық кафедрасының оқытушылары.Бұл тәжірибелік сабақ студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, болашақ мамандықтарына деген дайындығын күшейтуге, сондай-ақ отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес механизмдерін терең түсінуге мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/963293?lang=kk
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті 15.04.2025
Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, онда жергілікті фермерлер өз өнімдерін қолжетімді бағамен ұсынды. Жәрмеңке қала тұрғындары үшін жаңа әрі сапалы өнімдерді сатып алуға мүмкіндік берді.Өңірдің әртүрлі аудандарынан келген фермерлер кең ассортименттегі тауарларын ұсынды: ет, сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, бал, нан-тоқаш өнімдері және тағы басқалар.Әсіресе, қазақтың ұлттық тағамдарының ажырамас бөлігі болып табылатын қымыз бен шұбат үлкен сұранысқа ие болды.Сондай-ақ, Наурыз мерекесі аясында қолөнершілер жәрмеңкесі өтті, онда шеберлер өздерінің қолдан жасалған бұйымдарын ұсынды. Қонақтар ұлттық әшекейлер, керамика, ағаш, киіз және былғарыдан жасалған заттарды сатып ала алды. Жәрмеңке халықтық қолөнерді қолдау және мәдени мұрамен танысу алаңына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/962685?lang=kk
ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Көшеров Нұралхан Оралбайұлының Ордабасы ауданы тұрғындарымен кездесуі 2025 жылғы 04 сәуірде сағат 10.00-де аудандық мәдениет үйінде (Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені Қажымұқан көшесі №219), жеке қабылдауы сағат 11.00-де аудан әкімі аппаратының ғимаратында (Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені, Т.Рыскулов көшесі №14) өтетінін хабарлаймыз.Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін 8(72533) 5-98-99, 5-93-97 5-92-22, 5-98-90, 5-98-80 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпаратттық жүйесі арқылы 2025 жылғы 02 сәуірге дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 - 15.00) жүргізіледі.​Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/962148?lang=kk
Ескелді ауылдық округіндегі "Ұлттық спорт" күні 15.04.2025
🤼‍♀️💪2025 жылғы 20 наурызда, «Ұлттық спорт» күніне орай, Ескелді ауылдық округінде спорт кешенінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Жарыстарға “тоғызқұмалақ” “қол күрес”және “арқан тарту” бойынша спортшылар қатысты. Іс-шараға жас спортшылармен қатар ұлттық ойындардың ересек әуесқойлары да белсене қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/961832?lang=kk
Қардан тазарту 15.04.2025
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында «Олжа Алтын Инвест» ЖШС Орталық алаңдағы қарды шығардыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov-bannov/press/news/details/961771?lang=kk
«Заң және тәртіп»: Алматы облысы ТЖД қызметкерлеріне жемқорлыққа қарсы негізгі шаралар түсіндірілді 15.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша департаменті Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және кәсіби қызметте «Заң мен тәртіпті» ілгерілетуге бағытталған кездесу ұйымдастырды.Кездесу барысында ТЖД қызметкерлеріне жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, жемқорлық тәуекелдерін болдырмау тетіктері және ықтимал құқық бұзушылықтарды анықтау кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін орындау барысында әдептілік нормалары мен парасаттылық қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері кішігірім бұзушылықтардың өзі азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне және олардың беделіне нұқсан келтіруі мүмкін екенін еске салды.Бұдан бөлек, жиынға қатысушыларға жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесінен мысалдар келтіріліп, жемқорлық құқық бұзушылықтарға әкелетін типтік қателер талданып, олардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосының өкілдері мұндай кездесулер қоғамда жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру және заңдылық қағидаттарын нығайту бойынша жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі екенін атап өтті. #Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП#ЗаңбәрінеортақАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhetysu/press/news/details/961459?lang=kk
“ТҮРКСІБ” ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ 15.04.2025
“ТҮРКСІБ” ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІҚазақстан Республикасы Көлік министрлігінің “Темір жол вокзалдарын жаңғырту” тұжырымдамасы аясында ағымдағы жылы Луговой ауылында орналасқан “Түрксіб” темір жол вокзалына күрделі жөндеу және нысан аумағын абаттандыру жұмыстары жоспарлануда.Осыған байланысты аталған жобаның сәулеттік тұжырымдамасын аудан әкімі Ернар Есіркепов тиісті тұлғалармен талқылап, нысанның тарихи және этникалық ерекшеліктерін сақтау, сәулеттік-архитектуралық үйлесімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ заманауи талаптарды ескеру мәселелерін айшықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/961318?lang=kk
Жаңару күніне орай 15.04.2025
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жаңару күніне орай Көктемгі ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.Департамент қызметкерлері мен басшылығы жаңа өрт сөндіру бөлімдерінің бірінің аумағына ағаштар отырғызды.Бұл іс-шараның мақсаты табиғатты қорғауға, экологиялық жағдайды жақсартуға және қоршаған ортаны көгалдандыруға үлес қосу болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/961014?lang=kk
Есептік кездесу өтті 15.04.2025
Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі Кашкимбаев Марат Метербайұлы Талдыбұлақ, Бостан, Терісақан ауылының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Кездесу барысында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, аббаттандыру жұмыстары, жол және инженерлік инфрақұрылым мәселері талқыланды.Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Осындай ашық диалог тұрғындардың жергілікті билікпен тиімді қарым-қатынас орнатуына және ауылдың дамуына оң әсер етеді. Тұрғындар өз ризашылығын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-taldybulak/press/news/details/960635?lang=kk
Омбудсмен алаяқтық қоңырауларға сақ болуға шақырады 15.04.2025
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл алаяқтық әрекеттерге қатысты тағы да ескерту жасады.«Құрметті азаматтар! Алаяқтар заманауи цифрлық технологияларды пайдаланып, жаңа қулықтарға көшуде. Қазір олар өздерін Уәкіл кеңсесінің немесе оның жұмыс органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға хабарласады.Осыған байланысты қайта ескертемін: күтпеген қоңырауларға сенбеңіз! Әсіресе, егер әңгіме қаржылық аударымдар немесе құпия ақпарат туралы болса, аса сақ болыңыз. Жеке деректеріңізді ешкімге айтпаңыз, күмәнді сілтемелер мен файлдарды ашпаңыз.Егер сізде күдік туындаса, бірден Омбудсмен кеңсесінің ресми байланыс нөмірлері арқылы хабарласыңыз»Есте сақтаңыз: алаяқтардан қорғанудың ең тиімді жолы – қырағылық! Күмәнді қоңырау немесе хат алсаңыз, сөйлесуді тоқтатып, телефон тұтқасын бірден қойыңыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/968905?lang=kk