Enbekshi QazaQ

Қоғам

"Электрондық Үкімет" порталы арқылы АӘК алушыларға анықтама беру рәсімі жеңілдетілді 11.04.2025
Азаматтарға мемлекеттік атаулы көмек ұсыну үрдісін тездету мақсатында Министрліктің ат салысуымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министрліктері бір реттік құпия сөздер және «Электрондық Үкімет» веб-порталында үшінші тұлғалармен анықтама алу сервисі арқылы өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама алу бөлігінде мемлекеттік қызметтің оңтайландырылған бизнес-үрдісін жіберу іске асырылды.  Бұрын атаулы әлеуметтік көмек алу үшін азаматтарға ХҚКО-на, жергілікті атқарушы органдарға немесе оқу мекемелеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқық беретін мәртебесін растайтын анықтама ұсынуы қажет еді. Қызметтерді оңтайландыру қызмет көрсететін мекемелерге Министрліктің деректер базасына автоматты сұраныс жіберу арқылы жоғарыда аталған мәртебені растауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19188?lang=kk
2027 жылға қарай әйелдер 63 жастан зейнеткерлікке шығады 11.04.2025
Ер азаматтарға қарағанда, әйелдердің зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейі әлдеқайда төмен. Олардың еңбек қызметінің ерекшелігін ескерген жөн. Бұл жұмысының жалғаспай қалған кезеңіне, жалақы көлемінің төмендеу болуына қатысты.   Зейнеткерлік жасты бірегейлендіру – әйелдерді зейнетақымен қамтамасыз ету деңгейін көтеруге бағытталған шаралардың бірі. Қазақстанда 2015 жылы  зейнетақы заңнамасы өзгертілгеннен кейін, 2018 жылдан бастап кезең-кезеңмен әр 6 ай сайын әйелдердің зейнеткерлік жасы көтеріліп жатыр.  2027 қарай олардың зейнтекерлікке шығу жасы ерлердің зейнеткерлік жасымен теңесіп, 63 жасты құрайтын болады.2018 жылы бірінші кезеңде әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы 2017 жылмен салыстырғанда 6 айға ұзартылып, 58,5 жсты құрады. Ерлер үшін зейнеткерлікке шығу жасы бұрынғысынша 63 жас болып қалды. Сәйкесінше, 1960 жылдың бірінші жартысында туған әйелдер, 2018 жылдың екінші жартысында зейнеткерлікке шықты.2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйел азаматтардың зейнеткерлікке шығу жасы тағы 6 айға ұзарып, 59 жасты құрады.  Ағымдағы жылы 1960 жылдың екінші жартысында туған әйелдер зейнеткерлікке шығады.Мұнымен қатар  2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы  белгілеудің жаңа әдістемесі енгізіліп отыр. Базалық  зейнетақыны есептеу жүйесі өзгеріп, оған сәйкес базалық зейнетақы көлемі артты. Жаңа жүйе бойынша оның мөлшері еңбек өтіліне қарай өзгеретін болады. Жұмыс тәжірибесі 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін және одан кейін де жинақталған өтілі  есепке алынады.Сондай-ақ, зейнетақы жүйесіндегі өтілі, базалық зейнетақыны есептеуде есепке алынады. Оған 3 жасқа дейін бала күтімімен отырған кезең,  (жалпы алғанда 12 жылға дейін), мүгедек-баланы бағып-қағу, әскери қызметтегі жұбайлардың бірге тұруы (мерзімді әскери қызметтегілерден басқа), олардың жұмысқа тұру мүмкіндігі болмаған, жергілікті жердегі арнайы мемлекеттік қызметкерлердің (жалпы алғанда 10 жылдан аспауы керек) және т.б.Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап жұмыс істеп жүрген 1 жасқа дейін бала күтімімен демалыста отырған әйелдерге    республикалық бюджеттен 10 пайыз міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялау енігізілді. 2020 жылдан бастап шартты-жинақтаушы  компонент енгізіледі. Ол зейнетақы жинағының көлемін 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарнасы есебінен өсіруге бағытталған. Оны жұмыс беруші жұмысшыларының пайдасына өз қаражатынан төлейді. Мұның бәрі әйел азаматтарға зейнетақы жинағының көлемін және еңбек өтілімін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл базалық зейнетақыны белгілеуде есепке алынады.Осылайша әйелдердің ерте зейнеткерлікке шығуы барысында барлық қолданыстағы жеңілдіктер сақталады:Біріншіден, бес бала туған және 20 жыл еңбек өтілі бар әйелдер 53 жасында зейнеткерлікке шығуға құқылы;Екіншіден, төтенше және радиациялық тәуекелі бар аймақтарда және Семей ядролық сынақ полигонында  5 жылдан аз емес уақыт тұрғандар 45 жасында зейнеткерлікке (20 жыл еңбек өтілі болуы керек)шығады; Үшіншіден, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар үшін зейнетақы ануитетін иеленуі жағдайында зейнетақы жинақтары  жеткіліктілер 2019 жылы 51 жастан  зейнеркерлікке ерте шыға алады; Әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасының кестесі201858 жас 6 ай 01.01.1960 -30.06.1960 ж.201959 жас 01.07.1960 - 31.12.1960 ж.202059 жас 6 ай 01.01.1961 -30.06.1961 ж.202160 жас 01.07.1961 -31.12.1961 ж.202260 жас 6ай 01.01.1962 - 30.06.1962 ж.202361 жас 01.07.1962 - 31.12.1962 ж.202461 жас 6 ай 01.01.1963 - 30.06.1963 ж.202562 лет 01.07.1963 - 31.12.1963ж.202662 жас 6 ай 01.01.1964 - 30.06.1964ж.202763 жас 01.07.1964 - 31.12.1964 ж.2018 жылдың 11 айының қортындысы бойынша бюджеттен бөлінген жиынтық зейнетақының орташа көлемі  81 159 теңге, 2017 жылдың оыс кезеңімен салыстырғанда зейнетақының орташа көлемінен 23 пайызға артық. (2017 жылдың 1 желтоқсанында бюджеттен жиынтық зейнетақының орташа көлемі– 65 935 теңге).2018 жылдың 1 желтоқсанында  жасы бойынша  зейнетақы алатындардың жалпы саны  – 2 172,9 мың адамды құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19152?lang=kk
ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін оңтайландырады 11.04.2025
