Қоғам
Отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатты қолдау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу 11.04.2025
2025 жылғы 7 сәуірде Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Ақ көгершін» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатты қолдау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу» жобасын жүзеге асыра отырып, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің студент-тренерлері үшін бір күндік ТОТ тренингін ұйымдастырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/971392?lang=kk
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қолданыстағы нормаларын түсіндіру 11.04.2025
Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті Қостанай облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті Департаментінің өкілдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қолданыстағы нормаларын түсіндіру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, тексерулерді тіркеу, оның ішінде инвесторлар бойынша мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізді. Басқа да мәселелер талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-enbek/press/news/details/971389?lang=kk
IT-курс Кариб бағытына: Қазақстан халықаралық цифрлық әріптестікті кеңейтуде 11.04.2025
Гаага, 2025 жылғы 7 сәуір – Нидерланд Корольдігіне кіретін автономды ел – Кюрасаоның Әділет, Үкімет істері, Жоспарлау және Мемлекеттік қызмет министрі Шалтон Хато бастаған делегация цифрландыру, ақпараттық технологиялар және электрондық үкімет салаларындағы екіжақты ынтымақтастық перспективаларын талқылау мақсатында Қазақстан Республикасының Гаага қаласындағы Елшілігіне келді. Кездесу Елші Қайрат Әбдірахмановтың осы Кариб аралына жасаған жұмыс сапарының жалғасы ретінде өтті. Аталған сапар барысында бұл өзекті мәселелер алғаш рет талқыланған болатын.Қазақстандық тараптан мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау бағытындағы жетістіктер ұсынылып, отандық электрондық үкімет жүйесі таныстырылды. Қазақстан БҰҰ Электрондық қызметтер индексі бойынша әлемде 10-орынды иеленіп, биометриялық сәйкестендіру мен жасанды интеллекттен бастап мемлекеттік қызметтерді проактивті ұсынуға дейінгі цифрлық шешімдердің жоғары деңгейін көрсетуде.«Цифрлық теңдік» қағидатын іске асыруға ерекше назар аударылды. Қ.Әбдірахманов елдің үлкен аумағы мен халық тығыздығының төмендігіне қарамастан, Қазақстан шалғай аймақтарда да мемлекеттік сервистерге қолжетімділікті қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні қазақстандық қоғамның тұрақты дамуының негізгі құралы ретінде қолдануға баса мән беріп отыр.Кездесу мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілікті көрсетті. Сонымен қатар, сұхбат барысында екі елдің әділет органдары арасындағы байланыстардың дамуына оң серпін берілгені атап өтіліп, бұл ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге негіз бола алатыны көрсетілді.Тараптар мемлекеттік қызметтерді жаңғырту тәсілдерінде ұқсас ұстанымдар барын атап, білім беру мен кадрлар даярлау салаларын қоса алғанда, одан әрі тығыз ынтымақтастық орнатуға әлеует бар екенін жеткізді. Қазақстан мен Кюрасаоның жауапты мекемелері арасында тікелей байланыс орнатып, тәжірибе алмасу келісілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hague/press/news/details/971377?lang=kk
Қазақстан Президентінің бастамасы БҰҰ-ның ресми құжаты ретінде жарияланды 11.04.2025
Нью-Йорк, 2025 жылғы 4 сәуір - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 4 шілдеде Астанада өткен «ШЫҰ плюс» саммитінде ұсынылған «Әділетті жаhан мен келісім үшін әлем бірлігі туралы» бастамасы Біріккен Ұлттар Ұйымында Бас Ассамблеяның (A/79/807) және Қауіпсіздік кеңесі (S/2025/132) ресми құжаттары ретінде таратылды.Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Мемлекет басшылары кеңесі мақұлдаған бастама көпжақты өзара іс-қимылды нығайтуға және БҰҰ-ның орталық үйлестіруші рөлімен неғұрлым әділ, инклюзивті және демократиялық әлемдік тәртіпті ілгерілетуге бағытталған.Құжаттың негізгі элементтері әділ бейбітшілік формуласын бірлесіп іздеуге, жаһандық диалогты кеңейтуге, тұрақты экономикалық дамуды, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және климаттың өзгеруімен тиімді күресуге шақыру болып табылады.Құжаттың толық мәтіні келесі сілтеме арқылы қол жетімді: https://documents.un.org/symbol-explorer?s=A/79/807&i=A/79/807_1743193681901Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kazakhstanun/press/news/details/971353?lang=kk
Қазақстан елшісі Молдованың Энергетика министрімен кездесті 11.04.2025
