Enbekshi QazaQ

Туризм

Оқушыларға арналған «Қауіпсіз интернет» республикалық байқауы басталды 16.11.2024
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Өркен» ҰҒПБМ мектеп оқушыларына арналған «Қауіпсіз интернет» республикалық байқауын бастайды.Байқаудың мақсаты — балалар мен жасөспірімдердің интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, онлайн-қатерлерден қорғау және сауаттылықты арттыру.«Байқау оқушыларға интернетті қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелерін көрсететін бейнероликтер жасау арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бейнематериалдарда жеке деректерді қорғау бойынша кеңестер, кибербуллингтің алдын алу әдістері, сондай-ақ онлайн-контентке аналитикалық және сыни көзқарастың болуы маңызды», - деді «Өркен» ҰҒПИБД президенті Есенғазы Иманғалиев.Байқауға өтінімдер мен бейнероликтерді қабылдау биылғы жылдың 25 қарашасына дейін жалғасады. Байқау аяқталғаннан кейін қатысушылардың жұмыстарын сараптама комиссиясы бағалайды. Байқау жеңімпаздары желтоқсан айында жарияланады және интернетке қауіпсіз орта қалыптастыруға қосқан үлестерін растайтын дипломдармен марапатталады.«Өркен» ҰҒПБМ сайтынан (https://orken-instituty.kz/ru/pedagogam/konkursy) байқаудың толық ережелерімен танысып, өтінім беру үшін қосымша ақпарат алуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/879053
Еліміздің өңірлерінде балалар омбудсмендерінің жаңа құрамы жасақталды 16.11.2024
Балалардың құқықтарын қорғаудың және олардың ел өміріне қатысуын қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін енгізу мақсатында әр өңірде балалар омбудсмендерінің жаңа құрамы жасақталды. Оған жоғары сынып оқушылары, мектеп парламентінің көшбасшылары, белсенділер, еріктілер қатарынан 40 жастар өкілі енді.Бұл бастама баланың құқықтарын іске асыруға және өзін-өзі басқару қызметі арқылы балалардың қоғамдық өзгерістерге белсенді қатысуына бағытталған.«Балалардың дауысы ересектерге жетуі тиіс және олар өздерінің әл-ауқатына әсер ететін барлық мәселе бойынша шешім қабылдауға қатысуға құқылы. Балалардың өз құқықтарын білуі және түсінуі, оларды жүзеге асыруы, қорғауы үшін қолайлы жағдай жасау маңызды. Балалар өкілдіктері балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етудің маңызды құралының біріне айналады», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.Балалар өкiлдiктерi өз қатарластарының құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтiк бастамаларын қолдау жөнiндегi өзектi проблемаларды шешуге жәрдемдесіп, балалар мүддесі үшін мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға, балалық шақ мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге балалардың интеллектуалдық әлеуетiн тартуға, балалар ортасында құқықтық мәдениеттi, азаматтық көзқарасты және әлеуметтiк жауапкершiлiктi қалыптастыруға қатыса алады.Сондай-ақ балалар омбудсмендері балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдермен ынтымақтастықта жұмыс жасау арқылы барлық балалардың мүдделерін неғұрлым тиімді қорғауға атсалысады. Айта кетейік, балалар омбудсменіне сайлау жыл сайын өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/878845
Еліміздің екі өңірінде жайлы мектеп ашылды 16.11.2024
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қостанай облысының Арқалық қаласында және Жамбыл облысының Тараз қаласында тағы екі жайлы мектеп ашылды.Арқалықтағы мектеп 300 орынға арналған, онда балалардың бойында зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мақсатында заманауи жабдықтармен жарақтандырылған 26 оқу кабинеті бар.Айта кететіні, мектепте оқушылардың IT-құзыреттілігін, ғылыми және шығармашылық әлеуетін қолдау үшін заманауи робототехника кабинеттері, компьютерлік сыныптар және STEM-зертханалары да қарастырылған. Естеріңізге сала кетейік, жуырда осы өңірдің Заречный ауылында да жаңа жайлы мектеп қолданысқа берілген болатын.Тараз қаласында да 1200 орындық жайлы мектеп оқушыларға өз есігін айқара ашты. Мектеп ғимаратында мәжіліс залы, 60-қа жуық оқу кабинеті, асхана, 2 спорт залы, 2 лингафон кабинеті, 3 зертхана, кітапхана, компьютер залдары, сонымен қатар 3 шеберхана мен 10 коворкинг-орталық бар. Бұл Жамбыл облысында ашылып отырған екінші жайлы мектеп.Айта кету керек, жыл басынан бері елімізде 84 мың оқушы орнына арналған 32 жайлы мектеп ашылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/878765
