Enbekshi QazaQ

Әлем

Гвардейск гарнизонының артиллеристері Астанадағы Жеңіс парадына қатысады 05.04.2025
54-ші артиллериялық құраманың жүзге жуық әскери қызметшісі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындыққа қатысу үшін елордаға аттанды.Жеке құрам өздерімен бірге шеру өтетін жерге Шпагин пситолет-пулеметтерін, 7,62 мм калибрлі «Максим» пулеметтерін, Орал-4320 базасындағы «Прима» реактивті жүйесінің жауынгерлік машиналарын және 2А65 152 мм гаубицаларын әкелуде.– Біздің әскери қызметшілер қарқынды дайындықтан өтті және Гвардейск гарнизоны мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы атынан шеруге қатысуға дайын, – деді құрама командирі полковник Дәулет Жорғатаев.54-ші артиллериялық құраманың тарихы 1941 жылы Барнауыл қаласында құрылған 828-ші артиллерия полкінен басталады. 1942 жылы 3 наурызда бір бөлігі Батыс майданға аттанып, онда 51-ші армияның 298-ші атқыштар дивизиясының құрамында ірі жауынгерлік операцияларға қатысты.1942 жылғы 23 қарашадан 1943 жылғы 3 ақпанға дейінгі Сталинград шайқасы кезінде полк жау тобын қоршауға алып, жою шайқастарына қатысты. Көрсеткен ерлігі үшін бөлімге құрметті гвардиялық атағы берілді. Кейін171-ші гвардиялық артиллериялық полк болып өзгертілді. 1946 жылы маусымда құрама Самарқандқа, ал 1970 жылы Жамбыл облысының Гвардейск кентіне көшірілді. – Жеңіс шеруіне қатысу мен үшін үлкен мәртебе. Үлкен атам Нұрмұхан Есімов пен оның бауыры Нұрғазы Ұлы Отан соғысы майданында соғысқан. Елордада өтетін осы маңызды оқиғаға қатысу құрметіне ие болғанымды мақтан тұтамын, – деп атап өтті гвардия қатардағы жауынгері Ілияс Есімов.Аға буынның жауынгерлік дәстүріне адал артиллериялық құрама әскери қызметшілерінің Жеңіс шеруіне қатысуы – фашистік басқыншылармен болған қанды шайқаста бейбітшілік үшін қан төккен қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне көрсеткен құрмет болмақ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/965411?lang=kk
Танзания Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуде 05.04.2025
Дар-эс-Салам, 2025 жылғы 27 наурыз – Біріккен Танзания Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі және Танзаниядағы Елшісі қызметін қоса атқарушысы Еркін Ахинжановтың Танзания Сыртқы істер министрінің орынбасары, Парламент депутаты Денис Лондомен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық байланыстарды, білім беруді және гуманитарлық өзара іс-қимылды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, визалық мәселелерге ерекше назар аударылды. ҚР азаматтары келгеннен кейін алдын ала өтінішсіз виза ала алатын елдердің қатарына қосу туралы келісімге қол жеткізілді. Қазақ тарапы бұл қадамды екі ел арасындағы достық қатынастарды дамытуға қосылған үлес ретінде бағалап, ризашылығын білдірді.Елші Танзания тарапына елімізде жүзеге асырылып жатқан негізгі саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ Қазақстанда жоспарланған ірі халықаралық іс-шаралар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Астана халықаралық форумы (AIF2025) – әлемдік сын-тегеуріндерді талқылауға арналған жаһандық платформа және діни мен саяси көшбасшылар арасындағы диалогқа ықпал ететін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі ұсынылды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/965400?lang=kk
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша алматылықтардан түскен өтінімдер саны 18 есе өсті 05.04.2025