Для оптимизации процесса оказания государственных услуг, Министерством труда и социальной защиты населения РК (далее – Министерство) в 2018 году реализуется Дорожная карта по проактивному оказанию государственных услуг, связанных с установлением инвалидности. Дорожная карта предусматривает оказание в проактивном формате 8 государственных услуг:Назначение государственного социального пособия по инвалидности;Назначение социальной выплаты на случай утраты трудоспособности;Назначение пособия матери или отцу, усыновителю (удочерителю), опекуну (попечителю), воспитывающему ребенка-инвалида;Оформление документов на инвалидов для предоставления им протезно-ортопедической помощи;Обеспечение инвалидов сурдо-тифлотехническими средствами и обязательными гигиеническими средствами;Оформление документов на инвалидов для предоставления им услуги индивидуального помощника для инвалидов первой группы, имеющих затруднение в передвижении и специалиста жестового языка для инвалидов по слуху;Предоставление инвалидам кресел-колясок;Обеспечение инвалидов санаторно-курортным лечением.По результатам проведения медико-социальной экспертизы, услугополучателю проактивно, то есть без заявления, будут оформлены документы на назначение государственного пособия по инвалидности, социальной выплаты по утрате трудоспособности, пособия воспитывающему ребенка-инвалида, а также предоставление средств и услуг реабилитации в соответствии с индивидуальной программой реабилитации, что позволит значительно сократить маршрут инвалида, исключить необходимость посещения им услугодателей для получения соответствующих услуг, снизить бумажный документооборот.В рамках реализации Дорожной карты проведено обучение сотрудников территориальных департаментов Комитета труда, социальной защиты и миграции Министерства, Управлений координации занятости и социальных программ областей, городских/районных отделов занятости и социальных программ работе в информационных системах с функционалом процесса оказания проактивных государственных услуг, связанных с установлением инвалидности.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19125?lang=kk
2018 жылдың үшінші тоқсанында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы 161 783 теңгені құрады 11.04.2025
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сатистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың үшінші тоқсанында атаулы жалақының индексі өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда 109,3%,  нақты – 103,1%  құрады.Жалақының индексі тауарлар мен қызмет түрлеріне тұтынушының бағасының индексіне қарай атаулы жалақының индексімен анықталады. Екі индекс те бір уақыттың кезеңіне байланысты.2018 жылдың үшінші тоқсанында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылар тізім саны (кәсіпкерлікпен айналысып жүрген шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда)   3755,5 мың адамды құрады, нақтырақ айтқанда  -3543 мың адам.Жұмысшылардың тізім саны  –қол қойылған мерзіміне қарамастан, еңбек келісім-шарты бойынша қабылданған тұлғалардың, сондай-ақ қоғамдық бастамаларда жұмыс істеп жүргенде саны.Жұмысшылардың нақтырақ саны (орташа жалақыны есептеуді қабылдағанда) – жұмысқа формалды тіркелген жұмысшылардың жекелеген санатын шегеріп тастағанда тізім құрамындағы жұмысшылар саны  (жүктілік және бала туу, бала күтімі және тағы басқа бойынша демалыстағы тұлғалар).2018 жылдың үшінші тоқсанында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы  161 783 теңгені (өткен тоқсандыққа 99,4%, өткен жылдың тоқсанына сәйкес  109,3 ) құрады.Аймақтар бойынша қарастыратын болсақ, көбірек жалақы алатын облыстар қатарында Атырау – 310 568 теңге, Маңғыстау - 273 160 теңге, Астана қаласы –  240 683 теңге.  Алматыда орташа жалақы көлемі 197 736 теңгені, БҚО -155 796 тг, Қарағанды облысы-146 324, Павлодар -139 015,  Ақтөбе облысы - 137 526, ШҚО  -135 841, Қызылорда облысы -132 829,  Қостанай өңірінде - 125 522, Ақмола облысы- 121 358, Шымкент қаласында - 113 716, Алматы облысы -113 660, Жамбыл облысы -110 988, СҚО - 110 853, Түркістан облысы -  98 834 теңгені құрайды.Бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы жұмысшылардың нақты санына және  есеп беру кезеңіндегі айлардың санына жалақы қоры есептеген соманы бөлу арқылы анықталады.   Ең жоғарғы жалақы алатын саланың бірінші ондығына кіретіндер: теңіз және жағалау жүк көлігі  683 234 теңге (100,8% өткен тоқсанда,  99% өткен жылдың сәйкес тоқсанында), еңбекпен қамту  563 449   (109,4%-113,1%), су көлігі 560 818 (101,4% – 97,2%), басты компаниялардағы қызмет; басқару мәселелері бойынша кеңес беру  505 020 (108,2%-95,2%), міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет  499 228 (112,4%-116,2%),  құбыр желісі бойынша тасымалдау 472 658 (121,7% – 115,8%), әуе жолаушылар көлігі  417 865 (96,8% – 114,8%), әуе көлігі 414 931 (97,1% – 114,5%), сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі, міндетті әлеуметтік сақтандыруды санамағанда - 378 930 (128,9%-160%), сақтандыру және қосымша қаржылық қызмет көрсету 374 188 (86,9-136%).Әлдеқайда төмен жалақы алатын саланың ондығына кіретіндер: жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату  51 438 тенге (79,3% өткен тоқсандықта) және аквамәдениет  58 378 (өткен тоқсанда 104,6%, өткен жылдың сәйкес тоқсанында   – 150%), мектептке дейінгі білім беру  62 373 (92,1%-101,1%), бірге тұрып әлеуметтік қызмет көрсету  78 314 (97,6%-103,9%), бастауыш білім  (бірінші сатысы) 80 381 (85,7%-113,2%), бірге тұрмай әлеуметтік қызмет көрсету 80 899 (99,7%-101,3%), тергеу және қауіпсіздік қызметін көрсету  87 734 (105,2% -107,8%), білім беру  97 482   (84,6%-107,9%),  жоғары білім  149 784 (90,6%-117,7%), ветеринарлық қызмет  98 236 (108,8%-101,4%).2018 жылдың үшінші тоқсанында өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда мына салаларда жалақы өсті:  туроператорлар қызметінде, турагенттіктер мен  туризм саласында қызмет ететін ұйымдарда– 162 838 теңге (99,2%-138,3%), сақтандыру және қосымша қаржылық қызмет көрсету 374 188 (86,9%-136%), жеке қолданудағы компьютерлерді, тұрмыстық тауарларды жөндеу 237 840 (105,8% - 128%), жүкті сақтау және қаттау 130 530 (102,4%-125,2%), әкімшілік салада және қосымша қызмет көрсету 193 234 (107,8%-123,2%), өзен жүк көлігі 149 737 (115,3% – 122,8%), жоғары білім 149 784 (90,6%-117,7%), қаржылық және сақтандыру қызметі 317 413 (94,7%-116,4%), міндетті әлеуметтік сақтандыру қызметі 499 228 (112,4%-116,2%), қоғамға жалпы мемлекеттік қызмет көрсету 135 898 (99,8%-115,9%).