Әлем
Ақмола облысында «Сән мен салтанат» ұлттық киім фестивалі өтті 27.03.2025
Наурыз мерекесін тойлау аясында Көкшетауда ұлттық киімдер күніне арналған облыстық «Сән мен салтанат» фестивалі өтті. Бұл шара қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау, дәріптеу және ұлттық киімнің әсемдігін көрсету мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.Фестивальге Ақмола облысының әр ауданынан дизайнерлер қатысып, өз жұмыстарын ұсынды. Шара аясында ұлттық киім үлгілері таныстырылып, олардың тарихы мен символикалық маңызы жайлы айтылды.Фестивальге қатысқан шеберлердің айтуынша, ұлттық киім – жай ғана сән емес, ол халқымыздың тарихы, мәдениеті мен рухани болмысының айнасы. Ұлттық киімдерді тігу үлкен шығармашылық пен табандылықты талап етеді.«Біз көп жылдан бері ұлттық киімдерді тігіп, халыққа ұсынып келеміз. Бұл сала терең білім мен үлкен шеберлікті қажет етеді. Әр көйлек қазақ қызының нәзіктігін, ерекшелігін көрсететіндей етіп жасалады», – дейді Көкшетау қаласындағы «Светлана» ательесінің директоры Светлана Ехлакова.Дизайнер Әсемгүл Оспанованың айтуынша, бүгінде ұлттық киімдер тек мерекелерде ғана емес, күнделікті өмірде де сәнге айналып келеді.«Біздің топтамаға дәстүрлі үлгілермен қатар, заманауи сәнге сай киімдер де енгізілген. Ұлттық киімді дәріптеу тек сән үрдісі ғана емес, бұл – ұлттың рухани бірлігін нығайтуға, түп-тамырымызға деген мақтаныш сезімін арттыруға бағытталған құндылық. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда ұлттық киім киюдің сәнге айналуы керектігін атап өткен болатын», – дейді ол.Фестиваль соңында барлық дизайнерлерге алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл шара ұлттық мұраны сақтау мен оны болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын тағы бір мәрте айқындай түсті деседі ұйымдастырушылар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/959907?lang=kk
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары! 27.03.2025
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары! Сіздерді Катонқарағай ауданы әкімдігінің «Катонқарағай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз.НҚА жобасының мәтініне өту үшін келесі сілтеме бойынша көшу қажетhttps://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15505172Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/977247?lang=kk
Ақмола облысында тәрбиелік мәні зор «Қазыналы қария» облыстық байқау өтті 27.03.2025
2025 жылдың 18 наурызында Наурызнаманың онкүндігі аясында «Қазыналы қария» облыстық байқауы өтті.Байқаудың мақсаты: дәстүрлі отбасылық құндылықтарды және егде жастағы адамдарға құрмет көрсетуді насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және жастар бойында патриотизмді тәрбиелеу.Байқауға облысымыздың әр түкпірінен 10 аға буын өкілдері қатысты. Қатысушылардың ең үлкені 80 жаста, соған қарамастан Степногорск қаласынан келген Аубай Дуримхан белсенді өмір салтын ұстанады.Қатысушылар қазылар алқасы мен көрермендер назарына өнерлерін және көрмеде өздері жасаған сәндік-қолданбалы бұйымдарын ұсынды. «Батаменен ел көгерер» кезеңінде қариялар жиылған қауымға ақ тілегін, адал ниетін білдірді.Қазылар алқасының құрамына Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Жетпісқалиев Серік, Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының әдіскері Кереева Ғалия, ҚР мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші, Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Мұқышев Кенжебай енді.«Қазыналы қария» облыстық байқауының Бас жүлдесіне Степногорск қаласынан Аубай Дуримхан ие болды.Сондай ақ қазылар алқасының шешімімен номинациялар бойынша үздіктер анықталды:«Батагөй қария» - Жақсыбай Ахметов, Сандықтау ауданы;«Данагөй қария» - Маралтай Ерденов, Зеренді ауданы;«Өнерлі қария» - Әлібек Тасболатов, Аршалы ауданы;«Тағылымды қария» - Сейдали Султанов, Степногорск қаласы;«Шежірелі қария» - Амангельды Алиякбаров, Егіндікөл ауданы;«Өнегелі қария» - Алтынбай Джандарбеков, Бурабай ауданы;«Шебер қария» - Ғалил Жанибеков, Біржан сал ауданы;«Асыл әже» - Бакытжан Дусатова, Көкшетау қаласы;«Қадірлі қария» - Егінбай Оспанов, Астрахан ауданы. Байқау жеңімпазы мен қатысушылар ұйымдастыру комитетінің дипломы және ақшалай сертификаттарымен марапатталды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/959901?lang=kk
