Қоғам
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша департаменті 500 млн. теңгеден астам тиімсіз субсидиялау фактілерін анықтады 11.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту мен ілгерілету аса маңызды. Бұл тәсіл тек бюджет қаражатын тиімді әрі ашық пайдалануды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамда заңның үстемдігіне сенімділікті қалыптастырады.Атап айтқанда, биыл туризм саласына жүргізілген сыртқы талдау аяқталып, оның нәтижесінде бірқатар жемқорлықтыққа қарсы тәуекелдері анықталды.Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ШҚО бойынша департамент басшысы Денис Шакенов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.Талдау барысында туристік нысандарды салуға жұмсалатын шығындарды субсидиялау кезінде бюджет қаражатының тиімсіз пайдалануы, туроператорлық қызметті лицензиялау саласындағы мәселелер, сондай-ақ туристік іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты мемлекеттік сатып алуларда туындаған тәуекелдер анықталды. Сонымен қатар, туристік нысандарға кіруге заңсыз шектеулер қойылып, демалушылардан заңсыз ақша жинау фактілері де тіркелген.Аймақтағы туризм саласына белсенді қолдау көрсетіліп, дамытылғанына қарамастан, құрылыс шығындарына тиімсіз субсидиялар берілген.Мәселен, бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілген туристік нысандарға шығындарды өтемақы ретінде төлеу жағдайлары бар, бірақ бұл шаралар тек 2022 жылдың қаңтар айынан кейін салынған нысандарға ғана қатысты. Мұндай нысандар бойынша бюджет шығындарының жалпы сомасы 500 млн. теңгеден асады. Бұл фактілер субсидия беру негізділігіне күмән туғызып, бюджет қаражатын негізсіз жұмсау үшін алғышарттар тудырады.Сонымен қатар, туроператорларды лицензиялау саласында ұсынылған деректердің шынайылығын тексеруде кемшіліктер анықталып, кәсіпкерлер талаптарды айналып өтіп, деректі сәйкессіздікке қарамастан лицензия алуға мүмкіндік алған.«Барлық аталған жағдайлар бойынша материалдар, бұл мәселелерді шешіп, кінәлі тұлғаларлдың жауапкершілігін қарастыру үшін құзырлы мекемелерге жолданады», – деп атап өтті Денис Шакенов.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/971488?lang=kk
Республикалық жастар форумына қатысушылар тал егу акциясына қатысты 11.04.2025
Бүгін республикалық жастар форумына қатысушылар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ботаникалық бағындағы тал егу акциясына қатысты. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара барысында әр өңірден келген делегациялар көшет отырғызды.Форум қатысушылары табиғатты, қоршаған ортаны қорғау, жауапкершілікті арттырудың маңыздылығына тоқталды. Жастардың экологиялық мәдениетін көтеру, айналаны ластамауды насихаттау үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін айтты.Еске салайық, аймақта Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған форум өтуде. Ертең қатысушылар Байқоңыр ғарыш айлағына барып, зымыранның ұшу сәтін тамашалайды. Ғарыш саласының даму кезеңдерімен, жетістіктерімен, тұңғыш ғарыш айлағының тарихымен танысу үшін музейге саяхаттайды. Қазақстан Халқы Ассамблеясының және «Ассамблея жастарының» туларын ғарышқа жіберу үшін ресми тапсырады.Сондай-ақ, қонақтар сәулет өнерінің ерекше үлгісі Қорқыт ата мемориалдық кешеніндегі музеймен танысып, мәдени шараның куәсі болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/971473?lang=kk
Qazaqstan телеарнасы "Таңшолпан" бағдарламасының "Заң мен тәртіп" айдарында ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы туралы сюжет жарық көрді 11.04.2025
Qazaqstan телеарнасы "Таңшолпан" бағдарламасының "Заң мен тәртіп" айдарында ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы туралы сюжет жарық көрді.Сот төрелігі академиясы - "Сот және сот төрелігі" білім беру бағдарламасы бойынша бір жылдық бейіндік магистратура шеңберінде сот жүйесі үшін кадрларды арнайы даярлауды жүзеге асыратын жалғыз жоғары оқу орны. Сюжетте судья мамандығына кіру жолдары, Академияда оқу процесі және академияға түсуге ниет білдірген кандидаттарға қойылатын талаптар айтылады. Сонымен, судьялыққа жоғары заң білімі және заң мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жасы 29 жастан кем емес азаматтар үміткер бола алады.Сот төрелігі академиясының оқытушыларының 75% - ы қызметтегі судьялар. Түлектердің 95% - дан астамы біліктілік емтиханын сәтті тапсырып, бос судья лауазымдарына конкурстарға қатысады.Сот төрелігі академиясы судьяларды даярлау жүйесінің маңызды элементі болып табылады және ол өткен жылдың жазынан бастап Жоғарғы Сот Кеңесінің қарамағына берілді. Бұл Сот білімін жаңғыртуға және оның сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық және уақтылы қадам."Биылғы жылдың басында мен академияны дамыту тұжырымдамасын бекіттім, онда ғылыми-педагогикалық магистратура мен докторантураны ашу, білім беру бағдарламаларының теориялық және практикалық құрамдас бөліктерін күшейту көзделген", — деп атап өтті ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д.Малахов.Сот төрелігі академиясын Жоғары Сот Кеңесінің қарамағына беру оны жан-жақты жаңғырту және одан әрі жетілдіру үшін берік институционалдық негіз құрды. Бұл жаңа білім беру бағдарламаларын дәйекті түрде енгізуге, теориялық және практикалық дайындықты күшейтуге мүмкіндік берді, бұл өз кезегінде сот білімінің сапасын арттыруға және сот төрелігіне қоғамдық сенімді нығайтуға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/971461?lang=kk