Үшінші тоқсанда өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда мына салаларда жалақы төмендеді: қосымша білім беру қызметі 143 576 тенге (114,9%-78,6%), жарнамалық қызмет және нарық жағдаятын зерттеу  156 364 (95,6%-83%), әкімшілік –басқару, шаруашылық және өзге де қосымша қызмет көрсету салаларында 172 149 (116,9%-87,7%), кино өндірісі, бейнефильмдер, телевизиялық бағдарламалар, фонограмма және музыкалық жазбалар  149 444 (90,6% – 87,8%), автокөлікпен жүк тасымалдау және тасымалдау бойынша қызмет  226 959 (97,9% – 90,1%), басты компаниялардың қызметі; басқару мәселелері бойынша кеңес беру 505 020(108,2%-95,2%), компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа да тиісті қызмет түрлері 304 281 (102,2%-96%), су көлігі 560 818 (101,4% – 97,2%), жылжымайтын мүлікке қатысты жүргізілген жұмыстарға келісім негізінде  сыйақы беру 144 229 (116,3%-98%), теңіз және жағалау жүк көлігі 683 234 (100,8%– 99%).Аймақтар бойынша есептегенде жұмысшылардың нақты саны Алматы қаласында (467,2 мың адам), Қарағанды облысында (321 мың), ШҚО (283,5 мың), Астана қаласында (265,7 мың),  Алматы облысы (225,1 мың), Түркістан облысы (207 мың), Атырау облысы (201,8 мың),  Шымкент қаласында (183,8 мың адам).Әлдеқайда аз – СҚО (114,9 мың), БҚО (133,4 мың), Қызылорда облысы (145,7 тыс), Ақмола облысы (149,9 мың), Маңғыстау (150 мың), Жамбыл облысы (158,9 мың), Қостанай облысы (178,2 мың), Актөбе облысы (181,7 мың), Павлодар облысында (190 мың адам).Экономикалық қызмет түрі бойынша жұмысшылардың басым бөлігі білім саласында  (952,7 мың адам, оның  710,4 мыңы әйелдер), 620,1 мыңы – өнеркәсіпте (оның ішінде 161,2 мыңы әйелдер), 408,5 мың адам мемлекеттік басқару, қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету (139,2 мың әйел), 407,2 мыңы денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету  (319,2 мың әйел ), 220,9 мыңы көлік және қаттау саласында (57,2 мыңы әйел), 165,9 мыңы – құрылыста (18,8 мың әйел), 135 мыңы әкімшілік және қосымша қызмет көрсету саласында  (26,3 мың әйел) еңбек етуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/19086?lang=kk
ҚР ИДМ: ЕЛДІҢ ЖІӨ-НІҢ ЭНЕРГИЯ СЫЙЫМДЫЛЫҒЫ 2008 ЖЫЛҒЫ ДЕҢГЕЙДЕН 28,2%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ 11.04.2025
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында және Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасында Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің энергия сыйымдылығын 2020 жылға қарай кемінде 25%-ға төмендету және 2050 жылға қарай кемінде екі есе төмендету бойынша міндет қойылды.2015 жылдың қорытындысы бойынша, еліміздегі ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығы 2008 жылдың деңгейінен 28,2%-ға төмендеді»,- деп мәлім етті ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек энергия үнемдеу мен энергия тиімділік мәселелеріне арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысындағы баяндамасында.Қазіргі уақытта Мемлекеттік энергетикалық реестрге 5 мыңнан астам ұйым енгізілген. Анықтама:оның ішінде 2737 мемлекеттік мекеме, ол МЭТ жалпытұтынуының жалпы 2% құрайды;Квазимемлекеттік сектордың 1617 субъектілері - 37% және тұтынудың 61% үлесімен 779 бизнес кәсіпорындары.2015 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде осы МЭТ субъектілері энергияны үнемдеуге 178 млрд. теңгеден астам инвестиция салды. 2020 жылдың соңына дейін шамамен 200 млрд. теңге инвестиция салу жоспарлануда.«Министрлік жыл сайын өңірлерге, олардың энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметіне бағалау жүргізеді.Өкінішке орай, өңірлерде энергия үнемдеу жұмысы төмен деңгейде жүргізілуде. 2016 жылдың қорытындысы бойынша тек 8 өңір орташа, қалған өңірлер «төмен» нәтиже көрсетті»,-деді министр.Министрлік жергілікті атқарушы органдардың Энергия үнемдеу саясатын іске асырудағы жауапкершілігін арттыру мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесіне энергия үнемдеу саясатын іске асыру тиімділігі бойынша өлшем шарттар енгізуді ұсынады.Сондай-ақ, министрлік бизнес субъектілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсеткенде тиісті критерилерінің бірі ретінде энергия аудиті мен энергияны үнемдеу жөніндегі шараларды айқындауды ұсынады.«Егер, кәсіпорын электр энергиясының құны үшін уақытша төмендету коэффициентін ұсыну туралы өтінішпен жүгінсе, онда олар энергия тұтынуды төмендету жөнінде қандай  шаралар қабылданғанынкөрсетулері тиіс. Егер бұл қолдау тапса, онда біз мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тәртібіне тиісті өзгерістер әзірлейміз»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. Ведомство басшысы айтқандай, энергия үнемдеуге ынталандырудың жалғыз шарасы ҚР ИДМ-нің, әкімдік пен МЭТ субъектілері арасындағы ерікті келісім ғана.Анықтама: Бүгінгі күні Министрлік пен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және «Шымкентцемент» АҚ арасында энергия үнемдеу  саласындағы үш жақты келісім жасалды. Энергия үнемдеу әлеуеті 15 %-дан асатын, тағы бес кәсіпорын бар. Алдын ала болжам бойынша, тек осы кәсіпорындардың міндеттемелерді қабылдауы және үш жақты келісім жасасуы 2020 жылға қарай еліміздің жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығын 2%-ға дейін төмендетуді қамтамасыз ете алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19084?lang=kk
«ЕР САЙ КАСПИАНКОНТРАКТОР» ЖШС-НЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ 11.04.2025
2017 жылы 5 қыркүйекте Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекс көрсеткіштерін жақсарту шараларының жоспары бойынша, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу және «Ішкі нарықтағы жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикатор дәрежесін кеңейту мақсатында, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалының өкілдерімен «ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС кәсіпорнына барып қайтты.«ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС кәсіпорынның негізгі бағыттары  өндірістік және азаматтық құрылыстар, соның ішінде теңіз опрецияларына арналған үлкен өлшемді құрылымы металдық құрылыстар болып табылады.«ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС теңіз жобаларын инжинирингтен бастап  салынған объектілерді пайдалануға беруге дейінгі  басқаруды жүзеге асыратын Қазақстандағы санаулы компаниялардың бірі.  Сонымен қатар, «ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС соның ішінде теңізден мұнай, газ өндіру және бағдарлау  кезінде, құрылыс кезінде пайда болатын мұнай шламдарын, қатты және сұйық қалдықтарды жою, сұрыптау, қайта өңдеуді жүзеге асырады.Кәсіпорынға бару барысында келесі бөлімдер бойынша материалдар ұсынылды:-  ЕАЭО, техникалық реттеу шеңберінде өткізілетін жұмыстар;- стандарттау облысындағы заңжобалық жұмыстар;- техникалық реттеу және метрология сұрақтары.«ЕР САЙ Каспиан Контрактор» ЖШС «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Маңғыстау филиалымен стандарттау бойынша нормативті техникалық құжаттарды өзектендіру сұрақтары бойынша тұрақты негізде жұмыс жасайды.Кәсіпорынға бару нәтижесінде кәсіпорын өкілдеріне ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетіне бекітілген «Ішкі нарықта жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикаторы бойынша жүргізілетін сауалнамаға қатысуға белсенді ат салысу ұсынылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19039?lang=kk
