Әлем
Астанада Қазақстанның Мемлекеттік елтаңба авторымен кездесу өтті 04.03.2025
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Алғыс айту күніне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, сәулетші, профессор Жандарбек Мәлібековпен кездесу өтті.Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» ұйымдастырды.Алқалы жиынға мемлекеттік орган өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.Кездесу барысында Жандарбек Мәлібекұлының шығармашылық жолы, оның мемлекеттік рәміздерді әзірлеудегі идеялық ұстанымдары сөз болды.Қатысушылар өз сөздерінде мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы маңызын атап өтті.Сонымен қатар, кездесуде «Жандарбек Мәлібекұлы және Елтаңба» деректі фильмі көрсетілді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/948267
Аукцион өткізу туралы хабарлама және оны өткізу шарттары туралы 04.03.2025
2025 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукционды өткізуге берілген өтініштер негізінде аукцион өткізу туралы және оны өткізу шарттары туралы хабарлама орналастырылдыhttp://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/805565?lang=kkӨтініштерді қарау нәтижелері бойынша аукционға 11 жер қойнауы учаскесі шығарылды.Аукционға қатысуға өтініштерді беру үшін берілетін мерзім аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап екі айды құрайды.Хабарламада «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 95-бабының 2-тармағында көзделген ақпарат қамтылады.Осыған байланысты, Жер қойнауы құқығын алуға мүдделі барлық тұлғалар аукцион өткізуге арналған өтінішті «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ электрондық аукциондар операторының сайтында бере алады (сілтеме: www.e-kazyna.kz). Аукцион негізінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берудің шарттары мен тәртібі Кодексінің 93-99-баптарында және Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларында (ҚР Энергетика министрлігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығы) көзделген.Осылайша, осы баспасөз хабарламасы Энергетика министрлігі өткізетін жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға ниет білдірушілердің барлығын хабардар ету мақсатында жарияланады.Барлық мәселелер бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172) 78-68-95, 78-69-48.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/948559
Атырауда мұнай-газ саласына арналған жабдықтар шығаратын жаңа зауыт ашылды 04.03.2025
Атырау қаласында мұнай-газ саласына арналған жабдықтар шығаратын «Beruseal Caspian» зауытының ресми ашылуы өтті. Бұл – отандық өндірісті дамыту және ірі мұнай-газ жобаларындағы қазақстандық тауарлардың үлесін арттыру жолындағы маңызды қадам.Іс-шараға Энергетика министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің, Мұнай-газ машина жасауын дамыту жөніндегі халықаралық орталықтың өкілдері, сондай-ақ ірі мұнай-газ компаниялары қатысты.Бұған дейін Мемлекет басшысы отандық өндірісті дамыту, жаңа технологияларды тарту және жұмыс орындарын құру міндетін айтқан болатын. Бұл зауытты іске қосу импортқа тәуелділікті төмендетуге және жергілікті кәсіпорындарды дамытуға маңызды қадам болып табылады.Жаңа кәсіпорында құбырларға арналған жылдам ажыратылатын қысқыштар мен оларды жөндеуге арналған композициялық материалдар өндіріледі. Бұрын бұл жабдық шетелден сатып алынатын, енді ол Қазақстанда шығарылатын болады.Энергетика министрлігі Beruseal компаниясымен, сондай-ақ ірі мұнай-газ компаниялары және Мұнай-газ машина жасауын дамыту жөніндегі халықаралық орталықпен бірлесіп, локализация жоспарын әзірледі, онда технологияларды беру және бірлескен кәсіпорын ашу көзделген.Айта кету керек, 2021 жылдан бастап Қазақстан мұнай-газ саласындағы отандық өндіріс үлесін ұлғайту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда халықаралық инвесторлар мен жабдық өндірушілерімен 24 келісім жасалып, 27 локализация жобасы әзірленді, олардың ішінде 7 зауыт іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/948660
Қазақстанда дәрігерлердің тапшылығы 2024 жылдың қорытындысы бойынша 19%-ға төмендеді 04.03.2025
