Enbekshi QazaQ

Әлем

ШҚО колледж студенттері арасында облыстық спорт лигасының жарысы басталды 05.04.2025
2025 жылғы 27 наурыздан бастап колледж студенттері арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және насихаттау мақсатында облыстық спорт лигасының жарыстары басталды. Ұйымдастырушылар – «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ және ШҚО ТжКБ ұйымдарының директорлар кеңесі. Жарыс түрлері: волейбол, баскетбол, шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат бойынша өткізіледі.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталады.Қатысушыларға сәттілік тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/965049?lang=kk
«Көктемгі демалыс кезіндегі балалардың бос уақытын тиімді өткізу» онлайн семинар 05.04.2025
2025 жылдың 28 наурызында ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығында онлайн форматта «Көктемгі демалыс кезіндегі балалардың бос уақытын тиімді өткізу» тақырыбында онлайн семинар өткізді.Онлайн семинар мақсаты – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету.Онлайн семинар барысында:Мұратханова Ботагөз Мұратханқызы,  Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ, директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру;Кәкеева Анархан Әйнекқызы, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ, кітапханашы «20 минуттық кітап оқыту»  марафонын өткізу арқылы оқушылардың демалыста уақыттарын тиімді пайдалануын ұйымдастыру»;Кузнецова Наталья Васильевна, Грейбер Наталья Викторовна Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің  «Н.А. Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ директорының ТЖ жөніндегі орынбасарлары «Көктемгі демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді өткізу» тақырыптары бойынша  өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.Кері байланыс барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.#Біртұтас тәрбие»#Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/965039?lang=kk
Халықаралық театр күніне арналған салтанатты кеш өтті 05.04.2025
Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театрында Халықаралық театр күніне орай салтанатты кеш ұйымдастырылды. Театр өнерін дәріптейтін айтулы шараға Жетісу облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов арнайы қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады. Ол кеш барысында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының Құттықтау хатын оқып, ТҮРКСОЙ ұйымының Алғыс хаттарын табыстады. Сондай-ақ, театр әртістері Жетісу облыстық мәслихаты, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті, Жетісу облысы Полиция департаменті және «AMANAT» партиясының Жетісу облыстық филиалы атынан марапаттарға ие болды. Шараға Қазақстан Театр қайраткерлер одағы мен Қазақстан Театрлар ассоциациясының өкілдері де қатысып, үздік өнер иелерін арнайы марапаттады. Сонымен қатар, Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Алматы және Жетісу облыстары бойынша кәсіптік одағының төрайымы Сәуле Ахмадиева да құрметті қонақтардың қатарынан табылды. Одақтан  Махмутжан Беделбаев «Еңбек Даңқы» орденмен марапатталды.Кеш барысында театр әртістері өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге ерекше  әсер сыйлады. Шара соңында Жетісу облысы әкімінің атынан ықылас гүлі табысталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/965024?lang=kk
Қазақстанның Елшісі ELTE университетінің ректорымен академиялық байланыстарды нығайту мақсатында кездесу өткізді 05.04.2025
Будапешт, 2025 жылғы 26 наурыз – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Этвёш Лоранд атындағы университеттің (ELTE) ректоры, Мажарстан ректорлар конференциясының президенті профессор, доктор Ласло Борхимен кездесті.1635 жылы негізі қаланған ELTE — Мажарстандағы ең көне және ең беделді университеттердің бірі, ол гуманитарлық ғылымдар, құқық және ғылыми зерттеулер салаларындағы ұзақ жылғы академиялық дәстүрлерімен танымал. Кездесу барысында ректор Борхи университеттің тарихи мұрасы, академиялық құрылымы, факультеттері мен ғылыми-зерттеу институттары жөнінде ақпарат берді. Сондай-ақ ол ELTE мен Қазақстан жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалады.Мажарстан ректорлар конференциясының президенті ретінде профессор Борхи екі ел университеттері арасындағы институционалдық әріптестікті дамыту мақсатында Мажарстан–Қазақстан ректорларының форумын өткізу бастамасын қолдап, бұл бағытта жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.