«ТЕМІР ЖОЛ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІНІҢ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ 11.04.2025
Теміржол көлігі - Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып саналады, оның ішкі және сыртқы көліктік-экономикалық байланыстарын және халықты тасымалдау қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бірыңғай көлік жүйесінің құрамында теміржол көлігінің қызметі әлеуметтік өндірістің барлық салаларының қалыпты жұмысына, әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығына ықпал етеді. 2017 жылдың  қыркүйек айының 7 жұлдызында,«Техникалық реттеу және метрология Комитеті Департаменті» ШҚО бойынша Семей бөлімінде «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» Семей қаласы бойынша өкілдігінің  мамандарымен бірігіп, Семей қаласының кәсіпорындарымен темiр жол саласы үшiн өнiм өндiру мәселелерi бойынша мәжіліс өткiзiлдi. «Казэлектромаш» ЖШС, ПК «Ибраев», «КА Адмет» ЖШС өкілдері қатысты. Мәжілісте теміржол саласындағы Кеден одағының техникалық регламенттерінің негізгі талаптары талқыланды: «Темір жол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР  001/2011), «Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы» (КО TР 002/2011), «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» (КО TР 003/2011). Олардың ішінен біріншінің таралуы (КО ТР  001/2011)-  құрастырылған (жаңартылған), дайындалған темір жол жылжымалы құрамы және оның құрамдас бөлшектері, жалпы және жалпы  емес темір жолдарда кедендік одақ аумағында айналымға шығарылған  200 км / сағ жылдамдықпен 1520 мм жолдың ені. Оларға локомотивтер, автокөліктер және вагондар, локомотивтердің жүк вагондары, жүк вагондары, арнайы темір жол жылжымалы құрамдары жатады.Теміржол саласына арналған өнімдер бойынша «Казэлектромаш» ЖШС-нің стандарттау және сертификаттау жөніндегі маманы Рогальская Анастасия сөз сөйледі. Темір жол өнеркәсібі үшін 0,66, 1,3 және 4 кВ кернеулеріне термопластикалық эластомерлермен оқшауланған сымдар мен кабельдер шығарылады. Кәсіпорын кабель және сым өнімдерін шығаруға және сымдарды эмальдауды жүзеге асыруға жаңа итальяндық технологиялық желіні сатып алып, құрастырды.  Жабдық «Даму» қоры арқылы «Өндіріс»  бағдарламасы бойынша сатып алынды. Кәсіпорында аттестацияланған электрлік өлшеу зертханасы бар. А.Рогальская кәсіпорынның сынақ базасын кеңейту бойынша жоспарымен бөлісті, ал болашақта зертхананы аккредитациялау ойлары бар екенін айтты.Өнімді сынау және сәйкестікті растау мәселелері талқыланды.«Техникалық реттеу және метрологияКомитеті Департаменті» ШҚО бойыншаСемей бөлімінің басшысы                                               Шумаев Р.Р.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19002?lang=kk
В КТРМ ПРИБЫЛА ДЕЛЕГАЦИЯ ТУРЕЦКОЙ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ ПОДПИСАНИЯ МЕМОРАНДУМА В СФЕРЕ СТАНДАРТИЗАЦИИ 11.04.2025
АСТАНА, 9 сентября 2017 год – ЭТАЛОННЫЙ ЦЕНТР. Сегодня в рамках визита в  Казахстан делегации Турецкой Республики во главе с Президентом Турецкой Республики Р. Эрдонганом Комитет технического регулирования и метрологии МИР РК (КТРМ) во главе с Председателем Галымжаном Дугаловым подписал с Турецким Институтом Стандартов (TSE) Меморандум о сотрудничестве.В рамках данного визита уполномоченные органы обоих сторон Комитет технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (КАЗМЕМСТ) и Турецкий Институт Стандартов (TSE) подписали Меморандум о взаимосотрудничестве.Целью заключения данного Меморандума явилось укрепление взаимовыгодного сотрудничества между Сторонами, оказание содействия развитию совместных перспективных проектов, обмену опытом и прохождению стажировок, а также привлечению лекторов обоих Сторон для обучения в приоритетных областях стандартизации и оценки соответсвия.Вместе с тем, на сегодня сотрудничество в области метрологии осуществляется с Национальным институтом метрологии Турецкой Республики (TÜBITAK UME) в рамках Меморандума о взаимопонимании от 08 октября 2009 года, в области аккредитации в рамках Меморандума о взаимопонимании между Национальным центром аккредитации Республики Казахстан (НЦА) и Национальным агентством по аккредитации Республики Турция (TURKAK).Также одной из площадок для сотрудничества является Межрегиональная Ассоциация по стандартизации (далее – МАС), созданная в сентябре 1991 года в результате решения международной Конференции, состоявшейся в Анкаре.В свою очередь, заключение данного Меморандума укрепит взаимовыгодное сотрудничество на более тесном уровне в перспективных направлениях стандартизации и оценки соответсвия.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18989?lang=kk
ІШКІ НАРЫҚТА ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІ ӨТКІЗУ ҮШІН ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫННЫҢ БІР БӨЛІГІН ҚАЙТАРУ ҮШІН 55 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯҒА 120 МЛН. ТЕНГЕ БӨЛІНДІ 11.04.2025
Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі №617 бұйрығына сәйкес 55 индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жумыстарды, керсетілетін кызметтерді ішкі нарықта ілгерілету шығындары 120 млн. теңге сомасында өтелгенін хабарлайды: "RG Brands Kazakhstan" ЖШС, "РауанНалко" ЖШС, "Казэлектромаш" ЖШС, "Саранская швейно-трикотажная фабрика "Galex Plus" ЖШС, "SONIK" Компаниясы" ЖШС, "Astana Solar" ЖШС, "Лидер 2010" ЖШС, "Казахойл Актобе" ЖШС, "Daewoo Bus Kazakhstan" ЖШС, "Уральскагрореммаш" АҚ, "Қазақстан электролиз зауыты " АҚ, "Ақтобе мұнай жабдығы зауыты " АҚ, "ERG Service" АҚ филиалы Павлодар машинажасау зауыты, "KSP Steel" ЖШС, "Евразиан Фудс Корпорэйшн" АҚ, "АтырауНефтемаш" ЖШС, "Азия Авто" АҚ, "Казтехресурс" ЖШС, "Шығыс Қазақстан Ұн-құрама жем комбинаты" АҚ, "Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы" ЖШС, "Петропавл ауыр машинақұрастыру зауыты " АҚ, "НПО Дефектоскопия" ЖШС, "Фирма Родник" ЖШС, "Жаңа-Есил Феникс" ЖШС, "Format Mach Company" ЖШС, "ТНК "Казхром" АҚ, "КазСПО-New" ЖШС, "Алюминий Казахстана" АҚ, "Проммашкомплект" ЖШС, "Алматы ашытқы зауыты" АҚ, "Карагулина Л.А." ЖМ, "Концерн "Цесна-Астык" ЖШС, "Цесна-Мак" ЖШС, "Акнар ПФ" ЖШС, "Өскемен арматуралық зауыты " АҚ, "Almix" ЖШС, "AlPaint" ЖШС, "Қазақтың мамандырылған жөндеу-реттеу кәсіпорны" ЖШС, "Өскемен конденсаторлық зауыты " ЖШС, "Kazcentrelectroprovod" ЖШС, "Рамазан" ЖШС, "ADM Investment" ЖШС, "Топан" ЖШС, "Hyundai Trans Auto" ЖШС, "ИСИ Гипс Индер" ЖШС, "Аксайгазпроект" ЖШС, "Алтын Омир" ЖШС, "Инжиниринг компаниясы "Казгипронефтетранс" ЖШС, "Казэнергокабель" АҚ, "Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты " АҚ, "Алматы ауыр машинақұрастыру зауыты" АҚ, "Аксель и А" ЖШС, "ТЭБ" ЖШС, "Кублей" ЖШС, "R.W.S. Binding" ЖШС. ҚР ИДМ Жергілікті қамтуды дамытудыңұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18983?lang=kk
«СКУТЕР» АКЦИЯСЫ БАРЫСЫНДА БІРҚАТАР ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ 11.04.2025
Жаз маусымы кезеңінде су көлігінде жүргізілген тексерулер барысында қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің ақпараты бойынша, 2017 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында Қазақстанда «Скутер» жыл сайынғы республикалық акциясы өтті. Аталған іс-шараның мақсаты шағын көлемді су көлігін қауіпсіз пайдалануды, еліміздің су қоймаларындағы көпшілік демалатын аймақтар мен орындарда адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.Тексеру барысында шамамен 5,6 мың шағын көлемді кеме тексерілді (гидроциклдар, катерлер, моторлы кемелер т.б.), сондай-ақ 744әкімшілік заң бұзушылық анықталды. Бұл ретте, әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Атырау және Қостанай облыстарында тіркелген.Анықталған заң бұзушылықтардың негізгі түрлері:- кемелерді жеке құтқару жабдықтарынсыз пайдалану – 471 оқиға;- кемені құжатсыз пайдалану – 117 оқиға;- кеме басқару құқығын беретін құжатсыз пайдалану – 86 оқиға;- белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық тексеруден өтпеген және борт нөмiрлерi жоқ кемелерді басқару – 35 оқиға.Сонымен қатар, Көлік комитетінің аумақтық органдары шағын көлемді флоттың қауіпсіз пайдалануын реттейтін заңнаманың талаптарын түсіндіру бойынша шағын көлемді кемелердің иелерімен, база-тұрақтарының және демалыс аймақтарының иелерімен профилактикалық жұмыстар өткізген.Анықтама ретінде: Көлік комитеті іске асыратын «Скутер» республикалық акциясы су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылғы флоттағы апаттың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының бөлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18967?lang=kk
Жаһандық өзгерістер жағдайында әлеуметтік саланы және жұмысбастылықты дамыту мәселелері Астанадағы «Еңбек нарығының келешегі: жаңа мүмкіндіктер» атты форумда талқыланды 11.04.2025
Форумды Қазақстан Республикасындағы «Шетелдік кеңесшілердің қазақстандық кеңесі» қауымдастығымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырды.Форум жұмысына Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, халықаралық ұйымдар мен консалтингтік компаниялардың өкілдері, халықаралық және қазақстандық сарапшылар, ірі қазақстандық жұмыс берушілер және шетелдік инвесторлар қатысты.Форум делегаттары әлемдік еңбек нарығындағы сын-тегеуріндердің ұлттық нарықтарға, жаңа жұмысбастылық түрлеріне және әлеуметтік қорғау жүйесін бейімдеуге ықпал ету сценариін бағалады. Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайында еңбек нарығының инфрақұрылымын цифрге көшіру және кадрларды даярлау жүйесінің түбегейлі өзгерістен өту мәселелері де кеңінен талқыланды.  Сондай-ақ, еңбек қорларының мобильділігі және шетелдік таланттардың келіп қосылуы, инклюзивтілікке бағытталған белсенді жұмысбастылық саясатын дамыту, нысаналы топтарды қолдауға арналған жаңа құралдар әңгімеге арқау болды.Форум барысында халықаралық ұйымдардың өкілдері еңбек нарығына өзгерістер әкеліп жатқан жаһандық беталыстар жайлы ақпарат берді. Әлемдік тәжірибесі мол сарапшылар әлемдік трендтердің дамыған және дамушы экономикаларға ықпал етуіндегі айырмашылық жайлы әңгімеледі. Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесі негізінде жұмысбастылық, білім беру және дұрыс әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету саласындағы өзгерістерді басқару бойынша жоспарлар мен тәжірибелер таныстырылды.Форум аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Дүниежүзілік банктің техникалық және қаржылай қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды. Секцияға қатысуышлар заманауи технологиялардың халықаралық және жергілікті контекстіде әртүрлі еңбек дағдыларына деген сұранысқа әсерін, 21 ғасырда қажетті дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастырудағы білім берудің рөлін талқылап, Қазақстан еңбек нарығында тепе-теңдікті қалыптастырып жетілдіру үшін Ұлттық біліктіліктер жүйесін дамыту қаншалықты маңызды екендігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18958?lang=kk
Қазақстанда дін мәселелері бойынша лекторлар даярлау орталығы құрылады 11.04.2025