Кишинев, 2025 жылғы 7 сәуір – ҚР Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасының Энергетика министрі Дорин Жүнгиетумен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту жолындағы өзара іс-қимылға дайындығын білдірді.Тараптар сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын және оны кеңейту мәселелерін талқылап, 2025 жылы үкіметаралық комиссия өткізудің маңыздылығын атап өтті.А.Айдарбеков Министрді сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстардағы оң динамика туралы хабардар етті. Қазақстандық дипломат қолда бар жақсы экономикалық әлеует контекстінде Қазақстан-Молдова бизнес-кеңесінің және Молдова өңірлерінде Қазақстанның құрметті консулдарының институционалдық желісінің құрылғанын атап өтті.Өз кезегінде Д. Жүнгиету өз ведомствосының басымдықтарын ұсынды, оның ішінде еліміздегі жаңартылатын энергияны дамытуда Қазақстанның энергетика секторындағы инвестициялық қызметіне қызығушылық танытты.Министр Молдованың Қазақстандағы елшілігінің ашылуын ерекше құптап, екіжақты Қазақстан-Молдова қатынастарын тереңдетуге ұмтылысын білдірді. Әңгімелесу барысында Молдова серіктесі Kazakhstan Energy Week – 2025 / XVI KAZENERGY Еуразиялық форумына шақырылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша тәжірибе алмасу үшін жұмыс байланыстарын қолдауға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kishinev/press/news/details/971332?lang=kk
«ҚАЗГЕОЛОГИЯ» АҚ ҚАЗАҚСТАНДА СИРЕК ЖЕР МЕТАЛДАРЫН БАРЛАУДЫ ЖҮРГІЗЕДІ 11.04.2025
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдардың алғашқы рет мемлекеттік тапсырма бойынша 16 негізгі кен провинциясында сирек жер металдарына (иттрий, итербий) геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде өткен баспасөз конференциясында «Қазгеология» АҚ-ның Басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов хабарлады.«5.5 қ.км іздеу маршруттары өткізілді, 5.5 мың қ.км таукен әзірленімдері жасалды, 3400 қ.м ұңғыма бұрғыланды. Жалпы сомасы 244 млн. теңгенің жұмыстар орындалды. 2018 жылы 259 млн. теңгені игеру жоспарлануда» -деп атап өтті Ғ.Нұржанов.Жұмыстар аяқталғаннан кейін бөлінген учаскелердің перспективалары бағаланып, жерде сирек кездесетін элементтерді одан әрі зерттеу жұмыстарының бағдарламасы әзірленеді. Сондай-ақ, перспективалы учаскелерде Оңтүстік Корея мен Жапонияның жоғары технологиялары бар компаниялары жұмысқа тартылады. Олармен келіссөздер жүргізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21486?lang=kk
ҚР ИДМ «ЖЕР ҚОЙНАУЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОДЕКСІНІҢ ЖОБАСЫ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТКІЗДІ 11.04.2025
Қоғамдық маңызды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру мақсатында 2017 жылдың 14 сәуірі күні Алматы қаласында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасы бойынша кезекті қоғамдық тыңдау өткізілді.Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Артур Платонов және Шавкат Өтемисов, ҚР Инвестиция және даму вице-министрі ТимуТоқтабаев, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.Іс-шараны жүргізген Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігінің Қоғамдық кеңесі төрағасын алмастырушы Төлеу Шенгелбаев.Тыңдалым барысында «Қатты пайдалы қазбалар бөлімі бойынша Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасының негізгі ережелері және көмірсутекті шикізат бөлімі бойынша Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасының негізгі ережелері таныстырылды.Қоғамдық тыңдаудың нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңес комиссиясының хатшысы үш жұмыс күні ішінде бандамалардың мазмұны, айтылған пікірлер және Кодекс жобасы бойынша әзірленген ұсыныстар көрсетілген Хаттаманы ұсынады, ол Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайтында және БАҚ-та жарияланатын болады. Кодекс жобасына қатысты берілген ұсыныстарды мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. қарайтын болады.Кодекстің жаңа жобасы келесі тұжырымдамалық өзгерістерді қарастырады:- Австралия елінің моделіне ұқсас «Бірінші келген - бірінші алады» принципі бойынша лицензиялық тәртіпті енгізу арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жеңілдету;- қорларды бағалауда халықаралық тәртіпке көшу;- геологиялық ақпаратқа ашық қолжетімділікті жасау және оны сандық форматқа көшіру;- кең таралған пайдалы қазбалар тізбесін қайта қарау;- кеніштерді жабу кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кен орындарын жою бойынша ережені қатайту;- жер қойнауын пайдалану бойынша әрекет ететін келісімшарттар үшін тұрақтылық кепілдігі қарастырылған және тағы басқалар.«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі жобасының толық мәтіні Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің http://mid.gov.kz/ru/kategorii/departament-nedropolzovaniya-13 ресми интернет ресурсында орналастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21483?lang=kk
Пәкістанның Дін істері және конфессияаралық үйлесім жөніндегі министрі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне қатысуын растады 11.04.2025
