Enbekshi QazaQ

Туризм

Кеңейтілген алқа отырысы: білім беру мазмұнының сапасы, менеджмент, заманауи инфрақұрылым, балалардың қауіпсіздігі және экономика үшін кадрлар даярлау 14.02.2025
Астанада педагогикалық және ата-аналар қауымдастығының, өңірлік білім басқармалары басшыларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сарапшылардың және саланың басқа да қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Оқу – ағарту министрлігінің дәстүрлі алқа отырысы өтті.Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өткен жылды қорытындылап, білім беру сапасын одан әрі арттырудың басым бағыттарын айқындап берді. Ол орта білім беру мазмұнының қайта қаралғанын, ал жаңа МЖМБС жобасына «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына енгізілген құндылықтар енгізілгенін атап өтті.«Білім беру тәрбиемен тығыз байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың бойына құндылықтар жүйесін қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған алты негізгі жобаны қамтитын «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілді. Бұл жұмыстың тиімділігі көп жағдайда сынып жетекшілеріне байланысты. Сондықтан оны мол тәжірибесі бар білікті ұстаздардың орындауы маңызды. Тәрбие бағдарламасының тұжырымдамалық негіздерін ескере отырып, педагогтердің сынып жетекшілігіне деген көзқарасын түбегейлі қайта қарау керек», - деді Ғани Бейсембаев.Ведомство басшысы елімізде білім беру сапасын бағалаудың өзіндік ұлттық жүйесі қалыптасқанын атап өтті. ББЖМ қазақстандық бағалау құралы RCEC сараптама және сертификаттау ғылыми-зерттеу орталығында халықаралық деңгейде танылды, осылайша Қазақстан Орталық Азиядағы білім беру сапасын бағалау жүйесі бойынша аккредиттеуден өткен жалғыз елге айналды.«Министрлік педагогтің үздіксіз кәсіби даму процесі ретінде біліктілікті арттыру парадигмасын қайта қарады. Барлық рәсім «Ұстаз» ұлттық платформасында автоматтандырылған. Биыл алғаш рет платформада 88 мыңнан астам модератор мен сарапшыны аттестаттаудан өткізу жоспарлануда», - деді министр.2024 жылы бірден екі педагог «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болды. Бұл - еліміздің педагогтерінің еңбегіне Президент тарапынан берілген жоғары баға мен құрмет, артылған зор сенім.Сонымен қатар министр «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын бұзу фактілеріне алаңдаушылық білдірді.«Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер заң бұзушылықтардың 120 жағдайын тіркеді. Атап айтқанда, Семей қаласында мұғалімдерді тиесілі емес функцияларға тарту соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқтырды. Өңірлердің басшылығын заңды қатаң сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырамын», – деді Ғани Бейсембаев.Елімізде 7 мыңнан астам мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. 2023 жылдан бастап жаңа форматтағы басқарушыларды даярлау үшін «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы іске асырылуда. Қазірдің өзінде республикалық кадр резервіне 583 кандидат алынды.Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің басты міндеті болып қала береді. 2024 жылы заңға кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін және отбасын қолдауға бағытталған түзетулер енгізілді. Сондай-ақ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілеттіктері кеңейтілді. Биылғы жылдың қаңтар айында БҰҰ-да Қазақстанның осы саладағы реформалары жоғары бағаға ие болды. «Біз инклюзивті және арнайы білім беруді дамытуды жалғастырамыз. 2025 жылға қарай психологиялық-педагогикалық қолдауға 100% қолжетімділікті қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. «Бөбек» ұлттық ғылыми практикалық орталығы мен Ұлттық инклюзивті білім беру орталығын трансформациялау басталды. Қазан айында Қазақстан алғаш рет Инклюзия бойынша дүниежүзілік конгресті қабылдайды», - деп атап өтті ведомство басшысы.Білім беру сапасындағы алшақтықты азайту үшін қалалық және ауылдық мектептер арасында «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы іске асырылуда. Ол материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға, жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз етуге және оқыту сапасын арттыруға бағытталған.«2024 жыл білім беру инфрақұрылымы үшін маңызды кезең болды. Тәуелсіздік тарихында алғаш рет мектептердің рекордтық саны салынды. 2023 жылы 165 мектеп қолданысқа берілді, 2024 жылы 257 мектеп бой көтерді, оның 105-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Оларды тиімді басқару үшін Министрлік бірыңғай жүйе әзірледі», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.Процестерді цифрландыру және автоматтандыру қазіргі білім беру ортасының маңызды бөлігі болып табылады. Министрлік «SMART ОҚУ АҒАРТУ» жобасын іске қосты. Ол цифрлық білім берудің бірыңғай экожүйесін құрып, оқытудың сапасын арттырады, оқыту процестерінің барлық қатысушылары үшін білім беру ресурстары мен қызметтеріне қолжетімділікті жеңілдетеді.Starlink терминалдарын енгізу есебінен сапалы интернет тартылған мектептердің үлесі 2022 жылғы 19%-дан 2024 жылы 95%-ға дейін, яғни 3 есеге ұлғайды.«Жыл басынан бері мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыруды өңірлерге таратуға кірістік. Білім басқармаларының басшылары өңірде ваучерлік қаржыландыруды уақытылы әрі сапалы енгізу үшін жағдай жасауы қажет. Ұлттық білім беру дерекқорымен интеграциялау қаржыландырудың жаңа моделіне жылдам көшуді қамтамасыз етеді» - деді министр.Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында техникалық және кәсіптік оқытуды трансформациялау міндетін қойды. Өткен жылдан бастап министрлік әкімдіктермен бірлесіп колледждерге толық инвентаризация жұмыстарын жүргізді. Өңірдің барлық индустриялық жобаларын, жұмыспен қамту карталарын ескере отырып, кадрларды даярлаудың бейіндік бағыттары айқындалды.Сөз соңында министр азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасауға тоқталды. Ол педагогтер үшін өздерінің құқытарының қорғалғанын, ал олардың қызметіне қатысты шешім қабылдауда объективтілік пен заңның сақталуы маңызды екенін атап өтті.Сондай-ақ алқа отырысында ғалымдар, педагогтер, ата-аналар, сараптамалық және бизнес-қоғамдастық өкілдері сөз сөйледі. Олардың қатарында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жауымбай Қараев, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі доктор Рашед Мұстафа Сарвар және т. б. бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/932666
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Қазіргі білім: сапа және менеджмент, заманауи инфрақұрылым, балалардың қауіпсіздігі, экономика үшін маман даярлау» тақырыбында кеңейтілген алқа отырысы өтті 14.02.2025
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Қазіргі білім: сапа және менеджмент, заманауи инфрақұрылым, балалардың қауіпсіздігі, экономика үшін маман даярлау» тақырыбында кеңейтілген алқа отырысы өттіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/932904
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысындағы спикерлердің сөзінен 14.02.2025
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысындағы спикерлердің сөзіненАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/933375
Оқу-ағарту министрлігінде еліміздің үздік педагогтерінің құрметіне «Ұлт келбеті – ұстаздар» фотогалереясы ашылды 14.02.2025
Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жазды. Фотокөрме еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген ұстаздарға деген шынайы құрмет пен ризашылықты көрсетеді.«Ұстаз еңбегі – ел дамуының негізі, ұрпақ тәрбиесінің өзегі. Еліміздегі әрбір педагог кәсібилік пен адалдықтың биік үлгісін көрсетіп жүрген осы тұлғалардан өнеге алуы тиіс. Педагог болу – тек білім беру ғана емес, ел болашағының іргетасын қалау, ұрпақты тәрбиелеу, шабыттандыру, адамгершілік дәнін егу», — дейді министр өзінің жазбасында. Еліміздің тарихында жоғары мемлекеттік награда Еңбек Ері атағымен марапатталған тоғыз педагогтің есімі белгілі. Олардың ішінде Социалистік Еңбек Ерлері Жақия Шайжүнісов, Құдыс Әбсәметов, Рафиқа Нұртазина, Маржан Тасова бар. 2008 жылы бұл атаққа академик Аягүл Миразова лайықты деп танылды, ал 2018 жылы Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Алина Соловьеваға берілді. Арада 5 жылдан кейін 2023 жылы 5 қазанда абайлық мұғалім Алма Шүкіжанова марапатталды. 