Қоғам
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласында жасанды интеллектті пайдалану кеңейтілетін болады 15.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі озық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллект негізіндегі жаңа құралдарды енгізу бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. ЖИ қазақстандықтар үшін бос жұмыс орындарын таңдау кезінде көмекші болады, медициналық деректер негізінде сырттай куәландыру кезінде мүгедектік тобын ұсынады, сондай-ақ байланыс орталығына өтініштерді талдайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Еңбекмині әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда 50-г жуық мемлекеттік қызметтің 45-і электрондық форматта көрсетіледі, оның ішінде олардың 28-і проактивті. Заманауи цифрлық құралдар, соның ішінде ЖИ қызметтердің тиімділігі мен жекелендірілуін арттырады. Басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция жасау әлеуметтік-экономикалық міндеттерді кешенді шешуге және орнықты дамуға ықпал етеді.Осылайша, «Enbek» цифрлық экожүйесі қазақстандықтарға жұмыспен қамту саласында кәсіптік бағдарлаудан бастап жұмысқа орналасуға дейінгі қызметтердің кең көлемін ұсынады.Электрондық еңбек биржасының порталында күтілетін жалақы, тұрғылықты аймақ және кәсіби дағдылар сияқты параметрлерді ескеріп, бар ұсыныстарды таңдай отырып, түйіндемелер мен бос жұмыс орындарын талдайтын ЖИ моделі қолданылады. Биыл бос жұмыс орындарын автоматты түрде іріктеу бойынша мүмкіндіктер кеңейтіледі, бұл жұмыс іздеуді 90%-ға жеделдетуге мүмкіндік береді.Мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін және жоспарлау сапасын арттыруға арналған Инновациялық жобалар навигаторы іске қосылды. Порталдың функционалы кадрлық қажеттіліктерді талдау мен болжауды, сондай-ақ жобаларға мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді. Бүгінде онда 1 мыңнан астам инвестициялық жоба бойынша деректер біріктірілген.Бұдан басқа биыл кадрларға қажеттілікті болжауға, оқыту бағдарламаларын еңбек нарығының нақты сұраныстарына бейімдеуге және еңбек ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға көмектесетін «Адам ресурстарын басқару» цифрлық платформасын құру жоспарланып отыр.«Enbek» цифрлық экожүйесіне қатысты сұрақтар мен ұсыныстар болған жағдайда, пайдаланушылардың әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығының чатына жазбаша өтініш қалдыру мүмкіндігі бар. Осы жылы мұндай өтініштерді бастапқы өңдеудің жылдамдығы мен тиімділігін арттыру үшін интеллектуалды чат-бот іске қосылады. Ол операторлардың жүктемесін азайтады және өтініш берушілерге тәулік бойы қолдау көрсетеді.Сондай-ақ, Отбасының цифрлық картасынан жетілдіру жалғасуда, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу үшін өңірлердегі жағдайды талдау мүмкіндігі қолжетімді болды. Жүргізілген жұмыстың арқасында 237 мың отбасы қолдау шаралары есебінен дағдарысты және мүшкіл санаттардан шығарылды.ОЦК-да отбасыларды өмірлік қиын жағдайдан шығару бойынша қолдау шараларын көрсету үшін жасанды интеллект мүмкіндіктері қолданылады. Жасанды интеллект бірнеше минут ішінде әл-ауқат санатының өзгеруіне ықпал ететін маңызды факторларды анықтайды және әр аудан үшін жергілікті халықты қолдау бағдарламасын жасайды.Ведомство жұмысының тағы бір маңызды аспектісі қауіпсіз және салауатты еңбек ортасын құру болып табылады. Бұл бағыттағы инновациялық шешім еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы болды – мүмкін болатын еңбек жанжалдарының алдын алуға және кәсіпорындардағы қызметкерлердің әлеуметтік, еңбек құқықтары мен кепілдіктерінің сақталуын қамтамасыз етуге арналған құрал. Бүгінгі таңда ол экономиканың барлық секторларында 92,1 мыңнан астам кәсіпорын туралы деректерге мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді, олардың әрқайсысында 10-нан астам адам жұмыс істейді.Машиналық оқыту алгоритмдері арқылы Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасында ЖИ-ды қолдану жиналған деректерді терең талдауға мүмкіндік береді. Өткен жылы бұл құрал 2,2 мың кәсіпорында тәуекелдерді болжауға және шешуге мүмкіндік берді, соның арқасында 63,4 мың жұмыскердің құқықтары мен мүдделері қорғалды.Тағы бір маңызды кезең әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау шеңберінде жүргізілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметін цифрландыру болды.Әлеуметтік қызметтер порталы белсенді дамып келеді, бұл азаматтарға АӘҚ-ға ыңғайлы және ашық қол жеткізуді қамтамасыз етеді.