ҚР Оқу-ағарту министрлігі жеке мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсетуді ұсынды 16.11.2024
ҚР Парламенті Мәжілісінде ұсынылған жаңа заң жобасында жекеменшік мектептерде әлеуметтік осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді енгізу көзделген, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырды. Заң жобасында бес новелла қарастырылған, олардың бірі әлеуметтік осал отбасылардың шыққан санатындағы балаларды қамтиды.«Жеке мектептерде оқитын әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде әлеуметтік көмек көрсету көзделеді. Бүгінгі таңда жалпыға бірдей білім беру аясында мемлекеттік мектептерде оқитын әлеуметтік санаттағы 500 мыңнан астам балаға киім, мектеп керек-жарақтары мен тамақ сатып алуға көмек көрсетіледі. Әлеуметтік санаттағы барлық балаларға көмек көрсету мақсатында меншік нысанына қарамастан мектептерде көмек көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың құзыреті енгізіледі», - деді Ғани Бейсембаев. Таныстыру барысында министр заң жобасының басқа да жаңалықтарына тоқталды. Бұл - қосымша білім беру ұйымдары үшін рұқсат құжаттарын ұсына отырып, өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама тәртібін енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту мен академиялық ұтқырлық қағидатын енгізу.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/878197
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың 84%-ы арнайы қолдаумен қамтылған 16.11.2024
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың 84%-ы арнайы қолдаумен қамтылғанПсихологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтуды ұлғайту үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмі енгізілді. Нәтижесінде балаларды арнайы біліммен қамту 84%-ға жетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚР Үкіметінің отырысында айтты.Бүгінгі таңда мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмі бес өңірде: Алматы, Шымкент, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Қарағанды облыстарында іске асырылуда. Бұл өңірлерде 2 мың бала қамтылды.Арнайы ұйымдар желісі ұлғайып келеді. Олардың саны 496-ға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 бірлікке көп. Алайда, ПМПК және түзету кабинеттерінің желісі еліміздің бірқатар өңірлерінде қосымша ұлғайтуды талап етеді. Бұл Алматы, Шымкент, Абай, Түркістан, Қарағанды және Қостанай облыстары.«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады, осыған байланысты білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету, оңалту және арнайы қолдау қызметтерін көрсету сапасын арттыру үшін заңнаманы жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады», — деді Ғани Бейсембаев.Скрининг нәтижелерімен алмасу үшін министрлік Денсаулық сақтау министрлігінің дерекқорымен интеграция жүргізеді, сондай-ақ ПМПК-ға жазылу автоматтандырады. Оқу-әдістемелік кешендер әзірленуде, оқулықтар кезең-кезеңімен әзірленуде, педагогтер әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/878003
Қазақстандық мектептерде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған жеке көмекшілер пайда болады 16.11.2024
ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев инклюзивті және арнайы білім беруді дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.Оның айтуынша, елімізде 496 ұйым жұмыс істейді, сондай-ақ арнайы қолдауға мұқтаж балаларға арналған 1071 кабинет жабдықталған. Мектептердің 88%-да және колледждердің 80%-да инклюзивті оқыту үшін жағдайлар жасалған.Мектептерде «Педагог-ассистент» лауазымы енгізілді, бұл мамандар санын бір жылда 1-ден 2,5 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Енді бұл лауазымның ашылуы мектепке дейінгі ұйымдарда да қарастырылуда. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен барлығы 9 мыңнан астам арнайы педагог жұмыс істейді.«Келесі жылдан бастап педагог-ассистенттер колледждерде дайындала бастайды. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар үшін мектепте «Жеке көмекші» лауазымы енгізіледі. Сондай-ақ, «Педагог» кәсіби стандартына ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу бойынша жаңа мамандықтар енгізілуде», - деді Ғани Бейсембаев. Сондай-ақ, қатардағы педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл біліктілікті арттыру курстарынан 5 мың педагог өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/877967
Ауыл оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңі аяқталды 16.11.2024
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңі аяқталды, оған 12 мыңнан астам оқушы қатысты. Білім бәсекесі 93 тірек мектепте 13 пән бойынша өтті.Олимпиаданың IV республикалық кезеңіне III кезеңде ең үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар (әр пән мен сынып бойынша екі қатысушыдан артық емес) қатысады:* жаратылыстану-математикалық бағытта 9-11(12) сынып оқушылары;* қоғамдық-гуманитарлық бағытта 10-11(12) сынып оқушылары.«Оқу-ағарту министрлігі бастамашылық еткен Республикалық пәндік олимпиада ауылдық жерлерде білім беруді дамытудың маңызды кезеңіне айналды. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар толық сүйемелденіп, келесі жарыстарға дайындалу үшін «Дарын» республикалық сырттай мектебіне қабылданады», — деп атап өтті «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.Естеріңізге сала кетейік, олимпиаданың бірінші кезеңіне 100 мыңнан астам оқушы қатысып, олардың 54 мыңға жуығы екінші кезеңге жолдама алған болатын. Үшінші кезеңге өткен 12 мың қатысушының ішінен 1088-і республикалық кезеңге жолдама алады. Сонымен қатар, өткен жылғы жеңімпаздар биылғы олимпиаданың республикалық кезеңіне (сол пән бойынша) конкурстан тыс қатысу мүмкіндігіне ие.Барлық қатысушыларға республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/877681
TikTok жыл сайынғы педагогтер байқауын жариялайды 16.11.2024
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен TikTok қысқа бейнероликтерді әзірлеуге арналған жетекші платформа #Қазақстанмұғалімдері немесе #УчителяКазахстана хәштегімен байқау жариялайды. Байқау үшінші жыл қатарынан өтуде, оған мектеп мұғалімдері де, колледждер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары да қатыса алады. Аталған бастама еліміздің педагогтерін платформа аудиториясымен өз тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік береді. Өткен жылдардағы байқау жеңімпаздары Ботагөз Омарова, Игорь Гноева, Хайдар Мырзахметов өз бейнероликтері арқылы миллиондаған лайк жинап, әлеуметтік желі қолданушыларының ықыласына бөленген еді. «Байқау арқылы мен білім беру мазмұнын құрудың жаңа тәсілдерін табуға және өз білімімді бөлісуге үйрендім. Бұл маған дәстүрлі оқыту шеңберінен шығып, оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінікті және қызықты жеткізудің жолын табуға мүмкіндік берді. Оқушыларымның физиканы талқылап, өз ойларымен бөлісіп, тіпті эксперимент үшін жаңа идеялар ойлап тауып жатқанын көру мен үшін ерекше қуаныш болды», — дейді 2023 жылғы байқаудың жеңімпазы, физика пәнінің мұғалімі Хайдар Мырзахметов. Байқауға TikTok-та танымдық контент жасайтын немесе оны бастағысы келетін мектеп мұғалімдері мен колледждер, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады Қатысушылар 4 қараша - 3 желтоқсан аралығында платформада өз пәні бойынша қысқа танымдық бейнероликтер жариялауы қажет. Роликтердің ұзақтығы кемінде 30 секунд және #Қазақстанмұғалімдері хэштегінің көрсетілуі маңызды. Биылғы жылы ұлттық байқаудың үш жеңімпазы болады. Олар критерийлер жиынтығы негізінде, соның ішінде лайк, қаралым саны, бейнеролик сапасы және оқытылатын пәнге сәйкестігі негізінде бағаланады. Байқау жеңімпаздары iPhone 16 Pro смартфондарына ие болады, бұл оларға одан да жақсы бейнеконтент жасауға көмектеседі. Толық ережелер TikTok қосымшасында https://activity.tiktok.com қолжетімді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/877491
