Әлем
Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды 04.03.2025
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/948108
Қауіпсіз қозғалыс үшін алғыс: Астанада үздік жүргізушілер марапатталды 04.03.2025
ІІМ қоғамда «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту, сондай-ақ республика жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысын жалғастыруда. Алғыс айту күніне орай Астанада ерекше акция өтті – жыл бойы жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтаған жүргізушілер марапатталды.Іс-шараға қатысу үшін күн сайын қозғалыста болатын және былтыр жол қозғалысы ережелерін мүлдем бұзбаған автокөлік жүргізушілері таңдалды. Ынталандыру ретінде көлік иелеріне бір жылдық мерзімге сақтандыру полисіне сертификаттар табысталды.Акция полиция, Sergek және Freedom Insurance компанияларының өзара іс-қимылы нәтижесінде ұйымдастырылды.– Ішкі істер министрімен жарияланған «профилактика жылы» аясында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» акциясының басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол жүрісіне қатысушылардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қағидаларды бұзуды болдырмау. Сонымен қатар бүгінгі таңда өткізіліп жатқан акция барысында жыл көлемінде ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеген, жол апаттарына түспеген жүргізушілер марапатталады, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.Күн сайын Астана жолдарына 284 мыңнан астам автокөлік шығады, оның 77 мыңы соңғы жылы жол қозғалысы ережелерін бұзбаған. Олардың арасынан жүрісі көп, яғни көптеген қашықтықты еңсерген, марапатқа лайық он жүргізуші цифрлық жүйелердің көмегімен таңдап алынды.Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай акциялар жүргізушілерді қауіпсіз қозғалысқа, қағидаларды бұзбауға, жол апаттарын болдырмауға ынталандырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/948123
БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛДЫ 04.03.2025
Шымкентте көлік қозғалысын оңтайландыру және жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар кептелістерді азайтуға және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.– Атап айтқанда, бүгінде Бәйдібек би және Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы жолайрықтағы бағыттар өзгерді. Бәйдібек би және Арғынбеков көшелері арқылы айналмалы жолға қосылатын автокөліктер 2 жолақтан да өтуге мүмкіншілік қарастырылып, жол таңбалары сызылды.– Назарбаев пен Шаяхметов көшелерінің қиылысында жол қозғалысы бағыттарына өзгерістер енгізілді. Яғни, Шаяхметов көшесі арқылы Назарбаев даңғылына екі жолақтан оңға бұрылуға мүмкіншілік жасалып, жол белгісі орнатылды.– Арғынбеков – Назарбеков көшелерін жалғайтын «Рахима плаза» сауда үйі маңындағы көшемен екі бағытты көлік қозғалысы ұйымдастырылды.– Бәйтереков көшесінен Н.Назарбаев даңғылына солға бұрылуға қосымша секция орнатылды.– Шаяхметов көшесіндегі кептелісті азайту мақсатында Шаяхметов-Арғынбеков көшелерінің қиылысында қосымша секция орнату жоспарлануда. Шаяхметов көшесіне келе жатқан кезде сол жаққа бұрылуға арналған қосымша секция кептелістерді азайтуға және қозғалысты оңтайландыруға көмектеседі.Қала көшелеріндегі көлік ағынын реттеу, қозғалысты оңтайландыру және қауіпсіздікті арттыру бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғасын табады.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/948060
Аймақ басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады 04.03.2025
Облыс әкімі Серік Шәпкенов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Аймақ басшысы азаматтардың көтерген мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, қажетті кеңес берді.Облыс әкімінің жеке қабылдауына келген тұрғындардың арасында Өркен ықшамауданының тұрғындары Тілекқабыл Губашев, Рузия Күзембаева бар. Олар өздері тұрып жатқан елді мекенге балабақша салуды, балалар ойын алаңын жөндеп беруді сұрады.- Өркен ықшамауданын дамытуға үлесімізді қосып, балаларымызға барлық жағдай жасау үшін ауыл белсендісі ретінде жүрген жайымыз бар. Бұрын Өркенде карьерлерді көму мәселесі актуалды болса, қазір ол да шешімін тапты. Енді бізді алаңдатып отырған мәселе - балабақшаның жоқтығы. Қазір оларды жеке не жақын маңдағы балабақшаға тасымалдап апарып жүрміз. Ол ата-анаға қиындық келтіріп отыр. Бұдан бөлек, балалар ойын алаңының да күйі кеткен, жаңартуды қажет етеді. Осы мәселелерді шешіп беруіңізді сұраймын,-деді Т. Губашев.Серік Шәпкенов Өркен ықшамауданында 280 орындық балабақша салу үшін жоба жасалатынын айтты. Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовқа Өркенге барып, ойын алаңдарының жағдайымен танысуды тапсырды.- 2018 жылдан бері Өркенде көптеген оң өзгеріс болды, инфрақұрылым кезең-кезеңімен шешіліп келеді. 280 орындық балабақша салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасау үшін наурызда өтетін мәслихат отырысының күн тәртібіне енгізіп, қаржы сұралады. Бала үйіне жақын жерге қатынау қажет, сол үшін барлық жұмысты жасаймыз. Бұдан бөлек, жауапты басшылар сіздің елді мекендегі ойын алаңдарының жағдайымен танысып, тиісті шешім қабылдайды. Қажет болса жөндеп береміз, бірақ күтіп ұстау тұрғындардың мойнында,-деді С.Шәпкенов.Сондай-ақ кездесуде білім беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, әлеуметтік көмек көрсету сынды мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/947746
