Enbekshi QazaQ
Конституция

Қоғам

✅ Жетісуда Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, еске алу шарасы өтті 15.04.2025
🎼 Бүгін Талдықорғанда қазақ музыкасының сайыпқыраны, әйгілі күйші, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті. Н. Тілендиев атындағы музыка мектебінің алдында өнер саңлағының ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, оның музыкалық шығармалары орындалды.▶️ Облыс басшылығының атынан еске алуға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов көпшілікті мерейтоймен құттықтап, ЮНЕСКО 2025 жылды Нұрғиса Тілендиев жылы деп жариялағанын, сондықтан бұл мерейтойдың дүниежүзілік мәнге ие болғанын атап өтті:✔️Ескерткіштің маңында Талдықорған балалар көркем сурет мектебі оқушыларының сурет салу пленэрі ұйымдастырылып, жас суретшілер дәулескер күйші-композитордың бейнесін қағаз бетіне түсірді. Сонымен қатар Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының «Жетісу виртуозы» ансамблі шағын концерт қойып, Н.Тілендиевтің шығармаларын орындады.☝🏼 Еске салсақ, бүгін Б.Римова атындағы драма театрында Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның Мұқан Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі жүз жылдық мерейтойға орай «Өз елім» атты концерт өткізеді. 👏🏼Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-ushtobe/press/news/details/968034?lang=kk
Соңғы 10 жылда Қазақстанда жасөспірімдер қылмысы үш есеге төмендеді – ведомствоаралық комиссия отырысы 15.04.2025
ҚР Оқу-ағарту министрлігінде Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2025 жылғы алғашқы отырысы өтті. Оның жұмысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.Жиында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шаралар талқыланды.Ресми статистикаға сәйкес, соңғы 10 жылда елдегі жасөспірімдер қылмысының деңгейі үш есеге төмендеген. Құқықбұзушылықтарды анықтау және тіркеу көрсеткішінің өсуіне қарамастан, 2024 жылдың қорытындысы бойынша қосымша 5%-ға азайғаны байқалады. Дегенмен, Жетісу, Ұлытау, Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстары, сондай-ақ Астана және Шымкент қалаларында әлі де нақты және мақсатты шешімдерді талап ететін мәселелер бар.Ішкі істер министрлігінің өкілі атап өткендей, елімізде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Алайда, әлеуметтік ортаның қарқынды өзгеруі бұл үдерісте мемлекеттік органдардан бастап ата-аналарға дейінгі барлық тараптардың белсенді қатысуын қажет етеді. Бұл тәсіл ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің талдамалық материалдарында да көрініс тапқан.Комиссия ағымдағы жағдайды, жасөспірімдер арасындағы құқыққа қарсы мінез-құлықтың негізгі себептерін егжей-тегжейлі зерделеп, оларды әлеуметтендіру және алдын алу бойынша практикалық қадамдар ұсынды.Отырысты қорытындылай келе, ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жергілікті атқарушы органдарға алдын алу шараларын күшейтіп, жұмысты жүйелі негізде жүргізуді тапсырды. Ол құқықтық ағартуға, тәрбиелік жұмыстарға және бос уақытты тиімді ұйымдастыруға ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, мектептердегі ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының және аймақтық психологиялық қызметтердің жұмысын жандандыруға басымдық берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-zhetysu/press/news/details/968768?lang=kk
Тұған жер - таза жер акциясы 15.04.2025
Шонжы ауылдық округінің әкім аппаратының қызметкерлері мен қоғамдық жұмыскерлердің қатысуымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Туған жер – таза жер» тазалық акциясы өтті. Іс-шара барысында Шонжы ауылының көшелері мен қоғамдық орындары қоқыстан тазартылып, абаттандырылды. Акцияның нәтижесінде «до и после» фотосуреттері түсіріліп, жүргізілген жұмыстардың айқын нәтижесін көрсетті.Мұндай шаралар қоршаған ортаны қорғауға және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған. Әрбір азамат өз үлесін қосып, табиғатты қорғауға атсалысуы маңызды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-shonzhy/press/news/details/967675?lang=kk