2024 жылы тәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет Мемлекет басшысы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен Алтын жұлдыз айрықша ерекшелік белгісін және «Отан» орденін бірден екі мектеп мұғаліміне тапсырды. Олар - Алматы қаласындағы №4 арнайы мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі Гүлжанар Нұрпейісова мен Орал қаласындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Эльмара Траисова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/933594
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың кеңейтілген алқа отырысындағы баяндамасынан 14.02.2025
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың кеңейтілген алқа отырысындағы баяндамасынанАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/933676
Елімізде Қазақстан оқушыларының XIII қысқы гимназиадасы басталады 14.02.2025
2025 жылғы 10 ақпан күні оқушылар арасында XIII қысқы Гимназиада басталады. Спорттық шараға еліміздің барлық өңірінен 12-18 жас аралығындағы 700-ге жуық оқушы қатысады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына сілтеме жасап.Гимназиада сегіз спорт түрі - шаңғы жарысы, қысқы президенттік сайыс, биатлон, қысқы спорттық бағдарлау, шорт-трек, бенди (допты хоккей), шайбалы хоккей және мәнерлеп сырғанау бойынша өтеді. Барлығы 162 медаль және 15 кубок сарапқа салынады.«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы халыққа Жолдауында салауатты ұлтты тәриелеу туралы айтты. Ол үшін елімізде бұқаралық және балалар спортын дамыту қажет. Гимназиада - бұл жәй ғана жарыс емес, нағыз таланттарды анықтауға, балалар арасында спортты насихаттауға және спортшылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған дода», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры Арман Ташметов. Қазақстан оқушыларының XIII қысқы гимназиадасы Батыс Қазақстан облысында, Орал және Ақсай қалаларында сәуір айына дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/933979
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы: білім беру стандарттарын теңестірудегі маңызды қадам 09.02.2025
Жайлы мектептер үздік білім беру тәжірибелерін тарата отырып, Қазақстанның барлық орта білім беру ұйымдары үшін тірек мектептерге айналады. Осылайша, еліміздің барлық білім беру ұйымдарында сапалы білім беру кезең кезеңмен жүзеге асырылады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы салынды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сай келетін тегін білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.Бастама жайлы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта қалыптастырады. «Жайлы мектептердің көлемі типтік мектептерге қарағанда, 15-20%-ға кең, сондай-ақ техникалық жарақтануы да 4 есе артық. Мектептерде робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары, 3-4 спорт залы қарастырылған, сондай-ақ алғашқы әскери дайындық үшін арнайы ашық алаңдар жабдықталады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блоктарда білім алады. Жайлы мектептердегі ең басты жайлылық - эргономикалық кеңістіктің құрылуы», - дейді оқу-ағарту министрлігінің инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Мақсұтов. Жайлы мектептерде инклюзиялық білім беруге ерекше көңіл бөлінуде. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке санитарлық бөлмелерімен кең кабинеттер қарастырылған. Сонымен қатар мектептерде жеделсаты, пандустар, арнайы белгілер, психолог, логопед және дефектолог кабинеттері бар. Жайлы мектептің ерекшелігі сонда, әр блоктан оқушылар мен педагогтер үшін демалыс аймақтарын көруге болады. Мұнда жұмсақ жиһаздар, кітаптар, музыкалық аспаптар мен үстел ойындары қойылған. Мектептер сонымен қатар заманауи бейнебақылау және мектепке кіріп-шыққандарды қадағалау жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Ұлттық жоба әрбір оқушының толыққанды білім алуына, шығармашылық тұрғыда және жеке тұлға ретінде дамуына жағдай туғыза отырып, еліміздің білім беру жүйесін дамытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/929573