Елордалық бригаданың әскери қызметшілері Жауынгерлік тумен қоштасты 11.04.2025
Астанадағы 68665 әскери бөлімінде өткен жылдың көктемінде әскерге шақырылған жауынгерлерді шығарып салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға әскери бөлім қолбасшылығы, Қарулы күштердің, Ауған соғысының ардагерлері және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.Мерзімді қызметін өткерген 165 сарбаз бір жыл ішінде әскери-есептік мамандықтарды игеріп, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр.– Бір жыл бойы қазіргі заманғы қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін зерделедіңдер. Әрине, шынығып, шымыр да болдыңдар. Отан алдындағы борыштарыңды адал атқарып, мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қосқан үлестерің үшін алғыс айтамын. Әскерде алған білімдерің алдағы азаматтық өмірде де қажеттеріңе жарайтынына сенімімдімін, – деп атап өтті бригада командирі подполковник Абай Әлібеков.Дәстүр бойынша әскери даңқ символымен қоштасу рәсімін жасау құқығы үздіктердің үздігі қатардағы жауынгер Қайрат Асқарға бұйырды.Қатардағы жауынгер Марат Абылай үшін астаналық бригада екінші үйіндей болып кеткен. Себебі ол бұл жерде көптеген достар тапты.– Біз мұнда көп нәрсе үйрендік. Әсіресе, ана-ана мен достықты бағалауды үйрендік. Бізді қолдап, жанашырлық танытып, әскердегі өмір жолынан өтуге көмектескендердің барлығына алғыс айтамын, – деді ол.Қоштасу жиыны кезінде әр сарбазға грамоталар мен естелік қолсағаттар табыс етілді.Білім беру жеңілдігі мен әскерде жүріп еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандығын меңгеру мүмкіндігінің болуы жастардың болашақ жолды таңдау көкжиегінің едәуір кеңейгенін көрсетеді. Бұл жолғы запасқа шығарылған жастардың арасынан 91 сарбаздың жоғары оқу орындарына түсуге өтініш бергенін айта кету керек.Астаналық арнайы мақсаттағы бригада құрылған сәттен бастап оған елдің маңызды стратегиялық объектілерінің қорғанысын қорғау міндеттері жүктелген. Бөлімнің әскери қызметшілері алдына қойған міндеттерді кез келген жағдайда орындауға қабілетті екенін бірнеше рет дәлелдеді. Бүгінде бұл бөлімше елордада орналасқан элиталық әскери бөлімдердің бірі саналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/971460?lang=kk
«Заң мен тәртіп»: ШҚО-да пайдалы қазбаларды өндірушілердің әлеуметтік міндеттемелерінде жемқорлық тәуекелдері анықталды 11.04.2025
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге айрықша назар аударуда.Алдын алу шараларының бірі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау болып табылады.Осы ретте Шығыс Қазақстан облысында жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған қаржылық шығындарына мониторинг жүргізілді.Мониторинг нәтижесінде әлеуметтік міндеттемелердің көлемін анықтаудағы біркелкі емес тәжірибе, келісімшарттық міндеттемелерді орындауды бақылаудың жетіспеушілігі және әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің жоқтығымен байланысты сыбайлас жемқорлықтық тәуекелдер анықталды.Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Денис Шакенов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.«Атап айтқанда, құмды-гравийлі қоспаларды өндірумен айналысатын бір жер қойнауын пайдаланушының келісім шартында, заңнама талаптарына қарамастан, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған аударымдар қарастырылмаған. Ал басқа бір жағдайда, ұқсас жылдық өндіріс көлемі бар бірнеше жер қойнауын пайдаланушының әлеуметтік салаға қаржыландыру көлемдері әртүрлі болып белгіленген», - деді Денис Шакенов.Қазіргі уақытта анықталған сыбайлас жемқорлықтық тәуекелдерді жою жөнінде ұсыныстар дайындалып, облыс әкімдігіне ұсынылатын болады.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/971446?lang=kk
Табиғатқа қамқорлық жасау-Қазақстанның таза болашағына апаратын жол 11.04.2025
"Taza Қазақстан" республикалық акциясы аясында Самар ауылында экологиялық жағдайды жақсарту және аумақты абаттандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.Акцияның мақсаты-тәртіп орнату ғана емес, сонымен қатар халықтың қоршаған ортаға ұқыпты қарауын қалыптастыру. Әрбір азаматтың туған өлкенің тазалығы мен экологиялық әл-ауқаты үшін өзінің жеке жауапкершілігін сезінуі маңызды.Самар ауылдық округі әкімдігі ауылдың тазалығын сақтау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға шақырады.Тек бірге ғана біз Қазақстанды нағыз таза және өркендете аламыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-samar/press/news/details/971445?lang=kk
