Enbekshi QazaQ

Әлем

Дөңгелек стол өткізілді 05.04.2025
"Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру шеңберінде 2025 жылдың 22 шілдесінде "Қостанай қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі" филиалы әкімшілік материалдарды жасау кезіндегі проблемалық мәселелерге арналған дөңгелек стол өткізді. Іс-шара барысында жалпы мәселелер, сондай-ақ оларды шешудің мүмкін жолдары талқыланды.Талқылауға жеке сот орындаушыларының, әкімшілік полиция басқармасының және Қостанай қаласы прокуратурасының өкілдері қатысты. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1039137?lang=kk
Қостанай облысында әкімдік отырысы өтті: инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды 05.04.2025
Бүгін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтіп, онда екі басым бағыт – сумен жабдықтау және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды.Сумен жабдықтау: 100% қамтуға бағытОблыс әкімі халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Соңғы бес жылда энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына 90,2 млрд теңге бөлінсе, оның ішінде тек 2024 жылы – 20,7 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде ауыл халқының таза ауызсуға қолжетімділік деңгейі 91,3%-ға жетті.Биыл сумен жабдықтауға 22,6 млрд теңге қарастырылып, 65 жоба жүзеге асырылады. Бұл қосымша 24,7 мың адамды таза ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Барлық жобаларды іске асыру кезінде үйлерді су жүйесіне қосу басты талап болып отыр. Әкімнің тапсырмасы бойынша, бұл – міндетті шарт. Соңғы екі жылда 55 мың үй су жүйесіне қосылып, 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін облыста 259,4 мың үй орталықтандырылған су жүйесіне қосылады.Сонымен қатар, өңір басшысы жергілікті мердігерлік ұйымдарды жұмыспен қамту қажеттігін айтты. Олардың үлесі 2023 жылғы 26%-дан 2025 жылы 60%-ға дейін артады. Бұл жаңа жұмыс орындарын құрып, жергілікті бизнестің дамуына ықпал етеді.Көлік инфрақұрылымы: оңтүстік аудандар мен халықаралық маршруттарға басымдық беріледі2024 жылы жол саласының бюджеті 106,0 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 42%-ға артты. Өңірде 1 580 шақырым жол мен 103 елді мекендегі 382 көше жөнделеді.Оңтүстік аудандарға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Торғай – Ырғыз автожолының жөндеу жұмыстары басталады. Бұл батыс аймақтар мен елдің орталығын оңтүстік арқылы тікелей байланыстырады. Бұл жоба Арқалық қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендердің дамуына серпін береді.Тағы бір маңызды жоба – Арқалық әуежайын қайта жаңғырту. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Қостанай мен Астанаға тұрақты рейстер ашу жоспарланып отыр, бұл өңірдің көлік қолжетімділігін айтарлықтай жақсартады.2025 жылы Жезқазған – Петропавл автожолының Арқалықтан Ұлытау облысының шекарасына дейінгі 87 шақырымдық бөлігі жөндеуден өтеді. Бұл солтүстік пен оңтүстікті байланыстыратын жолды 400 шақырымға қысқартып, көлік ағынын тәулігіне 10-нан 2 500 автомобильге дейін арттыруға мүмкіндік береді.Оңтүстік аудандардың транзиттік маңызының артуына байланысты облыс әкімі жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын – қонақүйлер, санитарлық тораптар, дәмханалар мен сауда орындарын халықаралық стандарттарға сай салуды тапсырды.Өңір – транзиттік ағындардың орталығындаҚұмар Ақсақаловтың айтуынша, кешенді көзқарас пен Үкімет деңгейіндегі қолдаудың арқасында Қостанай облысы алдағы жылдары еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін байланыстыратын негізгі транзиттік хабқа айналып, Қазақстан, Орталық Азия елдері және Ресей Федерациясы арасындағы жаңа бағыттарды қалыптастырады.Әкімдік отырысының қорытындылары инфрақұрылымды жүйелі дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және өңірдің тұрақты экономикалық өсіміне жағдай жасауға бағытталғанын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/967192?lang=kk
Комплаенс-бақылау қызметі: қауіптерден сақтау 05.04.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу бойынша тиімді шараларды жүзеге асыруда.Комплаенс-бақылау қызметі Мемлекеттік корпорацияда 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, жемқорлық пен алаяқтық тәуекелдерін анықтау, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сүйене отырып, қауіп-қатердің алдын алуға бағытталған құралды енгізу.2023-2024 жылдары Комплаенс-бақылау қызметіне азаматтардан 400-ден астам өтініш келіп түсті, олардың барлығы мұқият зерттелді. Сонымен қатар, 230-дан астам серіктес ұйым тексеріліп, сенімділігі бағаланды. Мемлекеттік корпорацияның 2000-ға жуық қызметкерін мүдделер қақтығысына тексеру өткізілді. Бұл өз кезегінде 120-ға жуық ықтимал құқықбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік берді.