Әлем
«Адалдық - адамдық белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел 05.04.2025
Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелерін талқылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Өскемен технология және сервис колледжі» КММ «Адалдық - адамдық белгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Дөнгелек үстел отырысына колледж студенттері және «Саналы ұрпақ» клубының жетекшілері қатысты.Талқылауға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің алдын алу басқармасының офицері Жандос Баурланұлы Мұзтауов, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының бас маманы Гүлмира Бейсембайқызы Ілиясова қатысты.Отырыста «Саналы ұрпақ» клубтарының жетекшілері мен колледж студенттері «Саналы ұрпақ» клубтарының жұмысын жетілдіру, академиялық адалдық, адалдық тақырыбын талқылап, өз пікірлерін білдірді, жемқорлықты түсінудің мәнін ғана емес, оның алдын алуға да белсене қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/968354?lang=kk
Армия орталық спорт клубында Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатый залы ашылды 05.04.2025
Армия орталық спорт клубының Алматы филиалында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов жаңа ауыр атлетика залын ашты. Қорғаныс ведомствосы басшысының Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Армия орталық спорт клубында ауыр атлетика федерациясының қолдауымен құрылған жаңа залдың салтанатты ашылуы өтті. Спорт нысанына Олимпиада чемпионы Анатолий Храпатыйдың есімі берілді. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, спорт қоғамдастығы және АОСК-ның атақты спортшылары қатысты.Анатолий Храпатый – ауыр атлет, бес дүркін әлем чемпионы (1985-1987, 1989-1990), 1988 жылғы Олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.Өмірінің соңғы жылдарында ҚР Қорғаныс министрлігі АОСК спорт бөлімінің аға офицері болып жұмыс істеді. Спортшы 2008 жылдың тамызында қайғылы жағдайда қаза тапты.Сапар барысында министр күрделі жөндеуден өткен Жақсылық Үшкемпіров атындағы күрес залын, спортшылардың даңқ мұражайын, футбол алаңын, асхананы және басқа да инфрақұрылым нысандарын аралады. Қорғаныс министрі басшылықтың алдына Қарулы күштерде дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бірқатар тапсырмалар қойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/968352?lang=kk
Отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатты қолдауға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу 05.04.2025
2025 жылғы 18 сәуірде «Ақ көгершін» қоғамдық бірлестігі Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылып жатқан «Отбасылық-демографиялық және гендерлік саясатты қолдауға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу» жобасы шеңберінде Арқалық педагогикалық университетінде қазақ және орыс тілдерінде 3 тренинг ұйымдастырды. Тренингтерді өткізген студент-тренерлер жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық көзқарасты көрсетті, топтық жұмыс қатысушылардың қызығушылығын тудырып, нәтижелі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/979538?lang=kk
Грекиялық бизнес Қазақстанның алюминий саласына инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруда 05.04.2025
Афина, 2025 жылғы 2 сәуір – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Грекиядағы алюминий құймалары мен дискілерін өндіретін жетекші «ALUMAN S.A.» компаниясының басқарушы директоры Спилиос Маниаспен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстанда алюминий өңдеу және озық технологияларды енгізу мүмкіндіктері талқыланды.Елші кездесу барысында қазақстандық инвестициялық климат туралы жан-жақты ақпарат беріп, Қазақстанның өңдеу өнеркәсібін дамыту тұжырымдамасы аясында жоғары өнімді және экспортқа бағдарланған өңдеу секторын құруға ниетті екенін атап өтті. Осыған байланысты грек компаниясының алюминий өңдеу саласындағы тәжірибесі Қазақстанның экономикасын әртараптандыру және жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамыту бойынша стратегиялық міндеттерін іске асыруға пайдалы болмақ.Тараптар Қазақстанның алюминий өнеркәсібін дамытуға бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қоса алғанда, өзара іс-қимылды жалғастыруға қызығушылық білдірді.Анықтама: ALUMAN S.A. – 1965 жылы құрылған отбасылық компания, бас кеңсесі Афинада және өндірістік кешені Грекияның Инофита қаласында орналасқан. Компания азық-түлік, фармацевтика және косметика өнеркәсібінде қолданылатын алюминий құймалары мен дискілерін өндіруге маманданған. Өнімінің 100%-ын әлемнің 20-дан астам еліне экспорттайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/968330?lang=kk