КО ТР 023/2011 «ЖЕМІСТЕР МЕН КӨКӨНІСТЕРДЕН АЛЫНҒАН ШЫРЫН ӨНІМІНЕ АРНАЛҒАН ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТ» 11.04.2025
Шырын –сапалы піскен, жаңа піскен немесе таза сақталған жемістер мен көкөністердің не болмаса кептірілген жемістерден және (немесе) көкөністерден жеуге жарамды бөліктеріне физикалық әсер ету жолымен алынған және оны алу тәсілінің ерекшелектеріне сәйкес атауы бірдей жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырынға тән тамақ құндылығы, физикалық-химиялық және органолептикалық сипаттары сақталған сұйық тамақ өнімі. Бұл іс жүзінде әлемнің барлық елдерінде танымал. Піскен жемістер мен жеуге жарамды көкөністердің жемістерінен алынған ең көп таралған шырындар.Әр шырынның тек қана өзіне тән жеке дәмге ие емес, сондай-ақ, пайдалы заттардың өзіндік жиынтығынан құралғандықтан мұны шырынның басты профилі деп те атауға да болады. Сонымен қатар шырындардан адам 13 минералды заттар мен 8 витаминдерді ала алады.Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған сок өнімінің еркін жылжуын қамтамасыз ету, жемістерден және (немесе) көкөністен алынған шырын өніміне қойылатын талаптарды қолдану және орындау үшін Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу мақсатында Кеден одағы комиссиясының 2011 ж 9 желтоқсандағы №882 шешімімен Кеден одағының техникалық регламенті (ары қарай – техникалық регламент) 023/2011 «Жемістер мен көкөністерден алынған шырын өніміне арналған техникалық регламенті» бекітілді.Аталған техникалық регламент үй жағдайында, жеке қосалқы шарушылығында азамматтармен немесе бағбандық, бақша егу кәсібімен айналысатын азаматтармен өндірілген жемістерден және (немесе көкөністерден алынған шырын өніміне және Кеден одағының бірыңғай кедендік аумақта айналымға шығаруға арналмаған және тек жеке тұтынуға арналған шырын өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және пайдаға асыру процестеріне таралмайды.Осы Кеден одағы техникалық регламенті адам өмірін және денсаулығын қорғау және сатып алушыларды (тұтынушыларды) жаңылыстыруға әкелетін әрекеттерді ескерту мақсатында:- жемістерден және (немесе) алынған шырын өніміне қойылатын талаптар;- жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімдеріне қойылатын талаптарға байланысты өндіріс, сақтау, тасымалдау және өткізу процестеріне қойылатын талаптар;- жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімдерін бірдейлендіру ережесі;- жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімінің сәйкестігін растау схемалар;- жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімін таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейді.Балалар тамағына арналған жемістерден және (немесе) көкөністерден алынатын шырын өнімін өндіру кезінде концентрацияланған диффузиялық шырынның гендік түрленген (генно-инженерлік, трансгендік) организмдерді (бұдан әрі - ГТО) құрайтын жемістерді және (немесе) көкөністерді қолдануға, сондай-ақ, құрауыштарды және құрамында ГТО бар тамақ қоспаларын, тәттілеуіштерді (қант диабетімен ауыратын балалар үшін жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған арнайы шырын өнімінен басқа) , хош иістендіргіштерді (табиғидан басқа) және басқа құрауыштар мен тамақ қоспаларын қосу рұқсат етілмейді.Ерте жастағы балаларға арналған жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өніміне хош иістендіргіштерді, бояғыштарды және бояйтын сығындыларды қосуға рұқсат етілмейді.Ерте жастағы балаларға арналған жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімі 0,35 литрден артық емес орауыштарда айналымқа шығарылуға тиіс.Жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған байытылған шырын өнімін өндіру кезінде тамақ және (немесе) биологиялық заттар ретінде тамақ өнеркәсібінде қолдану үшін белгіленген тәртіпте рұқсат етілген витаминдерді, витамин тәрізді заттарды, каротиноидтарды, минералды заттарды, органикалық қышқылдарды, тамақ талшықтарын, полинеқаныққан май қышқылдарын, полисахаридтерді, полифенольды қышқылдарды, пребиотиктерді, фитостериналарды, флавонидтарды, фосфолипидтерді қолдану мүмкін. Тамақ және (немесе) биологиялық белсенді заттар көздері өсімдік сығындыларын тамақ өнеркәсібінде қолдану үшін белгіленген тәртіпте рұқсат етілген дәндердің, бұршақ өсімдіктерінің, жаңғақтардың, басқаларының сығындылары болуы мүмкін.Бір және сол шырынға қантты және (немесе) қанттарды және қышқылдықты реттегіштерді біруақытта қосуға тыйым салынады.Тұтынушы орауышына орналастырылған жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімін таңбалау оны таңбалау бөлігіндегі тамақ өніміне арналған Кеден одағы техникалық регламентімен белгіленген талаптарға және осы баппен белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.Жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған нақты шырын өнімінөндіру кезінде қолданылмайтын жемістердің және (немесе) көкөністердің, шырындар мен (немесе) пюренің графикалық суреті оның тұтынушылық орауышына салынбауға тиіс.Жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімінің осы Кеден одағы техникалық регламенті белгілеген талаптарға сәйкестігін бағалау мынадай үлгіде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Кеден одағы техникалық регламентіне сәйкес жүргізіледі:1) осындай өнімнің осы Кеден одағы техникалық регламентімен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;2) осындай өнімнің жеке түрлерін мемлекеттік тіркеу;3) өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу процестеріне қойылатын талаптарға байланысты және осындай өнімге осы Кеден одағы техникалық регламентінде белгіленген талаптарды сақтауға мемлекеттік бақылау (қадағалау).Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылатын және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімі сәйкестік декларациясы үлгісінде осы Кеден одағы техникалық регламентінде белгіленген талаптардың сәйкестігін міндетті растауға жатады.Жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімінің жекелеген түрлері мемлекеттік тіркеуге жатады, атап айтқанда:1) жаңа түрдегі жемістерден және (көкөністерден) алынған шырын өнімі;2) жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған арнайы шырын өнімі.Қорыта келгенде, адамның өз өмірі үшін, ең алдымен, тұтынатын тағамдары үшін жауапкершілікке ие болуын қалаймын, себебі сол арқылы адам өзін өзі инвестициялайды. Өйткені адамдар қалыпты өмір сүріп, өз-өздерін дамыту үшін қоректенеді.Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы – Қосанқызы Нұргүл.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21608?lang=kk
Сыр өңірінде жастарды қолдауда жүйелі жұмыстар бар 11.04.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нурия Ниязова және «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаевпен кездесті.Кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейлі 30 жылдығы аясында өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар сөз болды.Қызылорда облысында білім, ғылым, журналистика, қоғамдық қызмет, спорт, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік, өндірісте еңбек ететін, мемлекеттік жастар саясатының дамуына өзіндік үлесін қосқандарға облыс әкімінің «Сыр үміті» сыйлығы жыл сайын табысталып келеді. Баспанаға мұқтаждық мәселесін шешу үшін «Сыр жастары» бағдарламасы қолға алынды. Оған облыстық бюджеттен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кредит беруге 1,2 млрд теңге бөлінді.«Сыр жастары» – жылына 100 жас отбасыны баспанамен қамтуға бағытталған, өңірлік тың жоба, аймақ жастарын қолдау мен қамқорлықтың жарқын үлгісі.Аудан орталықтарының барлығында типтік үлгідегі «Руханият орталықтары» бой көтерді. Бұл ғимаратта ардагерлер, аналар кеңесі, архив, музей, жастар орталықтарымен бірге Ассамблея мүшелеріне де «Қоғамдық келісім» кабинеті қарастырылған. Онда жергілікті этномәдени бірлестіктер бас қосады. Облыстық этномәдени бірлестіктер «Достық үйінде», ал аудандарда «Руханият орталықтарында» белсенді жұмыс жасап, этносаралық қатынастың нығаюына септігін тигізе бермек. Биыл Қызылорда қаласындағы Бейбарыс сұлтан көшесінің бойынан жаңа үлгідегі «Достық үйінің» құрылысы басталды. Ғимарат жыл соңында ел игілігіне беріледі.Нурия Ниязова мен Тимур Жұмырбаев Сыр елінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, осы істердің барлығы жастардың, этнос өкілдерінің, жалпы тұрғындар арасындағы татулықты, келісімді одан әрі нығайтатынын айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/971427?lang=kk
ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғады 11.04.2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты принциптерінің бірі – «Заң және тәртіп» қағидаты ұстанымы, ол «Бизнеске жол» жобасын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.Шетелдік кәсіпкерлерге заңды тұлға ашу процесін жеңілдету мақсатында, «Халықтың көші-қоны туралы» Заңға сәйкес, бизнес-иммигрант ретінде уақытша тұруға рұқсат алу мүмкіндігі қарастырылған. Аталған шара өңір экономикасына инвестиция тартуды жеделдетуге ықпал етуі тиіс.Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Денис Шакенов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.«Қажетті құжаттарды алу процесі жергілікті атқарушы органдар тарапынан реттелмегендіктен, бұл шетелдік азаматтардың кәсіпкерлік қызмет бастауын қиындатады», – деді Денис Шакенов.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Облыс әкімі өңірлік кәсіпкерлік басқармасына жоғарыда аталған құжатты беру міндетін жүктеді. Бұл қадам рұқсат алу процесін жеңілдетіп, өңірдегі инвестициялық климатты дамытуға бағытталған.#Заң_мен_тәртіп#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-vko/press/news/details/971424?lang=kk