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫНДА ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕДІ 04.03.2025
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫНДА ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ГҮЛДЕДІАхмет Ясауи университетінің «Ботаникалық бақ» ғылыми-зерттеу институтында көктемнің жаршысы, табиғаттың нәзік сыйы – қызғалдақ гүлдері бүр жарып, көркем келбетімен көз қуанта бастады.Университет ғалымдары бірнеше жылдан бері жылыжай жағдайында қызғалдақтарды көбейтудің инновациялық технологиясын әзірлеумен айналысып келеді. Бұл зерттеулер 2022-2024 жылдар аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып, «Қазақстанда қызғалдақтың бастапқы материалдар коллекциясын жасау, эксклюзивті түрлері мен сорттарын көбейту мен өсірудің инновациялық технологиясын әзірлеп, қолданысқа енгізу» ғылыми жобасы аясында гранттық қаржыландыруға ие болды.Жобаның негізгі мақсаты – қызғалдақтың перспективті, жерсіндірілген түрлері мен сорттарын өндіріске енгізу, селекциялық жұмыстар үшін бастапқы материалдар жинағын қалыптастыру және Қазақстанның гүл өсіру саласын дамыту.Жоба сәтті аяқталса да университет бағында гүлді өсіру жұмыстары жалғасын тауып келеді. Алғашында 3 мың дана қызғалдақ егілген жылыжай көлемі бүгінде айтарлықтай ұлғайып, биыл Голландиядан әкелінген 8 мың дана қызғалдақ пиязшығы отырғызылды. Қазіргі уақытта жылыжайда қызғалдақтың 14 түрлі сұрыптары өсірілуде, олардың қатарында: Ace of Spades, Barcelona Blanca, Bullit, Crème Fraich, Crisco, Jumbo Beauty, Lady Bell, Pink Stone, Rebellious Yellow, San Luiz, Showroom, Strong Gold, Triple A, Strong Love сынды ерекше сорттар бар.Жылдағы дәстүр бойынша ботаникалық бақта өсірілген қызғалдақтар наурыз айындағы мереке күндері университеттің ардагер ұстаздары мен серіктестеріне сый ретінде ұсынылады. Сонымен қатар гүлдерді коммерцияландыру жұмыстары да қолға алынып, сатылымға шығару жоспарланып отыр.Ахмет Ясауи университетінің ғалымдары қызғалдақ өсіру мен зерттеу жұмыстарын одан әрі жетілдіре отырып, Қазақстанның гүл шаруашылығын дамытуға үлес қосуды жалғастыра береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/947854
Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды 04.03.2025
Бүгін ұлы ақын, өлең сөздің дүлділі Жамбыл Жабаевтың туғанына 179 жыл толып отыр. Осыған орай облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы тау тұлғаның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Тағылымды шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, ақын, ақындар, айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының Басқарма төрағасы Жүрсін Ерман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, айтыскер ақын Аманжол Әлтай, облыстық, қалалық ардагерлер, қоғамдық кеңес төрағалары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым және қоғам белсенділері мен тараздықтар қатысып, тұлға рухына тағзым етті. Айта кетейік, бүгін бір ғасырдың куәсі болған Жыр Алыбының туған күніне орай «Баласағұн» ОКЗ-де дәстүрлі «Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым» республикалық ақындар айтысы өтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/948014
Қазақстан мен Канада авиация саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда 04.03.2025
Көлік министрлігі ғимаратында Марат Қарабаев пен Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кристофер Дагганның кездесуі өтті.Келіссөз барысында авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, тараптар әуе қатынасын кеңейту, заманауи технологияларды енгізу және авиациялық тасымалдардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мүмкіндіктерін қарастырды.Сондай-ақ, Қазақстанда шағын авиацияны дамыту үшін De Havilland ұшақтарын сатып алу перспективалары талқыланды.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен бастамаларды одан әрі талқылап, келесі қадамдарды нақтылау үшін байланыста болуға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/947728