2024 жылы дәрігерлердің тапшылығы 19%-ға - 4 864-тен 3 954 маманға дейін қысқарды, ал орта медицина қызметкерлерінің тапшылығы 7%-ға, 4 820-дан 4 505-ке дейін төмендеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында.Ең тапшы мамандардың тізімінде терапевттер, жалпы практика дәрігерлері, акушер-гинекологтар, анестезиологтар-реаниматологтар, хирургтар мен педиатрлар қалуда.Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын заңнамалық деңгейде бекіту мақсатында ауылда әлеуметтік қолдау шаралары қабылданды. Бүгінгі таңда өткір тапшы мамандықтар бойынша 207 медицина қызметкеріне біржолғы төлемдер жүргізілді.Сонымен қатар, тұрақты жұмыс орнына келген 544 дәрігер, оның ішінде 2024 жылғы 226 түлек әлеуметтік қолдау шараларын алды.Медицина қызметкерлерін, оның шеңберінде 164 мың маманды құқықтық қорғау мақсатында кәсіби жауапкершілікті сақтандыру туралы Заң қабылданды.Денсаулық сақтау министрлігі арнайы мамандарды даярлауға квоталарды 1500-ден 2500 орынға дейін ұлғайтты және мамандарды өңірлер бойынша біркелкі бөлу үшін кадрларды есепке алудың ұлттық жүйесін (КЕЖ 2.0) енгізуде. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/948092
Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай батырдың туған ауылындағы Мәдениет үйі мен патриоттық тәрбие орталығы күрделі жөндеуден өтті 04.03.2025
Облыс әкімі Қобда ауданына жұмыс сапары кезінде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туған жері «Әлия» ауылында болды.Әлия ауылы Ақтөбе қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан. Елді мекенде мыңнан астам тұрғын бар. 100 жылдық мерейтойға орай ауылдағы Мәдениет үйі жөндеуден өтті. Бұған облыстық бюджеттен 74,4 млн теңге бөлінді. Мәдени ошақтың есіктері жаңаланып, едені мен шатыры ауыстырылды, қабырғалар әктеліп, жаңа плиткалар төселді, бейнебақылау камералары орнатылды, көше жарығы қойылып, тротуарлары алынып, ауласы абаттандырылды.Ауылдық модельдік кітапхана да осы мәдени нысанның ішінде орналасқан. Халықтың бос уақытын тиімді өткізу үшін мұнда түрлі тақырыптық іс-шаралар өткізіледі, театрландырылған қойылымдар ұсынылып, көрмелер ұйымдастырылады.Кітапханашы Кенжегүл Князова мерген қыздың 100 жылдығын мерекелеу аясында кітапханада батырға арналған еске алу кешін және өзге де танымдық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.Сондай-ақ, өңір басшысы Асхат Шахаров облыстық «Әлия» патриоттық тәрбие орталығында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын қарап шықты.Орталық 2005 жылы Әлия Молдағұлованың 80 жылдығына орай ашылды. Мұнда батыр қыздың өмірі мен ауыл тарихына арналған жәдігерлер қойылған мұражай бар.Жөндеу барысында орталық ғимараты толығымен жаңғыртылды. Қасбеті жаңартылып, шатыры ауыстырылды, су және электрмен жабдықтау жүйесі ретке келтірілді, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Плиталар төселіп, жылыту қазандығы жаңаланды.Аймақ басшысы бұл орталықтың жастарға патриоттық тәрбие беруде және даңқты батыр қыз туралы құнды тарихты сақтап қалуда маңызы зор екенін атап өтті. Мәдени орда жас ұрпақ арасында азаматтық жауапкершілік пен олардың бойында патриотизмді тәрбиелеуде орасан зор рөл атқарып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/948146
СУ СӨЗДІГІ . «Механикалық тазарту» 04.03.2025
Механикалық тазарту - бұл каналдарды саз-балшық пен қоқыстан, балдырлар және су өткізуге кедергі келтіретін басқа да шөгінділерден тазарту. Ол үшін каналдардың түбін тереңдетіп, қабырғаларын тазартатын экскаваторлар, жерснарядтар және басқа да арнайы техника пайдаланылады. Бұл жұмыс каналдардың суару, дренаж және өндіріс үшін су өткізу мүмкіндігін арттырып, елді мекендерді су басу қаупін азайтады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/948481
Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Сазды су қоймасының су тастайтын бөлігін күрделі жөндеуден өткізді 04.03.2025
Ақтөбе облысы бойынша «Қазсушар» филиалы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Сазды су қоймасының су тастайтын бөлігін күрделі жөндеуден өткізді. Қарғалы су қоймасына көп факторлы тексеріс жүргізіліп, қақпасының шынжырлары мен электр қозғалтқыштары ауыстырылды, қоршаудың зақымдалған бөлігі жөнделді. Облыстағы Ақтөбе, Қарғалы, және Сазды су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр және су тасқыны кезеңіне дайын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/948491
2024 жылы 53,8 миллион әр түрлі балық түрлерінің шабақтары табиғи ортаға жіберілді 04.03.2025