Исламабад, 2025 жылғы 7 сәуір — Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Дін істері және конфессияаралық үйлесім жөніндегі федералдық министрі Сардар Мұхаммад Юсуфпен кездесті.Кездесу барысында тараптар конфессияаралық диалог саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы пікір алмасты.Министр С.Юсуф өз қызметі аясында Қазақстанмен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларды жүзеге асыру ниетін білдірді.Елші Е.Қыстафин өз кезегінде екіжақты күн тәртібінің негізгі бағыттары туралы, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жайында әңгімелеп берді. Сонымен қатар, Елші Министр С.Юсуфке 2025 жылғы 17–18 қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 8-ші съезіне ресми шақыруды табыс етті.Өз кезегінде, Министр Қазақстанның жаһандық дінаралық диалогты ілгерілетуге қосқан үлесін атап өтіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін заманауи сын-қатерлерге жауап беретін бірегей халықаралық платформа ретінде жоғары бағалады. Ол Қазақстан тарапымен тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, съезге қатысу ниетін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты, соның ішінде Қазақстан мен Пәкістандағы теологиялық жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/971294?lang=kk
2017 ЖЫЛЫ ЖОЛДАРДА ПАРА АЛҒАНЫ ҮШІН ҚР ИДМ КӨЛІК КОМИТЕТІНІҢ 8 ҚЫЗМЕТКЕРІ СОТТАЛДЫ 11.04.2025
ҚР ИДМ Көлік комитетінде комитет пен аумақтық бөлімшелер басшыларының және қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті. ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы құқық бұзушылықтар мен қызметкерлер арасындағы жыл басынан бергі сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау шаралары туралы айтты. 2017 жылдың басынан бері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады, деген күдікпен аумақтық органдардың 13 лауазымды тұлғасы тұтқындалды. Олардың 8-і сотталды (2016 жылы тұтқынға алынған 13 қызметкердің кінәсі дәлелденді). Егер бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған үшін жауапкершілікке тек қатардағы қызметкер тартылған болса, биыл бірнеше басшы қамауға алынды. Солардың ішінде Маңғыстау облысы бойынша Көлікті бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы бар.Батыс Қазақстан облысында жүйелі түрде пара алған үшін жетекші маман А. Зейнедденов сотталды. Бұдан бөлек, аймақтық Көлікті бақылау инспекциясына анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 15 нұсқау жіберілді.Тұтқынға алынған қызметкерлер саны бойынша Алматы облысының Көлікті бақылау инспекциясы алдыңғы қатарда тұр.Астана қаласы бойынша Көлікті бақылау инспекциясына анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 20 нұсқау жіберліген. Солардың тек қана 9-ы бойынша шаралар қолданылды. Нәтижесінде, 4 қызметкер тұтқындалып, инспекция басшысы қамауға алынды.Алматы қаласы бойынша инспекция қызметкерлері М.Амирбеков пен Б.Жакиянов тасымалдаушылардан жүйелі түрде пара алғандар және жақтаушылық көрсеткендері үшін сотталды. Іс материалдарынан олардың әріптестерінен арнайы тану жапсырмасы бар ауыр жүк машиналарын тоқтатпауларын сұрағаны белгілі болды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының басым бөлігі автокөлік саласында болғандықтан комитеттің onlinecam.mid.gov.kz сайтында барлық көлікті бақылау бекеттерінен трансляция жасау ұйымдастырылған. Ол барлық қызығушылық білдірушілерге қолжетімді. Жылжымалы және стационарлы көлік бақылау бекеттеріне видео-мониторинг жасау барысында Ахуалдық орталық қызметкерлері жыл басынан бері 227 құқық бұзушылықты анықтап (бір жылда 33% артқан), тәртіптік жауапкершілікке 136 адам тартылған. «Мен тыйылмайтын құқық бұзушы қызметкерлердің жұмысына тиісті дәрежеде бақылау жүргізбейтін, оларды бүркемелейтін және теріс қылықтарын жасыратын бірінші басшылар кінәлі деп есептеймін. Өздеріңіз талдап көріңіздер, Ахуалдық орталық анықтаған құқық бұзушылықтардың тек 57%-ы бойынша шаралар қолданылған. Заңнама талаптарына сай болмағандықтан тәртіптік жауапкершілік бұл жерде еспке алынбайды», - деп, атап өтті ӘсетАсавбаев.Комитет төрағасы көлік бекеттерін тексеру бойынша өзінің жеке тәжірибесі туралы айтты. Мысалы, «Молодежный» бекетін тексерген кезде онда бөтен адамдар болған. Камералар жұмыс істемеген, инспекторлар автокөлік құралдарын тіркеу процедураларын жасамаған. «Қызылжар» бекетінің видео-мониторингі күнделікті ондаған жүк машиналары қызметкерлердің тоқтату талаптарын елемейтінін көрсетті. Бірақ 10 ай ішінде осы себептермен тек қана 20 хаттама ғана толтырылған. Бақылау жылжымалы бекеттерге де жүргізіледі. БҚО-нда автокөлік құралын таразылау процедурасы дұрыс болмаған. Нәтижесінің бұрмаланғаны белгілі болды. Кеңес қорытындысында көлікті бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру ережелеріне өзгерістерді енгізу; адамның қатысуынсыз автоматты өлшеу құралдарының қолданысын тездету; тиімділік көрсеткіштеріне негізделген қызметкерлерді ынталандыру механизмін енгізу; қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігін қарастыру кезінде заңсызсыздық жасау фактілерін болдырмау; аумақтық инспекцияларға анықталған құқық бұзушылықтар бойынша қызметтік тергеу материалдардың көшірмелерін беру туралы шешімдер қабылданды.