«Сыр елі – достық мекені» атты республикалық Ассамблея жастары форумының пленарлық отырысы өтті 11.04.2025
Бүгін Қызылордадағы «Достық үйінде» «Сыр елі – достық мекені» атты республикалық Ассамблея жастары форумының пленарлық отырысы өтті. Форумға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, жастар жанашырлары Нұрия Ниязова, Ғылым және білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, барлық өңірден келген Ассамблея жастарының көшбасшылары қатысты.Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев форум қатысушыларын Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтап, басқосу жұмысына сәттілік тіледі.«Баршаңызды бірліктің ұйытқысы болып, еліміздегі этносаралық достық пен толеранттылықтың үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін өздеріңізбен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Сыр елі – достық мекені» атты форумда жүздескеніме қуаныштымын! Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, нағыз маман болу, үнемшілдік, еңбекқорлық, ел мен жерге жанашырлық сияқты асыл қасиеттер бәрінен биік тұруға тиіс. Осындай ізгі қасиеттің бәрін бойына сіңірген жанды Адал азамат деген бір ауыз сөзбен сипаттауға болады. Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет», – деген болатын. Сыр өңірінде әр салада, атап айтқанда, білім, ғылым, журналистика, қоғамдық қызмет, спорт, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік, өндірісте табысты еңбек етіп, жоғары көрсеткіштерге жеткен жастарға жыл сайын «Сыр үміті» облыстық жастар сыйлығы табысталып келеді. Баспана мәселесін шешу үшін 2023 жылдан бері «Сыр жастары» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасы жүзеге асуда. Оған жыл сайын жергілікті бюджеттен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кредит беруге 1 млрд 200 млн теңге бөлінеді. Ассамблеяның мерейлі жылы аясындағы қуанышты жаңалық – Қызылорда қаласында жаңадан «Достық үйі» салынуда. Бұл бірлік пен ынтымақты нығайтуға атсалысқан этномәдени бірлестіктерге арналған, барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген заманауи ғимарат болады. Тағы бір ерекше жаңалығымыз, алдағы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күні облыс орталығынан «Шығармашылық академиясы» ашылады», – деді Н.Нәлібаев.Жиынға қатысушылар Нұрия Исмагилқызы, Ақерке Абылайханқызы және Тимур Ғабдулұлының атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге арналған баяндамаларын тыңдады.Ертең қонақтар Байқоңыр ғарыш айлағына экскурсияға барып, зымыран ұшырылымын тамашалайды. Байқоңыр музейінде ғарыш саласының даму кезеңдерімен, еліміздің ғарыштық жетістіктерімен, тұңғыш ғарыш айлағының тарихымен танысады. Қазақстан Халқы Ассамблеясының және Ассамблея жастарының тулары ғарышқа жіберу үшін ресми тапсырылады. Осылайша Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық эмблемасы бейнеленген ту ғарышқа алғаш рет көтеріледі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/971415?lang=kk
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан жауынгерлері үш айда 5000-ға жуық құқық бұзушыны ұстады 11.04.2025
Жылдың алғашқы үш айында ұландықтардың көмегімен заңсыз айналымдағы 82 бірлік суық және атыс қаруы, сонымен қатар оқ-дәрілер анықталды. Сондай-ақ, жалпы салмағы 322 грамм болатын есірткі заттары тәркіленді.Әскери қызметшілердің арқасында ата-анасынан адасып, мекен жайдан жаңылған 15 бала жақындарына табысталды. Ұландықтардың қатысуымен 11 өрт сөндіру және адамдарды құтқару фактісі тіркелгенін де атап өткен жөн. Әскери жасақ жауынгерлері 45 адамның жоғалған заттарын тауып, 91 смартфонды иелеріне табыстады. Жауынгерлік қызмет барысында сарбаздар жүрек талмасы мен демікпесі бар адамдарға, жол-көлік апатына душар болған жандарға немесе өзіне-өзі қол жұмсамақ болғандар мен суға батқан кісілерге дер кезінде көмек көрсетіп жатады. Үш айдың ішінде Ұлттық ұлан әскери қызметшілері 21 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Бұдан бөлек, түрлі құқық бұзушылықтарға жол берген 4 938 азамат ішкі істер органдарына жеткізілген. Олардың 194-і қылмыстық белгілермен ұсталған.Осындай нәтижелі қызмет барысында белсенділік танытқан жауынгерлерге құрмет көрсетілді.Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков жылдың алғашқы тоқсанындағы қызмет қорытындысы бойынша бірқатар әскери қызметшіні марапаттады.– Ұлттық ұлан әскери қызметшілері тыныштық жолында тынбай тер төгіп, ішкі тұрақтылық пен бейбіт күннің тірегі болып келеді. Сарбаздарымыз адал қызметтерімен ел қауіпсіздігіне елеулі үлес қосуда. Жауынгерлеріміздің жарқын істері мен қызметтегі жетістіктері – осыған нақты дәлел! – деді генерал-майор А.Балтабеков.Бұған дейін Астанада 5573 әскери бөлімінің жауынгерлері өрт шыққан жатақханадан 60-тан аса адамды қауіпсіз жерге эвакуациялап, қауіптің алдын алған болатын.