Enbekshi QazaQ

Туризм

Ғани Бейсембаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді 16.11.2024
Оқу-ағарту министрі бірқатар білім беру ұйымдарында, оның ішінде өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында болды.Жұмыс сапарының бағдарламасы аясында министр «Жайлы мектеп» жобасының жүзеге асырылуы, балалардың құқықтарын қорғау мен білім беру сапасын арттыру бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларының жергілікті жерлерде орындалуын тексереді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/875032
Оқушылар арасында V республикалық шешендік өнер байқауы өтті 16.11.2024
Елімізде желілік «Абай мектептерінің» оқушылары арасында V республикалық «Іші - алтын, сырты - күміс сөз жақсысы» шешендік өнер байқауы өз мәресіне жетті. Оған әр өңірлердегі Абай мектептерінен 30-ға жуық білім алушы қатысып, ойдың ұшқырлығы, тілдің шешендігі бойынша өзара бәсекеге түсті. Биыл республикалық байқаудың қорытындылануы Ақмола облысында өтті.Қатысушылар байқау тақырыбын жеребе тартып таңдады және жұптасып сайысты. Байқау тақырыптары «Ұлттық құндылық», «Алашшыл жас», «Іскерлік – ісмерлік», «Абайдың тәлім мектебі» және т.б жеті бөлімге негізделген тапсырмаларға бөлінген.«Осы іс-шараның мақсаты - оқушыларға сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз саптау шарттарын көрсете отырып, сауатты әрі жатық сөйлеу дағдысын, мәдениетін қалыптастыру, сөз өнеріміздің тарихи-мәдени және этномәдени болмысын таныту, шешендік өнерді жаңаша үлгіде жандандырып дамыту», - дейді Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға мектеп-интернатының оқытушысы Жарқын Сәленұлы.Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Алматы қ. РММИ оқушылары Амина Смағұлқызы мен Айсымбат Тақылбек жеңіп алды.1 орынды Ұлытау облысынан келген Інжу Тілеулі мен Рауан Жақсылық және Батыс Қазақстаннан келген Айым Хамидуллина мен Аяна Мәлік иеленді.Алматы облысының намысын қорғаған Ақерке Нұржанқызы мен Нұрсұлтан Орынбасар және Астана қаласынан Аяжан Азаматқызы мен Ғабит Рустемов 2 орынға ие болды.Қарағанды облысының оқушылары Жібек Қалияқпар мен Аяла Әлқазы, ақмолалық Ажар Жанұзақ пен Фариза Шаменова 3 орынды бөлісті.Сонымен қатар, өнер байқауы аясында желілік «Абай мектептері» педагогтеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті, шешендік өнерді дамытудағы өзекті мәселелер мен жетістіктер» тақырыбында республикалық семинар өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/874952
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. 16.11.2024
Бұл бағытты дамытудың маңыздылығын ескере отырып, 2023 жылы министрлік құрылымында арнайы және инклюзивті білім департаменті құрылған болатын. Бүгінгі таңда елімізде 221 ППТК, мектептерде 1071 ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеті жұмыс істейді. Бұл туралы толығырақ карусельдеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/874843
«Мұғалім Talks» кейс-платформасында 300-ден астам педагог жиналды 16.11.2024
«AMANAT» партиясы педагогтермен ашық әңгімелесу ұйымдастырды. Іс-шараға Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, сондай-ақ педагогтер мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты. Тараптар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті және арнайы, қосымша білім берудегі өзекті мәселелерді талқылады. Кездесуде Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов білім беру саласының дамуына Мемлекет басшысы аса басымдық беріп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ педагогтер «AMANAT» партиясының тірегі және басты буыны болып табылады деді, себебі, партияның әрбір үшінші мүшесі – педагогикалық саланың өкілі. «Біздің Президентіміз педагогикалық қауымға ерекше көңіл бөліп келеді. Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының екі педагогке «Қазақстанның Еңбек ері» атағын беруі мұның жарқын айғағы болды. Тарихта алғаш рет бірден екі ұстаз мұндай жоғары марапатқа ие болды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің президенттік қызметінің ең алғашқы кезеңінде қол қойған Педагог мәртебесі туралы заңды да атап өткім келеді. Көптеген елдерде педагогтерге арналған мұндай заң жоқ. Мұның барлығы қоғамдағы педагогтің мәртебесін көтерудің нақты мысалдары бола алады», - деді ол. Өз кезегінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев министрлік пен «AMANAT» партиясының және депутаттық корпустың Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы жүзеге асыруда бірлесіп жүргізіп жатқан жұмыстарына тоқталды. «Соңғы бес жылда білім беру жүйесі түбегейлі өзгерді. Бұл саладағы өзгерістер сапалы білім беру үшін педагогтердің жұмыс жасау жағдайын жақсартуға, балалар үшін жайлы білім беру ортасын құруға бағытталған. 600 мыңға жуық педагогтің еңбегі жоғары бағалануда және оларға қолдау көрсету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналды», - деді Ғани Бейсембаев. Сондай-ақ жиын барысында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің музыка пәнінің мұғалімі Забида Худатаева, Ақтөбе қаласындағы жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы Дархан Шаңбаев, Алматы қаласынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлназ Шами, Қарағанды қаласынан Абай атындағы мектеп-гимназия директоры Жадыра Баймолдина, Орал қаласынан тарих пәнінің мұғалімі Александр Мясников, Петропавл қаласынан АӘД мұғалімі Дархан Қоспанов, Қызылорда облысы Тереңөзек ауылының математика пәнінің мұғалімі Заманбек Аманбеков, Астана қаласынан биология пәнінің мұғалімі Ілияс Сақымов өз тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу соңында бірқатар петагогтерге кәсіби қызметіндегі еңбегі және қоғамдық жұмысқа қосқан елеулі үлесі үшін ведомстволық наградалар мен «AMANAT» партиясынан «Ұстаз – ұлт айнасы» арнайы төсбелгісі табыс етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/874848
GOV.KZ 16.11.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/873387
69 білім беру ұйымында профилактикалық бақылау жүргізілді 16.11.2024
Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен оның аумақтық департаменттері Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамалық талаптарын сақтау бойынша профилактикалық бақылау жүргізді.Бақылау шараларының нәтижесінде 16 білім беру ұйымында анықталған бұзушылықтар толық жойылды, ал 37 ұйымда оны жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.«Бұзушылықтарды жоюға білім беру ұйымдарының басшылары ғана емес, тиісті басқару органдары да жауапты. Бақылау іс – шаралары шеңберінде Министрлік тарапынан ұйымдарға білім беру саласындағы заңнама нормаларын қолдануда әдістемелік және практикалық көмек көрсетілді», – деп атап өтті Комитеттің бас сарапшысы Гүлжиян Жүсіпқалиева.Ағымдағы жылдың соңына дейін бақылау іс-шаралары https://rchl.govtec.kz/.сайтында орналастырылған жартыжылдық тізімге сәйкес еліміздің тағы 50 білім беру ұйымында өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/873853
Оқу-ағарту министрі мәслихат депутаттарымен кездесті 16.11.2024
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің жанынан Мәслихат депутаттарының кеңесі құрылды. Бұл білім саласындағы мәселелерді кеңесіп шешуге бағытталған консультативтік-кеңесші орган. Оған барлық деңгейдегі мәслихаттардан 190-ға жуық депутат енді. Халық қалаулыларымен кездесуде Оқу-ағарту министрі мұндай кеңестің құрылуы жергілікті жерлерде мемлекет бастамаларының тиімді жүзеге асуына ықпал ететіндігіне сенімділік білдірді.«Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының екінші республикалық форумында Мемлекет басшысы түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда оқу-ағарту жүйесінде 23 мыңға жуық білім беру ұйымында 6 млн-ға жуық бала білім алып, 578 мың педагог еңбек етуде. Сондықтан әр өңірдегі мәслихаттармен тығыз қарым-қатынас орнату жүктелген міндетті сапалы орындауға септігін тигізеді. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, күш біріктіруіміздің арқасында ең басты мақсат - білім сапасын арттыруға қол жеткіземіз деп сенемін», - деді Ғани Бейсембаев. Сондай-ақ жиын барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру инфрақұрылымын жақсарту, техникалық және кәсіби білім беруді трансформациялау мәселелері қаралды. Депутаттар өздерінің көкейтесті сауалдарына да толыққанды жауап ала алды. Атап өту керек, алдағы уақытта тұрақты түрде өткізілетін кеңес отырыстарында еліміздің білім беру стандарттарын жақсарту және жаңа тәсілдерді енгізуге ықпал ететін өзекті тақырыптар талқыланып, ұсынымдар әзірленетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/873874