Қостанай мен Жетісу облыстарында тағы екі жайлы мектеп ашылды 16.11.2024
Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды іске асырылуда. Ұлттық жоба аясында Қостанай облысының Заречный кентінде және Жетісу облысының Жаркент қаласында тағы екі білім беру ұйымы пайдалануға берілді.Мектептер 900 және 1200 оқушы орындарына арналған. Мұнда 100-ден астам оқу кабинеті, оның ішінде зертханалары бар физика, химия, биология кабинеттері, робототехника және STEM зертханалары бойынша сыныптар, сондай-ақ 3 спорт залы бар.Білім беру нысандарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін де барлық жағдай жасалған: пандустар, тұтқалар, көру қабілеті төмен жандарға арналған ескерту жүйелері, таблолар мен бағдарлар орнатылған.Естеріңізге сала кетейік, биылғы оқу жылының басынан елімізде 82 мыңға жуық оқушы орынына арналған 30 жайлы мектеп ашылды. Оның ішінде 9 мектеп Астанада, 6 мектеп Ақмола, 3 мектеп Алматы облыстарында және екі мектептен – Атырау және Жамбыл облыстарында, бір мектептен – Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Қостанай және Жетісу облыстарында, сондай – ақ, 1 мектеп Алматы, 2 мектеп Шымкент қалаларында ашылды.2025 жылдың соңына дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қазіргі заманғы форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/877238
Оқу-ағарту министрі Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Бахтиер Ибрагимовті қабылдады 16.11.2024
Кездесуде Ғани Бейсембаев ресми Астана мен Ташкент арасындағы білім саласы бойынша екіжақты ынтымақтастықты тиімді жалғастырудың және кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.Министр екі елдің педагогтерінің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша өзара ықпалдастық құру туралы ұсынысын білдірді.Сонымен қатар, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/877113
Елімізде алғаш рет «Егемендігім – елдігім!» атты республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысы өтті 16.11.2024
Оқу-ағарту министрлігі Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағымен бірлесіп «Егемендігім - елдігім» тақырыбында республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысын ұйымдастырды. Оған еліміздің 20 өңірінен 12-18 жас аралығындағы 22 жас ақын қатысты. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтыс ұлттық құндылықтарымызды ақындық өнер арқылы жас ұрпаққа насихаттау ғана емес, сондай-ақ оқушыларды адал, саналы, жасампаз азамат ретінде тәрбиелеудің рухани құралы деп атап өтті.«Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – адал азамат» атты екінші отырысында айтқан маңызды мақсаттарының біріне қол жеткізу үшін министрлік жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар, патриотизм мен еңбекқорлық қағидаттарына негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Кез келген елдің бірлігі мен өркендеуі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды дәріптеуге байланысты. Айтыс – өнер сайысы ғана емес, жастарымыздың шығармашылық, рухани-мәдени әлеуетін дамытатын, эстетикалық тәрбие жүйесін жетілдіретін маңызды алаң», - деді Ғани Бейсембаев. Айта кету керек, айтыс «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында бекітілген «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының алғашқы тоқсанын қорытындылайды.Айтыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:Бас жүлде және «Қола домбыра» иегері – Ислам Әли Біржанұлы (Шымкент қаласы); I орынды Бейбіт Байжігіт (Маңғыстау облысы) иеленді; II орынды Арай Нұрадин (Ақтөбе облысы), Айғаным Мақсұтханова (Астана қаласы) бөлісті; III орын – Рауан Нұршабеков (Алматы облысы), Нұрислам Рогатов (Қостанай облысы), Ерасыл Сейітжанұлы (Алматы қаласы).Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен қаржылай сыйақылар табыс етіліп, жас ақындардың тәлімгер-ұстаздарына ҚР Оқу-ағарту министрінің алғыс хаты берілді. Сондай-ақ жас ақындар арнайы жүлделермен де марапатталды. «Қола домбыра» оқушылар айтысының жыл сайынғы жеңімпазына Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білім гранты беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/876939