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кеңейтілген Алқа мәжілісінің отырысында министр Нұрлан Ермекбаев ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын дамыту үшін арнайы Жол картасын әзірлеп,   дәріс берушілерді қайта даярлауды жүзеге асыратын дайындау орталығын құруды ұсынды.  Министрдің айтуынша, ақпараттық топтардың мүшелері азаматтармен тығыз әрі түрлі аудиторияда адресті түрде жұмыс жасайды. Ал, жұмыс ескі қағидамен жүргізілуде. Барлық қатысушылар үшін бір ғана дәріс, формальді кездесулер, өңірдің ерекшелігі ескерілмейді, одан арғы байланыстар жетіспейді. Нұрлан Ермекбаев ақпараттық топтардың мүшелері, оқытушылар ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың толық жиынтығын меңгеріп, сондай-ақ, психологиялық дайындықтан да  өтулері керек екенін баса айтты. «Бұл үшін біз ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын дамыту үшін арнайы жол картасын әзірлеуіміз керек. Бұл картаның басты бағыттарының бірі лекторларды даярлау және қайта даярлау орталығын құру болып табылады. Ол оқытушыларға ғана емес, олардың жұмысына бақылау жасап қана қоймай, сертификаттауды жүргізеді және рейтингтерді қалыптастырады. Рейтингке сәйкес, оқытушыға төлем жасалады. Орталық жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, профилактикалық жұмыстың алгоритмін әзірлеуі керек»- деп өз жоспарымен бөлісті Нұрлан Ермекбаев. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда дін мәселелері бойынша 249 өңірлік және 1 республикалық  ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істейді.  Олардың қатысуымен 35 мыңнан  астам түрлі іс-шаралар өткізіліп,  аталған іс-шаралаға 2 млн.  500 мың адам қатысты.  Ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері үшін 50-ден астам әдістемелік материал дайындалып, 3 мың лектор оқытылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/din/press/news/details/18871?lang=kk
Еңбек министрлігінде әлеуметтік жұмыс бойынша Ұлттық ресурстық орталықтың тұсаукесері өтті 11.04.2025
Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде адам ресурстарын дамыту, сондай-ақ қазақстандық әлеуметтік жұмыс жүйесін жетілдіру мақсатында БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының қолдауымен құрылған Әлеуметтік жұмыс бойынша Ұлттық ресурстық орталықтың тұсаукесері өтті.Кездесуді ашқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында көрсетілген тапсырмаларын ескере отырып, әлеуметтік мәселелерді және әлеуметтік қызметтерді шешу Ел саясатының маңызды бағытының бірі екенін атап өтті.«Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсарту үшін халықаралық стандарттарға сәйкес, бүгінгі күні біздің елімізде әлеуметтік қызметтердің жаңа түрлерін енгізу және әлеуметтік қызметтерді жаңғырту арқылы оның  сапасын арттыру міндеті тұр. Осыған байланысты әлеуметтік қызмет көрсету мен көмек көрсетудің кешенді үлгісін енгізу басталды, ол әлеуметтік қызметкерлердің білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және басқа да салалардағы жұмысын үйлестіру тетігін жетілдіруді көздейді, бұл мұқтаж азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.»-деді Мәдина Әбілқасымова.Әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында осы  сала мамандарының білім деңгейі мен практикалық дағдыларын арттыру  маңызды мәселе болып отыр. «Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау саласында 10 мыңнан астам әлеуметтік жұмысшы еңбек етіп келеді, олар арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж 116,8 мың адамға қызмет көрсетеді. Бұл ретте, аталған  орталықтың алдында барлық деңгейдегі әлеуметтік жұмыскерлерді жоғары, орта және жоғары оқу орнына дейінгі оқу орындарында кәсіптік даярлау стандарттарын жүйелендіру, сондай-ақ  орталық және аумақтық деңгейде әлеуметтік жұмыскерлерді даярлау,  қайта даярлау бойынша үлкен міндеттер қойылған.» -деп атап өтті ведомства басшысы.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, қоғамдық бірлестік басшылары Әлеуметтік жұмыс бойынша Ұлттық ресурстық орталығының тұсаукесеріне қатысып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандырудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18706?lang=kk
Астанада «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық байқауы өтті 11.04.2025
Биыл аталған байқаудың ұйымдастырушылары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Нұр Отан» партиясы болды.Іс-шара барысында байқауға қатысқан барлық жобалардың көрмесі және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.Конкурс тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өмірлік қиын жағдайларды жеңуге көмектесу, әлеуметтік салада еріктілерді дамыту секілді басқа да бағыттарға арналды.  Конкурс елдегі проблемалық жағдайларға тап болған жандарды  қолдауды қажет ететін қөзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ел бойынша 318 жоба авторы қатысып, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық болды.«Үздік әлеуметтік жобалар көрмесінің өткізілуі жыл сайынғы дәстүрге айналды, биыл ол республикалық деңгейге жетті және жобалардың саны айтарлықтай өсті. Тұрмыс жағдайында адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өздерінің үлестерін қосатын көптеген адамдар бар. Жаңа жоспар шеңберінде біз қызметтерді көрсетудің халықаралық сапа стандарттарына көшуге тырысамыз, әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтілетін болады. Алайда жалпы қоғам, қоғамдық ұйымдар және әрбір қазақстандық мұндай белсенді болмаса, біз табысқа жете алмаймыз.» - деді Мәдина Әбілқасымова.Конкурс қорытындысы бойынша бір жеңімпаз анықталды, екінші орынды екі жоба авторы алса, үшінші орын үш адамға берілді.    Одан бөлек, комиссияның шешімімен 5 арнайы сыйлық пен онлайн-дауыс беру кезінде ең көп «лайк» жинаған 3 жоба авторына да жүлде тағайындалды.Атап айтқанда, «Зейнеткерлерге тегін түскі ас» жобасымен қатысқан Рәсима Темірбаева – 1-орын, «Арбадағы кедергісіз өмір» жобасымен қатысқан Нұрболат Қарабасов пен «Ел назы» арт-терапиямен дамыту орталығы жобасымен қатысқан белгілі әнші Кенжебек Жанәбілов – 2-орын және «Үміт сәулесі», «Мейкатон «TOM: Kazakhstan» жобаларымен қатысқан Маржан Мәдиева мен Сәния Арапова 3-орын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18689?lang=kk
«Астана Опера» балет труппасы Кремль Сарайында өнер көрсетеді 11.04.2025