Алматы әуежайы тұрақ аймағын кеңейтеді 05.04.2025
Алматы әуежайы тұрақ аймағын кеңейтеді. Қайта құру жұмыстары 2025 жылдың маусымында толығымен аяқталады.Толығырақ келесі материалда:https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/v-aeroportu-almatyi-planiruetsya-rekonstruktsiya-parkovki-566691/Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aviation/press/news/details/968323?lang=kk
Братиславада Қазақстан мен Словакия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты дамытудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды 05.04.2025
Братислава, 2025 жылғы 2 сәуір – Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словак Республикасы Ұлттық Кеңесінің Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Мариан Керимен кездесті.Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мен күн тәртібіндегі қазіргі халықаралық ауқымды мәселелерді талқылады.Парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары, достық топтары мен мамандандырылған комитеттер арқылы байланыстарды дамыту, сондай-ақ заң шығару саласындағы тәжірибе алмасуды кеңейту – мүдделі пікірталастардың негізгі тақырыбы болды. Халықаралық парламенттік ұйымдардың жұмысына қатысу аясында екі елдің парламентшілері арасындағы байланыстарды орнатуға ерекше назар аударылды.Тараптар парламентаралық диалогты жандандыру, Қазақстан мен Словакия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыруға, сондай-ақ екі ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуға тікелей ықпал ететініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/968320?lang=kk
Гессен федералдық жері Германияның көлік және қаржы орталығы ретінде – Қазақстанмен іскерлік ынтымақтастыққа көпір салуда 05.04.2025
Майндағы Франкфурт, 2025 жылғы 2 сәуір – Германияның көлік және қаржы орталығы болып табылатын Гессен федералдық жері екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамытуда маңызды байланыстырушы рөл атқарады.Аталған мәртебені Германияға келген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегацияның қатысуымен Франкфурт-на-Майн қаласында өткен «Kazakhstan Investment Day 2025» атты ауқымды форумның өтуі.Іс-шараға ресми тұлғалар, іскерлік топтар мен сарапшылар қауымдастығының 200-ге жуық өкілі қатысты. Форумның тең ұйымдастырушылары ретінде Герман экономикасының Шығыс комитеті (ВКГЭ) және AKA-Bank болды.Форум аясында «Қазақстан – мүмкіндіктер нарығы: инвестициялар және қаржыландыру мүмкіндіктері» және «Шикізат жеткізу және жаңа нарықтарды игеру үшін логистика» тақырыптарында пікірталас өтті.Спикерлер неміс бизнесінің Қазақстанмен іскерлік ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге жоғары қызығушылық танытып отырғанын және жергілікті нарықтағы өз қатысуын арттыруға дайын екенін атап өтті.Германияның Deutsche Bank, Commerzbank, KfW, Франкфурт қор биржасы сияқты жетекші қаржы институттары шоғырланған Гессен федералдық жері бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін әлеуетті серіктестер мен инвесторларды іздеуде маңызды алаң бола алады.Франкфуртқа сапар барысында Р.Скляр Гессеннің Халықаралық ынтымақтастық, Еуропа және дебюрократизация істері жөніндегі министрі Манфред Пентцпен кездесу өткізді.Әңгімелесу барысында М.Пенц Гессен үкіметінің таяу айларда Қазақстанға экономикалық делегацияны жіберу туралы қабылдаған шешімі туралы баяндады. Сапардың мақсаты – перспективалы және өзара тиімді жобаларға инвестиция салудағы нақты қадамдарды анықтау.