Анықтама үшін:ҚР ИДМ Көлік комитеті жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің құрамына «Нұр Отан» партиясы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, кеме иелері мен теңіз индустриясы кәсіпкерлерінің қауымдастығы, Қазақстандық тасымалдаушылар мен вагон (контейнер) операторларының қауымдастығы, ҚР автокөлікшілер одағы, Қарағанды облысы автокөлік кәсіпкерлер қауымдастығы, ҚР Халықаралық автомобиль тасымалдаушылар одағы, KAZLOGISTICS Қазақстан көлікшілер одағы, ҚР Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы және ҚР ИДМ Заң департаментінің өкілдері кірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21444?lang=kk
АВТОЖОЛШЫЛАР МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ КҮРДЕЛІ ЖАҒДАЙҒА ТАП БОЛҒАН АДАМДАРДЫ ҚҰТҚАРУ ЖАТТЫҒУЫН ӨТКІЗДІ 11.04.2025
Бүгін Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы» А-10 автожолының 118-123-ші учаскесінде республикалық маңыздағы автомобиль жолдарында болатын төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан-Ресей бірлескен оқу-жаттығуының тәжірибелік бөлімі өтті.Барлық мүдделі ұйымдар мен қызметтердің, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қауіпті метеорологиялық құбылыстар жағдайында қауіпсіз және кедергісіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін мемлекеттер шекарасындағы бірлескен іс-шараларға қатысып, куә болды.Жаттығуда жабдықтар, құтқару техникалары, мобильді штаб-пәтер және тағы басқа да құтқару құралдары сыналды. Бұл сынаққа арнайы келген қонақтар да қатысты.Арнайы штаб-пәтерде қысқаша баяндамалар тыңдалып, ТЖ кезінде ШҚО дспечерлік қызметінің қалай жұмыс істейтіні туралы бейне роликтер көрсетілді. Оған «Қазавтодор» ЖШС, Қазақстан Республикасы ІІМ, ҚР Ұлттық қауіпсіздік бюросы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, және т.б. қатысты. Арнайы алаңда жолдардағы төтенше жағдайларды жою бойынша өткен жаттығулар аясында практикалық көрсетілімдер ұйымдастырылды.Оқу-жаттығуда «Қазахавтодор» ЖШС жергілікті жол қызметі, зардап шеккен адамдарды босату және эвакуациялау үшін синхронды және дәйекті іс-қимылдарды көрсетті.Өз кезегінде жедел жәрдем қызметі жәбірленушілерге алғашқы көмек көрсетуге және жақын маңдағы медициналық мекемеге эвакуациялауға арналған тікұшақпен қамтамасыз ететуді ұйымдастыру сияқты көмектерді көрсетті. Eurocopter 145 тікұшағы оқиға орнынан зардап шеккендерді тасымалдау үшін шартты түрде пайдаланылғанын атап өту қажет.Оқу-жаттығулардың соңғы бөлігінде ауыр жүк көлігін трассаға тиеу бойынша арнайы техника кранының жұмысы, ҚР автокөлік жолдары ұйымдарының күштері шекара аймағындағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға көмек көрсетуді ұйымдастыру жұмыстары көрсетілді. Олар көлік құралдарын зардап шеккендерге қажетті қолдау көрсетуге және жанармай құю шаралар ұйымдастыруға пайдаланды. Сондай-ақ, жолды қардан тазартуға, автокөлік құралдарын эвакуациялауға, жол қозғалысын қалай қалпына келтіру мәселелеріне қатысты іс-қимылдар көрсетті.Оқу-ажттығу қорытындысында қатысушылар құрмет грамоталарымен және дипломдармен марапатталды.Жалпы алғанда, жаттығуға қатысушылар түрлі көліктерімен жол-көлік апаттарынан туындаған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша бірлескен іс-шаралар кешенін өткізудің маңыздылығын көрсетті.Тараптар төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бірлескен алгоритмді қалыптастыру және бекіту қажеттілігіне келісті. Сондай-ақ келесі жаттығудың алдында шешімдердің бірлескен хаттамаларын жасау ұсынылды.Шекарадағы шара кез-келген уақытта және кез-келген республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қызметтердің дайын екенін дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21440?lang=kk
ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ СУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУҒА ШАҚЫРДЫ 11.04.2025