Бұл туралы ҚР АШМ алқасының кеңейтілген отырысында вице-министр Аманғали Бердалин мәлімдеді. Қазақстанның балық саласы агроөнеркәсіптік кешеннің перспективалы бағыттарының бірі болып табылады. 2024 жылы балық өсіретін шаруашылықтар өсірілген тауарлық балық көлемін 24 мың тоннаға дейін ұлғайтты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 28%-ға өскенін көрсетеді.Саланы одан әрі дамыту үшін бірқатар маңызды бастамалар іске асырылды. Атап айтқанда, балықты өсіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды қолдау үшін 2,5% мөлшерлеме бойынша бюджеттік кредиттеу енгізілді, ірі су айдындарындағы учаскелерді конкурс өткізбей инвесторларға бекіту тәртібі енгізілді, бұл аквамәдениетті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Каспий теңізінде шабақ өндіру лимиті 8-ден 30 мың тоннаға дейін ұлғайтылды. Каспий итбалығын сақтау үшін табиғи резерват құрылды. Маңызды қадамдардың бірі мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияны қамтамасыз ететін және балықтың заңсыз айналымына кедергі келтіретін "е-fish" қадағалау ақпараттық жүйесін енгізу болды. Көксерке мен жайын балықтарының өңделмеген экспортына уақытша шектеулер енгізілді. Бұл тыйым қайта өңделген өнім көлемін 699 тоннаға ұлғайта отырып, балық өңдеу кәсіпорындарын жүктеуге мүмкіндік берді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 23%-ға артық. 2025 жылдың 14 ақпанынан бастап тыйым салу тағы алты айға ұзартылды. Су биоресурстарының көбеюіне де маңызды назар аударылады. Табиғи мекендеу орындарына бекіре, ақ балық және сазан балықтарын қоса алғанда, әртүрлі балық түрлерінің 53,8 миллион шабақтары жіберілді. 2025 жылы саланы дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/948357
Қазақстан мен Аустрия шарттық-құқықтық базаны кеңейтуде 04.03.2025
Астана, 2025 жылғы 28 ақпан – Қазақстан Республикасы мен Аустрия Республикасы дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптардан босату және заңсыз жүрген тұлғаларды реадмиссиялау жөніндегі үкіметаралық келісімдерге қол қойды.Қазақстан тарапынан құжаттарға ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев қол қойды. Аустриялық тарапынан рәсімге Аустрияның Қазақстандағы Елшісі Андреа Бахер қатысты.Жасалған келісімдер Қазақстан мен Аустрия арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, ресми сапарларды жеңілдетуге және көші-қон саясаты саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді.Бұл қадам екі мемлекет арасындағы жоғары деңгейдегі өзара сенімділікті көрсетеді және олардың саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы әріптестік қатынастарды одан әрі дамытуға дайындығын айқындайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/948532
ТЖМ: Ауыл қауіпсіздігі - басым бағыт 04.03.2025
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Қарағанды облысының Шет ауданына жұмыс сапарымен барып, жергілікті атқарушы органдар салған өрт сөндіру бекетін аралап шықты. Сапар аясында ТЖМ басшысы жұмыс барысымен, бөлімшенің техникалық жарақтандырылуымен танысып, жеке құраммен сөйлесті. Ол ауылдық елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт сөндіру бекеті жұмысының маңыздылығын атап өтіп, ауылдағы өртке қарсы қорғаныс шараларын одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті. Министр материалдық-техникалық базаны жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударды. Ведомство бекетті өрт сөндіру автокөлігімен, арнайы техникамен, нысанды киім-кешекпен және жеке қорғаныс құралдарымен жарақтандыру мәселесіне көмектесті. Сондай-ақ, ЕӨҚ-ны қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз ету жоспарда. Сонымен қатар, Шыңғыс Әрінов ерікті өртке қарсы құралымдар жұмысының маңыздылығын атап өтті:«Ерікті өрт сөндіру құралымдары - жергілікті жерлерде, әсіресе шалғайдағы елді мекендерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды қолдау көрсетуде. Олардың өрттің алдын алуға және жоюға қосатын үлесін орасан зор. Ал біздің міндетіміз — осы бағытта тиімді жұмыс істеуі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау». Бүгінгі таңда Қарағанды облысында қоғамдық бірлестіктер нысанындағы 9 ерікті өрт сөндіру құралымы жұмыс істейді, олардың құрамына 186 команда және 4 355 адам кіреді. Оларда жедел әрекет ету үшін өрт сөндіру машиналары, бейімделген техника және мотопомпалар бар. Өртке қарсы қорғанысты күшейту үшін әкімдіктер қосымша 57 өрт сөндіру бекетін салды. Министр мүмкіндігінше көп елді мекендерді қамту және азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін өрт сөндіру бөлімшелерінің желісін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/947672
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионаттарының екінші кезеңі қорытындысы шығарылды 04.03.2025