Тараптар Қазақстан мен Гессен арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы туралы пікір алмасып, оның әрі қарай даму перспективаларын талқылады.Сонымен қатар, Р.Скляр Қазақстан-Герман іскерлік кеңесінің тең төрағасы, ВКГЭ басқарушы директоры Михаэль Хармспен, сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.Гессен – Германиядағы ең экономикалық дамыған федералдық жерлердің бірі. 2024 жылы оның ЖІӨ көлемі 370 миллиард еуроны құрап, бұл Германияның жалпы экономикалық әлеуетінің шамамен 9%-на тең.Гессен арқылы Германияның басты су артериясы – Рейн өзені өтеді, ал Франкфурт әуежайы – Еуропадағы ең ірі және ең жүктелген әуежайлардың бірі болып табылады.Рейн-Майн өңірі, әсіресе Рур ауданынан кейінгі ең жоғары өнеркәсіптік дамыған аймақ атауына ие және химия-фармацевтика өнеркәсібі мен автомобиль жасау саласының үлесі жоғары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-berlin/press/news/details/968319?lang=kk
Сайран көлін қайта құру 05.04.2025
Алматы қаласы Әкімінің Аппараты және Қалалық қоғамдық даму басқармасы әріптестерімен бірге Сайран көлінің шығыс жағалауына барып, жүріп жатқан абаттандыру жұмыстарының барысымен таныстық. Қазіргі таңда жағалауда дамба салу, асфальт және брусчатка төсеу, сыртқы жарықтандыру мен бейнебақылау камераларын орнату, сондай-ақ понтон көпірлерін құрастыру жұмыстары аяқталу сатысында.Көгалдандыру жұмыстары да басталып кетті — ірі көшеттердің бір бөлігі отырғызылды. Көктемгі кезеңге жоспарланған жағалауды көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/968311?lang=kk
Қазақстан мен Мажарстан медиа қызметтер саласында ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі 05.04.2025
Будапешт, 2025 жылғы 26 наурыз – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Мажарстанның «Duna Media Service» коммерциялық емес жабық акционерлік қоғамның бас директоры Анита Алторьяимен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы, оның ішінде жаңалықтармен алмасу, ортақ медиа жобаларды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты.Елші Абзал Сапарбекұлы сұхбаттасушыны Қазақстанда Астана халықаралық форумы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі сияқты ірі халықаралық деңгейде өтетін іс-шараларымен таныстырып өтіп, еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, сыртқы саяси және мәдени-ғылыми саласындағы жаңалықтарды мажар қоғамына сапалы жеткізу меселінде тоқталды. Қазақ дипломатының айтуынша осы бағыттағы ынтымақтастықта «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі мен «Jibek Joly/Silk Way» телеарнасының әлеуеті зор. Өз кезегінде Анита Алторьяи қазіргі таңда Мажарстан Түркі мемлекеттер ұйымының бақылаушы мүше елі ретінде жаңадан құрылған Түркі ақпараттық агенттіктерінің альянсы аясында қазақ БАҚ және телеарна мекемелерімен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін хабарлады.Айта кетері, 2015 жылы бұрынғы «MTV» Мажар телеарнасы, «MR» Мажар радио, «Duna TV», сондай-ақ «MTI» Мажар телеграф агенттінің қосылуымен «Дунай медиа қызметі» құрылды. «Duna Media Service» Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) мүшесі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/968310?lang=kk
Афинада венчурлық инвестициялар саласындағы әріптестік пен тәжірибе алмасу талқыланды 05.04.2025
Афина, 2025 жылғы 2 сәуір – Грекиядағы Қазақстан Елшісі Тимур Сұлтанғожин «Hellenic Development Bank of Investments (HDBI)» Бас атқарушы директоры Антигони Лимперопулумен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Грекия арасындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастықтың перспективалары, соның ішінде венчурлық инвестициялар мәселелері, IT индустрияны дамытуға бағытталған бірлескен бастамалар, сондай-ақ инновацияларды қаржыландыру тәжірибесімен алмасу талқыланды.Қазақстандық дипломат еліміздегі IT секторын дамытудың басым маңызын атап өтті, стартаптар экожүйесін қолайлы етуге, IT экспортын кеңейтуге және финтехті дамытуға бағытталған күш-жігерді ерекше атап өтті. Бұл бағытта Қазақстан айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп, цифрлық қаржы технологияларын енгізуде және финтех-компаниялардың өсу саны бойынша өңірлік көшбасшы позицияға ие болды.