Алматыда жасөспірімдердің «Қалқан» қысқы спартакиадасы басталды 04.03.2025
Жарыс бағдарламасына президенттік көпсайыс жаттығулары, атап айтқанда жасөсіпірімдер үшін белтемірде тартылу, қыздар үшін шалқалап жатып денені көтеру, сондай-ақ үш шақырымдық шаңғы жарысы және пневматикалық мылтықтан оқ ату кіреді.Іс-шараны Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубы, Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы және «Жас сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы ұйымдастырып отыр.Жарыстың салтанатты ашылуына Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Әсенов, Десанттық шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Алмас Исабеков, Алматы қаласы білім басқармасы қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының директоры Бақтияр Елемесов және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев қатысты.– Қысқы спорт ойындары төзімділік пен шеберлікті, күш пен ептілікті талап етеді. Осы жарыста сіздер тек спорттық жетістіктерге ғана емес, сонымен қатар командалық рух пен ынтымақтастықтың нағыз үлгісін көрсетесіздер деп сенемін, – деп атап өтті Арман Әсенов.Ережеге сәйкес спартакиада 14-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтеді. Оған еліміздің әр аймағынан 3 жас сарбаздан тұратын 17 команда қатысып бақтарын сынайды.Командалық есепте жеңімпаздар спортшылардың жинаған ұпай санына қарай анықталадыЖарысқа қатысушылар үшін Алматы қаласының көрікті жерлеріне экскурсия, «Қалқан жалыны» кешкі алауы, патриоттық фильмдер көрсетілімі, жоғары әскери білім беретін мекемелермен таныстыру сынды мәдени-тынығу бағдарламасы да қарастырылған.«Жас сарбаздықтардың» қысқы спартакиадасы биыл төртінші жыл қатарынан өткізіліп жатқанын айта кету керек. Алғаш рет өткізілген «Қалқан» қысқы спартакиадасында Қостанай облысының командасы жеңімпаз атанған болатын. Ал екінші қысқы спартакиада ойындарында Солтүстік Қазақстан облысы абсолюттік чемпион атанды. Былтырғы сайыста Ақмола облысының құрамасы кубок иегері болған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/947813
Әскери теңізшілер жолда қалып қойған отыз ақтаулыққа көмектесті 04.03.2025
Ақтау гарнизонындағы теңіз жаяу әскерлері десанттық-шабуылдау батальонының әскери қызметшілері облыс орталығынан 20 шақырым жерде боранда қалған автокөліктерді қар құрсауынан шығарды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты тас жолда жолаушыларымен көліктер легі қалған. Теңіз жаяу әскерлері тез арада жолда қалған адамдарға көмектесу туралы шешім қабылдады. Олар көліктерді қауіпсіз жерге сүйреп апарып, КамАЗ көлігімен жолаушыларды облыс орталығына жеткізді. – Біз өзіміздің пунктке келе жатқанбыз. Жолда қарлы боранның салдарынан қозғала алмай тұрған көліктерді көрдік. Барлығы сегіз жеңіл автокөлікті, автобусты және екі жүк микроавтобусын сүйреп шығардық, – деді минаатқыштар батареясы командирінің орынбасары аға лейтенант Айтмұхамед Әбдімүтәліп. Бұл жағдай әскери қызметшілердің жағдайды тез бағалау қабілетін және олардың болған жайда нақты және үйлесімді әрекет етуге дайындығын растайды. Жүргізушілер мен жолаушылар теңіз жаяу әскерлеріне жағдайға бей-жай қарамай, жедел әрекет еткендері үшін шын жүректен алғыс айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/947948
А. Сапаров: қаржыландыру тетіктері туралы ақпарат әрбір шаруашылыққа жеткізілуі тиіс 04.03.2025
Министр Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында 2025 жылға арналған АӨК қаржыландыру мәселелері талқыланды. Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының, мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, ҮЕҰ, бизнес, облыстық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармалары, барлығы 300 адам қатысты. Министр Үкімет шаруаларды дизель отынымен, тұқыммен, минералды тыңайтқыштармен, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін қорғау құралдарымен арзандатылған жеңілдетілген несиелеу және лизингпен қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдағанын атап өтті. "Биыл егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруды 700 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Алдағы кезеңдегі басты міндет-оларды оңтайлы агротехникалық мерзімде ұйымдастыру. Бірақ өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысты сұрақтар бар", - деді Айдарбек Сапаров. ҚР АШМ қаржылық құралдар және микрокредит беру департаментінің директоры Жанар Маханова жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет деп санайды. Департамент директоры 2024 жылы министрлік қажетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және мемлекеттік органдармен келісу бойынша үлкен жұмыс жүргізгенін еске салды. "Бұған дейін бұрын-соңды болмаған жаңа