Ерлер, әйелдер мен жасөспірім ұлдар арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаттарының екінші кезеңі қарқынды өтті. Спортшылардан күш пен зейіннің жоғары шоғырлануы талап етілетін кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту дисциплинасында күрес қызықты болды. Сөреден 23 метрде спортшы биіктігі екі метр қоршаудан өтіп, жалпы салмағы 5 кг болатын 2 өрт сөндіру жеңін алып, бум бойымен жүгіреді, содан кейін бір жеңді тармақталуға бекітеді және мәре жармасын өтеді. Ең жылдам спортшылар жаттығуды 16 секундтан аз уақытта орындайды. Қысқы Чемпионаттардың екінші кезеңінде 120-дан астам жүгіріс болды. Халықаралық және ұлттық біліктілік санатты 30 төреші барлық кедергілерді орындау мен еңсерудің дұрыстығын мұқият қадағалады. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша командалық есепте нәтижелер келесідей бөлінді:Ерлер арасында:1 орын - Астана қаласы ТЖД құрама командасы2 орын – Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы3 орын – Маңғыстау облысы ТЖД құрама командасыЖасөспірім ұлдар арасында:1 орын - Шығыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы2 орын - Батыс-Қазақстан облысы ТЖД құрама командасы3 орын - Шымкент қаласы ТЖД құрама командасыЖеке біріншіліктегі орындар:Ерлер арасында:1 орын - 16,57 секунд нәтижесімен Әбдібек Еркін, Қызылорда облысы2 орын - 16,70 секунд нәтижесімен Абильбаев Динмухаммед, Алматы қаласы3 орын - 17,91 секунд нәтижесімен Мухамедали Асхат, Ақмола облысыАға топ жасөспірім ұлдар арасында (17-18 жас):1 орын - 17,23 секунд нәтижесімен Каримов Радмир, Шығыс-Қазақстан облысы2 орын - 17,65 секунд нәтижесімен Насибуллин Ернур, Батыс-Қазақстан облысы3 орын - 17,90 секунд нәтижесімен Мұратұлы Юсуф, Астана қаласы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/947811
Астанада қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионатының екі күнінің нәтижелері 04.03.2025
2025 жылғы 26 ақпанда Астанадағы «ABYROY» спорт кешенінде қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионаты басталды. Чемпионат аясында әр түрлі салмақ дәрежесінде «Жекпе-жек» және «Өзін-өзі қорғау» бағыттарында жекпе-жектер өтті. ҚР ТЖМ қызметкерлерінің әйелдер арасындағы «Жекпе-жек» санатындағы нәтижелері:48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде:1-орын-Жүсіпова Томирис (Ақмола облысы ТЖД);2-орын - Асылбекова Сағыныш (Астана қ. ТЖД);53 кг дейінгі салмақ дәрежесінде:2-орын - Ларионова Эмилия (Қарағанды облысы ТЖД);58 кг дейінгі салмақ дәрежесінде:2-орын - Юлдашева Юлтуз («Қазселденқорғау» ММ);64 кг дейінгі салмақ дәрежесінде:1-орын - Чеботарева Мария (Қарағанды облысы ТЖД);70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде:3-орын - Жұматаева Талшын (Абай облысы ТЖД);+70 кг жоғары салмақ дәрежесінде:1-орын - Беркинбаева Аружан (Түркістан облысы ТЖД). ҚР ТЖМ қызметкерлерінің әйелдер мен ерлер арасындағы «Жекпе-жек» санатындағы нәтижелері:50 кг дейінгі салмақ дәрежесінде:1-орын - (жекелей) - Жұмадинова Ақерке (Қызылорда облысы ТЖД);1-орын - (1+1) - Гордиенко Кристина (Павлодар облысы ТЖД);2-орын - (жекелей) - Гордиенко Кристина (Павлодар облысы ТЖД);3-орын - (1+1) - Сверитюк Ольга (Қостанай облысы ТЖД);+ 70 кг жоғары салмақ дәрежесінде:2-орын - (1+1) - Жарасова Әйгерім (Қарағанды облысы ТЖД);2-орын - (жекелей) - Жарасова Әйгерім (Қарағанды облысы ТЖД);80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде:3-орын - (жекелей) - Сарғазин Ілияс (Ақмола облысы ТЖД);95 кг дейінгі салмақ дәрежесінде:2-орын - (жекелей) - Тукушев Өміржан (Қостанай облысы ТЖД). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/947918
Қазақстан ТЖМ шұғыл жағдайларда іс-қимылдарды пысықтады 04.03.2025
Шығыс Қазақстан облысында Глубокое ауданындағы тау шаңғысы курортында жыл бойы 3000-ға жуық адам демалатын құтқару қызметтерінің ауқымды жаттығулары өтті. Құтқарушылар түрлі төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмдерін пысықтады. Жаттығудың бірінші кезеңінде қысқа тұйықталу салдарынан қонақүй бөлмесіндегі өрттің болуы көрсетілді. Қызметкерлер оқиға туралы «112» қызметіне жедел хабарлап, демалушыларды эвакуациялауды ұйымдастырды. Келген құтқарушылар түтін аймағында зардап шеккендерді тауып, оларды таза ауаға шығарды. Содан кейін Апаттар медицинасы орталығының бригадасы реанимациялық шаралар өткізді. ТЖД психологтары эвакуацияланған азаматтарға қолдау көрсетті. Өрт сөндірушілер өртті қысқа мерзімде жойды. Оқу-жаттығудың екінші кезеңі авариялық-құтқару жұмыстарына арналды. Өртті сөндіру кезінде электрмен жабдықтау тоқтатылды. Соның салдарынан адам тұрған аспалы жол тоқтады. Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен жәбірленушіге жетіп, оны жерге қауіпсіз түсіріп, дәрігерлерге тапсырды. Қар көшкіні кезінде құтқару операциясы да пысықталды. ТЖМ екінші құтқару батальонының әскери қызметшілерімен бірлесіп мамандар арнайы техниканы пайдалана отырып, қар үйінділерінен зардап шеккендерді шығарып алды. Оқу-жаттығудың барлық кезеңдері құтқару қызметтерін даярлаудың жоғары деңгейін, олардың ТЖ жағдайындағы жеделдігі мен үйлесімділігін көрсетті. «Оқу-жаттығулар біздің құтқарушыларымыздың дайындығының жоғары деңгейін көрсетті. Төтенше жағдайларда ТЖ салдарын барынша азайту және мүмкіндігінше көп адамның өмірін сақтап қалу үшін тез, үйлесімді және кәсіби әрекет ету маңызды», — деп атап өтті облыстық ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/948001