Сондай-ақ, ол Astana Hub, Alem.AI, АХҚО (AIFC) және Neo Nomad Visa сынды бастамалардың маңызды рөлін атап өтіп, олардың халықаралық компаниялар мен стартаптарды тартуда, Қазақстанның технологиялық нарығын кеңейтуде және инновацияларды ілгерілетуде негізгі құралдарға айналғанын тілге тиек етті. Елші бұл жобалар кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін ерекше мүмкіндіктер ашатынын, қазақстандық стартаптардың жаһандық нарықтарға шығуын жеңілдететінін, шетелдік мамандардың келуіне жағдай жасайтынын және елдегі озық технологиялардың дамуына ықпал ететінін баса айтты.Тараптар Қазақстан мен Грекияда өтетін салалық форумдар мен конференцияларға қатысу, халықаралық сарапшыларды тарту және инновация саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері бойынша өзара қызығушылық білдірді. Астана халықаралық қаржы орталығы (AIFC) негізінде жұмыс істейтін Венчурлық инвестициялар қорлар қордың (Qazaqstan Venture Group) қызметі бойынша тәжірибе алмасу тақырыбына ерекше назар аударылды.Анықтама: Грек инвестициялық даму банкі (HDBI) кәсіпкерлікті және орнықты экономикалық өсімді қолдауға бағытталған жобаларға инвестиция салады. HDBI портфелі 2 млрд еуродан асады және инновациялар мен технологиялар сияқты түрлі секторларды қамтиды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/968298?lang=kk
Қостанай облысында жаңа өндірістер: инвестициялар, технологиялар, жұмыс орындары 05.04.2025
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «KamLitKZ» ЖШС-не барып, өңірдегі ірі индустриялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Өткен жылы мұнда шойын құю зауыты іске қосылған болатын, ал қазір екінші зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл кәсіпорын жүк көліктеріне арналған жетекші белдік редукторларын шығаратын болады. «Бұл – өңірдегі машина жасау кластерін дамытудағы маңызды қадам. Өндіріс заманауи, жоғары технологиялық өнім шығаруға бағытталған. Ол тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де сұранысқа ие болады. Бұл жоба жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қостанай облысының әкімі. Ірі инвестициялар және жаңа жұмыс орындары «KamLitKZ» жобаларына салынған инвестиция көлемі 238 млрд теңгеден асады:•78,2 млрд теңге – 2024 жылдың қарашасында іске қосылған шойын құю зауытына жұмсалды.•82,5 млрд теңге – 2025 жылы пайдалануға берілетін жетекші белдік редукторларын шығаратын зауыт құрылысына бағытталған.•78 млрд теңге – 2025 жылы жүзеге асырылатын «Балка локализациясы» жобасына инвестицияланды. Осы жобалар аясында 1150 жаңа жұмыс орны ашылады:✅ 500 жұмыс орны – шойын құю зауытында;✅ 550 жұмыс орны – жетекші белдік редукторларын шығаратын зауытта;✅ 100 жұмыс орны – «Балка локализациясы» жобасы бойынша. Кәсіпорында жұмысшылардың орташа жасы – 27 жас, негізінен жастар еңбек етуде. Кадрлар жергілікті оқу орындарының, соның ішінде Қостанай автожол колледжінің базасында даярланады. Заманауи технологиялар және халықаралық нарыққа шығу Жаңа зауыт жылына 74 мың жетекші белдік редукторын шығаруды жоспарлап отыр. Өндіріс прецизионды қалыптау технологиясына негізделген, бұл бөлшектердің беріктігі мен ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді. Барлық жабдық Италия, Испания және Германияның жетекші еуропалық өндірушілерінен алынған. «KamLitKZ» өнімдері ТМД және Еуропа нарығына бағытталған, бұл өңірдің экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді. Машина жасау саласын дамыту – Қостанай облысы үшін басым бағыттардың бірі. Жаңа жобалар, жұмыс орындары және озық технологияларды енгізу өңірдің өнеркәсіптік қуатын арттырып, экономикалық өсімге серпін береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/968286?lang=kk
Вестерноррланд аймағына сапар: Қазақстан мен Швеция арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты нығайту 05.04.2025