Сыбайлас жемқорлық пен беделге нұқсан келтіру қаупін болдырмау мақсатында корпоративтік бағдарламалар енгізіліп, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық тәуекелдерін азайту мақсатында тұрақты түрде ішкі талдау жүргізілуде. Бұл тәуекелдердің алдын алуға, бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметкерлер мен клиенттер арасында адалдық пен сенімділік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.Комплаенс-бақылау қызметіндегі қолданыстағы жобалар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясында құқықбұзушылықтарға деген нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастырады, ал қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы этика нормалары бойынша тұрақты оқыту мен ішкі арналардың, соның ішінде анонимді өтініштерді қабылдайтын арнаның болуы компанияда жоғары моральдық стандарттарды сақтауға ықпал етеді.Комплаенс-бақылау қызметі ішкі ортаны сыбайлас жемқорлық пен беделдік тәуекелдерден қорғаудың маңызды құралына айналды. Ол мемлекеттік қызметтерді тұрақты әрі сенімді көрсетуге кепілдік береді.Егер сіз қызметтерді алу барысында Мемлекеттік корпорация мамандарының тарапынан болған сыбайлас жемқорлық, алаяқтық және әдепті бұзу фактілерінің куәгері болсаңыз, 1414 нөміріне немесе compliance.control@gov4c.kz электрондық поштасына хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/968164?lang=kk
Қазақстанда қарыз бен несие алудан бас тартудың баламалы тәсілі пайда болды 05.04.2025
Енді қазақстандықтар банктен қарыз алу мен микронесиені рәсімдеуді Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өз еркімен тыйым сала алады. Бұл үшін 1414 нөміріне қоңырау шалу жеткілікті.Қарыз алу мүмкіндігін бұғаттау үшін Мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірінен 1414 нөміріне хабарласу қажет. Тіл таңдалғаннан кейін (қазақ немесе орыс тілі), интеллектуалды дауыстық көмекші абоненттен қандай қызмет қажет екенін анықтайды, қызмет алушы өзіне керек қызметті кез-келген нысанда сипаттай алады. Сұранысты дұрыс тану үшін «қарыздардан бас тарту», «несиелер алуға тыйым салу», «несиелерден бас тарту өтінімі», «несиелерді онлайн жабу», «несиелерді бұғаттау өшіру» сияқты сөз тіркестерін қолдану ұсынылады. Әрі қарай, дауыстық көмекші банктік қарыздардан/несиелерден ерікті түрде бас тарту қажеттілігін нақтылауды сұрайды. «Иә» деп оң жауап бергеннен кейін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізіп, телефонға келген SMS-код арқылы өз әрекетін растау қажет.Осы қадамдарды орындағаннан кейін азаматтың атына несие немесе қарыз рәсімдеу мүмкіндігі болмайды.Егер болашақта шектеуді алып тастау қажеттілігі туындаса, 1414 нөміріне қайта хабарласу керек. Қызмет тәулік бойы қолжетімді және 1414 нөміріне қоңырау шалу тегін.«Азаматтарымыздың өтініші бойынша біз 1414 нөмірі арқылы несиелер мен қарыздардан бас тартудың баламалы сервисін іске қостық. Қазір жүйе тестілеуден өтуде. Қызметті алудың басты шарты - Мобильді азаматтар базасында тіркеудің болуы», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Басқарма Төрағасының орынбасары Айбат Ілиясов.Еске сала кетейік, қазіргі таңда Бірыңғай байланыс орталығының дауыстық көмекшісі арқылы азаматтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесін анықтау, салықтар мен әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздың бар-жоғы жөнінде мәліметті алу, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы рәсімдеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы ақпарат алу және басқа да қызметтер көрсетіледі.Айта кетейік, бұған дейін несиеден бас тарту тек электронды үкімет порталы немесе eGovMobile мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылатын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/968153?lang=kk
"Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті, онымен күресу – біздің міндетіміз" 05.04.2025
   2025 жылдың 1 сәуірінде сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы "Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті, онымен күресу – біздің міндетіміз" тақырыбында А. Байтұрсынұлы атындағы университеттің 3-курс студенттеріне семинар өткізді.   Іс-шара барысында студенттер сыбайлас жемқорлықтың түрлері, оның алдын алу шаралары және қоғамдағы жемқорлық көріністерін жою жолдары туралы ақпарат алды. Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/967169?lang=kk
МОДОға енген мектептердің 9-сынып пән мұғалімдеріне арналған оқыту семинарлары 05.04.2025
Ағымдағы жылдың 29 наурызында «Ауыл-қала» жобасы аясында Қарағанды қаласының «IT» арнайы мектеп-лицей интернаты мен аудандық білім бөлімінің ортақ жоспарына сәйкес ББЖМ түскен мектептердің 9-сыныпта білім беретін пән мұғалімдері арасында оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Бұл шараға ЖМБ мен ҚГБ пәні мұғалімдері қатысты. Іс-шарада өте пайдалы ақпараттар, әдістемелік көмек көрсетілді, өзара ауыл мен қала байланысы нығайтылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/967153?lang=kk
