«Жібек жолы» жобасының кезекті туристік пойызы Самарқандқа келді
29.03.2025 19:03:01 17062025 жылғы 23 наурызда Самарқандқа "Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд-Шымкент-Алматы" бағыты бойынша кезекті "Жібек жолы" туристік пойызымен 307 қазақстандық турист келді. Оларды Өзбекстан тарапы дәстүрлі түрде жылы және достық атмосферада қарсы алды. Қонақтар ежелгі қаланың бай тарихи мұрасымен, мәдениетімен және туристік көрікті жерлерімен танысады.
"Жібек жолы" жобасы-Алматы, Түркістан, Ташкент, Самарқанд және Шымкентті байланыстыратын Орталық Азиядағы жетекші туристік бағыттардың бірі. Ол өңірлік туризмді дамытуға, мәдени байланыстарды нығайтуға және туристер үшін қолайлы және қауіпсіз көлік жүйесін құруға бағытталған.
Бұл жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің өңірдегі туризмді дамыту жөніндегі уағдаластықтары шеңберінде ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-samarkand/press/news/details/962386?lang=kk