Елші Сапарбекұлы Мажарстан мен Қазақстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, ELTE университетінің қазақстандық студенттер мен оқытушыларға көрсетіп отырған қолдауы үшін алғысын білдірді. Ол қазіргі таңда ELTE-де 90-нан астам қазақстандық студент білім алып жатқанын, бұл қазақ жастарының мажар жоғары білім жүйесіне деген қызығушылығының артқанын көрсететінін айтты.Сондай-ақ Елші ELTE-нің Түркітану кафедрасының, қосқан елеулі үлесін атап өтіп, қазақ тілі курстарын кеңейтуге деген Қазақстан тарапынан қызығушылықты жеткізді. Тараптар қазақ тілі курстарын ашу, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер, академиялық жарияланымдар мен Қазақстан тақырыбындағы ғылыми және мәдени іс-шараларды ELTE базасында өткізу мүмкіндіктерін талқылады.Кездесу соңында тараптар білім беру және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін білдіріп, Қазақстан мен Мажарстаның академиялық қауымдастықтары арасындағы өзара байланыстардың артықшылықтарын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/965013?lang=kk
Ағылшын тілі мұғалімдері Оксфорд университетінің баспасынан халықаралық шетелдік оқытушымен кездесті 05.04.2025
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өркен» аймақтық ғылыми-әдістемелік орталығының көктемгі каникулдық мектеп жұмысы жоспарына сәйкес, Үлан, Глубокое аудандарының және Өскемен қаласының ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған семинар өткізді.Семинар халықаралық Oxford University Press баспасының қолдауымен ұйымдастырылып, «Аудиторияны басқару және жасанды интеллекттіні шет тілдерін оқытуға біріктіру» тақырыбына арналды.Семинардың негізгі мақсаты - әдістемелік қолдау көрсету, ағылшын тілін оқытуға арналған цифрлық ресурстармен таныстыру және практикалық идеялармен бөлісу.Семинарды Оксфорд университетінің халықаралық шетелдік лекторы Эдже Арисут (Ece Arisut) жүргізді.Семинар бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Мұғалімдер өздерінің оқу технологиялары бойынша жұмыс әдістері мен формаларымен тиімді түрде бөлісті.Семинар барысында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған халықаралық интерактивті оқыту әдістері, коммуникация технологиялары, веб-сайттардағы жұмыс құралдары қолданылды.Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен ұйымдастырушылардың сыйлық жиынтықтары табысталды.Іс-шараға 150 ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. Семинарға қатысушылар тарапынан осындай кездесудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/965011?lang=kk
2025 жылғы 27 наурызда мәслихаттың кезекті 26 сессиясы өтті 05.04.2025
2025 жылғы 27 наурызда мәслихаттың кезекті 26 сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Ж. А. Асқарова, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері, бөлім басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:Алтай ауданының 2024 жылғы аудандық бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы;1.1. Шығыс Қазақстан облысы тексеру комиссиясы төрағасының Алтай ауданы бюджетінің атқарылуын бақылаудың 2024 жылғы нәтижелері туралы есебін бекіту туралы Шығыс Қазақстан облысы Тексеру комиссиясының мүшесі Данияр Дүйсембин Ахметов сөз сөйледі;Алтай ауданының ауданаралық ауруханасының медициналық мекемелерінде медициналық қызметтер көрсету туралы. Алтай ауданының тұрғындарын тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;Серебрянск қалалық ауруханасының медициналық мекемесінде медициналық қызмет көрсету туралы;Алтай ауданының елді мекендерінде су тасқынына қарсы іс-шараларды дайындау және өткізу барысы туралы;Алтай ауданының мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9/4 – VІІІ "Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы;Алтай ауданның мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4/4-VI "Алтай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы.Мәселелер сессия алдында тұрақты комиссиялардың отырысы барысында қаралды және талқыландыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/964991?lang=kk
Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшінің Түркі мемлекеттері ұйымының Мажарстандағы Өкілдігінің атқарушы директорымен кездесуі 05.04.2025