Қазақстанда мектептерді реновациялау бойынша ауқымды жоба басталды: қалалар мен ауылдарда білім беру жағдайы жақсара түседі 09.02.2025
Қазақстанда орта білім беру ұйымдарының 67%-ы (5236 мектеп) аудандық және ауылдық жерлерде орналасқан, бұл білім беру ошақтарында 1,6 миллион бала оқиды. Қалалық және ауылдық мектептер үшін бірыңғай білім беру стандарттары енгізілуде, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес таяудағы үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде 1231 мектепті реновациялау жоспарлануда, оның ішінде 820 мектеп ауылдық жерлерде орналасқан.Оқу-ағарту министрлігімен мектептерді реновациядан өткізудің жиынтық жоспары бекітілді, облыс әкімдіктері 2025-2027 жылдарға арналған өңірлік жоспарларды әзірледі. Реновациядан өткізуде мектептерді күрделі жөндеу, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, спорт залдарын салу немесе реконструкциялау, қоғамдық кеңістіктерді жабдықтау, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету қарастырылған.Бұл шаралар мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, инновациялық білім беру технологияларын енгізуге және педагогтердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.Жоба үш жылда жүзеге асырылады: 2025 жылы 262 мектеп, 2026 жылы 436 мектеп, 2027 жылы 466 мектеп. Қосымша 2028-2029 жылдары Жамбыл облысында 67 мектеп жаңғыртылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/929784
Қазақстанда мектептер салу және жөндеу бастамалары белсенді түрде жүзеге асырылуда 09.02.2025
Елімізде Қазақстан оқушыларының XIII қысқы гимназиадасы басталадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/930080
«Жайлы мектеп» - сапалы білім беру мен оқушылардың саулығы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады 09.02.2025
«Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды», - Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы салынды.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сай келетін тегін білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.Бастама жайлы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта қалыптастырады.Жайлы мектептердің көлемі типтік мектептерге қарағанда, 15-20%-ға кең, сондай-ақ техникалық жарақтануы да 4 есе артық. Мектептерде робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары, 4 спорт залы қарастырылған, сондай-ақ алғашқы әскери дайындық үшін арнайы ашық алаңдар жабдықталады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блоктарда білім алады. Жайлы мектептердегі ең басты жайлылық - эргономикалық кеңістіктің құрылуы.Жайлы мектептерде инклюзиялық білім беруге ерекше көңіл бөлінуде. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке санитарлық бөлмелерімен кең кабинеттер қарастырылған. Сонымен қатар мектептерде жеделсаты, пандустар, арнайы белгілер, психолог, логопед және дефектолог кабинеттері бар.Жайлы мектептің ерекшелігі сонда, әр блокта оқушылар мен педагогтер үшін демалыс аймақтарын көруге болады. Мұнда жұмсақ жиһаздар, кітаптар, музыкалық аспаптармен үстел ойындары қойылған. Мектептер сонымен қатар заманауи бейнебақылау және мектепке кіріп-шыққандарды қадағалау жүйелерімен қамтамасыз етіледі.Жобаның негізгі міндеттерінің бірі - оқу процесінде жаңа технологиялар мен әдістемелерді меңгерген білікті педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету.Бұдан бөлек, елімізде 510 мың оқушы орнына арналған 422 мектеп салынып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Бұл 32 апатты және 71 үшауысымды мектеп мәселесін шешіп, ел аумағындағы 200 мектепте оқушы орны тапшылығын жоюға мүмкіндік берді.Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының желісі бойынша 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 89 мектептің құрылысы қаржыландырылды.2024 жылы 80 мыңнан астам педагог біліктілікті арттырудың тегін курстарынан өтті.