Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұтынушылардың өтініштерін қарау тәртібі

Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұтынушылардың өтініштерін қарау тәртібі

05.04.2025 23:02:11 1858

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді. Мұның нәтижесінде азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау өзгерді - оны бақылау үшін «Е-Өтініш» электрондық жүйесі енгізілді. «Қостанай-Су» МКК «Е-Өтініш» электрондық жүйесімен жұмыс істейді. 

- Өтінішті, хабарламаны, үн қосуды, ұсынысты, сұрау салуды қарау мерзімі өтініш келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күнін құрайды. (Көрсетілген мерзім әкімшілік орган басшысының дәлелді шешімімен ұзартылуы мүмкін.)

- Шағымды қарау мерзімі ол келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күнін құрайды.

- Адвокаттың заң көмегін көрсетуге байланысты сұрау салуына жазбаша жауап келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде беріледі.

Өтініштерді екі жолмен беруге болады: 

- Тұтынушы ХҚКО-ға, Әкімдікке немесе «Қостанай-Су» МКК-не Абай даңғылы, 19 (салыстырып тексеру) мекенжайы бойынша келіп, өз өтінішін қалдыра алады. 

- Өтінішті EGOV порталы, Е-Otinish, eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы беруге болады. Өтініш келіп түскен күні тіркеледі. Егер өтініш жұмыс істемейтін күні келіп түссе, онда ол одан кейінгі келесі жұмыс күні тіркеледі. Әрі қарай өтініш беруші SMS-хабарлама алады және өтінішті қараудың қай кезеңінде екенін бақылай алады. Қараудың барлық кезеңдері жүйеде сақталады, мемлекеттік орган бұрын қабылданған шешімдерді көре алады және әкімшілік істі қалыптастырады. Барлық сұрақтар бойынша Call-орталыққа 74-90-60 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/968112?lang=kk