Enbekshi QazaQ

Қоғам

Қазақстан Елшісі NCR Atlas компаниясына барды 12.04.2025
2025 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшісі М. Атамқұлов NCR Atlas компаниясының Белградтағы офисіне барды.Сапар барысында Елші компанияның соңғы әрі жаңа технологиялық шешімдерімен, ең алдымен мемлекеттік құрылымдар үшін, сондай-ақ, банк және сауда операцияларын автоматтандыру саласындағы қызметімен танысты.Компания басшылығымен әңгімелесуде Қазақстанмен ынтымақтастық перспективаларына, оның ішінде тәжірибе алмасу және елдің цифрлық инфрақұрылымына технологияларды тарту мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.Қаржы және ритейл-секторлар үшін шешімдер саласында әлемдік көшбасшы болып табылатын NCR Atlas компаниясы өңірдегі технологиялық секторды дамытудың жоғары әлеуетін атап өтіп, Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.NCR Atlas ұзақ уақыт бойы ҚР аумағында банктік технологиялар және қаржылық қызметтер саласында IBS Project қазақстандық компаниясымен ынтымақтасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/974952?lang=kk
Қазақстан БҰҰ ЕЭК Төрағасының орынбасары лауазымына сайланды 12.04.2025
Женева, 2025 жылғы 11 сәуір - 2025 жылғы 9-10 сәуірде Женевада өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропа үшін экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) 71-ші сессиясы барысында Еуропа, Америка және Орталық Азияның 56 мүше мемлекеті климаттың өзгеруі және инфрақұрылымды дамыту жолындағы өңірлік ынтымақтастықтың басымдықтарын талқылады. «Орнықты даму үшін климаттық іс-қимыл және тұрақты инфрақұрылым» тақырыбындағы Жоғары деңгейдегі диалог барысында жасаған баяндамасында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов ҚР-дың 2060 жылға дейінгі Көмірктегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, 2029 жылға дейінгі ҚР Ұлттық инфрақұрылымдық жоспары аясындағы нақты мақсаттарға қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті. Ол сондай-ақ БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мен БҰҰ агенттіктерін Алматыда құрылатын Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) бойынша БҰҰ өңірлік орталығына және БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ ЕЭК Атқарушы хатшысы Татьяна Молчанның қатысуымен өтетін Астана халықаралық форумына белсенді қолдау көрсетуге шақырды. Ұлттық экономика вице-министрі Жоғары деңгейдегі дөңгелек үстелде де баяндама жасап, Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссия, ОДМ жөніндегі ұлттық және жергілікті шолулар, БҰҰ Су конвенциясы және Қала әкімдерінің форумы, Орталық Азия экономикаларына арналған БҰҰ арнайы бағдарламасы (СПЕКА) сияқты тетіктер арқылы ОДМ-ды іске асыруға деген бейілділігін растады және 2026 жылы Қазақстанда БҰҰ аясында Өңірлік климаттық саммит өтетінін хабарлады. БҰҰ ЕЭК сессиясы барысында Түрікменстаның төрағалығымен СПЕКА-ға қатысушы мемлекеттер делегация басшыларының кездесуі өткізілді. Сонымен қатар, БҰҰ ЕЭК-ға мүше мемлекеттер Қазақстанды 2025-2027 жылдарға Комиссия Бюросы Төрағасының орынбасары қызметіне бірауыздан сайлады. Бюро Төрағалығына Италия, ал екінші орынбасары болып Черногория сайланды. ҚР-дың Женевадағы БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев мүше мемлекеттерге сенім білдіргендері үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Бюродағы қызметін «БҰҰ-80» бастамасы аясында жүргізіліп жатқан БҰҰ реформасын және Орталық Азия елдеріне ерекше назар аудара отырып, сондай-ақ барлық мүше мемлекеттердің мүдделерін ескере отырып жүргізетініне сендірді.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/974951?lang=kk
Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық қызметі Мәскеуде талқыланды 12.04.2025
МӘСКЕУ, 2018 жылғы 12 шілде - 2018 жылғы 9-10 маусымда Қытайдың Циндао қаласында болған Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының қол жеткізген уағдаластықтарын жүзеге асыру шеңберінде Ұйымның халықаралық қызметі мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі консультациялар өтті.Қазақстаннан іс-шараға ШЫҰ мәселелері бойынша Ұлттық үйлестіруші Ерлан Әлімбаев қатысты. Қазақстандық дипломат халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша еліміздің ұстанымдарын жеткізіп, жиналғандардың назарын мүше мемлекеттер басшыларының, оның ішінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ШЫҰ аясында жаңа технологиялар мен экономиканы цифрландыру саласында тәжірибемен алмасу бойынша алаң құру, сондай-ақ орнықты даму бойынша Ұйымның тиісті тұжырымдамасын қалыптастыру туралы бастамаларын уақытылы және толықтай іске асыру қажеттілігіне аударды.Шараға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлемдегі тартымдылығының артып келе жатқанын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара ықпалдасуының стратегиялық бағыты кеңейгенін атап өтті.Ұйымның сегіз мүше мемлекттер делегацияларының басшылары және ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов өз баяндамаларында халықаралық сахнадағы өзара тиімді ынтымақтастықтың тетіктерін әрі қарай жетілдіру үшін барлық тараптардың бірлескен және үйлесімді әрекет етуінің маңызына баса назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25091?lang=kk