Мүгедектігі бар адамдардың оңалту әлеуетін бағалау үшін оңалтудың цифрлық күнделігі енгізіледі. Оны жүзеге асыру үшін қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жабдықталған қазіргі заманғы оңалту және абилитация орталықтары қажет.Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны одан әрі іске асыру шеңберінде биыл денсаулығынан айырылу дәрежесін автоматты түрде айқындау үшін ЖИ құралдарын енгізу жоспарланған. Жасанды интеллект медициналық деректерді талдауға және мүгедектік тобын ұсынуға көмектеседі. Бұл процесті тезірек, объективті және барынша ашық етеді. ЖИ арқылы медициналық деректерді талдау ұсынымдық сипатта болады.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық айтылған бағыттар бойынша жұмыс ведомство жұмысының тиімділігі мен ашықтығын арттыратын цифрлық инновациялық шешімдерді кеңінен енгізуді қамтамасыз ете отырып, жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-maskeu/press/news/details/971410?lang=kk
Трамвай паркінің жағдайы тексерілді 15.04.2025
Өскемендегі трамвай жағдайы әлі де көңіл көншітпейді. Қала әкімі Алмат Акышов трамвай паркіне барып, қазіргі жағдайымен танысты.Бүгінде Қазақстан көшесінде, сондай-ақ Мызы, Қабанбай Батыр және Сағадат Нұрмағамбетов көшелеріндегі, соның ішінде көпір маңындағы трамвай жолдарын жаңарту және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 2,7 км рельс пен 1,3 км байланыс сымы ауыстырылды.«Жөндеу жұмыстарының қарқынына ерекше назар аудару қажет. Жолаушылар ескі трамвайлардың техникалық жағдайына байланысты қиындықтарға тап болуда. Қазіргі трамвайлардың басым бөлігі әбден тозған және жаңартуды қажет етеді», — деді Алмат Акышов.Осыған байланысты, қала басшысы трамвай қатынасын жаңғыртуда жүйелі тәсілдің жоқтығы үшін жауапты басшылыққа ескерту айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/968366?lang=kk
Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 91 мыңнан астам тапсырыс берді 15.04.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 91,8 мың рет көрсетілді.2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 207,2 мың рет көрсетілгенін естеріңізге саламыз.Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметін көрсету жылдамдығы мен сапасын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және т. б. мәселелер бар.Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған такси агрегаторларын тарту бойынша пилоттық жобаға бастама жасалды.Мұндағы басты шарт сапарлардың ақысынан пайыздың болмауы, олар әдетте агрегатор платформаларының пайдасына аударылатын. Яндекс компаниясы пилоттық жобаға өтеусіз негізде қатысуға ниет білдірді.Пилоттық жоба шеңберінде азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы Инватакси қызметін қолдана алады. Бұл қызметті алушы үшін көлікті тезірек таңдауға, онлайн режимінде тапсырыс мәртебесін қадағалауға және жасалған сапарларға мониторинг жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аталған қосымшада мүгедектігі бар адамдар жүргізушіге сапардағы ерекше қажеттіліктері туралы ескертуі үшін арнайы мүмкіндіктер экраны іске қосылды. Өз кезегінде, жүргізушілер адамды көлікке отырғызу және одан түсуде қалай көмек көрсетуге болатын секілді арнайы нұсқаулар алады.Биыл Астана және Алматы қалаларынан мүгедектігі бар адамдар қатарынан фокус-топтың қатысуымен жобаны пилоттық режимде іске асыру жалғасуда. Алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлеріне масштабтау жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/968348?lang=kk
Үкіметте білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқыланды 15.04.2025
Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде білім беру жүйесін цифрландыру және жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын интеграциялау мәселелері бойынша кеңес өтті.Кеңес барысында мемлекеттік білім беру стандарттарын жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Барлық білім деңгейінде – бастауыштан бастап жоғары білімге дейін жасанды интеллектке қатысты тақырыптарды оқу бағдарламаларына енгізу қажеттілігі талқыланды.Ермек Көшербаев білім беру жүйесіне заманауи технологияларды енгізу – саланы жаңғырту мен оқыту сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.