Оқушы орындарының тапшылығы, үшауысымды оқыту және апаттық мектептер мәселесін шешу, сондай-ақ қалалар мен ауылдар арасындағы білім беру инфрақұрылымы сапасының айырмашылығын азайту мақсатында елімізде мектеп құрылысын жүргізу және реновациялау бойынша бастамалар қарқынды іске асырылуда.2025 жылы 300 мың орындық 200-ге жуық мектептің құрылысы жүзеге асырылады.«Ауыл мектептерін зияткерлік, сондай-ақ қоғамдық орталық ретінде дамыту маңызды. «Мектебі бар ауылда тіршілік бар» деп бекер айтылмаған», - Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын аудандық және ауылдық 1000 мектеп жаңғыртылуда.Бүгінгі таңда орта білім беру ұйымдарының 67%-ын (5236 мектеп) аудандық және ауылдық мектептер құрайды, оның ішінде 4 мың мектеп жаңғыртылды.Таяудағы үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде 1231 мектепті реновациялау жоспарлануда, оның ішінде 820 мектеп ауылдық жерлерде орналасқан. Реновация мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, инновациялық білім беру технологияларын енгізуге және педагогтердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.Бұл шаралар халықтың туған жерінен табан аударып, қалаға жаппай көшу мәселесін де шешеді.Еліміздің барлық өңірінде жаңа білім беру нысандарын салу арқылы қосымша жұмыс орындары құрылуда, бұл әлеуметтік, экономикалық жағдайды жақсартуға және жалпы құрылыс саласын дамытуға ықпал етеді. 2024 жылдан бастап жаңа салынған мектептерде 5000-ға жуық педагог жұмыспен қамтылды.Ұлттық жобаның тағы бір маңызды бағыттарының бірі - қазақстандық тауарлар мен қызметтерді өндірушілерді қолдау болып табылады.Жаңа мектептерге барлық жиһаздарды отандық кәсіпорындар жеткізеді. Бұл ұлттық экономиканы нығайтуға және қазақстандық өндірушілердің жаңа жұмыс орындарын құруына, елдегі экономикалық тұрақтылыққа, жергілікті өнеркәсіпті дамытуға ықпал етеді.Заманауи форматтағы мектептер барлық қазақстандық балалардың қолжетімді әрі жайлы, қауіпсіз ортада сапалы білім алуына жол ашады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/929427
Қазақстанда мектептердің рекордтық саны салынды: оқушы орны тапшылығы мен білім инфрақұрылымын жақсарту қалай шешілуде? 09.02.2025
Қазақстанда екі жылда 32 апатты және 71 үшауысымды мектеп мәселесі шешімін тауып, ел аумағындағы 200 мектепте оқушы орны тапшылығы жойылды. Оған осы уақыт аралығында қолданысқа берілген мектептердің рекордтық саны ықпал етті – жарты миллион оқушы орнына арналған 422 мектеп салынды.Қазіргі таңда елімізде 8000-ға жуық орта білім беру ұйымы бар. Соңғы 10 жылда оқушы саны 1 миллион астам балаға өсіп, 3,9 миллионды құрады.Оқушы орындарының тапшылығы, үшауысымды оқыту және апаттық мектептер мәселесін шешу, сондай-ақ қалалар мен ауылдар арасындағы білім беру инфрақұрылымы сапасының айырмашылығын төмендету мақсатында елімізде мектеп құрылысын жүргізу және реновациялау бойынша бірқатар бастамалар қарқынды іске асырылуда.«Мектептердің құрылысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында, республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен, Білім беру инфрақұрылымын қаржылай қолдау қоры арқылы және жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырылуда. Биылғы жылы елімізде 300 мың орындық 200-ге жуық мектептің құрылысы жүреді. Бұл шаралар 2026 жылға дейін оқушы орнының тапшылығын толықтай жоюға мүмкіндік береді», - дейді инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Роза Сембаева.Орта білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсарту мақсатында 2023-2024 жылдары 464 мектеп күрделі жөндеуден өтті. 2024 жылдың көктемінде су тасқыны салдарынан зардап шеккен 35 нысан қалпына келтірілді. 2039 мектеп 3130 заманауи пәндік кабинетпен (робототехника, химия, биология, физика, STEM) жабдықталды.Атап өту керек, мемлекет жаңа оқушы орындарын ашу және балалар үшін жайлы жағдай жасау бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Бұл еліміздің барлық өңірінде білім инфрақұрылымын дамытып қана қоймай, балалардың сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/929525
Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады 09.02.2025