Алматының дамуындағы маңызды бағыт «Халық қатысатын бюджет» жобасы (ХҚБ) болып табылады, онда қала тұрғындары өтінім береді және іске асыру үшін тиісті жобаларды таңдайды. 2024 жылы ХҚБ аясында 18,8 млрд теңге сомасына 364 жоба іске асырылды, деп хабарлайды қалалық қаржы басқармасы.Бұл ретте алматылықтардан берілген өтінімдер саны «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы іске қосылған 2019 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 18 есеге өсті. Содан кейін тұрғындардан барлығы 333 жобалық ұсыныс келіп түсті, ал 2024 жылы – 6118 өтінім. Оның ішінде өткен жылы дауыс беруге 1402 жоба және іске асыруға – 316 жоба жіберілді.Айта кетейік, үш жыл ішінде Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы аясында 39,1 млрд теңгеге 938 жоба іске асырылды. ХҚБ жобаларына 2025 жылға арналған қала бюджетінде 17 млрд теңге қарастырылған.Естеріңізге сала кетейік, осы бағдарлама аясында тұрғындардың өздері абаттандыру идеяларын ұсынады, оларды жоба деңгейіне дейін пысықтайды, содан кейін онлайн дауыс беру арқылы жеңімпаздарды таңдайды. ХҚБ бағдарламасының арқасында Алматыда жаңа саябақ-жағалау аймақтары, қоғамдық кеңістіктер құрылуда, ескі аулалардың келбеті жақсаруда, жаяу жүргіншілер аймақтары, балалар алаңдары, аллеялар және басқа да нысандар абаттандырылуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/965384?lang=kk
Қазақстан мен Марокко парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуда 05.04.2025
Рабат, 2025 жылғы 26 наурыз – Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан-Марокко парламентаралық достық тобының төрағасы, Марокко Корольдігі Парламенті Өкілдер палатасының Қаржы және экономикалық даму комитетінің мүшесі Абделқадер Тахармен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келуін қошеметтеп, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Екі ел парламент төрағаларының саяси диалогын дамыту және олардың өзара сапарларын ұйымдастыру үшін маңызды қадам ретінде Қазақстан мен Марокко парламенттері арасында достық тобының кезекті отырысын Астанада өткізу жөнінде сөз қозғалды.А. Тахар ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Мароккоға ресми сапарының нәтижелерін жоғары бағалап, 2025 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық төлқұжаттардың иелері үшін визасыз режим туралы келісім күшіне енуімен екі бауырлас ел арасында байланыстарға жаңа серпін беретіндігіне назар аударды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/965377?lang=kk
Қазақстан Елшісі Танзания Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 05.04.2025
Дар-эс-Салам, 2025 жылғы 28 наурыз – Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі, Мозамбик Республикасындағы және Біріккен Танзания Республикасындағы Елшісі қызметін қоса атқарушысы Еркін Ахинжанов Танзания Президенті Самия Сұлуху Хасанға сенім грамоталарын табыс етті.Іс-шараның салтанатты рәсімі аясында өткен сұхбат барысында тараптар екі ел арасындағы достық қарым-қатынасына тоқталды. Саяси диалогты, сауда-экономикалық ынтымақтастықты және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жан-жақты нығайтуға бағытталған дәйекті саясатты жалғастырудың маңыздылығы аталып өтті.Танзания Президенті Қазақстанның осы елдегі тұңғыш Елшісі Е. Ахинжановқа дипломатиялық миссиясында табыс тілеп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту өзара өркендеу мен дамуға ықпал ететініне сенімін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-pretoria/press/news/details/965401?lang=kk
Колледжде «Заң және тәртіп: Әділеттіктің басты шарты» тақырыбында дәріс өтті 05.04.2025
Ағымдағы жылдың 28 наурызында Алматы технология және флористика колледжінде «Заң және тәртіп: Әділеттіктің басты шарты» тақырыбында  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы департаменті басшысының бірінші орынбасары Жарқын Ғалымовпен кездесу өткізілді.Өз сөзінде Жарқын Ғалымов құқықтық мемлекетті қалыптастырудағы жастардың маңызды рөлін ерекше атап өтті. Ол елдің болашағы жастардың азаматтық белсенділігіне, құқықтық санасы мен жауапкершілігіне, сондай-ақ әділдік және парасаттылық қағидаттарына деген адалдығына тікелей байланысты екенін айтты.