Enbekshi QazaQ

Қоғам

«ТЕМІР ЖОЛ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІНІҢ СҰРАҚТАРЫ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ 11.04.2025
Теміржол көлігі - Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып саналады, оның ішкі және сыртқы көліктік-экономикалық байланыстарын және халықты тасымалдау қажеттілігін қамтамасыз етеді. Бірыңғай көлік жүйесінің құрамында теміржол көлігінің қызметі әлеуметтік өндірістің барлық салаларының қалыпты жұмысына, әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға, Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығына ықпал етеді. 2017 жылдың  қыркүйек айының 7 жұлдызында,«Техникалық реттеу және метрология Комитеті Департаменті» ШҚО бойынша Семей бөлімінде «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» Семей қаласы бойынша өкілдігінің  мамандарымен бірігіп, Семей қаласының кәсіпорындарымен темiр жол саласы үшiн өнiм өндiру мәселелерi бойынша мәжіліс өткiзiлдi. «Казэлектромаш» ЖШС, ПК «Ибраев», «КА Адмет» ЖШС өкілдері қатысты. Мәжілісте теміржол саласындағы Кеден одағының техникалық регламенттерінің негізгі талаптары талқыланды: «Темір жол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» (КО ТР  001/2011), «Жоғары жылдамдықты теміржол көлігінің қауіпсіздігі туралы» (КО TР 002/2011), «Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы» (КО TР 003/2011). Олардың ішінен біріншінің таралуы (КО ТР  001/2011)-  құрастырылған (жаңартылған), дайындалған темір жол жылжымалы құрамы және оның құрамдас бөлшектері, жалпы және жалпы  емес темір жолдарда кедендік одақ аумағында айналымға шығарылған  200 км / сағ жылдамдықпен 1520 мм жолдың ені. Оларға локомотивтер, автокөліктер және вагондар, локомотивтердің жүк вагондары, жүк вагондары, арнайы темір жол жылжымалы құрамдары жатады.Теміржол саласына арналған өнімдер бойынша «Казэлектромаш» ЖШС-нің стандарттау және сертификаттау жөніндегі маманы Рогальская Анастасия сөз сөйледі. Темір жол өнеркәсібі үшін 0,66, 1,3 және 4 кВ кернеулеріне термопластикалық эластомерлермен оқшауланған сымдар мен кабельдер шығарылады. Кәсіпорын кабель және сым өнімдерін шығаруға және сымдарды эмальдауды жүзеге асыруға жаңа итальяндық технологиялық желіні сатып алып, құрастырды.  Жабдық «Даму» қоры арқылы «Өндіріс»  бағдарламасы бойынша сатып алынды. Кәсіпорында аттестацияланған электрлік өлшеу зертханасы бар. А.Рогальская кәсіпорынның сынақ базасын кеңейту бойынша жоспарымен бөлісті, ал болашақта зертхананы аккредитациялау ойлары бар екенін айтты.Өнімді сынау және сәйкестікті растау мәселелері талқыланды.«Техникалық реттеу және метрологияКомитеті Департаменті» ШҚО бойыншаСемей бөлімінің басшысы                                               Шумаев Р.Р.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/19002?lang=kk
В КТРМ ПРИБЫЛА ДЕЛЕГАЦИЯ ТУРЕЦКОЙ РЕСПУБЛИКИ ДЛЯ ПОДПИСАНИЯ МЕМОРАНДУМА В СФЕРЕ СТАНДАРТИЗАЦИИ 11.04.2025
АСТАНА, 9 сентября 2017 год – ЭТАЛОННЫЙ ЦЕНТР. Сегодня в рамках визита в  Казахстан делегации Турецкой Республики во главе с Президентом Турецкой Республики Р. Эрдонганом Комитет технического регулирования и метрологии МИР РК (КТРМ) во главе с Председателем Галымжаном Дугаловым подписал с Турецким Институтом Стандартов (TSE) Меморандум о сотрудничестве.В рамках данного визита уполномоченные органы обоих сторон Комитет технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (КАЗМЕМСТ) и Турецкий Институт Стандартов (TSE) подписали Меморандум о взаимосотрудничестве.Целью заключения данного Меморандума явилось укрепление взаимовыгодного сотрудничества между Сторонами, оказание содействия развитию совместных перспективных проектов, обмену опытом и прохождению стажировок, а также привлечению лекторов обоих Сторон для обучения в приоритетных областях стандартизации и оценки соответсвия.Вместе с тем, на сегодня сотрудничество в области метрологии осуществляется с Национальным институтом метрологии Турецкой Республики (TÜBITAK UME) в рамках Меморандума о взаимопонимании от 08 октября 2009 года, в области аккредитации в рамках Меморандума о взаимопонимании между Национальным центром аккредитации Республики Казахстан (НЦА) и Национальным агентством по аккредитации Республики Турция (TURKAK).Также одной из площадок для сотрудничества является Межрегиональная Ассоциация по стандартизации (далее – МАС), созданная в сентябре 1991 года в результате решения международной Конференции, состоявшейся в Анкаре.В свою очередь, заключение данного Меморандума укрепит взаимовыгодное сотрудничество на более тесном уровне в перспективных направлениях стандартизации и оценки соответсвия.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18989?lang=kk
ІШКІ НАРЫҚТА ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕРДІ ӨТКІЗУ ҮШІН ЖҰМСАЛҒАН ШЫҒЫННЫҢ БІР БӨЛІГІН ҚАЙТАРУ ҮШІН 55 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯҒА 120 МЛН. ТЕНГЕ БӨЛІНДІ 11.04.2025
Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі №617 бұйрығына сәйкес 55 индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жумыстарды, керсетілетін кызметтерді ішкі нарықта ілгерілету шығындары 120 млн. теңге сомасында өтелгенін хабарлайды: "RG Brands Kazakhstan" ЖШС, "РауанНалко" ЖШС, "Казэлектромаш" ЖШС, "Саранская швейно-трикотажная фабрика "Galex Plus" ЖШС, "SONIK" Компаниясы" ЖШС, "Astana Solar" ЖШС, "Лидер 2010" ЖШС, "Казахойл Актобе" ЖШС, "Daewoo Bus Kazakhstan" ЖШС, "Уральскагрореммаш" АҚ, "Қазақстан электролиз зауыты " АҚ, "Ақтобе мұнай жабдығы зауыты " АҚ, "ERG Service" АҚ филиалы Павлодар машинажасау зауыты, "KSP Steel" ЖШС, "Евразиан Фудс Корпорэйшн" АҚ, "АтырауНефтемаш" ЖШС, "Азия Авто" АҚ, "Казтехресурс" ЖШС, "Шығыс Қазақстан Ұн-құрама жем комбинаты" АҚ, "Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы" ЖШС, "Петропавл ауыр машинақұрастыру зауыты " АҚ, "НПО Дефектоскопия" ЖШС, "Фирма Родник" ЖШС, "Жаңа-Есил Феникс" ЖШС, "Format Mach Company" ЖШС, "ТНК "Казхром" АҚ, "КазСПО-New" ЖШС, "Алюминий Казахстана" АҚ, "Проммашкомплект" ЖШС, "Алматы ашытқы зауыты" АҚ, "Карагулина Л.А." ЖМ, "Концерн "Цесна-Астык" ЖШС, "Цесна-Мак" ЖШС, "Акнар ПФ" ЖШС, "Өскемен арматуралық зауыты " АҚ, "Almix" ЖШС, "AlPaint" ЖШС, "Қазақтың мамандырылған жөндеу-реттеу кәсіпорны" ЖШС, "Өскемен конденсаторлық зауыты " ЖШС, "Kazcentrelectroprovod" ЖШС, "Рамазан" ЖШС, "ADM Investment" ЖШС, "Топан" ЖШС, "Hyundai Trans Auto" ЖШС, "ИСИ Гипс Индер" ЖШС, "Аксайгазпроект" ЖШС, "Алтын Омир" ЖШС, "Инжиниринг компаниясы "Казгипронефтетранс" ЖШС, "Казэнергокабель" АҚ, "Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты " АҚ, "Алматы ауыр машинақұрастыру зауыты" АҚ, "Аксель и А" ЖШС, "ТЭБ" ЖШС, "Кублей" ЖШС, "R.W.S. Binding" ЖШС. ҚР ИДМ Жергілікті қамтуды дамытудыңұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18983?lang=kk
«СКУТЕР» АКЦИЯСЫ БАРЫСЫНДА БІРҚАТАР ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ 11.04.2025
Жаз маусымы кезеңінде су көлігінде жүргізілген тексерулер барысында қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің ақпараты бойынша, 2017 жылдың 1 маусымы мен 31 тамызы аралығында Қазақстанда «Скутер» жыл сайынғы республикалық акциясы өтті. Аталған іс-шараның мақсаты шағын көлемді су көлігін қауіпсіз пайдалануды, еліміздің су қоймаларындағы көпшілік демалатын аймақтар мен орындарда адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.Тексеру барысында шамамен 5,6 мың шағын көлемді кеме тексерілді (гидроциклдар, катерлер, моторлы кемелер т.б.), сондай-ақ 744әкімшілік заң бұзушылық анықталды. Бұл ретте, әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым көпшілігі Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Атырау және Қостанай облыстарында тіркелген.Анықталған заң бұзушылықтардың негізгі түрлері:- кемелерді жеке құтқару жабдықтарынсыз пайдалану – 471 оқиға;- кемені құжатсыз пайдалану – 117 оқиға;- кеме басқару құқығын беретін құжатсыз пайдалану – 86 оқиға;- белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық тексеруден өтпеген және борт нөмiрлерi жоқ кемелерді басқару – 35 оқиға.Сонымен қатар, Көлік комитетінің аумақтық органдары шағын көлемді флоттың қауіпсіз пайдалануын реттейтін заңнаманың талаптарын түсіндіру бойынша шағын көлемді кемелердің иелерімен, база-тұрақтарының және демалыс аймақтарының иелерімен профилактикалық жұмыстар өткізген.Анықтама ретінде: Көлік комитеті іске асыратын «Скутер» республикалық акциясы су көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылғы флоттағы апаттың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының бөлігі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18967?lang=kk
Жаһандық өзгерістер жағдайында әлеуметтік саланы және жұмысбастылықты дамыту мәселелері Астанадағы «Еңбек нарығының келешегі: жаңа мүмкіндіктер» атты форумда талқыланды 11.04.2025
Форумды Қазақстан Республикасындағы «Шетелдік кеңесшілердің қазақстандық кеңесі» қауымдастығымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырды.Форум жұмысына Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, халықаралық ұйымдар мен консалтингтік компаниялардың өкілдері, халықаралық және қазақстандық сарапшылар, ірі қазақстандық жұмыс берушілер және шетелдік инвесторлар қатысты.Форум делегаттары әлемдік еңбек нарығындағы сын-тегеуріндердің ұлттық нарықтарға, жаңа жұмысбастылық түрлеріне және әлеуметтік қорғау жүйесін бейімдеуге ықпал ету сценариін бағалады. Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс жағдайында еңбек нарығының инфрақұрылымын цифрге көшіру және кадрларды даярлау жүйесінің түбегейлі өзгерістен өту мәселелері де кеңінен талқыланды.  Сондай-ақ, еңбек қорларының мобильділігі және шетелдік таланттардың келіп қосылуы, инклюзивтілікке бағытталған белсенді жұмысбастылық саясатын дамыту, нысаналы топтарды қолдауға арналған жаңа құралдар әңгімеге арқау болды.Форум барысында халықаралық ұйымдардың өкілдері еңбек нарығына өзгерістер әкеліп жатқан жаһандық беталыстар жайлы ақпарат берді. Әлемдік тәжірибесі мол сарапшылар әлемдік трендтердің дамыған және дамушы экономикаларға ықпал етуіндегі айырмашылық жайлы әңгімеледі. Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесі негізінде жұмысбастылық, білім беру және дұрыс әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету саласындағы өзгерістерді басқару бойынша жоспарлар мен тәжірибелер таныстырылды.Форум аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Дүниежүзілік банктің техникалық және қаржылай қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды. Секцияға қатысуышлар заманауи технологиялардың халықаралық және жергілікті контекстіде әртүрлі еңбек дағдыларына деген сұранысқа әсерін, 21 ғасырда қажетті дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастырудағы білім берудің рөлін талқылап, Қазақстан еңбек нарығында тепе-теңдікті қалыптастырып жетілдіру үшін Ұлттық біліктіліктер жүйесін дамыту қаншалықты маңызды екендігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18958?lang=kk