18 наурыз Ұлттық киім күні 27.03.2025
Бразилиа, 2025 жылғы 18 наурыз - Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінің қызметкерлері "Наурыз" мерекелік бағдарламасының Ұлттық киім күнін дәстүрлі қазақ костюмдерімен атап өтті.Ұлттық киім-еліміздің мәдени мұрасының ажырамас бөлігі!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/959899?lang=kk
Қазақстан Қарусыздану жөніндегі конференцияға төрағалық етуде 27.03.2025
Женева, 2025 жылғы 18 наурыз – Қазақстан Республикасы Қарусыздану жөніндегі конференцияға төрағалық етуді ресми түрде қабылдады.Женевадағы БҰҰ Кеңсесінің Бас директоры, Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы Татьяна Валоваяның қатысуымен өткен пленарлық отырысты аша отырып, Қазақстанның Тұрақты өкілі, Елші Ерлан Әлімбаев Конференция жұмысын транспарентті және инклюзивті түрде ілгерілетуге бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін растады. Қазақстанның қауіпсіздіктің жаһандық проблемаларын шешудегі мультилатерализм мен ынтымақтастық қағидаттарын сақтауға бейілділігін атап өтті.Биылғы Конференция жұмысы ядролық қарусыздану, ядролық соғыстың алдын алу, қауіпсіздіктің теріс кепілдіктері, ғарыштағы қару-жарақ жарысының алдын алу, сондай-ақ жасанды интеллекті әскери қолдануға байланысты сын-қатерлер және биологиялық қауіпсіздікті қоса алғанда, жаһандық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша мазмұнды талқылауға ықпал ететін көмекші органдарға бағытталады. Осы тұрғыда Конференцияда ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру жөніндегі бастамасын талқылау маңызды болып табылады. Қазақстанның төрағалық ету кезеңінде 2025 жылғы наурыз және мамыр аралығында төрт көмекші органның сегіз отырысы өтеді.Қазақстан ымыраға келу және консенсус рухында елеулі нәтижелерге қол жеткізу үшін барлық делегациялармен және мүдделі тараптармен өзара іс-қимылға сенеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/959898?lang=kk
«Заң мен тәртіп»: Алматы қаласында колледж студенттері арасында құқықтық мәдениет нығайтылуда 27.03.2025
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру мақсатында Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция басқармасы қызметкерлері «Заң мен тәртіп: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында дәріс өткізді.Кезекті кездесу Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің студенттерімен өтті, онда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негіздері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектілері, сондай-ақ қоғамдағы адалдық қағидалары түсіндірілді.Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ойлары мен ұсыныстарымен бөлісті, сондай-ақ интерактивті пікірталасқа қатысты.Ерекше назар қазіргі қоғамдағы адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарының маңызына аударылды.Іс-шараның соңында студенттерге тәулік бойы жұмыс істейтін тегін 1424 колл-орталығының қызметі туралы айтылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетілді. #ЗАҢ_мен_ТӘРТІП#ЗАҢ мен ТӘРТІП Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-almaty/press/news/details/959893?lang=kk
Тарихи-өлкетану мұражайына саяхат 27.03.2025
Наурыз мейрамы қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері облыстың ең көне мәдени мекемелерінің бірі - Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына саяхатжасады.Мұражайда қазақ халқының этнографиялық материалдарының бай қоры жинақталған.Бұл ағаш пен теріден жасалған ыдыс-аяқ - торсықтар, қоржындар және басқада тұрмыстық заттар, сонымен қоса алашадан төсеніштер, түс кілемдер, ұлттық киімдер жинақталған.Зергерлік бұйымдардың коллекциясы, ортағасырлық монеталар мен күміс тостағандар бар.Келушілердің назарына қазақ мемлекет және саяси қайраткері Абылай ханның киімі, қарулары,орыс және басқа да патшалармен хат алмасудағы құжаттары үлкен қызыгушылық танытты.Ортағасырлық залда өте қызықты экспонаттар – Алтын Орда қылыштары, садақтары, найза және жебенің ұштары қойылған.Тағы бір ерекше жәдігер Шыңғыс Уәлихановтың ата бабаларынынаң қалған шапаны.Қызметкерлерге мұражайға бару ұмытылмас әсер қалдырды, өйткені оның экспонаттары мен жәдігерлері қазақ халқының ұлттық мәдениетін, этнографиялық құндылықтарын және өзіндік ерекшелігін сипаттайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/959883?lang=kk
"Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру туралы 27.03.2025
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫҚұрметті салық төлеушілер!ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 18 наурызда сағат 17:40-тан бастап «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі штаттық режимде жұмыс жасайтының хабарлайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/959856?lang=kk
"Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінің уақытша жұмыс істемеуі туралы 27.03.2025
ПРЕСС-РЕЛИЗҚұрметті салық төлеушілер!ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 18 наурыз сағат 12:00-ден бастап "электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлайды.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 412-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және ТСН ресімдеу қағидаларының 64, 65-тармақтарына (2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрық) сәйкес салық төлеушілер қағаз ТСН, ЭШФ ресімдеуге және "ЭШФ"АЖ енгізуге құқылы:-2025 жылғы 19 наурыздан бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз жеткізгіште жазылған шот-фактура;2025 жылғы 19 наурыздан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.ЭШФ АЖ-ға қолжетімділікті қалпына келтіру туралы қосымша хабарланатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/api/v1/public/content-manager/news/959848
Салтанатты шеру ұлттық бимен жалғасты 27.03.2025
«Ұлттық киім күніне» орай ұйымдастырылға салтанатты шеру «Қара жорға» ұлттық биімен жалғасты. Көпшілік бірге сап түзеп, ұлттық бидің әуезді қимылдарын жасады. Бұл көрініс қазақ халқының бірлігі мен рухының мықтылығын, ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі екенін дәлелдеді.Салтанатты шараның соңында аудандық «Әкелер ансамблі» мен шеруге қатысушылар аудан тұрғындарын әз-Наурыз мерекесімен құттықтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/959829?lang=kk
Қостанай қаласының ауыз су сапасын бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау шаралары. 27.03.2025
2025 жылғы 17 наурызда "Қостанай Су" МКК Қостанай қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандарының қатысуымен кеңес өтті. Қостанай қаласын ауыз сумен жабдықтаудың 2024 жылғы жағдайы туралы ақпарат ұсынылды. Халыққа берілетін судың сапасын, сондай-ақ сумен жабдықтау объектілерінің санитарлық-техникалық жай-күйін бақылау Қостанай қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жұмысындағы басты бағыттардың бірі болып табылады. Ұсынылған ақпарат санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг, өндірістік бақылау бағдарламасы бойынша есеп, тіркелген авариялар мен азаматтардың өтініштерін талдау деректері негізінде дайындалды.Сумен жабдықтау объектілерінің жұмысы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен реттелген. Оларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығымен бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі-СҚ), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 62 бұйрығымен бекітілген "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары жатады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/959824?lang=kk
"Ұлттық киім күніне" арналған салтанатты шеру өтті 27.03.2025
