Қоғам
Облыстық қоғамдық кеңестің қорытынды отырысы өтті 12.04.2025
Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен облыстық қоғамдық кеңестің қорытынды отырысы өтті. Басқосуды кеңес төрағасы Әріп Хожбанов жүргізіп, оған облыстық мәслихат төрағасы, «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, кеңес мүшелері мен басқарма басшылары қатысты.Облыс әкімі қоғамдық кеңес қызметінің маңыздылығына, алдағы жоспарларға тоқталды.«Бүгінде қоғамдық кеңестер азаматтық қоғамның мүддесін білдіретін, түрлі деңгейдегі шешімдерді талқылайтын, атқарушы органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін белді әрі әлеуеті институтқа айналды. Бұл – Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асқанының толық дәлелі. Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірі байыпты бастамалардың, жасампаз жобалардың ордасына айналды. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты. Қол жеткізген жетістіктерімізде туған жеріне жанашыр азаматтардың еселі еңбегі бар. Елдің ұйытқысы болған ел ағаларына, азаматтық қоғам өкілдеріне артылар сенім мол.Облыстық қоғамдық кеңестің үшінші сайланған құрамы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Кеңес мүшелері облыстағы өзекті мәселелерді талқылап, түрлі ұсынысты ортаға салып, аймақтың дамуына зор үлес қосты. Алдағы уақытта да елімізде татулық пен тұрақтылықтың сақталуына, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек ете беретіндеріңізге сенемін», – деді Н.Нәлібаев.Жиында кеңес мүшелері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ұлттық құрылтай мүшесі Қылышбай Бисенов пен «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Бихожаева сөз сөйледі.Қоғамдық кеңес құрамында отыз мүше бар. Кеңес үш жыл ішінде қоғам мен атқарушы билік арасында диалог алаңы болды. Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, атқарушы, өзін-өзі басқару органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету міндетін де абыроймен атқарды. Комиссиялар бюджеттік бағдарламалардың, аймақтың стратегиялық даму жоспарының орындалу барысын зерделеді. Қаржының мақсатты жұмсалуы мен тиімділігін арттыру және көп талқысына түскен бірыңғай уақыт белдеуі, тегін дәрілік көмек көрсету, аяқ су, ауыз су сапасы, т.б. мәселелерді талқылау үшін арнайы жиындар өткізіп, жергілікті билікке нақты ұсыныстар берді. Ұсыныстардың басым көпшілігі жергілікті атқарушы орган тарапынан қолдау және оң шешімін тапты. Басқосуда Қызылорда облысының үшінші қоғамдық кеңесі құрамында үш жыл бойы азаматтық қоғам үнін билікке жеткізуде алтын көпір болған, аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, Сыр өңірінің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан кеңес мүшелеріне облыс әкімінің, Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестер қауымдастығының Алғыс хаты табысталды.Айта кетейік, жақын күндері облыстық қоғамдық кеңестің жаңа құрамының алғашқы отырысы өткізіліп, төрағасы сайланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/973954?lang=kk
Техникалық жұмыстар 12.04.2025
Құрметті пайдаланушылар! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тарапынан 2026 жылғы 8 мамыр сағат 21:00-ден 9 мамыр сағат 09:00-ге дейін және 2026 жылғы 10 мамыр сағат 02:00-ден 08:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Осыған байланысты аталған уақыт аралығында «ЖТ МДБ», «ЗТ МДБ», «ЭҮТШ», «ҚЭҚ», «ЭҮШ» ақпараттық жүйелері, сондай-ақ МКК ақпараттық жүйелері уақытша қолжетімсіз болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1216396?lang=kk
Салық берешегі бар жеке тұлғалар нені білуі керек? 12.04.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегі қалыптасқан кезде жеке тұлғаға тиісті хабарлама жіберілетінін хабарлайды, оның орындалуы үшін отыз жұмыс күн беріледі. Жоғарыда көрсетілген мерзімде берешек өтелмеген жағдайда берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен (2025 жылы 3932 теңге) жоғары болса, борышкерге салық бұйрығы жолданады.Әрі қарай, егер табыс етілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмесе, онда мұндай салық бұйрығы сот орындаушыларына жіберіледі.Осылайша Салық заңнамасына сәйкес салық бұйрығын сот орындаушыларына бергенге дейін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбай, берешекті өз еркімен өтеуге мүмкіндік бар.