Enbekshi QazaQ

Әлем

Астана қаласының көлік жүйесін дамыту перспективалары туралы мәселе бойынша кезекті сессия (18.03.2024) 15.04.2025
Қалалық мәслихатта Табиғат Зейнұлқабденнің төрағалығымен Астана қаласы сегізінші сайланым мәслихатының 35-ші кезекті сессиясы өтті. Сессия басталар алдында қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бейсембай Жұмабеков «AMANAT» партиясының партиялық тізімі бойынша жаңадан сайланған депутат Гүлжамал Әлкенқызы Жапароваға депутат куәлігі мен төсбелгісін табыс етті.Кезекті сессияның «Астана қаласының көлік жүйесін дамыту перспективалары туралы» негізгі мәселесі бойынша Ерсін Өтебаев сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Астана қаласының көлік жүйесін дамытудың 2035 жылға дейінгі кешенді бағдарламасы әзірленгенін және бекітілгенін хабарлады. Қалада 650 мыңға жуық көлік жүреді, оның ішінде 420 мыңы Астанада, 150 мыңы басқа қалаларда тіркелген (бірақ қала тұрғындарына тиесілі), күн сайын қалаға 80 мыңға жуық көлік кіреді. Қала әкімі орынбасарының айтуынша, кешенді бағдарлама қоғамдық көлікті насихаттауға бағытталған, қазіргі уақытта автобустар паркі артып келеді. Жыл сайын 300 автобус сатып алу жоспарлануда. Көлік хабтары дамытылатын болады, нәтижесінде қоғамдық көлікке ауысу мүмкіндігі ұсынылады. Спикер пилоттық режимде ЛРТ іске қосылатынын атап өтті. «Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы» мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Әкімдік бүгінгі таңда жұмыс уақытын ұйымдастыруға икемді тәсілді енгізу мәселесін пысықтауда, бұл қаладағы көлік жағдайын едәуір жақсартады. Бағдарламаны іске асыру көптеген мәселелердің ұзақ мерзімді оң шешілуіне ықпал етеді деп күтілуде.Депутат Ғабит Тәжімұратов сөз сөйлеп, тұрақты комиссиялардың отырыстарында, бірлескен отырыстарда талқылау барысында депутаттар бірқатар ұсыныстар енгізгенін атап өтті, мәселен қалалық көлік саласында субсидияларды қалыптастыру және есептеу мәселелері бойынша жұмыс тобын құру; тұрғындардың тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баратын автокөлік жолдарының бойынан алып кететін тұрақтарды бірінші кезекте салу; қайта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын болдырмау мақсатында көлік инфрақұрылымы объектілерінің құрылысын елорданың инженерлік инфрақұрылымы объектілерінің құрылысына жауапты мемлекеттік органдармен келісу; елорда жолдарының цифрлық картасын әзірлеуді жеделдету жөнінде шаралар қабылдау және басқалар.Депутат Кендебай Адамбек депутаттар үш ай бойы көлік жүйесін дамыту мәселелерін қарастырғанын атап өтті. Ол ескірген автобустарға қатысты сұрақ қойды, олар қайда сақталатын болады. Сондай-ақ, ол бірнеше рет бірқатар ахуалдық орталықтардың құрылуына назар аударды, ЛРТ, ТЖ және басқа да орталықтар құру жоспарланған ба. Бұл мәселе орындылықты ескере отырып, ретке келтіруді талап етеді.  Депутат Талғат Ерғалиев көлік жүйесін дамыту жөніндегі жоспарларға қатысты пікір білдірді, демек 10 жыл ішінде шамамен 550 мың адам қоғамдық көлікке ауысуы тиіс. Табысты шетелдік тәжірибелердің мысалдары келтірілді, алайда бұл елдердің климаты Астананың климатынан айтарлықтай ерекшеленеді, сондай-ақ ол мегаполистерде метро жұмыс істейді.  Депутаттың пікірінше, бүгінде тұрақ салу үшін оларға орын керек, сол жағалауда қазірдің өзінде орын тапшылығы бар. Егер автотұрақтар жол бойында салынса, бұл жолдардың тарылуына әкеледі.  Әкімнің орынбасары Ерсін Өтебаев бағдарлама іске асырылуына қарай қаланың ерекшелігін ескере отырып пысықталатынын айтты.Депутат Бауыржан Смайылов қалаға газбен жүретін автобустар қажет, өйткені олардың қоршаған ортаға әсері аз болады және тиісінше жыл сайынғы субсидиялау азаяды деп есептейді.Депутат Владислав Сергеев Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебімен сөз сөйледі. Сөз басында ол тұрақты комиссияның сандық және сапалық құрамы туралы хабардар етті. Депутаттың айтуынша, депутаттардың сайлаушылармен белсенді өзара іс-қимылы проблемалық мәселелерді шешуде көмектеседі. Атқарушы органдар мен депутаттардың өзара іс-қимылының арқасында тұрғын үй алаптары газдандырыла бастады. Мәселен, елорданың ортасындағы Шұбар шағын ауданы газбен жабдықтауға қосылатын болады, автобустар саны екі есеге артты. