Қоғам
Бюджетке төлемдер жасау кезінде жаңа талаптар 12.04.2025
2025 жылғы 13 қаңтардан бастап Қазақстанда Қазақстан Ұлттық Банкінің жүзеге асыруымен ISO 20022 халықаралық стандартты төлем хабарламаларының форматы енгізілді. Өтпелі кезең елдің төлем жүйелерін, екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелерін және басқа төлем нарығының қатысушыларын қамтиды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Ұлттық Банкінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 Қаулысымен бекітілген) өзгерістер енгізілді, сондай-ақ бюджетке төлемдер жасау үшін жаңа төлем тапсырмасының формасы бекітілді. Негізгі өзгеріс – жаңа «Нақты төлеуші» графасы.Салықтар мен төлемдердің бюджеттің дұрыс есепке алынуы үшін оны толтыру тәртібіне назар аударамыз: Заңды тұлғалар өздерінің құрылымдық бөлімшелері үшін салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеген кезде жиынтық төлем тапсырмасының «Нақты төлеуші» бағанында тиісті құрылымдық бөлімшенің атауы мен БСН көрсету қажет. Сот орындаушылары борышкерлердің міндеттемелері бойынша төлемдерді аударған кезде төлем тапсырмасының «Нақты төлеуші» бағанында борышкердің ТАӘ және ЖСН көрсету қажет.Маңызды! «Нақты төлеуші» графасында мәліметтердің дұрыс көрсетілмеуі қаражаттың дұрыс есепке алынбауына және қарыздың пайда болуына әкелуі мүмкін. Ұсыныстар:Ұлттық Банк талаптарын төлем тапсырмаларын толтыруда қатаң сақтаңыз.Кез келген сұрақтар туындаған жағдайда – екінші деңгейлі банктерге жүгініңіз. Салық төлеушілерді төлем құжаттарын рәсімдеу кезінде мұқият әрі жауапты болуға шақырады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/974228?lang=kk
Мектептегі тиімді білім беру: менторлық, технологиялар және тең мүмкіндіктер 12.04.2025
Алматыда мектептегі білім берудің болашағына арналған халықаралық конференция өтті: менторлық, технологиялар және тең мүмкіндіктерХалықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (IITU) «Мектептегі тиімді білім беру: менторлық, технологиялар және тең мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, сондай-ақ Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU), БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мен Akelius Foundation қорының қатысуымен ұйымдастырылды.Конференция гибридті форматта өтіп, офлайн және онлайн режимде сарапшыларды, педагогтарды, зерттеушілерді және білім беру ұйымдарының өкілдерін біріктірді. Іс-шара қазіргі заманғы мектептегі білім беру жүйесінің цифрландыру, миграциялық үдерістер және инклюзивті тәсіл жағдайында тап болатын негізгі сын-тегеуріндері мен мүмкіндіктерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.Конференция аясында қатысушылар тілдік сауаттылық, цифрлық шешімдер және тиімді менторлық тәжірибелерге қатысты практикалық және стратегиялық мәселелерді қарастырды. Ерекше назар IITU мен ЮНИСЕФ-тің 2021 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан Akelius жобасына аударылды. Жоба миграциядан зардап шеккен балалардың цифрлық дағдылары мен тілдік сауаттылығын дамытуға бағытталған және білім берудегі инновациялық үлгі ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.IITU ректоры, профессор Асылбек Исахов конференцияның ашылуында сөйлеген сөзінде былай деп атап өтті:«Қазіргі заманғы білім беру – бұл жай ғана білім беру үдерісі емес, ол мәдениеттерді біріктіретін және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қуатты құрал. Akelius жобасы – технологиялардың білім беру ортасын қалай өзгертіп, оны қолжетімді әрі инклюзивті ете алатынының жарқын мысалы».Конференция жоғары оқу орындары, мектептер және халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған жаңа әдістемелер мен цифрлық шешімдерді әзірлеуде маңызды қадам болды.Ұйымдастырушылар конференция қорытындылары Қазақстанда және одан тыс жерлерде мектептегі білім сапасын арттыруға, сондай-ақ жаңа әріптестікке, жобалар мен бастамаларға жол ашатынына сенім білдіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/974211?lang=kk
Бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасын қайта бастау туралы 12.04.2025