Еліміздің мектептерінде 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. 1-сыныпта білім алушыларға 2025 жылғы 10-16 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/926580
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тексеру нәтижелері бойынша 1500-ден астам баланың құқығы қалпына келтірілді 01.02.2025
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2024 жылы өткізген тексерістің қорытындысын шығарды. Барлығы 18 өңірде 342 ұйым тексерілді, оның ішінде 120-сы жергілікті жерде және 58-і жоспардан тыс бақылау аясында тексерілді. Тексерулер орта білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мекемелерін, соның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мамандандырылған мекемелерді қамтыды. Анықталған заң бұзушылықтар нәтижесінде 24 әкімшілік хаттама толтырылып, 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, 133 ұйғарым шығарылып, оларды жою бойынша 164 ұсыным жолданды. Бұдан бөлек, 78 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. «Тексерулер жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың құқықтарын қорғау саласында заң бұзушылықтардың бар екенін көрсетті. Бұл заңнаманың сақталуын бақылауды күшейтудің және олардың білім алуы мен тәрбиеленуі үшін қауіпсіз орта қалыптастырудың маңыздылығын айғақтайды. Жүйенің барлық қатысушылары балалардың құқықтары мен әл-ауқаты үшін жауапты, ал олардың басты міндеті – әрбір баланы қорғау, қолдау және оларға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі 1500-ден астам баланың келесі құқықтарын қалпына келтіруді қамтамасыз етті:• Тұрғын үй құқығы – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін тұрғын үйге меншік немесе пайдалану құқығын сақтау.• Мүліктік құқықтар – кәмелетке толмағандардың активтері мен заңды мүдделерін қорғау.• Отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы – балалардың мүдделерін шектейтін заңсыз шешімдердің алдын алу.• Білім алу құқығы – тиісті деңгейдегі білімге, соның ішінде қосымша білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету.• Психологиялық-педагогикалық қолдау – балалардың үйлесімді дамуына ықпал ететін білім беру ортасында сүйемелдеу.• Психологиялық әл-ауқат – білім алушылардың эмоционалдық және менталдық денсаулығын нығайтуға бағытталған шаралар. Қосымша түрде балалардың денсаулығына ықтимал қауіптердің алдын алу мақсатында білім беру мекемелерінде тамақтануды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар берілді. Бұл нәтижелер балалардың құқықтарын қорғау және бақылау тетіктерін күшейту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап көрсетеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/928603
Оқу-ағарту министрлігінде білім беру саласындағы негізгі міндеттердің орындалу барысы қаралды 01.02.2025
Оқу-ағарту министрлігінде Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланды. Кеңес министрліктің аппараттық жиыны қарсаңында өңірлік білім басқармалары мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қатысуымен өтті. Күн тәртібінде білім беру сапасын арттырудың негізгі бағыттары қаралды. Министр Ғани Бейсембаев ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл бағытта Тараз, Шымкент, Түркістан, Орал және Астана қалаларында жүзеге асқан тәжірибелер негізге алынбақ. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының жүзеге асырылу барысы мен 1300 мектепті реновациялау мәселесі талқыланды. Кеңесте техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялауға ерекше көңіл бөлінді. Жиын қорытындысы бойынша министр мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ азаматтардың өтініштерімен жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/928202
Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады 01.02.2025
Еліміздің мектептерінде 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. 1-сыныпта білім алушыларға 2025 жылғы 10-16 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/926580
Ақтөбелік оқушы АЭС-тың шағын макетін құрастырды 01.02.2025