«Жасанды интеллектіні қолдану оқушылар мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біздің басты міндетіміз – осы технологияларды оқу үдерісіне тиімді әрі қауіпсіз түрде енгізуге жағдай жасау. Бұл үшін сапалы цифрлық инфрақұрылым мен сенімді деректерді қорғау жүйесі қажет. Біз өзімізден бір саты жоғары тұратын білімді, техникалық жағынан сауатты және болашақтың сын-қатерлеріне дайын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек», — деп атап өтті вице-премьер.Ол, сондай-ақ жаңа технологияларды үйрену ешқашан кеш емес екенін айтты. Жасанды интеллект кез келген жастағы адам үшін қолжетімді құралға айналып, олардың кәсіби дамуы мен біліктілігін арттыруға көмектесе алады.Кеңес барысында цифрлық трансформация жағдайында кадрлар даярлау мәселесіне ерекше назар аударылды. 2024 жылы Қазақстанда Ұлттық жасанды интеллект платформасы (ҰЖИП) іске қосылып, оған 8 мыңнан астам қатысушы тіркелді. Осы платформа аясында мемлекеттік органдардың, бағынысты ұйымдардың және төрт жоғары оқу орнының қызметкерлеріне онлайн оқыту ұйымдастырылып, оған 915 адам қатысты.ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова жасанды интеллектті білім беру саласына енгізу ғылыми қызмет пен білікті мамандар даярлауда жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.«Жасанды интеллект білім беру ортасының ажырамас бөлігіне айналып келеді. Ол тек оқыту процесін жекелендіріп қана қоймай, ғылымдағы зерттеу тәсілдерін дамытуға да ықпал етеді. Студенттер дайын шешімдерді ғана пайдаланып қоймай, бұл технологиялардың жұмыс істеу қағидаларын түсініп, оларды түрлі салаларда бейімдеп, қолдана білуі маңызды», — деді Динара Щеглова.Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев тиісті мемлекеттік органдарға білім беру жүйесіне жасанды интеллект технологияларын интеграциялау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды, бұл үдерісте жетекші сарапшыларды тартуды және халықаралық тәжірибені зерттеуді тапсырды.Білім беру жүйесін цифрландыру және жасанды интеллекті енгізу – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл бастамаларды іске асыру заманауи білім беру ортасын дамытуға, жоғары білікті мамандар даярлауға және Қазақстанның цифрлық технологиялар мен инновациялар саласындағы позициясын нығайтуға бағытталған кешенді бағдарламалар мен стратегиялық міндеттер аясында жүзеге асырылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/968345?lang=kk
Жақсы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы 15.04.2025
Құрметті аудан тұрғындары, Сіздерді Жақсы ауданы әкімдігінің «Жақсы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» Жақсы ауданы әкімдігінің қаулысының жобасы талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.Жақсы ауданы әкімдігінің «Жақсы ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» қаулысының жобасы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15504786жоба «Ашық НҚА» порталында орналасқан. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/968327?lang=kk
«Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы 15.04.2025
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасында басшы Б.Ж. Санбаевтың төрағалығымен алдағы уақытта «Таза Қазақстан» және «Taza Like» экологиялық акцияларын өткізу бойынша кеңес өтті.Кеңеске Нұра-Сары су бассейіндік инспекциясының өкілі, "Азаматтық бастамалар орталағы" ҚБ жеткізуші қатысты.«Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі жеткізушісі қатысты.Кездесу барысында осы экологиялық науқандар, соның ішінде Қарағанды облысының балық шаруашылығы су айдындары мен аудандарында алдағы «Таза су айдындары 2025» іс-шарасы талқыланды, оның ішінде балық шаруашылығы су айдындарының жағалау аумақтарын тазалау, балық шаруашылығы су айдындарын қараусыз қалған (иесі жоқ) аулардан тазарту мақсатында балық аулауды ұйымдастыру, балықшыларды, барлық мүдделі тұлғаларды, еріктілерді, барлық мүдделі тұлғаларды тарта отыру болып табылады. Іс-шаралар келесі су айдындарында өткізіледі: Самарқанд су қоймасы №2 учаскесі, Ботақара көлі, Қ.Сәтбаев атындағы каналдың 29 В/В, Көгілдір тоғандары №2, Фёдоров, Ынтымақ және Саран су қоймалары.Акцияларды өткізу күндері ағымдағы жылдың 18 сәуірінен 30 мамырына дейін анықталды.Әрбір су айдыны бойынша іс-шараны өткізу күндері туралы қосымша хабарланатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-tabigat/press/news/details/968324?lang=kk