«Парыз 2025» байқауының басталғаны туралы хабарландыру 15.04.2025
Өскемен қаласының әкімдігі Өскемен қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларын "ПАРЫЗ" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурсқа қатысуға шақырады. Конкурс Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі, оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Конкурс лауреаттары атақтары екі санатта беріледі: шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі және ірі кәсіпкерлік субъектісіКонкурс Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі, оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Конкурс лауреаттарының атақтары екі санат бойынша: шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі, ірі кәсіпкерлік субъектісі және мынадай номинациялар бойынша беріледі:1.«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».2.«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».3.«Үздік ұжымдық шарт».4.«Экологияға қосқан үлесі үшін».  Анықтама телефоны 20-85-59Эл. мекен-жайы: 700171zan@mail.ruАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/967644?lang=kk
Қазақстан мен Қытай су тасқынымен бірлесіп күресу үшін трансшекаралық өзендер бойынша ақпарат алмасуда 15.04.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынымен бірлесіп күресу үшін қытайлық әріптестерімен трансшекаралық өзендер бойынша ақпарат алмасуда. 2005 жылдан бері Қазақстан мен ҚХР арасында трансшекаралық өзендердегі табиғи апаттар туралы шұғыл хабарлау туралы Келісім бар. Тараптар бір-біріне су тасқыны, мұз қозғалысы мен құбылыстары туралы ақпарат беруге міндетті. Іле өзеніндегі «Саньдаохэцзы», Ертіс өзеніндегі «Наньвань» және Текес өзеніндегі «Текес» су бекеттерінде бақылау жүргізіледі.«Министрлік Қытай, Ресей Федерациясы және Орталық Азия елдерінің су ведомстволарымен үнемі байланыста. Барлық трансшекаралық өзендер бойынша ақпарат алмасып отырмыз. Бұл деректер әкімдіктерге және ТЖД-ға беріледі. Гидротехникалық құрылыстарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Төтенше жағдай туындаған жағдайда «Қазсушар» және бассейндік инспекциялардың мамандары қажетті іс-шараларды қабылдауға дайын»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Еске салсақ, наурыз айында Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары алғаш рет су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат суды ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және оны игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және бірлесіп маман даярлау бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/967637?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысындағы Оба өзеніндегі ГЭС каскады стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізіміне енгізілді 15.04.2025
Шығыс Қазақстан облысындағы Оба өзенінде салынатын гидроэлектростанция каскады Үкімет қаулысымен ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізіміне енді.ГЭС каскадын салу су тасқыны қаупін азайтады, өңірдің елді мекендерін қорғау үшін тасқын суларды сенімді бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ азаматтарды және өнеркәсіптік нысандарды сумен жабдықтау үшін жалпы сыйымдылығы 500 млн текше метрге дейінгі резервуарлар кешені құруға мүмкіндік береді. 3 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабын суаруға және қосымша экологиялық таза электр қуатын өндіру үшін жағдай жасалады.«Оба өзенінде ГЭС каскадын салу жобасы өңірдің гидроэнергетикалық инфрақұрылымын дамытуға елеуді жеке инвестиция тартуды көздейді. Гидроэлектростанция жаңартылатын көздерден электр қуатының қосымша көлемін өндіреді, бұл жасыл экономиканы дамыту жөніндегі ұлттық стратегияға сәйкес келеді»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/967633?lang=kk