Сонымен қатар, академиялық адалдық тақырыбы қозғалып, жоғары және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы әділдік пен ашықтықты сақтау қажеттілігі талқыланды. Студенттерге плагиат, парақорлық, жалған құжат жасау сияқты теріс әрекеттердің құқықтық және моральдық салдары туралы түсіндірілді.Студенттерге тақырыптық бейнероликтер көрсетілді, содан кейін ашық пікірталас өтті, онда студенттер сұрақтар қойып, шақырылған спикермен құқықтық тәртіптің өзекті мәселелерін талқылай алды.Іс-шараға қатысушыларға құқықтық сауаттылығын арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және қоғамдағы адалдық пен заңдылық құндылықтарын таратуға ықпал етеді. # Заң_мен_жоғары тәртіп# Заң мен тәртіп           Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/965350?lang=kk
Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 29,6 мың ағаш отырғызылды 05.04.2025
Өңір экологиялық бастаманы белсенді қолдады: 2025 жылдың басынан бері жүздеген су айдыны, саябақ пен аулалар тазартылды. Сенбілікке ондаған мың тұрғын мен мыңдаған кәсіпорын өкілдері қатысты. Нәтижесінде 1,9 мың тонна қоқыс жиналып, 29,6 мың ағаш отырғызылды, сондай-ақ 13 келі түрлі ағаш тұқымы себілді.“Алматы облысы – Қазақстанның ең көркем өңірлерінің бірі. Оның тазалығы мен сұлулығын сақтау – әрқайсымыздың борышымыз. Қаншама адамның бұл іске бей-жай қарамай, өз үлесін қосқаны қуантады”, – деді акцияға қатысушылардың бірі.2025 жылдың басынан бері 1 952 көпқабатты тұрғын үй ауласы, 55 саябақ пен сквер, 254 тарихи-мәдени ескерткіш және 462 әлеуметтік нысан тазартылды. Сонымен қатар 241 өзен, көл және су қоймасының жағалауы ретке келтіріліп, жұмыстарға 956 техника тартылды.Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өңірде арнайы медиа-жоспар бекітілді. Соның аясында 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында 7 998-ден астам материал жарияланған.«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өңірде жалғасуда. Ұйымдастырушылар тұрғындарды тек сенбіліктерге қатысып қана қоймай, күнделікті өмірде де қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/965343?lang=kk
Алматы кәсіпкерлерімен құрылыс ережелері мен қалалық жоспарлау регламенттері талқыланды 05.04.2025
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев нүктелі құрылыс пен заңсыз құрылыс мәселелерін шешу шараларын қабылдауды тапсырды. Бұл мәселелер экологияны нашарлатып, көлік кептелісін туындатып, қала тұрғындарының өмір сүру жайлылығын төмендетеді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының әкімдігімен бірге құрылыс саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жүргізіп, нысандардың сапасы мен қауіпсіздігіне әсер ететін факторларды анықтады. Оларды жою мақсатында ұсыныстар енгізіліп, іс-шаралар жоспары келісілді.     Ұсыныстар мен жоспарға сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі «Қала құрылыс регламенті және Құрылыс ережелері» құжаттарын әзірлеп, олар Алматы қалалық мәслихатының шешімімен бекітілді. Аталған құжаттар қаланың орнықты дамуын, қауіпсіз құрылыс стандарттарын және сейсмикалық тәуекелдер ескеріле отырып, аумақтарды пайдалану талаптарын реттейді.«Заң және тәртіп» тақырыбында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылысшылармен, мәслихат депутаттарымен, «Атамекен» ҰКП өкілдерімен және сарапшылармен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында заңнамалық нормалар, оларды орындау механизмдері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау шаралары талқыланды.Құрылысшылар өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер алды. Кейбір ұсыныстар бойынша Алматы қаласының әкімдігіне жазбаша өтініштер жіберу туралы шешім қабылданды.Бұл бастама құрылыс процесстерінің ашықтығын арттыруға, бизнес үшін тең жағдайлар жасауға және қауіпсіз қала ортасын қалыптастыруға бағытталған.# Заң_мен_жоғары тәртіп# Заң мен тәртіпАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/965339?lang=kk
Жасөспірімдердің қауіпсіздігі күн тәртібінен түспейді 05.04.2025
  Аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алиевтің төрағалығымен Қазалы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.Комиссия отырысының күн тәртібіне екі мәселе ұсынылып, тиісті сала басшылары мен мамандарының баяндамалары тыңдалды.Күн тәртібіндегі екі мәселе бойыншада аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Мархаббат Бегалиева баяндама жасады. Алдымен бірінші мәселе – аудандық полиция бөлімі тарапынан балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар жайында айтып өтті.Мархаббат Төлепбергенқызы мұнан соң 2024 жылдың 12 айындағы және 2025 жылдың 2 айындағы кәмелетке толмағандармен жасалған және оларға қатысты жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарлама жасады.2025 жылдың 2 айында аудан көлемінде кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің ата-аналары немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі мерзімде жүруі бойынша 67 дерек анықталып, олардың заңды өкілдеріне ескертулер жасалған. Сондай-ақ есепті мерзімде құқық бұзушылық жасағандары үшін аудандық полиция бөліміне 90 кәмелетке толмаған жастар жеткізіліп тиісті шара көрілген.Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Алмасұлы комиссия жұмысының басты міндеті кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету алдында тұрған басты міндеттерден тұратынын атап өтті.Сонымен қатар, тиісті сала басшыларына жасөспірімдердің қатысуымен болатын құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту керек екенін жеткізді.       Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/965321?lang=kk
Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді 05.04.2025
Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, өтініштерін тыңдады. Қабылдау барысында азаматтар тұрғын үй, жер алу, тұрақты жұмысқа орналасу және өзге де әлеуметтік мәселелерді көтерді. Аудан әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында шешу жолдарын қарастыру үшін тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді .Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, e-otinish базасы немесе әкімдікке жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1003586?lang=kk
Мысыр СІМ Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі 05.04.2025
Каир, 2025 жылғы 27 наурыз – Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс МАР Сыртқы істер, эмиграция және шетелдегі мысырлықтар істері жөніндегі министрінің орынбасары, елші Амр Эльджовэйлимен кездесті.Кездесу барысында А. Жеңіс БҰҰ Бас Ассамблеясының Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы қарарының қос авторлығы үшін мысырлық тарапқа алғыс білдірген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер Министрі Мұрат Нұртілеудің МАР Сыртқы істер, эмиграция және шетелдегі мысырлықтар істері жөніндегі министрі доктор Бадр Абделаттиге арналған хатын табыс етті.Тараптар БҰҰ-ның аймақтық хабы өңірдегі халықаралық күш-жігерді үйлестірудің маңызды алаңына айналатынын растады.Сонымен қатар, сұхбаттасушылар екі елдің АӨСШК, ИЫҰ, АҚИҰ және т.б. сияқты халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдардың жоғары деңгейін атап өтті.Сонымен қатар, 2025 жылғы ақпанда Астанада өткен саяси консультациялардың 9-шы раунды қорытындыларын іске асырудың маңыздылығы атап өтілді, бұл екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарды теңестіруге» және саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бейілділікті растауға мүмкіндік берді.Кездесу қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі екіжақты байланыстарды нығайтуға және кеңейтуге бағытталған қызығушылық білдіріліп, Қазақстан мен Мысыр арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниеттілік расталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/965242?lang=kk
Тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша вебинар туралы хабарландыру 05.04.2025
