Enbekshi QazaQ

Әлем

Қармақшы ауданында тағы бір дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды 29.03.2025
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қармақшы ауданына жұмыс сапары барысында Ақай ауылындағы дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты. Салтанатты шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жұртшылықты мерекемен құттықтап, мұндай кешендердің көбейгені халықты спортпен шұғылдануға ынталандыратынын атап өтті.«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз», – деген болатын. Тұрғындар спортты күнделікті өмір салтына айналдыру үшін осындай кешендердің саны артып келеді. Өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында "Үстел теннисі" орталығы пайдалануға берілді. Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 11 мың орындық Орталық стадион мамыр айында ел игілігіне табысталады. Жақын күндері көпбейінді «Қызылорда Арена», дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталады. Жыл басынан бері Қармақшы ауданының ІІІ Интернационал, Дүр Оңғар елді мекендерінде, Сырдария ауданының Бесарық ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды. Дәл осындай спорт кешені күні кеше Шиелі ауданының Жақаев ауылында пайдалануға берілсе, ертең Жалағаш ауданында іске қосылады. Бүгін Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ақай ауылындағы жаңа спорт кешенін табыстауға жиналдық. Халқымызда «Дені саудың – жаны сау» деген жақсы сөз бар.Ауыл жастарының спортпен шұғылданып, байрақты бәсекелерде, дүбірлі додаларда еліміздің, аймағымыздың атын асқақтатуына тілектеспіз. Жаңа спорт ғимараты құтты болсын! Баршаңызды жыл басы - Наурыз мейрамымен шын жүректен тағы да құттықтаймын!», -деді Нұрлыбек Машбекұлы.Рәсімде Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен ғимаратты салып, ел игілігіне табыстаған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов құттықтау сөз сөйледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962418?lang=kk
Азия елдерімен достастық тобының жетекшісі Ахмед Әл-Хитмимен кездесу 29.03.2025
Елші Арман Исағалиев Қатар Консультативтік Кеңесінің мүшесі, Азия елдерімен достастық тобының жетекшісі Ахмед Әл-Хитмимен кездесіп, екіжақты парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/962416?lang=kk
Қазалы ауданындағы Ақтан батыр ауылы газға қосылды 29.03.2025
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қазалы ауданының Ақтан батыр ауылын табиғи газға қосу рәсімі өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.Облыс әкімі тұрғындарды Наурыз мейрамымен, көптен күткен қуаныш – ауылға "көгілдір отын" келуімен құттықтады.«Ұлыстың Ұлы күні Сыр жеріне толайым жаңалықтарымен жетті! Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиынды Сыр елінде өткізу туралы қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті. Бұл – біз үшін зор мәртебе, Президентіміздің Сыр өңіріндегі атқарылып жатқан жұмыстарға берген оң бағасы. Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен қолға алынған, іске асқан байыпты бастамаларымыз бен жасампаз жобаларымыздың игілігін халық көруде.Өткен жылы облыс бюджеті 750 млрд теңгеден асып, екі жарым жыл бұрынғы көрсеткіштің өсімін 206 пайызға жеткіздік.Президентіміздің қолдауымен бүгінде Қызылорда қаласы ыстық сумен қамтамасыз етілуде. Алдағы жылу беру маусымында көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық су толық қосылады.Газдандыру жобаларына 30 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды, 330 шақырым газ желілері салынды. Халықты газбен жабдықтау көрсеткіші 78 пайызға өссе, жыл соңына дейін 82 пайызға жеткіземіз.