Түркістан облысында заңсыз цех жойылды 15.04.2025
ҚМА Түркістан облысы бойынша Департаменті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заңсыз темекі өнімдерін (снюс) өндіру, сату және айналымға енгізумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.Арнайы операцияның нәтижесінде 1 000 шаршы метр аумақта күнделікті 30-дан астам жұмыскерлер жұмыс істейтін заңсыз цех жойылды.Шикізат дайындау мен логистиканы ұйымдастырудан бастап Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және басқа өңірлерде ірі көтерме жеткізушілер арқылы өткізу арналарына дейінгі қылмыстық қызметтің барлық схемасы анықталды.Заңсыз айналымнан 10 млн астам тыйым салынған дайын өнім, 28,8 млн бір реттік дозаны құрайтын 14,4 тоннадан астам темекі, 3,3 мың литрден астам хош иістендіргіш пен улы қоспалар, сондай-ақ өндірістік жабдықтар алынды.Қосымша ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Егер Сізге экономикалық құқық бұзушылық жасау фактілері белгілі болса, бұл туралы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі. ҚР ҚМА Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm/press/news/details/967630?lang=kk
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының жалғасы 15.04.2025
Комсомол ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жұмыс қайта жанданды (жалғасы) – ағымдағы жылдың 27 және 28 наурызында ауылдық округі әкімі аппаратының және «Лика» бөбекжай-балабақшасының аумағында сенбіліктер өткізілді; сенбіліктерге барлығы 17 адам қатыстыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-komsomol/press/news/details/967628?lang=kk
Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу мақсатында әңгімелесу өткізді 15.04.2025
Қарасай ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу мақсатында әңгімелесу өткізді2025 жылғы 01 сәуірінде  Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 29-тармағына сәйкес Қарасай ауданы  бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерін таңдау мақсатында Қоғамдық кеңестің мүшелігіне 28  кандидатпен әңгімелесу өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karasay/press/news/details/967627?lang=kk
Қарағанды облысында 2025 жылғы өрт қауіпті кезеңіне дайындық және өрт сөндіру күштерін тексеру жұмыстары 15.04.2025
Қарағанды облысында 2025 жылғы өрт қауіпті кезеңіне дайындық жұмыстары аясында жергілікті атқарушы органдарының өрт сөндіру бекеттері мен ерікті сөндіру құрылымдары тексерілуде.Орман шаруашылығының күштері мен құралдары, сондай-ақ өрт сөндіру поезының жұмыс жағдайы мен дайындық деңгейі де мұқият тексерілді. Тексеру жұмыстары барысында өртке қарсы техникалардың жағдайы, мамандардың біліктілігі, жабдықтардың толықтығы мен жұмысқа жарамдылығы бағалануда. Қауіпті кезеңде өрт сөндіруге қажетті құрал-жабдықтардың, арнайы техниканың және өрт сөндірушілердің жетіспеушілігін алдын алу мақсатында тиісті шаралар қабылдануда.Қарағанды облысы ТЖДАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/967605?lang=kk
Бізде шешім бар! «Қарызсыз қоғам» жобасына қосылыңыз 15.04.2025
Сізде 90 күннен астам мерзімі өткен несиелер бар ма?Сізге күн сайын банктер мен коллекторлар қоңырау шала ма?Бізде шешім бар! «Қарызсыз қоғам» жобасына қосылыңыз!Біздің ұсынысымыз:-Тегін заңгерлік көмек;-Қаржылық сауаттылық бойынша тегін онлайн және офлайн сабақтар;-Қарыздардан кұтылудың тиімді жолдары.Qogamfin.kz сайтта тіркеліп, өтінім қалдырыңыз!Сонымен қатар, сіз қоңыраулар орталығы арқылы өтінім бере аласыз.8-700-855-85-85.Немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша «АМАNАТ» партиясының филиалына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe-berezovka/press/news/details/967597?lang=kk
Заң мен тәртіп: білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу 15.04.2025