«Психологиялық тәжірибедегі заманауи трендтер» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция 05.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы 2025 жылғы 1 сәуірде «Психологиялық тәжірибедегі заманауи трендтер» облыстық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.Конференцияға ШҚО мектепке дейінгі мекемелерінің, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтары, сондай-ақ Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдаудың әдістемелік орталығы» КММ әдіскер-психологтары қатысты.Конференцияның ашылуында  облыс білім басқармасының басшысы Чернышёва Инесса Александровна сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.Пленарлық отырыста психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ХПҒА корреспондент-мүшесі, Психологиялық технологиялар Академиясының басшысы Ковалев Сергей Эдуардович психологтың этикалық кодексі, Өскемен қаласының Педагогикалық шеберлік орталығы филиалының аға менеджері Пак Владимир Славдиевич қазіргі заманғы білім беру трендтері жағдайындағы психологиялық қызмет, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының аға оқытушысы, сертификатталған коуч, жобалық менеджмент, HR қызметі бойынша тренер - кеңесші Берекполова Гульфия Октябревна теріс эмоциялардан арылудың заманауи тәсілдері, Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ  әдіскер-психологы Турганбаева Тамаша Маратовна цифрлық диагностика туралы баяндамаларын қатысушылар назарына ұсынды.Пленарлық отырыс психологиялық қызметтердің дамуына үлес қосқан білім беру ұйымдарының педагог-психологтары және қала, аудандар білім бөлімдерінің әдіскерлерін марапаттаумен аяқталды.Конференция жұмысы «Заманауи ақпараттық өнімдер»,  «Цифрлық білім беру ресурстары, оларды қолдану перспективалары», «Психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар (баяндамалар)», «Психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар (шеберлік сыныптар)» тақырыптарындағы 4 секцияда жалғастырылды.Конференцияның қорытындысы бойынша әр секцияда жеңімпаздар анықталып, дипломдармен марапатталады:1 секция «Заманауи ақпараттық өнімдер»:І дәрежелі диплом - Никифорова Татьяна Михайловна, ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Меновное орта мектебі» КММ педагог-психологы;ІІ дәрежелі диплом – Кряжева Елена Владимировна, ШҚО білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 14 орта мектебі» КММ педагог-психологы;ІІІ дәрежелі диплом - Шалтаева Майра Нурбековна, ШҚО білім басқармасының «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ педагог-психологы2 секция «Цифрлық білім беру ресурстары, оларды қолдану перспективалары»: І дәрежелі диплом – Иванова Мария Ивановна, ШҚО білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебі» КММ педагог-психологы;ІІ дәрежелі диплом – Басакова Екатерина Васильевна, ШҚО білім басқармасы Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының С. Нұрмағанбетов атындағы орта мектебі» КММ педагог-психологы;ІІІ дәрежелі диплом - Грохотова Ирина Владимировна, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК педагог-психологы3 секция «Психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар (баяндамалар)»:І дәрежелі диплом - Дүйсенбекова Шынар Заманбекқызы, ШҚО білім басқармасының «Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі» КММ педагог-психологы;ІІ дәрежелі диплом - Амиренова Эльмира Кенжикановна, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК педагог-психологы;ІІІ дәрежелі диплом - Калашникова Юлия Станиславовна, ШҚО білім басқармасы Алтай ауданы бойынша «Сказка» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК педагог-психологы4 секция «Психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастырудағы инновациялық технологиялар (шеберлік сыныптар)»:І дәрежелі диплом - Шомбинова Сауле Бакытбековна, ШҚО білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК педагог-психологы;ІІ дәрежелі диплом - Зияшова Мақпал Балғынбекқызы, ШҚО білім басқармасының Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Ю. Гагарин атындағы № 1 Күршім орта мектебі» КММ педагог-психологы;ІІІ дәрежелі диплом - Нуртаева Асемгуль Советкановна, ШҚО білім басқармасының Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің  «Қызыл Жұлдыз негізгі орта мектебі» КММ педагог-психологы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/967141?lang=kk
Жұмыс кездесуі өткізілді 05.04.2025
2025 жылдың 29 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінде жұмыс кездесуі өтті. Кеңеске сот орындаушылары қызметін реттеу және бақылау бөлімінің басшысы С.Ж. Альшимбаева., жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары М.А. Сералин, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері, сондай-ақ жеке сот орындаушылары қатысты. Кеңесте ата-ана құқығынан айырылған тұлғалардан алимент өндіру мәселесі талқыланды.Кеңес барысында жеке сот орындаушылары аталған санаттағы істер бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.Қатысушылар орындау кезінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылап, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен жеке сот орындаушылары арасындағы бірлескен іс-қимыл алгоритмін айқындады.  Қостанай облысыӘділет ДепартаментініңБаспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1007389?lang=kk
«Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарландыру 05.04.2025
«Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарландыру          Қостанай облысында «Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін үміткерлердің өтінімдерін қабылдау басталады.Бұл конкурс жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлерін анықтайды.Конкурс «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас қызметкері», «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» үш номинациядан тұрады. 1) Үздік еңбек әулеті - бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.Еңбек әулеті - бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы.Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс. 2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері -                                    бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады. 3) Өндірістің үздік жас маманы - бұл номинацияда жұмыс өтілі                  5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады. Конкурс 2 кезеңде өткізіледі: өңірлік деңгейде және республикалық деңгейде.Республикалық комиссия әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды (бірінші, екінші және үшінші орындар). Республикалық конкурстың жеңімпаздарына диплом және ақшалай сертификаттар беріледі: 1-ші орынға - 1 000 000 (миллион) теңге, 2-ші орынға - 500 000 (бес жүз мың) теңге және 3-ші орынға - 200 000 (екі жүз мың) теңге. «Еңбек жолы» конкурсын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ ресми сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhumys-aleumettik-korgau?lang=ru). Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асырылады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/969591?lang=kk
Қостанай облысында «Парыз» байқауы басталды 05.04.2025
Қостанай облысында «Парыз» байқауы басталды Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.Байқау жыл сайын «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» атты төрт номинация бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі. Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлық қарастырылған.Байқауға қатысу тегін. Үміткерлер материалдарды жергілікті атқарушы органдарға қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.Өткізілетін іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, облыс кәсіпкерлерін «Парыз» байқауына белсенді қатысуға шақырамыз.Өтінімдерді қабылдау - 2025 жылғы 1 шілдеге дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/969599?lang=kk
Кезекте тұрғандарды түгендеуге қатысты 05.04.2025
Жылы шеңберінде өткізу мерзімдері азаматтардың кезектілік тізімдерін түгендеу, тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрғандардан мемлекеттік тұрғын үй қорының қордың, санаттар бойынша кезекте тұрғандардың тізімі: ХӘОТ - 200 адам, жетім балалар – 100 адам, көп балалы отбасылар – 100 адам жылы БАҚ кезектілік туралы ақпаратты жаңарту мақсатында.Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында ММ "Тұрғын үй қатынастары бөлімі әкімдіктің қалалар Қостанай» туралы өзекті мәліметтерді ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды тұрғын үйге мұқтаждықтар, тізімдерге сәйкес келесі азаматтардың.Аталған азаматтар мемлекеттік мекемеге хабарласуы қажет "Тұрғын үй қатынастары бөлімі әкімдіктің қалалар Қостанай" мекен-жайы бойынша орналасқан Қостанай, к. Қайырбекова, 75 үй (жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін; түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін).Әлеуметтік осал топтар халықтың топтарыЖетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларКөп балалы отбасыларАСКАРОВА БАКИТГУЛЬ ДУКЕЕВНАПАРУБИН РУСТАМ ШАКИРОВИЧСЕЙДАХМЕТОВА МАКПАЛ БЕКБОСЫНОВНААРТЮХОВА ЕЛЕНА АЛЕКСЕЕВНАСУЛЕЙМЕНОВ СЕРИК СЕЙТЖАНОВИЧТОГАЕВА БЕКЗАТ МАРАТОВНАМОВСИСЯН АРТУР СОСОВИЧНУРПЕИСОВ ЖАКСЫЛЫК БУЛАТОВИЧБИКМУХАМЕТОВА ОЛЬГА АЛЕКСАНДРОВНАБОРИСОВА ВЕРА ПЕТРОВНАНУРПЕИСОВА КАМИЛА БУЛАТОВНАИГНАТЕНКО ОКСАНА АЛЕКСАНДРОВНАМЫРЗАБАЕВА МАРИЯШИЛЬНИКОВ НИКОЛАЙ СЕРГЕЕВИЧЖАҚАНОВ НҰРСҰЛТАН БАҚЫТҰЛЫТРАПЕЗНИКОВА НАТАЛЬЯ АФАНАСЬЕВНАСУЛТАНОВ ВИКТОР СЕРГЕЕВИЧОРЫНБЕКОВ РУСЛАН НҰРЛАНҰЛЫБИКТИМИРОВА РИММА РАВИЛЬЕВНАБОГЕР ДМИТРИЙ СЕРГЕЕВИЧХАМИЛИНА МАРАЛ АСЛАНОВНАЛЕЩЕНКО МАРИНА СЕРГЕЕВНАСИМАКОВ ВАСИЛИЙ СЕРГЕЕВИЧЮШКО МАРИНА АЛЕКСАНДРОВНАДРУК ВЛАДИМИР СЕРГЕЕВИЧПШЕНИЧНИКОВ РОМАН АНДРЕЕВИЧДОСАНОВА ГАУХАР СЕРИКОВНАМУКАШ РАМИЛ МУКАШЕВИЧЛУКЬЯНОВ НИКОЛАЙ НИКОЛАЕВИЧБАЙДАЛИНА САЛТАНАТ СЕРИКБАЕВНАШАНАЕВА МАРУЕРТ ВЛАДИМИРОВНАКУЗНЕЦОВА НАТАЛЬЯ ИГОРЕВНААБДРАХМАНОВА АЙНАГУЛЬ РАХИМЖАНОВНАКУБЖАСАРОВА КУЛЯЙША БАКЧАНОВНАКОСТАРЕВА ЛЮДМИЛА ИГОРЕВНАЖИЕНКУЛОВА ЭЛЬМИРА КАЛДАРБЕКОВНАНурбаева Жанар СапарбековнаЛУНИН ВЛАДИСЛАВ ДМИТРИЕВИЧНОВОЗВАНСКАЯ СВЕТЛАНА ВЯЧЕСЛАВОВНАМЯГКОВА КРИСТИНА ВЛАДИМИРОВНАКАРИЕВА ИРИНА ВЛАДИМИРОВНАБАЛАШОВА КАМШАТ КАРИМЖАНОВНАШАЯХМЕТОВ СЕРЕК КАПАСОВИЧАЛЬСЕИТОВ АРМАН САПАЖАНОВИЧВОЙТЫШИНА ТАМАРА НИКОЛАЕВНАВАХИТОВА ОЛЕСЯ ШАЛИЯРОВНАКОЛОТЬКО ЕВГЕНИЙ ИГОРЕВИЧКАРАНОВА ЕЛЕНА ЮРЬЕВНАИШМУРЗИН ГАЗИЗ НУРФАИЗОВИЧМОРАР АЛЕКСАНДР АЛЕКСАНДРОВИЧТУКЕШОВ РАУАН КАЖИМУХАНОВИЧКРЫЖАНОВСКАЯ АННА НИКОЛАЕВНАПРАВДИВЫЙ СЕРГЕЙ АЛЕКСЕЕВИЧТИТАРЕНКО ЕЛЕНА ВИКТОРОВНАБушаев Мурзагали БидаловичГЛЫВИН РОМАН СЕРГЕЕВИЧСАРЧИНСКАЯ ОКСАНА СЕРГЕЕВНАКАБАКОВА ЖАНАР ОРАЗБАЕВНАХАБИРОВА ОЛЬГА НИКОЛАЕВНАХУСАЙНОВА ЖУЗИРА МУСИНОВНАКИСЕЛЁВА ВАЛЕНТИНА НИКОЛАЕВНАИРКЕНОВА АРИНА ТАСТАМОВНАДЕРБИСОВА АГИРА БИСЕНБАЕВНАМедведев Павел ИвановичШАКУРОВ АРТУР РУСЛАНОВИЧШАЛАПИН ВИКТОР ИВАНОВИЧЧЕБОТАРЕВА НАТАЛЬЯ АНАТОЛЬЕВНАБАКАНАЕВА МАРИНА АЛЕКСАНДРОВНАМОЛДАБАЕВА АЙГУЛЬ ХАЙДАРОВНАЦОРОЕВА ЛЮДМИЛА БОРИСОВНАСОРОКИНА АНЖЕЛА ВАЛЕРЬЕВНАКУСАИНОВА ЛУИЗА МУХМАДОВНАДОСМАГАМБЕТОВА ШАЙЗА БАКЕНОВНАЯКУНИНА АНЖЕЛИНА ДМИТРИЕВНАТЕРЕНТЮК РАДА ВЯЧЕСЛАВОВНАПРОКУДИНА ТАТЬЯНА РУСЛАНОВНАКЯУЛЕЙКИС СТАНИСЛАВ АЛЕКСАНДРОВИЧБЕЛГИБАЕВА КУАНЫШ ХАМЗИНОВНАКУРЫШЕВА ИННА ЛЕОНИДОВНАБЕРМАНОВА МАХАББАТ МИРАМОВНАОСЕТРОВА МАРИНА ВИКТОРОВНАРЫСПАЕВ БУЛАТ БАХЧАНОВИЧФИЛИППОВА ТАТЬЯНА ИГОРЕВНАНЫСАНБАЕВА АЙСУЛУ КУШЕКБАЕВНАЗАДОЕНКО ЮЛИЯ НИКОЛАЕВНАМОЗГОВЕНКО ВИКТОР ЮРЬЕВИЧАУБАКИРОВА ЖАНАГУЛ РАХЫМЖАНОВНАМАНГУЖИНОВА КАЙНИ СУЛИМЕНОВНАКЕССЛЕР ИВАН АЛЕКСЕЕВИЧСЫЗДЫКОВ НУРЖАН АЖДАРОВИЧЖеребцова Светлана ВладимировнаБАБИЧЕВ ЕВГЕНИЙ ОЛЕГОВИЧБАЙҚАСЫНОВА ЖАНСАЯ КИІКБАЙҚЫЗЫНУРПЕИСОВА БАГЫТКУЛЬ МЫРЗАХАНКЫЗЫКУТЛЫМУРАТОВ АСХАТ СЕРИКОВИЧКУЛМАГАНБЕТОВА МОЛДИР БОЛАТОВНАБАЙБУЛОВА ЛЮБОВЬ РАХИМЖАНОВНАКУТЛЫМУРАТОВ МАРАТ НУРПЕИСОВИЧТАСТЫБАЕВА НАЗЕРКЕ ЕЛЗАТОВНАМАШИНОВА ЭЛЬМИРА ТОКТАРКАНОВНАМЫРЗАХМЕТОВА АЙМАН ТАЛГАТОВНАДЕМЧЕНКО ЕКАТЕРИНА ЮРЬЕВНАБАБИЧ ЮРИЙ ИВАНОВИЧТЮЛЕНДИН МАРАТ МУРАТБЕКОВИЧНАЗАРОВА ИРИНА НИКОЛАЕВНАНУКТОБУЛАТОВ ЖАНСЕИТ АЛЕКСАНДРОВИЧШАГИРОВА ЖАННА СОВХОЗБЕКОВНАМАКИШЕВА ГУЛСЫМ БАЙСАНОВНАБЕССМЕРТНАЯ СВЕТЛАНА НИКОЛАЕВНААБУОВА АЛИНА ДМИТРИЕВНАМУРЗАТАЕВА АЙГЕРИМ СЕРИКЖАНОВНАШАЕКЕНОВА БИБИГУЛЬ КЕНЖЕШЕВНАНЕСТЕРОВА ВИКТОРИЯ ЮРЬЕВНАЖЕРКАТЕРОВА БАГЫТГУЛЬ ЕРМЕКОВНАНУРПЕИСОВ БАТЫРХАН САНТАЕВИЧАСТАПЧУК АРТЁМ ГЕННАДЬЕВИЧЖУБАНОВА КУЛАШ БАЙТАСОВНАНАУРЫЗБАЕВА ГУЛЬМИРА ТЕМИРТАСОВНАЛУКАШИНА МАРИНА АЛЕКСАНДРОВНАБУДИКЕНОВА АЙЯ ИЛЮТАЕВНАМЕНДИГАРИНА АЛЬФИЯ НУРЛАНОВНАКИМ РОМАН ВЛАДИМИРОВИЧСПАНОВА РОЗА САГНАЕВНАУМАРОВА РОЗА ЖИГИРОВНАЧУБРЫНИН ВЛАДИСЛАВ НИКОЛАЕВИЧБЕЛЯКОВА ЕКАТЕРИНА ИВАНОВНАСИНИЦИНА ЕЛЕНА ИВАНОВНАОРЛОВА НАТАЛЬЯ ЮРЬЕВНАТУРМАГАНБЕТОВ АЛИХАН ЖУМАХАНОВИЧЖУНУСОВ ЖАНБУЛАТ МУРЗАКАНОВИЧШАРАФУТДИНОВА ОЛЬГА АНДРЕЕВНААШИМОВА АЙСЛУ ОМИРБЕКОВНАФЕТИСОЧКИНА ИРИНА МИХАЙЛОВНАКОРНЕЕВ ПАВЕЛ ВАЛЕРЬЕВИЧЖАНБАЕВА АСЕЛЬ НУРМУХАНОВНААЛДАНГАРОВА АЙГУЛЬ СЕРИКОВНАКАЗАНОВСКАЯ НАДЕЖДА ЮРЬЕВНАКАИБЖАНОВА ОЛЬГА АЛЕКСАНДРОВНАКУРГАМБЕКОВ НУРБУЛАТ ТЕМИРБЕКОВИЧКОЛПАКОВА РЕГИНА ЖУМАГАЛИЕВНАТУРЕГЕЛЬДИНА АЖАР ЕСЕНГАЗИЕВНАСАНДЫБАЕВА САУЛЕ АЛЬМУХАМЕДОВНАКРЫСЛИНГ СЕРГЕЙ ВИКТОРОВИЧОЛЕЙНИЧЕНКО ЯНА ЮРЬЕВНАИСЕНОВА РОЗА МИНГАЛЕЙНОВНАБРЕДИН ВИКТОРИЯ ЯКОВЛЕВНАГУЛИЕВА ГУЛИ ЭЙВАЗХАНОВНАТРОФИМОВ ВЛАДИМИР ВАЛЕРЬЕВИЧИГОНИНА ЛЮДМИЛА ЭРНСТОВНАКЕЛЬН МАРИНА СЕРГЕЕВНАТАКЕНОВА ЖАННА БОЛАТОВНАКЛИМКОВИЧ АЛЕКСЕЙ СЕРГЕЕВИЧЖАНАЙДАРОВА МАДИНА БУЛАТОВНАУСПАНОВ КАИРЖАН ЗИЯТДИНОВИЧДЕГТЯННИКОВ РУСЛАН МИХАЙЛОВИЧЛИНГЕНАУ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНАСАВЧУК ОЛЬГА ВЛАДИМИРОВНАКАКИРОВА АНАСТАСИЯ СЕРГЕЕВНААУЕЗХАНОВА ЖАНАР ЖУМАДИЛОВНАДУНАЕВА НАТАЛЬЯ ВАЛЕРЬЕВНАСЕЙТКАЛИЕВ КАНАТ АЛИМЖАНОВИЧРОМАНОВА ЛЮДМИЛА АЛЕКСАНДРОВНАНОВАШ ЛАРИСА ВАЛЕРЬЕВНАКЛЫКОВ АНДРЕЙ ОЛЕГОВИЧБАЯШЕВ ЕЛЬНАР БАКИТОВИЧСОКОЛОВСКАЯ ЮЛИЯ ФЕДОРОВНАУАКБАЕВА ЖУЛДЫЗ МЫЛТЫКБАЕВНАЖУСУПОВА ЖАНАР МУРАТОВНААУБАКИРОВ БАХИТ КАЙРБЕКОВИЧБОНДАРЕНКО ЕКАТЕРИНА АНАТОЛЬЕВНАСАРЕКИН АДИЛХАН ТАНАТКАНОВИЧКУДЖАНОВА АЛТЫНШАШ ЗИЯДОВНАРЕЗЕ ЮЛИЯ ЮРЬЕВНАСОХИНА ВАЛЕРИЯ ВАСИЛЬЕВНАГАВРЮШЕНКО ОЛЬГА ГЕННАДЬЕВНАРЕЗЕ ИЛЬЯ ЮРЬЕВИЧБАЖИЕВА АКНУР КАБДУАЛИЕВНАРЕБЕЙН ОЛЬГА ВИКТОРОВНАВАСИЛЬЕВ АНДРЕЙ ЮРЬЕВИЧСАДВОКАСОВ СЕРИК МЕЙРАМОВИЧБИЖАНОВА АЙГУЛЬ КАБДУАЛИЕВНАХАНКИСУ ОКСАНА АЛЕКСАНДРОВНААХМЕТОВА ТАНШОЛПАН САРСЕНБАЕВНАСАЙДАЛИНА ЖАНАТ АЛМАТОВНААКУЛИНУШКИН АНАТОЛИЙ АНАТОЛЬЕВИЧТОКМАГАМБЕТОВА АЙГЕРИМ АЛЬБЕКОВНАШИБАЕВА СВЕТЛАНА ВАСИЛЬЕВНАБУЦ ВИКТОРИЯ ЕВГЕНЬЕВНАГАБДУЛЛИНА АЛТЫНШАШ БАТЫРХАНОВНАШАПИРОВ НИКОЛАЙ ВЛАДИМИРОВИЧСАРИН РЕНАТ САГЫНДЫКОВИЧБИСЕМБАЕВА ГУЛЬНАРА СЕРГЕЕВНАДУСМАГАМБЕТОВА РАУШАН АРМИЯНОВНАШАМСУТДИНОВ ВЛАДИМИР РАУФОВИЧЖАБАЕВА АКМАРАЛ БЕРИКОВНАКУБЕКОВ АМАНТАЙ КАПАРОВИЧСКОБЛИКОВ АЛЕКСАНДР ВЛАДИМИРОВИЧИСКАКОВА АНАРА ГАЛЫМЖАНОВНАКУБЖАСАРОВА КУНСЛУ БОРАМБАЕВНАСТЕПАНОВА ОЛЬГА СЕРГЕЕВНАКОШКИНБАЕВА ДИЛФУЗА АБДУЛЛАКЫЗЫНАРАНОВИЧ ОЛЕСЯ СЕРГЕЕВНАХУСАИНОВА АЛЕКСАНДРА АЛЕКСАНДРОВНААЛИЕВА ЗАРИНА НУРЛАНБЕКОВНАЯНЦ МАРИНА КОНСТАНТИНОВНАЛУКЬЯНОВ СЕРГЕЙ ОЛЕГОВИЧТЮЛЕЕВА АНАР БАХИТХАНОВНАГВОЗДЕЦКАЯ ОЛЬГА БОРИСОВНАМОЗГОВЕНКО НАТАЛЬЯ ЮРЬЕВНАНАЗАРОВА АЙГУЛЬ АЙДЕРКАНОВНАМАРКИНА КАМБАТМИЛИЧЕНКО ЕКАТЕРИНА ВИКТОРОВНАКАЙДАРОВА НАЗГУЛЬ БАУЫРЖАНОВНАСУЛЕЙМЕНОВА ДИНА АМАМБАЕВНАВАСИЛЬЕВА ОЛЬГА АНДРЕЕВНАКАБЕНОВА ЗАРИНА АДИЛЬЕВНАВАУЛИНА НАТАЛЬЯ ПАВЛОВНАКРУГ АЛЁНА