Қазақстанда дін мәселелері бойынша лекторлар даярлау орталығы құрылады 11.04.2025
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кеңейтілген Алқа мәжілісінің отырысында министр Нұрлан Ермекбаев ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын дамыту үшін арнайы Жол картасын әзірлеп,   дәріс берушілерді қайта даярлауды жүзеге асыратын дайындау орталығын құруды ұсынды.  Министрдің айтуынша, ақпараттық топтардың мүшелері азаматтармен тығыз әрі түрлі аудиторияда адресті түрде жұмыс жасайды. Ал, жұмыс ескі қағидамен жүргізілуде. Барлық қатысушылар үшін бір ғана дәріс, формальді кездесулер, өңірдің ерекшелігі ескерілмейді, одан арғы байланыстар жетіспейді. Нұрлан Ермекбаев ақпараттық топтардың мүшелері, оқытушылар ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың толық жиынтығын меңгеріп, сондай-ақ, психологиялық дайындықтан да  өтулері керек екенін баса айтты. «Бұл үшін біз ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын дамыту үшін арнайы жол картасын әзірлеуіміз керек. Бұл картаның басты бағыттарының бірі лекторларды даярлау және қайта даярлау орталығын құру болып табылады. Ол оқытушыларға ғана емес, олардың жұмысына бақылау жасап қана қоймай, сертификаттауды жүргізеді және рейтингтерді қалыптастырады. Рейтингке сәйкес, оқытушыға төлем жасалады. Орталық жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, профилактикалық жұмыстың алгоритмін әзірлеуі керек»- деп өз жоспарымен бөлісті Нұрлан Ермекбаев. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда дін мәселелері бойынша 249 өңірлік және 1 республикалық  ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істейді.  Олардың қатысуымен 35 мыңнан  астам түрлі іс-шаралар өткізіліп,  аталған іс-шаралаға 2 млн.  500 мың адам қатысты.  Ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері үшін 50-ден астам әдістемелік материал дайындалып, 3 мың лектор оқытылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/din/press/news/details/18871?lang=kk
Еңбек министрлігінде әлеуметтік жұмыс бойынша Ұлттық ресурстық орталықтың тұсаукесері өтті 11.04.2025
Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде адам ресурстарын дамыту, сондай-ақ қазақстандық әлеуметтік жұмыс жүйесін жетілдіру мақсатында БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының қолдауымен құрылған Әлеуметтік жұмыс бойынша Ұлттық ресурстық орталықтың тұсаукесері өтті.Кездесуді ашқан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында көрсетілген тапсырмаларын ескере отырып, әлеуметтік мәселелерді және әлеуметтік қызметтерді шешу Ел саясатының маңызды бағытының бірі екенін атап өтті.«Қазақстан халқының өмір сүру сапасын жақсарту үшін халықаралық стандарттарға сәйкес, бүгінгі күні біздің елімізде әлеуметтік қызметтердің жаңа түрлерін енгізу және әлеуметтік қызметтерді жаңғырту арқылы оның  сапасын арттыру міндеті тұр. Осыған байланысты әлеуметтік қызмет көрсету мен көмек көрсетудің кешенді үлгісін енгізу басталды, ол әлеуметтік қызметкерлердің білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және басқа да салалардағы жұмысын үйлестіру тетігін жетілдіруді көздейді, бұл мұқтаж азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.»-деді Мәдина Әбілқасымова.Әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында осы  сала мамандарының білім деңгейі мен практикалық дағдыларын арттыру  маңызды мәселе болып отыр. «Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау саласында 10 мыңнан астам әлеуметтік жұмысшы еңбек етіп келеді, олар арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж 116,8 мың адамға қызмет көрсетеді. Бұл ретте, аталған  орталықтың алдында барлық деңгейдегі әлеуметтік жұмыскерлерді жоғары, орта және жоғары оқу орнына дейінгі оқу орындарында кәсіптік даярлау стандарттарын жүйелендіру, сондай-ақ  орталық және аумақтық деңгейде әлеуметтік жұмыскерлерді даярлау,  қайта даярлау бойынша үлкен міндеттер қойылған.» -деп атап өтті ведомства басшысы.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, қоғамдық бірлестік басшылары Әлеуметтік жұмыс бойынша Ұлттық ресурстық орталығының тұсаукесеріне қатысып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандырудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18706?lang=kk
Астанада «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық байқауы өтті 11.04.2025
Биыл аталған байқаудың ұйымдастырушылары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Нұр Отан» партиясы болды.Іс-шара барысында байқауға қатысқан барлық жобалардың көрмесі және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.Конкурс тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өмірлік қиын жағдайларды жеңуге көмектесу, әлеуметтік салада еріктілерді дамыту секілді басқа да бағыттарға арналды.  Конкурс елдегі проблемалық жағдайларға тап болған жандарды  қолдауды қажет ететін қөзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ел бойынша 318 жоба авторы қатысып, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артық болды.«Үздік әлеуметтік жобалар көрмесінің өткізілуі жыл сайынғы дәстүрге айналды, биыл ол республикалық деңгейге жетті және жобалардың саны айтарлықтай өсті. Тұрмыс жағдайында адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін өздерінің үлестерін қосатын көптеген адамдар бар. Жаңа жоспар шеңберінде біз қызметтерді көрсетудің халықаралық сапа стандарттарына көшуге тырысамыз, әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтілетін болады. Алайда жалпы қоғам, қоғамдық ұйымдар және әрбір қазақстандық мұндай белсенді болмаса, біз табысқа жете алмаймыз.» - деді Мәдина Әбілқасымова.Конкурс қорытындысы бойынша бір жеңімпаз анықталды, екінші орынды екі жоба авторы алса, үшінші орын үш адамға берілді.    Одан бөлек, комиссияның шешімімен 5 арнайы сыйлық пен онлайн-дауыс беру кезінде ең көп «лайк» жинаған 3 жоба авторына да жүлде тағайындалды.Атап айтқанда, «Зейнеткерлерге тегін түскі ас» жобасымен қатысқан Рәсима Темірбаева – 1-орын, «Арбадағы кедергісіз өмір» жобасымен қатысқан Нұрболат Қарабасов пен «Ел назы» арт-терапиямен дамыту орталығы жобасымен қатысқан белгілі әнші Кенжебек Жанәбілов – 2-орын және «Үміт сәулесі», «Мейкатон «TOM: Kazakhstan» жобаларымен қатысқан Маржан Мәдиева мен Сәния Арапова 3-орын алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18689?lang=kk