Түркістан облысында кадет сыныбы ашылды 04.03.2025
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Білім басқармасымен бірлесіп Сайрам ауданының Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан «Green school» инновация мектебінде «Жас құтқарушылар» бірінші кадет сыныбының салтанатты ашылуын өткізді. Жаңа кадет сыныбы оқушылардың жұмысшы кәсіптерінің қағидаттарына негізделген құтқарушы мамандығына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Бағдарламада балаларға төтенше жағдайлардағы мінез-құлық ережелерін үйретуге ерекше назар аударылады, бұл жас кезінен бастап өмірге қауіпсіз және жауапкершілікпен қараудың негізін қалады. Жас курсанттар саптық дайындықтан өтеді, қауіпсіздік негіздерін үйренеді және ішкі және ведомстволық іс-шараларға белсенді қатысады. ТЖД қызметкерлері жас ұрпақпен жүйелі жұмыс жүргізіп, білімдерін ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету үшін қажетті өмірлік маңызды дағдыларды да береді. Сыныптың ашылуы ТЖ жағдайында жедел және кәсіби әрекет етуге қабілетті азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған кадет бағдарламаларын дамытудағы маңызды кезең болды. «Жас құтқарушылар» кадет сыныптары арасында жарыстар өткізіліп, балаларға алған білімдері мен дағдыларын шындыққа жақын жағдайларда көрсетуге мүмкіндік берілді. «Кадет сыныбының ашылуы – төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге дайын азаматтардың жаңа буынын қалыптастырудағы маңызды қадам. Балаларды қауіпсіздік негіздеріне үйрете отырып, біз қоғамымызды қорғау үшін берік іргетас қалаймыз», - деп атап өтті облыс ТЖД бастығы Асқар Төлешев. Осылайша, өңірдің ТЖМ кез келген жағдайда азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға дайын мамандардың жаңа буынын қалыптастыра отырып, балалармен және жастармен жұмыс істеуге өзінің адалдығын растайды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/948428
Серік Жұманғарин Қазақстандағы ХВҚ миссиясының басшысы Әли Джавад Әл-Эйдпен кездесті 04.03.2025
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Әли Джавад Әл-Эйдті 2025 жылғы 28 қаңтарда ХВҚ миссиясының басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан ХВҚ-ның сараптамалық қорытындысы мен ұсынымдарын әрдайым жоғары бағалайтынын, бұл еліміздің экономикалық саясатын қалыптастыру мен маңызды стратегиялық шешімдер қабылдау үшін таптырмас ресурсқа айналғанын атап өтті.«Қазақстан Қормен 30 жылдан астам уақыт жемісті ынтымақтастық орнатып, айрықша қолдауға ие болды. Біздің ХВҚ-мен ұзақмерзімді әріптестігіміз экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, Қазақстан экономикасының сапалы әрі орнықты өсуі үшін өте маңызды», — деп атап өтті Серік Жұманғарин. Кездесуге қатысушылар құрылымдық реформаларды жүзеге асыру, салық-бюджет саясатын жетілдіру және ұлттық қаржы нарығын дамытуға бағытталған жобалардың оң нәтижелерін атап өтті. Бұл жобаларды іске асыру барысында ХВҚ-ның тәжірибесі мен ұсынымдары ескерілгені айтылды. Сондай-ақ 2021 жылдан бері Алматыда жұмыс істеп келе жатқан ХВҚ-ның Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия әлеуетін дамыту жөніндегі өңірлік орталығының өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі ерекше атап өтілді.Сонымен қатар вице-премьер мен миссия басшысы мемлекеттің экономикалық нақты секторын қаржыландыру, бюджет-салық реформасын іске асыру жөніндегі жоспарларын, сондай-ақ өзара іс-қимылдың басқа да аспектілерін талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/947794
А. Биахметов Қазақстанда халықты жұмыспен қамту шаралары туралы баяндады 04.03.2025