Жеке сот орындаушылары Қазақстан Республикасының "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңына сәйкес банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы. Егер берешек сомасы 40 айлық есептік көрсеткішке тең немесе асатын болса Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін. Сонымен бірге, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа қосымша жеке тұлғалардан салық берешегі сомасының 25%-на дейін қызмет көрсету ақысын өндіріп алады.Қосымша шығындарды болдырмау үшін салықтарды уақтылы төлеуді кеңес береміз.Салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында Электронды сервистер → Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі → ЖСН-ды енгізу арқылы тексеруге болады.e-Salyq Azamat мобильді қосымшасын мына сілтемелер арқылы орнатуға болады: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.gov.kgd.android немесе https://apps.apple.com/kz/app/e-salyq-azamat/id1107556666.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/973944?lang=kk
Көрнекті жазушы, ұлт мақтанышы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына орай «Қара сөздің — Қалиханы» атты әдеби-тарихи кеш өтті 12.04.2025
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері көрнекті жазушы, ұлт мақтанышы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына орай «Қара сөздің — Қалиханы» атты әдеби-тарихи кеш өтті. Қалихан Ысқақұлы проза жанрында тынбай еңбек етіп, көптеген әңгімелері, повестері, романдары жарық көрді. «Қоңыр күз еді» атты алғашқы повесі жазылса, кейін «Дос хикаясы», «Менің ағаларым» шығармалары, «Тұйық», «Қара орман», «Ақсу – жер жаннаты» романдары әдебиет әлеміне сүбелі үлес қосты.Қалихан — қаламына кие қонған жазушы. Сарыны да, дарына да бөлек құбылыс. Әдебиет жасаған майдангер — тұлға. Ойы орамды, қаламы қарымды — жазушы. Әдебиет алыптарының бірі және бірегейі. Осы тұрғыда шығармашылығын дәріптеу бәріне ләзім.«Қара сөздің — Қалиханы» атты әдеби- тарихи кешті өткізіп отырған себеп те сол. Қалихан мұрасын насихаттау, кеңінен дәріптеу мақсатында ақын, журналист Майра Қуанышқызы мен ақын Рамазан Бауыржанұлы жазушының шығармаларына тоқталып, өзіндік пікірлерімен бөлісті.Өскелең ұрпақтың Қалихан шығармашылығына терең бойлауы үшін өткен мәнді де мағыналы кездесу болды. Іс-шараға келген қонақтар Қалиханның мол мұрасы жайлы тағылымды дүниелер айтып, студент жастармен емін-еркін сұхбат құрды.Шараға Бурабай атындағы колледж студентері қатысты. Алдағы уақыта да осындай иігі шаралар жүзеге асатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/973908?lang=kk
«Бабалар ескерткіштері - ұрпақтарға аманат» онкүндігінің ашылуы және Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күнін мерекелеу аясында тарихи-мәдени мұра ескерткішіндегі экологиялық акция 12.04.2025
2025 жылғы 9 сәуірде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні аясында "Бабалар ескерткіш - ұрпаққа аманат" онкүндігінің ашылуы маңызды және маңызды оқиға болды.Іс-шара көрнекті қоғам қайраткері және ғалым Е.Н.Әуелбековке арналған тарихи-мәдени мұра ескерткішінде өтті.Онкүндік аясында экологиялық акция өткізілді, оның мақсаты тарихи ескерткіштер мен қоршаған ортаны сақтауға назар аудару болды. Акцияға жергілікті билік өкілдері, еріктілер, студенттер, сондай-ақ белсенділер мен жастар қатысты.Іс-шарада құрметті қонақтардың сөз сөйлеуіне ерекше назар аударылды. Көкшетау қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш. Ш. Әлиев, Абай Мырзахметов ҚУ оқытушысы Кенжебек Д.Қ. тарихи-мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығын және оны қорғаудағы жастардың рөлін атап өтті.Акцияға қатысушылар қатарында «Аманат» -«Жастар рухы» партиясының жастар қанатының өкілдері де болды. Іс-шара Бірлік, тарихи ортақтастық және экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығы жағдайында өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/973902?lang=kk
Астанадағы әскери мұражайда «Ұлы Жеңіс: ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты көрме ашылды 12.04.2025
Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери-тарихи мұражайы Қазақстан Суретшілер одағы және Өнер академиясымен бірлесіп Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған көркем көрме ұйымдастырды.Салтанатты шараның ашылу рәсіміне Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Азаматтық альянсының, Невада-Семей халықаралық антиядролық қозғалысының өкілдері, Суретшілер одағының, Өнер академиясының мүшелері, Еуразия ұлттық университеті Сәулет және графикалық дизайн факультетінің студенттері, балалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.Тақырыптық экспозицияда танымал шеберлердің, еңбек сіңірген мәдениет және өнер қайраткерлерінің де, жас суретшілердің де жұмыстары қойылған.– Өткенін ұмытқан халықтың болашағы жоқ дейді. Қазақстан халқы ерлікке толы өткен тарихын құрметтейді. Ел басына күн туғанда бір жарым миллионнан астам жерлесіміз қан майданға аттанды. Оның 600 мыңға жуығы бейбіт өмір үшін өз өмірлерін қиды. Бұл көрмеде көркемсурет мектебі оқушыларының шығармалары ерекше мәнге ие. Олар өз туындыларында ортақ тарихымызға, аға буынның қаһармандығына өздерінің шынайы көзқарасын көрсете білген, – деді Мәжіліс депутаты П. Казанцев.Көрмені ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қазақстан Суретшілер одағының басқарма мүшесі Мақсат Қаңтарбаев атап өткендей, іс-шара идеясы авторлардың соғыс туралы өз ойлары мен сезімдерін шығармашылық арқылы жеткізуге деген ұмтылысына негізделген.– Өнер – бұл мүлдем бейтаныс адамдарды, тіпті бүкіл халықтарды біріктіретін көпір. Көрмеге қойылған картиналар адамзатқа бейбітшіліктің құндылығын жеткізіп қана қоймай, бізге Жеңістің қандай бағамен келгенін еске салады, – деп атап өтті Мақсат Қаңтарбаев.Көрмеде портреттік жұмыстармен қатар, тарихи сәттер мен оқиғаларды бейнелейтін картиналар да қойылған. Олардың қатарында Манарбек Бурмагановтың «Ту тігу», Николай Гаевтың «За нами Москва», Юрий Поповтың «День Победы со слезами на глазах», Виктор Саенконың «Эвакуация», Асылмардан Қадырбаевтың «Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтің ерлігі» және басқа жұмыстар бар.Суретші Қырғызбай Қантарбаевтың сүйектен ойып жасалған «Ж. Жабаев», «Б. Момышұлы» портреттік бейнелері, сондай-ақ Сағидолла Ахтановтың Ұлы Отан соғысының батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанова бейнеленген портреттік плакаттары да ерекше әсер береді.Іс-шара барысында Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблі солистерінің орындауында соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.Көрме бір ай бойы жұмыс істейді. Кіру тегін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/973881?lang=kk
Өскеменде студент түрмеге смартфондар өткізбек болды 12.04.2025
Өскемен қаласында сотталғандарға байланыс құралдарын жеткізудің кезектң фактісі анықталды.Бұл жолы жергілікті университеттің студенті 6 смартфонды түзету мекемесінің қоршауынан ішке қарай лақтыруға тырысқаны үшін ұсталды. Іргелес аумақты патрульдеу кезінде №17 мекеме қызметкерлері 6699 әскери бөлімінің кинологы Темірбек Губайдуллинмен бірлесіп, "Тор" атты қызметтік иттің көмегімен колония учаскелерінің бірінде заңсыз әрекет еткен азаматты ұстайды.Қолға түскен құқық бұзушыны тексеру кезінде "Samsung", "Huawei" және "Oppo" маркалы 6 дана смартфон табылған.Күдіктінің жеке басын анықтау барысында оның 2005 жылы туғаны және Өскемен қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті екені белгілі болды. Студенттің айтуынша, мұндай көмекті бейтаныс адам ақшалай сыйақы төлеп өтінген екен.Күдікті мен тәркіленген телефондар Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлеріне табысталды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/973846?lang=kk
Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже мен оның негізгі функциялары 12.04.2025
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен, Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереже бекітілген.Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.Әдеп жөніндегі уәкіл өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін:1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдауға қажетті мәліметтер мен құжаттарды сұратады және алады;2) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының, сондай-ақ Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру үшін тиісті уәкілетті органдарға заңнамада белгіленген тәртіппен жүгінеді;3) мемлекеттік органның басшысына мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан адамдарды көтермелеу туралы ұсыным енгізеді;4) қажет болған жағдайда өзінің құзыретіне қатысты мәселелерді қарау кезінде кадр қызметінен мемлекеттік қызмет өткеру мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін, өзге де материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқылы.Негізсіз бас тартылғанда, мемлекеттік органның басшысы тиісті шаралар қолданбағанда не ол әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген функцияларды орындауға кедергі келтіретін әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) жасағанда, әдеп жөніндегі уәкіл бұл туралы мемлекеттік қызметі істері уәкілетті органға не оның аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/977281?lang=kk
