Enbekshi QazaQ

Қоғам

«Заң мен тәртіп»: студенттерге заңның үстемділігі туралы түсіндірілді 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және жастарды кәсіптік дағдыларға оқытуға белсенді тарту мақсатында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.Бүгін «Заң және тәртіп» нарративін түсіндіру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің студенттерімен кездесу өтті.Шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы  бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас Нұргүл Мұқатай сөз сөйледі.Спикерлер студенттерге заңдылық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы туралы айтып, оларды сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстануға және азаматтық ұстанымды белсенді түрде көрсетуге шақырды.Студенттер мұндай дәрістер пайдалы білімді игеруге көмектесіп қана қоймай, Қазақстанда адал еңбекті бағалайтынына сенімділікке шабыттандыратынын атап өттіСтуденттер іс-шараға белсенді қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, жұмысшы мамандықтарының келешегін талқылады.#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-mangystau/press/news/details/959769?lang=kk
Пайдалы ақпарат! 15.04.2025
Шекара өткізу пункттерінде SafeTravel.kz электронды көптілді порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы парақшалар хабарлама тақталарына орналастырылды.Порталда, шетелдіктердің Қазақстанда қолайлы жүріп-тұруына қажетті ақпараттар мен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/959758?lang=kk
Қырымбет ауылдық округінде Сокологоровка ауылында қар тазалау және су өткізгіш құбырларды ашу, сондай-ақ су бұру арналарын құру жұмыстары жүргізілді 15.04.2025
Қырымбет ауылдық округінде Сокологоровка ауылында қар тазалау және су өткізгіш құбырларды ашу, сондай-ақ су бұру арналарын құру жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерден қар шығару бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде су өткізу құбырларын қардан тазарту . Бұл жұмыс көктемгі су тасқыны кезеңінде жалғасатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-kyrymbet/press/news/details/959751?lang=kk
Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күні 15.04.2025
Шаңырақ күні Қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыру. Шаңырақ күніне орай бүгін Үштөбе қаласының орталық алаңында «Адал азамат» құндылықтарын бойына сіңірген өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасылар «Алтын шаңырақ» 50 жылдан аса отасқан берекелі отбасылар Байгазиновтар, Атимовтар, Ақынбаевтар әулеттеріне кәдесый табысталса, «Күміс кереге» 25 жылдан аса отасқан берекелі шаңырақтар Гаитовтар, Едиловтар, Әдікеновтар, Қайырбай әулеті мен Қажы әулеті марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-kyzylbalyk/press/news/details/960321?lang=kk
Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күні. 15.04.2025
Шаңырақ күні Қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыру. Шаңырақ күніне орай бүгін Үштөбе қаласының орталық алаңында «Адал азамат» құндылықтарын бойына сіңірген өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасылар «Алтын шаңырақ» 50 жылдан аса отасқан берекелі отбасылар Байгазиновтар, Атимовтар, Ақынбаевтар әулеттеріне кәдесый табысталса, «Күміс кереге» 25 жылдан аса отасқан берекелі шаңырақтар Гаитовтар, Едиловтар, Әдікеновтар, Қайырбай әулеті мен Қажы әулеті марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/959736?lang=kk
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 120 ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 15.04.2025