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» көмегімен жолдарды жөндеу сапасы жақсарды. Осы мәселе бойынша азаматтардың өтініштері азайды. Сергеев проблемалық мәселелердің ішінде стандарт талаптарына сәйкес келмейтін ДСК-нің құрылысын атап өтті, оларда ірі жарыстар өткізу мүмкін емес. Сондықтан Қ. Мұнайтпасов атындағы стадион мен «Қазақстан» спорт сарайын салу кезінде құрылыс бойынша жіберілген кемшіліктерді ескеру қажет. Ол сондай-ақ, әкімшілер бір жобаны аяқтамай, жаңа жобаларды бастайтын теріс тәжірибеге наразылығын білдірді. Аумақтарды абаттандыру мәселесіне қатысты ол негізгі құжат – «Астана қаласының аумағын абаттандыру ережесін» ұстануға шақырды. Тағы бір өзекті мәселе МЖӘ жобалары болып табылады, олардың арасында теріс нәтиже көрсететіндер кездеседі, бұл бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға әкеп соғады. Депутаттардың табандылығының арқасында №1 автобус паркі жеке қолға берілмеді. Коммуналдық меншіктің кейбір объектілерін, квазимемлекеттік сектор субъектілерін жеке қолдарға беру кезінде, барлық ықтимал тәуекелдерді егжей-тегжейлі есептеу керек. Депутат өз сөзін аяқтай отырып, аумақтарды абаттандыру жөніндегі жұмыс тобын құруды ұсынды.Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаева «Астана қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша сөз сөйледі. Ол өзгерістер жеке табыс бойынша жоспарды қайта қарауға байланысты енгізілгенін айтты. Түгелбаева депутаттарға бос қалдықтардың қандай қажеттіліктерге бөлінетінін егжей-тегжейлі баяндады. Оның айтуы бойынша, білім беру, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, спорт саласындағы қажеттіліктерге, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылу энергетикасындағы қуаттарды ұлғайтуға, жайлы қалалық орта құруға, жолдарды ағымдағы жөндеуге, азаматтарды ескі тұрғын үйден көшіруге бағытталған шығыстардың жекелеген баптары қайта қаралған.Кезекті сессияның күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер талқыланып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-maslihat/press/news/details/959932?lang=kk
Нормативтік-құқықтық актінің жобасы. Орналастыру 15.04.2025
Әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасы түсіндірме бере отырып, жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.Әзірленген жобаны және оған қоса берілетін құжаттарды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастыруы қамтамасыз етіледі.Әрбір жарияланған нормативтік құқықтық актіде оның мәртебесі, типі, құрылу күні мен жария талқылаудың аяқталу мерзімі туралы ақпарат бар.Әрбір азамат https://legalacts.egov.kz сайтында жариялаған нормативтік құқұқтық құжаттармен танысып, оларды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізе алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/959921?lang=kk
Көкжазық ауылдық округінде Таза Қазақстан -TazaLike 15.04.2025
Таза Қазақстан экологиялық акциясы аясында Көкжазық ауылдық округінде жолдарды жинау, арықтарды, құбырлы өткелдерді тазалау жұмыстары басталды. Жеке кәсіпкерлер өздеріне тиесілі объектілердің іргелес аумақтарын тазалауда (Таза-кәсіп-Таза аймақ ). Округ әкімі аппаратымен  тұрғындары үшін үй маңындағы учаскелерге  отырғызу үшін көшеттер таратылды  .(Жасыл ауыл)(Оқушылармен ағаш отырғызу) (Өз ағашынды отырғыз). барлығы 25 бірлік жасыл желектер отырғызылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-kokzhazyk/press/news/details/959909?lang=kk
Ақмола облысында қылқан жапырақты ағаштарды ұрлаудың алдын алды 15.04.2025
Щучинск-Бурабай курорттық аймағына жақын жерде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі құрған арнайы жедел топ жас ағаштарды заңсыз қазып алу және ұрлау әрекетін тоқтатты.2025 жылғы 17 наурызда рейдтік іс-шара барысында табиғат қорғау инспекторлары орман шетінде жас қылқан жапырақты ағаштарды қазып жатқан 8 ер адамды байқап қалды. Тексеру кезінде ұсталғандар ешқандай рұқсат құжаттарын көрсете алмады. Барлығы 37 қарағай қазылып, әкетуге дайындалған.Оқиға орнына жедел тергеу тобы шұғыл шақырылып, барлық ұсталғандар жергілікті полиция бөліміне жеткізілді. ҚР ҚК 24 және 188-баптары бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда. Аталған құқықбұзушылыққа басқа да тұлғалардың қатысы бар-жоғы тексерілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/959878?lang=kk
Учаскелік инспектор ұялы телефонның тонауын жедел ашты 15.04.2025