Будапешт, 2025 жылғы 20 наурыз – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Мажарстандағы өкілдігінің атқарушы директоры Балаж Хендрикпен  кездесті.Елші А. Сапарбекұлы Б. Хендрикті Мажарстандағы ТМҰ өкілдігінің атқарушы директоры лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметінде табыс тіледі. Елші Балаж Хендриктің басшылығымен Өкілдіктің Мажарстан мен Түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға серпін беретініне сенім білдірді.Кездесу барысында тараптар ТМҰ аясында екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Елші А. Сапарбекұлы Мажарстан мен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы көпжақты өзара іс-қимылды дамытуда зор әлеует бар екенін атап өтті.Сонымен қатар, Елші А. Сапарбекұлы Қазақстанның Мажарстандағы ТМҰ Өкілдігінің қызметін қолдауға бейілділігін растап, Қазақстан, Мажарстан және басқа да Түркі елдері арасындағы байланысты тереңдетуге бағытталған бірлескен бастамаларға белсенді қатысуға дайын екенін білдірді.Өз кезегінде Б. Хендрик Түркі мемлекеттері ұйымының құрылған сәтінен бастап қол жеткізген елеулі жетістіктерге жеткенін атап өтті. Ол Мажарстанның «Шығысқа ашылу» саясаты аясында Түркі әлемімен тығыз байланыстарды дамытуға стратегиялық мүдделілік танытып отырғанын жеткізді. Б. Хендрик көп қырлы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын ерекше атап өтті.Сондай-ақ, Б. Хендрик ұсыныстарға ашық екенін және Қазақстан Республикасының Елшілігімен бірлескен жобалар мен іс-шараларды іске асыруда тығыз жұмыс істеуге дайын екенін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/964989?lang=kk
700-ден аса десантшы мерзімді қызметін аяқтаған соң жоғары оқу орындарына түсуді жоспарлап отыр 05.04.2025
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің Алматы, Қонаев және Жетісу гарнизондарындағы құрамалары мен әскери бөлімдерінде запасқа шығарылған десантшылардың Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өтті. Мерзімді қызметтің мыңнан аса әскери қызметшісі әскери бөліммен, жауынгер достарымен және тәлімгерлерімен қоштасты. Олар бір жыл ішінде әскери-есептік мамандықтарды игеріп, жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықта жақсы нәтижеге қол жеткізді.Қызметтік міндеттеріне адалдығы және оқу-жауынгерлік міндеттерін сапалы орындағаны үшін көптеген әскери қызметшілер Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының атынан грамоталармен, әскери бөлім командирлерінің алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.– Сендердің әрқайсың алдыңғы буынның жауынгерлік дәстүрлерін лайықты түрде жалғастырушысыңдар. Қанатты жаяу әскер қатарында алған тәжірибе алдағы уақытта пайдалы боларына сенімдімін. Сендерге және отбасыларыңа ортақ бейбіт өмір тілеймін, – деді Райымбек батыр атындағы 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасының командирі подполковник Данияр Карманов.Қонаев гарнизонында штаб бастығы – 35-ші гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары гвардия подполковнигі Рақымжан Серікбаев запасқа шығарылғандардың бір бөлігі ҰБТ тапсырмай еліміздің жоғары оқу орындарына түсу құқығын пайдалануға ниетті екенін, ал кейбір жігіттер келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.Жалпы, Десанттық-шабуылдау әскерлерінен жоғары оқу орындарына түсу үшін 2024 жылы көктемде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің 670 сарбазы тестілеуден өтті. Сонымен қатар, 40-тан аса десантшы еліміздің әскери жоғары оқу орындарына түсеміз деген шешім қабылдады.Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің айтуынша, олардың ең жақсы қасиеттері армияда айқындалып, шыңдала түскен.– Әскерде оқ атуды, әскери техниканы жүргізуді, парашют жүйесін орауды үйрендім. Мен алғаш рет парашютпен секіргенімді, әсіресе «Мызғымас бауырластық» оқу-жаттығуын жиі еске алатын шығармын. Мұнда мен жаңа достар таптым. Ата-анамды қадірлеуді үйрендім, – деді қатардағы жауынгер Аят Қайратұлы.Запасқа шығарылғандардың көпшілігі ҚР Қарулы күштері ауқымындағы республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларды дайындауға әрі өткізуге белсенді қатысқанын айта кету керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/964976?lang=kk
Төлем жүйелерінің халықаралық стандартқа көшуі іске асырылды 05.04.2025
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстанның төлем жүйелерінің және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерінің, сондай-ақ төлем жүйелерінің басқа да қатысушыларының ISO 20022 төлем хабарламалары форматының халықаралық стандартына (бұдан әрі-халықаралық төлем хабарламалары форматтары) көшуін іске асырғанын хабарлайды.Төлем қатынастарының халықаралық форматтарына көшуге байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына  өзгерістер енгізілді.Қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыру қағидаларымен бекітілген бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмасының жаңа нысаны «нақты төлеуші» және «ақша жөнелтуші» бағандарын қамтиды.Ережеге сәйкес заңды тұлғаның бюджетке төлемдер, сондай-ақ МЗЖ, МКЗЖ, МКЗЖ және СБ МӘСҚ-ға өзінің жеке бөлімшесі үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеген кезде «нақты төлеуші» бағанында міндеттемелері бойынша төлем жүзеге асырылатын заңды тұлғаның жеке бөлімшесінің атауы, ал «ЖСН (БСН)» бағанында көрсетіледі)» - оның БИН.