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне климаттың өзгеруі мәселелеріне қатысты өз көзқарасын ұсынды 12.04.2025
НЬЮ-ЙОРК, 2018 жылғы 12 шілде - Климаттың өзгеруі жоқшылыққа және азық-түлік қауіпсіздігінің болмауына, заңсыз көші-қонға, әлеуметтік тұрақсыздыққа және қиян-кескі қақтығыстарға әкелуі мүмкін «қауіп-қатердің мультипликаторы» болып табылады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев 11 шілдеде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «климаттың өзгеруімен байланысты қауіпсіздіктің тәуекелдері» тақырыбында өткен ашық пікірталастың барысында мәлімдеді.Сыртқы істер министрінің орынбасары өз сөзінде климаттың өзгеру проблемасы бүкіл әлем үшін өзекті мәселе болып табылатынын және маңызды экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салдарды қамтитынын атап өтті. Қазақстан жаһандық қауіпсіздік үшін әлемдік қауымдастықпен бірігуге дайын.«Қазақстанның және бүкіл Орталық Азия өңірінің Арал теңізінің құрғауымен байланысты басынан өткізген традегиялық тәжірибесі бар. Бұл экологиялық апат жергілікті тұрғындарға және 60 миллионнан астам адамды қамтыған барлық шекаралас мемлекеттердегі қоршаған ортаға қауіп төндірді», - деді Е. Ашықбаев. Ол Арал теңізі проблемасын шешу үшін қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде Халықаралық Аралды құтқару қорының аясында қабылданып жатқан шаралар мен осы жұмыстың оң нәтижелері туралы әңгімеледі.Климаттың өзгеруіне қарсы күрес ел үкіметінің басым міндеттерінің бірі екенін атай отырып, Е.Ашықбаев Қазақстанның 2050 жылға қарай зиянды қалдықтардың көлемін қысқарту бойынша жасап жатқан қадамдарына және жаңартылатын энергия көздеріне толыққанды көшу жоспарларына баса назар аударды. Бұл үдерісте Астана қаласында құрылған Халықаралық «жасыл» технологиялар орталығының маңызы ерекше зор.Швецияның Сыртқы істер министрі Маргот Валльстрёмнің төрағалығымен өткен іс-шараға Науру Республикасының Президенті Барон Вака, БҰҰ Бас Хатшысының бірінші орынбасары Амина Мохаммед, Ирак Су ресурстары жөніндегі министрі Хасан Джанаби және басқалар қатысты.Сонымен қатар, Нью-Йоркте Е. Ашықбаев «Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге Трансшекаралық су ынтымақтастығының қосқан үлесі» форумында сөз сөйледі. Ол Қазақстанның көрші елдермен, оның ішінде Орталық Азия мемлекеттерімен, Ресей және Қытаймен трансшекаралық өзендерді пайдалану мәселесі бойынша өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ осы мәселеде халықаралық су құқықтарын жан-жақты зерделеуге және оны қолдануға қолдау білдірді.Сонымен бірге, Қазақстанның СІМ орынбасары ағымдағы жылдың 10-12 қазанында әлемнің барлық елдерінен 400-ден астам үкіметтің, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен су проблемасы жөніндегі сарапшылардың қатысуымен өтетін БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Су конвенциясына қатысушы тараптардың кездесуіне Астана үлкен мән беретінін мәлімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/25083?lang=kk
Қазақстан мен Норвегия Іскерлік кеңестің инаугурациялық отырысын өткізді 12.04.2025
Ү.ж. 8 сәуірде Осло қаласында Қазақстан-Норвегия қатынастары тарихында алғаш рет екіжақты Іскерлік кеңестің отырысы өтті.Іс-шарада Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Әділ Тұрсынов, Норвегияның Қазақстандағы (Осло қ. резиденциясымен) Елшісі Йон Микал Квистад, «Қазақ Инвест» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Султанбек, бірқатар норвег және қазақ компаниялардың басшылары, сондай-ақ Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының өкілі Дана Касымова, Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасы өкілі Свайн Столпестад және Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Ринат Бараков сөз сөйледі.Кездесу қатысушылары инвестициялар, сауда, өнеркәсіп және жаңа технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.Әсіресе жаңартылатын энергия көздері, органикалық өнімдер мен химиялық өнімдер өндірісі, цифрландыру, акваөсіру, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы, пайдалы қазбаларды өндіру, қоршаған ортаны қорғау және білім беру салаларындағы әлеуетті жобаларға ерекше назар аударылды.