 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылданып, тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламалары үздіксіз жүзеге асуда. Осы ретте, бүгін Наурыз мерекесі қарсыңында Төлеби ауданында 120 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жоба құны 2,1 млрд. теңгені құрайтын тұрғын үй құрылысының көлемі 7877,4 шаршы метр.Жаңа қоныс иелерін аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов құттықтап, тұрғындарға салтанатты түрде тапсырды. Атап айтсақ, тұрғын үй кезекте тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамтылды. Аталған тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «Тау Бетон» ЖШС-і мен «Ынтымак-ОК» ЖШС-і мердігер мекемелері жүргізген.Айта кетейік, тұрғындарды баспанамен қамту бағытында бүгінгі күнге дейін мемлекет есебінен Леңгер қаласы І мөлтек ауданда 23 көпқабатты үй құрылысы жүргізіліп, 1000-ға жуық отбасы баспаналы болды. Ауданда тұрғын үй кезегінде 5 мыңнан астам адам тіркелген.Бұдан бөлек, жыл соңына дейін үш көпқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталып, 156 отбасыға пәтер кілттері табысталады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/959717?lang=kk
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Түркістан облысы тұрғындарымен кездесуі туралы хабарландыру 15.04.2025
2025 жылғы 28 наурызда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Құрмалаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.📍 Кездесудің өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланады.📩 Сіз өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесу барысында қоя аласыз немесе келесі байланыс арналары арқылы жібере аласыз:📱 WhatsApp: 8 (778) 592-39-55📧 Электрондық пошта: s.bulkebaeva@ecogeo.gov.kz📌 Жеке қабылдауға жазылу 2025 жылғы 26 наурызына (қоса алғанда) дейін жүргізіледі. Жазылу үшін 8 (778) 592-39-55 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.Барша азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министріне өз сұрақтарын қоюға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/959536
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының жұмыс берушілері, жеке кәсіпкерлерлік субъектілерінің басшылары! Сіздерді «Еңбек Жолы» конкурсына қатысуға шақырамыз! 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылы «Еңбек жолы» республикалық конкурсы туралы конкурс өтетені туралы жариялайды. «Еңбек жолы» конкурсы келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».Конкурс туралы толық ақпаратты мына жерден алуға болады:- ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, Өскемен қ., Киевская көшесі 1, g.kabayeva@akimvko.gov.kz электрондық мекен жайы, 8/7232/205120 телефоны. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/957258
Қарағанды облысында өңірдің жаңа логотипін әзірлеуге байқау жарияланды 15.04.2025
Қарағанды облысының әкімдігі шығармашыл және талантты тұрғындарды өңірдің рәміздерін құру бойынша байқауға қатысуға шақырады.20 жылдан астам уақыт бойы Суретшілер одағының мүшесі Төлеген Әбілқасовтың облыстың 70 жылдығын мерекелеуге әзірлеген эмблемасы (логотипі) пайдаланылды. Мұрағаттық мәліметтерге сәйкес, оның жобасы байқауда жеңіске жетті. 70 санын алып тастап, бұл логотип барлық жиналыстар мен салтанатты іс-шараларда пайдаланыла бастады. Енді оны жаңартатын уақыт келді.Жобаға қойылатын негізгі талаптар:- қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту қағидаттарын ескеру;- геральдикалық стандарттарға сәйкес келуі;- Қарағанды облысының ұлттық дәстүрлерін, тарихи, мәдени, табиғи және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін көрсету;- бұрын пайдаланылмаған бірегей жұмыс болуы;- айқын көрнекі құрамдас бөлігі (көлемді кескін, модель) болуы;- жазуда тек қазақ тілін пайдалану;- авторлық құқықтарды бұзбау және плагиатқа жол бермеу.- ұлттық-этнографиялық элементтерді (ою-өрнектерді) пайдалануға жол беріледі:- мемлекеттік ту мен елтаңба бейнелерін, сондай-ақ діни, рулық және асыл тұқымдық белгілерді пайдалануға тыйым салынады.Қатысуға тек Қазақстан азаматтары ғана жіберіледі. Ұжымдық жұмыстар болуы мүмкін. Жобаны бірнеше жеке тұлға жасаған жағдайда, олардың барлығы оның авторлары болып есептеледі.