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ, ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ 15.04.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫН ДАМЫТУ, ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ, ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ✔️Түркістанда «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мәжілісі өтті. Мәжілісті партияның облыстық филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Алтынсары Үмбеталиев жүргізіп отырды.✔️Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 2024 жылдағы орындалу нәтижесі және алдағы жоспарлар талқыланды. Бұл бойынша «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөрееваның, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың баяндамалары тыңдалды.✔️Жол картасы аясында құрылысы жүргізіліп жатқан мектептердің құрылыс сапасын бақылау және апатты, үш ауысымды мектептер туралы Түркістан облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қасымбекова баяндаса, «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңы аясындағы даму бағыттары жөнінде Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы айтып берді.⤵️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров фракция құрамындағы депутаттарға облысты дамыту бағытындағы бірлескен жұмыстар жалғасатынын жеткізді.📌– Біздің алдымызда облыс тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту міндеті тұр. Өздеріңізбен бірлесіп, бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы жаңа 26 білім нысаны салынып, 337 мектепке жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 55 жаңа денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды. 30 елді мекенге жаңадан ауыз су құбыры жүргізіліп, қамту деңгейі 95 пайызға жетті. Былтыр табиғи газға 53 елді мекен қосылды. Сонымен қатар 1000 шақырымнан астам жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қанағатты жағдайдағы жолдың үлесі 93,7 пайызға жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бюджет шығыстарын қайта қарау тапсырмасына сәйкес, облыстық бюджетке оңтайландыру жүргізілуде. Қаржы бірінші кезекте шешуді қажет ететін мәселелерге бағытталады. Ең алдымен біз халықты әлеуметтік инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын жүргіземіз. Биыл жаңа 20 мектептің құрылысын аяқтап, 41 мектепті реновациядан өткізуді жоспарлап отырмыз. Қосымша жаңа 32 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға тапсырылады. Орталықтандырылған ауыз суға қосылған елді мекен санын 801-ге жеткізу көзделуде. Табиғи газға қосымша 45 елді мекен қосылып, қамту деңгейін 75,3%-ға жеткіземіз. Бұдан бөлек, облыс экономикасының өсімін қамтамасыз ету мақсатында өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын дамытуға басымдық берілуде. Индустриалды аймақтардың жұмысын жандандырып, санын көбейтеміз. Биыл мақта-тоқыма кластері аясында 4 зауытты іске қосу көзделуде. Шардара ауданында крахмал-сірне зауытының құрылысы аяқталады. Осы жұмыстар нәтижесінде 4,5 мыңнан астам өңір тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылады. Бар мүмкіндікті пайдаланып, аймақтың экономикасын көтеруіміз керек. Осы бағытта бірлесіп, белсене жұмыс атқаруға шақырамын, – деді Нұралхан Көшеров.⤵️Мәжілісте депутаттар жауапты басшыларға сұрақтарын қойып, өзекті мәселелерді көтерді.✔️Айта кетейік, «AMANAT» партиясының Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасында 2023-2027 жылдарға 136 индикатор, 542 іс-шара жоспарланған. 2023 жылдың қортындысымен орындалуы тиіс 119 тармақтың 118-і орындалып, 99,2%-ды құрады. 1 іс-шара орындалуда (0,8%). Ал 2024 жылдың қорытындысымен жоспардағы іс-шараның 116-сы орындалған. Аймақты дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/968973?lang=kk
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: APPLE ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ СЕРВИСТЕРГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІКТІ АШТЫ 15.04.2025
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Apple компаниясының өкілдерімен сәтті келіссөздер жүргізді, соның нәтижесінде Қазақстанда денсаулық мониторингі үшін маңызды цифрлық сервистер қолжетімді болды.Бұған дейін бұл қызметтер Қазақстанда қолжетімсіз болды, бірақ АҚШ, Канада, Германия, Ұлыбритания және Аустралия сияқты елдерде табысты жұмыс істеуде. Енді қазақстандық пайдаланушылар өз денсаулығын бақылау үшін осы озық технологияларды пайдалана алады.Apple Watch-та ЭКГ жазуApple Watch Series 6 және одан кейінгі моделдердің иелері енді электрокардиограмма (ЭКГ) жазу функциясын қолдана алады. ЭКГ-ны жеңілдету небәрі 30 секундты алады және жүрекшелер фибрилляциясының белгілерін — ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін жүрек ритмінің бұзылуын анықтауға көмектеседі. Деректер «Денсаулық» қосымшасында сақталады және одан әрі талдау үшін дәрігерге берілуі мүмкін.