- Біз үшін барлық гастроль маңызды, жақында балет труппасы бір ай көлемінде Еуропа қалаларында орасан зор жетістікпен өнер көрсетті, барлық жерде аншлаг болды. Бүгінде Мәскеудегі ең беделді концерттік зал сахнасында «Шехеразада» бір бөлімді балетін орындау туралы Андрис Лиепадан шақырту келіп түсті. Бұл біз үшін жауапты әрі айтулы өнер көрсету болмақ, себебі гала-бағдарламаның тұтастай бір бөлімі «Астана Опера» театрына берілген. Кремль Сарайы сахнасын көздің жауын алар декорациялар сәндейтін болады, біз оларды Қазақстаннан алып барамыз. Әртістеріміз спектакльді керемет деңгейде көрсетеді деген үміттеміз. Бізге деген ықыласы мен сенімі үшін Андрис Марисовичке алғыс білдіремін. Наурыз айында қазақстандық көрермендер осынау балетті «Астана Опера» сахнасынан тамашалай алады, - деп атап өтті Алтынай Асылмұратова.Дәстүр бойынша Ресейдің Халық әртісі Андрис Лиепаның «Қолтаңбалар және бедел» жобасы жыл сайын өтеді. Гала-концерт бағдарламасына «Қасиетті көктем», «Петрушка», «Ұйқыдағы ару», «Жизель», «Талисман» және т.б. балеттердің үзінділері енген. Дегенмен де, кештің басты оқиғасы Лев Баксттың қайта жаңғыртқан декорациялары мен костюмдері бар «Шехеразада» шығыс ертегісінің көрсетілімі болмақ.Алтын құл партиясын жас дарын, «Астана Опера» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан орындайды. Барша әлемнің балет сыншылары мен көрермендері «Астана Опера» премьерінің ғаламат секірулеріндегі үлгілі академиялық форманы сақтай алатын тамаша самғауларына» толық көлемде бағасын берді. Жетекші солист керемет орындау техникасына, сирек кездесетін жеке-дара харизмаға ие, әртіс көрермен назарын өзіне аударып, оларды соңынан ілестіре алады. Нәзік шығыс аруы Зобеиданың партиясында – театрдың жас әрі болашағы жарқын солисі Анастасия Заклинская. Шахриар мен Шахезманды тамаша актерлік шеберлік иелері Жәнібек Иманқұлов пен Ильдар Шакирзянов ұсынбақ. Бас белсіз рөлінде – харизмалық биші Олжас Маханбетәлиев. Күңдер – Мөлдір Шәкімова, Аделина Төлепова, Еркежан Жүнісова, Марико Китамура, Сэйка Тоносаки, Назира Заетова.Қазақстандық әртістермен қатар, гала-концертке «Ковент-Гарден» Корольдік театрының премьері Вадим Мунтагиров пен Дарья Климентова, сондай-ақ әлемдік балеттің ең жарық жұлдыздары: Юлия Махалина («Мариин театры»), Татьяна Мельник («Мемлекеттік Венгр опера театры»), Элеонора Севенард («Ресей Үлкен театры»), Бруклин Мак («Вашингтон балеті»), Ксандер Париш («Мариин театры»), Денис Родькин («Ресей Үлкен театры») және т.б. қатысады.Еске салар болсақ, 2019 жылдың 12 наурызында ХХ ғасырдың басындағы ұлы биші әрі хореограф, Сергей Дягилевтің «Орыс маусымдары» жұлдызы Вацлав Фомич Нижинскийдің туғанына 130 жыл толады. Ол өзінің балет партияларымен сол дәуірдегі көптеген балериналардың атақ-даңқын басып-озған әлемдегі алғашқы ер бишілердің бірі болған. Оның икемділігі мен әртістік харизмасы оған әлемдік танымалдылық әкелді.Кеш жүргізушісі әрі режиссері –  Ресейдің Халық әртісі Андрис Лиепа.Концерт бір үзіліспен 2 бөлімде өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/18668?lang=kk
БЖТ төлеу жүктілік пен бала тууға, бір жылға дейінгі бала күтіміне байланысты жоғарылатылған көлемде әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді — М. Әбілқасымова 11.04.2025
Бүгін «Бірыңғай жиынтық төлемнен не күтіледі?» тақырыбындағы сарапшылық дөңгелек үстел аясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова БЖТ енгізу және оның еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмыссыз қалу, жүктілік пен бала туу, бір жылға дейінгі бала күтімі кезінде халықтың әлеуметтік төлемдер алуына әсері туралы айтып берді.Министрдің айтуынша, БЖТ еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу кезінде мемлекеттен төлем алуды, базалық деңгейде мемлекеттен – мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты (барлығына кепілдендірілген) берілетін жәрдемақы алуына мүмкіндік береді, яғни, Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдер қосымша жүреді.Бұдан өзге, жүктілігі мен бала тууы, бір жылға дейінгі бала күтімі бойынша Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдер мемлекеттік бюджеттен бөлінген аударымдарға қарағанда жоғарылатылған көлемде болады. Мәселен, бүгінгі таңда мемлекеттік бюджеттен 1 жылға дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы қарастырылған. Оған қоса, жүктілік пен тууға байланысты төлем тек Әлеуметтік сақтандыру қорынан беріледі.«Біздің есептеуіміз бойынша, әйелдер жүктілігі мен бала тууына байланысты 124 732 тг мөлшерінде төлем ала алады. Сондай-ақ, 1 жылға дейінгі бала күтіміне байланысты төлем алады. Ослыайша, БЖТ төлеген әйел Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдерге үміткер бола алады», — деді министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18658?lang=kk
Жұмыспен қамту, оқыту және шағын несиелендіру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың экономикалық құқықтары арттырылады 11.04.2025
Бүгін «Бірыңғай жиынтық төлемнен не күтіледі?» тақырыбындағы сарапшылық дөңгелек үстел аясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізу көзделіп отырған Бірыңғай жиынтық төлемді енгізудің артықшылықтары туралы айтып берді.Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысуы мәселесін пысықтау мақсатында, сондай-ақ сапалы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамтуды формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы әзірленді.Заң жобасы аясында қарастырылады:1. Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу арқылы формалды емес жұмыспен қамтылғандардың жұмысын заңдастыру бойынша жүйелі шаралар.2. «жұмыспен қамтылған тұлға» және «тәуелсіз жұмыскерге», сондай-ақ жұмыспен қамтылғандарға жататын санаттарға бірыңғай анықтама беру.3. әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және зейнетақымен қамту туралы заңдарда төлемшілердің санаттарын біріздендіру.Заң жобасының жаңашылдықтарының бірі – формалды емес жұмыспен қамтылғандар үшін Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) енгізу мүмкіндік береді:• міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысып, медициналық мекемені таңдау құқығымен сомасы және түрі бойынша шектеусіз медициналық қызметтерге қолжетімділігі;• жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу және жүйеге қатысу мерзіміне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу;• еңбек қабілеттілігінен айырылу, жұмысынан айырылу, асыраушысынан айырылу, жүкті болу және босану, бала асырап алу, 1 жасқа дейінгі бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алу.Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген М. Әбілқасымова бір реттік төлемді — 2525 теңгені және ауылда 1263 теңгені төлеген соң азамат ең алдымен осылайша өз жұмысын формализациялайтынын атап өтті, яғни ол өз жұмысын ресми түрде тіркейді.Екіншіден, ол әлеуметтік қамсыздандырудың үш жүйесіне: МӘМС, базалық әлеуметтік қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жүйесіне қатысудың пайдасын көре бастайды.Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды әлеуметтік қолдау бойынша мемлекеттік саясат сонымен қатар басқа да бірқатар бағыттарды қамтиды.«Бұл біз нәтижелі жұмыспен қамту, оқыту және шағын несиелендіру бойынша жүргізіп отырған жұмыстарымыз. Біз мұның барлығы әлеуметтік қорғалу деңгейі мен кірістерді арттыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», — деді М. Әбілқасымова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18647?lang=kk