Өңірлік рәміздер жобасын әзірлеу қағидалары ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген.Конкурсқа қатысуға өтінішті қағаз және электронды форматта қазақ және орыс тілдерінде Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасына мына мекен-жай бойынша тапсыру қажет: Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 13, № 408 кабинет. Электрондық көшірмелерді e.ospanova@karaganda-region.gov.kz, n.zhunisov@karaganda-region.gov.kz жіберу қажет.Өтінім үлгісін мына жерден жүктеуге болады.Тапсыру мерзімі – 2025 жылғы 12 маусымға дейін.Барлық жобалар мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия мүшелерімен талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қаралады. Содан кейін жұртшылықтың талқылауына ұсынылды. Ең көп дауыс жинаған жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы сараптамалық кеңестің қарауына жіберіледі. Оң қорытынды алған жағдайда эмблема облыстық мәслихаттың бекітуіне шығарылады.Анықтама үшін байланыс: (8-7212) 50-44-31, 8-700-589-89-28 (Ноян Жүнісов); (8-7212) 50-45-09, 8-775-655-36-09 (Эльвира Оспанова).Байқау өтеусіз негізде өткізіледі: жеңімпаз ақшалай сыйақы алмайды, бірақ оның жұмысы өңірдің танымалдығына үлес қосады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/954919
Қазақстан СІМ-де Пәкістанмен ынтымақтастық перспективалары талқыланды 14.04.2025
Астана, 2025 жылғы 11 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Пәкістан Ислам Республикасының Елшісі Науман Башир Бхаттимен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Пәкістан серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Басты назар ағымдағы жылға жоспарланған түрлі деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралардың кестесіне аударылды. Бұл ретте жоғары деңгейде байланыстардың оң динамикасы аталып өтті.Осы тұрғыда екіжақты өзара іс-қимылдың барлық бағыттарына ықпал ететін Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының алдағы отырысының маңыздылығына назар аударылды.Тараптар энергетика, сауда-экономикалық және транзиттік-көліктік салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/975554?lang=kk
Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы талқылады 14.04.2025
Астана, 2025 жылғы 11 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде 2024 жылға арналған Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Тұрақты даму саласындағы ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасының нәтижелері талқыланды.Сонымен қатар Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан елдері үшін БҰҰ Тұрақты даму орталығының ашылуын ескере отырып, 2026-2030 жылдарға арналған жаңа ынтымақтастық бағдарламасының негізгі параметрлері ұсынылды.Бағдарламада адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және күшті институттар, тұрақты және инклюзивті экономика, тұрақты қоршаған орта, әлеуметтік бірлікті нығайту сияқты негізгі бағыттарға ерекше назар аударылады.Талқылауға БҰҰ елдік тобы, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/975544?lang=kk
KazAID 2025 жылы "Авиценна: денсаулық сақтау" бағдарламасын жалғастыруда 14.04.2025
KazAID 2025 жылы "Авиценна: денсаулық сақтау" бағдарламасын жалғастыруда2024 жылы KazAID Орталық Азиядан келген медициналық оқу орындарының студенттері үшін "Авиценна: денсаулық сақтау" бағдарламасын сәтті іске асырды. Шетелдік студенттер мен серіктестердің бастаманы жоғары бағалауы оның маңыздылығын растады және бағдарлама 2025 жылы кеңейтілген мүмкіндіктермен жалғасуда.KazAID академиялық ұтқырлықты қолдап медициналық білім беру саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайта отырып, Астана медицина университетімен (АМУ) және TIKA Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігімен серіктестікте "Авиценнаны: денсаулық сақтау" бағдарламасын қайта іске қосады. Бағдарлама жоғары академиялық жетістіктерге қол жеткізген Қырғызстан мен Тәжікстанның медициналық оқу орындарының студенттерін қолдауға бағытталған. 