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі дарынды оқушылар мен ұстаздардың өнертабыстарын, жетістіктерін, сондай-ақ мектеп өміріндегі қызықты оқиғалар жөнінде «100 жаңа есім – 100 новых лиц» айдарын ашты. Алғашқы кейіпкеріміз – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Әлімбетов ауылының 4-сыныбының талантты оқушысы Нұрталап Бақытжанов.Жас өнертапқыш энергия өндіруге арналған бірегей жоба әзірледі. Оның жұмысы атом электр станцияларының (АЭС) электр энергиясын өндірудегі тиімділігін зерттеуге бағытталған. Нұрталап құрастырған макет суды қайнатып, 2-2,5 атмосфералық қысымда бу энергиясын алады. Бұл энергия турбина арқылы механикалық энергияға, одан әрі электр энергиясына айналады. Макет реактор, бу турбинасы, генератор, энергия тарату құбырлары, градирня, суыту бассейні секілді нақты құрамдас бөліктерден тұрады. «Мен АЭС құрылысын зерттеп, электр энергиясын тиімді өндірудің жолдарын іздеуді мақсат еттім. Әлемдегі АЭС-тің жұмыс принциптері мен құрылымына талдау жасап, шағын макет жасау үшін физика мен космос саласындағы деректерді зерттедім», – дейді Нұрталап. Нұрталап - «Зерде» ғылыми жобалар байқауының тұрақты қатысушысы. Ол екі жыл қатарынан осы байқаудың облыстық кезеңінде І дәрежелі диплом иеленген.Сондай-ақ ол республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталған, республикалық «Бастау» математика олимпиадасында үшінші орын және аудандық «Алтын сақа» математика байқауында бірінші орын алған. Жас өнертапқыш инженер болуды және әртүрлі энергия көздерінде жұмыс істейтін құрылғы жасауды армандайды. #100жаңаесім100новыхлиц#Оқуағартуминистрлігі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/926827
Инклюзия бойынша Бірінші Дүниежүзілік конгресс Қазақстанда өтеді 01.02.2025
Бұл жаңалық Лондондағы ең ірі білім беру іс-шараларының бірі - Бетт шоуы өткен жерде айтылды, деп хабарлайды ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметі. Дүниежүзілік конгресс бірегей жаһандық конгреске айналады. үкіметтерді, педагогтарды, технологиялық компанияларды, сарапшыларды және инклюзия саласындағы мамандарды біріктіретін платформа. Негізгі мақсат – соңғы жетістіктерді талқылау, озық тәжірибе алмасу және инклюзивті білім беруді ілгерілету. Конгресс бірқатар негізгі белгілермен ерекшеленеді:• Іс жүзінде жүзеге асыруға назар аудару;• Үшжақты тәсіл (педагогикалық) инновациялар, технологиялық жетістіктер, корпоративтік ынтымақтастық) ;• Жасанды интеллект пен соңғы технологияларды пайдалануға назар аудару. «Конгресс инклюзивті білім беру саласындағы алғашқы халықаралық бастама болмақ. Осы беделді халықаралық іс-шараны өткізу Қазақстанға өзінің әділетті және инклюзивті қоғам құруға деген ұмтылысын көрсетуге, сондай-ақ білім беру реформалары мен технологиялық инновациялардағы жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Халықаралық корпоративтік көшбасшылардың қатысуы стратегиялық мүмкіндіктерді ашып, жаһандық назарды және Қазақстанға әлеуетті инвестиция тартуға мүмкіндік береді», - деді Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Инклюзивті және арнайы білім департаментінің директоры Лаура Бутабаева. Анықтамалық. : 2024 жылы елімізде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны 230 мыңнан асты. Еліміздегі мектептердің 90 пайызында инклюзивті білім алуға жағдай жасалып, балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 80 пайызға жетті. Фото иллюстрация АИАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/925655
Президент: Мектепке дейінгі және орта білім беру саласында әділ бәсеке болуы қажет 01.02.2025
«Мектепке дейінгі және орта білім беру саласында әділ бәсеке болуы қажет. Бюджет қаржысын үнемдеп, қаражаттың ашық жұмсалуын қамтамасыз ету маңызды. Бұған жол ашатын тәсілдерді енгізу жұмыстарын жалғастыру керек.Осы орайда мектепке дейінгі мекемелерді ваучерлік тәсілмен қаржыландыратын пилоттық жобаны атап өткен жөн. Мемлекеттік тапсырыс белгілі бір білім беру мекемесіне байланбайтын болды. Соның нәтижесінде, ата-аналар балабақшаны өздері таңдауға мүмкіндік алды. Енді бұл тәжірибені орта білім беру саласына енгізуге болады. Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің міндеті.Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аяқталады. Барлық аймақта заман талабына сай тірек мектептер желісі құрылып жатыр. Менің тапсырмаммен үш жыл ішінде тағы 1300 мектеп жаңғыртудан өтеді. Бұдан бөлек, Үкімет заманауи мектептер салуға қолайлы жағдай жасап, орта білім беру саласына жеке инвестиция тартуы қажет» Akorda.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/925905