💠 Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментi микро- және шағын бизнес субъектілері берген бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақылар төлеуге бағытталған 2025 жылғы 15 наурызда басталатын «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасының қайта жаңғыртылатыны туралы хабарлайды.«Salyq кэшбэк» жобасының бірінші кезеңі оң нәтиже көрсетті: берілген чектердің саны 2 есеге артты, ал осы чектер бойынша сомма 32%-ға өсті (2024 жылғы 2 жартыжылдық 2023 жылғы 2 жартыжылдықпен салыстырғанда, жоба Семей қаласында, Абай облысында және Ақкөл ауданында іске асырылды).💠"Salyq кэшбэк" жобасының бірінші кезеңі оң нәтиже көрсетті: чектер саны 2 есеге артты, ал бұл чектер бойынша сома 32%-ға өсті (2024 жылғы 2 жартыжылдық 2023 жылғы 2 жартыжылдыққа, жоба Семей қаласында, Абай облысында және Ақмола облысы Ақкөл ауданында жүргізілді).Жобаның екінші кезеңінде оны іске асыру мына аумақтарды қамтиды:- Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан облысы;- Жетіқара ауданы, Қостанай облысы;- Жақсы ауданы, Ақмола облысы;- Аршалы ауданы, Ақмола облысы.💠 «Salyq кэшбэк» жобасына кез келген адам қатыса алады. Ол үшін тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу кезінде (қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз тәсілмен де) фискалдық чек алу, «Amian» арнайы мобильді қосымшасындағы чектен штрих-кодты сканерлеу және сатып алу сомасының 2% мөлшерінде сыйақы алу қажет.Сыйақылар «IT Analytics» ЖШС операторы арқылы «Amian» мобильді қосымшасын пайдалана отырып есептеледі.«Amian» қосымшасын App Store және Google Play-да тегін жүктеуге болады.Мемлекеттік кірістер Департаментi кәсіпкерлерді бақылау-касса машиналарды белсенді қолдануға және әрбір сатып алушыға фискалдық чектер беруге шақырады, бұл тұтынушы құқығын қорғауға және мемлекеттік бастамаларды қолдауға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/974206?lang=kk
Конституциялық Сот: азамат сот арқылы қорғалу құқығын тиісті түрде пайдаланбады 12.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Конституциялық Сотқа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 102-бабы екінші бөлігінің және 138-бабы екінші бөлігінің 11) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініш түсті. Көрсетілген нормалар әкімшілік істердің соттылығын айқындайды және соттың талап арызды қайтару негіздерін көздейді.Бірінші сатыдағы сот өтініш берушінің мемлекеттік мекемеге қатысты талабын қайтарды. Апелляциялық және кассациялық органдар бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.Өтініш беруші талап қоюды аталған нормалар негізінде қайтару оны сот арқылы қорғалу құқығынан айырды деп санайды, өйткені соттар өздерінің сот актілерінде өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін қай сотқа жүгіну керектігін көрсетпеді.Конституциялық Сот өтініш берушінің талабы Кодекстің 133 және 134-баптарына сәйкес мәжбүрлеу немесе әрекет жасау туралы талаппен соттарға жүгіну арқылы жүзеге асырылуы мүмкін екендігіне назар аударды.Конституциялық Сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша өтініш беруші келтірген дәлелдерді дауланып отырған норманың Конституцияға сәйкестігін тексеру үшін жеткіліксіз деп таныды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/974193?lang=kk
Үлкен Нарын ауданының «Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ң 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі қызметінің қорытындысы туралы 12.04.2025
Үлкен Нарын ауданының «Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ң 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері жөніндегі қызметінің қорытындысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету электрондық қызметтер порталы арқылы қызметтер алу есебінен сыбайлас жемқорлықты төмендету факторларының бірі болып табылады."Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 16/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтің ресстрге сәйкес, «Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді."Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру"" Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру""Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу""Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату""Жер учаскесін алу үшін кезекке қою".2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 35 (Жеке тұлғаларға - 32, заңды тұлғаларға 3) құрады, оның ішінде баламасыз қағаз нысанда – 2. 35 баламалы мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:- қағаз түрінде – 2 (5,7%);-«Азаматтарға арналған үкімет» МК арқылы - 26 (74,3%);- электрондық форматта «Е-Лицензиялау» МДҚ веб-портал арқылы - 7 (20%):Аталған кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ. 01.01.2025 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ.Бұрыштар мен орталықтар «Электрондық үкімет E-Gov» порталында қолжетімді мемлекеттік қызметтердің 180 –нен астам түрін, төлемдердің 60 түрін көрсетеді. Бүгінгі таңда барлығы 47 680 сервис пен қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың хабардар болу деңгейін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі: семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар, жәрмеңкелер және өзге де іс-шаралар өткізілді. Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтер паспорттары, оларды көрсету және шағымдану тәртібі туралы ақпарат, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы есептер орналастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-ulken-naryn/press/news/details/974131?lang=kk
Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары Жеңіс парадына қатысуға елордаға келді 12.04.2025
Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының салтанатты есептобына ең лайықты деген курсанттар іріктелді.Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруге қатысу үшін әскери институттың 127 курсанты мен екі офицері Астанаға келді. Оқу орнының саптық плацында үш ай бойы күн сайын қарқынды жаттығулар өткізілді. Енді саптық тәсілдерді одан әрі шыңдау елорданың жаттығу алаңдарында жалғасады. Әрбір курсант әскери шеруге қатысуды болашақ офицердің өміріндегі маңызды кезең екенін жақсы түсінеді. Бұл жай ғана жаттығу немесе кәсіби дайындықтың көрінісі емес. Еліміздің бас алаңында әскерлердің салтанатты сап түзеуі Ұлы Отаны соғысы майдандарында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ата-бабаларымызға құрмет болмақ.Мәселен, курсанттар Руслан Дарханов пен Алмас Айтқанның аталары Дархан Мыңбаев пен Оразай Мұсақов майдангерлер. Бірі Украина, енді бірі Калинин майданында соғысқан. Екеуі де бүгінгі тарихи оқиғаға қатысу мүмкіндігін иеленгенін ерекше мақтан етеді.Құрлық әскерлері әскери институты 3-батальонының командирі подполковник Жасұлан Сейітқазин екінші, үшінші курс курсанттары Жеңіс шеруіне қатысушылар ретінде оқу орнының тарихына енеді деп есептейді. Ол қарамағындағылар өз міндеттерін сәтті орындайтынына сенімді, өйткені Жеңіс шеруіне қатысу – көптің арманы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/974118?lang=kk
Қарағандыда Ұлы Отан соғысы ардагерінің 100 жылдық мерейтойы атап өтілді 12.04.2025
Теміржолшылардың мәдениет сарайында майдангер Григорий Петрович Степенконың ғасырлық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерейтой иесін құттықтауға Қарағанды облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ауған жауынгерлері, сондай-ақ қала мектептері мен колледждерінің оқушылары келді.Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары подполковник Еркебұлан Мұстағұлов ардагерге арнап сөз сөйлеп, Қорғаныс министрінің атынан құттықтау хатын тапсырды.– Жанымызда тарихтың тірі куәгерінің жүруі біз үшін үлкен мәртебе. Келер ұрпақ үшін сіз батылдықтың үлгісісіз. Аға буын бостандыққа жету үшін аянған жоқ. Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын және зор денсаулық, ұзақ өмір, рухани байлық тілеймін, – деді подполковник Еркебұлан Мұстағұлов.Іс-шара аясында мерекелік концерт өтті. Жүрекке жылы алғыстар, бейбітшілік пен амандық тілеген сөздер айтылды. Мерейтой иесіне гүлдер, естелік сыйлықтар беріліп, жеңіске қосқан үлесі үшін ризашылықтарын білдірді. Григорий Петрович жас ұрпаққа аманатын айтты.– Қашанда өздеріңе және ел қорғауда мықты болыңдар. Бейбітшілік үшін құрбан болғандарды, өткен тарихты ұмытпай, құрмет көрсетіп, абыроймен өмір сүріңдер. Бұл жеңіс бізге қандай күреспен келгенін білеміз және жадымызда сақтаймыз, - деді қария. Григорий Петрович Степенко 1925 жылы 10 сәуірде Воронеж облысының Нижний Ровинка ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Павлодар облысының Лозов аудандық әскери комиссариатынан қызыл әскер қатарына алынды. 2-ші Украина майданында пулеметші ретінде алғаш майданға аттанды. Ол Курск-Орловск доғасындағы шайқастарға, Белгород, Орел, Харьков, Курск, Кенигсберг және Варшаваны азат етуге, Днепрдегі соғысқа да қатысты.Содан кейін Байкал әскери округы 39-армиясы 19-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы 56-шы гвардиялық атқыштар полкінің құрамында Қиыр шығыстағы Жапон әскерлерін талқандауға қатысты.Көрсеткен ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы, II дәрежелі Даңқ ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен марапатталған.1951 жылы Григорий Петрович Қарағандыға жолдама арқылы келіп, «Шахтострой» басқармасының цемент зауытында жұмыс істеді, кейін теміржол көлігімен жүк тасымалдау бас бақылаушысы болды. Ол 1980 жылы зейнетке шықты.Ардагердің мерейтойы нағыз мерекеге айналып, жеңісті жақындатқан аға буынға деген құрмет көрсетілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/974105?lang=kk