Ал, бүгін өздеріңізбен бірге Ақтан батыр ауылын табиғи газға қосамыз. Елдің дамуы ауылдан, ауылдың гүлденуінен басталады.Ауылдарыңызға келген "көгілдір отын" халықтың тұрмыс сапасын арттырып, ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң ықпалын тигізеді деп сенеміз. Бүгінгі мереке барша отбасына бақыт пен шаттық әкелсін!», - деді Н.Нәлібаев.Салтанатты шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан алдыңғы буын ағалар мен бірқатар азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев құттықтауын жеткізді. Биыл облыс аумағындағы барлық елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында 11 млрд теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда. Өткен жылы аймағымыздың жол құрылысын дамытуға 44 млрд 703 млн теңге бөлініп, 300 шақырымнан астам жол жөндеуден өтті. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайызға жетті. Биыл 329 шақырым жол жөнделіп, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетеді. Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Облыс аумағындағы 216 шақырымның 151 шақырымы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Қосымша 30 шақырымына екі қабатты асфальт жабындысы төселді. Жоба биыл толық аяқталады.Көлік-логистика саласында да жетістіктер көп. Мемлекет басшысының қолдауымен "Қорқыт Ата әуежайының" жаңа терминалы ашылды. Жобаны іске асыруға Президентіміздің тікелей тапсырмасына сәйкес "Болат Өтемұратов қоры" 16 млрд 600 млн теңге инвестиция салды. Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға 4 млрд 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. «Қазақстан Темір Жолы» компаниясы және жергілікті кәсіпкерлер демеушілігімен теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі автовокзал пайдалануға берілді. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен аймақ қарқынды құрылыс алаңына айналды. Облыста 126 млрд. 809 млн теңгеге 180 жобаның құрылысы жүрудеАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/962413?lang=kk
Ұландықтар есірткісі бар адамды ұстады 29.03.2025
Жаңаөзен қаласында полиция қызметкерлері Ұлттық ұланның жауынгерлерімен бірге қолында тыйым салынған заттары бар адамды ұстады.Көктем шағын ауданындағы үйлердің бірінің жанында құқық қорғау қызметкерлері күдікті азаматты тоқтатқан. Тексеру барысында оның қалтасынан белгісіз ақ ұнтақ табылған.- Біз күдіктіні тоқтатқан кезде ол өзін күмәнді ұстады. Жеке тексеру кезінде ұсталған адамнан ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар 15 орам табылды, - деп атап өтті әскери жасақ бастығы Оңғарсын Ақмұратов.Ұсталған адамның бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/962409?lang=kk
«Жібек жолы» жобасының кезекті туристік пойызы Самарқандқа келді 29.03.2025
2025 жылғы 23 наурызда Самарқандқа "Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд-Шымкент-Алматы" бағыты бойынша кезекті "Жібек жолы" туристік пойызымен 307 қазақстандық турист келді. Оларды Өзбекстан тарапы дәстүрлі түрде жылы және достық атмосферада қарсы алды. Қонақтар ежелгі қаланың бай тарихи мұрасымен, мәдениетімен және туристік көрікті жерлерімен танысады."Жібек жолы" жобасы-Алматы, Түркістан, Ташкент, Самарқанд және Шымкентті байланыстыратын Орталық Азиядағы жетекші туристік бағыттардың бірі. Ол өңірлік туризмді дамытуға, мәдени байланыстарды нығайтуға және туристер үшін қолайлы және қауіпсіз көлік жүйесін құруға бағытталған.  Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің өңірдегі туризмді дамыту жөніндегі уағдаластықтары шеңберінде ұйымдастырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/962386?lang=kk