АНАТОЛЬЕВНАУРАЗБАЕВА АСЕЛЬ БОРИСОВНАКЛИМЕНКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧКАБДЫМОВА АНАР ЖАНАРБАЕВНАКУНТУАРОВА ГУЛЬНАЗ МАРАТОВНААБДРАХМАНОВ МУХАММЕД АЛИ КУШКЕНБАЕВИЧКАНАФИНА ДИНАРА КАСЫМОВНАКАБИДЕНОВА АСЕЛЬ СЕРИКОВНАБАЙГУШКЕНОВА ЖАНАР ДИЛЬДАБЕКОВНАКУТЕНКОВА КРИСТИНА ВАЛЕРЬЕВНАЗЕЙНЕЛОВА ЛЯЗЗАТ АРАЛБАЕВНАУСПАНОВА АЛМАГУЛЬ БАЙТАСОВНАКУЯНЦЕВА ЕВГЕНИЯ АЛЕКСЕЕВНАИСУМБАЕВА АЛТЫНШАШ КАМЗАЕВНАЕЛЕНОВА САУЛЕ РАФХАТОВНАЧЕСНАУСКАС ДОВИДАСРАХМЕТОВА ЖУЛДЫЗ ЕСЕНГЕЛЬДЫЕВНАОСПАНОВА МАЙРА МАЖИТОВНАЯГОВДИК АЛЕКСАНДР НИКОЛАЕВИЧСАРСИКЕЕВА ГАЛИЯ СЕРЕМЕТОВНАЖУМАБАЕВ САДУАКАС ТАУЕКЕЛЕВИЧСУДАКОВ ЕВГЕНИЙ АЛЕКСАНДРОВИЧЖЕЛЕЗНАЯ МАРГАРИТА ВАЛЕРЬЕВНАПРИСТАВКО НИНА ИВАНОВНАХАСЕНОВА ГУЛФАЙРУС САУЛЕТКЫЗЫСӘЛІМБАЕВА ҒАЗИЗАТ ТАСТАНБЕКҚЫЗЫМАХМЕТОВА ГУЛЬНАРА БАПАЕВНАЖУКОВ ВИТАЛИЙ ВЛАДИМИРОВИЧЕЩАНОВА САРА КОНЫСБАЕВНАПРИСТАВКО НИКОЛАЙ ЮРЬЕВИЧКОТОВИЧ ЯНА ЕВГЕНЬЕВНАБАТЫРГУЖИН АЛМАТ СЕЙТБЕКОВИЧКРИКЛИВЦЕВА ЕКАТЕРИНА ВИКТОРОВНАГИМАЛЕТДИНОВА ЛЕРИЯ ЯРОСЛАВОВНАДЮСЕМБИН АСЛАН МИРАМОВИЧКЕНЖЕГАРИНА МЕРЕКЕ АЛЬМУКАНОВНАБИЧУРИНА ТАТЬЯНА НИКОЛАЕВНАПИРОГ ВАЛЕНТИНА ВЛАДИМИРОВНАБАЙМУРАТОВА ГУЗАЛИЯ ДИНИСЛАМОВНАКАЛАБАЕВ САРДАН БИРЖАНОВИЧБАРМАКОВ ЖАНГЕЛЬДЫ МУКАШЕВИЧНУРГАЛИЕВА БИБИГУЛЬ ЕРДЕНОВНАКИНШИБАЕВА ТАТЬЯНА ЕРМАГАМБЕТОВНАСАМУРАТОВ АСХАТ ШОККЕНОВИЧЦЫГАНОВА НАДЕЖДА ВЯЧЕСЛАВОВНАНАГЛИС ВАЛЬТЕР ФЕДОРОВИЧМАЗЕИНА ОЛЕСЯ АЛЕКСАНДРОВНАСАХАЛОВА КУНСУЛУ АДИЛЬБЕКОВНАСТЕПАНОВ БОРИС СЕРГЕЕВИЧИБРАЕВА АЛЬМИРА РАМАЗАНОВНАСАЙДАЛИН АЛМАЗ УСЕРОВИЧПОРУНОВ АЛЕКСАНДР ВЛАДИМИРОВИЧАБДИБЕКОВА АЙГЕРИМ БЕЙСЕНОВНАТЕМИРБАЕВА БАЛШЕКЕР ЕРМУХАНОВНААНТОНОВ ВЛАДИМИР ПЕТРОВИЧКУРМАНБАЕВА АНАР ЭРИКОВНАКИМ ВИССАРИОН ЭДУАРДОВИЧШЫРДАЕВ АРЛАН МУСЛИМОВИЧКОЛГАНОВ ИГОРЬ АЛЕКСАНДРОВИЧГРИЦЕНКО АНАТОЛИЙ НИКОЛАЕВИЧЖАНАБЕРГЕНОВА СЫМБАТ ТАСБУЛАТКЫЗЫЖАЙСАНБЕКОВА ЖАУДИР ЖАКСЫБЕКОВНАЕМЕЛЬЯНОВА ТАТЬЯНА ВАЛЕРЬЕВНАСАПУНОВ АНДРЕЙ ВЛАДИМИРОВИЧАХМЕТЖАНОВА ГУЛЬШАТ КЛЫШБАЕВНАБОГДАНОВА ГАЛИНА ЛЕОНИДОВНААНТОНЮК НИНА ВЛАДИМИРОВНАНУРЖАНОВА БАЛГЫН БОЛАТОВНАШУНУШЕВА АЙГЕРИМ ЖАКСАЛЫКОВНАВЕДИНЯПИНА ВАЛЕНТИНА ЮРЬЕВНАЕРМАГАМБЕТОВ ЕРЖАН ЖУСУПОВИЧТАЛИПОВ ДАНИЯР МАХМУДОВИЧКРАУЗЕ НИКИТА НИКОЛАЕВИЧМЫРЗАГАЛИЕВА ЖАНИЯ СЕЙИЛКАНОВНАЗАХАРИЯ СЕРГЕЙ ИВАНОВИЧЗАГИДУЛЛИНА ЗАРИНА НИКОЛАЕВНАНУРСЕИТОВА ДИАНА ЕРГУАНОВНАЦЫРБА ТАТЬЯНА ПАВЛОВНАРЫСПАЕВА ИНЕШ НУРЛАНОВНАИБРАЕВА АЛМАГУЛЬ ШАЙМЕРДЕНОВНАПЛИТКО ВЛАДИМИР ГРИГОРЬЕВИЧШМЕЛЕВА АНАСТАСИЯ ВЛАДИМИРОВНАЕРБАТЫРОВА ШЫНАРГУЛИШАНХОДЖАЕВА ЖАННА БАШИРОВНА  ЖАРМУХАМБЕТОВ АВАТ ТАУФЕКОВИЧ  ГОЛИКОВ ГЕННАДИЙ ВЛАДИМИРОВИЧ  ДЕРИПСАЛДИНА САНДУГАШ АБДЫГАЛЫКОВНА  САКАУОВА ЗИНАГУЛЬ КАУКОВНА  КАРАБАЕВА ГУЛЬБАРШИН БАЙТУРСУНОВНА  БЕРГИБАЕВА АЙНУРА АСЫЛКАНОВНА  БЕКТАСОВА РАУШАН ИВАНОВНА  УМИРБЕКОВА ГАЛИЯ РАХМЕТОВНА  ХОЛОД ОКСАНА МИХАЙЛОВНА  ЖАНГУЖИНА БАГЫТ МУРАТОВНА  УВАЛЕЕВ МАУЛЕТ БАТАНОВИЧ  АМАНДЫКОВА КУЛЬЖАМАЛ  ШАКТАЕВА ГУЛЬНАРА РАМАЗАНОВНА  КАЛИНЯК ОКСАНА НИКОЛАЕВНА  САЛАТА ОЛЬГА АЛЕКСЕЕВНА  КУЛЬЖАНОВА ЖЕНЯ КАРИМОВНА  НЕЧАЙ ОЛЬГА АНАТОЛЬЕВНА  МАТВИЕНКО АЛИШЕР АСКАРОВИЧ  ХАСЕНОВА МАДИНА АБДРАХМАНОВНА  АЛЬТЕРГОТ ДМИТРИЙ ВЛАДИМИРОВИЧ  ПРИХНО СВЕТЛАНА ГЕННАДЬЕВНА  ЖАКСАГУЛОВА АРУНА РАХМЕТУЛЛАЕВНА  НИКИША АНДРЕЙ МИХАЙЛОВИЧ  КАППАСОВА БАТИМА  МЕЛЬНИКОВА ЕЛЕНА ЮРЬЕВНА  ТАСТАНБЕКОВА НУРЛАШ КИНЖЕБАЕВНА  ВАСИЛЬЕВА РИТА АНАТОЛЬЕВНА  АБИКАЕВА МЕЙРАМКУЛЬ АБИКАЕВНА  КУДРЯШОВА ОКСАНА НИКОЛАЕВНА  ВЕРНЕР ГАЛИНА АНАТОЛЬЕВНА  ЕРГАЛЕЕВ НУГМАН МУКАНОВИЧ  АЛЕКСЕЕВА ОЛЬГА ВЛАДИМИРОВНА  ТУРГАНОВА АНАРА КАДЫРБЕКОВНА  Сарбаева Евгения Сабаркановна  ЖУСУПОВА ЖАНАТ САРУАРОВНА  БЛОХИНА СВЕТЛАНА НИКОЛАЕВНА  АНДРЕЕВА СВЕТЛАНА ЮРЬЕВНА  ЛОЗОВАЯ ЛЮДМИЛА ИВАНОВНА  ТУКАНОВА БАКЫТКУЛЬ МУСУЛКАНОВНА  КЕНИГ ЕЛЕНА ВИКТОРОВНА  МУКАНОВА БОТАГОЗ СЕРГЕЕВНА  ГЛАДКИХ ЮАННА НИКОЛАЕВНА  ЗАЙНУЛИНА АСЫЛ АУХАТОВНА  ЖУКОВА ИРИНА ВАСИЛЬЕВНА  КУЧЕРБАЕВА КАРЛЫГАШ ХАМИТОВНА  ЕВСТАФЬЕВА ТАТЬЯНА АЛЕКСАНДРОВНА  БАДЫРОВ НУРЛАН КАСЕНОВИЧ  МАКСАКОВА ЮЛИЯ ГЕРАСИМОВНА  ИСМАИЛОВА БАХЫТГУЛЬ АНУАРБЕКОВНА  КУШАЕВА АЙЫМГУЛЬ КУАНДЫКОВНА  ПОПОВА ТАТЬЯНА АЛЕКСАНДРОВНА  СУЛЕЙМЕНОВА КУЛЬЖАН БАГИТЖАНОВНА  ПАСТУХОВА ГАЛИНА ПЕТРОВНА  КАЕВА ОЛЬГА ВЛАДИМИРОВНА  БАКЛАНОВ ВАЛЕРИЙ ИВАНОВИЧ  ЖАРЛАГАПОВА АЛИЯ БЕЙСЕНОВНА  ВЕШНЯКОВ СЕРГЕЙ НИКОЛАЕВИЧ  МАГАНБЕТОВА БАЯН КУАНЫШБЕКОВНА  УРАЗОВА БАЛДЫРГАН ЖЕНЫСОВНА  ЛЕБЕДЕВА СВЕТЛАНА ГЕННАДЬЕВНА  ВИШНЯКОВА НАТАЛЬЯ ВЯЧЕСЛАВОВНА  МУРЗАХМЕТОВА БИБИГУЛЬ  ТАТКЕНОВА ГУЛЬБАНУ ХАЙДАРОВНА  ПАЛЕНОВА СВЕТЛАНА ВЛАДИМИРОВНА  ДАСТАНОВА ГУЛЬЖАН ЖАКСАЛЫКОВНА  АСМЯТКИНА СВЕТЛАНА ВЯЧЕСЛАВОВНА  НЕСТЕРЕНКО ЕЛЕНА ПАВЛОВНА  ЛАТЫПОВА РИММА ЗУФЕРОВНА  МЕТАЛЬНИКОВА ОКСАНА ИВАНОВНА  ШАЯПОВА АНАР КУАНЫШБАЕВНА  АЙСЕНОВА СВЕТЛАНА ЖУМАГАЗИЕВНА  САЛИКОВ МУКАНБЕТРАХИМ КАЗИКАНОВИЧ  АҚПЕМБЕТОВА СӘУЛЕ ЖАЙСАНБАЙҚЫЗЫ  КОНЫСБАЕВА БАХЫТКУЛЬ ЗАРЛЫКОВНА  ИСКИНДИРОВА БАХЫТКУЛЬ ЖАКСЛЫКОВНА  АБДИНАЗАРОВА ЭЛЬНАРА РАХАТОВНА  ОСТРОВСКАЯ ЕЛЕНА ЛЕОНИДОВНА  ПРОКУРАТОВА СВЕТЛАНА ИВАНОВНА  ЗОЛОТАРЕВА НАТАЛЬЯ АЛЕКСАНДРОВНА  ЦИТЕРКОП НИНА ВИКТОРОВНА  ИМАНБАЕВ САМАТ АБДУЛЛЕВИЧ  ГЕТЕРЛЕ ИРИНА ГЕННАДЬЕВНА  ТАНКЕБАЕВА ГАУХАР СУРАГАНОВНА  НАСЫБУЛИНА ГАЛИЯ РИНАТОВНА  МАЙХАЙДАРОВА ЭВЕЛИНА СЕРГЕЕВНА  АБИЛОВА АНАСТАСИЯ ВЯЧЕСЛАВОВНА  ЕСЖАНОВА МАРИЯ БИГАЛЕЕВНА  КОШАНОВА ФАТИМА КУНДАУЛЕТОВНА  АДЖИБАЕВ МАРАТ ДАРИБАЕВИЧ  АБДЕНОВА НАТАЛЬЯ ВИКТОРОВНА  ПАЛЕЙ СВЕТЛАНА ИЛЬИНИЧНА  ПРОКУРОВА МЕЙРАМГУЛЬ ЖУМАБАЕВНА  УТЕУЛИНА БАКЫТЖАМАЛ ТАТАЕВНА  КОЖУХОВА ОЛЬГА ПЕТРОВНА  МАКАНАЕВА АЛМАГУЛЬ САДУОВНА  БУЗУРКАЕВ РИЗВАН ХОЖАХМЕДОВИЧ  КОСТЕНКО МАРИНА ВИКТОРОВНА  ВЕРБИЦКАЯ ИРИНА АНАТОЛЬЕВНА  КОБЗЕВА ЛЮДМИЛА ЮРЬЕВНА                       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/967098?lang=kk