2025 жылы осы елдердің 10 студенті АМУ академиялық ұтқырлығы аясында 10 сәуірден 2 мамырға дейін білім алады. Бағдарлама медициналық білім берудің негізгі аспектілерін, сондай-ақ Астананың көрікті жерлеріне баратын мәдени бөлімді қамтиды.Оқыту KazAID қазақстандық халықаралық даму агенттігінің гранты арқасында қатысушыларға өтеусіз негізде беріледі.Қазақстан медициналық білімнің жоғары деңгейіне және денсаулық сақтаудағы озық тәсілдерге ие бола отырып, Орталық Азияның жас мамандарымен білім және тәжірибесімен бөліседі.Болашақта бастаманы одан әрі дамыту және географиялық қамтуды кеңейту жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/975519?lang=kk
Қазақстанда спорт саласын дамыту: жүйелі реформалар, инфрақұрылым, бұқаралық спорт және чемпиондар даярлау 14.04.2025
«Баршаңызға мәлім, мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріп отырмын. Жастарымыз дені сау, мықты азамат болып өсуі керек. Сондықтан ұлт саулығын сақтау үшін бұқаралық спорттың маңызы айрықша. Жақында мен Олимпиадаға қатысушылармен кездестім, спорттағы нақты міндеттер мен басымдықтарға тоқталдым. Шын мәнінде, бұл саладағы заңнаманы жаңартатын кез келді деп ойлаймын. Заңға енгізілетін өзгертулер бұқаралық спорт пен балалар спортын дамытуға зор серпін береді. Сондай-ақ болашақ жеңімпаздар шоғырын даярлауға жол ашады. Депутаттар осы маңызды заң жобасына айрықша мән бергені жөн деп санаймын».Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті Қазақстанда дене шынықтыру сабақтарынан бастап халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлауға дейін тең қолжетімділікті құру бойынша спорт саласын дамытуда дәйекті жұмыс жүргізілуде. Бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін насихаттау, инфрақұрылымды жаңғырту және жаттықтырушылар құрамын қолдау басымдыққа ие болып қала береді.Бүгінгі таңда спортпен және дене шынықтырумен 8 миллионнан астам қазақстандық шұғылданады. Бұл ел халқының 41,4% құрайды. Мемлекет бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 50% - ға жеткізуді көздейді. Қазірдің өзінде тұрақты шұғылданушы балалар мен жасөспірімдердің үлесі 30% - дан асады. Мемлекеттік спорттық тапсырыс бағдарламасының ауқымы кеңеюде: 4 жастан 17 жасқа дейінгі 240 мыңнан астам бала 7 мыңнан астам спорт секцияларына тегін барады. Жыл сайын миллионға жуық адамды қамтитын 25 мыңнан астам спорттық іс-шара ұйымдастырылады.Ұлттық мәдени құндылығымыздың бірі ретінде ұлттық спорт түрлеріне ерекше назар аударылады. 2024 жылдың есебі бойынша 670 мыңға жуық адам жүйелі түрде айналысады. Еліміз бойынша 16 555 үйірме, 15 балалар-жасөспірімдер мектебі, 17 клуб пен мамандандырылған орталық жұмыс істеуде. Ең танымал түрлері – қазақ күресі, көкпар және тоғызқұмалақ. Қазақстан Астанада өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 112 медаль (43 алтын, 32 күміс, 37 қола) еншілеп, айқын көшбасшысы екенін көрсетті.Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Мәжіліс пен Сенаттың мақұлдауынан өткен «Дене шынықтыру және спорт туралы» жаңа заң жобасы әзірленді.Қазіргі уақытта құжат Президентке қол қоюға жіберілді. Заң жобасы келесі жүйелі өзгерістер енгізуді көздейді:кәсіби ойын спорт клубтарын ұстауға бөлінетін бюджет қаражатына лимит бекіту;ҚР азаматтығын алмаған спортшыларды бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салу;«спорттың басым түрлері» ұғымын нақтылау, сондай-ақ олардың өңірлік тізбесін бекіту;аккредиттелген спорт федерациясына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін шаралар қабылдауды міндеттеу;спорт федерацияларын аккредиттеу талаптарын белгілеу;«мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымын енгізу;мемлекеттік дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшыларын ротациялау.спорт саласына вертикальды басқару жүйесін енгізу мәселесі.