2018 жылғы «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» өңірлік байқауы өз мәресіне жетті 11.04.2025
Еліміздің барлық өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша байқау өз мәресіне жетті. Өңірлік байқауға ұсынылған 318 өтінімнен 49 жоба жеңімпаз атанды, олар Астанада өтетін «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық көрмесінде таныстырылатын болады.Ағымдағы жылы наурыздың 1-інен 30-шы маусымға дейін байқау шеңберінде үш жүзден астам автор өз жобаларын ұсынды, оның ішінде:1. «Тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету» бағыты бойынша 116 өтінім түсті;2. «Қиын өмірлік жағдайдан шығуға көмек көрсету» бағыты бойынша 60 өтінім түсті;3. «Әлеуметтік салада еріктілер қозғалысын дамыту» бағыты бойынша 53 өтінім түсті;4. «Мүгедектігі бар тұлғаларды қоса алғанда, азаматтарды жұмыспен қамтуға ықпал жасау» бағыты бойынша 47 өтінім түсті;5. «Әлеуметтік проблемаларды шешудегі ақпараттық жылжу» бағыты бойынша 42 өтінім түсті.Республикалық кезеңнің үздік жұмыстарын байқау комиссиясы анықтайтын болады, қазіргі уақытта олар өңірлерден ұсынылған жобалармен танысуда. «Нұр Отан» партиясы мен Қазақтан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайттарында 22 тамыз бен 22 қыркүйек аралығында жүргізілетін онлайын дауыс беру нәтижесімен көрермен көз айымы жеңімпаздары анықталатын болады.Айта кететін жәйт, ағымдағы жылы ұсынылған өтінімдер саны екі есеге өскен. Егер 2017 жылы байқауға қатысу үшін 155 өтінім ұсынылса, осы жылғы өтінімдер саны 318-ге жетті. Бұл әлеуметтік жобаларға жұртшылық назарының жоғары болуы, сонымен бірге жергілікті жердегі қатысушылардың белсенді жұмыс есебінен жұмыспен қамтылуының кеңеюі болып отыр.Осы орайда байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау ағымдағы жылы қыркүйек айында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» көрмесін ұйымдастыру аясында өткізіледі.Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша жоба авторларына өз жұмыстарын көрсетуге мүмкіндік берілетін болады. Олардың ішінен халықты қызықтырып қана қоймай, әрі қарай мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және басқа да мүдделі тұлғалардың қолдауымен тәжірибелерін жүзеге асыратынына біз сенімдіміз.Аталған байқау өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың мәселелерін шешуге азаматтық қоғамның назарын аудару, толыққанды өмір сүру үшін тең мүмкіндіктерді жасау және шығармашылық деңгейін дамытуға бағытталғанын атап өткіміз келеді.Республикалық байқаудың ұйымдастырушылары Нұр Отан партиясы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоры.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18530?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдады 11.04.2025
10 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының  Республикалық қоғамдық қабылдау базасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е. Әбілқасымова азаматтарды қабылдады.Қабылдау барысында азаматтардың қойған сұрақтарының басым бөлігі мемлекеттік базалық зейнетақы, шипажайлық-курорттық ем алу, еңбек құқығының бұзылуы, мүгедектік алу және әлеуметтік көмек алу мәселелеріне қатысты болды.  Қабылдау барысында әрбір өтініш білдірушіні тыңдай келе, Мәдина Әбілқасымова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім басшыларына тиісті тапсырма берді.«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ай сайын азаматтарды қабылдау өткізіледі. Бүгінгі күні қабылдауға 17 адам жазылды. Жалпы ай са йын министрлікке 40-қа жуық өтініш келіп түседі. Атап өтейін, біз азаматтардың тек жазбаша түрдегі өтініштерімен ғана емес, әлеуметтік желідегі өтініштермен де жұмыс істейміз» - деп атап өтті, Министрліктің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Д. Садуақасова.Қабылдау барысында тек Астана  тұрғындары ғана емес, Алматы қаласы да бейне байланысқа шығып Министрге жеке сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18499?lang=kk
ЭКСПОРТТАЛАТЫН ӨНІМДІ СЕРТИФИКАТТАУ МЕРЗІМІ 1 КҮНГЕ ДЕЙІН ҚЫСҚАРТЫЛДЫ 11.04.2025
Техникалық реттеу саласындағы заңнамаларды түсіндіру және консультативтік көмек көрсету мақсатында 2018 жылғы 10 қаңтарда ТРМК БҚОбД  және «ҚазСтИн» РМК БҚФ көмірсутегі шикізатын өңдеумен, мұнай өнімдерін сатумен айналысатын және мазутты экспортқа шығаратын «ORAL MUNAI» ЖШС-не барып қайтты. Кездесу барысында сәйкестікті бағалау туралы құжат пен тауар шыққан жер туралы сертификат алу мәселелері талқыланды.Сонымен қоса, «Тауарлардың экспортына қатысты кейбір мәселелер туралы» 20.11.2017 жылғы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бұйрығы қабылданғаны жөнінде ақпарат берілді. Экспортқа арналған өнімдер жеңілдетілген сертификаттау схемасына сәйкес сертификатталады. Соның нәтижесінде, сертификатты алу уақыты 1 күнге дейін қысқартылады және экспортқа шығарушылардың қаржылық шығындары азаяды.Сонымен қатар, сәйкестікті растау органдары ҚР СТ 3.45-2008 бекітілген сертификат нысанының 13-бағанында сертификат алудың мақсатын «ЭКСПОРТАЛАТЫН» белгісімен көрсетеді және мұндай өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығаруға және сатуға құқық берілмейді. Кездесу соңында «ORAL MUNAI» ЖШС-нің директоры Ғалымжан Ерғалиев ұсынылған ақпараттар үшін алғысын білдіріп, сәйкестікті растау процедураларын жеңілдету бойынша енгізілген өзгерістер бизнестің дамуына оң әсер ететінін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18442?lang=kk