Бүгін аудан орталығында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің «Ұлттық киім күніне» орай кең көлемді салтанатты шеру ұйымдастырылды. Мерекелік шеруге аудан әкімі Берік Сәрменбаев, ардагерлер, өнерпаздар мен жастар және аудан тұрғындары қатысты. Аудан басшысы жиналған жұртшылықты «Ұлттық киім күнімен» құттықтады.– Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамының аясында атап өтілетін Ұлттық киім күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тарихи мұрамызды жаңғыртатын ерекше күн. Ұлттық киім – халқымыздың бай мәдениетінің, салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарының көрінісі. Қазақ шапаны мен камзолы, сәукелесі мен тақиясы – әрқайсысы халқымыздың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін асыл қазына. Бүгін ауданымызда ұлттық киімнің мәртебесін көтеріп, оның сұлулығы мен маңызын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған салтанатты шеруге жиналып отырмыз. Осы мерекеде ата-бабаларымыздан ұлттық киімімізді насихаттап жүрген барша аудан тұрғындарына алғысымды білдіремін! – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Шеруге барысында аудан тұрғындары үлкен белсенділік танытты. Олардың қатарында ақсақалдар мен әжелер, жастар мен мектеп оқушылары, өнер ұжымдары мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері болды. Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров жиналған жұртшылыққа батасын беріп, Наурыз мерекесімен құттықтады.Салтанатты шеру Орталық алаңнан бастап ауданның басты көшелерін аралап. Өнерпаздар халық әндері мен күйлерін орындап, қазақ халқының бай мәдениеті дәріптелді. Әрбір қатысушы қазақтың ұлттық киімін киіп, көпшілікке қазақтың ұлттық киімдерінің әсемдігін, алуан түрлілігін көрсетті. Әйелдер ою-өрнекпен көмкерілген кимешек пен сәукеле кисе, ер азаматтар шапан жамылып, белдеріне күміс белбеу тақты. Балалар да ұлттық нақыштағы киімдерімен көзге түсті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/959817?lang=kk
Эфиопия Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне қатысады 27.03.2025
Аддис-Абеба, 2025 жылғы 18 наурыз – Қазақстанның Эфиопия мен Кениядағы (қоса атқарушы) Елшісі, ҚР-ның Африка Одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Эфиопияның дінаралық кеңесінің Бас хатшысы Лике Тигухан Тагай Таделе мырзамен кездесу өткізді.Сұхбат барысында Қазақстан мен Эфиопия арасындағы дінаралық және мәдениетаралық диалог саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.Елші Б.Садықов сұхбаттасушыны Қазақстанда жүргізіліп жатқан дінаралық диалог саясатымен, сондай-ақ 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы VIII съезімен таныстырды.Л.Таделе шақыру үшін алғысын білдіріп, съезге қатысатынын растады, Қазақстанның әртүрлі діндер мен мәдениеттер өкілдері арасындағы бейбітшілік, төзімділік және диалог идеяларын ілгерілетудегі күш-жігерін жоғары бағалады.Кездесу соңында Эфиопия тарапы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің табысты өтуіне тілек білдіріп, бұл іс-шара сындарлы диалог және әлемдік дінаралық өзара іс-қимылды нығайту үшін маңызды алаң болатынын атап өтті.Анықтама: Эфиопия – әлемдегі ең көне елдердің бірі, бай мәдени және діни мұраға ие (христиан діні IV ғасырдан, ислам VII ғасырдан бері ұстанылады). Бүгінде ел халқы 125 миллионнан асады, оның 44%-ы христиандар (негізінен Эфиопия православие шіркеуінің өкілдері), 34%-ы мұсылмандар және 23%-ы евангелистер. Негізгі діни топтарды біріктіру мақсатында 2010 жылы Эфиопияның дінаралық кеңесі (IRCE) құрылды – діни бостандықты, үйлесімділікті және өркендеуді қолдау мақсатында елдің негізгі діни қауымдастықтарын біріктіретін ұйым.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/959811?lang=kk
Мәдениет және Ұлттық салт-дәстүр күні аясында фестиваль өтті 27.03.2025