«Астана Опера» балет труппасы Кремль Сарайында өнер көрсетеді 11.04.2025
- Біз үшін барлық гастроль маңызды, жақында балет труппасы бір ай көлемінде Еуропа қалаларында орасан зор жетістікпен өнер көрсетті, барлық жерде аншлаг болды. Бүгінде Мәскеудегі ең беделді концерттік зал сахнасында «Шехеразада» бір бөлімді балетін орындау туралы Андрис Лиепадан шақырту келіп түсті. Бұл біз үшін жауапты әрі айтулы өнер көрсету болмақ, себебі гала-бағдарламаның тұтастай бір бөлімі «Астана Опера» театрына берілген. Кремль Сарайы сахнасын көздің жауын алар декорациялар сәндейтін болады, біз оларды Қазақстаннан алып барамыз. Әртістеріміз спектакльді керемет деңгейде көрсетеді деген үміттеміз. Бізге деген ықыласы мен сенімі үшін Андрис Марисовичке алғыс білдіремін. Наурыз айында қазақстандық көрермендер осынау балетті «Астана Опера» сахнасынан тамашалай алады, - деп атап өтті Алтынай Асылмұратова.Дәстүр бойынша Ресейдің Халық әртісі Андрис Лиепаның «Қолтаңбалар және бедел» жобасы жыл сайын өтеді. Гала-концерт бағдарламасына «Қасиетті көктем», «Петрушка», «Ұйқыдағы ару», «Жизель», «Талисман» және т.б. балеттердің үзінділері енген. Дегенмен де, кештің басты оқиғасы Лев Баксттың қайта жаңғыртқан декорациялары мен костюмдері бар «Шехеразада» шығыс ертегісінің көрсетілімі болмақ.Алтын құл партиясын жас дарын, «Астана Опера» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан орындайды. Барша әлемнің балет сыншылары мен көрермендері «Астана Опера» премьерінің ғаламат секірулеріндегі үлгілі академиялық форманы сақтай алатын тамаша самғауларына» толық көлемде бағасын берді. Жетекші солист керемет орындау техникасына, сирек кездесетін жеке-дара харизмаға ие, әртіс көрермен назарын өзіне аударып, оларды соңынан ілестіре алады. Нәзік шығыс аруы Зобеиданың партиясында – театрдың жас әрі болашағы жарқын солисі Анастасия Заклинская. Шахриар мен Шахезманды тамаша актерлік шеберлік иелері Жәнібек Иманқұлов пен Ильдар Шакирзянов ұсынбақ. Бас белсіз рөлінде – харизмалық биші Олжас Маханбетәлиев. Күңдер – Мөлдір Шәкімова, Аделина Төлепова, Еркежан Жүнісова, Марико Китамура, Сэйка Тоносаки, Назира Заетова.Қазақстандық әртістермен қатар, гала-концертке «Ковент-Гарден» Корольдік театрының премьері Вадим Мунтагиров пен Дарья Климентова, сондай-ақ әлемдік балеттің ең жарық жұлдыздары: Юлия Махалина («Мариин театры»), Татьяна Мельник («Мемлекеттік Венгр опера театры»), Элеонора Севенард («Ресей Үлкен театры»), Бруклин Мак («Вашингтон балеті»), Ксандер Париш («Мариин театры»), Денис Родькин («Ресей Үлкен театры») және т.б. қатысады.Еске салар болсақ, 2019 жылдың 12 наурызында ХХ ғасырдың басындағы ұлы биші әрі хореограф, Сергей Дягилевтің «Орыс маусымдары» жұлдызы Вацлав Фомич Нижинскийдің туғанына 130 жыл толады. Ол өзінің балет партияларымен сол дәуірдегі көптеген балериналардың атақ-даңқын басып-озған әлемдегі алғашқы ер бишілердің бірі болған. Оның икемділігі мен әртістік харизмасы оған әлемдік танымалдылық әкелді.Кеш жүргізушісі әрі режиссері –  Ресейдің Халық әртісі Андрис Лиепа.Концерт бір үзіліспен 2 бөлімде өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/18668?lang=kk
БЖТ төлеу жүктілік пен бала тууға, бір жылға дейінгі бала күтіміне байланысты жоғарылатылған көлемде әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік береді — М. Әбілқасымова 11.04.2025
Бүгін «Бірыңғай жиынтық төлемнен не күтіледі?» тақырыбындағы сарапшылық дөңгелек үстел аясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова БЖТ енгізу және оның еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмыссыз қалу, жүктілік пен бала туу, бір жылға дейінгі бала күтімі кезінде халықтың әлеуметтік төлемдер алуына әсері туралы айтып берді.Министрдің айтуынша, БЖТ еңбекке қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу кезінде мемлекеттен төлем алуды, базалық деңгейде мемлекеттен – мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуына байланысты (барлығына кепілдендірілген) берілетін жәрдемақы алуына мүмкіндік береді, яғни, Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдер қосымша жүреді.Бұдан өзге, жүктілігі мен бала тууы, бір жылға дейінгі бала күтімі бойынша Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдер мемлекеттік бюджеттен бөлінген аударымдарға қарағанда жоғарылатылған көлемде болады. Мәселен, бүгінгі таңда мемлекеттік бюджеттен 1 жылға дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы қарастырылған. Оған қоса, жүктілік пен тууға байланысты төлем тек Әлеуметтік сақтандыру қорынан беріледі.«Біздің есептеуіміз бойынша, әйелдер жүктілігі мен бала тууына байланысты 124 732 тг мөлшерінде төлем ала алады. Сондай-ақ, 1 жылға дейінгі бала күтіміне байланысты төлем алады. Ослыайша, БЖТ төлеген әйел Әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемдерге үміткер бола алады», — деді министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18658?lang=kk