Қазақстан Елшісі Мысыр Президентіне сенім грамоталарын тапсырды 29.03.2025
Каир, 2025 жылғы 24 наурыз – Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах әс-Сисиге сенім грамоталарын табыс етті.Іс-шараның салтанатты рәсімі аясында А. Жеңіс Мысыр басшысымен сұхбаттаса отырып, оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.Сонымен қатар қазақ дипломаты екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі дамуын атап өтті. Осы тұрғыда ол Мысырмен ынтымақтастықтың барлық салалардағы елеулі әлеуетін ескере отырып, серіктестікті одан әрі тереңдетудің оның осы лауазымдағы жұмысының ең маңызды бағыты екеніне назар аударды.Өз кезегінде Мысыр Президенті Қазақстан Елшісіне жаңа қызметінде табыс тілей отырып, Каир мен Астана арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға және нығайтуға жоғары мүдделілігін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/962369?lang=kk
Ұландықтар Ақтаудағы жол апатынан зардап шеккендерге көмектесті 29.03.2025
Ақтауда жол-көлік оқиғасы орын алды: Lada автокөлігі жарықтандыру бағанасына соқтығысты. Көлік қатты зақымданды, ал жүргізуші мен жолаушы салонда құлыптаулы болды.Жақын жерде орналасқан 6656 Ұлттық ұланның әскери бөлімінің әскери қызметшілері дереу көмекке келді. Ұландықтар зардап шеккендерді көліктен шығарып, қауіпсіз жерге көшіріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті.– Біз апатты бірден байқап, дереу әрекет етуге кірістік. Зардап шеккендер есін жиғанымен түрлі жарақат алды, сондықтан біз жедел медициналық жәрдем дәрігерлерін шақырып, олардың келуін күттік, – деді әскери жасақ бастығы Решат Ғазымбеков.Сондай-ақ, әскерилер полиция келгенге дейін оқиға болған жерді бақылауды қамтамасыз етіп, ықтимал апаттың алдын алды. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/962363?lang=kk
Ұландықтар еңбек ардагерлерінің ауласын тазалады 29.03.2025
23 наурыз – Тазалық күнімен көктемгі Наурызнама мерекесінің онкүндігі аяқталады. Ол өмірдің жаңаруын қоғамдық мағынада бейнелейді. Адамдар өткен кезеңнің қорытындысын шығарып, болашаққа жоспар құрып, айналасын ретке келтіреді.Күн мен түннің теңелуіне арналған дайындық қоршаған ортаны тазартуды, елді мекендерді абаттандыруды және Жер-Анаға құрмет көрсетуді қамтиды. Осыған орай Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімдігі мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері еңбек ардагерлерінің аулаларын қардан тазарту жұмыстарын ұйымдастырды.— Күн жылынған сайын қыста жиналған қар еріп, үйімді су басады деп алаңдап жүр едім. Бірақ сарбаздар ауланы жылдам әрі мұқият тазалап берді. Осындай мейірімді, қайратты және көмекке әрдайым дайын азаматтарды тәрбиелеген ата-аналарына алғыс айтамын. Сондай-ақ Сарыарқа ауданы әкімдігі мен Ұлттық ұлан басшылығына ризашылығымды білдіремін, – деп бөлісті еңбек ардагері Галина Корейба.Айта кетейік, мереке қарсаңында ұландықтар тағы бірнеше ардагердің үйіне барып, ауладағы қарды тазартуға көмектесті.Айта кету керек, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері Наурыз мейрамын атап өтуде белсенділік танытып, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту мен насихаттауға өз үлесін қосты. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/962362?lang=kk
Марокко Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне қатысады 29.03.2025