"Өнер өнегенген-Нұрғиса" тәрбие сағаты 12.04.2025
Бастаушы ауылдық кітапханасында бастаудағы ауылдық кітапханада "өнер өнегенген-Нұрғиса" тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына Абай атындағы орта мектептің 1 сынып оқушылары қатысты.Биыл қазақ күйі мен музыкалық мәдениетінің жұлдызы,атақты композитор,көрнекті дирижер,Қазақстанның Халық Қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады.Ол қазақ музыкасын жаңа деңгейге көтеріп, ұлттық нақыштағы түрлі туындылармен тындармандардың жүрегінде мәңгілік орын тапты."Отырар сазы" оркестрін құрып, қазақ халық музыкасын жандандырды. Оның "құс әні", "Өз елің", "Махамбет", "толғауы", "Аққу", "Алькисса"сияқты күйлері мен әндері халқымыздың баға жетпес рухани мұрасына айналды. Ұлы композитордың асыл мұрасы жойылмайды, ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда.өтті. Тәрбие сағатына Абай атындағыорта мектебінің 1 ұлы оқушылар қатысы.Қазақтың күй өнері мен музыкасы мәдениеттің жарқын жұлдызы, даңқты композитор, ер көрнекті дирижер, Қазақстанның Халық Қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің дүніге келгеніне биыл 100 жыл толды.Ол қазақ музыкасын жаңа белеске көтеріп, ұлттық нақыштағы сан алуан тундылармен тындарман жүрегінен мәңгілік орын тапты."Отырар сазы" оркестрін құрып, қазақтың халық музыкасын жаңғыртады. Оның" Құстар әні"," Өз елім"," Махамбет"," ер толғауы"," Аққу"," Әлқисса " сияқты күйлері мен әндерін-халықтың бағын жетпес рухани мұрасын айналды. Ұлы сазгердің асыл мұрасы өшпейді, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/974104?lang=kk
«KazAID» Мониторинг және әкімшілік департаментінің Бас менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды 12.04.2025
«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» КЕАҚ Мониторинг және әкімшілік департаментінің Бас менеджері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Міндеті: мектеп құрылысының барысын бақылау. Іссапарға дайындық, түрік тілін білу құпталады.Еңбек жағдайлары: Жалақы, сыйлықақылар, сауықтыру жәрдемақысы. Келісімшарт мерзімі 2026 жылдың 1 маусымына дейін. Қоса атқарылатын жұмыс істеуге рұқсат етіледі.Біліктілік талаптары:жоғары білім - құрылыс, өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс;тапсырыс берушінің өкілі ретінде жұмыс тәжірибесі;құрылыс саласындағы техникалық аспектілерді білу, оның ішінде құрылыс нормалары мен ережелері, материалдары, құрылыс әдістері, инженерлік жүйелер және т.б. Үміткерлерден түйіндемені қабылдаудың аяқталуы – 2025 жылғы 20 сәуір.Түйіндеме электрондық мекенжайға жіберіледі – office@kazaid.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/974103?lang=kk
«Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі №А-4/176 «Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы жобасына баспасөз хабарлама 12.04.2025
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы әкімдік қаулысының аталған жобасын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдетіп өңдеу өнімдерін өндіру үшін сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялау қағидаларының 11-тармағына сәйкес әзірледі. Жоба 2025 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормаларын бекітуді көздейді. Жоба Ашық НҚА порталында сілтеме бойынша https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15510591 орналастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/974102?lang=kk
Қазақстанның креативті индустриясы көшбасшыларынаң Бизнес-қарқындылығы 12.04.2025