Абайлық оқушы күн энергиясын пайдаланудың тиімділігін арттыратын инновациялық жоба жасады 16.11.2024
9-сынып оқушысы Жеңіс Божаев инновациялық жоба ұсынды. Оның өнертабысы күн энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалануға мүмкіндік береді.Оқушының айтуынша, оның жобасы көмірге, отынға және электр энергиясына тәуелділікті азайтып, экологияға зиянды әсерді төмендетуге арналған. Ол үшін Жеңіс әуелі күн коллекторының сызбасын әзірлеп, бөлшектерден қондырғыны құрастырудан бастады.«Коллекторды құрастыру кезінде ағаш каркас пен пеноплекс жылу изоляциясын қолдандым. Осылайша, жүйенің қос қабатты шыны арқылы герметикалық тығыздығын қалыптастырдым. Жылу аккумуляторы ретінде арнайы ыдысты қолдана отырып, тиімділігін сынақтан өткіздім. 0,33 м² көлеміндегі коллектор құрылғысы 30°C температураға дейін қызу беріп, күні бойы 2 142 000 Дж энергия жинай алатынын көрсетті. Жобаны жүзеге асыру арқылы туған өлкемнің экологиясын жақсартуға үлес қосамын деп сенемін», – дейді жас өнертапқыш.Оның айтуынша, күн коллекторы арқылы ауыл шаруашылығы мен тұрмыстық ғимараттарды жылытуға және су қажеттіліктерін қамтамасыз етуге болады. Ауыл шаруашылығы үшін 30-90°C аралығындағы су қажет екенін ескерген оқушы бұл жүйенің өңір тұрмысын жақсартуға септігін тигізетініне сенімді.Аталған құрылғы сынақтан өтті. Оқушының есептеуінше, 23 м² аумақты қамтитын күн коллекторы арқылы орташа үйдің ішін жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге болады. Мұндай құрылғыны үйдің төбесіне орналастыру тиімді әрі кеңістікті үнемдейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/876858
Қазақстандық колледж студенттері NASA ғарыштық қосымшалар байқауында өз жобаларын ұсынады 16.11.2024
«SPACE APPS CHALLENGE-2024» жаһандық төрешілігінің әлемдік кезеңі 19 қарашада өтеді.Аталған додада Қазақстан намысын Павлодар Ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері Роман Устименко, Жан Бейсекеев және А.Байтұрсынов атындағы мектеп оқушысы Игорь Мартынюк қорғайды.Өңірлік кезеңнің қорытындысы бойынша олар әлемнің 152 елінен қатысқан 8715 команда арасынан суырылып шығып, NASA-ның «SPACE APPS CHALLENGE-2024» ғарыштық қосымшалар байқауының жаһандық номинанттары атанды.Енді қазақстандықтардың жобалары NASA сарапшы төрешілер тобы және жаһандық финалистерді анықтайтын серіктес ғарыш агенттіктерінің қарауына ұсынылады.Айта кетейік, әлем бойынша 8,7 мың команданың арасынан тек 940 команда қазылар алқасы тарапынан іріктелген болатын және оның ішінде екі қазақстандық команда бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/876707
181 мыңға жуық қазақстандық оқушы жөндеуден өткен мектеп ғимараттарында партаға отырды 16.11.2024
Биыл еліміздің 280 мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оқу жылының басынан бері 181 мыңға жуық қазақстандық оқушы жаңартылған мектептерде партаға отырды.Мектеп ғимараттына жөндеу жұмысы барысында шатырлар ауыстырылып, ғимараттар мен терезелердің қасбеттері жаңартылды, сондай-ақ ішкі инженерлік коммуникациялар су құбыры, кәріз, жылыту жүйелері және электр желілері жөнделді. Сейсмикалық белсенділігі жоғары өңірлердегі мектептерді сейсмикалық күшейтуге ерекше назар аударылды.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министрлік бірнеше рет жөнделіп жатқан мектептерге оқу-тәрбие процесінің бұзылуына жол бермеу және оны қауіпсіз ұйымдастыру бойынша мониторинг жүргізген болатын.