Ұйықтау кезіндегі апноэ туралы хабарламаApple Watch Series 9 және одан кейінгі нұсқаларына арналған жаңартумен ұйықтау кезіндегі апноэ эпизодтарын түсіретін мүмкіндік пайда болды. Бұл жағдай ұйықтау кезінде тыныс алудың уақытша тоқтауымен бірге жүреді, бұл созылмалы шаршауға және денсаулықтың басқа мәселелеріне әкелуі мүмкін. Енді пайдаланушылар түнде тыныс алудың бұзылуы туралы хабарлама алады.AirPods Pro-дағы жаңа функцияларAirPods Pro 2 және одан кейінгі моделдерді пайдаланушылар енді «Естуді тексеру» функциясын пайдалана алады. Бұл функция әртүрлі жиіліктегі және қарқындылықтағы дыбыстарды есту қабілетін бағалауға мүмкіндік береді, бұл мүмкін болатын есту проблемаларын ерте кезеңдерде анықтауға көмектеседі. Тест шамамен бес минутты алады және тыныш жағдайда өткізіледі. Нәтижелер iPhone немесе iPad құрылғысындағы «Денсаулық» қосымшасында сақталады, бұл динамиканы бақылауға және қажет болған жағдайда мамандарға хабарласуға мүмкіндік береді.Қосымша «Есту аппараты» функциясы қолжетімді болды, ол жеңіл және орташа есту қабілетінен айырылған адамдарға арналған. Ол AirPods арқылы ойналатын дыбысты пайдаланушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес бейімдейді, сөйлеу мен қоршаған дыбыстарды қабылдауды жақсартады. Функцияны дұрыстау есту скринингі нәтижелерінің немесе маманның жүктелген аудиограммасының негізінде жүзеге асырылады.Гаджеттердің бұл функциялары кез-келген ауруды диагностикалауға, емдеуге немесе алдын алуға негіз бола алмайтындығын ескеру маңызды. Олар денсаулық жағдайын бақылаудың көмекші құралы ретінде қызмет етеді және білікті медициналық мамандардың консультацияларын алмастырмайды.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту үшін заманауи технологиялардың қолжетімділігін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/968293?lang=kk
Омбудсмен Артур Ластаев азаматтарды қабылдады 15.04.2025
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында сот процестерінде құқықтарды қорғау, әділ сот төрелігіне қолжетімділік, қылмыстық-атқару жүйесіндегі ұстау жағдайлары және адам құқықтарының сақталуы мәселелері талқыланды.Жеке қабылдауға келген азаматтар құқықтарын қорғауда кездескен қиындықтары жөнінде сұрақтар қойды. Бірі сот істерінің ұзаққа созылуына алаңдаушылық білдірсе, енді бірі сот шешімдерін қайта қарау мүмкіндіктері туралы сұрады. Сонымен қатар, сотталғандардың құқықтарын қорғау және пенитенциарлық мекемелердегі жағдайды жақсарту мәселелері де көтерілді.Артур Ластаев азаматтарға құқықтарын қорғаудың қолданыстағы заңнамалық тетіктерін түсіндіріп, әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге бағытталған сот жүйесіндегі реформалар жөнінде ақпарат берді. Сондай-ақ, Омбудсмен адамның негізгі құқықтарын қорғаудың маңыздылығына тоқталып, әділ сотқа қол жеткізу, азаптаудан қорғану және адами қадір-қасиетті құрметтеу секілді іргелі құқықтарға назар аударды.«Әрбір адамның ажырамас құқықтары бар, мемлекет оларды қорғауға міндетті. Біздің мақсатымыз – билік органдарын алмастыру емес, әділдікті қалпына келтіруге ықпал етіп, қоғамда құқықтық мәдениетті нығайту», – деді Артур Ластаев.Адам құқықтары жөніндегі уәкіл азаматтарды жеке қабылдау билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға ықпал ететін маңызды тетік екенін ерекше атап өтті. Бұл формат азаматтардың құқықтарын түсіндірумен қатар, олардың мәселелерін шешуде нақты қадамдар жасауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/968913?lang=kk
Бүгін қала тұрғындарын жеке қабылдау өткізілді 15.04.2025
Қала тұрғындарын жеке қабылдау өткізілді.Жеке қабылдауға келген қала тұрғындарына өздерін мазалаған сұрақтарға түсініктемелер айтылды, сондай-ақ оларды шешу бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.Жеке қабылдауға алдын ала 8-71645-5-52-86 телефоны бойынша жазылуға болатынын ескертеміз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/968265?lang=kk
Қосшылықтар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты 15.04.2025