Жолаушылар кедендік декларациясын қажет ететін тауарлар 05.04.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жолаушылар кедендік декларациясы – бұл Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу кезінде жеке тұлғалар толтыратын құжат екенін хабарлайды. Декларацияны тапсырудың келесі жолдары бар:- Электрондық үкімет порталы eGov.kz;- e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы. Жеке тұлғалар жолаушылар кедендік декларациясын тапсырады. Қызмет тегін көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі-жолаушылар кедендік декларациясы тіркелген сәттен бастап 4 сағат жұмыс уақыты ішінде. Жолаушылар кедендік декларациясы қажет тауарларға мыналар жатады:- 10 000 АҚШ долларына баламалы сомаға ақша (бағам шекарадан өткен күні ескеріледі);- жеке автокөлік құралдары;- бағалы материалдар;- мәдени құндылықтар;- жануарлар мен өсімдіктер;- қару және есірткі заттары.ЕАЭО аумағына әкелу кезінде саны мен құны бажсыз әкелу нормасынан асатын тауарлар да міндетті декларациялауға жатады.Жеке тұлғалар үшін тауарларды декларацияламағаны үшін әкімшілік, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік белгіленген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/967081?lang=kk
Ақжар ауылы мәдениет үйінде "Ұлыстын ұлы күні"наурыз мерекесін атап өтті. 05.04.2025
Ақжар ауылы мәдениет үйінде "Ұлыстың ұлы күні"наурыз мерекесің атап өтті.көрермендерге әсем ән мен ұлттық билер және дәстүрлі қойылымдар өтті.Қоңақтарға ақ дастарханнан наурыз көже ұсынылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-akzhar/press/news/details/967009?lang=kk
Департаменттің жұмыс уақытының регламенті 05.04.2025
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік Кодексінің 40-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыс регламентін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 2 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жұмыс уақытының регламенті өзгеретіні туралы хабардар етеміз.Департаментте, жұмыс уақытының ұзақтығы 8 сағат болған жағдайда, жұмыс күні 08:30-дан 17:30-ға дейін белгіленген. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.Назар аударғандарыңыз үшін рахмет!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/966981?lang=kk
Алматыда салық салу саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды 05.04.2025
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізді.Іс-шара барысында ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде ұсыныс қаралды. Кездесу Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов, Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Баедилов, Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысының орынбасары Дамир Бахытов, Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің аға тергеушісі Данияр Молдажан және Мемлекеттік кірістер департаментінің жеке құрамы қатысты.Қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептерді жою бойынша тиісті ұсыныстар енгізді.Атап айтқанда, салық төлеушілерді қабылдау кезінде қызметкерлердің жұмысын ведомстволық бақылауды енгізу, жемқорлық және құқық бұзушылықтар мәселелері бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің салық төлеушілермен байланыстарын минимизациялау үшін құжаттар мен қызметтерді алу мерзімдері туралы ақпаратты ашық интернет-ресурстарда орналастыру ұсынылды.Кездесу соңында қатысушыларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы өзгерту мен толықтырулар енгізу туралы және қызметкерлердің жұмысына ведомстволық бақылауды күшейту, жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы хабардар етілді.  # Заң_мен_ тәртіп# Заң мен тәртіп     Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/966966?lang=kk
«Еңбек жолы - 2025» республикалық байқауға қатысуға шақырамыз 05.04.2025
«Еңбек жолы - 2025» республикалық байқауға қатысуға шақырамызКонкурсқа кәсіпорындардың барлық қызметкерлері (саласына қарамастан) қатыса алады. Конкурс жеңімпаздарын өңірлік және республикалық комиссиялар келесі номинациялар бойынша екі кезеңде айқындайды:1) «Үздік еңбек әулеті» - осы кәсіпорында ең ұзақ еңбек өтілі бар (жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл) ең көп марапаттары бар ең көп әулет (бір отбасының үш және одан да көп ұрпағы) таңдалады.2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады (жұмыс өтілі кемінде 20 жыл).3) «Өндірістің үздік жас қызметкері» - өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады (жұмыс өтілі 5 жылдан аспайды);Өңірлік және республикалық кезеңдерге қатысу тегін, конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қабылдау ағымдағы жылдың 01 шілдесіне дейін жүргізіледі. Конкурс жеңімпаздарына тиісті диплом және ақшалай сомаға сертификаттар беріледі:- 1 орын үшін - 1 000 000 (миллион) теңге;- 2 орын үшін - 500 000 (бес жүз мың) теңге;- 3 орын үшін - 200 000 (екі жүз мың) теңге.«Еңбек жолы» байқауына қатысу ережесі мен тәртібі туралы толығырақ ақпаратты Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен (Саран қ., Жеңіс көш., 45, № 3 каб, анықтама телефоны 7 67 70) білуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/966955?lang=kk