Сонымен қатар, вертикальды басқару жүйесіне көшу жүзеге асырылады. Министрліктің құрылымына 33 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 19 олимпиадалық резервті дайындау орталығы, 14 интернат-колледж беріледі. Министрлік тарапынан 8 республикалық федерацияның президенті мен 11 өңірдің спорт басқармаларында жаңа басшылар келісілді. Әкімдіктердің тиімділігін бағалау үшін KPI жүйесі әзірленуде.Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанда 25 мыңнан астам спорт нысаны тіркелген. 2024 жылы еліміз бойынша 90 спорттық нысан салынды. Оның  29-ы қалаларда, 61-і ауылдық жерлерде. Ауқымды инфрақұрылымдық жобалар бойынша Түркістанда ескек есу каналы, Өскеменде үстел теннисі академиясы, Шығыс Қазақстан облысында жабық стадион мен оңалту орталығы, Щучинск қаласында шаңғы базасының үшінші кезегнің құрылысы жүріп жатыр. 2025 жылдың соңына қарай Ұлттық дене шынықтыру және спорт университетін ашу жоспарланған.Футбол инфрақұрылымын жаңғырту жаңа бағыт алды. Атап айтар болсақ, Қызылорда, Орал, Түркістан, Жетісу және басқа өңірлерде стадиондардың құрылысы мен реконструкциялау жұмысы жүргізілуде. Ал Астана, Шымкент, Ақтау, Өскемен және Семей қалаларында жаңа жобалар пысықталуда. Сондай-ақ, УЕФА стандарттарына сай келетін алты стадионды салу жоспарға енді. Сонымен қатар балалар спорт алаңдарының құрылысы басталып, басым бөлігі ауылдық жерлерге бөлінді.Кадр мәселесін шешу барлық бастамаларды табысты іске асырудың негізгі бағыты болып қала береді. Жаттықтырушыларды қайта даярлау жұмыстары жүргізу, лицензиялау жүйесі енгізу, тәлімгерлік институты дамыту бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда. Жаттықтырушылардың мәртебесі педагог қызметкерлердің мәртебесіне теңестіріліп, әлеуметтік кепілдіктер мен жалақыны көтеру шаралары қарастырылды. Заң жобасындағы түзетулердің екінші пакеті балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жаттықтырушыларының орташа еңбекақысын 30% - ға арттыруды көздейді.Спорттық атақтар мен разрядтарды беру бойынша жаңартылған нормалар мен талаптардың жобасы әзірленді. Олимпиадалық емес пәндерді қоса алғанда спорттың 163 түрі ескере отырып, атақ алу шарттары қайта қаралды. Оған жаттықтырушылардың қатысуын растау жөніндегі нормалар қосылды. Республикалық және халықаралық турнирлерге арналған критерийлер өзектендірілді.Саланы цифрландыру маңызды бағытқа айналды. 2025 жылдың соңына дейін спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілер мен әдіскерлердің бірыңғай тізілімін, спорттық іс-шаралардың электрондық күнтізбесін және спорттық инфрақұрылым объектілерінің тізімін қамтитын e-спорт цифрлық платформасы енгізілетін болады. Бұл жүйені енгізу спорт саясатындағы барлық элементтердің ашықтығын, қамту ауқымын бақылау мен тиімділігін қамтамасыз етеді.Қазақстан халықаралық аренада қол жеткізген жоғары нәтижелерін арттыруда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық командалар 1 206 медальға қол жеткізді. Оның 1 086-сы (399 алтын, 341 күміс және 346 қола) олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлеріне тиесілі. Параспорт бойынша қоржындағы медаль саны – 120. Паралимпиадалық дисциплиналардан 56 медаль (16 алтын, 20 күміс, 20 қола), сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес спорт түрлерінен 64 медаль (30 алтын, 17 күміс, 17 қола) еншіледі.Барлық қабылданып жатқан іс-шаралардың мақсаты - чемпиондардың жаңа буынын тәрбиелеу мен ұлт денсаулығын нығайтуда қабілеті тұрақты, тиімді және баршаға қолжетімді спорт жүйесін құру.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/975508?lang=kk
025 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚҚА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ӘРБІР ҰЙЫМ ӨЗ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ЛИЦЕНЗИЯ АЛУЫ КЕРЕК 14.04.2025