2020 жылға қарай ауылдық елдімекендердің жартысынан көбі жерасты су қорларымен қамтамасыз етілетін болады. Бұл Туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған Парламенттік тыңдауда мәлімдеді.2012 жылдан 2016 жылға дейін 1 781 ауылда жерасты суларын іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп, тәулігіне 698,1 мың м3 жерасты суы мемлекеттік балансқа қойылды. «2017 жылдың 1-ші қаңтарындағы жағдайға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тәулігіне есептегенде 42,9 млн.м3 пайдалану су қоры бар мемлекеттік баланстағы 3273 кен орны бекітілген.Бұл қорлар жер үсті су көздерімен орталықтандырылған сумен жабдықтау қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз етеді»,-деп атап өтті министр.Оның айтуынша, 2011-2016 жылдар аралығында сумен жабдықтау жүйелерін дамыту мақсатында 1520 жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 438,1 млрд. теңге бөлінді. 18 мың километрден астам желі салынды және қайта жаңартылды. 2011 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықта еліміз бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік елдімекендерде 42,5%-дан 55,6%-ға дейін және қалаларда 82%-дан 92,9%-ға дейін артты.«6601 ауылдың 3 671-і немесе 55,6%-ы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған.Рейтинг бойынша көрсеткіштері ең төмен Павлодар (20,5%), Қостанай (30,5%), Батыс Қазақстан (37,4%), Шығыс Қазақстан (44,2%) облыстары.Сонымен бірге, ауыл тұрғындарының 80%-дан астамы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылған (7,7 млн. Адамнан 6,2 млн адам). Бұл бірінші кезекте халық саны көп ірі елді мекендердің қамтамасыз етілгенін көрсетеді. «Нұрлы жол» бағдарламасы қосымша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу көрсеткіштерінің өсуіне ықпал етті.78,1 млрд. теңге бюджеттік несие бөлінді. Оған 2083,3 км сумен жабдықтау, су тарту желілері салынды және реконструкцияланды»,-деді Жеңіс Қасымбек Парламенттік тыңдалымда.Еліміздің азаматтарын ауыз сумен қамтамсыз бойынша мемлекеттің мақсатты саясаты елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Сонымен қатар, шешімін күткен бірқатар мәселелер де бар.«Суға деген әлеуметтік қатынас тұтынушылық пен ауыз судың экономикалық құны арасындағы сәйкессіздікке әкелді. (тұтыну құнының төмендігі (маңыздылығы) төмен бағада сату).Бұл қоғамдық санада су құнының түсіп кетуіне себеп болды.Тарифтерді әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыру су арналарын қаржыландырудың жетіспеушілігіне, жүйелердің жылдам тозуына, апатты жағдайлардың көбеюіне, судың азайып, сапасының нашарлауына алып келді. Сумен жабдықтау секторының одан әрі дамуы негізінен нарықтық қатынастарға толықтай қол жеткізумен байланысты. Дамыған елдерде су шаруашылығын басқару жүйесі «пайдалан және төле» қағидаты бойынша қалыптасқан»,-деді министр.Таза жерасты суларының негізгі ресурстары (59%) Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстік аймағында.Атырау, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай және Ақмола облыстарындағы таза жерасты су ресурстары айтарлықтай шектеулі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21422?lang=kk
"КӘСІПОРЫНДАРДА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕЛЕРІН" ЕНГІЗУ 11.04.2025
Бүгін Эталон орталығы ғимаратында «Менеджмент жүйелерін кәсіпорындарда енгізу» тақырыбы бойынша семинар өткізілді.Тындаушылар назарына ISO 37001:2016 «Парақорлықпен күресу бойынша менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық».Сыбайлас жемқорлық жалпы экономикалық және саяси даму үшін айтарлықтай проблема болып табылады. Ол кедейлік деңгейінің жоғарылауына және өнім мен қызметтер сапасының төмендеуіне септігін тигізіп, әлемдік және ұлттық экономикаларын бұзуды жалғастырып келеді.Жаңа ISO 37001 стандартында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең үздік халықаралық тәжірибесі біріктірілді. Кез-келген елде жұмыс жасап отырған компаниялар парақорлықтың алдын алу және оны анықтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірдей рационалды әрі адекватты шараларды қолданып, жұмысқа енгізе алады.Семинарды аша отырып, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төраға міндетін атқарушы Ғ.Т. Дугалов қатысушылар мен ұйымдастырушылар үшін өткізілетін іс-шараның маңыздылығын атап өтті, ұсынылып отырған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және алдын алу құралдың өзектілігін баса айтты.Тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент үш арқауы: анықтау (сыбайлас жемқорлық тәукелдерін сәйкестендiруге икемi болу); алдын алу (сыбайлас жемқорлық тәукелдерін бақылау); әрекет ету (белгілі жағдайларда дұрыс бейнемен икемдiлiк әрекет жасау) бар екенін ескере отырып, тындаушыларға сондай-ақ келесі стандарттар жөнінде ақпарат ұсынылды:ISO 31000 «Тәуекелдер менеджменті. Принциптері мен басшылық нұсқаулар»;ISO/TR 31004 «Тәуекелдер менеджменті. ISO 31000 енгізу жөніндегі нұсқаулық»).Дәріс оқушы ретінде сәйкестікті растау органның басшысы, Еуропалық сапа жөніндегі ұйымының (EOQ) менеджмент жүйелері аудиторы сөз сөйледі.Семинар ұйымдастырушысы – «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК.Семинарда менеджмент жүйелерін енгізген және енгізуді жоспарлап отырған кәсіпорындар өкілдері қатысты. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21421?lang=kk
МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР МЕН НОРМАЛАРДЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ 11.04.2025