Қосшы қаласында, «Лесная поляна» тұрғын үй массивінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыстық сенбілік өтті. Акция барысында Қосшы қаласы аумағын қоқыстан тазарту, көгалдандыру және қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстарын жүргізді.Іс-шара «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде ұйымдастырылып, қала тұрғындарын экологиялық тазалыққа баулу бағытында жүргізілді. Тазалық шарасына 250-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында қалалық мәслихат депутаттары, «Аманат» партиясының өкілдері, волонтерлер, белсенді жастар және азаматтық қоғам мүшелері болды.Қосшы қаласында тазалық ацкиялары үнемі өткізіліп келеді. Соның ішінде «таза бейсенбі» және сенбіліктер, сондай-ақ Сарқырама өзені маңын тазарту, тарихи-мәдени нысандарды қалпына келтіру және балалар алаңдарын абаттандыру жұмыстары атқарылып келеді.«Бүгін «Лесная поляна» шағын ауданында өткен #ТазаҚазақстан экологиялық бейсенбілігі өте сәтті өтті. Қала тұрғындарының белсенді қатысуымен ауламызды тазалап, табиғатымызға деген қамқорлығымызды көрсеттік. Мұндай іс-шаралар қаламызға жаңа тыныс береді», – деді қалалық мәслихат депутаты Сәбит Дүкенбаев.Ал қалалық мәслихат депутаты Динара Райханова табиғатты таза ұстаудың маңыздылығына тоқталып, Қосшы қаласының тазалығын ұстауға барлық тұрғынын атсалысуға шақырды.«Өкінішке орай, қоқыс тастау мен табиғатты ластау әлі де кездесетін жағдайлар. Бірақ егер біз бірлесе күш жұмсасақ, Қосшы қаласын таза әрі әдемі қалаға айналдыра аламыз. Таза қала – бұл жақсы өмір сүру ортасы. Сондықтан, мұндай сенбіліктер тек бір күндік шара емес, тұрақты түрде өткізіліп отыруы керек» – деді ол.«Таза Қазақстан» акциясы аясында қосшылықтар ауызбіршілктерін көрсете білді. Олар көпшілкке ас дайындап, түрлі көңіл күй көтеретін шаралар да ұйымдастырды. Қосшы қаласының мәслихат депутаты И.С. Осипова және экологиялық белсенді Шасалим Шагалимовтың бастамасымен мектептер арасында ПЭТ бөтелкелерін жинау бойынша жарыс өтті. Нәтижесінде, 746 кг пластик жиналып, жеңімпаз мектептер ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бұл үрдіс қала тазалығына арналған шараларға қатысушылар қатарын көбейтуге ынталандырмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/968279?lang=kk
Орындықтарды қалпына келтіру 15.04.2025
Қоғамдық қызметкерлердің күшімен "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде: орындықтарды қалпына келтіру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-usunkol-uzinkol/press/news/details/968256?lang=kk
Мәселелерді ескеріп, оларды шешу 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Астана қаласының Министрліктер үйінде орналасқан азаматтарды қабылдау орталығында жеке қабылдауды өткізді.Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының жаңа ортасын құру болып табылады. Оның базасында келушілер ыңғайлы жағдайда кез келген мемлекеттік органға өтініш бере алады, сондай-ақ ХҚКО-ға ұқсас түрлі ведомстволар өкілдерінен, медиаторлардан және заң мамандарынан кеңес ала алады.Сонымен қатар, мұнда азаматтар мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жеке қабылдауына жазыла алады.Ж.Әлиев экология мен табиғатты пайдалануға қатысты азаматтардың сұрақтарына жауап берді.Ол сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер мен Комитеттердің басшыларына осы өтініштер бойынша жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/968244?lang=kk
Аудан әкімі Зеленогай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті 15.04.2025
Тайынша ауданының әкімі Зеленогай ауылдық округінің Зеленый Гай ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде халықтың проблемалары мен қажеттіліктері, сондай-ақ ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту мүмкіндіктері талқыланды. Қарым-қатынас барысында әкім тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін тыңдап, олардың сұрақтарына жауап беріп, инфрақұрылым мен әлеуметтік саланы жақсарту үшін маңызды бастамаларды іске асыру жоспарларымен бөлісті. Кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tayiynsha/press/news/details/968214?lang=kk
Шаруашылық қызметкерлер білім беру ұйымдарына іргелес аумақтарды тиісті санитарлық жағдайға келтіру бойынша іс-шаралар өткізді. Б 15.04.2025
Сәуір айының бірінші күні Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарының шаруашылық қызметкерлері білім беру ұйымдарына іргелес аумақтарды тиісті санитарлық жағдайға келтіру бойынша іс-шаралар өткізді. Барлық қызметкерлерге белсенділік қатысқаны үшін шын жүректен алғыс айтамыз және балаларымыздың оқуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған барлық бастамаларды қолдаймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/968200?lang=kk