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен әр қылмыстық іс шеңберінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұсынымдар енгізіліп, олар кейіннен еңбек ұжымдарында қаралады.Осы ретте, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Департамент басшысы Қанат Сүлейменов, Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің және аумақтық бөлімшелер басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген жиын барысында білім беру жүйесінде бақылау функцияларын жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды.Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабына сәйкес енгізілген ұсынымдарды орындаудың аралық нәтижелері туралы Комитет Төрағасы баяндама жасап, тексерулер кезінде лауазымды тұлғалардың тікелей байланыстарына қатысты кемшіліктерді ерекше атап өтті.Қатысушыларға тексерілетін субъектілер есебінен сыйлықтар, жеңілдіктер мен жол жүру шығындары, тамақтану және тұруға байланысты қызметтерді алуға заң жүзінде тыйым салынғаны хабардар етілді.Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қаржылық бақылау, кірістері мен шығыстарын бақылау шараларын сақтамауы, оның ішінде бейресми көздерден (қарыздар және т.б.) түрлі қаржы алғаны үшін жауапкершілігі туралы еске салынды.Бұл бағыттағы алдын алу жұмыстары жалғасын табады.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-shymkent/press/news/details/967582?lang=kk
2025 жылдың 31.03. жағдай бойынша Жамбыл ауданы бойынша жер учаскелерін беру туралы ақпарат 15.04.2025
№АтауыОрналасқан орныНысаналы мақсатыЖер пайдалану құқығы (меншік құқығы)Жалпы ауданыМерзімі, жылНормативтік актінің күні және нөміріЖалдау (сатып алу-сату) шарты болған кезденаурыз1Қожахметов қайыра Сайлауұлына жер учаскесін жеке меншікке беру туралыСолтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Благовещенка а/о, Благовещенка ауылы, Первомайская көшесі үй.43Тұрғын үйге қызмет көрсету және жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшінЖеке меншік0,1470 №511.03.2025  2"СҚО Жамбыл ауданы Кладбинск ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралыСҚО Жамбыл ауданы, Мир көшесі, Кладбинка селолық округі, Кладбинка селосыКент ішіндегі жол және оған қызмет көрсету үшінТұрақты жер пайдалану құқығы1,6135 №311.02.2025  3"СҚО Жамбыл ауданы Кладбинск ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралыБереговая көшесі, Новорыбинка ауылы, Кладбинск ауылдық округі, СҚО Жамбыл ауданыКент ішіндегі жол және оған қызмет көрсету үшінТұрақты жер пайдалану құқығы1,1353 №411.02.2025   4СҚО Жамбыл ауданы Пресновка ауылдық округі әкімінің аппараты КММ жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығын беру туралыЕсім Шайкин көшесі 16, СҚО Жамбыл ауданы, Пресновка ауылдық округі, Пресновка ауылы"Стадион" кешені үшінТұрақты жер пайдалану құқығы2,1119 №2626.03.2025               Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ozo-jamb/press/news/details/967559?lang=kk
Тастөбе ауылдық округінің істен шыққан көше шамдарын ауыстуру жұмыстары жүргізілді. 15.04.2025
Тастөбе ауылдық округінің істен шыққан көше шамдарын ауыстуру жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-tastobe/press/news/details/967555?lang=kk
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Алматының тау шаңғысы кластерін аралап көрді 15.04.2025
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Алматының тау шаңғысы кластерін аралап көрдіҚала әкімі Ерболат Досаев Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшыларына Іле Алатауының көрнекті шыңдарын көрсетіп, құрылу тарихы туралы айтып бердіКіші Алматы шатқалындағы" Медеу " бөгеттері. Сондай-ақ шетелдік және жергілікті альпинистер мен туристер арасында танымал маршруттар көрсетілді.Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев Қазақстанның ең ірі "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты туралы әкімнің баяндамасын тыңдады. Қазіргі уақытта мұнда 5 аспалы жол жұмыс істейді, шаңғы тебуге арналған трассалардың жалпы ұзындығы 25 км.өткен жылы "Шымбұлаққа" 1,4 млн адам келді.