Жұмыспен қамту, оқыту және шағын несиелендіру бойынша мемлекеттік қолдау шаралары арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың экономикалық құқықтары арттырылады 11.04.2025
Бүгін «Бірыңғай жиынтық төлемнен не күтіледі?» тақырыбындағы сарапшылық дөңгелек үстел аясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін енгізу көзделіп отырған Бірыңғай жиынтық төлемді енгізудің артықшылықтары туралы айтып берді.Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысуы мәселесін пысықтау мақсатында, сондай-ақ сапалы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамтуды формализациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы әзірленді.Заң жобасы аясында қарастырылады:1. Бірыңғай жиынтық төлемді енгізу арқылы формалды емес жұмыспен қамтылғандардың жұмысын заңдастыру бойынша жүйелі шаралар.2. «жұмыспен қамтылған тұлға» және «тәуелсіз жұмыскерге», сондай-ақ жұмыспен қамтылғандарға жататын санаттарға бірыңғай анықтама беру.3. әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және зейнетақымен қамту туралы заңдарда төлемшілердің санаттарын біріздендіру.Заң жобасының жаңашылдықтарының бірі – формалды емес жұмыспен қамтылғандар үшін Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) енгізу мүмкіндік береді:• міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысып, медициналық мекемені таңдау құқығымен сомасы және түрі бойынша шектеусіз медициналық қызметтерге қолжетімділігі;• жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу және жүйеге қатысу мерзіміне байланысты базалық зейнетақы төлемін алу;• еңбек қабілеттілігінен айырылу, жұмысынан айырылу, асыраушысынан айырылу, жүкті болу және босану, бала асырап алу, 1 жасқа дейінгі бала күтімі жағдайларында әлеуметтік төлемдер алу.Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген М. Әбілқасымова бір реттік төлемді — 2525 теңгені және ауылда 1263 теңгені төлеген соң азамат ең алдымен осылайша өз жұмысын формализациялайтынын атап өтті, яғни ол өз жұмысын ресми түрде тіркейді.Екіншіден, ол әлеуметтік қамсыздандырудың үш жүйесіне: МӘМС, базалық әлеуметтік қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы жүйесіне қатысудың пайдасын көре бастайды.Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды әлеуметтік қолдау бойынша мемлекеттік саясат сонымен қатар басқа да бірқатар бағыттарды қамтиды.«Бұл біз нәтижелі жұмыспен қамту, оқыту және шағын несиелендіру бойынша жүргізіп отырған жұмыстарымыз. Біз мұның барлығы әлеуметтік қорғалу деңгейі мен кірістерді арттыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», — деді М. Әбілқасымова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18647?lang=kk
2018 жылғы «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» өңірлік байқауы өз мәресіне жетті 11.04.2025
Еліміздің барлық өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша байқау өз мәресіне жетті. Өңірлік байқауға ұсынылған 318 өтінімнен 49 жоба жеңімпаз атанды, олар Астанада өтетін «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық көрмесінде таныстырылатын болады.Ағымдағы жылы наурыздың 1-інен 30-шы маусымға дейін байқау шеңберінде үш жүзден астам автор өз жобаларын ұсынды, оның ішінде:1. «Тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету» бағыты бойынша 116 өтінім түсті;2. «Қиын өмірлік жағдайдан шығуға көмек көрсету» бағыты бойынша 60 өтінім түсті;3. «Әлеуметтік салада еріктілер қозғалысын дамыту» бағыты бойынша 53 өтінім түсті;4. «Мүгедектігі бар тұлғаларды қоса алғанда, азаматтарды жұмыспен қамтуға ықпал жасау» бағыты бойынша 47 өтінім түсті;5. «Әлеуметтік проблемаларды шешудегі ақпараттық жылжу» бағыты бойынша 42 өтінім түсті.Республикалық кезеңнің үздік жұмыстарын байқау комиссиясы анықтайтын болады, қазіргі уақытта олар өңірлерден ұсынылған жобалармен танысуда. «Нұр Отан» партиясы мен Қазақтан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайттарында 22 тамыз бен 22 қыркүйек аралығында жүргізілетін онлайын дауыс беру нәтижесімен көрермен көз айымы жеңімпаздары анықталатын болады.Айта кететін жәйт, ағымдағы жылы ұсынылған өтінімдер саны екі есеге өскен. Егер 2017 жылы байқауға қатысу үшін 155 өтінім ұсынылса, осы жылғы өтінімдер саны 318-ге жетті. Бұл әлеуметтік жобаларға жұртшылық назарының жоғары болуы, сонымен бірге жергілікті жердегі қатысушылардың белсенді жұмыс есебінен жұмыспен қамтылуының кеңеюі болып отыр.Осы орайда байқау жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау ағымдағы жылы қыркүйек айында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» көрмесін ұйымдастыру аясында өткізіледі.Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша жоба авторларына өз жұмыстарын көрсетуге мүмкіндік берілетін болады. Олардың ішінен халықты қызықтырып қана қоймай, әрі қарай мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және басқа да мүдделі тұлғалардың қолдауымен тәжірибелерін жүзеге асыратынына біз сенімдіміз.Аталған байқау өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың мәселелерін шешуге азаматтық қоғамның назарын аудару, толыққанды өмір сүру үшін тең мүмкіндіктерді жасау және шығармашылық деңгейін дамытуға бағытталғанын атап өткіміз келеді.Республикалық байқаудың ұйымдастырушылары Нұр Отан партиясы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоры.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18530?lang=kk