Сундсвалль, Остранд,2025 жылғы 1-2 сәуір – Қазақстанның Швециядағы Елшісі Олжас Сүлейменовтің Вестерноррланд (Швеция) аймағына жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан мен Швеция арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өңір басшылығымен, жетекші компаниялар мен академиялық топтардың өкілдерімен нәтижелі кездесулер өтті.Вестерноррланд өңірінің губернаторы Карин Ямтинмен кездесу барысында орнықты дамудың ұлттық басымдықтарын іске асыру контекстінде Қазақстан үшін елеулі қызығушылық тудыратын өңірдің циркулярлық экономика саласындағы бастамаларына ерекше назар аударылды. Губернатор Қазақстанмен байланыстарды кеңейтуге қызығушылық білдіріп, орнықты даму, өнеркәсіп және «жасыл» энергетика саласындағы өзара іс-қимыл әлеуетін атап өтті. Сонымен қатар, тараптар экотуризмді дамытуда тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.Сапар аясында ҚР Елшісі SCA AB – Еуропадағы қағаз, орау және ағаш өнімдерін өндіруге маманданған ең ірі ағаш өндіруші компанияның қызметімен танысты. Кездесу барысында Қазақстанда ағашты терең өңдеу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары, сондай-ақ елдің орман өнеркәсібі секторына озық экологиялық таза технологияларды енгізу мүмкіндіктері талқыланды.Қорғаныс технологиялары мен қауіпсіздік саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі BAE Systems өкілдерімен келіссөздер барысында киберқауіпсіздікті қоса алғанда, жоғары технологиялар саласындағы қазақстандық кәсіпорындармен бірлескен жобаларды және басқарудың автоматтандырылған жүйелерін іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.Сапар бағдарламасының бір тармағы жоғары сапалы біліммен, ғылыми зерттеулермен және онлайн оқытумен танымал Орта Швеция Университетіне (Mid Sweden University) бару болды. Ректор Андерс Феллстреммен кездесу барысында академиялық алмасу, ғылыми ынтымақтастық және қазақстандық студенттердің университеттің білім беру бағдарламаларына қатысу перспективалары талқыланды.Жұмыс сапары Қазақстанның Швециядағы Елшілігі өңірлік және салалық деңгейлердегі елдер арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында өткізетін іс-шаралар кешенінің бір бөлігіне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-stockholm/press/news/details/968284?lang=kk
Агенттік екінші деңгейдегі банктің басшы қызметкеріне келісім берді 05.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Левин Станислав Владимировичті «ForteBank» АҚ Басқарма мүшесі – Басқарушы директор лауазымына келісіп бекітті (2026 жылғы 29 шілдедегі № 60/БВУ/П хаттама)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1265574?lang=ru
Жаңаөзен қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды 05.04.2025
Бүгін, 2 сәуір күні Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының, білім беру мекемелерінің басшылары және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.Отырыста қаладағы алаяқтық, соның ішінде интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мәселесі қаралды. Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Мақсат Сағынов интернет арқылы жасалатын қылмыстардың көбейіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, тұрғындарды алаяқтықтың жаңа әдістері туралы хабардар ету, құқықтық сауаттылықты арттыру және алдын алу шараларын күшейту қажет.Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының жай-күйі талқыланды. «Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы Өсербай Табынчаевтың айтуынша, жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, ата-аналармен және оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Білім беру мекемелерінде құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге ерекше назар аударылып жатыр.Жиын барысында комиссия мүшелері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша кешенді шараларды күшейту қажеттігін атап өтті. Қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті сақтау – жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі екенін айтты. Ол құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жетілдіру бойынша тиісті тапсырмалар берді.Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/968251?lang=kk