Орта дәлізді және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелеріне бөлек сессия арналды.Іс-шара аясында қазақ және норвег іскер топтардың өкілдері арасында «B2B» форматында кездесулер өтті.Отырыс соңында оның қатысушылары алдағы кезеңде Қазақстан-Норвегия экономикалық ынтымақтастығын одан әрі тереңдету және кеңейту үшін Іскерлік кеңес құрудың ерекше маңыздылығын атап өтті.Іскерлік кеңес бағдарламасы аясында «Қазақ Инвест» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Султанбек «Innovation Norway» мемлекеттік бірлестігінің және Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасының басшыларымен, сондай-ақ «Таракса», «Бент Карлсен», «Скатек», «Йотун», «Нордик Майнинг», «Оптимар», «Й.Фредриксон» және басқалар сияқты бірқатар жергілікті компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.Анықтама: 2024 ж. 3 желтоқсанда Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Норвегияның Шығыс сауда-өнеркәсіп палатасы арасында Қазақстан-Норвегия Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол қойылды. Іскерлік кеңес екі елдің компанияларын біріктіру үшін платформа жасайды, кәсіпкерлерге сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жолға қоюда және дамытуда практикалық көмек көрсетеді.Құрылымның мақсаты – екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыстар мен диалог орнату, экономикалық жобаларды іс жүзінде ілгерілетуге жәрдемдесу, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары бойынша ұсынымдар мен сараптамалық бағалаулар дайындау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-oslo/press/news/details/974885?lang=kk
Сіздерді жәрмеңкеге шақырамыз! 12.04.2025
2025 жылғы 12 сәуірде Қостанай қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкенің өтетін орны: Қостанай қ., Қарбышев к-сі, 131, "Саяхат" базары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/974877?lang=kk
"Salyq кэшбэк" пилоттық жобасы БҚО-да 12.04.2025
Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы 15 наурыздан бастап «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы кеңеюі туралы хабарлайды. Жоба  микро- және шағын бизнес субъектілері берген бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақылар төлеуге бағытталған2025 жылдың 15 сәуірінен бастап жобаға қосылады:- Шал ақын ауданы, им. Ғ. Мүсірепов, Айыртау, Тайынша, Жамбыл аудандары (Солтүстік Қазақстан облысы);- Есіл ауданы (Ақмола облысы);- Бөрлі ауданы (Батыс Қазақстан облысы);- Қарағанды қ. (Қарағанды облысы). Естеріңізге сала кетейік, жоба 2025 жылдың 15 наурызынан бастап келесі өңірлерде жұмыс істейді:- Өскемен қаласы (Шығыс Қазақстан облысы);- - Жітіқара ауданы (Қостанай облысы);- Жақсы, Аршалы және Астрахан аудандары (Ақмола облысы). "Salyq кэшбэк" жобасына кез келген адам қатыса алады. Ол үшін  қажет:Тауарларға немесе қызметтерге ақы төлеу кезінде фискалдық чек алыңыз;"Amian" арнайы мобильді қосымшасындағы чектен штрих-кодты сканерлеңіз және сатып алу сомасының 2% мөлшерінде кэшбэк алыңыз.Алынған қаражатты банк картасына аударуға немесе ұялы телефонның балансына аударуға болады.Сыйақыларды есептеуді "It Analytics" ЖШС операторы App Store және Google Play дүкендерінде тегін жүктеп алуға болатын "Amian" мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырады.Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды тұтынушылық құқықтарын қорғау үшін бақылау-кассалық машиналарды тексеруді талап етуге шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zko/press/news/details/974866?lang=kk
Қостанайда облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен қаланы абаттандыру және экология мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс өтті 12.04.2025
Қостанай қаласында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың, қала басшылығы мен жауапты салалық мекемелердің қатысуымен қаланы абаттандыру және экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру. Бұл бастама елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастырудың жаңа стратегиялық бағытына айналды.«Таза Қазақстан – бұл сән үшін жасалған шара емес, бұл – жаңа қоғамдық стандарт. Біз бәрін өз ауламызды тазалаудан, ағашқа күтім жасаудан, жасыл саябақтардан бастауымыз керек. Экологиялық мәдениет – бұл өмір сүру дағдысы болуы тиіс», – деді Құмар Ақсақалов отырысты ашқан сөзінде.Ауқымды абаттандыру жұмыстарыОблыс әкімінің айтуынша, 2025 жылы өңірлік бюджеттің 37%-дан астамы облыс орталығын дамытуға бағытталады. Тек қана қалалық инфрақұрылымды жақсартуға 17,1 млрд теңге бөлінген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға көп.