2017 жылғы 12-ші сәуір күні Қазақстар Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасымен, аудандық денсаулық сақтау мекемелерімен бейнеконференция арқылы, ал кейін Петропавл қаласының медициналық мекеме өкілдерімен (аураханалар, емханалар, жеке меншік медициналық мекемелер, медициналық жабдықтарды жеткізушілер, медициналық зертханалдармен) бірлесе отыра кеңес өткізді. Оның негізгі мақсаты өлшеу құралдарын пайдалану кезінде нормалар мен ережелердің метрологиялық талаптарын түсіндіру, денсаулық сақтау мекемелерінде сәйкестікті бағалау саласындағы біліктіліктің жоғарылауы.Кездесу барысында денсаулық сақтау мекемелерінде мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүргізілу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімі, медициналық зертханаларды аккредиттеу сияқты сұрақтар талқыланған болатын.Денсаулық сақтау жүйесінде метрологиялық қамтамасыз ету, консервация, техмедсервис, медициналық жабдықтарды өлшеу құралдарының мемлекеттік сатып алуын ұйымдастыру, сонымен қоса ҚР СТР ISO 15 189 енгізу арқылы сенімділікті арттыру, қадағалану, зерттеу нәтижелерін тану сұрақтары қаралып өтті.Өте қызықты пікірталас болып өтті, нәтижесінде мұндай кездесулерді жүйелі өткізіп отыру тілектері айтылды.Кездесу соңында жиналған қауым осы мәселелер бойынша пікір алмасты, мұндай іс-шаралардың қажет екендігін, сондай-ақ оқыту семинарларын өткізудің қажеттілігін атап көрсетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21418?lang=kk
ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ АЛИК АЙДАРБАЕВ МАЛАЙЗИЯ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ 11.04.2025
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев Малайзия елшісі Саид Мохамад Бакри Саид Абд Рахман мырзамен кездесті.Алик Айдарбаев екі ел арасындағы тауар айналым әлеуетке сай келмейтінін және Қазақстан экпорттық өнімдерін өткізуге мүдделі екенін атап өтті.Саид Мохамад Бакри мырза өзінің Қазақстанға іссапармен келудегі мақсаты Қазақстан мен Малайзия арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту екенін жеткізіп, бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілік танытты.Бірінші вице-министр кездесуге келген елшіге алғыс айтып, бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде тараптар сауда-экономикалық салада өзара әлеуетті арттырады, деген үмітін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21411?lang=kk
Конституциялық бақылау және құқықтық ағарту: Ш. Есенов атындағы Каспий университетіндегі Конституциялық Сот судьясымен кездесу 11.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы Каспий университетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Конституциялық Сот судьясы Айжан Жатқанбаеваның және Бас прокуратура өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті.Шараға Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, заң қоғамдастығының өкілдері, ғалымдар мен университет студенттері қатысты. Айжан Жатқанбаева қатысушыларды ұлттық конституциялық әділет жүйесінің даму эволюциясымен, қайта құрылған конституциялық бақылау органының мандатымен және оның Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлімен таныстырды. Өз сөзінде ол конституциялық іс жүргізу тәжірибесінен бірнеше мысал келтіріп, Конституциялық Соттың шешімдері азаматтардың құқықтарын қорғауға және құқықтық мемлекеттің негіздерін нығайтуға қалай ықпал ететінін көрсетті. Судья құқықтық ағартудың, әсіресе жастар арасында конституциялық-құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/971260?lang=kk
Братиславада Наурыз мейрамы тойланды 11.04.2025
2025 жылғы 5 сәуірде Словакиядағы қазақ диаспорасының ұйымдастыруымен, Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Братиславадағы көркем Кухайдо көлінің жағасында көктемгі жаңарудың, бірлік пен жаңа жылдың нышаны саналатын Наурыз мейрамы аталып өтілді. Мереке тек Словакияның түрлі өңірлерінде тұратын отандастарымыз ғана емес, сонымен қатар көптеген шетелдік қонақтар да қатысты.Словакия тұрғындары Қазақстанның бай әрі төл мәдениетімен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды. Алаңға көшпелі өмір салты мен қонақжайлылықтың символы – қазақтың киіз үйі орнатылды. Қонақтар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, дәстүрлі музыканы тыңдап, билері мен әндерінен рухани әсер алды. Ұлттық ойындар мен түрлі байқаулар мерекелік көңіл-күйді арттырып, әрбір қатысушы өзін үлкен отбасының мүшесі ретінде сезіне білді.Қазақ халқының қонақжайлығын дастарханнан орын алған наурыз-көже, бауырсақ, палау және тәттілер қазақтың бай ас мәзірін таныстырып қана қоймай, дәстүр мен дәм үндестігін көрсетті.Елшілік ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, шетелде ұлттық бірегейлікті сақтауға, Қазақстан мен Словакия халықтары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететін мұндай шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/971250?lang=kk