Қағидаларда сондай-ақ сот орындаушысы борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді атқарушылық іс жүргізу шеңберінде төлеген кезде «нақты төлеуші» бағанында төлем жүзеге асырылатын борышкердің Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған кезде), сондай-ақ «ЖСН (БСН)» бағанында-оның ЖСН көрсетілетіні көзделген.Тиісінше, бюджетке төлемдер жоғарыда көрсетілген екі жағдайды қоспағанда, «ақша жөнелтуші» төлем тапсырмасының бағанында көрсетілген ЖСН/БСН бойынша салық төлеушінің жеке шотына таратылады, атап айтқанда:- заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшесі үшін әлеуметтік төлемдерді аударады, бұл ретте «нақты төлеуші» төлем тапсырмасының бағанында құрылымдық бөлімшенің БСН көрсетілген және төлемдер құрылымдық бөлімшенің жеке шотына орналастырылуға тиіс;- сот орындаушысы борышкер үшін бюджетке төлемдерді аударады, бұл ретте «нақты төлеуші» төлем тапсырмасының бағанында борышкердің ЖСН/БСН көрсетілген және төлемдер борышкердің жеке шотына орналастырылуға тиіс.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/964968?lang=kk
Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің, Алтай ауданының мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 05.04.2025
Алтай ауданының Қоғамдық кеңесінің, Алтай ауданының мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы Алтай ауданының әкімі Р.Т. Құрмамбаевтың қатысуымен Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті, онда Р.Р. Қарағужина төраға болып сайланды. Ауданның қоғамдық кеңесі мүшелерінің бірінші жиналысы Алтай ауданының мәслихатының депутаттарымен бірлесіп өткізілді. Аудан тұрғындарын тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету; Алтай қаласында қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу; елді мекендерде су тасқынына қарсы іс-шараларды дайындау және жүргізу; 2025 жылы жоспарланған жол-жөндеу жұмыстары туралы мәселелер қаралды. Әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша, Серебрянск, Алтай қалаларының маршруттары бойынша жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру. Алтай ауданындағы автобус маршруттарының жұмыс режимі. Маршруттарды субсидиялау саны және т. б. Отырыс қорытындысы бойынша әр тармақ бойынша ұсыныстар берілді. Кейбір мәселелер облыстық басқармалар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен қайта қарауға шығарылды. Сонымен қатар, аудан әкімі Алтай қаласы бойынша ескіргендердің орнына автобус маршруттарының жобасын әзірлеу үшін Шығыс Қазақстан техникалық университетінің мамандарын тарту бойынша бастама көтерді, оны жиналысқа қатысушылар қолдады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/964960?lang=kk
БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ 05.04.2025
30.10.2025 жылы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ-тың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының басшысы Г.Н. Сармурзинова Сандық шешімдермен камералдық бақылаудың тиімділігін арттыру, сонымен қатар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін өзгерістер туралы айтып берді.Камералдық бақылау жүргізу тәртібі сақталған.Хабарламаның атауы өзгертілді – камералдық бақылау қортындысы бойынша анықталған айырмашылық.Сонымен қатар, хабарлама орындалмаған жағдайда электрондық шот фактура жазу құқы шектеледі.- Бақылау бұзушылықтарды анықтаудан алшақтықтарды анықтауға қайта бағытталды.- Камералдық бақылаудың мақсаты - салық төлеушіге (салық агентіне) салықтар мен бюджетке төлемдерді есептеу бойынша салық міндеттемелерін дербес түзету құқығын беру.Жалпы алғанда, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті камералдық бақылау бағыты бойынша әкімшілендіру нәтижесінде сомасы 220 928,3 млн. теңгені құрайтын бұзушылық бойынша 12 021 хабарлама шығарды, бюджетке жалпы сомасы 4 216,1 млн. теңге мөлшерінде қосымша резервтердің түсімі қамтамасыз етілді.Яғни, түсімдердің өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 139% құрады.Журналистер қойған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1096041?lang=kk
«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары» облыстық онлайн-семинар 05.04.2025