2025 жылғы 7 сәуірде Қостанай қаласында Қазақстанның креативті индустриясының Бизнес-қарқындылығы өтті, онда креативті индустрияның мүмкіндіктері, трендтері мен табысты кейстері қаралды. Республикалық спикерлер Ирина Харитонова (Астана қ.), Айгүл Жансерікова (Алматы қ.), Надежда Храброва (Астана қ.), Камиля Сүлейменова (Астана қ.) жеке бренд пен әлеуметтік жобаларды дамыту үшін креативті әлеуетті қалай пайдалану керектігін айтып, тыңдаушыларды жаңа құралдармен және әдіснамалармен таныстырды.Анықтама:1 Ирина Харитонова Астана қ.-Қарағанды - тұрақты даму, креатив және инновациялар орталығының басшысы, креативті индустриялардың сарапшысы, British Council білім беру бағдарламалары;2 Айгүл Жансерікова Алматы қ. - «QAZAQ ONER» Ұлттық қауымдастығының президенті, Ph.D, «Құрмет» орденінің иегері, этнодизайнер, «ЮНЕСКО сапа белгісі» 5 халықаралық сертификатының иегері, «Aigul Line» брендінің негізін қалаушы, Лондон, Берлин, Париж, Милан, АҚШ, Австралия, Түркия, Болгария, Ресей, Қытай және т. б. елдердегі көрмелер мен этно подиумдардың қатысушысы;3 Надежда Храброва Астана қ. - стиль және сән саласындағы сарапшы. Harper’s Bazaar, Elle, Esquire, Malvie сияқты әлемдегі сән, сұлулық, денсаулық, өмір салты мен мәдениеттің ең өзекті мәселелерін қамтитын жаһандық сән басылымдарының жетекші басылымдарының стилисті;4 Камиля Сүлейменова Астана қ. - этнодизайнер, «SHIMAI» брендінің негізін қалаушы, White Milano, RowLuxe London көрмелері, көрсетілімдері.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-madeniet/press/news/details/974090?lang=kk
Алматыда «Жастар және заң: құқықтар, жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шақырулар» тақырыбында коллоквиум өтті 12.04.2025
Ғылым қызметкерлері күніне орай, 2025 жылғы 10 сәуірде Алматыда «Жастар және заң: құқықтар, жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шақырулар» тақырыбында тақырыптық коллоквиум өтті. Бұл іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиясын қоғамда насихаттау және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.Оқиғаның бастамашылары болып Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институты, сондай-ақ ғылыми қауымдастық, оқытушылар мен студенттердің белсенді қолдауымен жүзеге асты.Коллоквиумның мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, ғылыми қауымдастықты сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін шешу жолдарын табуға және оларды азайтуға бағытталған жаңа идеялар мен тәсілдер ұсынуға тарту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.Іс-шараға Рогов Игорь Иванович — Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы (онлайн байланыс арқылы), Рахимов Арман Тастемірұлы —Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы, Сабитова Айнур Алимхановна — Абай атындағы ҚазҰПУ Сорбонна-Қазақстан институтының содиректоры, Ұлттық Құрылтай мүшесі, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Алматы қаласының жоғары оқу орындарының ғылыми жетекшілері мен студенттері қатысты.Панельдік сессиялар аясында сыбайлас жемқорлықпен күресуге, адалдық принциптерін, құқықтық сауаттылықты насихаттауға және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті дамытуға бағытталған студенттер-еріктілердің ғылыми жобалары мен зерттеулері ұсынылды.Іс-шараның қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша ғылыми-практикалық материалдарды әзірлеуге белсене қатысқан оқытушылар мен студенттер сертификаттармен марапатталды. Коллоквиум барысында әзірленген бұл материалдар мемлекеттік және қоғамдық салаларда этикалық стандарттарды қалыптастыру бағытындағы алдағы зерттеулер мен практикалық бастамалардың негізі болады.Коллоквиум маңызды алаңға айналды, ол Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шеңберінде өзекті мәселелерді талқылауға және бірлескен шешімдер іздеуге мүмкіндік берді. Іс-шараның нәтижелері білім беру ұйымдары мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі ынтымақтастықты күшейтуге, сондай-ақ қоғам игілігі үшін тиімді жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға үлес қосады. #ЗАҢ_мен_ТӘРТІП#ЗАҢ мен ТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/974057?lang=kk
Астанада ТМҰ елдерінің денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту жөніндегі панельдік сессия өтті 12.04.2025
Астана, 2025 жылғы 8 ақпан – Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлерінің іскерлік кездесу аясында «ТМҰ елдерінің денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту» тақырыбында панельдік сессия ұйымдастырылды. Сессия жұмысына мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, инвестициялық қауымдастық пен бизнес өкілдері қатысты. Қатысушылар медицина, фармацевтика және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Іс-шара барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, халықаралық медициналық компаниялардың, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айбол Арғынғазиновтың баяндамалары тыңдалды. Өз сөзінде Ғабидолла Оспанқұлов денсаулық сақтау саласы Қазақстанның инвестициялық күн тәртібіндегі басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Ол медициналық саладағы ұлттық бастамалар туралы, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы және 2030 жылға дейінгі денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасы туралы жан-жақты баяндады. «2025–2028 жылдар аралығында жеке инвесторлар қаражаты және мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы көпсалалы ауруханалар мен медициналық орталықтар салуды көздейтін 30-дан астам жобаны іске асыру жоспарлануда», — деді ол. Айбол Арғынғазинов өз кезегінде Қазақстанның фармацевтика бизнесі үшін бәсекелік артықшылықтарына назар аударды: өңірлік нарықтарға қолжетімділік, дамыған логистика, салықтық және кедендік жеңілдіктер. Ол Қазақстанның қазіргі таңда әлемдік дәрі-дәрмек өндірушілермен ынтымақтастық орнатып жатқанын және жаңа өндірістерді жергіліктендіруге дайын екенін атап өтті. «Халықаралық фармацевтикалық компаниялар тарапынан қызығушылықтың артқанын байқап отырмыз. Біздің міндетіміз — инвесторлар үшін түсінікті және ашық орта қалыптастыру. Қазақстан инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде нақты алаңдар мен жан-жақты қолдау ұсынуға дайын», — деп атап өтті ол. Панельдік сессия денсаулық сақтау сияқты әлеуметтік әрі технологиялық тұрғыда маңызды салада түркітілдес елдер арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.Дереккөз: invest.gov.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/invest/press/news/details/973975?lang=kk
Қаскелең қаласы Төле би көшесінің тұрғындарымен кездесу өткізілді 12.04.2025
Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасының, қоғамдық кеңестің өкілдері, Қарасай ауданының депутаттары, «Алматы Газ Сервис Холдинг» газ шаруашылығының, төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының, «Алматы ОблГаз Engineering» мекемесінің, сондай-ақ «Талғар жылу» ШЖҚ МКК өкілдері кездесуге қатысты.Кездесудің мақсаты – орталықтандырылған жылу жүйесіне, атап айтқанда, блокты-модульді қазандыққа қосылудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.Кездесу барысында тұрғындарға қазандықтың жұмыс істеу принциптері, орталықтандырылған жылуға қосылудың артықшылықтары, сондай-ақ жылу тарифтерінің шамамен мөлшері түсіндірілді. Биылғы жылы пәтерлердің шекарасына дейін ішкі инженерлік желілерді жеткізу және тұрғындарды блокты-модульді қазандықтарға қосу жоспарлануда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-energy/press/news/details/973963?lang=kk
Облыстық қоғамдық кеңестің қорытынды отырысы өтті 12.04.2025
Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен облыстық қоғамдық кеңестің қорытынды отырысы өтті. Басқосуды кеңес төрағасы Әріп Хожбанов жүргізіп, оған облыстық мәслихат төрағасы, «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, кеңес мүшелері мен басқарма басшылары қатысты.Облыс әкімі қоғамдық кеңес қызметінің маңыздылығына, алдағы жоспарларға тоқталды.«Бүгінде қоғамдық кеңестер азаматтық қоғамның мүддесін білдіретін, түрлі деңгейдегі шешімдерді талқылайтын, атқарушы органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін белді әрі әлеуеті институтқа айналды. Бұл – Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асқанының толық дәлелі. Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірі байыпты бастамалардың, жасампаз жобалардың ордасына айналды. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Қол жеткізген жетістіктерімізде туған жеріне жанашыр азаматтардың еселі еңбегі бар. Елдің ұйытқысы болған ел ағаларына, азаматтық қоғам өкілдеріне артылар сенім мол.Облыстық қоғамдық кеңестің үшінші сайланған құрамы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Кеңес мүшелері облыстағы өзекті мәселелерді талқылап, түрлі ұсынысты ортаға салып, аймақтың дамуына зор үлес қосты. Алдағы уақытта да елімізде татулық пен тұрақтылықтың сақталуына, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек ете беретіндеріңізге сенемін», – деді Н.Нәлібаев.Жиында кеңес мүшелері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ұлттық құрылтай мүшесі Қылышбай Бисенов пен «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Бихожаева сөз сөйледі.Қоғамдық кеңес құрамында отыз мүше бар. Кеңес үш жыл ішінде қоғам мен атқарушы билік арасында диалог алаңы болды. Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, атқарушы, өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету міндетін де абыроймен атқарды. Комиссиялар бюджеттік бағдарламалардың, аймақтың стратегиялық даму жоспарының орындалу барысын зерделеді. Қаржының мақсатты жұмсалуы мен тиімділігін арттыру және көп талқысына түскен бірыңғай уақыт белдеуі, тегін дәрілік көмек көрсету, аяқ су, ауыз су сапасы, т.б. мәселелерді талқылау үшін арнайы жиындар өткізіп, жергілікті билікке нақты ұсыныстар берді. Ұсыныстардың басым көпшілігі жергілікті атқарушы орган тарапынан қолдау және оң шешімін тапты. Басқосуда Қызылорда облысының үшінші қоғамдық кеңесі құрамында үш жыл бойы азаматтық қоғам үнін билікке жеткізуде алтын көпір болған, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан кеңес мүшелеріне облыс әкімінің, Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестер қауымдастығының Алғыс хаты табысталды.Айта кетейік, жақын күндері облыстық қоғамдық кеңестің жаңа құрамының алғашқы отырысы өткізіліп, төрағасы сайланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/973954?lang=kk
Техникалық жұмыстар 12.04.2025
Құрметті пайдаланушылар! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тарапынан 2026 жылғы 8 мамыр сағат 21:00-ден 9 мамыр сағат 09:00-ге дейін және 2026 жылғы 10 мамыр сағат 02:00-ден 08:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Осыған байланысты аталған уақыт аралығында «ЖТ МДБ», «ЗТ МДБ», «ЭҮТШ», «ҚЭҚ», «ЭҮШ» ақпараттық жүйелері, сондай-ақ МКК ақпараттық жүйелері уақытша қолжетімсіз болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1216396?lang=kk
Салық берешегі бар жеке тұлғалар нені білуі керек? 12.04.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегі қалыптасқан кезде жеке тұлғаға тиісті хабарлама жіберілетінін хабарлайды, оның орындалуы үшін отыз жұмыс күн беріледі. Жоғарыда көрсетілген мерзімде берешек өтелмеген жағдайда берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен (2025 жылы 3932 теңге) жоғары болса, борышкерге салық бұйрығы жолданады.Әрі қарай, егер табыс етілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмесе, онда мұндай салық бұйрығы сот орындаушыларына жіберіледі.Осылайша Салық заңнамасына сәйкес салық бұйрығын сот орындаушыларына бергенге дейін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбай, берешекті өз еркімен өтеуге мүмкіндік бар.Жеке сот орындаушылары Қазақстан Республикасының "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңына сәйкес банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы. Егер берешек сомасы 40 айлық есептік көрсеткішке тең немесе асатын болса Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін. Сонымен бірге, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа қосымша жеке тұлғалардан салық берешегі сомасының 25%-на дейін қызмет көрсету ақысын өндіріп алады.Қосымша шығындарды болдырмау үшін салықтарды уақтылы төлеуді кеңес береміз.Салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында Электронды сервистер → Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі → ЖСН-ды енгізу арқылы тексеруге болады.e-Salyq Azamat мобильді қосымшасын мына сілтемелер арқылы орнатуға болады: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.gov.kgd.android немесе https://apps.apple.com/kz/app/e-salyq-azamat/id1107556666.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/973944?lang=kk
Көрнекті жазушы, ұлт мақтанышы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына орай «Қара сөздің — Қалиханы» атты әдеби-тарихи кеш өтті 12.04.2025
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері көрнекті жазушы, ұлт мақтанышы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына орай «Қара сөздің — Қалиханы» атты әдеби-тарихи кеш өтті. Қалихан Ысқақұлы проза жанрында тынбай еңбек етіп, көптеген әңгімелері, повестері, романдары жарық көрді. «Қоңыр күз еді» атты алғашқы повесі жазылса, кейін «Дос хикаясы», «Менің ағаларым» шығармалары, «Тұйық», «Қара орман», «Ақсу – жер жаннаты» романдары әдебиет әлеміне сүбелі үлес қосты.Қалихан — қаламына кие қонған жазушы. Сарыны да, дарына да бөлек құбылыс. Әдебиет жасаған майдангер — тұлға. Ойы орамды, қаламы қарымды — жазушы. Әдебиет алыптарының бірі және бірегейі. Осы тұрғыда шығармашылығын дәріптеу бәріне ләзім.«Қара сөздің — Қалиханы» атты әдеби- тарихи кешті өткізіп отырған себеп те сол. Қалихан мұрасын насихаттау, кеңінен дәріптеу мақсатында ақын, журналист Майра Қуанышқызы мен ақын Рамазан Бауыржанұлы жазушының шығармаларына тоқталып, өзіндік пікірлерімен бөлісті.Өскелең ұрпақтың Қалихан шығармашылығына терең бойлауы үшін өткен мәнді де мағыналы кездесу болды. Іс-шараға келген қонақтар Қалиханның мол мұрасы жайлы тағылымды дүниелер айтып, студент жастармен емін-еркін сұхбат құрды.Шараға Бурабай атындағы колледж студентері қатысты. Алдағы уақыта да осындай иігі шаралар жүзеге асатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/973908?lang=kk