Нағи Ілиясов ауылында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Наурызнама онкүнгінің «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне» орай «Салт-дәстүр – сан ғасырлық мұра» атты ауылдық клуб және мәдениет үйлері арасындағы аудандық фестиваль өтті. Мерекелік шараға Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев, ардагер әкелер мен ақ жаулықты аналар және ауыл тұрғындары қатысты. Фестиваль басында аудан басшысы мәдениет үйінің фойесіндегі «Қолөнер – халқымыздың асыл мұрасы» атты қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдары көрмесімен танысты. Жиналған көпшілікті аудан әкімі мерекемен құттықтады.– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі бекітілді. Осы онкүндік тойдың бүгінгі күні ұлтымыздың мәдениеті мен салт-дәстүріне арналып отыр. Қазақ зиялысы Мұхтар Әуезовтың «Халықтың мәдениеті өскен сайын – оның рухани өмірі де гүлденеді» деген сөзінен өркениеттің бірден-бір бастауы мәдениет екенін түсінеміз. Мәдениет – ұлттың рухани қазынасы, ал салт-дәстүр – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүру дағдысы мен ұлы мұрасы. Тарихтың тереңінен тамыр тартқан ұлттық құндылықтарымыз – тіліміз, дініміз, өнеріміз, әдет-ғұрпымыз ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіліп, бүгінге жетті. Әз-Наурыз – ұлттық мәдениетіміздің айшықты мерекесі. Қазақтың кең дастарханы жайылып, үлкендер бата береді, ұлттық ойындар ойналып, өнер көрсетіледі. Мұның бәрі – дәстүрлеріміздің ұмытылмай, жаңа буынға жетуі үшін жасалған игі қадамдар. Мәдениет және Салт-дәстүр күні – ата-бабамыздан мұра болып қалған рухани құндылықтарды жаңғыртып, ұлттық мәдениетімізді дәріптейтін ерекше сәт. Қазақ халқының бай дәстүрі, әдет-ғұрпы өзіне тән ерекшелігімен айқындалып, біздің өміріміздің мән-мағынасын терең түсінуге мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз – сол салт-дәстүрлерімізді сақтау, келер ұрпаққа насихаттау және жаңғырту. Бүгінгі мереке баршаңызға құт-береке, ізгілік пен молшылық әкелсін! – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Фестиваль барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының мәнін ұғындыратын қойылымдар сахналанып, жиналған жұртшылыққа ерекше рухани әсер сыйлады. Атап айтқанда, «Алтын кереге» тобы «Бесікке салу» рәсімін, «Ақ босаға» тобы «Тұсау кесер» рәсімін, «Шаңырақ» тобы «Қыз ұзату» салтын, «Дәстүр шуағы» тобы «Беташар» салтын және «Қазына» тобы «Селтеткізер» мен «Ұйқыашар» салтын сахналық қойылым арқылы қалың көрерменге жеткізе білді.Мерекелі іс-шара қорытындысында барлық топ аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, «Абзал және К» толық серіктестігінің атынан қаржылай сыйлыққа ие болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/959800?lang=kk
Аудан әкімдігі жанынандағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті 27.03.2025
Аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, комиссия мүшелері және барлық ауылдық округ әкімдері «ZOOM» платформасы арқылы қатысты.Комиссия отырысының күн тәртібінде келесідей мәселелер көтерілді:Бірінші мәселе: «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шаралар туралы» (баяндамашы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а. Жеңісбек Төралиев).Екінші мәселе: «Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған профилактикалық шаралар туралы» (баяндамашы аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып және Сырдария аграрлы-техникалық колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Искакова Айсұлу).Димаш Серікбайұлы өз сөзінде мәдениет және білім беру салаларында қызмет атқарып жүрген мамандардың адалдығы мен жауапкершілігін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттігін айтты. Сонымен қатар, жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдар мен қоғам арасында өзара іс-қимылды нығайтуға шақырды.Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімінің орынбасары тиісті сала басшылары мен мамандарына тапсырмалар беріп, тиісті шаралар қабылдау жөнінде шешімдер қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/959782?lang=kk
ЭЦҚ-ны заңды және жеке тұлғалар есептілікті тапсыру кезінде қалай пайдалана алады? 27.03.2025