Агенттікпен бағалы қағаздар нарығындағы басшы қызметкері келісілді 05.04.2025
Агенттікпен бағалы қағаздар нарығындағы басшы қызметкері келісілді:Салихов Талгат Максутович бағалы қағаздар нарығында атқарушы органының басшысы, басқарушы органының мүшесі лауазымына (2026 жылғы 19 тамыздағы №336/РЦБ/Т хаттамасы).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1276924?lang=ru
Жаңаөзен қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссия отырысы өтті 05.04.2025
Бүгін Жаңаөзен қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев, мемлекеттік мекемелердің басшылары және мүдделі тараптар қатысты.Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды: 1. Жұмысқа қабылдау процесінің ашықтығы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша атқарылған жұмыстарБұл мәселе бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның персоналды басқару және дамыту департаментінің директоры Раушан Қазиева баяндама жасады. Ол 2019 жылдан бері жұмысқа қабылдау алгоритміне сәйкес, Жаңаөзен қаласының тұрғындарын және компания қызметкерлерінің отбасы мүшелерін жұмыспен қамту шаралары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, осы уақыт аралығында негізгі штатқа 2206 адам, ал аутстаффинг жүйесі арқылы 2361 адам жұмысқа орналастырылған.2. Халыққа қызмет көрсету сапасы мен ашықтықты арттыру бойынша жұмыстардың жай-күйіБұл бағытта Жаңаөзен қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Гүлзада Юсупова баяндама жасады. Ол қала тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын, қызмет сапасын арттыру шараларын және цифрландыру үрдісін баяндады. 2025 жылдың басынан бері 11 292 мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өтті. Сондай-ақ, халықтың сұранысына ие қызметтердің ішінде электрондық цифрлық қолтаңба алу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, әлеуметтік төлемдер мен анықтамалар беру бар екенін жеткізді. Отырыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жетілдіру, сондай-ақ жұмысқа қабылдау үдерісін одан әрі ашық ету мәселелері талқыланды. Қатысушылар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және ашықтықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді. Қала басшысы алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту және қоғаммен кері байланысты нығайту қажеттігін атап өтті. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/968239?lang=kk
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар басталды 05.04.2025
Қазақтың әйгілі композиторы, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар Алматы облысында салтанатты түрде бастау алды. Биылғы мерейтой ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтпек.Осыған байланысты облыста арнайы жоспар бекітіліп, халықаралық және республикалық деңгейдегі мәдени іс-шаралар өткізу көзделген. 1 сәуір күні мерейтой аясындағы алғашқы шаралар Жамбыл ауылында ұйымдастырылды. Делегация Қонаев қаласынан шығып, Жамбыл ауданына жеткен соң, аудан әкімі Нұрлан Ертас бастаған жергілікті билік өкілдері мәртебелі қонақтарды құрметпен қарсы алды. Іс-шара Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейінде жалғасын тауып, ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, рухына Құран бағышталды. Тағзым рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, ауданның Құрметті азаматы Серік Еркінбайұлы және облыстың бас имамы Мадияр Тағабайұлы қатысты.Бұдан кейін Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Алматы облысының әкімі мен өңірдің Құрметті азаматы Әбдіманап Абаев композитордың қазақ музыка өнеріне қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті. Қонақтар сондай-ақ Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейін аралап, ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректермен танысты. Мерекелік шаралар Ұзынағаш ауылында жалғасты. Аудандық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға облыс басшылығы, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты.Салтанатты жиында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйлеп, мерейтойдың қазақ мәдениеті үшін маңыздылығына тоқталды: “Баршаңызды қазақ өнерінің жарық жұлдызы, күйші, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету – ұлттық бірегейлігімізді нығайта түседі», – деп атап өткен болатын.Бұл мерейтой – ұлы композитордың шығармашылығын ұлықтап, кейінгі ұрпаққа насихаттаудың жарқын көрінісі. ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтетін бұл айтулы датаға орай, облысымызда арнайы жоспар қабылданып, халықаралық және республикалық деңгейдегі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Оның ішінде «ТҮРКСОЙ» ұйымымен бірлескен жобалар, ауқымды концерттер, сондай-ақ Іле ауданында еңселі ескерткіш орнату, мәдениет ошақтарына, көшелер мен білім беру мекемелеріне Нұрғиса Тілендиевтің есімін беру жоспарланған.Халқымыздың жүрегіне ән болып енген, рухын асқақтатқан дара перзентінің мұрасы мәңгі жасай бермек. Ұлы тұлғаның есімі мен еңбегі келер ұрпаққа үлгі болып, қазақ өнері өркендей берсін!” – деді өңір басшысы. Жиында қоғам қайраткері, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нағашыбек Қапалбекұлы да сөз алып, Нұрғиса Тілендиевтің ұлттық мәдениетке қосқан сүбелі үлесі жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті.Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, көрермендерге Нұрғиса Тілендиевтің мәңгілік шығармалары орындалған әсерлі кеш ұсынылды. Айта кетейік, ұлы тұлғаның 100 жылдығына арналған мәдени шаралар жыл бойы еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын таппақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/967017?lang=kk
Қалдықтардан – ресурсқа: қалдықтарды қайта өңдеудің жаңа жобалары 05.04.2025
Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) – бүгінгі күннің өзекті экологиялық мәселелерінің бірі. Жыл сайын қоқыс көлемі ұлғайып, оны тиімді сұрыптау мен қайта өңдеу жүйесі болмаса, қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіреді. Алматы облысында бұл мәселенің шешімі табылды: алдағы жылдары өңірде жеке инвестициялар есебінен қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа кәсіпорындар ашылады.Өңірде жалпы төрт ауқымды жоба іске асырылады. Олар полигондарға түсетін қалдықтар көлемін азайтып қана қоймай, экономикалық тиімділік әкеліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тіпті электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.Экология үшін заманауи технологиялар“Kaz Waste Conversion” ЖШС Айтей ауылындағы полигон аумағында заманауи кешен салуды жоспарлап отыр. Бұл нысан жылына 450 мың тонна қалдықты сұрыптауға қауқарлы, бұл полигондарға кететін қоқыс көлемін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.✔ Жоба құны: 8,87 млрд теңге✔ Қаржыландыру көздері: 1,77 млрд теңге – жеке қаражат, 7,1 млрд теңге – қарыз қаражаты✔ Күйі: Жоба Өнеркәсіпті дамыту қорының қарауында Алатау қаласында “ADC Taza Al’em” ЖШС түрік “INEVA” компаниясымен бірлесіп қоқыс өңдейтін зауыт пен техноэкопарк салуды көздеп отыр. Бұл кәсіпорын қалдықтарды өңдеп, олардан электр энергиясын өндіреді.✔ Өндіріс қуаты: жылына 350 мың тонна✔ Энергия генерациясы: 16 мВт/сағат✔ Жоба құны: 32 млрд теңге (8,25 млрд – жеке қаражат, 24,35 млрд – қарыз)✔ Жұмыс орындары: 70✔ Іске асыру мерзімі: 2025-2026 жылдар “Food Waste” ЖШС жобасы жылына 36,5 мың тонна азық-түлік қалдықтарын органикалық тыңайтқыштар мен ұн өндіруге бағытталған. Бұл тек полигондарға түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, фермерлерге сапалы табиғи өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.✔ Өнім көлемі: 2,3 мың тонна ұн, 14,6 мың тонна органикалық тыңайтқыш✔ Жоба құны: 1,78 млрд теңге✔ Жұмыс орындары: 116✔ Іске асыру мерзімі: 2025-2026 жылдар4. Қытай инвестициясы және қалдықтарды қайта өңдеуЕңбекшіқазақ ауданының Балтабай ауылында Гуандун Сучунь қытайлық компаниясы жылына 400 мың тонна қоқыс өңдейтін зауыт салуды жоспарлауда. Қазіргі таңда жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.