Қазақстан мен Аустрия парламентаралық ынтымақтастықты дамытуда 05.04.2025
Вена, 2025 жылғы 31 наурыз – Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Мұхтар Тілеуберді Аустрия Парламенті Ұлттық кеңесінің Үшінші Президенті, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының мүшесі Дорис Буреспен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Аустрия арасындағы қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, Қазақстанның саяси жүйесін жаңғырту мәселелерін және елдің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын талқылады. Ерекше назар Еуроодақпен әріптестікті тереңдетуге, ЕҚЫҰ ПА және Еуропа Кеңесі ПА-мен демократияны нығайту саласындағы өзара іс-қимылға аударылды.Президент Бурес екіжақты ынтымақтастықтың тұрақты дамуын атап өтіп, Қазақстан мен Аустрия арасындағы әртүрлі салалардағы байланыстарды кеңейтуге қолдау білдірді. Ол сондай-ақ Қазақстан мен ЕО арасындағы саяси диалогтың жандануын, адам құқықтарын қорғау саласындағы реформаларды және Қазақстанның халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы ұстанымын жоғары бағалады.Тараптар екі елдің заң шығару органдары арасындағы өзара іс-қимылды халықаралық парламенттік ұйымдар аясында күшейтуді қоса алғанда, екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты жандандыруға уағдаласты. Парламенттік диалогты одан әрі нығайту мақсатында тұрақты кездесулер өткізуді жалғастыру ниеті білдірілді.Кездесу соңында Елші Тілеуберді Дорис Буресті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/966937?lang=kk
Қазақстан Республикасындағы инфляция 05.04.2025
2025 жылдың желтоқсандағы айлық инфляция деңгейі 0,9% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 1,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 0,7%, ақылы қызметтер 0,6% өсті.Өткен айда апельсин бағасы 2,6%, сәбіз – 2%, қант – 1,3%, жұмыртқа 0,1% төмендеді. Ал концентратталған сүт – 2,1%, қатты ірімшік – 1,8%, көкөніс шырындары 1,6% қымбаттады.Жекелеген дәрі-дәрмектердің бағасы төмендеді: супрастин – 18,5%, энап – 5,2%, канефрон – 1,4%, йодомарин мен азитромицин – әрқайсысы 0,9%-дан. Автомобильдер – 0,4%, электр құралдары 0,9% арзандады. Смартфондар – 0,9%, жеке гигиена тауарлары 1,1% қымбаттады.Коммуналдық қызметтер арасында су бұру тарифтері 2,4%, суық су – 0,9% төмендеді. Бір ай ішінде такси қызметтері 1,8%, моншаға бару – 2,1%, кинотеатр қызметтері – 2,9% қымбаттады.2025 жылғы жылдық инфляция 12,3% құрады. Желтоқсанда азық-түлік тауарларының жылдық деңгейі – 13,5%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 11,1%, ақылы қызметтердікі 12% өсті.Азық-түлік тауарлары арасында жылдық мәнде баға қызанаққа – 7,9%, күрішке – 4,8%, қиярға – 4,7%, тәтті бұрышқа – 2,7%, кептірілген өрікке 2% төмендеді. Керісінше жүзім – 7,7%, көк шай бағасы 7,9% өсті.Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында аяқ киімге жағатын крем бағасы 10,8%, сантехникалық қоспалауыш – 8,5%, электр бұрғысы 6,6% қымбаттаған.2025 жыл ішінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында суық су тарифтері 13,1% төмендеді. Аяқ киім жөндеу бағасы – 10,1%, пошта қызметтері – 8,9%, автосақтандыру 6,5% өсті.Өңірлер арасында жылдық инфляцияның төмен деңгейі Алматы қаласы мен Қостанай облысында – 11,7%, сондай-ақ Абай, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында байқалды – 11,8% деңгейінде. *2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.*2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі –   40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1136851?lang=kk
2025 жылдың 1 сәуірінде аудандық ұйымдардың, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің және дербес бөлім басшыларының қатысуымен аудан әкімдігінің отырысы өтті. 05.04.2025
Отырыс барысында мәселелер қаралды:1. Жақсы ауданында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындық туралы;2. Жақсы ауданында туризм мен спортты дамыту туралы.Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті. Әкімдік отырысының күн тәртібінде мәселелер қаралды:1. Су тасқыны кезеңінен өту бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы;2. Жақсы ауданын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу туралы;3. Орындаушылық тәртіп және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/966899?lang=kk