Орнықты дамуды басқару мен есептілік қалай өзара байланысты екенін білгіңіз келе ме? Ал есептілік стандарттарын енгізу мен жетілдіру жолдарын меңгергіңіз келе ме?Қазақстандағы БҰҰДБ "Орнықты дамуды іс жүзінде қамтамасыз ету тетіктері" атты онлайн тренингтер сериясын бастайды. Тренингтер 2025 жылғы 1 және 9 сәуірде өтеді.Бұл тренингтер Еуропалық Одақтың қолдауымен іске асырылып жатқан БҰҰДБ FC4S-тың Ақпаратты ашу және орнықты дамуды басқару орталықтарының жаһандық бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылады.Сіз не үйренесіз?Орнықты дамуды басқару мен есептіліктің біртұтас жүйе ретінде жұмыс істеу арқылы тиімді шешімдерді қабылдауға және ұзақ мерзімді оң әсерге әкелуге қалай әсер ететінін.Халықаралық стандарттарды (соның ішінде ISO) және ОДМ-ға қол жеткізу үшін ISO/БҰҰДБ ұсынымдарын ескере отырып, тұрақты даму принциптері мен климаттық міндеттемелерді ұйымдардың жұмысына қалай кіріктіруге болады."Орнықты дамуды басқару" тренингінің алғашқы сессиясына тіркеліңіз!https://undp.zoom.us/webinar/register/WN_FToPuVP5Qs6I6c0nmOxiOAКүні: 2025 жылғы 1 сәуірУақыты: 15:00–17:00 (Астана уақыты бойынша)Форматы: онлайнАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/965240?lang=kk
Бүгін Қарабалық аудандық мәслихатының кезекті ІХ сессиясы өтті. 05.04.2025
Бүгін Қарабалық аудандық мәслихатының кезекті ІХ сессиясы өтті. Сессияда "Қостанай облысы бойынша еңбек ұтқырлығы орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қарабалық ауданының мансап орталығы" филиалының жұмысы және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және Қарабалық аудандық мәслихат төрайымының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі қаралды.Мансап орталығының жұмысы туралы филиал басшысы М.А. Баймуханова сөз сөйледі.Депутаттар филиалдың кәсіптік оқыту, еңбек ресурстарын қайта даярлау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізгенін атап өтті. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 2024 жылы мал шаруашылығын, ара шаруашылығын, құс шаруашылығын дамытуға 5 грант берілді.Бос жұмыс орындарына 735 адам жұмысқа орналастырылды.Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы Г.С. Балбаева 2024 жылы атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.2024 жылы 29 сессия өткізілді, оның ішінде: кезекті – 4.Есепті кезеңде аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары барлығы 11 комиссия отырысын өткізді, оның ішінде 16 мәселе қаралды, 42 лауазымды тұлғаның баяндамалары тыңдалды, оның ішінде ауылдық округтердің, ауылдардың, Қарабалық кентінің әкімдері, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары.2024 жылдың қорытындысы бойынша депутаттар 45 азаматтарды қабылдады (2023 жылы – 31), оның барысында 114 азамат қабылданды (2023 жылы – 63). Барлығы 151 мәселе көтерілді (2023 жылы – 84). Оның ішінде жергілікті жерде түсіндірулер жүргізілді, әкімдермен және билік органдарының өкілдерімен бірлесіп – 91 өтініш қанағаттандырылды, 51 сұрау жіберілді, барлығы орындалды.        Тиісті шешімдер қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karabalyk/press/news/details/965195?lang=kk
Денисов ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының күн тәртібі 05.04.2025
Денисов ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының күн тәртібі Денисовка а.                                                                       2025 жыл 1 сәуір(ZOOM арқылы)                                                                сағат  15.00 Кеңес төрайымы: Фрайденберг Оксана Станиславовна.