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиевтің Бельгия Корольдігіне сапары 11.04.2025
Брюссельде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев Бельгия Корольдігінің Федералды Вице-премьері – Қаржы және зейнетақымен қамсыздандыру министрі Ян Ямбонмен кездесті.Оның барысында Мәди Төкешұлы бельгиялық әріптесін жоғары мемлекеттік қызметке тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы қаржылық ынтымақтастық одан әрі нығайып, табысты әрі жемісті жалғасын табатынына сенім білдірді.Бұған қоса М.Такиев Қазақстанның аталған елмен өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге және өзара сауда көлемін ұлғайтуға мүдделі екенін жеткізді.Тараптар екіжақты өзара іс-қимылды жалғастыруға және Қаржы министрліктері арасында ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қоюға уағдаласты. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/971245?lang=kk
ТКШ ҚАЗОРТАЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИПОТЕКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ 11.04.2025
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ ҚазОрталығы» АҚ) мен «Қазақстанның Ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ («ҚИК» ИҰ» АҚ) өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Меморандумға сәйкес компаниялар іс жүзінде Қазақстанның барлық өңірлерінде көппәтерлі тұрғын үйлерді тиімді басқару және күтіп ұстаудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізу мәселелері бойынша пилоттық жобаларды іске асыратын, тұрғын ғимараттардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша МЖӘ жобаларын іске асыратын және қолдайтын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бірыңғай ақпараттық жүйені енгізетін, сондай-ақ жалпы мүлікке күрделі жөндеу жүргізуге қаражатты жинау тетіктеріне сынақ жүргізетін болады. Осы іс-шаралардың бәрі тұрғын үй қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етуге және еліміздің тұрғын үй қорының инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.«Қазақстанның ипотекалық компаниясымен ынтымақтастық көппәтерлі тұрғын үйлерді кәсіби басқару және күтіп ұстау қадамдарының бірі. Ал, өңірлерде пилоттық жобаларды іске асыру тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев.Өз кезегінде, «ҚИК» ИҰ АҚ Басқарма төрағасы Әдім Мұхамеджанов ТКШ ҚазОрталығының жылжымайтын мүлікті тиімді басқаруға орасан зор мүмкіндігі бар екенін, сондықтан бірлескен жобаларды іске асыру кезінде бірқатар ұйымдастыру және техникалық проблемалардың алдын алуға көмектеседі, деп атап көрсетті.«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ қызметінің негізгі бағыттарының бірі ТКШ жаңғырту және дамытудың оңтайлы моделін айқындау және осы салаға инновациялық технологияларды енгізу. Қазіргі уақытта компания инновациялық технологияларды Қазақстан Республикасында қолдану үшін тұрғын үй қорын басқарудың әлемдік тәжірибесін зерттеуде.Анықтама үшін:«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылықты жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ(«ТКШ Қазорталығы» АҚ)тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ТКШ инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ТКШ саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық Ұйымы» АҚ миссиясы қаржы операторы ретінде ипотекалық несие беру, «Стратегия-2050» қойылған әлеуметтік бағдарланған міндеттерді орындау мақсатында жалға берілетін тұрғын үйлерді тұрғындардың басым көпшілігіне беру арқылы тұрғындарды тұрғын үйлермен қамтамасыз етуді арттыру тетігі арқылы Қазақстан Республикасының халқы үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекет саясатын іске асыру болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21407?lang=kk
2017 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУҒА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ 65 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ 11.04.2025
Бүгін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінің және «Қазгеология» ҰГК» АҚ-ның 2017 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтті.Жыл басынан бері 98 нысанда жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. 4 перспективалы қатты пайдалы қазба нысаны анықталды.Бюджет қаражысын жұмсамай-ақ, Инвесторлардың қаражаты есебінен жер қойнауын геологиялық зерттеу (ГЖЗ) аумақтың геологиялық зерттелуін қосымша арттыруға мүмкіндік береді. 2017 жылдың 10 айы ішінде жалпы сомасы 15,4 млрд. теңгеге 56 шарт жасалды(сомасы 13,6 млрд. теңгеге ҚПҚ бойынша 30 шарт, 1,5 млрд.теңгеге КСШ бойынша 3 шарт, 360 млн.теңгеге ЖС бойынша 23 шарт).Сонымен қатар, 2017 жылдың І жартыжылдығында геологиялық барлауға салынған инвестиция көлемі 65 млрд. теңгені құрады.