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының көктемгі каникул жоспарына сәйкес оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізілетін облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері үшін 2025 жылдың 26-27 наурызында «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын дамыту жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.Семинардың мақсаты - бастауыш сыныптарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, іс-тәжірибелермен  бөлісу.Семинарда спикерлер бастауыш сынып оқушыларының математикалық, ғылыми-жаратылыстану, оқу сауаттылықтарын дамыту жолдарына тоқталып, тәжірибелерімен  бөлісті.Шара барысында Өскемен қаласының, Зайсан, Үлкен-Нарын, Глубокое, Катон-қарағай аудандарының мұғалімдері бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын жан-жақты дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдермен таныстырды, іс-тәжірибелерімен бөлісті.Семинарға аудандық, қалалық, облыстық білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын  білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/964876?lang=kk
«Таза Қазақстан»: Алматы облысында экологиялық акция өтті 05.04.2025
Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахымның тапсырмасы бойынша, Жол картасын іске асыру аясында облыстың кәсіпкерлері , тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармаларының бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысты. Облыстың бірқатар кәсіпорындары табиғатқа жанашырлық танытып, игі іске қадам басты. Қала мен табиғаттың арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында олар 1205 түп ағаш отырғызып, 50 тонна қоқыс шығарылды. Атап айтсақ, Алатау қаласында орналасқан «ПепсиКо» ЖШС 870 түп ағаш, Қонаев қаласында "Юнипак-Шымкент" ЖШС 30 түп ағаш отырғызды. Бұл іс-шараға «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы да өз үлесін қосты. Әрбір ағаш отырғызу — болашақ ұрпаққа жасыл әрі таза орта қалдырудың белгісі. Бұл шара жергілікті тұрғындардың экологиялық сана-сезімін көтеріп, жасыл желекпен қоршалған қалаға деген сүйіспеншілігін арттырады.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/964859?lang=kk
Химия, физика,биология, география мұғалімдері арасындағы облыстық олимпиадасы 05.04.2025
2025 жылғы 27 наурыз күні ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ физика, химия, биология, география мұғалімдеріне арналған облыстық олимпиада өткізді.Олимпиаданың мақсаты - зияткерлік олимпиадаларға, конкурстарға және ғылыми жобаларға қатысу үшін дарынды балаларды даярлауды дамытуда дарынды педагогтарды анықтау және қолдау.Олимпиадага ЖМБ пәндері бойынша 47 педагог қатысты.Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.Конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы негізінде: «Химия» пәні бойынша:І орын- Лушпай Ирина Антоновна, Өскемен қаласы, «№11 мектеп-лицейі»КММІІ орын - Даденбекова Саулеш Ермековна, Глубокое ауданы, «Опытное поле орта мектебі» КММ;ІІІ орын - Жельдібаева Мадина Аскаровна, Тарбағатай ауданы, «Қ.Билялов атындағы мектеп лицейі»КММ;«Физика» пәні бойынша:І орын- Титова Татьяна Юрьевна, Өскемен қаласы, «№11 мектеп-лицейі»КММ;ІІ орын - Жексенбіұлы Шәкәрім, Глубокое ауданы, «Жоғарғы-Берёзовка орта мектебі»КММ;ІІ орын- Калибаев Жексенбы Кыдырбекович, Зайсан ауданы, «Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ; ІІІ орын- Дамұхан Мұқаш, Алтай ауданы, «№9 орта мектебі» КММ; «Биология» пәні бойынша:І орын - Бидахметова Карлыгаш  Мараткызы, Зайсан ауданы, «М. Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ;ІІ орын - Алекеева Гульназым Зеренхановна, Самар ауданы, «Аққала ауылының мектеп-балабақша кешені» КММ;ІІІ орын - Боленбаева Маржан Тлеугазыкызы, Өскемен қаласы, «Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ;«География» пәні бойынша:І орын- Джарылгасынова Айжан Ержановна, Алтай ауданы, «№9 орта мектебі» КММ;ІІ орын- Теплова Юлия Александровна, Ұлан ауданы, «Базылбек Ахметов атындағы орта мектебі» КММ;ІІІ орын- Жумекенова Миргуль Төлегеновна, Марқакөл ауданы, «Қалжыр орта мектебі» КММ;Олимпиадаға қатысқан барлық педагогтерге қатысушы сертификаты берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/964854?lang=kk
Қорғаныс министрі Жеңістің 80 жылдығына арналған парадқа дайындық барысын тексерді 05.04.2025
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов 68665 әскери бөліміне барып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысатын әскери қызметшілер мен техникалар орналасқан далалық лагерьлерді аралады.Бөлімнің аумағында екі апта ішінде 5000 адамға арналған шатырлы қалашық орналастырылды. Қазіргі уақытта мұнда 186 тұрғынжай шатыры, 11 шаруашылық заттарымен жабдықтау пункті, 12 тұрмыстық қызмет көрсету шатыры, жеті далалық монша, далалық госпиталь, автопарк және техникаға арналған жөндеу-қалпына келтіру пункттері орнатылған.Қорғаныс министрі тұрғын үй, медициналық және техникалық аймақтарды аралап, әскери қызметшілердің тұрғылықты жайларын, оған қоса қару-жарақ пен әскери техниканың күтіп-ұсталуы мен оларға қалай қызмет көрсетілетінін көрді.