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру туралы айтты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 979 мың азамат жұмысқа орналастырылды.Асқар Биахметов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) қызметінің негізгі бағыттарының бірі азаматтарды сапалы жұмыс орындарымен қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті. Еңбек нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында 2029 жылға қарай сапалы жұмыс орындарының санын 3,8 млн бірлікке дейін ұлғайту көзделеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 2,5 млн-ға жетті.«2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 979 мың азамат жұмыспен қамтылды, оның 714 мыңы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Ұлттық жобалар мен салалық тұжырымдамалар аясында 65 мыңға жуық азамат жұмысқа орналастырылды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға шаққанда 100 жұмыс орны» бастамасы аясында – 314 мыңнан астам адам, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына – 359 мың адам және тағы 241 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары аясында жұмысқа орналасты», – деді вице-министр.Сондай-ақ Асқар Биахметов ай сайын Еңбекминінің ақпараттық жүйелері арқылы жұмысқа орналасқандардың міндетті зейнетақы жарналарының бар-жоғын тексеру және олармен электрондық еңбек шарттарын жасасу арқылы жұмысқа орналасуға мониторинг жүзеге асырылатынын айтты.Жұмыс орындарын құру мониторингінің нәтижелері бойынша зейнетақы жарналары жұмысқа орналастырылғандардың жалпы санының 85%-на түскені, шамамен 60%-да электрондық еңбек шарттарының болғаны анықталды.2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 325 мың азамат тартылды.67,5 мың адам үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстары ұйымдастырылды, оның ішінде: білім беру ұйымдарында – 7,8 мың адам, жұмыс берушіде – 1,9 мың адам, Skills Enbek платформасында онлайн-оқытумен 57,7 мың адам қамтылды. Оқудан кейін барлығы 14,6 мың адам жұмысқа орналастырылды.«Онлайн курстардан өткен азаматтардың жалпы санының 52 мыңнан астамы немесе 91%-ы оқуды сәтті аяқтап, тиісті сертификаттар алды.Бүгінде Skills Enbek-те жаңа дағдыларды игеруге немесе біліктілігін арттыруға ниет білдіретін кез келген азамат үшін 858 курс бар, оның ішінде 311-і тегін. Осы жылы VR және AR-технологияларды пайдалана отырып, жаңа практикалық курстар да қолжетімді болады», – деді Асқар Биахметов.«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытумен 60 мың адам қамтылды.Субсидияланатын жұмыс орындарына 188 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: қоғамдық жұмыстарға – 110 мың адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 15,5 мың адам, жастар практикасына – 33 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобалары шеңберінде – 9,6 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» – 420 адам, «Күміс жас» – 19,1 мың адам.Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралардың тағы бір бағыты азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін халықтың әлеуметтік осал санаттарына мемлекеттік гранттар беру болып табылады.«2024 жылы гранттар екі ағынмен берілді, жоспарланған 9 мың адамның 8 941-і қамтылды. Бұл ретте грант алушылардың 64%-дан астамы ауылдық жерлердің тұрғындары болып табылады», – деп толықтырды Асқар Биахметов.Грант алушылардың негізгі үлесі технологиялық жабдықты сатып алуға ақшалай қаражатты пайдаланды (44%), мұнда қатысушылардың ең көп саны Түркістан (923 адам) және Қызылорда (602 адам) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (211 адам) байқалды.«Грантқа өтініш берген кезде үміткер міндетті түрде бизнес-жобаны іске асыру нәтижелері бойынша жұмыс орындарын құрудың жоспарлы көрсеткішін көрсетеді. Осылайша, грант алған тұлғалар өздерін жұмыспен қамтамасыз ете отырып, қосымша 3 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын құрды. Жұмыс орындарының көбі Жамбыл (941 бірлік), Қызылорда (920 бірлік) және Түркістан (482 бірлік) облыстарында құрылды», – деп атап өтті вице-министр.Ол сондай-ақ халықты жұмыспен қамту саласында іске асырылған цифрлық жобалар туралы егжей-тегжейлі айтты.Еңбекмині «Жобалардың инновациялық навигаторы» платформасын құрды, ол кадрларға қажеттілікті талдау мен болжауды және барлық іске асырылатын жобалардың тиімділігіне уақтылы мониторингті қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жүйеде 168 мың жұмыс орнын құру жоспарымен 906 инвестициялық жоба бойынша мониторинг жүргізілуде.Оқушыларға болашақ кәсіпті таңдауға мүмкіндік беретін «Мансап компасы» платформасы енгізілді. Платформада сұранысқа ие 400-ден астам кәсіп туралы ақпарат бар.