Қасым-Жомарт Тоқаев: Биыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Осыған орай, маңызды іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылмақ. 01.02.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев:«Биыл – Жұмысшы мамандықтар жылы. Осыған орай, маңызды іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылмақ. Еңбек адамының абырой-беделін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізіледі.Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі жаңғырту ісін бастау керек. Жауапты мекеменің бәрі және ең бастысы, жеке сектор бұл іске белсене араласуға тиіс.Бизнес бұл салаға көбірек келуі үшін техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдарға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі артады. Оның мөлшері де біркелкі болады. Бұған биыл бюджеттен қосымша 22 миллиард теңге бөлінеді. Бұл ретте әкімдерге зор жауапкершілік жүктеледі. Олар кәсіпкерлермен бірлесіп, аймаққа қажетті мамандықтар тізімін анықтауы керек. Сондай-ақ сұранысқа ие кадрлар даярлау үшін колледждерге бағыт-бағдар беруі қажет.Ғылым және жоғары білім саласындағы реформалардың қарқыны мен сапасын сақтау маңызды. Білім беру тапсырысын оқу орындарының рейтингіне қарай бөлу жұмысы Үкіметтің бақылауында болуға тиіс.Соңғы жылдары мемлекет ғылымға бөлінетін қаражат көлемін едәуір арттырды. Әлі де арттыра береді. Бірақ бұл қаржы нақты мақсатқа сай жұмсалуы қажет. Бюджет қаржысын сапалы әрі сұранысқа ие зерттеулер жүргізетін университеттер, институттар мен ғалымдар ғана алуы керек» Akorda.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/925908
Ғани Бейсембаев елордалық білім беру ұйымдарының директорларымен кеңес өткізді 01.02.2025
Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру мәселелері, өткен жылдың қорытындылары және биылғы жылға арналған жоспарлар талқыланды. Астана қаласы білім басқармасы басшысының мәліметінше, өткен жылы елордада 24 жаңа мектеп ашылды, оның 16-сы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Мемлекеттік тапсырыстың артуы және ваучерлік қаржыландыруды енгізу арқылы балабақшалардағы кезектілік саны екі есе қысқарды. 20 балабақшада «Тілге бойлау» жобасы жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында Астанада алты бағыт бойынша 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Мектептер мен колледждерде «Жаңа кәсіптер атласы» жобасын іске асыру жалғасуда. Сондай-ақ биыл колледждерде мемлекеттік тапсырыс көлемін 10 мың орынға ұлғайту жоспарлануда. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қолдау мақсатында Ұлттық құзыреттілік орталығын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім беру жүйесін дамытудың негізгі міндеттері мен басымдықтарын атап өтті. Ол жергілікті әкімдікпен бірлесіп, елордалық білім беру жүйесін дамытудың 2029 жылға дейінгі Жол картасы әзірленгенін және оның өзекті мәселелерді кешенді шешуді көздейтінін атап өтті.«Басты міндет - балаларымыз үшін барынша қауіпсіз және жайлы орта құру. Елорданың білім беру жүйесі басқа өңірлер үшін үлгі болуға тиіс. Министрлік әкімдікке одан әрі қолдау көрсетуге дайын. Бірлескен жұмыстардың арқасында қалада үш ауысымды төрт мектеп пен орын тығыздығы сақталған алты мектептің мәселесі шешілді. Сонымен қатар жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, оның ішінде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» жобасы аясында да бірқатар жұмыстар жүргізілуде», - деп қорытындылады министр. Бүгінгі таңда Астананың 877 білім беру ұйымында 400 мыңға жуық бала оқиды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30 мыңға артық. 2027 жылға дейін 131 мың оқушыға есептелген тағы 63 мектеп салу жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/925433