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдады 11.04.2025
10 тамыз күні «Нұр Отан» партиясының  Республикалық қоғамдық қабылдау базасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е. Әбілқасымова азаматтарды қабылдады.Қабылдау барысында азаматтардың қойған сұрақтарының басым бөлігі мемлекеттік базалық зейнетақы, шипажайлық-курорттық ем алу, еңбек құқығының бұзылуы, мүгедектік алу және әлеуметтік көмек алу мәселелеріне қатысты болды.  Қабылдау барысында әрбір өтініш білдірушіні тыңдай келе, Мәдина Әбілқасымова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім басшыларына тиісті тапсырма берді.«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ай сайын азаматтарды қабылдау өткізіледі. Бүгінгі күні қабылдауға 17 адам жазылды. Жалпы ай са йын министрлікке 40-қа жуық өтініш келіп түседі. Атап өтейін, біз азаматтардың тек жазбаша түрдегі өтініштерімен ғана емес, әлеуметтік желідегі өтініштермен де жұмыс істейміз» - деп атап өтті, Министрліктің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Д. Садуақасова.Қабылдау барысында тек Астана  тұрғындары ғана емес, Алматы қаласы да бейне байланысқа шығып Министрге жеке сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/18499?lang=kk
ЭКСПОРТТАЛАТЫН ӨНІМДІ СЕРТИФИКАТТАУ МЕРЗІМІ 1 КҮНГЕ ДЕЙІН ҚЫСҚАРТЫЛДЫ 11.04.2025
Техникалық реттеу саласындағы заңнамаларды түсіндіру және консультативтік көмек көрсету мақсатында 2018 жылғы 10 қаңтарда ТРМК БҚОбД  және «ҚазСтИн» РМК БҚФ көмірсутегі шикізатын өңдеумен, мұнай өнімдерін сатумен айналысатын және мазутты экспортқа шығаратын «ORAL MUNAI» ЖШС-не барып қайтты. Кездесу барысында сәйкестікті бағалау туралы құжат пен тауар шыққан жер туралы сертификат алу мәселелері талқыланды.Сонымен қоса, «Тауарлардың экспортына қатысты кейбір мәселелер туралы» 20.11.2017 жылғы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бұйрығы қабылданғаны жөнінде ақпарат берілді. Экспортқа арналған өнімдер жеңілдетілген сертификаттау схемасына сәйкес сертификатталады. Соның нәтижесінде, сертификатты алу уақыты 1 күнге дейін қысқартылады және экспортқа шығарушылардың қаржылық шығындары азаяды.Сонымен қатар, сәйкестікті растау органдары ҚР СТ 3.45-2008 бекітілген сертификат нысанының 13-бағанында сертификат алудың мақсатын «ЭКСПОРТАЛАТЫН» белгісімен көрсетеді және мұндай өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығаруға және сатуға құқық берілмейді. Кездесу соңында «ORAL MUNAI» ЖШС-нің директоры Ғалымжан Ерғалиев ұсынылған ақпараттар үшін алғысын білдіріп, сәйкестікті растау процедураларын жеңілдету бойынша енгізілген өзгерістер бизнестің дамуына оң әсер ететінін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18442?lang=kk
Елбасы бастамасы – жаңа белестердің жолбасшысы 11.04.2025
2018 жылдың 6 наурызында ҚР  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы  «Елбасы бастамасы – жаңа белестердің жолбасшысы» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізді.Аталмыш шара үстіміздегі жылдың 5 наурызында Елбасының  Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында жасаған баяндамасының мәні мен маңызын талдап-түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.Дөңгелек үстелді Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филол.ғ.к. Әбдірәсілқызы Айнұр жүргізді. А.Әбдірәсілқызы Елбасы бастамаларындағы бүгінгі қоғам үшін маңызы зор әлеуметтік мәселелерге назар аудара отырып, олардың дер кезінде жасалып отырған іргелі қадамдар екеніне тоқталды.«Өз кезегінде діни ахуалдың жай-күйі де әлеуметтік жағдаймен тікелей байланысты, өйткені діни ахуал – әлеуметтік құбылыс. Дін саласындағы көптеген келеңсіздіктер әлеуметтік мәселелердің шешілмеуінен бастау алады. Зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, Қазақстандағы терактілерге тікелей қатысқандардың 52%-ы әлеуметтік жағдайы төмен, баспанасыз және жұмыссыз азаматтар екен. Сонымен қатар 84%-ының арнайы діни білімі болмаған. Яғни Елбасы негіздеген әлеуметтік орта мен білім саласына қатысты бастамаларды орнықты түрде жүзеге асыру өз кезегінде теріс пиғылды діни идеологияның таралуына белгілі бір дәрежеде тосқауыл қоюға мүмкіндік беретіні айқын» деп атап көрсетті сарапшы.Дөңгелек үстел барысында сөз алған ҚР ДІАҚМ Дін істері комитетінің Діни экстремизмге қарсы күрес және оңалту басқармасының басшысы Бакиров Бауыржан Жәлелұлы Елбасы бастамаларының әсіресе жаңа буын жастар үшін айрықша тиімді екеніне тоқталса, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Яссауитану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор, теол.ғ.д. Кенжетай Досай Тұрсынбайұлы мемлекеттік саясатта әлеуметтік қабаттарға емес, тұлға санасына назар аударыла бастағанын елеулі жетістік ретінде атап өтті. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік ғылымдар факультетінің Дінтану кафедрасы меңгерушісі, ф.ғ.к., ҒЗТО жетекші ғылыми қызметкері Тышхан Кеңшілік қоғам мүшелері үшін әлеуметтік жағдайдың бірінші орында тұратынын жан-жақты негіздей келіп, Елбасы көтерген әлеуметтік бастамалардың орындалуы дін саласында да келеңсіз құбылыстар көрсеткішінің төмендеуіне мүмкіндік беретінін тұжырымдады.Шара барысында «Терроризмге қарсы комитет» ҚБ төрағасы Оразбаев Аманжол Зейноллаұлы, «Ұлағат» мәдениет және даму қорының төрайымы Жұмақасова Қамажан Ғабдрашқызы, «Төртінші билік» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Балтабаев Төлемырза Темірбекұлы, тағы басқа білікті мамандар баяндама жасап, Елбасы ұсынған әлеуметтік шешімдердің жастарды жат пиғылдағы ағымдардан сақтаудың негізгі құралы, ал әлеуметтік тұрақтылықтың ішкі бірлікке бастар жол екенін жан-жақты қырынан талдап көрсетті. Қатысушылар Елбасы бастамаларын қоғамдық ортада кеңінен талқылап-түсіндірудің айрықша маңыздылығына назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/din/press/news/details/18434?lang=kk
СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ШТАБЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ 11.04.2025
2018 жылғы 18 қаңтарда Ақмола облысындағы Степногорск қаласында техникалық реттеу мәселелері жөніндегі Өңірлік штабының көшпелі отырысы өтті.Отырыста Степногорск қаласының жетекші кәсіпорындарының «Astana-Nan Chemikals» филиалы - «Астана-нан» ЖШС, «ЭкоЛюкс-Ас» ЖШС, «Тепломера» ЖШС, «Степногорск су арнасы», «Биомедпрепарат» ғылыми-талдау орталығы» ЖШС, «Sareco» ЖШС, «Нефтяной дом Астана Ойл» ЖШС, «СП СКЗ Қазатомпром» ЖШС, «ЕПК Степногорск» АҚ, «Степногорск тау-кен-химиялық комбинаты» ЖШС өкілдері қатысты.Өңірлік штаб отырысын өткізудің басты мақсаты – техникалық реттеу саласында консультациялық көмек көрсету және проблемалық мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын қарастыру.Өңірлік штаб отырысын кіріспе сөзбен ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Бейбіт Абилев бастады. Ол техникалық реттеу заңнамасы шеңберінде тауарды өндіру және экспорттауда туындайтын сұрақтар бойынша, департамент тауар өндірушілер мен экспорттаушыларға әрдайым консультатитвік көмек беруге дайын екендігін атап өтті.Өңірлік штаб отырысында «Отын ретінде пайдалану үшін сұйытылған көмірсутек газдарына қойылатын талаптар» ЕЭК техникалық регламентінің ерекшеліктері, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі туралы, сондай-ақ ішкі нарықтағы жеткізушілердің сапасын арттыру мақсатында ДСҰ талаптарының халықаралық деңгей стандарттарын тиімді қолдану шаралары талқыланды.Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы А.Мұрзалин өз сөзінде ЕЭК-гі сұйытылған көмірсутек газдарының негізі техникалық реттеулер принцептерін атап өтті. Оның айтуынша, техникалық реттеу саласында өмірлік циклдің түрлі кезеңдерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау, ЕАЭО елдерінде дайындалатын және импортталатын өнімдерге қойылатын талаптарды теңдей белгілеу және ҚР Кедендік реттеу туралы Кодексінің принциптерін орындауға баса назар аударылады.Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұрлан Сейдалин Дүниежүзілік сауда ұйымының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі «Ішкі нарықтағы жеткізушілердің сапасы» көрсеткішін жақсарту жөнінде атқарылып отырған жұмысы туралы баяндап, оның ИДМ стратегиялық жоспарына енгізілгендігі туралы, соған сәйкес рейтингтегі көрсеткішке қол жету/қол жеткізбеу туралы ақпарат берілітіндігі туралы егжей-текжейлі айтып берді. Степногрск қаласының кәсіпорындарына сапа инфрақұрылымының құрылғыларын қолдана отырып техникалық регламенттер, өлшеу құрылғылары, сәйкестікті бағалау құжаттары, сапа менеджментінің жүйелері жайлы ақпарат берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18425?lang=kk
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 11.04.2025
ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінде, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының тоғызыншы бағытын ортаға сала отырып, 2018  жылдың 26 қаңтарында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заңның үстемдігі және жемқорлықпен күрес -  Жолдаудың басым бағыты» атты Департамент мамандарының қатысумен дөңгелек үстел өткізілді.Отырыс аясында Департамент басшысы - Атчибаева Тлектес Бегеевна   халықтың мемлекеттік билік органдарына сенімін күшейту, құқықтық мәдениетін арттыру, мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық бұзушылықты болдырмау, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелеріне аса назар аударуға шақырды.Отырыс барысында тақырыптық бейне роликтер көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18420?lang=kk
ТРМК АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ ЗАҢНАМАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУҒА КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ 11.04.2025
2018 жылдың 7 ақпанында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департамент қызметкерлері техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру мақсатында және күрделі мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарына көмек көрсету үшін экспорттаушы кәсіпорын «РЕТ» ЖШС-не барды.Өткізілген іс-шара отандық өндірушілерге техникалық реттеу және метрология саласындағы мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге және   жоғары өнеркәсіптілік пен басекеге қабілетті кәсіпорын құруға бағытталды.Кездесу соңында Техникалық реттеу және метрология комитеті Департаменті және ведомстваға бағынысты ұйымдардың өкілдерімен ҚР заңнама талаптары түсіндірілді, кәсіпорынның метрологиялық қамтамасыз ету, дайын өнімді зат таңбалау бөлігінде, өнімді каталогтау, өнімнің сәйкестігін растау, менеджмент жүйесін сертификаттау, мамандарды оқыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және ЕАЭО аккредиттеу субъектілерінің деректер қорымен жұмыс жасау бойынша ұсыныстар берілді.«РЕТ» ЖШС Пэт – преформа өндірісі нарығында жұмыс жасайтын қарқынды даму жолындағы Қазақстандық кәсіпорын болып табылады. Өндірістің негізгі бағыты, салмағы 22, 28, 36, 38, 39, 41, 42, 47 граммдық Пэт – преформалар және Пэт шөлмектерге арналған (HDPE)полиэтиленді қақпақтар (диаметрі 28мм.) шығару.Аталмыш өнімдер СТ ТОО 39202228-001-2006, СТ ТОО 39202228-002-2010 ұйым стандарттары бойынша әзірленеді және шығарылған өнімдер «Қаптама қауіпсіздігі туралы» 005/2011 КО ТР талаптарына сәйкес.Бүгінгі таңда компания «Кеспебай» тауар маркасымен, ГОСТ 31749-2012 талаптарына сәйкес жылдам дайындалатын кеспе шығарады. Шығарылатын өнім КО ТР 021/2011, КО ТР 022/2011 және КО ТР 029/2012 талаптарына сәйкес келеді. «РЕТ» ЖШС өнімдері Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан Республикаларына экспортталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18404?lang=kk