«ТжКБ және ЖОО студенттері үшін Электрондық еңбек биржасында өндірістік практикадан өту орнын таңдауға мүмкіндік беретін функционал іске асырылды. Студенттер нақты дағдыларды игеріп қана қоймай, кейін практикадан өткен кәсіпорында жұмыс қарастыра алады. Бүгінде 610 жұмыс беруші практикадан өту үшін 3,8 мың бос орын орналастырды, 130 ТжКБ ұйымдары тартылды, студенттерден 15 мың сауалнама алынды», – деді Асқар Биахметов.Бұдан басқа, брифинг барысында вице-министр Мемлекет басшысының Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында 2025 жылға жоспарланған іс-шаралар кешені туралы айтып берді.«Алдағы 6 жылда кадрларға жиынтық сұраныс 1,6 млн адам санында бағаланады, оның ішінде кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлерге шамамен 900 мың және жұмысшы мамандықтары бар мамандарға 400 мыңнан астам. Жұмысшы кадрлар құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және денсаулық сақтау салаларында сұранысқа ие. Бұл салаларда жұмысшы мамандықтарға сұраныс 56%-ды құрайды», – деді Асқар Биахметов.Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жұмысшы кәсіптер жылын өткізу шеңберінде іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша бірлескен жұмысты бастады. Мемлекеттік органдардың салалық жоспарлары жаңа кәсіпорындар ашу және жаңа жұмыс орындарын құру (тұрақты және уақытша) бойынша негізгі көрсеткіштерді қамтиды.«Жастар практикасы» жобасы аясында жас мамандарды даярлау үшін кемінде 35 мың тәлімгерді тарту, сондай-ақ тәлімгермен жұмыс орнында кәсіптік оқыту жоспарланған. Жұмыс берушіде жұмыссыздарды жұмыс орындарында ұзақтығы 6 айдан аспайтын кәсіптік оқыту ұйымдастырылады.Осы жылы 100 кәсіптік стандарт әзірленіп, жаңартылатын болады. Біліктілікті тануды бағалау 4 тәуелсіз орталықтың базасында басталды, тағы 5-інші орталықты ашу жоспарлануда, оның ішінде халықаралық стандарттар бойынша 2 орталық болады.«Жыл ішінде кемінде 500 мың оқушы мен ТжКБ студенттері «Электрондық еңбек биржасы» бірыңғай цифрлық платформасын пайдалана отырып, жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыру дағдыларына оқытумен қамтылатын болады. ТжКБ-ның үздік 1 мың түлегін елдің жетекші компанияларына жұмысқа орналастыру жоспарланған. «Мансап компасы» платформасының базасында 100 мың адамды қамти отырып, кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілетін болады.Жоғарыда аталған шараларды қабылдау кірістерді арттыруға, іскерлік белсенділікті жандандыруға, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді вице-министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/948129
Риддерде өткен Республикалық «Ассамблея Жастары» лагері ел белсенділерін біріктірді 04.03.2025
Риддер қаласындағы «Синегорье» демалыс базасында үш күнге созылған республикалық «Ассамблея Жастары» лагері – «ЭТНО WINTER CAMP» өтті. Бұл шара елдің түкпір-түкпірінен келген белсенділер мен еріктілерге өзара тәжірибе алмасып, жаңа білім алу мүмкіндігін сыйлады.Лагерьге Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан келген «Ассамблея Жастары» ұйымының белсенділері қатысты.Биылғы кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орайластырылды. Үш күн бойы қатысушылар танымдық және ойын-сауықтық бағдарламаларға белсене атсалысты.- Лагерь ерекше әсерлі өтуде. Ұжымдық жұмысқа баулитын тренингтер, шешендік өнерді дамыту сабақтары, қызықты шеберлік сағаттары – мұның бәрі Шығыс Қазақстанның көркем жерінде, «Синегорье» демалыс базасында ұйымдастырылды! Мен көптеген талантты жастармен таныстым. Біз өңірлердегі экологиялық, патриоттық, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісіп, жаңа идеялармен шабыттандық. Бұл кездесулеріміз әлі де жалғасын табады деп сенемін! – деді Жамбыл облысынан келген «Ассамблея Жастары» мүшесі Әзиза Исманова.Кездесулер мен интерактивті тренингтердің негізгі бөлігі нашақорлық, алкоголь және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу тақырыбына арналды. Жастарға зиянды әдеттерден қалай сақтану керектігі және тәуелді адамдарға қандай көмек көрсетуге болатыны жөнінде тәжірибелі психолог-тренерлер кеңес берді.Сондай-ақ, табысты кәсіпкер Михаил Лунев жас қатысушыларға өз кәсібін ашу жөнінде практикалық семинар өткізіп, кәсіпкерлік қабілеттерді дамытуға көмектесетін әдебиеттерді ұсынды.Лагерьдің басты қонақтарының бірі – отандық актер, Қазақстан халқы Ассамблеясының белсендісі, домбырашы-ақын Даниэль Джеймс болды.Лагерьдің жабылу салтанатына Ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Бурахан мен Риддер қаласы әкімінің орынбасары Қаныбек Төлеуханов қатысып, жастарды толғандырған экология, туризмді дамыту және басқа да маңызды сұрақтарға жауап берді.Бұл шара жастардың бірігуіне, жаңа бастамаларды дамытуға және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/947906