Заң талаптарын сақтау және есептілікті тапсыру мен ЭЦҚ-ға қатысты басқа да әрекеттерді кедергісіз орындау мақсатында заңды және жеке тұлғаларға келесі заңды механизмдерді қолдану ұсынылады:– Ресми сенімхат рәсімдеуҚазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға осы заңды тұлғаның қызметкеріне немесе оның тағайындаған тұлғасына (соның ішінде аутсорсингтік ұйымдарға) электрондық құжатқа қол қою құқығын бере алады.Жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер қол қою құқығын есепшіге немесе басқа уәкілетті тұлғаға беру үшін нотариалды куәландырылған сенімхат рәсімдей алады. Бұл ретте әрбір тұлға өз атына алынған ЭЦҚ-ны пайдалануы тиіс.Қажет болған жағдайда аталған сенімхаттар тиісті мемлекеттік органдарда тіркелуге жатады.– Басшының жеке ЭЦҚ-ны пайдалануыБасшыларға есептілікті өз бетінше қол қою ұсынылады, бұл ЭЦҚ-ны пайдалану кезінде жеке жауапкершілік қағидатын сақтауға кепілдік береді.Одан бөлек, жеке және заңды тұлғалар өздеріне тиесілі ЭЦҚ-ның заңсыз қол жеткізілуі мен пайдаланылуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.Тиісті шараларды қабылдамаған тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік көзделген.Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қол қоюшы тұлғаның өз қолымен қойған қолымен тең дәрежеде танылады және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және ЭЦҚ туралы заңнамасының талаптары сақталған жағдайда бірдей заңдық салдарға әкеледі.Айта кету керек, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа тұлғаларға заңсыз беру үшін жауапкершілік 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.Қазақстан Республикасының заңнамасына жақында енгізілген өзгерістерге сәйкес, басқа тұлғаның ЭЦҚ-ны пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Осыған байланысты жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер (ЖК) Қазақстан Республикасының заңнамалық нормаларына қатаң сәйкестікте есептілікті, келісімшарттарды және басқа электрондық құжаттарды рәсімдеу мен қол қоюды, сондай-ақ ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, кез келген әрекеттерді (авторизация, жеке деректерге қол жеткізу және т.б.) орындауды қамтамасыз етуі қажет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-zkh/press/news/details/959773?lang=kk
18 наурыз – Ұлттық киім күні 27.03.2025
Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады. Бұл – халық рухының шағылысын бейнелейтін ұлттық дизайнның көркемдігі мен қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.Қазіргі заманғы ұлттық киім ұлттық мінез пен ұлт бірлігін айшықтай отырып, ел мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды.Ұлттық киімнің ең кең тараған түрі – шапан. Оның ерекше дизайны, барынша ыңғайлылығы халықтың қонақжайлылығы мен мейірімділігін бейнелейді. Қонаққа шапан сыйлау – оған деген ыстық ықыластың белгісі ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрыпқа деген құрмет.Бұл күн – киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар Қазақстанның бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік береді. Ұлттық киімде қолданылған маталардан біз өткен заманның сұлулығы мен болашақтағы бірегейлігімізді сақтаудың кілтін көреміз.Бұл күні біз әрбір қазақстандықты өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігі үшін мақтануға, ата-бабаларымызға құрмет көрсетуге және озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға шақырамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-sarkant/press/news/details/960039?lang=kk
«Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Аягөз ауданы әкімдігінің «Су» ШЖҚ КМК директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен-жайы: Уалиханова 25 27.03.2025
Кәсіпорын халықты және шаруашылық жүргізетін субъектілерді сумен жабдықтау және су бұру елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету саласында, мемлекеттік автомобиль жолдарын күтіп ұстау саласында, коммуналдық қалдықтарды кому, қалдықтар полигондарын құру және пайдалану саласында қызметті жүзеге асырады. Функционалдық міндеттері: Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметтеріне жалпылай басшылық жасау; барлық құрылымдық бөлімшелердің, қызметтердің, бөлімдердің өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру; кәсіпорынның техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуының перспективасын, стратегиясы мен басымдықтарын анықтайды; жаңа техника мен технологияны, басқарудың