Мемлекет басшылары Алматының туристік мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Олардың айтуынша, дамыған инфрақұрылымның, сапалы трассалардың және әсем орналасуының арқасында курорт Орталық Азиядағы қысқы және жазғы демалыс үшін ең жақсы орындардың бірі болып қала береді.Сондай-ақ, президенттерге Алматы тау-кен кластерін одан әрі дамыту перспективалары ұсынылды."Шымбұлақта" қолданыстағы тау шаңғысы трассаларын олардың ұзындығын 56 км ұлғайту арқылы кеңейту, сондай-ақ ұзындығы 65 км жаңа инфрақұрылым құру жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-tourism/press/news/details/967539?lang=kk
Сізде 90 күннен астам мерзімі өткен несиелер бар ма? 15.04.2025
Сізде 90 күннен астам мерзімі өткен несиелер бар ма?Сізге күн сайын банктер мен коллекторлар қоңырау шала ма?Бізде шешім бар! «Қарызсыз қоғам» жобасына қосылыңыз!Біздің ұсынысымыз:-Тегін заңгерлік көмек;-Қаржылық сауаттылық бойынша тегін онлайн және офлайн сабақтар;-Қарыздардан кұтылудың тиімді жолдары.Qogamfin.kz сайтта тіркеліп, өтінім қалдырыңыз!Сонымен қатар, сіз қоңыраулар орталығы арқылы өтінім бере аласыз.8-700-855-85-85.Немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша «АМАNАТ» партиясының филиалына хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/967661?lang=kk
Қарақия ауданында 8 пәтер кілті табысталды 15.04.2025
⚜️1 наурыз күні  Құрық ауылында 8 пәтер кілті табысталды. Табыстау рәсіміне аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, ардагерлер кеңесінің төрағасы,«AMANAT» партиясының төрағасы, ауыл ақсақалдары, мекеме басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында: «Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту – біздің басты міндетіміз. Әсіресе, әлеуметтік осал топтарды қолдау үшін тұрғын үй қолжетімді болуы керек» – деп атап өтті. Осы орайда, бүгін міне Құрық ауылында 8 пәтердің кілтін табыстап отырмыз. Сонымен қатар, Жетібай ауылында 16 пәтердің кілтін табыстау жоспарланып отыр. Сондай-ақ осы жылы тағы 20 пәтер сатып алу көзделген. Бұл игі істер – ел игілігі үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар. Баспана – әр азаматтың өміріндегі басты қажеттіліктердің бірі. Қоныстарыңыз құтты болсын!,- деді аудан басшысы Сымбат Қуанышұлы.⚜️ Қарақия ауданы бойынша қазіргі таңда  748 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Оның ішінде: әлеуметтік жағынан осал топтар – 347; Жетім балалар – 28; Көп балалы отбасы – 213; Бюджеттік санат  - 160.⚜️Тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 2024 жылы мемлекет тарапынан 701,2 миллион теңге қаржы бөлініп, нәтижесінде 44 отбасы баспаналы болды. 2025 жылы аудан көлемінде 20 пәтер сатып алу жоспарлануда.⚜️Бұл игі істер – ел игілігі үшін жасалып жатқан маңызды қадамдар. Баспана – әр азаматтың өміріндегі басты қажеттіліктердің бірі. Сондықтан халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.  Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/967534?lang=kk
Құрық – Жетібай бағыты бойынша жаңа маршрут іске қосылды 15.04.2025
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде:«Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту – біздің басты міндетіміз», – деп атап өткен болатын. Осы бағытта елді мекендер арасындағы көлік қатынасын дамыту және тұрғындардың қозғалысын жеңілдету мақсатында «Құрық – Жетібай» бағытындағы жаңа маршрут іске қосылды. Бұл бағыт Жетібай, Мұнайшы, ст. Жетібай және Құрық елді мекендерін қамтиды.⚜️Салтанатты ашылу сәтіне аудан әкімі Сымбат Төретаев, Жетібай, Мұнайшы ауылдарының ардагерлері, ауыл әкімі, «CaspianTransCorporation» ЖШС өкілі қатысып, ақжарма тілектерін білдірді.- Аудан тұрғындарының жүріп-тұруын жеңілдету мақсатында Жетібай – Ақтау, Мұнайшы – Ақтау, Жетібай – Мұнайшы – ст. Жетібай, Құрық – ст. Қарақия – Маңғыстау жері бағыттарында қоғамдық көліктер іске қосылды. Бұл – тек бастамасы. Алдағы уақытта қатынас құралдарын жетілдіріп, халыққа барынша тиімді жағдай жасалады. Сонымен қатар, Құрық – Жетібай бағытындағы тас жолдың құрылысы аяқталып, аудан орталығына қатынау әлдеқайда ыңғайлы болды. Баршаңызды көптен күткен осы қуанышты жаңалықпен құттықтаймын! – деді аудан әкімі Сымбат Қуанышұлы.