Қоғамдық кеңістіктерді дамыту – басты назарда. Биыл Қостанайда жалпы аумағы 93,5 гектарды құрайтын 7 саябақ пен 3 сквер абаттандырылуда. Бұрынғы ауыл шаруашылығы институты маңында ауданы 4 гектар болатын отбасылық саябақтың құрылысы басталды. Жұмыстар мешіт аумағын да қамтиды. Сонымен қатар, Құнай шағын ауданында, Притобол паркінде, Орталық скверде және басқа да орындарда жаңа демалыс аймақтары пайда болады. Темірбаев пен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында жаңа сквер салынады.«Біз тек саябақ салмаймыз, біз жаңа тартылыс нүктелерін қалыптастырамыз. Ең бастысы – оларды сапалы күтіммен қамтамасыз ету. Бұл – тек коммуналдық қызметтердің емес, бизнестің де, әрбір тұрғынның да ортақ жауапкершілігі», – деді Құмар Ақсақалов.Экология және көгалдандыруКеңесте көгалдандыру мәселесі де кеңінен талқыланды. 2025 жылы облыс бойынша 52,7 мың ағаш отырғызу жоспарланса, соның 3 168-і Қостанай қаласында отырғызылады. Қаладағы көгалдандыру жұмыстарына 970,1 млн теңге қарастырылған, оның бір бөлігі жасыл желектерге күтім жасауға бағытталады.Облыс әкімі ағаштардың сауатты күтімсіз «кронировка» деген желеумен кесіліп жатқанын сынға алып, мұндай тәжірибені тоқтатуды тапсырды. Енді ағаштың тәжін қалыптастыру тек қажет болған жағдайда, мамандардың қадағалауымен ғана жүргізілетін болады. Сондай-ақ, қала шекарасындағы барлық ағаштарды түгендеп, олардың жағдайын бақылап, арнайы күтім жасау үшін жасыл желектерге күтім жасайтын жеке құрылым құру тапсырылды.«Ағаш отырғызу – жақсы іс. Бірақ оны сақтау, күту – нағыз болашаққа қамқорлық. Бізге маусымдық гүлдер емес, көпжылдық, төзімді өсімдіктер қажет», – деді Құмар Ақсақалов.Заманауи аулалар мен балалар инфрақұрылымыБиыл Қостанай қаласының 39 ауласында балалар және спорт алаңдары орнатылады. Бұл мақсатқа 1,3 млрд теңге бөлінген. Барлық алаңдар қауіпсіздік талаптарына сай, сапалы материалдардан жасалады.«Қазіргі заманғы аула – тек ойын алаңы емес. Бұл – көршілер араласатын, балалар ойнайтын өмір орталығы. Онда жайлылық пен қауіпсіздік басты орында болуы тиіс», – деді облыс әкімі.Қалалық тәртіп – баршаға ортақ міндетКеңесте кәсіпорындар, мекемелер мен сауда нысандары маңындағы аумақтарды күтіп-ұстау мәселелері де көтерілді. Құмар Ақсақалов Костанай облысы елді мекендерінің абаттандыру ережелеріне өзгерістер енгізуді, бизнес субъектілерінің жауапкершілік аумағын тротуарлар мен жолдарға дейін кеңейтуді тапсырды.Сонымен қатар, қалдықтарды, құрылыс және ірі габаритті қоқысты шығару мәселесі де қаралды. Аталған сала кәсіпкерлік үшін бос тұрған перспективалы бағыт ретінде қарастырылуда. Қазірдің өзінде қалада пластик, резеңке, қағаз өңдейтін 5 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. 2026 жылы 7 млрд теңгеге қағаз қалдықтарын терең өңдейтін инвестициялық жоба басталады.Қаланың тазалығына бақылау күшейтіледі. Қала аумағы учаскелерге бөлініп, әр учаскеге нақты жауапты ұйымдар бекітіледі. Арнайы штаб тұрақты мониторинг жүргізеді. Контейнерлік алаңдарға бейнебақылау камераларын орнату арқылы бақылау жүйесі енгізіледі.«Экологиялық мәдениет – бұл жылына бір рет сенбілікке шығу емес. Бұл – күнделікті таңдау, өмір салты. Тек қана тәртіпке деген нөлдік төзімділік бізді нағыз тәртіпке жеткізеді. «Таза Қазақстан» – бұл біздің ұрпағымызға қалдыратын мұрамыз. Біз олар өз қаласымен мақтанатындай етіп жұмыс істеуіміз керек», – деп түйіндеді Құмар Ақсақалов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/974855?lang=kk
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру жөніндегі комиссиясының отырысы. 12.04.2025
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру жөніндегі комиссиясының отырысы 21.04.2025 жылы сағат 15:00-де Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ғимаратының мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 10, 1қабатта өтеді.«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыруға рұқсаттар беру және (немесе) ұзарту қағидалары мен шарттары» 2-тарауының 11-тармағына сәйкес Комиссия отырысына жұмыс беруші немесе оның өкілі өз қалауы бойынша қатыса алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/979092?lang=kk
АСТАНА ҚАЛАСЫНДА VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУ-МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ КОНГРЕСС ЖӘНЕ «ASTANA MINING & METALLURGY» – АММ-2017 ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ 12.04.2025