Кеңес мүшелері: Омарова Наргиз Сапарқызы - "AMANAT" партиясы Денисов аудандық филиалының атқарушы хатшысы; Ольденбург Иван Валерьевич - "Денисовское" КС маманы; Иржанов Мадияр Сабыржанұлы – Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының  «Қамысты орман шаруашылығы мекемесі» КММ, бас есепші; Жұмабаева Ақерке Төлендіқызы - Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының Денисов ауданындағы филиал директоры; Дүйсебаев Азамат Амангелдіұлы - "Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы; Аманшина Света Аманқосқызы - зейнеткер; Титова Галина Викторовна - "Титова" ЖК зейнеткер; Достанов Болат Құланбайұлы - "Ардагерлер ұйымы" РҚБ Денисов аудандық филиалы, төраға, зейнеткер; Рагуля Владислав Сергеевич - "Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы; Важничий Валерий Юрьевич - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов ауданының білім бөлімінің шығармашылық үйі" КММ басшысы.Шақырылғандар:   1. "Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" ММ басшысы – Подело Елена Николаевна.  2. Денисов ауданы әкімі аппаратының ішкі бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу жөніндегі аудан әкімінің бас инспекторы – Адамбаев Самат Маратұлы.3. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы - Минкина Алия Ертаевна. Күн тәртібі1. Қарау "Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 33 "азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Денисов аудандық мәслихатының шешімінің жобасы.2. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетуі туралы баяндама.3. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру туралы баяндама. Баяндамашылар 1. «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы – Подело Елена Николаевна.  2. Денисов ауданы әкімі аппаратының ішкі бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу жөніндегі аудан  әкімінің бас инспекторы – Адамбаев Самат Маратұлы.3. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы - Минкина Алия Ертаевна.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-denisov/press/news/details/965185?lang=kk
Салық берешегінің бар-жоғын тексеру 05.04.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегінің бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында, eGov.kz электрондық үкімет порталында, Kaspi.kz мобильдік қосымшасында онлайн немесе оны аумақтық салық басқармасына немесе ХҚКО-ға барған кезде тексеруге болатындығын хабарлайды. Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтыБұл салық төлемдерін тексерудің негізгі ресурсы. Сайтқа kgd.gov.kz сілтеме бойынша өтіңіз, авторизация қажет емес.Әрі қарай келесі қадамдарды орындаңыз:«Басты бет», «Электрондық қызметтер», «Бизнеске көмек», «Салық берешегінің жоқ / бар екендігі туралы мәліметтер» қойындыларынан өтіңіз.Тиісті жолға ЖСН/БСН енгізіңіз.Нәтижесінде сіз салықтардың түрлері мен олар бойынша берешек сомалары көрсетілген кестені көресіз.Егер берешек болмаса, онда тиісті хабарлама пайда болады. eGov.kz порталыҚызметті алу үшін сайтқа кіріп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.Өтінімді толтырыңыз және жіберіңіз, бұл ретте ЭЦҚ талап етілмейді. Қарыз туралы мәліметтер «Сұрау/Жіберу» батырмасын басқаннан кейін пайда болады. Kaspi.kz мобильдік қосымшасыБерешекті төлеудің бұл түрі, әсіресе жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін ыңғайлы.Қолданбаға кіргеннен кейін:«Төлемдер», «Барлығы», «Айыппұл, салық», «Салық», «Салық бойынша борыш» бөлімдеріне кіріңіз.ЖСН қолмен немесе Жеке Куәлігіңізден сканерлеу арқылы енгізіңіз.«Тексеру» түймесін басыңыз.Салық түрлері мен сомалары, сондай-ақ егер өсімпұл пайда болған жағдайда соммалары шығады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/965167?lang=kk
Қазақстанда ауқымды гипермасштабталатын деректерді өңдеу орталықтары салынады 05.04.2025