⚜️Жаңа бағыттағы қоғамдық көлік пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылды. Жолақысы ересектерге - 300, балаларға - 150 теңгені құрайды. Бастапқы да қоғамдық көлік  күніне 3 рет кестеге сай қозғалады.⚜️Аталған шаралар халықтың күнделікті тұрмысын жақсартуға және елді мекендер арасындағы көлік қатынасын тиімді ұйымдастыруға бағытталған.Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/967530?lang=kk
🔊 «111» байланыс орталығына 40 мыңнан астам өтініш келіп түсті 15.04.2025
🧑‍🧑‍🧒‍🧒 2025 жылдың басынан отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бойынша мемлекеттік «111» бірыңғай байланыс орталығына 40 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның ішінде 339 өтініш телефон арқылы қабылданса, қалғаны білім беру ұйымдарында орналастырылған QR-кодтар арқылы жолданған.❗️ Өтініштердің басым бөлігі ақпараттық сипатта болды – балаларға анықтамалық мәліметтер, кеңестер беріліп, сондай-ақ психологиялық қолдау көрсетілді. Күрделі жағдайларда тиісті органдардың қатысуымен ведомствоаралық көмек ұйымдастырылды.✔️ «111» байланыс орталығы өтініш білдірушілердің жеке деректерінің құпиялығын және анонимділігін толықтай қамтамасыз етеді. Қажеттілігіне қарай ол құқық қорғау, қорғаншылық органдарына немесе басқа да мүдделі мемлекеттік мекемелерге беріледі. Орталық полициямен, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істеп, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шұғыл шаралар қабылдайды.«Бұл байланыс орталығы балаларға өздерінің ойларын, көңіл-күйлері мен мәселелерін қымсынбай, қорықпай жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай бастама балалар үшін қолайлы орта қалыптастыруға, ашық диалог мәдениетін дамытуға және қоғамның психологиялық әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді», – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.📌 Айта кетейік, 2024 жылғы шілде айында қабылданған «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заң аясында «111» байланыс орталығының қызметі заңнамалық түрде бекітілді. Ал 2025 жылдың қаңтар айынан бастап мектептер мен колледждерде орталыққа жедел қол жеткізуге мүмкіндік беретін QR-кодтар орналастырылды. Бұл бастама ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-aitu-bi/press/news/details/969153?lang=kk
✅ Жетісуда Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, еске алу шарасы өтті. 15.04.2025
🎼 Бүгін Талдықорғанда қазақ музыкасының сайыпқыраны, әйгілі күйші, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған еске алу шарасы өтті. Н. Тілендиев атындағы музыка мектебінің алдында өнер саңлағының ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, оның музыкалық шығармалары орындалды.▶️ Облыс басшылығының атынан еске алуға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов көпшілікті мерейтоймен құттықтап, ЮНЕСКО 2025 жылды Нұрғиса Тілендиев жылы деп жариялағанын, сондықтан бұл мерейтойдың дүниежүзілік мәнге ие болғанын атап өтті:✔️Ескерткіштің маңында Талдықорған балалар көркем сурет мектебі оқушыларының сурет салу пленэрі ұйымдастырылып, жас суретшілер дәулескер күйші-композитордың бейнесін қағаз бетіне түсірді. Сонымен қатар Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының «Жетісу виртуозы» ансамблі шағын концерт қойып, Н.Тілендиевтің шығармаларын орындады.☝🏼 Еске салсақ, бүгін Б.Римова атындағы драма театрында Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның Мұқан Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі жүз жылдық мерейтойға орай «Өз елім» атты концерт өткізеді. 👏🏼Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-aitu-bi/press/news/details/969142?lang=kk