«Бабалар ескерткіштері - ұрпақтарға аманат» онкүндігінің ашылуы және Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күнін мерекелеу аясында тарихи-мәдени мұра ескерткішіндегі экологиялық акция 12.04.2025
2025 жылғы 9 сәуірде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясында "Бабалар ескерткіш - ұрпаққа аманат" онкүндігінің ашылуы маңызды және маңызды оқиға болды.Іс-шара көрнекті қоғам қайраткері және ғалым Е.Н.Әуелбековке арналған тарихи-мәдени мұра ескерткішінде өтті.Онкүндік аясында экологиялық акция өткізілді, оның мақсаты тарихи ескерткіштер мен қоршаған ортаны сақтауға назар аудару болды. Акцияға жергілікті билік өкілдері, еріктілер, студенттер, сондай-ақ белсенділер мен жастар қатысты.Іс-шарада құрметті қонақтардың сөз сөйлеуіне ерекше назар аударылды. Көкшетау қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш. Ш. Әлиев, Абай Мырзахметов ҚУ оқытушысы Кенжебек Д.Қ. тарихи-мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығын және оны қорғаудағы жастардың рөлін атап өтті.Акцияға қатысушылар қатарында «Аманат» -«Жастар рухы» партиясының жастар қанатының өкілдері де болды. Іс-шара Бірлік, тарихи ортақтастық және экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығы жағдайында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/973902?lang=kk
Астанадағы әскери мұражайда «Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты көрме ашылды 12.04.2025
Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери-тарихи мұражайы Қазақстан Суретшілер одағы және Өнер академиясымен бірлесіп Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған көркем көрме ұйымдастырды.Салтанатты шараның ашылу рәсіміне Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Азаматтық альянсының, Невада-Семей халықаралық антиядролық қозғалысының өкілдері, Суретшілер одағының, Өнер академиясының мүшелері, Еуразия ұлттық университеті Сәулет және графикалық дизайн факультетінің студенттері, балалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.Тақырыптық экспозицияда танымал шеберлердің, еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлерінің де, жас суретшілердің де жұмыстары қойылған.– Өткенін ұмытқан халықтың болашағы жоқ дейді. Қазақстан халқы ерлікке толы өткен тарихын құрметтейді. Ел басына күн туғанда бір жарым миллионнан астам жерлесіміз қан майданға аттанды. Оның 600 мыңға жуығы бейбіт өмір үшін өз өмірлерін қиды. Бұл көрмеде көркемсурет мектебі оқушыларының шығармалары ерекше мәнге ие. Олар өз туындыларында ортақ тарихымызға, аға буынның қаһармандығына өздерінің шынайы көзқарасын көрсете білген, – деді Мәжіліс депутаты П. Казанцев.Көрмені ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қазақстан Суретшілер одағының басқарма мүшесі Мақсат Қаңтарбаев атап өткендей, іс-шара идеясы авторлардың соғыс туралы өз ойлары мен сезімдерін шығармашылық арқылы жеткізуге деген ұмтылысына негізделген.– Өнер – бұл мүлдем бейтаныс адамдарды, тіпті бүкіл халықтарды біріктіретін көпір. Көрмеге қойылған картиналар адамзатқа бейбітшіліктің құндылығын жеткізіп қана қоймай, бізге Жеңістің қандай бағамен келгенін еске салады, – деп атап өтті Мақсат Қаңтарбаев.Көрмеде портреттік жұмыстармен қатар, тарихи сәттер мен оқиғаларды бейнелейтін картиналар да қойылған. Олардың қатарында Манарбек Бурмагановтың «Ту тігу», Николай Гаевтың «За нами Москва», Юрий Поповтың «День Победы со слезами на глазах», Виктор Саенконың «Эвакуация», Асылмардан Қадырбаевтың «Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтің ерлігі» және басқа жұмыстар бар.Суретші Қырғызбай Қантарбаевтың сүйектен ойып жасалған «Ж. Жабаев», «Б. Момышұлы» портреттік бейнелері, сондай-ақ Сағидолла Ахтановтың Ұлы Отан соғысының батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанова бейнеленген портреттік плакаттары да ерекше әсер береді.Іс-шара барысында Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблі солистерінің орындауында соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.Көрме бір ай бойы жұмыс істейді. Кіру тегін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/973881?lang=kk