КОНТРАБАНДАҒА ЖӘНЕ КОНТРАФАКТІЛІК ТАУАРЛАРҒА ЖОЛ БЕРМЕЙМІЗ 11.04.2025
2018 жылы 13 ақпанда Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қымбат металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды заңсыз айналымға қарсы іс-қимыл туралы» атты отырысын өткізді.Отырысқа Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық-тергеу қызметінің өкілі, көленкелі экономикаға қарсы күрес басқармасы, операциялық тергеу қызметінің басқармасының салықтық және қаржылық қылмыстарын ашу басқармасы, Евразиялық экономикалық одақты зергерлер қауымдастығының басқарма төрағасы, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, қымбат металдардан және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды іске асырып жатқандар да қатысты.Отырыста «Қымбат металлдар мен асыл тастар туралы» ҚР Заңы, «Заңсыз жолымен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы», тіркеу және мониторинг тәртібі», және де басқа да нормативтік құжаттар, заңды тұлғаларды және кәсіпкерлерді арнайы тіркеуге алу, әкелу, сату және тіркеу тәртібін реттейді, асыл тастармен, зергерлік бұйымдармен және қымбат метелдардан жасалған бұйымдармен және асыл тастармен операциялар жүргізу, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс – жауапкершілік шараларына назар бөлінген.Кездесу барысында қымбат металдар және асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды сатумен байланысты, заңды тұлғаларды және кәсіпкерлерді арнайы тіркеуге қою туралы, сауда алаңдарында өлшеу құралдарының болуы, ҚР СТ 367-93 сәйкес этикеткалар мен маркерлердің болуы және іс-шаралардың іске асырылуын хабарлау қажеттілігі, «рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зергерлік бұйымдар айналымымен байланысы туралы проблемалық мәселелер көтерілді.Зергерлік бұйымдар субъектілерінен Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы мен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті аланында қосымша кездесу өткізу туралы ұсыныс түсті.Соңында барлық сұрақтарға білікті және толық жауаптар берілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18394?lang=kk
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БОЙЫНША ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР 11.04.2025
2018 жылдың 11 қаңтарында Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті, сыбайла жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы А.О.Амангельдина Жолаудың «Жемқорлықпен қарсы күрес және заңның үстемдігі» атты тоғызыншы міндеті бойынша ақпарат берді.Департамент жемқорлыққа қарсы жұмысын «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдары, 2015-2017 жылдарға арналған ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитетімен бекітліген Жоспары және 2015-2017 жылдарға арналған ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жоспары негізінде атқарады.2017 жылдың тамыз айында департамент мамандары, департамент қызметіндегі жемқорлық қауіпіне сараптама жасап, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментіне тапсырды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте Еліміздің Президенті мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын және азаматтардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру үрдісіне маңызды назар аударады. Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді және мақсатты жұмыстар жүргізіліп отыр, бұған Жолаудың тоғызыншы бағытында көрсетілген тұжырымдамалар дәлел.Департамент мамандары аймақта өткізілетін саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өткізілетін талқылауларына қатысады. Департаментте «Қоғамдық қабылдау» мен «Сенім телефоны – 25-57-89» жұмыс істейді.Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында инспекторлар жүргізген тексерістердің техникалық реттеу және метрология және өлшем біргілін қамтамасыз ету заңнамаларының талаптары, мемлекеттік бақылау актілерінің құрылу сапасы бойынша департамент басшылығы мониторинг жүргізіп отырады.Департаментте әкімшілік істерді комиссиялық қарау және  бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үлкен жариялыққа беру тәжірибесі жалғасып келеді.Сонымен қатар, департаментте жартыжылдық қорытынды бойынша жеке және заңды тұлғалар өтініштері бойынша анализ жасалып, өтініштерге уақытылы жауап беруді қамтамасыз етеді, өтініш берушілерге  ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының 12 бабын түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.Департамент мамандары жүйелі түрде бұқаралық ақпарат құралдарындағы, мемлекеттік органдардың сайттарындағы, Фейсбук әлеуметтік желісіндегі жарияланымдарға, жеке және заңды тұлғалардың департамент қызметі бойынша туындаған проблемалық мәселелерін анықтау мақсатында өтініштерге талдау жасайды. 2018 жылы 9 өтініш қарастырылып, өтініш берушілерге ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының 12 бабына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/18393?lang=kk