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік баннерлер: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды 12.04.2025
Шығыс Қазақстан облысында ЖОО мен колледж студенттері арасында ұйымдастырылған «Заң мен тәртіп» тақырыбындағы «Үздік баннер эскиздері» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Конкурс ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Заң және тәртіп» нарративін насихаттауға бағытталған медиа жоспарына сәйкес өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және олардың құқықтық тәртіп пен құқықтық тәрбие мәселелеріне деген қызығушылығын жандандыру болды.Конкурсты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша Департаменті Қазақстан-Американдық еркін университетімен бірлесіп жүзеге асырды және студенттер арасында құқықтық мәдениетті нығайтудағы маңызды қадам болды. Оған республиканың түкпір-түкпірінен 500-ден астам жұмыс қатысты, бұл жастардың заң мен тәртіп тақырыбына деген жоғары қызығушылығын көрсетеді. Қатысушылардың жұмыстары сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа, құқықтық сауаттылыққа және қоғамның барлық деңгейлерінде заңдылықты сақтаудың маңыздылығына қатысты көптеген мәселелерді қамтыды.Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Бірінші орын Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Гаухар Тәуекелқызы Калжановаға жоғары орындаушылық деңгейімен, идеяның өзіндік ерекшелігімен және көркемдік көзқарасымен ерекшеленген үздік эскизі үшін берілді. Жеңімпазға 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық және грамота табыс етілді. Екінші орынды «Есенов атындағы Университет» КЕАҚ студенті Джумабаев Адлет иеленді, оның жұмысы лайықты деңгейде орындағалған. Ол 70 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен және грамотамен марапатталды. Үшінші орынды Жолдасқали Гүлназым стандартты емес ойлау мен өзіндік стилін көрсеткен сапалы және креативті жұмысы үшін алды. Оған 30 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық және грамота табыс етілді. Байқау қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін көрсетті және студенттердің шығармашылық әлеуетін көрсету үшін тамаша платформа болды.Үздік жұмыстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы материал ретінде одан әрі қолданылады және елдегі заң мен құқықтық тәртіпті сақтау мәселелеріне қоғамдық назарды арттыру үшін пайдаланылатын болады.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/973810?lang=kk
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2024 жылғы қызметі туралы баяндамасы жарияланды 12.04.2025
«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның 8-бабына сәйкес Омбудсмен жыл сайын өз қызметі туралы баяндама жариялайды.2024 жылдың қорытындысы бойынша дайындалған баяндама Уәкіл жұмысының негізгі нәтижелерін, адам құқықтарын қорғау саласындағы түйінді сын-қатерлерді, сондай-ақ құқық қорғау жүйесін нығайту және жетілдіру жөніндегі қадамдар мен ұсынымдарды көрсетеді.Сонымен қатар құжат өтініштерді талдауды, заңнамалық бастамаларды, алдын алу тетіктерінің тиімділігін бағалауды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласындағы құқықтық ағарту жұмыстарының нәтижелерін, мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды, халықаралық ынтымақтастықты қамтиды.Бұдан басқа, онда құқық қорғау институтының ғылыми-зерттеу қызметінің қорытындылары, әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері, Омбудсмен жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметі туралы мәліметтер көрсетілген.Баяндаманың толық мәтінімен https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/documents/details/825810?lang=kk сілтемесі бойынша Уәкілдің ресми интернет-ресурсында танысуға болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/973802?lang=kk
Миролюбовка ауылдық округі әкімдігінің аумағындағы сенбілік 12.04.2025
Миролюбовка ауылдық округі әкімдігінің аумағы тазартылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-mirolubovka/press/news/details/973795?lang=kk
«Береке» және «Қонай» шағын аудандарындағы тұрғын үй жобаларының іске асу барысы туралы 12.04.2025