Учаскелік полиция инспекторлары майор Сакен Сулейменов пен Борис Толгуровтың кәсібилігінің арқасында жарты сағат ішінде ұялы телефонды тонады деген күдіктіні анықтап, ұстап алды.15 наурыз күні сағат 23:00 шамасында Көкшетау полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түсті. Әйел полицияға хабарласудан жарты сағат бұрын ол таныстарынан оралып, телефонындағы хабарламаларды қарап жатқанын, кенеттен белгісіз ер адам одан "Redmi" маркалы ұялы телефонын тартып алып, қашып кеткенін айтты.Қылмыс туралы ақпарат дереу барлық полиция күштеріне берілді. Учаскелік инспектор майор Сакен Сулейменов күдіктінің белгілерін талдап, өзінің әкімшілік учаскесіндегі құжаттарды тексеру кезінде бұрын сипаттамаларына ұқсас адамды кездестіргенін есіне алды. Ол кезде ер адам досына қонаққа келген.Уақыт жоғалтпастан, учаскелік инспектор серіктесімен бірге белгілі мекенжайға барып, қарақшы мен ұрланған телефонды тапты. Күдікті ұсталып, мобильді құрылғы тәркіленіп, иесіне қайтарылды.Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/959861?lang=kk
«Ұлттық киім күні» 15.04.2025
Ұлттық киім үлгісін дәріптеу мақсатында, ең әдемі, заманауи және сәнді киім киген Жамбыл облысы Әділет департаментінің қызметшілері арасында сән байқауы ұйымдастырылды.1, 2, 3 орын жұлдегерлерімен қатар, арнайы «әдемі қыз», «заманауи киім үлгісі», «әдемі келіндер», «орта жастағы келін», «ердің сәнді киімі» номинациялар бойынша жұлдегерлер іріктеліп марапатталды.Қатысушылардың ұлттық киім үлгісіне сай бас киімдері малақай, сәукеле, кимешек, үкілі тақиясымен күміс әшекейлері жарасымды таңдалғаны ерекше көзге түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/959859?lang=kk
Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары алғаш рет су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды 15.04.2025
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен ҚХР Су шаруашылығы министрлігі алғаш рет су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бейжіңде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянның төрағалығымен өткен Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің XII отырысында тиісті келісімге қол қойылды.Меморандумға ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров пен ҚХР Су шаруашылығы министрінің орынбасары Ли Ляншэн қол қойды. Құжат суды ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және оны игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және бірлесіп маман даярлау бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.«Бір жыл бұрын менің ҚХР-ға жұмыс сапарым аясында біз Қытай тарапымен ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою туралы уағдаластық. Қос тарап бірден келісім жобасын әзірлеуге кірісті. Су ресурстары мәселелеріндегі ынтымақтастық маңызды ресурсты тиімді пайдалануға, суды есепке алу мен үнемдеудің озық технологияларын енгізуге, су саласы мамандарының біліктілігін арттыруға ықпал етеді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/959836?lang=kk
Бүгін AMANAT партиясы Қостанай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімінің орынбасары Қайрат Тынымбайұлы Әбішев азаматтарды қабылдады 15.04.2025
Қабылдау барысында әлеуметтік грант алушылар келіп, бизнесті кеңейту үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, «Ауыл Аманаты» жеңілдікті несиелеу бағдарламасына қатысу ережелері түсіндірілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-audany-akimat/press/news/details/959827?lang=kk
ІЛГЕРІЛЕУГЕ БАСТАҒАН АЛТЫ ЖЫЛ: ҚАЗАҚСТАН ОРНЫҚТЫ ДАМУ ЖОЛЫНДА 15.04.2025
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елімізді басқарғанына алты жыл толады. Осы уақыттың ішінде Қазақстан коронавирус пандемиясынан бастап жаһандық геосаяси шиеленіске дейінгі көптеген сын-тегеуріндерге қарамастан, экономикалық дамуда елеулі нәтижелерге қол жеткізе алды, деп атап өтті Премьер-Министр Олжас Бектеновтың «Прогрестің алты жылы: Қазақстан орнықты даму жолында» атты мақаласында.Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге қатысты мақалада қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы бойынша негізгі көрсеткіштер келтірілген. Осылайша, 2019 жылдан бастап өмір сүру ұзақтығы 73-тен 75 жасқа дейін өсті. Жалпы өлім 7,8%-ға, Ана - 26,3%-ға, сәби - 15,8%-ға төмендеді. Бұған профилактиканың тиімділігін арттыру және скринингтермен қамтуды кеңейту ықпал етті.Осы алты жылдың ішінде бүкіл ел бойынша 955 денсаулық сақтау нысаны салынды. Олардың ішінде Ұлттық ғылыми онкология орталығы және Ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығы сияқты маңызды мекемелер бар.Іске асырылып жатқан «Аңсаған сәби» арнайы президенттік бағдарламасының арқасында 2021 жылдан бастап 9 мыңнан астам сәби дүниеге келді.Денсаулық сақтау жүйесінің, әсіресе ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыруға ерекше назар аударылады. Мысалы, өткен жылы Мемлекет басшысының бастамасымен ауылдық елді мекендерге кемінде 5 жыл мерзімге жұмысқа келген медицина қызметкерлеріне 8,5 миллион теңге көлемінде біржолғы ақшалай төлем енгізілді. Тұрғын үй мәселелерін шешудің қолжетімді құралдары бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/959892?lang=kk