Олжас Бектенов WorldSkills Kazakhstan кәсіби-техникалық дағдылар чемпионатының қатысушыларымен кездесті 16.11.2024
Премьер-министр Олжас Бектенов колледж студенттері арасында салалық жұмысшы мамандықтарындағы құзыреттілік деңгейі бойынша WorldSkills Kazakhstan 2024 ұлттық чемпионаты өтіп жатқан алаңға барды.Іс-шараның тұжырымдамасы ірі халықаралық компанияларда әлеуетті жұмысқа орналасуды қамтамасыз ету үшін оқыту сапасын, алынған дағдыларды тексеру мақсатында кәсіби-техникалық колледж студенттері мен кәсіпорындар арасындағы кооперацияға бағытталған.Премьер-министр чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесу барысында олардың алған білімдерінің сұранысқа ие екенін ерекше атап өтті.«Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы техникалық және кәсіптік білім берудің бүкіл еліміз үшін ерекше маңыздылығын көрсетеді. Үкімет алдына экономика құрылымын жаңғырту бойынша өршіл міндеттер қойылды. Ол үшін бізге энергетика, құрылысшы, ауыл шаруашылығы, көлік және су саласында білікті отандық мамандар қажет. Бұл ретте цифрлық трансформация мен технологиялық прогрестің сын-қатерлеріне дайын болу маңызды. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз – қоғамның барлық ресурстарын біріктіру. Бұл бағытта біз жастарымызға және осындай іс-шараларға жан-жақты қолдау көрсететін боламыз», — деп атап өткен Олжас Бектенов қызығушылық танытып, студенттердің өз дағдыларын көрсетуі үшін арнайы мамандандырылған аймақтар құрған компанияларға алғысын білдірді.Сол жерде колледж басшылығымен кездесу өтіп, оның барысында білім беру сапасын арттыру мақсатында кадрлар даярлау бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Биыл чемпионатқа Алматы құрылыс-техникалық колледжі, «Astana Polytechnic» жоғары колледжі, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі, Абай облысы білім басқармасының Радиотехника және байланыс колледжі, Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі және басқа да оқу орындарының студенттері қатысады.• Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2030 жылға дейін кадрларға жалпы қажеттілік 1,8 млн адамды құрайды, оның ішінде техникалық білімі бар 1 млн-ға жуық жұмысшы қажет. Құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі салаларында үлкен сұраныс күтілуде. Биыл WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионаты алаңдарында 555 қатысушы электроника, өнеркәсіптік автоматика, мехатроника, инженерлік графика, кондитерлік іс, электр монтаждау жұмыстары, дәнекерлеу технологиялары, веб-технологиялар және бизнеске арналған IT-шешімдер, сән технологиялары сияқты 30 құзыреттілік бойынша өз дағдыларын көрсетпек.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмысшы мамандықтары үшін кадр даярлау сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлініп отыр. 2024 жылы бюджет есебінен колледждерге 142,5 мың студент қабылданды – бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Дуальды білім беру жүйесі енгізіліп, оның шеңберінде 496 колледж және 7 мыңнан астам кәсіпорынмен 75 мың студентті даярлау бойынша келісімшарттар жасалды. 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкірақысы өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға артты. Сонымен қатар биылдың өзінде ТжКБ үшін 2 103 орынға арналған 8 жатақхана салу жобасы іске асырылуда.• Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтары жылы бойынша қойған міндеттерін іске асыру шеңберінде өткен жарыста қатысушылармен әңгімелесу қорытындысы бойынша Премьер-министр оқу-ағарту министріне Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп ТжКБ студенттерін қолдау және дамыту үшін Ұлттық құзыреттер орталығын құруды тапсырды. Орталық бизнес үшін диалог алаңы және кадрларды даярлау жүйесі рөлін атқарады, сондай-ақ халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарына қатысу үшін жаттығу базасына айналады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/884513