"ТМК үшін стратегиялық өсу драйверлері" пленарлық отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин және "Астана" Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов сөз сөйлейді. Саланың проблемалары мен келешектерін бөлек өндірістер жағынан "Полиметалл УК" АҚ президенті Игорь Финогенов, «Kazzinc Holdings» ЖШС Директорлар Кеңесінің төрағасы Никола Попович, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры Парамжит Калон және ATK Holdings бас директоры Абдумалик Мирахмедов ұсынады.АММ-2017 күн тәртібін делегаттарға өз құттықтау хатында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек белгілеп берді. "Конгресс "Жер қойнау және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінің жаңа жобасымен екіжылдық жұмыс істеу қорытындыларын шығаруға, инвестицияларды тау-металлургиялық кешенге тарту бойынша жоспарларды белгілеуге және «Индустрия 4.0» ағымдағы әлемдік тренді аясында ең перспективалық инновациялық өнімдер мен технологияларды енгізу мүмкіндігін қарауға арналған".Инвестициялар және даму министрлігі бастамашылық еткен "Нарық көшбасшылары. Даму стратегиялары" форумының бірінші сессиясында саладағы ірі сала кәсіпорындарының, салалық бірлестіктерінің басшылары және шетел сарапшылары ТМК жағынан «Жаңғырту 3.0»-ді, нарықтың инвестициялық болжалдары мен үрдістерін талқылайды. Сессия күн тәртібінде - ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаевтың, "Республикалық Тау-кен және тау-металлургиялық кәсіпорындары ассоциациясы" ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовецтің, «KAZMinerals Management» ЖШС басқарма төрағасы Эльдар Мамедовтың, "Казақмыс Корпорациясы" Басқарушы кеңесінің бас директоры Бахтияр Крыпкпышевтың, Global Mining Corporation президенті Кейт Спенстің және Boston Consulting Group директоры Андрей Новицкийдің баяндамалары.Конгресстің екінші сессиясы геологиялық барлаудың инвестициялық әлеуетіне арналған. Делегаттарға ірі инвесторлардың қаржы жағдайына шолу және Қазақтандағы жобаларға қойылатын талаптар және тау-кен компанияларды АХҚО биржасы арқылы қаржыландыру механизмдері ұсынылады. CRIRSCO-ға мүшелік еткен бірінші жылдың қорытындылары жайлы өз сөзінде KAZRC атқарушы директоры Сәуле Оразаева тоқталып өтеді.АММ үшінші сессиясы Жаңғырту және Индустрия 4.0 қамқорлығымен өтеді. Қазақстандағы ТМК цифрлендіру туралы "Инновациялық технологиялар паркі" АКҚ бас директоры Санжар Кеттебеков әңгімелейді. ТМК-дегі шетелдік цифрлендіру тәжірибесін Chemtech Siemens бизнесті дамыту бойынша инженері Бернардо Мариньо (Бразилия) ұсынады.АММ-2017-нің көрмелік бөлігі дәстүрдегідей ТМК арналған ең жаңа жабдықтар, кәсіпорындарды басқару және өндірістік қауіпсіздік саласындағы инновациялық технологиялық және бағдарламалық шешімдерді, сала үшін аудиторлық және консалтинг қызметтерін ұсынады. Сонымен қатар көрме аясында "Қазақстандағы Австралия ТМК күндері" презентациялар сериясы өтеді.Биылғы жылдың экспозициясында ерекше орынды АММ инновациялық әріптесі - "Инновациялық технологиялар паркі" АКҚ-ның START UP Projects area алаңы алады, мұнда «Индустрия 4.0» қазақстандық және шетелдік стартаптары ұсынылатын болады. Бұдан басқа, Конгресс делегаттары үшін "ИТП" «Индустрии 4.0. ТМК кәсіпорындарында деректерді тереңдетілген талдау және аддитивтік технологияларды енгізу» семинарын өткізеді.АММ-2017 дөңгелек үстелдерінің бағдарламасы саланың ағымдағы мәселелерін талқылауға бағытталған: ТМК үшін жоғары білікті инженерлік-техникалық кадрларды даярлау, тау-кен кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстанда зергерлік өндірісті дамыту, пайдалы қазбалар кен орындарын тиімді іздеу негізі ретінде аймақтық геологиялық-түсіру жұмыстары. Сонымен қатар дөңгелек үстелдер форматында "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің тұжырымдамалық сұрақтары және Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ Болат комитетіне кіруі тұрғысынан қара металлургиядағы мемлекеттік саясаты талқыланатын болады.АММ-2017 аясында «Алтын Гефест» Ұлттық салалық сыйлығымен марапаттау салтанатты рәсімі өтеді. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі сала озаттарын бағалау және қазақстандық компаниялардың қоғамдағы жетістіктерін көпшілікке тарату мақсатында құрған сыйлықты биыл сегізінші рет табыстайтын болады.2018 жылы өтетін 25-ші Дүниежүзілік Тау Конгресін өткізу үшін дайындау алаңы ретінде, АММ-2017 халықаралық салалық байланыстарды кеңейтуіне бастамашылық етті. Осылайша, АММ жұмысына Австралия, Бразилия, Ұлыбритания, Иран, Канада, Норвегия, Ресей, Сауд Арабиясы, Франция және басқа елдерден келген делегациялар қатысатын болды. Сондай-ақ 25-ші Дүниежүзілік Тау Конгресін қолдап, оған белсене қатысатынын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), ISSA Mining және Дүниежүзілік Көмір Ассоциациясы растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/24982?lang=kk
«Сезім мүшелері арқылы әлемді тану» атты инклюзивті тренинг ұйымдастырылды 12.04.2025