ТҮРКІСТАНДА АШЫЛАТЫН «ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАШЫҒЫН» ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ 15.04.2025
ТҮРКІСТАНДА АШЫЛАТЫН «ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАШЫҒЫН» ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ✔️Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында жаңа туристік нысан – «Қолөнершілер қалашығы» бой көтеруде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшылары мен қолөнер саласының өкілдерімен кездесіп, аталған орталықты дамыту, жұмысын үйлестіру бойынша кеңес өткізді. Өңір басшысы «Қолөнершілер қалашығы» заман талабына сай болып, мәдениетті, қолөнерді және туризмді дамытуға серпін беруі тиіс екенін жеткізді.✔️– Биыл жаңа заң қабылданып, Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Ол заңда қолөнер саласын дамыту міндеті де жүктелген. Бұл ретте тарихи шаһардың әлеуеті жоғары екенін білеміз. «Қолөнершілер қалашығын» дамытып, жұмысын жүйелі түрде үйлестіру керек. Бұл жоба туризмді, қолөнерді дамытып қана қоймай, өзін-өзі қамтитын, кірісті ұлғайтатын деңгейге көтерілуі қажет. Жан-жақты ойластырып, жұмысты сапалы атқарыңыздар, – деді Нұралхан Көшеров.✔️Жиында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың, Туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуовтің «Қолоөнершілер қалашығына» қатысты ұсыныстары мен жоспарлары тыңдалды.✔️Тиісті орталықта қолөнершілер шеберханасын іске қосу бойынша жергілікті қолөнершілермен арнайы жиналыс өткізілген. Қолөнер шеберханасына қажетті құрал-жабдықтардың шығындары анықталды. Қажетті қаражат көлемі жоба бойынша 120,0 млн. теңге деп есептелді. Қазірден бастап, белсенді шеберлерді ынтымақтастыққа шақыру, олармен жеке кездесулер өткізу және тиісті шарттар жасасу арқылы қолөнершілер пулын құру жұмыстары басталып кетті. Орталық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, шеберлермен тиісті келісімдер жасалады.✔️Айта кетейік, бұл жоба 2023 жылы «Sun Holiday» ЖШС бастамасымен қолға алынған. Қолөнершілері орталығының жалпы аумағы 2,3 гектарды, ал нысан құрылысы 1,5 гектар аумақты қамтиды.✔️«Қолөнершілер қалашығы» – дәстүр мен туризм тоғысқан бірегей жоба. Туристік кешен 8 негізгі бөліктен тұрады. 20 шеберхана, 2 шоурум, көрме залы, мейрамхана, қонақүй және өзге де қажетті бөлмелермен, орындармен қамтылады. Өңірдің және тұтынушының сұраныстарына қарай арнайы брендтік каталог тізбегі дайындалады. Сол каталог негізінде нарыққа кәдейсылар сатылымға шығарылады.📌Қорыта айтқанда, «Қолөнершілер қалашығы» қазақтың мәдениеті, қолөнерін дәріптейтін және туристік орталыққа айналады деп күтіліп отыр. Осы бағытта жұмыстар жалғасады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/968189?lang=kk
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ 15.04.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында аймаққа инвестиция салу, өндірістік әлеуетін көтеру жөнінде келіссөз жүргізілді. Облыс әкімі инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді.📌– Сіздерді Түркістан облысында қарсы алғаныма қуаныштымын. Қазіргі таңда Түркістан облысы еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі және үлкен инвестициялық, туристік әлеуетке ие. Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Аймақтың агроөнеркәсіптік кешені елімізде көш бастап тұр. Республикадағы жалпы өнім көлемінің 13 %-ы өңірге тиеселі немесе 1 трлн. теңгеден астам қаржының өнімі өндіріледі. Өңірде индустриалды аймақтар және арнайы экономикалық аймақ бар. Онда инвесторларға жеңілдіктерді ұсынылады. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров.✔️Инвесторлар Түркістан облысындағы инвестициялық мүмкіндіктер мен қолдауларға ризашылықтарын білдірді. Ауыл шаурашылығы, терең өңдеу салалары бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін жеткізді. Ауыл шаруашылығы қызметтерін ұсынумен және астық саудасымен айналысатын компания биыл өңірде жобаларын бастауды жоспарлап отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі--------------ПРОВЕДЕНЫ ПЕРЕГОВОРЫ С ИНВЕСТОРАМИ ДЛЯ РЕАЛИЗАЦИИ ВАЖНЫХ ПРОЕКТОВ✔️Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров встретился с иностранными инвесторами и провел с ними переговоры по инвестированию в регион и повышению производственного потенциала. Он подчеркнул, что для инвесторов в регионе созданы благоприятные условия.