және еңбекті ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізу үшін жағдайлар жасау; кәсіпорынның перспективасын, стратегиясын және техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму басымдылықтарын анықтайды; кәсіпорынмен қызметті тұтынушылар, мембюджет, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банкті қоса алғанда кредиторлар алдында міндеттемелердің орындалуын, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімдердің), индикативті жоспарлар мен бизнес-жоспарлардың көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді; кәсіпорында салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау; барлық қызметтердің қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылау; барлық қызметтердің қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылау; сотта, төрелікте, мемлекеттік органдарда кәсіпорындардың мүліктік мүдделерін қорғау; есеп жүйесін және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды құру және қамтамасыз ету. Біліктілік талаптары: Білімі жоғары кәсіптік техникалық, заң немесе инженерлік-экономикалық, кәсіпорын саласына сәйкес басқарушы лауазымында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (жалпы және негізгі бөлімдері), Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-ІV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңын, мемлекеттік кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу. Үміткерлер «Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің кадрлар бөліміне келесі құжаттарды: конкурсқа қатысу туралы өтініш; мемлекеттік тілде түйіндемені; еркін нысанда жазылған өмірбаянды; білімі туралы құжаттардың көшірмелерін; белгіленген тәртіпте куәландырылған еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелерін; белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынулары қажет. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ұсынылуы тиіс. Конкурсты өткізу орны – «Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ. Мекен-жайы бойынша анықтама: Абай облысы, Аягөз қаласы, Момышұлы көшесі, 62, телефоны: 3-22-10, 3-29-70Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-ayagos/press/news/details/959743?lang=kk
Инклюзия бойынша воркшоп 27.03.2025
18 наурыз күні, Алматы қаласы әкімінің мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау, өмір сүру сапасын арттыру және инклюзия мәселелері жөніндегі кеңесшісі кеңсесінің ұйымдастыруымен инклюзия бойынша воркшоп өтті.Іс-шара барысында қатысушылар қолжетімді орта құру, мүгедектігі бар адамдар үшін жағдайды жақсарту, сондай-ақ жұмыс процесіне инклюзивті тәжірибелерді енгізу мәселелерін талқылады. Ерекше назар қызметкерлердің инклюзия туралы хабардарлығын арттыруға және неғұрлым ашық әрі қолдаушы корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/959741?lang=kk
Шығыс Қазақстан облысының 5-6 сынып оқушылары арасындағы асық ату және бес асық бойынша Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы 27.03.2025
Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі аясында Өскемен қаласында З. Ахметов атындағы №16 орта мектебінің базасында 5-6 сынып оқушылары арасында асық ату және бес асық бойынша жарыстар өтті.Мақсаты – оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.Асық ату және бес асық бойынша жарыстар «Асық ату федерациясы» РҚБ ережелеріне сәйкес өткізілді.Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға келесі командалар ие болды:Асық ату ұлдар арасында:І орын – «І. Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені» КММ, Ұлан ауданы;ІІ орын – «Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп» КММ, Тарбағатай ауданы;ІІІ орын – «Жаңа Ертіс орта мектеп» КММ, Глубокое ауданы.Бес асық қыздар арасында:І орын – «А. Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектеп» КММ, Зайсан ауданы;ІІ орын – «Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп» КММ, Тарбағатай ауданы;ІІІ орын – «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ, Өскемен қаласы.Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/959719?lang=kk