Әлем
Қосшы қаласының креативтік хабында қолөнершіліктің өзекті мәселелері талқыланды 05.04.2025
Қосшы қаласының креативтік хабында қолөнершілердің Мәжіліс депутаттары, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесуі өтті.Іс-шараны ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы, депутат Нұргүл Тау жүргізді.Кездесудің негізгі тақырыбы – креативтік индустрияларды мемлекеттік қолдау болды. Бұл салада қолөнершілік басым бағыттардың бірі саналып, жалпы креативтік нарықтың үштен бірін құрайды. Бүгінде Қазақстанда 46 мыңға жуық қолөнершілікпен айналысатын субъект тіркелген.Тарихи түрде қолөнершілік орталықтары елдің оңтүстік өңірлерінде – Түркістан, Тараз, Шымкент қалаларында шоғырланған. Жақында ғана Түркістан қаласына «Қолөнершілер қаласы» мәртебесі берілді. «Ерекше мәртебе туралы» заңға сәйкес, жергілікті бюджет есебінен қолөнершілердің шығындарының 10-25%-ын өтеу қарастырылған.Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов өз сөзінде қазіргі уақытта креативтік индустрияны қолдаудың екінші пакеті қаралып жатқанын, оның ішінде қолөнершілерді қолдаудың да құралдары бар екенін атап өтті.Кездесу барысында қолөнершілік саласына қатысты басқа да мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, қолөнершілерге көрме алаңдарын бөлу және олардың өнімдерін коммерцияландыру жайы қозғалды.Айта кетейік, биыл креативтік индустрияларды қолдау және дамыту туралы заң қабылданды. Сондай-ақ, Бюджет кодексіне сәйкес, бірыңғай лотерея операторының табысының 3%-ы тоқсан сайын Креативтік индустрияларды дамыту қорының корпоративтік қорына аударылатын болады. Бұл қор шілде айынан бастап жұмыс істейді. Сонымен қатар, кездесуде депутат Аманжол Әлтай Қазақстанда Қолөнершілер күнін және «Халық шебері» ұлттық сыйлығын бекітуді ұсынды. Бұл мәселе Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында қаралатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/966876?lang=kk
Көлік салығын төлемеген автокөлік иелерінің көліктерін алып қою жағдайына тап болу қаупі бар 05.04.2025
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті көлік салығын төлемеген автокөлік иелерінің машиналарын алып қою жағайына тап болу қаупі бар екенін ескертеді.МКД мұндай шаралар қандай жағдайларда қолданылатынын және оларды қалай болдырмау керектігін хабарлайды.Көлік салығы Қазақстандағы көлік құралдарының иелері үшін мемлекеттік бюджетке міндетті жыл сайынғы төлем болып табылады.Тек белгілі бір санаттағы адамдар ғана салықтан босатылады, ал бұл міндеттемені елемейтін автокөлік иелері ықпал ету шараларына тап болу қаупі бар: өсімпұлдан мүлікті алып қоюға дейін.Жолдарда полиция мен сот орындаушыларының қатысуымен "қарызды" салық төлеушілерді ұстау үшін рейдтер жүргізілетін болады.1 АЕК-тен жоғары берешек сомасы бойынша салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтары жіберілетін болады.Берешек табыс етілгеннен кейін 5 жұмыс күнінен кейін төленбеген жағдайда, салық Бұйрығы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындауға беріледі. Өз кезегінде, жеке сот орындаушылары "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банктік шоттар мен мүлікке тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы. Оның ішінде 40 АЕК-тен берешегі бар болса, азаматқа ҚР-дан шығуға тыйым салынуы мүмкін.Бұдан басқа, мемлекеттік кіріс органдары уәкілетті органдармен (полиция департаменті және ТЖК өңірлік палатасымен) бірлесіп көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешегі бар жеке тұлғаларға қатысты іс-шаралар жүргізетін болады.ҚР-дан шығуға тыйым салу туралы ақпаратты сілтеме бойынша өту арқылы білуге болатындығын қосымша хабарлаймыз https://aisoip.adilet.gov.kz/debtors .Алдағы жазғы демалыс және демалыс маусымы кезеңінде жағымсыз салдардың алдын алу үшін Департамент салықтар бойынша берешек болған жағдайда берешекті өтеуді ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/972577?lang=kk
Барлық гидроқұрылыстағы жағдай тұрақты – Су ресурстары министрлігі 05.04.2025