Рабат, 2025 жылғы 21 наурыз – Қазақстанның Мароккодағы Елшісі Сәулекүл Сайлауқызы Марокко Королі Мұхаммед VI Экономика мен өркениет диалогы жөніндегі кеңесшісі, ірі кәсіпкер Андре Азулемен кездесті.Кездесу барысында қазақ дипломаты екі ел арасында дін саласындағы жүйелі ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығына назар аударып, А. Азулеге ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың 2025 жылғы қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне шақыруын табыс етті. Сонымен қатар Марокконың алдыңғы съездерге белсенді қатысқанына тоқталып, Корольдіктің дінаралық диалогты дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.А. Азуле шақыруды зор ризашылықпен қабыл алып, Съезге қатысуын растады. Қазақстан мен Марокконың конфессияаралық келісімді нығайту, бейбітшілік, толеранттылық пен өзара түсіністік идеяларын ілгерілету бойынша көзқарастарының ұқсас екендігін алға тартып, бұл іс-шараға қытысуының маңызды екенін жеткізді. Алдағы уақытта бұл бағытта ортақ жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. Съезд отырысының табысты өтуіне тілек білдіріп, аталған іс-шара сындарлы диалог және әлемдік дінаралық өзара іс-қимылды нығайту үшін маңызды алаң болатынына сенімін білдірді.Андре Азуле – Үш мәдениет және үш дін қоры төрағасының орынбасары, Шимон Перестің Жерорта теңізі форумы мен бейбітшілік орталығының директоры, Өркениеттер мен діндер диалогына арналған Давос форумы аясында С-100 негізін қалаушы мүшесі. Мароккода өтетін жаһандық дінаралық конференцияларды ұйымдастырушысы. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/962357?lang=kk
Қазақстандық гимнастшылар Афинада өткен «Aphrodite Cup 2025» халықаралық турнирінде жарқын жеңіске жетті 29.03.2025
Афина, 2025 жылғы 23 наурыз – Қазақстанның көркем гимнастикадан ұлттық құрамасы 21–23 наурыз аралығында Афина қаласындағы Faliro Olympic Indoor Hall спорт кешенінде өткен «Aphrodite Cup 2025» атты X мерейтойлық халықаралық турнирге қатысты. Жарысқа әлемнің 27 елінен спортшылар қатысып, турнир көркем гимнастика бойынша халықаралық күнтізбедегі маңызды іс-шараға айналды.Қазақстан құрамасы жоғары деңгейдегі дайындық пен шеберлікті көрсете отырып, жалпы саны 18 медаль жеңіп алды. Атап айтқанда:– 11 алтын медаль, соның ішінде 3-еуі топтық жаттығуларда,– 6 күміс медаль, оның ішінде 2-еуі топтық жаттығуларда,– 1 қола медаль.Турнирдің он жылдық мерейтойы аясында Қазақстан командасы «Aphrodite Cup» турнирінің барлық шығарылымына үзіліссіз қатысқаны үшін арнайы марапатқа ие болды. Бұл марапат еліміздің спорт саласындағы жүйелі жұмысының, ұрпақтар сабақтастығының және халықаралық спорт аренасындағы орнықты қатысуының дәлелі болды.Жарыс барысында Қазақстан спортшыларын Грекия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшісі Тимур Сұлтанғожин, Елшілік қызметкерлері, қазақстандық студенттер мен диаспора өкілдері қолдады. Олар спортшыларға шынайы қолдау білдіріп, сәттілік тілеп, мұндай халықаралық жарыстардың Қазақстанның оң имиджін ілгерілету мен елдер арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.  Қазақстан РеспубликасыныңГрек Республикасындағы ЕлшілігіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/962348?lang=kk
"Жас сарбаз" шығармашылық ұжымы Ташкентте өткен халықаралық байқауда Бас жүлдені жеңіп алды 29.03.2025
Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы "Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері Өзбекстан астанасында өткен "I Love Tu danse" халықаралық байқауында еліміздің абыройын асырды.Сапар, әсіресе жас әртістер үшін сәтті болды. Өнерлі ұжым бас жүлде — Гран-при, сондай-ақ 7-13 жас аралығындағы "Үздік халық биі" номинациясында бірінші орынды жеңіп алды.— Бұл біздің ұжымның халықаралық аренадағы алғашқы жетістігі емес. Балалар Ташкенттегі жарыстан ерекше бір шабыт алды. Мұндай байқаулар біздің жас өнерпаздар үшін тәжірибе алаңы ғана емес, шығармашылық даму үшін де жаңа көкжиектер ашады, — деп атап өтті студияның көркемдік жетекшісі, 3-сыныпты сержант Альмира Асылбекова.Халықаралық байқауға барлығы 36 шығармашылық ұжым қатысты. "Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясы 2022 жылы Қорғаныс министрінің бастамасымен құрылғанын айта кету керек. Қазір 200-ге жуық бала хореография, актерлік шеберлік, вокал және домбыра үйірмелеріне қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962345?lang=kk
23 наурыз - Тазару күні: Ұландық сарбаздар балалар үйі аумағын қардан тазартты 29.03.2025
23 наурыз күні елімізде Тазару күні атап өтілді. Бұл күні тазалық жұмыстары мен көмек көрсету акциялары ұйымдастырылады. Осы маңызды датаға орай, Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің материалдық және техникалық қамтамасыз ету ротасының 15 сарбазы Астана қаласында орналасқан «SOS Астана балалар ауылына» арнайы барып, аумақты қардан тазартты.Білекті сарбаздар әп-сәтте жол жиектерін ретке келтіріп, үйілген қарды шығаруға септігін тигізді.- Біз осында балалар үйінің аумағын қардан тазарту үшін келдік. Бұл – біздің қоғамға, әсіресе балаларға деген қамқорлығымыздың бір көрінісі. Өзіміздің міндетімізді абыроймен атқарып, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлауға тырыстық, - деді қатардағы сарбаз Айбек Баратов.Балалар үйінің тәрбиеленушілері жауынгерлердің жасаған еңбегін жоғары бағалап, өз өнерлерін көрсетіп, алғыстарын білдірді. Бұл шара балалар үшін ғана емес, сарбаздар үшін де маңызды сәт болды. Әскери қызметкерлер мен балалар арасында жақын қарым-қатынас орнап, бір-біріне жылулық пен қамқорлық сезімі пайда болды.Мұндай қайырымдылық шараларының қоғамдағы маңызы зор, себебі олар жастарды ізгілікке тәрбиелеуге, сонымен қатар қоғам мүшелерінің бір-біріне көмек көрсетуге деген ынтасын арттыруға ықпал етеді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/962340?lang=kk
Қазақстан Қорғаныс министрлігіне Руанда әскери делегациясы келді 29.03.2025
Шетелдік делегацияның сапары Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың Руанда Республикасы Президентінің арнайы өкілі генерал-майор Жан Поль Ньирубутамамен қыркүйекте өткен кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде болды.Руанда әскери қызметшілері ҚР Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық қорғаныс университетінде өткен жұмыс кездесулеріне қатысты.Тараптар әскери ынтымақтастық саласындағы қолда бар әлеуетті атап өтіп, тең құқылы әріптестік қатынастарды орнатуға ниет білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962339?lang=kk
Алматыда әскери оқу орнының жеке құрамы Тазару күнінде экологиялық акция өткізді 29.03.2025
"Наурызнама" онкүндігінің соңғы күні Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында Тазару күні өтті. 1500-нан астам әскери қызметші, курсанттар мен мерзімді қызмет сарбаздары көшет отырғызуға, институт аумағын және оған іргелес аймақтарды абаттандыруға қатысты. Акцияны институт бастығы генерал-майор Нұртас Қабақов басқарды.- Көгалдандыру - бұл қала экологиясы мен оның тұрғындарының болашағы. Біз үшін бұл бір реттік акция емес. Институттың әскери қызметшілері осындай іс-шараларға үнемі қатысып тұрады, - деп атап өтті ол.Экологиялық акция аясында 150-ге жуық ағаш отырғызылып, аумақтарды ауқымды тазарту жұмыстары жүргізілді. - Біз қаланың орталық көшелерінің біріне көшет отырғыздық. Енді бірнеше жылдан кейін өсіп шығатын ағаштар қаланың келбетіне сәйкес келмек, – деді 2 курс курсанты Ерасыл Әскербеков.Әскери институттың жеке құрамы қаланы көгалдандыруға, жасыл желектерді күтуге, мемориалдық саябақтар мен скверлерді абаттандыруға үнемі қатысып тұрады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962260?lang=kk