Бүгінгі таңда күрделі жөндеумен қатар, шағын қалалар, аудан орталықтары мен ауылдарда жеті бағыт бойынша заманауи стандарттарға сай 1000 мектепті жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жаңғырту балаларға оқу мен тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасау, материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту және оқу процесінің сапасын арттыру арқылы қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Бұл жұмыстың аясында күрделі жөндеу, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханаларды, асханаларды және қауіпсіздік шарттарын жақсарту жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 780 ауылдық мектептегі жаңғырту жұмыстары аяқталды.Сонымен қатар, биыл 1383 заманауи пәндік кабинет сатып алынып, оның 843-і орнатылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/876545
КҮН САНЫ 16.11.2024
Қазақстанда 19 033 оқушыны біріктіретін экологиялық-биологиялық бағыттағы 134 үйірме жұмыс істейді. Бұл үйірмелерде оқушылар экология, биология, табиғатты қорғау және тұрақты даму негіздерін үйренеді. Қатысушылар экологиялық зерттеулер жүргізеді, экологиялық мәдениетті дамытуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған экологиялық акциялар мен жобаларға қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/963538?lang=kk
Сенатта инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды 16.11.2024
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Инклюзия жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Депутаттар мемлекеттік органдар мен сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп, ерекше қажеттілігі бар адамдардың сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейту жөнінде ұсыныстар алмасып, оларды іске асыру жолдарын талқылады. Отырыс жұмысына Оқу-ағарту министрі, Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев инклюзивті білім беруді дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталып, білім беру мүмкіндіктерін кеңейту бойынша бастамалар мен ұсыныстарын жеткізді. Бүгінгі таңда қазақстандық мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта құрылуда. Осылайша, мектептердің 88%-ы инклюзивті білім алуға жағдай жасады. 2024 жылы 5 мыңнан астам педагог қайта даярлау курстарынан өтті.Сенат спикері Мәулен Әшімбаев тең мүмкіндікті инклюзивті қоғам қалыптастыру ел Президентінің реформаларының күн тәртібіндегі маңызды басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Бұл бағытта соңғы жылдары жүйелі жұмыстар жүргізілуде және көптеген салаларда, соның ішінде оқу-ағарту жүйесінде оң динамика байқалады.Сенат спикері инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі жұмысты күшейту қажеттілігін атап өтті. Ерекше қажеттілігі бар адамдардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі әзірленген ұсыныстар мүдделі тараптардың бірлескен жұмысы үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/876077
Ақордада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды 16.11.2024
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат министрлерінің, Бас прокуратура, ҰҚК, ІІМ өкілдерінің, Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің және Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қатысуымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, буллингтің алдын алу және білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын күшейту бойынша қабылданып жатқан шараларға тоқталды.Сондай-ақ, кеңес барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша жүйелі және жедел шараларды іске асыру барысы талқыланды.Мемлекеттік кеңесші балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әрқашан мемлекеттің назарында екенін атап өтті. Жалпы, мемлекеттік органдар аталған бағытта қажетті институционалдық шешімдер әзірледі, алдын алу тетіктері мен ден қою алгоритмдерін құрды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/876074