Барлық гидроқұрылыстағы жағдай тұрақты – Су ресурстары министрлігіСу ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суларды өткізу және қабылдау кезінде гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі мен жұмыс режимін бақылайды. Бұдан бөлек, тасқын судың су айдындарына бағытталуын қамтамасыз етеді. Өткізу қабілетін жақсарту үшін 240 шақырым өзен арналарын тазарту, кеңейту және тереңдету жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева хабарлады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/966848?lang=kk
Елімізде мемлекеттік қызметтердің 92%-на қашықтан қол жеткізуге болады 05.04.2025
Елімізде мемлекеттік қызметтердің 92%-на қашықтан қол жеткізуге болады2024 жылы Қазақстанда 340 млн астам мемлекеттік қызмет онлайн-форматта көрсетілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kamysty-klochkov/press/news/details/966846?lang=kk
Қазақстан мен Словения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді 05.04.2025
2025 жылғы 31 наурызҚасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусар бастаған делегацияға құрмет көрсетіп, Қазақстанның Еуропадағы уақыт сынынан өткен сенімді серіктесі Словениямен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бейіл екенін растады.– Сіздің бұл сапарыңыз екі ел арасындағы өзара ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды. Жаңа ғана көптеген тақырыпты, оның ішінде халықаралық ахуалға байланысты кейбір нәзік мәселелерді талқылаған аса мазмұнды кездесу өткіздік. Біз екіжақты ықпалдастықты дамытуға ниетті екенімізді қуаттадық. Нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз, – деді Қазақстан Президенті.Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынастарға тың серпін беретін бағыттарды атап өтіп, Қазақстанда Словения бизнесіне қолайлы жағдай жасауға ниетті екенін жеткізді. Бұл үшін кәсіпкерлік қызметті реттеудің ашықтығын қамтамасыз ету, инвестицияны қорғау мен экономиканы әртараптандыру көзделіп отыр.Мемлекет басшысы Астанада өтетін Қазақстан-Словения бизнес-форумына ерекше мән беретінін жеткізіп, аталған жиын екі елдің сауда-инвестициялық байланысын одан әрі кеңейтетініне тоқталды.Наташа Пирц-Мусар Астанада қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.– Бұл сапар экономикалық ынтымақтастығымызды тереңдетуге септігін тигізеді деп ойлаймын. Аталған мақсатты екі ел де қолдайды. Бұдан да жоғары жетістіктерге жететінімізге сенімдімін. Оған біздің мол мүмкіндігіміз бар. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы жыл сайын артып келеді. Өзіңіз айтқандай, Словенияның Қазақстан экономикасына салған инвестициясының көлемі 200 миллион долларға жетті. Бірақ әлеуетіміз бұдан да зор. Осы себепті Астанаға менімен бірге Словенияның жетекші 25 компаниясынан құралған үлкен бизнес-делегация келді. Мен бұған қуаныштымын, – деді Словения Президенті.Тараптар сауда, инвестиция, көлік-логистика, маңызды минералдар, цифрландыру, жасанды интеллект, денсаулық сақтау және туризм сияқты перспективті салалардағы ықпалдастықтың бірқатар мәселесін қарастырды.Келіссөздер қорытындысы бойынша президенттер Бірлескен мәлімдеме қабылдады.Ресми делегация мүшелері төмендегідей құжаттарға қол қойды.1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Словения Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновация министрлігі арасындағы білім және ғылым саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Словения Республикасы Экономика, туризм және спорт министрлігі арасындағы туризм саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;3. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Словенияның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/966832?lang=kk
Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. сотталды 05.04.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.Ағымдағы жылдың 20 наурызында Тараз қаласының соты Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. Д. Кемеловқа қатысты үкім шығарды.Шенеунік жүк автомашиналарының иелері мен жүргізушілері М. Мамыровтан, Н. Абдуллаевтан және Е. Қанатовтан облыс аумағы бойынша кедергісіз жүріп-тұрғаны үшін 100 мыңнан 450 мың теңгеге дейін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.Мамыров пара берумен қатар, Абдуллаев пен Қанатовтан Кемеловтың пара алуына делдал болған.Кемелов 6 жылға, Мамыров 3 жылға бас бостандығынан айырылды, пара берушілер Абдуллаев пен Қанатовқа әрқайсысына 5,6 млн теңге айыппұл тағайындалды.Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.ТЕЛЕАРНАЛАР ҮШІН ВИДЕО: https://disk.yandex.kz/d/NX5wonPkWczMQA #Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/966826?lang=kk
«Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының» директоры сотталды 05.04.2025
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.Ағымдағы жылдың 19 наурызында Алматы қаласының Медеу аудандық сотымен «Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының» директоры Байсеркин Б., оның орынбасары Әбішев А. және «Халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының» директоры Толемісова А. сотталды.Байсеркин өзінің орынбасары Әбішевтің көмегімен кәсіпкер Толемісовадан медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі консорциум шарты шеңберінде жұмыстар мен қызметтерді кедергісіз орындағаны үшін 5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.Сот үкімімен Байсеркин мен Әбішевке әрқайсысына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.Сол үкіммен Төлемісова аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП _ ❗️Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424 және @antikorkz_bot Telegram-боты арқылы шұғыл хабарлаңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption/press/news/details/966822?lang=kk
Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін алимент өндіріп алу туралы «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізілді. 05.04.2025
2025 жылының 31 наурызында СҚО Әділет департаменті, СҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, СҚО жеке сот орындаушылары Карьерлік орталықпен бірлесіп атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді жұмысқа орналастыру үшін алимент өндіріп алу туралы «Бос орындар жәрмеңкесін» өткізілді.Бұл іс-шара борышкерлерді кәсіпорындар мен ұйымдардағы бос жұмыс орындары туралы хабардар ету және одан әрі жұмысқа орналастыру мақсатында тұрақты негізде өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/966821?lang=kk
Құрғақ шөп санаулы секундта тұтанады. 05.04.2025
Құрғақ шөп санаулы секундта тұтанады. Желді ауа райында от лезде саяжай қауымдастықтарына, ағаш құрылымдарға және орман аймағына таралуы мүмкін.Өрт қаупі жоғары кезеңде келесі ережелерді сақтау қажет:Елді мекендер аумағында жанғыш қалдықтарды төкпеңіз.Саяжай қауымдастықтарының айналасында минералданған жолақтар жасалуы керек.Саяжай учаскелерінде су толтырылған бөшке және бастапқы өрт сөндіру құралдары болсын.Құрғақ шөпті өртеуге болмайды.Құрғақ және желді ауа райында от жақпаңыз, өшірілмеген отты қалдырмаңыз.Балалардың отқа қауіпті заттармен ойнауына жол бермеңіз.Жеке учаскеңіздің айналасындағы құрғақ шөпті шабыңыз.Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.Өрт шыққан жағдайда 101 және 112 нөмірлеріне шұғыл хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-kurchum/press/news/details/966809?lang=kk
Кәсіпкерлік нысан иелеріне түсіндірме жұмыстары 05.04.2025
Баянды ауылы әкімінің аппараты кәсіпкерлік нысан иелеріне “Таза Қазақстан” экологиялық акция аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Түсіндірме жұмыстары барысында ауыл аумағындағы кәсіпкерлерге өздеріне тиісті аумақтарға тазалық жұмыстарын жүргізу қажеттілігі түсіндірілді.Кәсіпкерлерге аталған талаптар орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шара қолданылатыны ескертілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/966774?lang=kk
Сенбілік жұмыстары 05.04.2025
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Баянды ауылында сенбілік өткізілді. Іс-шара барысында ауыл аумағында санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, қоқыстар жиналып, тазартылды.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1111777?lang=kk
Қызылорда облысының тұрғындары жаппай сенбілікке қатысты 05.04.2025
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өңірдің қала, ауыл, елді мекендерінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.Тазалық шараларына 80 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.Көпшілік біркісідей атсалысқан тазалық жұмыстарынан кейін 3 300 тоннадан астам қоқыс қалдығы шығарылды. Елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи мәдени ескерткіштер, әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп және бизнес нысандары, су объектілері мен көшелердің бойы тазартылды. Оған 600-ден астам техника жұмылдырылды. Бүгінде облыс аумағына 9560 түп тал отырғызылды.Алдағы уақытта да жұмыс ауқымы кеңейе бермек. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/966700?lang=kk