025 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА ХАЛЫҚҚА АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ӘРБІР ҰЙЫМ ӨЗ ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ЛИЦЕНЗИЯ АЛУЫ КЕРЕКАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/975496?lang=kk
Алан Құрманғалиев беделді біріншілікте алтын медаль жеңіп алды 14.04.2025
«WTT Youth Star Contender Metz» халықаралық турнир Францияда (Мец қ.) өтті. 19 жасқа дейінгі жас санатында Қазақстан атынан Алан Құрманғалиев қатысты.Қарағандылық спортшы бірінші орынды иеленді! Алан Коннор Гринді (Англия) 3:0, Энрике Риосаны (Пуэрто-Рико) 3:0, Ма Ёнминаны (Корея) 3:1, Флавио Мурьені (Франция) 3:2, Ли Сынсуды (Корея) 3:1, Юлиана Чиритуді (Румыния) 3: 1, Ян Хао- Дженаны (Тайбэй) 3:1 есебімен жеңді.Алан Құрманғалиев пен оның жаттықтырушысы Эльмира Алиеваны жеңісімен құттықтаймыз!Фото @ttfrkАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/975490?lang=kk
Қарулы күштердің ардагерлері далалық лагерьде парадқа қатысушылармен кездесті 14.04.2025
Астана маңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысушылардың қарқынды жаттығулары өтіп жатқан шатырлы лагерьге Қарулы күштердің ардагерлері мен ауған жауынгерлері келді.Отан қорғаушылардың бірнеше буынының осылайша кездесуі жылы әрі достық атмосферада өтті. Ерлік мектебінен өткен және жауынгерлік достықтың бағасын білетін ардагерлер Қазақстан әскерін құрудағы маңызды кезеңдер, қызметтің қызықты эпизодтары, өткен жылдардағы парадтар, олардың ел және Қарулы күштер үшін маңызы жайлы айтты. Жас офицерлер, сарбаздар мен сержанттар, әскери білім ордаларының курсанттары мен кадеттері сұрапыл соғыс сынынан өткен жауынгерлерді ыждағатпен тыңдады. Әңгіме арасында қызықты деректер, одан басқа әскери борыш пен патриотизм тақырыптары да қозғалды. – Мерейтойлық датаға арналған шеруге қатысу үлкен құрмет әрі зор жауапкершілік. Сап түзеген жауынгерлер, лектер мен қатарлар арасындағы арақашықтық, қатарлар, аралықтардың біркелкілігі – бұндай үйлесімді қимылды бұрынғы парадтарда көрдік. Сендер де бұл тапсырманы орындап, әскерлің ел мен жерді қорғауға жауынгерлік күші мен дайындығын көрсететіндеріңе сенімім мол, – деп атап өтті отставкадағы контр-адмирал Ратмир Комратов. ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Ратмир Комратов және мерзімді қызметтің әскери қызметшісі гвардия қатардағы жауынгері Алмаз Дәулетбекұлы екеуі де Тараздың тумасы. Мұны білген сарбаз өзінің туған жері туралы өлең оқып берді, ол контр-адмиралға ерекше әсер етіп қуанды.  Ардагерлер парадқа қатысушылардың тұрғылықты жағдайымен, тамақтану және медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырумен танысып, оларға мықты денсаулық, табандылық, сенімділік және құрметті миссияның ойдағыдай өтуін тіледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/975457?lang=kk
І Республикалық «СҰҢҚАР ЕДІМ ШӨЛДЕГІ, СҰЛТАН ЕДІМ ЕЛДЕГІ» атты Пышан Жәлмендеұлының 140 жылдығына арналған дәстүрлі әншілер байқауының Гала-концерті 14.04.2025
Өтетін орны: Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясыӨтетін уақыты: 2025 жыл, 15 сәуір, сағат 17:00Байланыс телефондары:8 (7282) 32-45-28; 24-34-07КІРУ ТЕГІНАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/975446?lang=kk
ЕУРОПАЛЫҚ ЕЛДЕРДІҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ ІС-ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ 14.04.2025