– Қызмет барысында жақын маңдағы жатақханалардың бірінен шыққан түтінді байқап, жедел жетіп бардым. Өртеніп жатқан ғимараттың ішіне еніп, бастапқы сәтте қарттар мен балаларды сыртқа алып шықтым. Жобамен қауіпсіз аймаққа 30 шақты адамды шығардым. Осы кезде өзге де қаруластарым көмекке келді. Абырой болғанда, өрттен зардап шеккендер болмады. Ал бүгін қырағы қызметіміз бен халыққа көрсеткен көмегіміз үшін бізді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы өзі келіп марапаттады. Бұл мен үшін ғана емес, ата-анам мен бауырларым үшін де үлкен қуаныш, – деді қатардағы Жомарт Жұмабек.Сондай-ақ наурыз айында Орал қаласында ұландық сарбаздар жасөспірімді бір топ бозбаланың әлімжеттік әрекетінен құтқарып қалды. Осы оқиғаға ұқсас жағдай қаңтар айында елордада да болды. Жалпы мұндай мысалдар жетіп артылады. Жоғалған балаларды табу, бұзақылар мен қылмыскерлерді құрықтаудан бөлек, есірткі тасымалдаушыларды ұстауда, адам өміріне араша болуда ұландықтар кәсіби шеберліктерімен жиі көзге түседі.Жалпы әскери борышын адал орындағаны, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қайсарлық танытқаны үшін республика бойынша құқықтық тәртіп әскерінің 57 жауынгері марапатталды. Олардың 52-сі Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының алғыс хаттарын иеленсе, 5 сарбазға «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» кеуде белгілері табысталды.Айта кетейік, құқықтық тәртіп әскерінің жеке құрамы сақшылармен бірлесіп еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіпті қадағалайды. Бұл міндетті атқаруға күн сайын әскер бойынша 8 000-нан аса ұландық жұмылдырылады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/971404?lang=kk
Ақтөбеде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған тұлғалар сотталды 11.04.2025
Актөбе қаласының №2 сотында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.Осыған дейін Актөбе қаласының прокуратурасы бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген тексеріс нәтижелері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Тергеу барысында Актөбе қаласының Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығының директоры жеке кәсіпкермен алдын ала сөз байласып, мемлекеттік сатып алу аясында жол таңбаларын салу бойынша 272 млн теңгеден астам сомаға жалған келісімшарт жасағаны анықталды.Алайда іс жүзінде жұмыстар орындалмаған, ал ұрланған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылып, иемденілген.Нәтижесінде мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілген.Осы факті бойынша ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2) тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып аса ірі мөлшерде иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Іс сотқа жолданды.Сот ұсынылған дәлелдемелерді қарап, мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сотталған тапсырыс берушіні мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, ал мердігерге кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айыра отырып 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.Үкім заңды күшіне енген жоқ.#Заң_мен_Тәртіп#ЗАҢменТӘРТІП #ЖауапкершілікАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/971406?lang=kk
"Жеңіске 100 күн" акциясы: әскери қызметшілер, ардагерлер мен курсанттар соғыс қаһармандарын еске алды 11.04.2025
Алматыда Қарулы күштер ардагерлерінің бастамасымен 1 Кеңсай мен Орталық зиратта жерленген Ұлы Отан соғысы батырлары қабірлерінің басында іс-шара ұйымдастырылды.Оған қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметшілері, "Қарулы күштердің ардагерлері" РҚБ филиалының басшылығы, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары, Политехникалық университет пен Азаматтық авиация академиясы әскери кафедрасының студенттері қатысты.Кеңсай зиратында екі мәрте Кеңес Одағының батыры авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов, Кеңес Одағының Батыры полковник Бауыржан Момышұлы, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов, Халық қаһармандары Рақымжан Қошқарбаев және Қасым Қайсенов жерленген. Акцияға қатысушылар қабірлердің айналасын ретке келтіріп, плиталар мен ескерткіштерді тазартты.- Бүгін мұнда бірнеше ұрпақтың өкілі жиналды. Біздің әкелеріміз бен аталарымыз Ұлы Отан соғысы майданында жанқиярлықпен шайқасты. Олардың ерлігін есте сақтаймыз. Майдангерлердің жауынгерлік және өмір жолы болашақ Отан қорғаушылар үшін үлгі. Сондықтан Жеңіс күні қарсаңында зират басына келіп, қаһармандардың рухына тағзым еттік, - деді "Қарулы күштердің ардагерлері" РҚБ Алматы филиалы төрағасының орынбасары отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин. Сол күні Алматы қаласының Орталық зиратында Азаматтық авиация академиясы әскери кафедрасының студенттері аты аңызға айналған ұшқыш Кеңес Одағының екі мәрте батыры авиация генерал-майоры Сергей Луганскийдің қабіріне жиналды. Мұндағы іс-шара Әуе қорғанысы күштері ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Валерий Кузьменконың басшылығымен өтті."Жеңіске 100 күн" акциясы жалғасуда. Оған қатысушылар түрлі іс-шаралар өткізіп, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне жәрдем көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/971395?lang=kk
Отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатты қолдау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу 11.04.2025
2025 жылғы 7 сәуірде Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Ақ көгершін» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатты қолдау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу» жобасын жүзеге асыра отырып, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студент-тренерлері үшін бір күндік ТОТ тренингін ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/971392?lang=kk
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қолданыстағы нормаларын түсіндіру 11.04.2025
Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті Қостанай облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті Департаментінің өкілдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қолданыстағы нормаларын түсіндіру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, тексерулерді тіркеу, оның ішінде инвесторлар бойынша мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізді. Басқа да мәселелер талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/971389?lang=kk
IT-курс Кариб бағытына: Қазақстан халықаралық цифрлық әріптестікті кеңейтуде 11.04.2025
Гаага, 2025 жылғы 7 сәуір – Нидерланд Корольдігіне кіретін автономды ел – Кюрасаоның Әділет, Үкімет істері, Жоспарлау және Мемлекеттік қызмет министрі Шалтон Хато бастаған делегация цифрландыру, ақпараттық технологиялар және электрондық үкімет салаларындағы екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылау мақсатында Қазақстан Республикасының Гаага қаласындағы Елшілігіне келді. Кездесу Елші Қайрат Әбдірахмановтың осы Кариб аралына жасаған жұмыс сапарының жалғасы ретінде өтті. Аталған сапар барысында бұл өзекті мәселелер алғаш рет талқыланған болатын.Қазақстандық тараптан мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау бағытындағы жетістіктер ұсынылып, отандық электрондық үкімет жүйесі таныстырылды. Қазақстан БҰҰ Электрондық қызметтер индексі бойынша әлемде 10-орынды иеленіп, биометриялық сәйкестендіру мен жасанды интеллекттен бастап мемлекеттік қызметтерді проактивті ұсынуға дейінгі цифрлық шешімдердің жоғары деңгейін көрсетуде.«Цифрлық теңдік» қағидатын іске асыруға ерекше назар аударылды. Қ.Әбдірахманов елдің үлкен аумағы мен халық тығыздығының төмендігіне қарамастан, Қазақстан шалғай аймақтарда да мемлекеттік сервистерге қолжетімділікті қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні қазақстандық қоғамның тұрақты дамуының негізгі құралы ретінде қолдануға баса мән беріп отыр.Кездесу мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілікті көрсетті. Сонымен қатар, сұхбат барысында екі елдің әділет органдары арасындағы байланыстардың дамуына оң серпін берілгені атап өтіліп, бұл ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге негіз бола алатыны көрсетілді.Тараптар мемлекеттік қызметтерді жаңғырту тәсілдерінде ұқсас ұстанымдар барын атап, білім беру мен кадрлар даярлау салаларын қоса алғанда, одан әрі тығыз ынтымақтастық орнатуға әлеует бар екенін жеткізді. Қазақстан мен Кюрасаоның жауапты мекемелері арасында тікелей байланыс орнатып, тәжірибе алмасу келісілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/971377?lang=kk
Қазақстан Президентінің бастамасы БҰҰ-ның ресми құжаты ретінде жарияланды 11.04.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 4 сәуір - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 4 шілдеде Астанада өткен «ШЫҰ плюс» саммитінде ұсынылған «Әділетті жаhан мен келісім үшін әлем бірлігі туралы» бастамасы Біріккен Ұлттар Ұйымында Бас Ассамблеяның (A/79/807) және Қауіпсіздік кеңесі (S/2025/132) ресми құжаттары ретінде таратылды.Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Мемлекет басшылары кеңесі мақұлдаған бастама көпжақты өзара іс-қимылды нығайтуға және БҰҰ-ның орталық үйлестіруші рөлімен неғұрлым әділ, инклюзивті және демократиялық әлемдік тәртіпті ілгерілетуге бағытталған.Құжаттың негізгі элементтері әділ бейбітшілік формуласын бірлесіп іздеуге, жаһандық диалогты кеңейтуге, тұрақты экономикалық дамуды, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және климаттың өзгеруімен тиімді күресуге шақыру болып табылады.Құжаттың толық мәтіні келесі сілтеме арқылы қол жетімді: https://documents.un.org/symbol-explorer?s=A/79/807&i=A/79/807_1743193681901Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/971353?lang=kk
Қазақстан елшісі Молдованың Энергетика министрімен кездесті 11.04.2025