Мұражайға бару 15.04.2025
Ұжымда жағымды атмосфера құру үшін этикалық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында мәслихат аппаратының қызметкерлері Павлодар Ертіс өңірінің фотографы, өлкетанушысы, Павлодар облыстық өлкетану мұражайының негізін қалаушы және бірінші директоры Дмитрий Поликарпович Багаевтың өмірі мен қызметіне арналған мемориалдық мұражай-үйіне барып, түскі үзілісті Мәдени іс-шараға арнады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-audan/press/news/details/959786?lang=kk
Биыл 1997-2006 жылдары туған азаматтарды әскерге шақыру жүргізіледі. 15.04.2025
– 2025 жылы Қостанай облысының жергілікті әскери басқару органдарында 23 556 әскерге шақырылушы есепте тұрды. Олардың ішінде әскерге шақырылуға жататындар – 2251 адам, шақыруға жатпайтындар – 21 305 адам, – дейді Қостанай облысы қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, полковник Қазбек Ахметов.2025 жылы көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында мерзімді әскери қызметке: шекара қызметіне – 110 адам, Қарулы Күштер қатарына – 493 адам, мемлекеттік күзет қызметіне – 14 адам, Ұлттық ұланға – 346 адамшақырылады. Жалпы алғанда, 963 әскерге шақырылушының заңды кейінге қалдыру немесе әскерден босату құқығы жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zarechnyi/press/news/details/959785?lang=kk
Медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің қызметі бойынша 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімі «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-283/2020 «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуының нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін арттыру және растау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы талаптарына түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.Сонымен қатар, бүгінгі күнге 708 адам кеңес алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-atyrau/press/news/details/959775?lang=kk
«Заң мен тәртіп»: студенттерге заңның үстемділігі туралы түсіндірілді 15.04.2025
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және жастарды кәсіптік дағдыларға оқытуға белсенді тарту мақсатында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.Бүгін «Заң және тәртіп» нарративін түсіндіру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің студенттерімен кездесу өтті.Шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы  бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас Нұргүл Мұқатай сөз сөйледі.Спикерлер студенттерге заңдылық пен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы туралы айтып, оларды сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстануға және азаматтық ұстанымды белсенді түрде көрсетуге шақырды.Студенттер мұндай дәрістер пайдалы білімді игеруге көмектесіп қана қоймай, Қазақстанда адал еңбекті бағалайтынына сенімділікке шабыттандыратынын атап өттіСтуденттер іс-шараға белсенді қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, жұмысшы мамандықтарының келешегін талқылады.#ЗАҢ_мен_ТӘРТІП#ЗАҢменТӘРТІПАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-mangystau/press/news/details/959769?lang=kk
Пайдалы ақпарат! 15.04.2025
Шекара өткізу пункттерінде SafeTravel.kz электронды көптілді порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы парақшалар хабарлама тақталарына орналастырылды.Порталда, шетелдіктердің Қазақстанда қолайлы жүріп-тұруына қажетті ақпараттар мен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-soc/press/news/details/959758?lang=kk
Қырымбет ауылдық округінде Сокологоровка ауылында қар тазалау және су өткізгіш құбырларды ашу, сондай-ақ су бұру арналарын құру жұмыстары жүргізілді 15.04.2025
Қырымбет ауылдық округінде Сокологоровка ауылында қар тазалау және су өткізгіш құбырларды ашу, сондай-ақ су бұру арналарын құру жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерден қар шығару бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде су өткізу құбырларын қардан тазарту . Бұл жұмыс көктемгі су тасқыны кезеңінде жалғасатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-kyrymbet/press/news/details/959751?lang=kk
Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күні 15.04.2025
Шаңырақ күні Қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыру. Шаңырақ күніне орай бүгін Үштөбе қаласының орталық алаңында «Адал азамат» құндылықтарын бойына сіңірген өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасылар «Алтын шаңырақ» 50 жылдан аса отасқан берекелі отбасылар Байгазиновтар, Атимовтар, Ақынбаевтар әулеттеріне кәдесый табысталса, «Күміс кереге» 25 жылдан аса отасқан берекелі шаңырақтар Гаитовтар, Едиловтар, Әдікеновтар, Қайырбай әулеті мен Қажы әулеті марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-kyzylbalyk/press/news/details/960321?lang=kk
Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күні. 15.04.2025
Шаңырақ күні Қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыру. Шаңырақ күніне орай бүгін Үштөбе қаласының орталық алаңында «Адал азамат» құндылықтарын бойына сіңірген өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасылар «Алтын шаңырақ» 50 жылдан аса отасқан берекелі отбасылар Байгазиновтар, Атимовтар, Ақынбаевтар әулеттеріне кәдесый табысталса, «Күміс кереге» 25 жылдан аса отасқан берекелі шаңырақтар Гаитовтар, Едиловтар, Әдікеновтар, Қайырбай әулеті мен Қажы әулеті марапатталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/959736?lang=kk
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 120 ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ 15.04.2025
 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылданып, тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламалары үздіксіз жүзеге асуда. Осы ретте, бүгін Наурыз мерекесі қарсыңында Төлеби ауданында 120 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жоба құны 2,1 млрд. теңгені құрайтын тұрғын үй құрылысының көлемі 7877,4 шаршы метр.Жаңа қоныс иелерін аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов құттықтап, тұрғындарға салтанатты түрде тапсырды. Атап айтсақ, тұрғын үй кезекте тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамтылды. Аталған тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «Тау Бетон» ЖШС-і мен «Ынтымак-ОК» ЖШС-і мердігер мекемелері жүргізген.Айта кетейік, тұрғындарды баспанамен қамту бағытында бүгінгі күнге дейін мемлекет есебінен Леңгер қаласы І мөлтек ауданда 23 көпқабатты үй құрылысы жүргізіліп, 1000-ға жуық отбасы баспаналы болды. Ауданда тұрғын үй кезегінде 5 мыңнан астам адам тіркелген.Бұдан бөлек, жыл соңына дейін үш көпқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталып, 156 отбасыға пәтер кілттері табысталады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/959717?lang=kk
ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Түркістан облысы тұрғындарымен кездесуі туралы хабарландыру 15.04.2025
2025 жылғы 28 наурызда ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Құрмалаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.📍 Кездесудің өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланады.📩 Сіз өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесу барысында қоя аласыз немесе келесі байланыс арналары арқылы жібере аласыз:📱 WhatsApp: 8 (778) 592-39-55📧 Электрондық пошта: s.bulkebaeva@ecogeo.gov.kz📌 Жеке қабылдауға жазылу 2025 жылғы 26 наурызына (қоса алғанда) дейін жүргізіледі. Жазылу үшін 8 (778) 592-39-55 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.Барша азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министріне өз сұрақтарын қоюға шақырамыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/959536
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының жұмыс берушілері, жеке кәсіпкерлерлік субъектілерінің басшылары! Сіздерді «Еңбек Жолы» конкурсына қатысуға шақырамыз! 15.04.2025
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылы «Еңбек жолы» республикалық конкурсы туралы конкурс өтетені туралы жариялайды. «Еңбек жолы» конкурсы келесі номинациялар бойынша өткізіледі: «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері».Конкурс туралы толық ақпаратты мына жерден алуға болады:- ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы, Өскемен қ., Киевская көшесі 1, g.kabayeva@akimvko.gov.kz электрондық мекен жайы, 8/7232/205120 телефоны. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/957258