Ұландықтар есірткісі бар адамды ұстады

Ұландықтар есірткісі бар адамды ұстады

29.03.2025 19:03:03 1930

Жаңаөзен қаласында полиция қызметкерлері Ұлттық ұланның жауынгерлерімен бірге қолында тыйым салынған заттары бар адамды ұстады.

Көктем шағын ауданындағы үйлердің бірінің жанында құқық қорғау қызметкерлері күдікті азаматты тоқтатқан. Тексеру барысында оның қалтасынан белгісіз ақ ұнтақ табылған.

- Біз күдіктіні тоқтатқан кезде ол өзін күмәнді ұстады. Жеке тексеру кезінде ұсталған адамнан ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар 15 орам табылды, - деп атап өтті әскери жасақ бастығы Оңғарсын Ақмұратов.

Ұсталған адамның бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/962409?lang=kk