AlmatyFair.ai көрмесі аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапурдың «GK Hyperscale Ltd» компаниясы арасында екі гипермасштабталатын деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) салу және пайдалану бойынша инвестициялық келісімге қол қою рәсімі өтті. Келісімге ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен «GK Hyperscale Ltd» компаниясының бас директоры Майкл Дикерсон қол қойды.ДӨО құрылысына 1,5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, олардың жиынтық IT қуаты 200 МВт болады. ДӨО-лар Tier 3 деңгейіне сәйкес келеді.ДӨО бұлттық технологиялар, жасанды интеллект және жоғары өнімді есептеулер (HPC) салаларының дамуына негіз болады. Жобаны жүзеге асыру барысында 360-тан астам жоғары білікті жұмыс орны ашылады, ал қазақстандық қамту үлесі кемінде 1,2 миллиард АҚШ долларын құрайды – бұл отандық компаниялардан тауарлар мен қызметтерді сатып алу.Жаслан Мәдиевтің айтуынша, ДӨО-ның кірісінің кемінде 50%-ы экспорттық келісімшарттардан түседі."Осындай ауқымды және сапалы жоба Microsoft, Google және Amazon сияқты халықаралық технологиялық алпауыттарды, сондай-ақ үлкен деректермен және жасанды интеллектпен жұмыс істейтін компанияларды тартуға ықпал етеді. Жобаны жүзеге асыру Қазақстанның Орталық Азиядағы цифрлық хаб ретіндегі позициясын нығайтып, IT қызметтер экспортын одан әрі дамытуға жағдай жасайды", – деді министр Жаслан Мәдиев.Электр стансасын сатып алу мен жаңғыртуға, сондай-ақ жел электр станциясын және энергия сақтау жүйесін салуға қосымша  1,2 млрд АҚШ доллар инвестицияланады.Құрылыс 2026 жылдың 1-тоқсанында басталып, ДӨО-ның алғашқы модулін 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.Дереккөз: ҚР ЦДИАӨМ Баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-digital/press/news/details/965825?lang=kk
«Әдепті келін – отбасы көркі» облыстық байқауы 05.04.2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алады» - деп айтқан болатын.17 наурыз күні мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні «Көкшетау» мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Әдепті келін – отбасы көркі» облыстық байқауы өткізілді.Жас келіндер 4 түрлі кезең бойынша бақтарын сынады: «Сәлем – сөздің анасы» - таныстыру, «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» - қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдеп ғұрыптарын негізге ала отырып отбасы мүшелерімен театрландырылған қойылым көрсету, «Берекелі қолдар» - үміткерлер таңдау бойынша шай құю рәсімін немесе нан жаю өнерін көрсету, «Өнегелі де өнерлі келін» - өз өнерлерін, шығармашылық қабілеттерін көрсету.Әділқазылар алқасының құрамында ҚР Мәдениет қайраткері, Еңбек ардагері – Мара Қарапақызы Есмуханова, «Көкшетау» газетінің тілшісі – Жүніс Әсем Ұланқызы, Мемлекеттік тілді оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы – Шарипова Құралай Көшкінбайқызы төрелік етті. Қазылар алқасының шешімімен: ІІІ орынды Гульдана Аманжолова – Сандықтау ауданы, Алтын Ержан – Атбасар ауданы, Диана Даниярқызы – Егіндікөл ауданы; ІІ орынды Бекзада Садуева – Красный яр ауылы, Риза Болат – Степногорск қаласы; Алтынгүл Даргерхан – Есіл ауданы; І орынды Аида Шарипова – Бурабай ауданы, Бас жүлдені Әсемгүл Констатаева – Қосшы қаласы иеленді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/965088?lang=kk
«Авторлық бағдарлама мұғалімнің шығармашылық өсуінің көрсеткіші» атты облыстық семинары аясында шеберлік сыныптары 05.04.2025
2025 жылдың 28 наурызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы көктемгі каникул мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ базасында «Авторлық бағдарлама мұғалімнің шығармашылық өсуінің көрсеткіші» атты облыстық семинар өткізді.Аталған іс-шараға 100-ге жуық аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мемлекеттік және орыс тілдерінің пән мұғалімдері қатысты.