Сервис және технология колледжінің жатақханасында ерекше форматтағы инклюзивті тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараны «A&A: IT-services & Education» ұйымы мен Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің кітапханашылары бірлесе өткізді.Тренингке колледж студенттері белсене қатысып, көру қабілеті шектеулі жандардың әлемді қалай сезінетінін түсінуге мүмкіндік алды.Іс-шараның басты мақсаты – қатысушыларға сезім мүшелері арқылы ақпаратты қабылдаудың маңыздылығын көрсету, көру қабілеті шектеулі жандардың әлемді қалай қабылдайтынын түсіндіру және эмпатияны дамыту.Тренинг үш кезеңнен тұрды:1-кезең: Суреттегі екі бейнені табуҚатысушыларға көру арқылы берілген суреттерден жасырын бейнелерді табу тапсырылды. Бұл кезең зейін мен байқағыштықты арттыруға бағытталды.2-кезең: Дыбыстарды тыңдап, есте сақтауТүрлі дыбыстарды тыңдау арқылы олардың айырмашылықтарын анықтау, әрі сол дыбыстарды есте сақтап, қойылған сұрақтарға жауап беру талап етілді. Бұл есте сақтау мен есту қабілетін дамытуға көмектесті.3-кезең: Саусақ ұшымен сезу арқылы тануҚатысушылар көзін жұмып, тек қолдың ұшы арқылы арнайы дайындалған тактильді (рельефті) суреттерді анықтауға тырысты. Бұл тапсырма сезу қабілетін дамытып, тактильді танудың мүмкіндігін көрсетті.Іс-шара соңында қатысушылар терең әсер алып, көру мүмкіндігі шектеулі жандардың әлемін жүрекпен түсінуге тырысты. Осындай тренингтер қоғамда мейірімділік пен түсіністік орнатуға жол ашады.    Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/974816?lang=kk
Афинада Қазақстанмен ғылыми-академиялық ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері талқыланды 12.04.2025
Афина, 2025 жылғы 10 сәуір – Афина қаласындағы Ұлттық және Каподистрия университетінде Қазақстанның Грециядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожиннің Университеттің академиялық мәселелер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, профессор София Папаиоаннумен кездесуі өтті.Кездесу барысында Афина университеті мен Қазақстанның жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми-академиялық ынтымақтастықты дамыту келешегі талқыланды.Атап айтқанда, грек тарапы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен әріптестік орнатуға мүдделі екенін білдірді. Ынтымақтастық аясында оқытушылар мен студенттер алмасудан бастап бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге және халықаралық пен еуропалық жобаларды іске асыруға дейінгі кең ауқымды бастамалар қолға алынатыны атап өтілді.Сондай-ақ ынтымақтастық шеңберінде Аристотель мен Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фараби мұрасына арналған бірлескен ғылыми конференцияларды өткізу, ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру және Қазақстан мен Грекия арасындағы ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтуға бағытталған басқа да іс-шаралар жоспарланып отыр. Тараптар бұл қадамдардың ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға және білім мен ғылым саласында жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал ететініне сенім білдірді.Анықтама: Афинадағы Ұлттық және Каподистрия университеті (НКУА) – Еуропадағы ең көне жоғары оқу орындарының бірі, 1837 жылы құрылған. Грекиядағы ең ірі университет ретінде ол бакалаврдан бастап докторантураға дейінгі білім берудің барлық деңгейінде көпсалалы оқу бағдарламаларын ұсынады, сондай-ақ гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдары және медицина бағыттары бойынша ауқымды зерттеулер жүргізеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/974774?lang=kk
Шеңгелді ауылында медициналық нысан қолданысқа берілді 12.04.2025
Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылында «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жасалып, медициналық нысан қолданысқа берілді.Амбулаторияның ашылу салтанатына Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мен Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанова қатысып, тұрғындарды айтулы күнмен құттықтады. Медициналық нысан бір ауысымда 100 адамды қабылдай алады.Мекемеде медициналық және профилактикалық тексерулер және ерте диагностика бойынша қызметтер көрсетіледі. Енді Шеңгелді ауылдық округіне қарасты алты елдімекеннің 7 мыңға жуық тұрғыны қажетті медициналық көмекті алу үшін амбулаторияға жүгіне алады. Мұнда жалпы практика дәрігерлері, педиатр, балалар тіс дәрігері, мейірбикелер мен кіші мейірбикелер жұмыс істейді. Ал дәрігер-гинекологтар Қонаев қаласынан келіп, кестеге сай қызмет етеді.Шұғыл жағдайлар болса, науқастар бірден қалаға жөнелтіледі. Амбулатория УДЗ, лаборотория, рентген секілді озық техникалармен жабдықталған. Бұл Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам. Әрбір азаматтың заманауи медициналық көмекке қол жеткізуі үшін ауылдық жерлерде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуды одан әрі жалғастыру жоспарлануда. Сонымен қатар бұл күні халық Наурыз мерекесін тағы да атап өтіп, киіз үй тікті, ақ дастархан жайды. Олар бір-бірін жылдың жақсы басталуымен құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.«Бұрын осы жерде өзім де қызмет еткенмін. 1970 жылдары іргесі қаланған нысан бүгінде жаңғыртылып, елге қызмет ету үшін ашылды. Өте қуаныштымын. Ауылымызда жақсы жаңалық көп болып, қарыштап-дами берсін!» – деді тұрғын Қарлығаш Қосбаева. Ал Қонаев қаласының өнерпаздары халыққа шағын концерттік бағдарлама ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/974771?lang=kk