Қазалыда сенбілік жұмыстары қарқынды жүргізілді 05.04.2025
Қазірде күн тәртібінен түспейтін басты мәселелердің бірі – тазалық жұмыстары. Наурыз айының басынан бастап ауданымызда санитарлық тазалық жұмыстары басталған болатын. Қазалы ауданы бойынша кент, қала және барлық ауылдық округтерде тазалық, көркейту және көгалдандыру шаралары, яғни жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.Сенбілік барысында елді мекендерге баратын автожолдардың жиегінде өскен шөптерден тазарту жұмыстары, «Қарамайкөл» аумағы, Водокачка елді-мекеніне барар жол аумағы, Батыс теміржол өткелі мен Бөрқұлақов көшесінің аралығы, Әйтеке би кентіндегі орталық көшелері және жол жиегіндегі бордюрлері әктеліп, ағаштарды балақталып, көшедегі аяқ су арықтары тазартылды.Аудан орталығында жүргізілген сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап көріп, Әйтеке би кентінің әкімі Әліби Әбиев пен әрбір тазалық жұмыстары бойынша аймақтардың басшыларына тазалық шараларына байланысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.Айта кетейік, тазалық шараларына қатысқан мекемелер саны – 120, адамдар саны – 2146, техникалар саны – 41 және 26 тонна бей-берекетсіз қоқыстар мен тұрмыстық қалдықтар арнайы орынға шығарылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/966692?lang=kk
2025 жылғы 30 наурызда өткен Өскемен қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама 05.04.2025
2025 жылғы 30 наурызда № 22 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Өскемен қалалық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.Сайлаушылар тізіміне 10 084 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 6585 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 7 сайлаушы қатысты.Кандидаттардың жалпы саны -3.№ 22 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Өскемен қалалық мәслихатының депутаты сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді: Мендыбаев Ермек Ерсінұлы үшін сайлаушылардың 453 дауысы берілді,Оразгалиев Серик Муратбекович үшін сайлаушылардың 5535 дауысы берілді,Санбаев Жамбулат Алимханович үшін сайлаушылардың 461 дауысы берілді.«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 53; Сайлау қорытындысымен № 22 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Өскемен қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды:Оразгалиев Серик Муратбекович, 1973 жылы туған, «Өскемен Әуежайы» АҚ, президент, Өскемен қаласы. Өскемен қалалық аумақтық сайлау комиссиясыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/966687?lang=kk
Жоғары Сот Кеңесі бекітілген кестеге сәйкес облыстық соттардың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына – 10 бос орынға, облыстық соттар судьяларының лауазымдарына – 33 бос орынға кезекті конкурс жариялайды 05.04.2025
Жоғары Сот Кеңесі бекітілген кестеге сәйкес облыстық соттардың сот алқалары төрағаларының лауазымдарына – 10 бос орынға, облыстық соттар судьяларының лауазымдарына – 33 бос орынға кезекті конкурс жариялайды.Конкурсқа қатысуға «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтар жіберіледі.Қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2025 жылғы 15 сәуірге дейін қоса алғанда, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер Үйі, № 1В кіреберіс мекенжайы бойынша құжаттарды ұсынылуы тиіс.Толық ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің ресми интернет-ресурсында жарияланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/966679?lang=kk
Қызылорда облысының Еуропадағы өнер күндері Испанияда қорытындыланды 05.04.2025