ШҚО-да жеті студенттік ассамблея ашылды 04.03.2025
Аймақтағы студенттерді Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне тарту, ел жастарының өзіндік тұлғасын қалыптастыру және олардың бастамаларын қолдау мақсатында облыстағы үш жоғары оқу орны мен төрт колледжде «БІРЛІК POWER» студенттік ассамблеялары ашылды.Ассамблеяларды ашу аясында Өскемендік студенттер Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі зертханаларға экскурсия жасап, ондағы технологиялық жетістіктермен танысты. Сонымен қатар, Қазақстан-Американдық еркін университетінде өткен студенттік ассамблеяның салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, аймақтың белсенді жастарымен және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаевпен кездесті. Кездесу барысында ұйым төрағасы студенттерге студенттік ассамблея жастарының қызметі туралы баяндады.«БІРЛІК POWER» студенттік ассамблеяларының ашылуы аясында «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ассамблея қатарына қабылданған жастарға куәліктер табысталды.- Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы. Ассамблея жастардың бастамалары мен әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгін біз Шығыс Қазақстан облысында жеті жаңа студенттік ассамблея аштық. Қазіргі уақытта еліміздегі 50-ден астам ЖОО мен колледждерде осындай ассамблеялар құрылып, белсенді жұмыс істеп жатыр. «Ассамблея жастары» қозғалысы және жаңадан ашылған студенттік ассамблеялар жастарды қоғамдық келісім мен бірлікті сақтауға, жаңа бастамаларға ұмтылуға бағыттайды деп сенемін, – деді «Ассамблея жастары» бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/947910
Астанада мектеп оқушыларына есірткінің салдары туралы дәріс өтті 04.03.2025
Астанадағы №99 орта мектепте Есіл ауданы прокуратурасы мен қалалық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен темекі өнімдерінің зияны мен нашақорлық туралы оқушыларға арналған дәріс өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Аталған іс-шараның басты мақсаты – есірткінің заңсыз айналымы үшін жауапкершілік және оларды пайдаланудың зияны мен өз денсаулығына деген жауапкершілікті насихаттау.Жиында алдымен жоғары сынып оқушыларына есірткіні тарату және осы себепті түзеу мекемелеріне түскендердің тағдыры туралы бейнеролик көрсетілді. Әрі қарай Астана қаласы Полиция департаментінің Нашақорлықпен күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Лейла Разимова есірткі қылмысының салдары туралы оқушыларға егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.Есіл ауданы полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Айгүл Мадмарованың айтуынша, жалпы аудан бойынша мектептерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы жиындар өтіп тұрады.«Есіл ауданының полиция инспекторлары өздері бекітілген мектептерде жалпы әкімшілік құқық бұзушылық туралы дәрістер ұйымдастырып отырады. Әсіресе есірткі қылмысының салдары туралы мектеп оқушыларына жиі түсіндіреміз. Мұндай жиындарға тек оқушылар ғана емес, ата-аналар да қатысады», - дейді Айгүл Мадмарова.Айта кетейік, бүгінде елордада «Заң және тәртіп», «Астана – есірткісіз қала» акциялары өтіп жатыр. Аудан әкімдіктері мен «Астана жастары» ресурстық орталығының еріктілері қоғамдық орындарда тыйым салынған есірткі граффитилерін өшіріп жатыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/947969
2025 жылы «Рамазан айы» 1 наурыз бен 29 наурыз аралығында өтеді 04.03.2025
«Ораза айт» мерекесі 30 наурыз күніне жоспарланған. Осы жылы ораза 29 күнге созылады.Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы 15 мешіт қызмет атқарады.Қазіргі таңда Астана қаласының әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қала бойынша өкілдігімен және тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесе дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.Сондай-ақ, Рамазан айы күндері діни өзекті мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға тәулік бойы «109» Call-center арқылы ақпарат алуға болатындығын ескеркім келеді.Қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, тиісті мемлекеттік органдар Рамазан айы кезінде қоғамдық тәртіпті қорғауға ерекше көңіл бөледі. Қауіпсіздік шаралары мешіттер мен басқа да көпшілік жиналатын орындарда күшейтіліп, тұрғындарға қауіпсіз және жайлы жағдай жасау қамтамасыз етіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/947988