Тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу
12.04.2025 04:57:52 18612025 жылдың 9 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен барлық көлік түрлерімен тауық жұмыртқаларын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 040721) әкелуге 6 ай мерзімге уақытша тыйым салу енгізілді.
Тыйым тауық жұмыртқаларының Қазақстан аумағы арқылы транзитіне, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан біздің еліміздің аумағы арқылы ЕАЭО-ға мүше екінші мемлекеттің аумағына өтуіне қатысты қолданылмайды.
Тауықжұмыртқасынимпорттауғауақытшатыйым көктемгі-жазғыкезеңдеотандық тауар өндірушілерді қолдаумақсатындасалынды.
Павлодар облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/974652?lang=kk