Қызылорда облысының Финляндия, Эстония мемлекеттерінде өткен өнер күндері одан әрі Испанияның Мадрид қаласында жалғасып, Ұлыстың ұлы күніне арналған концертпен қорытындыланды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен ұйымдастырылған осы өнер сапары барысында Еуропа жұртшылығы Наурыз мерекесінің тарихи және мәдени маңызы туралы мол ақпаратқа қанықты. Сапардың мақсаты да осы, яғни қазақ халқының ұлттық мұрасын әлем жұртшылығына таныстыру, шығармашылық ұжымдармен тәжірибе алмасу болатын. «NAURYZ – CELEBRATION OF SPRING» атауымен өткен концертке көрермен көп жиналды. Онда Қазақстанның Испания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Данат Мұсаев пен Леганэс қаласы әкімінің орынбасары Дэльгадо Карлос сөз сөйлеп, Сыр елінің өнерпаздарына алғыс білдірді.Бай мәдениеті, тарихы және тамаша табиғатымен әйгілі Испания елі өзінің тамыры терең өнерін, ғажайып сәулетін мақтаныш етеді. Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен ұлттық өнерінен үндестік тапқандықтан, көрермен қауым сахнада шырқалған ән-жырға, жалпы концерттік бағдарламаға зор қызығушылық танытты. Қызылорда облыстық филармониясының өнерпаздары күн мен түннің теңелетін, күллі тіршілік қайта түлейтін табиғат мерекесінің бар бояуын жарқыратып ұсынды. «Жарапазан» айтылып, қазақтың игі дәстүрімен шашу шашылды. Наурыз- думанның басталғанын «Тойбастар» әнімен көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына, диаспора мүшелеріне, қазақстандық және шетелдік студенттерге ұлт қазынасының мол мұрасы туралы мағлұмат берді.Концертке «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі (жетекшісі – Нұрғиса Нұрбай), Руслан Ахметов, Шолпан Бимбетова, Самал Байсейтова, Ақмарал Ноғайбаева, Марат Сүгірбай, Мұхтар Ниязов, Бағдәулет Қарғабаев, Сымбат Тасбергенова, Мағжан Аманжолов, Ақылбек Табынбаев, Тоқтар Ағыраев, Ақнұр Аманбаева, Сәбит Ділдабаев, Алмас Әлжанов, Заманбек Нысанбаев, Арман Төлеш қатысып, өнер көрсетті. Гастрольдік сапарда көрерменге концерттік бағдарламамен қатар, қазақ халқының ұлттық тағамдары ұсынылды. Ұлттық нақышпен безендірілген сый-сияпат та таратылды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/966678?lang=kk
«Озық Ұрпақ» жобасы аясында Риддер қаласында робототехника бойынша турнирді өткізу қорытындысы 05.04.2025
ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы «Группа Роботек» компаниясымен бірлесіп, 2025 жылғы 31 наурызда Риддер қаласында «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы базасында робототехника бойынша іріктеу турнирін өткізді. Турнир үш санат бойынша өтті: Роботек, Инверсиялық сызық бойымен жарыс және Робот-жеткізуші. Іс-шараның мақсаты – заманауи технологияларды меңгеру үшін жағдай жасау, инженерия, IT және инновациялық технологияларға қызығушылықты арттыру, оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту, олардың роботтарды бағдарламалау және жобалау дағдыларын бағалау және жетілдіру, сондай-ақ мұғалімдердің біліктілігін арттыру және білім беруге заманауи әдістерді енгізу. Турнир «Озық Ұрпақ» білім беру жобасы аясында өткізілді. Бұл жоба бойынша Риддер қаласындағы 8 мектепте робототехника үйірмелері ашылып, мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетілді.Турнирге 7 жастан 17 жасқа дейінгі 31 оқушы қатысты.Бағалау нәтижелері бойынша эксперттік қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар атанды:I орын – Мұратбек Баян, Свахина Милана, «№2 орта мектеп» КММ оқушылары; II орын – Усов Руслан, Баталов Богдан, «№10 орта мектеп» КММ оқушылары. «Инверсиялық сызық бойымен жарыс» санаты бойынша:I орын – Дидиченко Артём, Дидиченко Оксана, «№10 орта мектеп» КММ оқушылары; II орын – Борзенкова Ева, Засыпкина Елена, «№2 орта мектеп» КММ оқушылары. «Робот-жеткізуші» санаты бойынша:I орын – Туғазы Заңғар, Қуанышұлы Абдрахман, «№16 орта мектеп» КММ оқушылары.Турнир жеңімпаздары І, ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.Робототехника бойынша іріктеу турнирінің барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.«Қазцинк» мектеп оқушыларын робототехникаға үйрету бойынша білім беру жобасы аясында турнирге демеушілік жасап, оның сәтті жүзеге асырылуын қамтамасыз етті.І дәрежелі диплом иегерлері мамыр айында Астана қаласында өтетін Республикалық халықаралық «Robotek Grand Tournament 2025» чемпионатына қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/966630?lang=kk
Қорғаныс министрлігіне Тәжікстанның әскери делегациясы келді 05.04.2025
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерінің жұмыс кездесуі өтті.Брифингте шетелдік қонақтарға Қазақстан Қарулы күштерінің қызметі таныстырылды.Сапар аясында тәжік делегациясы Ұлттық қорғанысты басқару орталығына барды. Дағдарыс жағдайында ақпараттық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша тәжірибе алмасу өтті. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.Іс-шара Қазақстан мен Тәжікстан қорғаныс министрліктері арасындағы 2025 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/966629?lang=kk