Өткізілген шеберлік-сыныптар:Нуксарина Альмира Кабдуалиевна, ШҚО ББ Алтай қаласы білім бөлімінің «№ 9 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі шебер-сынып «Авторлық бағдарлама жазу мәселелері және практика» тақырыбында;Макиенко Оксана Владимировна, ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ информатика мұғалімі шебер-сынып «Разработка авторской программы: создание, апробация, реализация» тақырыбында;Саканова Жанар Муратқызы, ШҚО ББ «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ көркем еңбек мұғалімі шебер-сынып «Авторлық бағдарлама жазудың талаптары мен кезеңдері» тақырыбында;Мейрбаев Мади Канатович, ШҚО ББ Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарытерек орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі шебер-сынып «Тарих пәні бойынша авторлық бағдарлама жазу жолдары» тақырыбында;Чудиновская Мария Александровна, ШҚО ББ Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Дінмұхамед Қонаев атындағы №3 орта мектебі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі шебер-сынып «Педагогический конструктор. От идеи до авторской программы» тақырыбында.Семинардың пленарлық отырысы барысында, педагогикалық тәжірибені, баспа қызметін жалпылау және таратудың әдістемелік бөлімінің жетекшісі Кенжебаева Алма Тлеуханқызы, «Авторлық бағдарлама» жазудың талаптары мен шарттарын айтып кетті. Қатысушыларға және спикерлерге алғыс хат пен сертификаттар ұсынылды. Семинар қорытындысы ретінде кері байланыста мұғалімдер семинардың өте тиімді екенін және өздеріне қажет ақпаратты алғандарын атап, ризашылықтарын білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/965073?lang=kk
Конституциялық Сотта Asia Zangeri халықаралық байқауының бірінші кезеңінің қорытындылары шығарылды 05.04.2025
Телеграмм КС - https://t.me/consot_kz   Конституциялық Сотта Asia Zangeri халықаралық әлеуметтік маңызы бар жобаның қатысушыларына арналған дәріс өтті. Бұл жоба – Орталық Азия елдерінің студенттері арасында сот процестерін ойын түрінде жүргізу бойынша ұйымдастырылатын сайыс. Байқауды екі жыл қатарынан қазақстандық Fortune Partners консалтингтік компаниясы ұйымдастырып келеді.Жобаның негізгі мақсаттары – Орталық Азия өңіріндегі студенттер арасында қазақстандық құқықты насихаттау, ғылыми ойлау мен құқық қолдану дағдыларын дамыту, көпшілік алдында өткізілетін ойын сот процестеріне қатысу арқылы білікті заңгер кадрларын даярлау, сондай-ақ студенттердің әлеуетті жұмыс берушілермен өзара байланысын дамыту, инклюзивтілік қағидаттарын ілгерілету және ынталандыру.Конституциялық бақылау органы жұмысының ерекшеліктері туралы Конституциялық Соттың судьялары Қанат Мусин мен Роман Подопригора айтып берді. Кездесу пікірталас форматында өтіп, оның барысында қатысушылар Конституциялық Сот судьяларынан өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толыққанды жауап алды.Шара барысында Asia Zangeri жобасының бірінші кезеңінің қорытындылары шығарылды. Биылғы маусымда байқауға 63 команда тіркеліп, олардың 28-і екінші кезеңге өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/964786?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәciптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Шахмат» спорт түрі бойынша облыстық спартакиада 05.04.2025
2025 жылы 28 наурызда  «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәciптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Шахмат» спорт түрі бойынша облыстық спартакиада өтті.Мақсаты - ТжКББ ұйымдарының педагогтері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және танымал ету.Спартакиадаға облыстың 16 колледжінен 32 педагог қатысты.Спартакиада қорытындысы бойынша командалық есепте жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және медальдармен марапатталды:І орын – С.З. Турсынбеков, К.А. Журтбаева - «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК;ІІ орын – И.С. Исин, Ж.Б. Ғарифуллина - «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;ІІІ орын – Е.Т. Сейлханов, Б.Т. Айтпбаева - «Зайсан технология колледжі» КММ.Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!Спартакиада нәтижесі Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығының http://ctipo.kz/kz/ сайтында жарияланған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/965056?lang=kk