✔ Жоба құны: 3 млрд теңге✔ Іске асыру мерзімі: 2025-2026 жылдар Бұл жобалар қалдықтардың қайта өңделуін арттырып, қоршаған ортаның ластануын азайтады және жаңа жұмыс орындарын ашады.Заманауи технологиялар қалдықтарды ресурсқа айналдыруға мүмкіндік береді: электр энергиясы, тыңайтқыштар, жаңа өндірістерге арналған шикізат. Осындай бастамаларды жүзеге асыру Алматы облысын экологияға жауапкершілікпен қарайтын және тұрақты дамуға ұмтылатын өңір ретінде көрсетеді.Болашақ – таза қалалар мен табиғатты аялауға мүмкіндік беретін технологияларда!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/968157?lang=kk
KAZAID ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРЛЕРІ - АЙНҰР 05.04.2025
KAZAID ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖЕРЛЕРІБүгін біз жоба менеджері Түймебекова Айнұр – халықаралық даму және ынтымақтастық саласындағы кәсіби маман туралы айтамыз!Айнұр "Болашақ" бағдарламасы бойынша Duke University (АҚШ) халықаралық даму саясаты магистрі және КИМЭП (Қазақстан) халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін алды. Ол сонымен қатар лингвистика бойынша бакалавр дәрежесіне ие.Айнұр бұған дейін ҚР СІМ мен БҰҰ (БҰҰДБ) жүйесінде жұмыс істеген және ЭЫДҰ-да тағылымдамадан өткен. Қазір ол KazAID серіктестік және өңірлік жобалар департаментінің жобалық менеджері және Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын белсенді дамытуда. Ол KazAID құрылуының бастауында тұрғандардың қатарында болды! Жоба менеджері ретінде Айнұр KazAID-тің негізгі бастамаларына жетекшілік етеді.Олардың ішінде:✅ "Достық: цифрландыру" жобасы✅ БҰҰ, ЭЫДҰ құрылымдарымен, халықаралық қаржы институттарымен, TIKA, TICA, Indonesian Aid агенттіктерімен және басқа да lаму ұйымдарымен өзара іс-қимыл.Осы жылдар ішінде Айнұр АҚШ, Швейцария, Франция, Түркия, Румыния, Чехия, Израиль және Жапонияда көптеген халықаралық курстар мен тренингтерден өтті.Тілге келетін болсақ, қазақ, орыс және ағылшын тілдері еркін, сонымен қатар испан және француз тілдері – А2 деңгейде.Айнұр KazAID-тің дамуына үлкен үлес қосуда және біз осындай білікті кадрлардың бізде жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз! Айнұр өмірде келесі дәйексөзді басшылыққа алады:"Біз үлкен істер жасай алмаймыз - тек үлкен сүйіспеншілікпен кішкентай нәрселер" - Тереза Ана.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/968118?lang=kk
Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұтынушылардың өтініштерін қарау тәртібі 05.04.2025
2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді. Мұның нәтижесінде азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау өзгерді - оны бақылау үшін «Е-Өтініш» электрондық жүйесі енгізілді. «Қостанай-Су» МКК «Е-Өтініш» электрондық жүйесімен жұмыс істейді. - Өтінішті, хабарламаны, үн қосуды, ұсынысты, сұрау салуды қарау мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды. (Көрсетілген мерзім әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен ұзартылуы мүмкін.)- Шағымды қарау мерзімі ол келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күнін құрайды.- Адвокаттың заң көмегін көрсетуге байланысты сұрау салуына жазбаша жауап келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде беріледі.Өтініштерді екі жолмен беруге болады: - Тұтынушы ХҚКО-ға, Әкімдікке немесе «Қостанай-Су» МКК-не Абай даңғылы, 19 (салыстырып тексеру) мекенжайы бойынша келіп, өз өтінішін қалдыра алады. - Өтінішті EGOV порталы, Е-Otinish, eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы беруге болады. Өтініш келіп түскен күні тіркеледі. Егер өтініш жұмыс істемейтін күні келіп түссе, онда ол одан кейінгі келесі жұмыс күні тіркеледі. Әрі қарай өтініш беруші SMS-хабарлама алады және өтінішті қараудың қай кезеңінде екенін бақылай алады. Қараудың барлық кезеңдері жүйеде сақталады, мемлекеттік орган бұрын қабылданған шешімдерді көре алады және әкімшілік істі қалыптастырады. Барлық сұрақтар бойынша Call-орталыққа 74-90-60 телефоны бойынша хабарласуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/968112?lang=kk