📌«Рад приветствовать вас в Туркестанской области. Наш регион является одним из динамично развивающихся в стране и обладает большим инвестиционным и туристическим потенциалом. Проходящий через Туркестанскую область международный транспортный коридор «Западная Европа - Западный Китай» открывает привлекательные возможности для выхода на мировой рынок. Наш агропромышленный комплекс занимает лидирующие позиции в стране. 13 процентов валового объема продукции в республике приходится на наш регион. Этот показатель достиг одноо триллиона тенге. В области действуют индустриальные и специальная экономическая зоны. Для инвесторов там предлагаются льготы. Мы готовы работать вместе», - сказал Нуралхан Кушеров.✔️Предприниматели выразили признательность за теплый прием и отметили большие инвестиционные возможности региона. Они выразили готовность к реализации проектов в области сельского хозяйства, глубокой переработки. Компания, занимающаяся предоставлением сельскохозяйственных услуг и торговлей зерном, в этом году планирует начать свои проекты в нашем регионе.Пресс-служба акима Туркестанской областиАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/968184?lang=kk
Қостанай өңіріне жұмыс сапары аясында көлік министрі Марат Қарабаев облыс тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады 15.04.2025
Тұрғындармен талқыланған басты тақырыптың бірі Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы өтіп, Астананы Транскаспий халықаралық көлік бағытымен байланыстыратын автожол құрылысы болды.Сондай-ақ министр Арқалық әуежайын қалпына келтіру жоспарланып отырғанын айтып жеткізді. Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары аяқталып қалды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/968159?lang=kk
Жаңа тағайындау 15.04.2025
Ақмола облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 2026 жылғы 4 сәуірдеғі Ж-68 бұйрығымен, Балжан Есенгүлқызы Тайлақбаева Атбасар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып тағайындалды, Ақмола облысы Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Батырхан Мақсатұлы Кәрімов келіп таныстырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1197426?lang=kk
Тозған жайылымдарды қалпына келтіру жобасы Ақтөбе облысында жүзеге асырылуда 15.04.2025
Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) бірлесіп, "Қазақстанда жайылымдық жерлердің климаттық тұрақтылығын агромелиорация жолымен қамтамасыз ету" жобасы шеңберінде Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында нақты іс-шараларды іске асыруды бастады.Жоба тозған жайылымдарды қалпына келтіруге және олардың климаттық өзгерістерге төзімділігін арттыруға бағытталған.Ағымдағы жылы Аралтоғай және Талдысай ауылдық округтерінде қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының белсенді қатысуымен 550 га алаңда агроорман мелиорациялық жүйесі құрылатын болады, бұл 2500 га тозған жайылымдарды жедел қалпына келтіруге мүмкіндік береді.Сарапшылар жобаға қатысатын жайылымдық жерлер мен фермерлік шаруашылықтарды таңдады. Жер иелері бекітілген технологияға сәйкес жайылымдарға отырғызылатын бидай шөптері мен беде тұқымын, бұталардың көшеттерін (үйеңкі, жида, қарағаш, қарағай) алады.Құрылған агроорман-мелиорациялық жүйе топырақта жаңбыр мен қар суының жиналуына, су тасқыны қаупін азайтуға және малдың жағдайын жақсартуға ықпал етеді, оны жазда көлеңкемен және қыста баспанамен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жүйе тозған жайылымдардың өнімділігін арттырады.Сарапшылардың қолдауымен ауылдық округтерде "Жайылымдар туралы" ҚР Заңының талаптарына сәйкес жайылымдарды басқарудың бес жылдық жоспары әзірленуде. Жоспар жайылымдық инфрақұрылымды жақсарту және жайылымдарды қалпына келтірудің оң нәтижелерін тарату бойынша ұсыныстарды қамтиды.Жергілікті қоғамдастықтарды жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану мәселелерін шешуге тарту мақсатында ауылдық округтерде жайылымды пайдаланушылардың қоғамдық кеңестері құрылды, олар жоспарды әзірлеуге белсенді қатысатын және іс-шаралардың орындалуын бақылайтын болады.Жоба сонымен қатар агроорман мелиорациялық жүйелерін қалыптастыру бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, мамандар даярлауды және фермерлер үшін тренингтер өткізуді көздейді.Осы бастамаларды іске асыру үшін Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы мен Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжі жайылымдық дала мектебін ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-e-kotibarov/press/news/details/971651?lang=kk