Кишинев, 2025 жылғы 7 сәуір – ҚР Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасының Энергетика министрі Дорин Жүнгиетумен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту жолындағы өзара іс-қимылға дайындығын білдірді.Тараптар сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын және оны кеңейту мәселелерін талқылап, 2025 жылы үкіметаралық комиссия өткізудің маңыздылығын атап өтті.А.Айдарбеков Министрді сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстардағы оң динамика туралы хабардар етті. Қазақстандық дипломат қолда бар жақсы экономикалық әлеует контекстінде Қазақстан-Молдова бизнес-кеңесінің және Молдова өңірлерінде Қазақстанның құрметті консулдарының институционалдық желісінің құрылғанын атап өтті.Өз кезегінде Д. Жүнгиету өз ведомствосының басымдықтарын ұсынды, оның ішінде еліміздегі жаңартылатын энергияны дамытуда Қазақстанның энергетика секторындағы инвестициялық қызметіне қызығушылық танытты.Министр Молдованың Қазақстандағы елшілігінің ашылуын ерекше құптап, екіжақты Қазақстан-Молдова қатынастарын тереңдетуге ұмтылысын білдірді. Әңгімелесу барысында Молдова серіктесі Kazakhstan Energy Week – 2025 / XVI KAZENERGY Еуразиялық форумына шақырылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша тәжірибе алмасу үшін жұмыс байланыстарын қолдауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/971332?lang=kk
«ҚАЗГЕОЛОГИЯ» АҚ ҚАЗАҚСТАНДА СИРЕК ЖЕР МЕТАЛДАРЫН БАРЛАУДЫ ЖҮРГІЗЕДІ 11.04.2025
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдардың алғашқы рет мемлекеттік тапсырма бойынша 16 негізгі кен провинциясында сирек жер металдарына (иттрий, итербий) геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде өткен баспасөз конференциясында «Қазгеология» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов хабарлады.«5.5 қ.км іздеу маршруттары өткізілді, 5.5 мың қ.км таукен әзірленімдері жасалды, 3400 қ.м ұңғыма бұрғыланды. Жалпы сомасы 244 млн. теңгенің жұмыстар орындалды. 2018 жылы 259 млн. теңгені игеру жоспарлануда» -деп атап өтті Ғ.Нұржанов.Жұмыстар аяқталғаннан кейін бөлінген учаскелердің перспективалары бағаланып, жерде сирек кездесетін элементтерді одан әрі зерттеу жұмыстарының бағдарламасы әзірленеді. Сондай-ақ, перспективалы учаскелерде Оңтүстік Корея мен Жапонияның жоғары технологиялары бар компаниялары жұмысқа тартылады. Олармен келіссөздер жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21486?lang=kk
ҚР ИДМ «ЖЕР ҚОЙНАУЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОДЕКСІНІҢ ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТКІЗДІ 11.04.2025
Қоғамдық маңызды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру мақсатында 2017 жылдың 14 сәуірі күні Алматы қаласында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы бойынша кезекті қоғамдық тыңдау өткізілді.Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Артур Платонов және Шавкат Өтемисов, ҚР Инвестиция және даму вице-министрі ТимуТоқтабаев, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.Іс-шараны жүргізген Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің Қоғамдық кеңесі төрағасын алмастырушы Төлеу Шенгелбаев.Тыңдалым барысында «Қатты пайдалы қазбалар бөлімі бойынша Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасының негізгі ережелері және көмірсутекті шикізат бөлімі бойынша Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасының негізгі ережелері таныстырылды.Қоғамдық тыңдаудың нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес комиссиясының хатшысы үш жұмыс күні ішінде бандамалардың мазмұны, айтылған пікірлер және Кодекс жобасы бойынша әзірленген ұсыныстар көрсетілген Хаттаманы ұсынады, ол Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайтында және БАҚ-та жарияланатын болады. Кодекс жобасына қатысты берілген ұсыныстарды мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. қарайтын болады.Кодекстің жаңа жобасы келесі тұжырымдамалық өзгерістерді қарастырады:- Австралия елінің моделіне ұқсас «Бірінші келген - бірінші алады» принципі бойынша лицензиялық тәртіпті енгізу арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жеңілдету;- қорларды бағалауда халықаралық тәртіпке көшу;- геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті жасау және оны сандық форматқа көшіру;- кең таралған пайдалы қазбалар тізбесін қайта қарау;- кеніштерді жабу кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кен орындарын жою бойынша ережені қатайту;- жер қойнауын пайдалану бойынша әрекет ететін келісімшарттар үшін тұрақтылық кепілдігі қарастырылған және тағы басқалар.«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының толық мәтіні Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің http://mid.gov.kz/ru/kategorii/departament-nedropolzovaniya-13 ресми интернет ресурсында орналастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21483?lang=kk