КС Аппараты қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы айтылды 12.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Конституциялық Сотта Аппарат қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Шараны Әдеп жөніндегі уәкіл Салтанат Нұрымбетова Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Жазира Жылқышиевамен бірлесіп ұйымдастырды. Семинар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне және мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шараларға арналды.Шара барысында қатысушыларға Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаттары мен шараларын реттейтін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның басты ережелері еске салынды. Сонымен қатар 2022–2026 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы талқыланды.Сондай-ақ, семинарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес механизмдері, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен мемлекеттік органдардың әртүрлі деңгейлеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға арналған ішкі талдау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, мүдделер қақтығысы және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне әсері талқыланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/974741?lang=kk
Қазақстан мен Пәкістан тоқыма хабтары арасындағы ынтымақтастықты дамытуда 12.04.2025
Исламабад, 2025 жылғы 11 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның тоқыма астанасы Файсалабад қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Рехан Назим Бхарар мырзаны қабылдады.СӨП президентімен кездесу барысында, Елші Қазақстанда бизнес жүргізу үшін іскерлік мүмкіндіктер, оның ішінде жеңіл өнеркәсіп саласындағы елеулі әлеует туралы айтып берді.Сонымен қатар, Елші Е.Қыстафин екі ел арасында, атап айтқанда өңірлік деңгейде сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етті.Өз тарапынан Рехан Назим Бхарара мырза Пәкістанның тоқыма астанасының бизнес-қоғамдастығының Қазақстанмен сауда-инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін, сондай-ақ екіжақты іс-шараларға қатысу ниетін растады.Кездесу қорытындысы бойынша бизнес-делегацияның Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға, сондай-ақ Шымкент және Файсалабад қалаларының сауда-өнеркәсіп палаталары арасында онлайн және офлайн кездесулер өткізуге уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/974729?lang=kk
Кавказда және Орталық Азиядағы үйірлі шегірткелердің үш түрі бойынша нұсқаулық 12.04.2025
СкачатьАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/974714?lang=kk
Тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу 12.04.2025
2025 жылдың 9 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен барлық көлік түрлерімен тауық жұмыртқаларын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 040721) әкелуге 6 ай мерзімге уақытша тыйым салу енгізілді.Тыйым тауық жұмыртқаларының Қазақстан аумағы арқылы транзитіне, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан біздің еліміздің аумағы арқылы ЕАЭО-ға мүше екінші мемлекеттің аумағына өтуіне қатысты қолданылмайды.Тауықжұмыртқасынимпорттауғауақытшатыйым көктемгі-жазғыкезеңдеотандық тауар өндірушілерді қолдаумақсатындасалынды. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/974652?lang=kk
"Ұлттық құрылтай: алдағы мақсаттар мен міндеттер" тақырыбында дөңгелек үстел өтті 12.04.2025
Қызылордада ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Ұлттық құрылтай: алдағы мақсаттар мен міндеттер» атты дөңгелек үстел өтті.Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталып, Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысын 2026 жылы Сыр өңірінде өткізудің маңыздылығын атап өтті.«Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиында қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті. Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы деп білеміз», - деді Н.Нәлібаев. Мемлекет басшысының, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірі байыпты бастамалардың, жасампаз жобалардың ордасына айналды. Өңір барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада алдыңғы қатарда. Облыс бюджеті 750 млрд теңгеден асты. Осыдан үш жыл бұрын 364 млрд теңге болатын. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде өсім 206 пайызды құрады. Бұл ауқымды қаражат ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды. Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы салынуда. Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы құрылысқа 137 млрд. теңгеден астам инвестиция құйып, жұмыстың 70 пайыздан астамын аяқтады. Қыркүйек айында аймақ үшін ерекше маңызы бар нысан ел игілігіне беріледі. Президент тапсырмасына сәйкес, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында Катарда өткен үкіметаралық келісім шеңберінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 892 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Мегажоба 2028 жылы толығымен іске қосылады деп жоспарлануда.Жиында ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы сөз сөйледі. Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ұлттық құрылтай мүшесі Қылышбай Бисенов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова, көпбейінді қалалық аурухананың бас дәрігері Нуридин Амитов, “Анаға тағзым” орталығының директоры Алтынай Молжанова пікір білдірді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/974612?lang=kk
«Екі сазгер-бір өнер» атты Нұржан Ахметбек пен Гүлнұр Нұрасылованың ерекше форматтағы батл концерті өтті! 12.04.2025
Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының концерт залында «Екі сазгер-бір өнер»  атты Нұржан Ахметбек пен Гүлнұр Нұрасылованың ерекше форматтағы батл концерті өтті!Кеш жүргізушісі - Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Арнұр Әлімжанұлы.Кеш қонақтары - Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Бақытгүл Абенова және «Күреңбел» триосы. Кеш аясында «Сағыныш», «Махаббат балладасы», «Сен үшін келген қала», «Ауылға ана келе жатырмын», «Талдықорған - Жетісудың қаласы" және тағы басқа таңдаулы әндер орындалды. Кешке келген өнер сүйер қауым Нұржан Ахметбек пен Гүлнұр Нұрасылованың шығармаларын тыңдау арқылы, ерекше атмосфераға бөленді.Әр концерттік бағдарламасын көрерменге ерекше дайындықпен ұсынатын Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының бүгінгі кешінің де тыңдарман үшін ерекше өткенін, концерт соңында өнерпаздарымызға деген  ыстық қошеметтен білуге болады.Бізбен бірге болған баршаңызға алғыс айтамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/974585?lang=kk
"Қазақстан халқына" қорының демеушілігімен спорт клубы жабдықталды 12.04.2025
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергеновпен бірге Айдарлы ауылында «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен жабдықталған спорт клубтың жұмысымен танысты. Аудан басшысы спорттық нысандағы жаттығу залдары мен секцияларды аралап көрді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей бастамасымен денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу мақсатында құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы ауқымды жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен қоғамдық қормен тығыз байланыс орнатылып, өңірімізде бірлескен үлкен жобалар қолға алынған. Кеше ғана облыс орталығында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен бой көтеретін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды. Жалпы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры аймағымызда 7 млрд. 150 млн теңгенің жобаларын жүзеге асыруда. Соңғы екі жылда өңірдің денсаулық сақтау саласына 4 млрд. 800 млн. теңге қаржы бағытталды. Оның қатарында ауданға қарасты Айдарлы ауылында спорт клубқа спорттық құрал-жабдықтар алынып, бөлмелер жабдықталды, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Елді мекенде бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстар туралы ауыл әкімі Нұрбол Жұмабеков ақпарат берді. 2024 жылы босаған ескі балабақша ғимараты жеке кәсіпкердің демеушілігімен 3,5 млн. теңгеге спорт клубына лайықтандырылған. Өткен жылы «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен, «Батыр боламын» қоры арқылы 8,8 млн. теңгеге спорттық құрал-жабдықтар, оның ішінде үстел теннисі жиынтығы, жаттығу құралдары, спорттық киімдер, қабырғаға және жерге төсеуге арналған матрастар алынған. Нәтижесінде, спорт клубы ішінде еркін күрес, бокс, шахмат, теннис үйірмелеріне арналған арнайы бөлмелер жабдықталды. Қазіргі таңда аталған спорт клубында 50 бала спорт секцияларына тұрақты қатысуда. Сонымен қатар, елді мекен тұрғандары үшін де спорт клубы жаттығу жұмыстарын жасап, салауатты өмір салтына баулуға үлкен септігін тигізуде.Аудан әкімі атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта да демеушілік есебінен спорт саласын дамыту, сондай-ақ спорт клубтарын жандандыру бағытында жүйелі жұмыстар атқару керектігін атады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/974567?lang=kk