Қазіргі уақытта, жер қойнауын пайдаланушылардың жеке қаражаты есебінен ҚПҚ бойынша жұмыстар 54, ЖС бойынша жұмыстар 49, КСШ бойынша жұмыстар 19 шарт шеңберінде жүргізіліп жатыр. 2017 жылы жасалған шарттар шеңберіндегі инвестициялар: ҚПҚ-ға. – 7,4 млрд.теңге; КСШ-ға 6,3 млрд. теңгені құрады, ЖС-ға – 360 млн. теңге.Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары бойынша мемлекеттік комиссия биыл есептік мерзімінде ҚПҚ бойынша 30 есепке, мұнай және газ бойынша 29 есепке, жерасты суларының қорын қайта бағалау бойынша 29 есепке сараптама жүргізді. Жер қойнауын пайдаланушылар есебінен пайдалы қазбалар қоры өсті. Атап айтсақ, алтын – 31 тоннаға; уран – 14,2 мың тоннаға, вольфрам – 70 мың тоннаға мұнай – 44 млн. тоннаға, жерасты сулары – 47 мың м3-қа өсті.Халықаралық стандарттар негізінде КСШ бойынша есептілікті дайындауға қатысты Еуропалық қайта құру және даму банкінің гранты шеңберінде Lloyd’s Register және Adam Smith International компанияларының консультанттары жер қойнауы саласындағы қазақстандық реттеу нормаларын үйлестіруде.ГЖЗ стандарттарынан халықаралық стандарттарға көшу бойынша Жол картасының тұжырымдамасы әзірленді және KAZRC / CRIRSCO және SPE-PRMS бағдарламасы әзірленді.Еуропалық қайта құру және даму банкінің бөлген гранты аясында биыл 20 қарашадан бастап CRIRSCO қатты пайдалы қазбалар бойынша есептіліктің халықаралық жүйесі бойынша қазақстандық мамандарды оқыту басталды. Ал, 27 қарашадан бастап SPE-PRMS мұнай ресурстарын басқарудың халықаралық жүйесі бойынша осындай курстар жүргізілетін болады.Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жоспарланған жұмыстар жүргізілуде.Каспий маңы ойпатының тереңде орналасқан қабаттарын геологиялық зерттеуге бағытталған «Еуразия» жобасын іске асыру мақсатында, 2017 жылғы 21 маусымда Энергетика министрлігі өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Комитет мынадай жобаларды жүзеге асыруға қатысады:- «ГАЖ-Каспий өңірінің геологиялық құрамы карталарының атласын» жасау (Каспий маңындағы мемлекеттермен бірлесе); - «Солтүстік, Орталық және Шығыс Азияның тереңдіктеріндегі үдерістер және металлогендігі» атласын жасау (қатысушылар: Қытай, Қазақстан, Корея, Моңғолия, Ресей).Сонымен қатар, жобалар Жер қойнауын барлау, пайдалану және сақтау жөніндегі үкіметаралық кеңестің шеңберінде жүзеге асырылады.Комитеттің тағы бір бағыты Қазақстанда өндіруші сектордағы компаниялар мен үкімет кірістерінің ашықтығына бағытталған «Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» (EITI) Қазақстанда жүзеге асырылады.ӨСА бастамасы бойынша Маинстриминг ашық мониторинг мемлекеттік жүйесін пилоттық зерттеу аяқталды. Ондағы мақсат - компаниялар мен Үкіметтің бұрынғы есептерін ӨСАБ-ның есептеріндегі деректердің қайталануын болдырмау.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/21406?lang=kk
Темекі өнімдерін таңбалауда маңыздысы 11.04.2025
Темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау 2020 жылғы 1 қазаннан бастап енгізілді және ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығымен бекітілген Темекі бұйымдарын таңбалау және қадағалау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.Темекі бұйымдарын өткізу кезінде айналымға қатысушы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес белгіленген нысан бойынша қабылдау/беру актісін қалыптастырады, оған ЭЦҚ қояды және темекі бұйымдарын өткізудің келесі күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тіркеу нөмірін алу үшін тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне (ТТҚ АЖ) жібереді.Темекі бұйымдарын қабылдауды (растауды) Қағидалардың 48-тармағына сәйкес қабылдау/беру актісі бойынша айналымға қатысушы қабылдау/беру актісі тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады, оған ЭЦҚ қол қойылады және ТТҚ АЖ-ға беріледі.Айналымға қатысушылардың екеуінен ЭЦҚ қойылған қабылдау/беру актісін алған кезде Оператор ("Қазақтелеком" АҚ) ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріне тауарларды қабылдау туралы мәліметтерді береді.Темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау қағидалары бұзылған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 283-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген:Өндірушінің немесе импорттаушының темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, 200-ден 500 АЕК дейін мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.Сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың сәйкестендіру құралдарынсыз және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркалары және сәйкестендіру құралдары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған айналымы құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, 50-ден 500 500 АЕК дейін мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Павлодар облысы бойынша МКДтүсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/996262?lang=kk