Тазару күні: табиғатты аялау – болашаққа қамқорлық 29.03.2025
Наурыз – табиғаттың жаңару, жаңғыру кезеңі, адамдардың бірлігі мен ынтымағының мерекесі. Бұл ежелден келе жатқан мейрам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен былтырдан бастап жаңа форматта тойлануда. Он күнге созылатын «Наурызнама» тұжырымдамасы бұл мейрамға терең мағына беріп, оның ұлттық мәнін арттыра түсті.Бүгін, 23 наурыз – Тазару күні, қоршаған ортаның тазалығына және адамның ішкі жан дүниесінің үйлесімділігіне арналады. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде сенбіліктер, экологиялық акциялар мен табиғатты қорғау шаралары өтуде.Бұл игі бастамадан облыс орталығы – Қонаев қаласының тұрғындары да шет қалмады. Белсенділердің, қоғамдық ұйымдардың және мекеме қызметкерлерінің бастамасымен кең ауқымды санитарлық тазарту акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға 100-ден астам адам қатысып, 10 тоннаға жуық қоқыс жиналды. Акция барысында «Жасыл қала Қонаев» ұйымы басшысының орынбасары Асхат Сарсембекұлы мұндай бастамалардың тек тазалықты сақтауға ғана емес, қоғамда қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыруға да септігін тигізетінін атап өтті.Облыс көлемінде өткен акцияның нәтижелері:•7635 адам сенбілікке қатысты;•152,5 тонна қоқыс шығарылды;•21 арнайы техника жұмылдырылды;•1040 ағаш отырғызылды.Бұл көрсеткіштер тұрғындар мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен күш-жігері айналамызды таза әрі көрікті ете алатынын айқын дәлелдейді. Тазару күні табиғатқа деген жанашырлықтың маңыздылығын еске салады. Өйткені ауламыздың, көшелеріміздің, саябақтарымыздың тазалығы – тек жайлылықтың ғана емес, қоғам мәдениетінің де көрсеткіші. Наурыз әр шаңыраққа татулық, жақсылық пен амандық әкелсін!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/962221?lang=kk
Қапшағай қарағайлы орманы: жасыл болашаққа алғашқы қадам 29.03.2025
2025 жылғы 22 наурызда Қапшағай су қоймасының жағалауына 22 000 қарағай көшеті отырғызылды.Қазақстанда экожүйені қалпына келтіру және аумақтарды көгалдандыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – 2025 жылғы 22 наурызда өткен ауқымды экологиялық акция. Жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылған жоба өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіруге, ауа сапасын арттыруға және биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған. Көшеттер алғашқы сорғы станциясы маңында отырғызылды, болашақта бұл аумақта нағыз қарағайлы орман пайда болады.Іс-шараға 200-ге жуық ерікті қатысты, олардың қатарында бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар және жергілікті тұрғындар бар. Барлығы ортақ мақсат – өңірдің табиғи қорғаны бола алатын жасанды орман алқабын құру үшін жұмылды.Бұл бастама халықаралық климаттық күн тәртібіне және БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасына (UNEP) толық сәйкес келеді. Қарағайлы орманның қалыптасуы жасыл инфрақұрылымды дамытуға үлес қосып, азаматтық қоғам, бизнес және мемлекет арасындағы экологиялық мәселелерді шешудегі тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болмақ.Қапшағай қарағайлы орманы – бұл жай ғана орман емес, болашақ ұрпаққа қамқорлықтың белгісі және қоршаған ортаны жақсарту үшін бірлескен күш-жігердің айқын көрінісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/962220?lang=kk