Әкімдік отырысы 05.04.2025
Ағымдағы жылдын 31 наурызында қала әкімі Б.Абдралиев , Курчатов қаласы әкімдігінің отырысын өткізді. Отырыс барысында «Қорғау құрылымдарын дайындау, кәсіпорын қызметтерінің болуы мүмкін төтенше жағдайларға дайындығын қамтамасыз ету және оларды жабдықтау бойынша шараларды қабылдау туралы», «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету шаралары: қазіргі жағдайды талдау, қаржыландыру, қолдау механизмдері, сапаны бақылау және қолданыстағы заңнамалық кедергілер», «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға бергені үшін дебиторлық берешекті қысқарту жөніндегі шаралар туралы: ағымдағы жай-күйі, өндіріп алу жөніндегі жұмыс, одан арғы қадамдар, сондай-ақ жалдау шарттарының талаптарын орындау фактілері», «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасын іске асыру барысы: қол жеткізілген нәтижелер, мәселелер және нақты жоспарлар туралы», «Қаланың білім беру объектілерінің аумақтарын абаттандыру жоспарлары: ағымдағы жағдайы, жоспарланған іс-шаралар және оларды жүзеге асыру мерзімдері туралы», «Қалалық ауруханаға білікті мамандарды тарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы: қазіргі кадрлық жағдай, проблемалар және оларды шешу жолдары» мәселелері қаралды. Барлық баяндамалар тыңдалып, тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/966622?lang=kk
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды 05.04.2025
Барлығы: 43 бос орын.облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқалары төрағаларының бос орындары – 10;облыстық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары – 33.Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Коституциялық заң) талаптарына сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі:- облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқаларының төрағалары үшін – 30-бабының 4-тармағы;- облыстық және оған теңестiрiлген соттардың судьялар үшін – 29-бабының 4-тармағы.Конституциялық заңның мәтіні: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z000000132Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесін Жоғары Сот Кеңесіне жіберу қажет (жүктеу).Құжаттарды тапсыру кезінде кандидаттардың құжаттарының электрондық көшірмелерін (енгізілетін құжаттардың сканерленген нұсқалары) электрондық жеткізгіште (диск, флеш-карта) қоса беру қажет.Барлық ұсынылған құжаттарда өзекті ақпарат болуы тиіс, қолы және жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі және күні болуы тиіс.Егер конкурсқа қатысушылардың мәліметтері олар құжаттарды тапсырғаннан кейін өзгерсе, онда олар 1 күн ішінде Кеңестің аппаратына жаңартылған ақпаратты (жазаға тартылуы, лауазымының өзгеруі, өзінің немесе жақын туысқандарының қылмыстық жауаптылыққа тартылуы және т.б.) ұсынуы тиіс.«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 7-тармағына сәйкес бос судьялық лауазымға орналасуға арналған конкурсқа:1) егер осы Конституциялық заңның 40-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза алып тасталған күннен бастап бір жылдан аз уақыт өтсе, судьяның;2) егер Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия оған қатысты осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген шешім шығарған күннен бастап екі жылдан аз уақыт өтсе, судьяның;3) атқаратын лауазымда екі жылдан аз уақыт жұмыс істеген судьяның;4) Жоғары Сот Кеңесі мүшесінің қатысуына жол берілмейді.Құжаттарды ұсыну мерзімдеріҚұжаттар 2025 жылғы 15 сәуірді қоса алғанда келесі мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Жоғары Сот Кеңесі.Құжаттар тиісінше немесе толық рәсімделмеген жағдайда кандидаттар конкурсқа жіберілмейді және құжаттар кері қайтарылады.Қосымша мәліметтерКонкурстың қорытындылары туралы ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастырылады (www.vss.gov.kz).Анықтама алу үшін байланыс телефондары: 8(7172) 75-03-09, 74-96-47, 74-97-63, 74-91-03.Бос орындар тізімі сілтеме бойынша (өту)Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/966614?lang=kk