Ғани Бейсембаев Жамбыл облысының педагогтерімен кездесу өткізді 16.11.2024
Министр мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын аралап, әріптестерімен кездесті. Олардың қатарында ардагер ұстаздар, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағының иегерлері, педагог шеберлер, педагог-зерттеушілер және «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары да болды. «Қоғамдағы және оқушылар алдындағы педагог мәртебесі бірінші кезекте оның адами қасиеттерімен, содан кейін ғана кәсіби деңгейімен анықталады. Егер ұлттық құндылықтар білім мен тәрбиенің негізі болса, бұл құндылықтарды бала бойына сіңіретін мұғалім адалдық, әділеттілік, әдептілік және еңбексүйгіштік қаситеттеріне ие болуы тиіс. Осы қасиеттер кәсіби біліммен ұштасқанда ғана оны нағыз ұстаз деп атауға болады. Мектептің табыстылығы мен баланың болашағы мұғалімге байланысты екенін есте сақтау керек, себебі мұғалім қандай болса, мектебі сондай болмақ. Сіздердің еңбектеріңіз мемлекетіміздің жарқын әрі бақытты болашағының негізі. Сондықтан, әрбір мұғалім үздіксіз білім алуға ұмтылуы тиіс», - деді министр.Ғани Бейсембаев сондай-ақ білім сапасын арттыру, сапалы педагогикалық құрам қалыптастыру, білім беру инфрақұрылымын жақсарту және тағы басқа білім саласының сұрақтарын әріптестерімен бірге талқылады. Педагогтер министрмен еркін сұқбаттасып, өз сұрақтарын қойды.Министр білім жүйесінде жаңа басшылар құрамын іріктеу мен қалыптастыруға ерекше көңіл бөлді. Өңірлік білім басқармасының басшысына педагогтерді қолдау, жас мамандар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстарды күшейту және педагогикалық қауымдастық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.Қазіргі таңда Жамбыл облысында 40 мыңға жуық педагог еңбек етуде, оның ішінде 436-сы педагог-шебер.Жұмыс сапарын қорытындылай келе, министр бірқатар білім беру ұйымдарын, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептерді тексерді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/875676
GOV.KZ 16.11.2024
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/875664
«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау – мемлекет саясатының басты басымдығы»: Оқу-ағарту министрі өмірлік қиын жағдайда қалған балалармен кездесті 16.11.2024
Жамбыл облысына жұмыс сапары кезінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында болды. Аталған орталықта 102 бала тәрбиеленуде.Министр орталық жұмысымен және балалардың тұрмысымен танысты. Әр баланың құқығының қорғалуына және қауіпсіз ортаның қалыптастырылуына ерекше көңіл бөлді. Жергілікті атқарушы орган өкілдеріне әдістемелік қызметтер мен өңірлік педагогикалық қолдау орталықтарының қызметін күшейтуді тапсырды.«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау – мемлекет саясатының басты басымдығы. Еліміздегі әрбір бала өзінің ересектердің қамқорлығында екенін сезінуі тиіс. Ол үшін барлық уәкілетті органдардың өз қызметтерін тиімді атқарып, жергілікті жерлерде жұмыстарды үйлестіруі маңызды. Мемлекет башысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдан бастап барлық өңірде Психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Психологтардың жұмысын күшейте отырып, балалардың құқықтарының бұзылуымен қатысты жәйттардың алдын алу керек. Бұл ретте балаларды жалпыұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеуге бағытталған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізгі рөл атқарады», - деді Ғани Бейсембаев. Министр орталықтағы балалардың жай-күйіне ерекше назар аударды. Балалар оған өздерінің жетістіктері, шығармашылықтары туралы әңгімеледі. Естеріңізге сала кетейік, соңғы он жылда елімізде балалар үйі мен оның тәрбиеленушілерінің саны айтарлықтай азайды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, олар балаларды қолдау орталықтарына трансформацияланды. Елімізде барлығы 36 балаларды қолдау орталығы бар және мұнда 2 мыңға жуық бала тәрбиеленуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/875427