Қорғаныс ведомствосының басшысы парадқа сапалы дайындық бойынша лауазымды тұлғаларға бірқатар тапсырмалар беріп, әскери тәртіпті сақтаудың, қатысушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етудің, атап айтқанда тұратын жердің және дұрыс тамақтанудың маңыздылығын атап өтті.Бүгін парадқа қатысушыларды қабылдауға дайындық 100%-ды құрайды. «Парадқа дайындық басталғалы көп уақыт болды. Әскери бөлімдерде іріктеу жұмыстары мен сабақтар өткізілді. Қазір техника мен жеке құрамды үйлестіру және бірлескен жаттығулар үшін Астанаға жеткізу іске асырылып жатыр», – деді Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаев. Естеріңізге сала кетсек, 26 наурызда Ақтаудан парадқа қатысушылардың алғашқы легі – «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 170-тен астам теңіз жаяу әскері келді. Жақын арада оларға Қарулы күштердің басқа да әскери құрамалары мен бөлімшелері қосылады.Биыл шеруге 24 парадтық есептоп қатысады. Қатысушылардың жалпы саны 4 мыңнан асады, оның 200-ден астамы – әскери қызметші қыз-келіншектер. Механикаландырылған лекте 300-дің үстінде жауынгерлік және арнайы техника бірлігі сап түзеп жүріп өтеді, олардың қатарында тарихи кезеңді көрсететін техника үлгілері де бар. Әуе шеруіне әр түрлі типтегі 66 ұшу аппараты қатысады.Парад есептоптарының негізгі құрамын Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Құрлық әскерлері құрайды. Салтанатты саптық шеруге Мемлекеттік күзет қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің лектері де қатысады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/964852?lang=kk
AlmatyFair.ai: Алматыда жасанды интеллект саласындағы көрме басталды 05.04.2025
Бүгін Алматыда жасанды интеллект саласындағы AlmatyFair.ai көрмесі өз жұмысын бастады. Көрме жасанды интеллект (AI) бағытында жетекші ІТ-компаниялар мен стартаптарды, сондай-ақ әлемдік сарапшыларды бір алаңда тоғыстырып, үздік технологияларды экономиканың түрлі салалары мен әлеуметтік өмірде қолдану мүмкіндіктерін талқылайтын маңызды алаң ретінде танылды.Көрме аясында Қазақстанның AI саласындағы негізгі бастамалары ұсынылды. Атап айтқанда, халықаралық alem.ai жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасы, KazLLM ұлттық тілдік моделін дамыту, 8 мыңнан астам қолданушы тіркелген Ұлттық AI платформасының іске қосылуы және өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі — Tomorrow School-дың жұмысы қамтылды.  Сондай-ақ көрме алаңында өңірлік стартап-экожүйені қолдау мақсатында Astana Hub пен IT Park Uzbekistan бастамасымен құрылған Орталық Азияның ірі технопарктері альянсы — Central Asian Innovation Hubs қызметімен танысуға болады.«Жасанды интеллект бүгінде экономиканы, мемлекеттік басқару жүйесін, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын түбегейлі өзгертіп келеді. McKinsey зерттеулеріне сәйкес, 2030 жылға қарай AI-дің жаһандық экономикаға қосар үлесі $20 трлн жетуі мүмкін. Қазақстан бұл үдерісте дайын шешімдерді пайдаланып қана қоймай, өз технологияларын дамытуы қажет. Биыл Ұлттық AI платформасын іске қостық, өңірдегі алғашқы ұлттық тілдік модель — KazLLM-ды құрдық және жасанды интеллект туралы заң қабылдау жұмыстарына кірістік. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанды AI-ге негізделген мемлекетке айналдыруды көздейтін халықаралық alem.ai орталығы құрылып жатыр», — деді Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі көрменің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.Көрме жасанды интеллект технологияларының өнеркәсіп, қаржы, мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, білім беру және қалалық инфрақұрылым салаларына әсерін көрсетеді. AlmatyFair.ai аясында AI болашағы мен ұлттық стратегиялар, мемлекеттік басқарудағы AI, ақылды қалалар, бизнестегі AI мен венчурлік инвестициялар, сондай-ақ цифрлық көшпенділер мен AI-шешімдерінің жаһандық экспансиясына арналған тақырыптық панельдік пікірталастар өтуде.Көрмеде компаниялар жасанды интеллектке қатысты инновациялық жобалары мен заманауи шешімдерін ұсынатын стартаптар аллеясы бой көтерді.  Бұл тәжірибе алмасу, кәсіби байланыстар орнату және әлеуетті инвесторлармен кездесуге бірегей мүмкіндік береді. AlmatyFair.ai маңызды оқиғаларының бірі — болашағы зор AI-стартаптар арасындағы AI Startup Showdown питч-баттлы. Мұнда 30 наурызда командалар өз жобаларын таныстырып, 10 000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры мен Кремний алқабында (АҚШ) өтетін Hero Training Program акселераторына қатысу мүмкіндігі үшін жарысқа түседі.ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ІТ-индустрияның экспорттық әлеуетін арттыру және трансшекаралық технологиялар трансферін ілгерілетуге бағытталған бірқатар маңызды келісімдерге қол қояды. Атап айтқанда, қазақстандық ІТ-шешімдерді Қытай нарығына шығару мақсатында Growth Vision Pro компаниясымен және екі гипермасштабты дата-орталық салу бойынша GK Hyperscale Ltd ұйымымен меморандумдар жасалады. Сондай-ақ Astana Hub, IT Park Uzbekistan және Growth Vision Pro стартап-экожүйелерді дамыту, инвестиция тарту және Қазақстан мен Өзбекстан стартаптары мен ІТ-компанияларының Қытай нарығына шығуын қолдау мақсатында ынтымақтастық келісімін рәсімдейді. Бұдан бөлек, Astana Hub пен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Қазақстанның білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау, инновациялық технологияларды енгізу және STEM бағыттарын дамыту бойынша меморандумға қол қояды.AlmatyFair.ai көрмесін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырады. Көрменің бас демеушісі – Kaspi.kz, ал ресми серіктестері – Freedom Bank пен Halyk Bank.Көрме Алматыдағы ірі алаңдардың бірі — «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында өтеді. Бағдарлама мен толық ақпарат AlmatyFair.ai сайтында қолжетімді, ал көрмеге қатысу үшін мына сілтеме арқылы тіркелуге болады.Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/964764?lang=kk  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-digital/press/news/details/964827?lang=kk
Талдықорғанда 90-2000 жылғы хит әндер атты концерті өтті! 05.04.2025
Жетісу облысының Данеш Рақышев атындағы филармониясында Талдықорғандықтардың көптеген өтініштері бойынша “Big band” үрлемелі  аспаптар оркестрінің 90-2000 жылғы хит әндер атты концерті өтті!Филармонияның  ең жарқын ұжымдарының бірі – үрлемелі аспаптар оркестрі – біздің облыста толық ұжымды,  репертуарға бай, өзіндік даңқты дәстүрі бар ұжым.Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Данияр Жақиянов.Концертте: оркестр танымал Қазақ және  шетелдік шығармалар: “Перекресток”, “Жаулап алды махаббат”, “Ханшайым”, “Can take my eyes if you”, “Я люблю тебя”, “Кеш мені”, “Simple the best” және тағы басқа танымал әндерін кавер нұсқада орындады.Концерт алғашқы дыбыстардан-ақ көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Оркестр жарқын, эмоционалды, жақсы презентация және энергиямен шырқалып, мерекелік атмосфераны тудырды.Бұл концерттің солистері: Бауыржан Кенжебаев, Гүлбану Лахаева, Жігер Арап, Асхат Мадиев, Гүлсім Малисова, Жандос Мусалимов, Ақниет Сейфулла, Ақбота Сабыржанова, Дана Максимова, Римма Ахметова, Алмагүл Батталиева, Дмитрий Мыцык. Концерттік бағдарлама көрерменді әр түрлілігімен таң қалдырды. Келесі естен кетпес кештерді жіберіп алмаңыздар!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/964824?lang=kk
Астана қаласының Есіл ауданы мен Эллинико-Аргируполи муниципалитеті ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастауды жоспарлады 05.04.2025
Афина, 2025 жылғы 28 наурыз – Астана қаласының Есіл ауданының әкімі Дарменияр Қыдырбек-ұлы бастаған делегация Грек Республикасына жұмыс сапарымен барып, Эллинико-Аргируполи муниципалитетінің басшылығымен бірқатар кездесулер, сондай-ақ мәдени және іскерлік іс-шараларға қатысты. Бұл сапар 2024 жылғы қазан айында Эллинико-Аргируполи мэрінің Астанаға жасаған сапары барысында қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандум аясында іске асты.Сапар бағдарламасы аясында қазақстандық делегация Политехникалық университет қаһармандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, сондай-ақ грек муниципалитетінің мэрі Яннис Константатоспен нақты келіссөздер жүргізді.Тараптар бірлескен жұмыстың алдын ала нәтижелерін қорытындылап, серіктестікті дамытудың нақты қадамдарын айқындады. Қалалық орта, «ақылды» инфрақұрылым және экологиялық жобалар саласындағы тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды. Қазақстандық делегация «Experience Park Elliniko» кешеніне және бұрынғы Эллиникон әуежайы аумағындағы нысандарға барды, онда «Эллинико Жаңа қала» атты ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл бастама «ақылды қала» технологияларын енгізу және бірлескен инновациялық жобаларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау алаңы ретінде қарастырылуда.Қалалық дамуға қатысты мәселелерден бөлек, тараптар туризм, мәдениет және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстандық делегациясы Ставрос Ниархос қоры орталығына барып, грек іскерлік және қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.Кездесулер мен іс-шаралардың қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтар өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға берік негіз болатынына сенім білдірді. Тараптар тәжірибе алмасуды жалғастыруға және аумақтардың тұрақты дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бірлескен бастамаларды ілгерілетуге келісті.Ынтымақтастық туралы меморандум аясында экономика, экология, білім және цифрлық технологиялар салаларында бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл Астана мен Афина арасындағы серіктестік қатынастарды муниципалдық деңгейде нығайтуға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/964823?lang=kk
Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде: жаңа мектептер 05.04.2025
Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде: жаңа мектептер«Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің міндеті»Қасым - Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының ПрезидентіҚазақстанда тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір баланың сапалы білім алуы үшін қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы жағдайлар жасауға бағытталған тұрақты мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Бұған соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан ауқымды мемлекеттік бағдарламалар да ықпал етуде.Елде жаңа мектептердің құрылысы бұрын-соңды болмаған қарқынмен жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл төртінші жыл қатарынан жыл сайын 1000-ға жуық ауыл мектептері модернизациядан өтуде. Бұл балалар үшін оқу жағдайларын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді.Соңғы үш жылда 4 мыңнан астам мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. 2 мыңнан астам білім беру ұйымында робототехника, химия, биология, физика және STEМ бойынша заманауи пәндік кабинеттер ашылды. Бір ғана 2024 жылдың қорытындысын алып қарар болсақ, 967 мектепте 1621 пәндік кабинет жабдықталды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, 2029 жылға қарай еліміздің мектептерінде кемінде 7000 заманауи пәндік кабинет ашу жоспарланған.Білім беру сапасын арттырудың тағы бір маңызды факторы - цифрлық технологияларды енгізу болып табылады. Ұлттық бастамалар аясында мектеп оқулықтарының 100%-ы цифрлық форматқа көшірілді, ал мектептердің 95,2%-да жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік айтарлықтай жақсарды. Білім беру платформалары енгізілуде, жасанды интеллект элементтері оқу процесіне интеграциялануда. Осы шаралардың барлығы оқушыларды болашақтың сын-қатерлеріне дайындауға және олардың бойында ерте жастан цифрлық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-ekonomika/press/news/details/964797?lang=kk
Қазақстан мен Еуроодақ екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуда 05.04.2025
Алматы, 2025 жылғы 28 наурыз – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар қазақ-еуропалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін егжей-тегжейлі талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.Сұхбаттастар Самарқандта өтетін «Орталық Азия – Еуропалық одақ» саммитінің маңызын атап өтіп, өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын құптады.Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді, сондай-ақ көлік және логистика, маңызды шикізат, жасыл энергетика, цифрландыру, климаттың өзгеруі және тағы басқа салалардағы бірлескен жобаларды одан әрі тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту тұрғысынан М.Нұртілеу Таяу Шығыс пен Африка нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін практикалық шараларды қабылдау қажеттігін атап өтті.ҚР СІМ басшысы ЕО Жоғары өкілінің назарын Қазақстан азаматтары үшін Еуроодақ визалық режимді жеңілдету туралы келісімге қатысты Астана мен Брюссель арасындағы келіссөздерді жылдам бастаудың екі тарап үшін маңызды екеніне аударды.Өз тарапынан К.Каллас ЕО-ның Қазақстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты тереңдетуге және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бейілді екеніне сендірді. Ол Ашхабадта өткен «Орталық Азия – Еуропалық одақ» министрлік кездесуінің нәтижелері еуропалық тараппен жоғары бағаланып, бұл үдерісті ілгерілетуге ықпал ететінін атап өтті.Кездесу соңында сұхбаттастар сындарлы диалогты жалғастыруға екіжақты қызығушылық танытты.Еуропалық одақ – Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі. 2024 жылғы тауар айналымы 49,7 млрд АҚШ долларын құрады (+16,9%), оның ішінде Қазақстанның ЕО-ға экспорты – 38,6 млрд доллар, импорты – 11,1 млрд доллар. 2005 жылдан 2024 жылғы 9 айға дейінгі кезеңде ЕО елдерінен Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 200,7 млрд долларды құрады. Қазақстанда еуропалық капиталдың қатысуымен 3 мыңнан астам компания жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-prague/press/news/details/964799?lang=kk