Шымкент қаласына сапары барысында еуропалық елдердің дипломатиялық делегациясы бірқатар маңызды іс-шараларға қатысты.Сапар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен басталып, делегация өкілдері студенттермен кездесті. Кездесу барысында “Жаһандық серіктестік үшін білім беру дипломатиясын дамыту” тақырыбында мазмұнды пікір алмасу өтті. Университет аумағында ағаш отырғызу рәсімі ұйымдастырылып, достық пен ынтымақтастықтың символына айналды.Одан кейін делегация Шымкент қаласының өндірістік әлеуетімен танысты. “Santo”, “BalTextile” және “KazAlpack” сияқты жетекші кәсіпорындарға барып, олардың заманауи технологиялармен жабдықталуы мен экспорттық мүмкіндіктеріне жоғары баға берді.Сапар барысында қонақтар жаңадан салынған атшабар кешеніне де барды. Онда еуропалық дипломаттар ұлттық спорт түрлері — көкпар, теңге ілу, жамбы ату сынды сайыстарды тамашалап, халқымыздың бай мәдени мұрасымен танысты.Кешкісін қала әкімінің бірінші орынбасары Асылов Қуаныш Жұмабекұлының қатысуымен іскерлік кешкі ас өтті. Кеш шеңберінде Шымкенттің экономикалық және инвестициялық әлеуеті талқыланып, дөңгелек үстел форматында пікір алмасу ұйымдастырылды.Бұл сапар Шымкент пен Еуропа елдері арасындағы көпжақты әріптестікті тереңдетуге, жаңа бастамалар мен серіктестік жобаларды ілгерілетуге үлес қосты.🔸Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/975424?lang=kk
ЕУРОПА ЕЛДЕРІНІҢ ЕЛШІЛЕРІ ШЫМКЕНТТЕ 14.04.2025
Қаламызға Шымкент пен Еуропалық Одақ арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында Еуропа елдерінің 18 елшісінен құралған делегация сапармен келді. Сапар аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Симкич Алешка бастаған ресми тұлғалармен бірқатар кездесулер өткізді. Шымкентке келген елшілер қатарында:•Алешка Симкич (Еуропалық Одақ),•Андреа Бахер (Австрия),•Кэтрин Лич (Ұлыбритания),•Салман Бал (Швейцария),•Ева Пулано (Швеция),•Моника Иверсен (Германия),•Янне Хейсканен (Финляндия),•Михал Лабенда (Польша),•Петрос Накузис (Кипр),•Жозе Атаиде Амарал (Португалия),•Эфталия Какиопулу (Грекия),•Боян Хаджиев (Болгария),•Рефик Шабанович (Хорватия),•Яап Ора (Эстония),•Отто Рона (Мажарстан),•Ирина Мангуле (Латвия),•Мадалина Лупу (Румыния),•Роберт Кирнаг (Словакия). Бұл сапар Шымкент пен Еуропа мемлекеттері арасындағы дипломатиялық, сауда-экономикалық, туризм және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. 🔸Шымкент қаласы туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/975420?lang=kk
ФРАНЦИЯДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТТІ 14.04.2025
Қазақстанның Франциядағы Елшілігі және Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Францияда Шымкент қаласының күндері» өтті.Іс-шараны Қазақстанның Франциядағы Елшісі Г.Арыстанқұлова, Гарж-ле-Гонесс қаласы спорт мәселелері жөніндегі мэрінің орынбасары Б. Гюно және «AKFT» қазақ диаспорасының төрағасы Р.Гюнай, құрметті қонақ ретінде шақырылған, дзюдодан жазғы олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметов ашып, қатысушыларға құттықтау сөздерін арнады. Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы Б. Әділханов, Ақсуат ауданының әкімі Е.Ескендіров, «Мәдениет пен спортты дамыту» қоғамдық бірлестігінің президенті А.Ислам өз тілектерін білдірді.Мерекелік бағдарлама барысында Шымкент қаласының «Qagan» этно-ансамблі, «Яссы» би тобы өнерін көрсетті. Сондай-ақ, «Мәдениет пен спортты дамыту» қоғамдық бірлестігі ұлттық ойындарды - асық ату, арқан тарту - ұйымдастырды.Іс-шара аясында футболдан өткен халықаралық турнир де үлкен қызығушылық тудырды. Оған қазақстандық дипломаттар, қандастар, Францияда жұмыс істейтін және оқып жатқан отандастар, шетелдіктерден құралған топтар қатысты. Турнирдің нәтижесінде «Париж қазақ спорт» командасы чемпион атанды, «Оңтүстік Қазақстан облысы» командасы күміс медаль жеңіп алса, «Достық» командасы қола медальға ие болды. Жеңімпаздарды дзюдодан Олимпиада чемпионы Е. Сметов марапаттады.Сонымен қатар, қатысушылар «Ұршық» қолөнершілер қоғамы ұйымдастырған шеберлік мастер-класына қатысып, тоқылған ұлттық әшекейлер мен қолөнер бұйымдарының жасалуын тамашалады. Көктемгі кездесу ұлттық киімнің «Bibikarden» әйелдер топтамасының көрсетілімімен аяқталды.Бұл іс-шара Қазақстанның Франциядағы диаспорасы үшін екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосылған үлкен үлес болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turizm/press/news/details/975414?lang=kk