Хорватияның Экономикалық палатасы мен Далмация өңірі Қазақстанмен іскерлік байланыстарды арттыруға ниетті 29.03.2025
Загреб, Сплит, 2025 жылғы 20–22 наурыз – Қазақстан мен Хорватия іскер топтарының байланыстарын дамыту және бұл үдеріске Хорватияның Экономикалық палатасының қатысуы Хорватиядағы Қазақстан Республикасының Елшісі Даулет Батрашевтың Хорватия Экономикалық палатасының вице-президенті Игор Показпен кездесуі мен Далмация өңірінің әкімшілік орталығы – Сплит қаласына жасаған жұмыс сапарының басты тақырыбы болды.Екіжақты әріптестікті әртараптандыру және сауда айналымын ұлғайту мақсатында Д.Батрашев пен Игор Показ осы жылдың сәуір айының соңында Астанада қазақстан-хорват бизнес-форумын ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Бұл форумға экономиканың әртүрлі секторларынан 28-ден астам хорват компаниясының қатысуы жоспарлануда.Хорватияның Экономикалық палатасының жүйесі кәсіпкерлер пайдалана алатын кең мүмкіндіктерге ие және елдің барлық өңірлерінде ұсынылған.Осыған байланысты 2024 жылы құрылған «Қазақстан–Хорватия» Іскерлік кеңесі аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін кең мүмкіндіктер бар.Сплит қаласының мэрі Ивица Пулякпен кездесу барысында экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жолға қою мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Қала басшылығына Сплит қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулдығына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірілді. Сонымен қатар тараптар жыл сайын 5 миллионнан астам шетелдік турист келетін Сплиттің тарихи бөлігінде Қазақстанның инвестициялық және туристік әлеуетіне арналған көрме өткізу мүмкіндігін талқылады.Сплит университетінің басшылығымен қазақстандық студенттердің Теңіз зерттеулері факультетінде білім алу мүмкіндігі қарастырылды.Сапар аясында қазақстандық дипломат Далмация өңірінің бизнес және іскерлік топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-zagreb/press/news/details/962212?lang=kk
"Оңтүстік" ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы Ұлы Отан соғысының ардагерін Наурыз мейрамымен құттықтады 29.03.2025
Таразда "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраев Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Федорович Макеевті Ұлыстың ұлы күні мерекесімен құттықтады. Генералмен бірге майдангер үйіне "Оңтүстік" ӨңҚ әскери оркестрі келіп, құттықтау сәті музыкалық сүйемелдеумен өтті.Иван Федорович арнайы келіп қуантқандарына дән риза болды. Ардагердің айтуынша, ол әскери қызметшілерден Жеңіс күніне жақын құттықтау күткен еді, алайда наурыз қарсаңындағы музыкалық құттықтау тосын әрі әсерлі сыйлық болды.— Ардагерлерімізге ризашылық білдіріп, олардың көңіл-күйін көтеру үшін кез келген мерекеде келуге әрқашан дайынбыз. Олардың ерлігі — жауынгерлік рухымыздың және Отанға деген адалдығымыздың негізі, – деп атап өтті генерал-майор Ержан Ыбыраев.Әскери оркестр ардагердің сүйікті әуендерін орындап, нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. Иван Федорович пен оның қызы Ольга әскерилерге жылы лебіздері мен арнайы іздеп келгені үшін алғыс айтып, мұндай кездесулер ардагерлер үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.Әскерилер тек құттықтап қана келген жоқ, аға буынға құрмет көрсетудің маңыздылығын және ұрпақтан-ұрпаққа басты – мейірімділік, бейбітшілік пен жақындарына қамқорлық сынды құндылықтарды көрсете отырып, тарихи байланысты сақтау қажеттілігін еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962210?lang=kk
Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері әлемдік рекорд орнатуға қатысты 29.03.2025
Наурыз мейрамы күні Қазақ ұлттық киімін киген 5 мыңнан астам ақтаулық Каспий жағалауына "Қазақтың ұлттық киіміндегі ең көп адам" номинациясы бойынша Гиннес рекордын орнатуға жиналды.Бастаманы Ақтау өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері, оның ішінде әскери полиция басқармаларының қызметкерлері белсенді қолдады. Бұл шара еліміз үшін де, ақтаулықтар үшін де маңызды сәт болды. Іс-шара қазақ халқының мәдени дәстүрлеріне деген құрмет пен бірлікті көрсетті.– Best Fest Nauryz атты іс-шараға 5 мыңнан астам адам жиналды. Олардың қатарында қала тұрғындары, түрлі сала қызметкерлері, түрлі этнос өкілдері, аға буын өкілдері бар. Біз, әскери қызметшілер де шет қалмадық. Қазақ халқының мәдени мұрасын әлемдік деңгейде насихаттауға үлес қосқандардың бәріне алғысымды білдіремін, – деді Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы штабының офицері майор Бекболат Қойлыбаев.Рекорд орнату рәсімі Каспий жағалауындағы арнайы дайындалған алаңда өтті. Қатысушыларды тіркеуді және санауды Ұлыбританиядан келген Гиннестің рекордтар кітабының ресми өкілдері жүргізді. Бұл үрдіс бірнеше сағатқа созылды. Сарапшылардың айтуынша, барлық талаптар орындалды.Тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін ұйымдастырушыларға Қазақстанның жаңа әлемдік рекордқа ие болғанын растайтын арнайы сертификат табыс етілді.Бұл жетістік халықаралық аренада қазақ мәдени дәстүрлерін дәріптеудегі маңызды қадам болды. Бұл іс-шараға әскери қызметшілердің қатысуы олардың қоғамдық бастамаларды қолдаудағы және ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/962203?lang=kk
Қазақстанның Ханойдағы жаңа жылдық әдет-ғұрыптарымен танысу 29.03.2025
19 наурызда Қазақстан мен Әзірбайжан Елшіліктері Ханой Сауда және туризм колледжімен бірлесіп, көптеген бірегей мәдени іс-шаралармен «Наурыз Мейрамы» жаңа жылдық фестивалін ұйымдастырды.Наурыз – 3000 жылдан астам тарихы бар және ЮНЕСКО материалдық емес мәдени мұра, ал Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықаралық мереке деп таныған Қазақстандағы ең маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн мен түннің ұзақтығы бірдей болатын көктемгі күн мен түннің теңелуіне арналған мереке, ол жаңа бастаманы, қараңғылықты жеңуді бейнелейді, бұл халықтар арасындағы бейбітшілікке, өркендеуге және ынтымақтастыққа деген ұмтылысты көрсетеді.Ай күнтізбесі бойынша Вьетнам жаңа жылы сияқты, Наурыз да отбасыларды біріктіруге, дастархан басында жиналуға, ізгі тілектермен алмасуға және маңызды дәстүрлі іс-шараларға бірлесіп қатысуға сылтау болып табылады.Іс-шарада қонақтар құнарлылықты, сәттілік пен жаңа бастамаларды бейнелейтін жұмыртқаларды сындыру рәсімін жасады, негативті жою үшін Наурыз отынан секірді және жаңа жылда молшылық пен өркендеуді бейнелейтін арпаның жасыл өскіндерімен және түрлі-түсті тәттілермен безендірілген Наурыздың дәстүрлі символы – Хонтра науасына шам жағылды."Наурыз-2025" фестиваліне Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш, Әзірбайжан Елшісі Шовги Мехдизаде, Түркия Елшісі Корхан Кемик қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға Дон Дэвид – Дүниежүзілік барбекю қауымдастығының Вице-президенті, Адриана Алацки - Гастромак президенті, Джордж Костич - Worldchefs құрметті мүшесі, Сулейман Курсак-жас аспаздар қауымдастығының президенті және Алан Пайен - Әмірліктердің аспаздық гильдиясының аға мүшесі, Халықаралық аспаздық қауымдастығының мүшесі, Worldchefs қазылар алқасы. қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/962160?lang=kk