Бүгін құрылысшылардың қатысуымен көшпелі кеңес өткізілді. Кеңес барысында «Береке» шағын ауданында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс қарқыны тексерілді. Қазіргі уақытта қалада жалпы 22 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның 12-сі – «Береке» шағын ауданында, ал қалған 10-ы – «Қонай» шағын ауданында орналасқан. Бұл үйлердің барлығын 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.«Береке» ықшамауданының құрылысы 2027 жылға дейін толық аяқталады деп жоспарланған. Бұл жоспар аясында барлық қажетті инфрақұрылым нысандары да қарастырылған.Мердігер ұйымдарға құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, бекітілген кестеден ауытқымау және келісімшарт міндеттемелерін мүлтіксіз орындау тапсырылды. Сонымен қатар, барлық құрылыс алаңдарында санитарлық талаптарды сақтау, құрылыс техникасының дөңгелектерін жууға арналған алаңдар орнату міндеттелді. Санитарлық тазарту шаралары шеңберінде құрылыс алаңдарында тәртіп орнатып, 23 сәуірге дейін қоқыс пен құрылыс қалдықтарын толықтай шығару жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/973791?lang=kk
Қызылорда қаласында ыстық сумен жабдықтау жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінді 12.04.2025
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысының бюджетіне ыстық сумен жабдықтау желілерін салу үшін Үкімет резервінен нысаналы трансферттер түрінде шамамен 5 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.Бүгінде Қызылорда қаласы – орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі жоқ республикадағы жалғыз облыс орталығы.Қаладағы көп қабатты үйлер электр жылыту немесе газ жылыту құрылғылары арқылы ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 10 қазанда өңірге жұмыс сапары барысында қаланы 2025 жылдың соңына дейін орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырған болатын.Жалпы құны 26,2 млрд теңгені құрайтын тиісті жобаны жүзеге асыру екі кезең бойынша жоспарланған. Бірінші кезең – 2024 жылы 187 тұрғын үйді су жүйесімен қамту жұмыстары басталды. Екінші кезеңде биыл 236 тұрғын үй су жүйесіне қосылады.2024 жылы бірінші кезеңге Үкімет резервінен 11 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды.Аталған қаулы негізінде Үкімет резервінен бөлінген 5 млрд теңге биыл екінші кезеңнің бірінші кезектегі жұмыстары үшін пайдаланылады.Осылайша, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Қызылорда қаласының 423 көп қабатты тұрғын үйі орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосылады.@KZgovernment https://t.me/KZgovernment/16244 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/973696?lang=kk
Қытайдан келген делегация Жетісу облысының кеден органдарының қызметін жоғары бағалады 12.04.2025
Жетісу облысына Қытай Халық Республикасынан Сиань кеденінің басшысы Фань Кун мырза бастаған делегация келді.Сапар аясында Қытайдан келген қонақтар өңірдің маңызды кеден бекеттерін — «Алтынкөл жол» және «Нұр жолы» бекеттерін аралады. Бұл бекеттер екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Н.А. Баймулдинов басшылық еткен департамент және кеден бекеттері басшылығымен жұмыс кездесуі өтті.Кездесу барысында делегация бекеттердің негізгі қызмет бағыттарымен, кедендік бақылауды ұйымдастырумен, қолданылатын цифрлық технологиялармен және өткізу қабілетін арттыруға бағытталған шаралармен танысты.ҚХР қонақтары қазақстандық кеден органдарының жұмысына жоғары баға беріп, ұйымдастырудың жоғары деңгейін, техникалық жабдықталуын және өткізу пункттерінің тиімді жұмыс істеуін атап өтті. Қытай делегациясының ерекше назары кеден бекеттерінің инфрақұрылымына енгізілген заманауи техникалық шешімдерге аударылды, бұл кедендік рәсімдеу процедураларының жеделдігі мен ашықтығын айтарлықтай арттырған.Бұл сапар Қазақстан мен Қытайдың кеден органдары арасындағы екі жақты ынтымақтастықты нығайтудың маңызды кезеңі болды, ол өзара тауар айналымын дамытуға және шекарадағы өткізу пункттеріндегі өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/973688?lang=kk
Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс қарқынын бағамдады 12.04.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралап шықты.Алдымен «Bi Global» серіктестігі қолға алған шығармашылық-инновациялық орталыққа барды. Бүгінде нысанның қасбеті әрленіп, абаттандыру, ішкі әрлеу және витраж орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа 260 адам, 10 техника жұмылдырылған. Орталық қолданысқа берілгеннен кейін балаларға спорттық-сауықтыру, көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, тарихи-өлкетану бағытта қызмет көрсетеді. Волейбол, баскетбол, футбол, воркаут алаңдарында, соңғы үлгідегі бассейнде жаттығу мүмкіндігі жасалады.Аймақ басшысы заманауи кірпіш зауытының құрылыс барысымен де танысты. Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен зауыт салу үшін Қызылорда қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағынан 7 гектар жер телімі табысталған. Құны 2,5 млрд теңге болатын зауытта жылына 90 млн дана кірпіш шығарылады деген жоспар бар. Бүгінде іргетасы құйылып бітті, металл конструкциялар орнатылуда.Одан кейін облыс әкімі Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылын қайта жаңғырту барысын көріп шықты. Өткен жылдан бері Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті нығайтылып, даңғылдың 6,7 шақырымы қайта жаңғыртылуда. «УАД» ЖШС қолға алған жоба құны 6 млрд 656 млн.теңге. Қазір 1,2 шақырым кеңейтілетін аумақта жол негізінің құрылысы жүргізіліп, асфальт төселді. Сонымен қатар, Сырдария өзенінің жиегіндегі қорғаныс бөгеті тазаланып, 2,6 шақырымға жуық дамба нығайтылды, 1,4 шақырым тіреу қабырғасы, 820 метр жиек тұрғызылды.Сол жағалаудағы жаңа стадионның шығыс және батыс трибуналарының металл конструкцияларын монтаждау аяқталып, қабырғасы мен ішкі бөлімдері, сыртқы витраждары қалануда. Сыртқы инженерлік желілер жеткізілген. Жылу, су құбырлары, электр, желдеткіштің ішкі желілері орнатылуда. Ғимараттың сыртқы қабырғасы, ішкі инженерлік желілерін жүргізу аяқталып, футбол алаңын монтаждау және абаттандыру басталады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/973686?lang=kk
Туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды 12.04.2025
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелер талқыланып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.«Бір апта мерзім ішінде туризм саласын цифрландыру және одан әрі дамыту бағытында нақты ұсыныстар енгізіңіздер. Арнайы бекітілген индикаторлардың толық орындалуы, өңірімізге келетін туристер санын арттыру бойынша жұмысты күшейтіңіздер. Кәсіпкерлердің туристік бағыттағы нысандары мен жол бойы сервистік кешендерінің құрылысына жұмсалған шығындарын субсидиялауға қатысты мемлекеттік қолдау шараларын ақпараттандыру керек", -деді аймақ басшысы. Мәжілісте жауапты тұлғаларға көктемгі залалсыздандыру жұмыстарынан бұрын елді мекен айналасы мен мал қораларды механикалық тазартуды ұйымдастыру тапсырылды. Оған қоса, залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігіне талдау жасалып, қорытындысы облыс әкімдігіне баяндалуы тиіс. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған науқастарды емдейтін дәрі-дәрмек қорын қамдап, науқастарға дер кезінде ем-шара жүргізуді үйлестіру де басты назардағы мәселелер қатарында. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/973673?lang=kk
Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды 12.04.2025
Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысынан туындайтын міндеттің бірі – инвестиция тарту бағытындағы жұмысты күшейту. Осы мақсатта облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай және облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Сергей Летягинмен кездесу өткізді.Қазіргі таңда облыс әкімдігі Париж келісімі аясында парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауда жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Өңірде жалпы қуаты 89 МВт болатын 9 күн-электр станциясы жұмыс жасайды, оның үшеуі шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске қосылған. Қосымша жалпы қуаттылығы 201,5 МВт болатын 6 жоба жүзеге асырылуда.Бұл орайда аймақ экономикасына 62 млрд.теңге инвестиция тартылып, 54 жаңа жұмыс орны құрылады.Байқоңыр қаласының аумағында екі қосалқы станция бар. С.Летягинмен кездесуде Байқоңыр кешеніндегі электр инфрақұрылымының әлеуеті, жаңартылатын энергетиканы дамыту және пайдалану мәселелері талқыланды.Бұл энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, жаңа электр станцияларын салуға және инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/973664?lang=kk
Сәуірге арналған салық күнтізбесі 12.04.2025
Құрметті салық төлеушілер!Естеріңізге сала кетейік, салық төлемдерін төлеу мерзімі келді. Салық міндеттемелерін уақтылы орындауды ұмытпаңыздар.Төлемдер 21 сәуір2025 жылдың наурызы үшін Еуразиялық экономикалық одақта ҚҚС;2025 жылдың наурызы үшін Акциз, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша;2025 жыл үшін Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (2025 жылғы 21 наурызынан бастап 31 наурызына дейінгі кезеңде рұқсат құжатын алған жағдайда жиынтық жылдық көлемде 100 АЕК-ке дейінгі төлем көлемдерінде І және ІІ санаттағы объектілердің операторларымен нормативті сатып алу); 2025 жылдың 1 тоқсаны үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы; 2025 жылдың 1 тоқсаны үшін өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/977641?lang=kk
Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды 12.04.2025
Алматыда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясы құрамында қызмет ету үшін Голан жоталарына екінші ұлттық бітімгерлік контингентті салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.Оған ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының қолбасшылығы, қызметтестер, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери жоғары оқу орнының курсанттары, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, сондай-ақ әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысты.Митингте сөз алған Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бітімгерлерге ақжол тіледі. Ол Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті қолдау ісіне қатысуының маңыздылығын атап өтті.– Бітімгерлік контингентті Голан жоталарына өз бетінше өрістету – Қазақстан Республикасының және оның Қарулы күштерінің әлемдік аренадағы беделінің дәлелі. Халықаралық стандарттар бойынша дайындалған және жарақтандырылған біздің контингент БҰҰ миссиясының мандаты шеңберінде жүктелген міндеттерді орындауға дайын, – деп атап өтті ол.Бұдан соң екінші бітімгерлік контингентінің командирі подполковник Жәнібек Нұрланов бастаған әскерилер плацта салтанатты саппен жүріп өтті. Осы сәттен Қарулы күштердің 139 әскери қызметшісі алғашқы контингентті ауыстыру үшін Дамаскіге жол тартып кетті.– Бітімгерлік контингенттің барлық әскери қызметшілері ерікті негізде қабылданды. Олардың арасында екі әйел бар. Іріктеу жан-жақты дайындық нәтижелері бойынша жүргізілді. Кандидаттардың кәсіби және моральдық қасиеттері ескерілді. Біздің контингент БҰҰ мандаты шеңберінде қойылған барлық міндеттерді орындауға дайын екеніне сенімдіміз, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы подполковник Уәлихан Бәйкенов.Қазақстандық бітімгерлер атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету, патрульдеу, блокпостарды күзету, жарылыс қаупі бар заттарды жою, сондай-ақ БҰҰ персоналдарын алып жүру мен эвакуациялау жөніндегі міндеттерді орындайтын болады. Голан жоталарында қызмет еткен кезде контингенттің алғашқы құрамы қойылған барлық міндеттерді ойдағыдай орындап, БҰҰ миссиясы мен Хатшылығының басшылығынан жоғары баға алғанын айта кету керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/973640?lang=kk
Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды 12.04.2025
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, кадрлық өзгерістерге орай актив отырысы өтті.Жиында аймақ басшысы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жаңа басшысы Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлын таныстырды.Ғалымжан Бақтығалиұлы 1981 жылы дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алған.Еңбек жолын 1997 жылы «Шаған» агрофирмасында бастаған. Әр жылдары Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдерінде жетекші маман, бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, «Мемлекеттік қала құрылыс кадастры» мекемесі филиалының директоры, Қазалы, Сырдария аудандары әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында абыройлы еңбек етті.2022 жылдың тамыз айынан осы күнге дейін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.Облыс әкімі жаңа басшыға сәттілік тілеп, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы жұмыстарға тоқталды.«Әріптесіміз мемлекеттік қызметте, басшылық лауазымдарда мол тәжірибе жинаған. Жаңа қызметіне байланысты бірқатар міндет жүктеледі.Мемлекеттік орман қоры аумағында өрттің алдын алу және оған қарсы күрес жоспарын жүзеге асыру, орман және су қорын, жануарлар дүниесі мен балық ресурстарын қорғау, өсімін молайту, тиімді пайдалану өте маңызды. Арал теңізінің құрғаған ұлтанына сексеуіл көшетін егу, тұқым себу жұмыстары да жүйелілікті талап етеді. Елді мекендердегі қоқыс полигондары мен сұрыптау кешендеріне қатысты жалпы жұмысты үйлестіріп, жаңадан жоспарланған полигондар құрылысының экологиялық талапқа сәйкестігін қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді Н. Нәлібаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/973621?lang=kk