тәсілдер мен құралдарды тарту бойынша жағдайлар жасалуда, бірақ іс жүзінде ӘКК арқылы қаржыландырылатын 17 өңірдің тек 4-і ғана жұмыс істейді. Ауыл шаруашылығы үшін сыйақы мөлшерлемелері екі есе өсетін кейбір елдерде пайыздық мөлшерлемелердің өсуі жағдайында Қазақстан Үкіметі жеңілдетілген қарыздар бере отырып, шаруаларды қолдауды жалғастыруда. Бұл отандық ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасайды, алайда өңірлер әлсіз нәтижелер көрсетуде", - деді ол. “2 жыл ішінде көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру 140 млрд теңгеден 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл шаруаларға берілген үлкен мүмкіндік. Облыстарда ешкім айналыспайтын тағы бір маңызды мәселе – тәуекелдерді сақтандыру. Өңірлерде қолдау шаралары туралы біле ме? Жұмыс сапарлары кезінде шаруалар олар туралы бірінші рет естіп отырмыз деп мәлімдейді. Облыстардың, аудандардың әкімдері сала өкілдерін уақтылы хабардар етуі қажет”, – деді Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев. Отырысты аяқтай отырып, министр әкімдіктерге қаржыландырудың барлық тетіктері, бағдарламалары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы әрбір шаруашылықтың назарына жеткізуге тиіс жұмыс топтарын құруды тапсырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/947751
Солтүстік Қазақстан облысында күнбағыс майын өндіретін май экстракциялау зауыты іске қосылды 04.03.2025
Президенттің агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында 34 млрд теңге көлеміндегі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Петропавл қаласында «Масло-Дел» ЖШС майлы дақылдарды қайта өңдейтін май экстракциялау зауыты салынды. Кәсіпорынның жылдық өңдеу қуаты 400 мың тоннаға дейін жетеді, ол заманауи еуропалық жабдықтармен жабдықталған және толық автоматтандырылған. Зауытта күнбағыс, рапс және зығыр майы, сондай-ақ жоғары ақуызды мал азықтық қоспалар – күнжара мен шрот өндіріледі. Көктемде экстракция желісін іске қосу жоспарланса, 2025 жылдың соңына дейін тамақ өнеркәсібінде сұранысқа ие лецитин өндіруге арналған өсімдік майын терең қайта өңдеу цехы ашылады. Өндірісте жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шикізаты пайдаланылады. Май экстракциялау зауытының іске қосылуының арқасында өңір өз өнімін толықтай қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. 2024 жылы СҚО-да 780 мың тонна майлы дақыл жиналды, ал өңдеу кәсіпорындарының жалпы қуаты енді 813 мың тоннаға жетті. Биылғы жылы егістік алқаптарын әртараптандыру аясында майлы дақылдардың егістік көлемі 85 мың гектарға ұлғайып, 760 мың гектарға жетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/947980
Астанада «Дода» өнер сайысы аясында танымал композиторлардың әндері шырқалды 04.03.2025
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында «Дода» өнер сайысы өтті.Байқауға «Қазақконцерт» ұйымының әртістері, «Бірлік» және «Шалқыма» би ансамбльдері, Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның шығармашылық ұжымы, «Астана сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі және «Қорқыт» этно-ансамблі қатысты.Сахнада күмбірлеген күйлер шертіліп, халық әндері шырқалды. Асқан шеберлікпен орындалған хореографиялық нөмірлер кеш көркін аша түсті.Көптеген кәсіби музыкант пен орындаушылардың репертуарынан орын алған белгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу», қазақ халқының табиғатқа деген терең сүйіспеншілігін, әсемдігін жырға қосқан Манарбек Ержановтың «Сайра бұлбұл» шығармалары орындалды.Көрерменге қазақ халқының еңбексүйгіштігі, адалдығы мен табандылығы суреттелетін «Еңбек туралы» жыр-термесі ерекше әсер қалдырды. Аталмыш терме биылғы «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында өтетін концерттің репертуарына енді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/947785
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды 04.03.2025
ҚР Ұлттық музейінде «Ер есімі – ел есінде» және «Жеңіс - ұрпаққа аманат» жалпыреспубликалық акциялары аясында «Батырлар – ұрпақ аманаты» атты көрменің ашылуы өтті.Көрме Кеңес Одағы Батырларының мерейтойына арналады. Атап айтсақ, биыл Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл, Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығы, Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толады.Іс-шарада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Жамбыл тарихи-өлкетану музейі, Әлия Молдағұлова мемориалдық музейі және Мәлік Ғабдуллин музейі қорларынан алынған заттар қойылған.Экспозицияда Кеңес Одағы Батырларының наградалары, хаттары мен жеке заттары бар. М.Ғабдуллиннің «Алтын жұлдыз» медалі, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының А. Молдағұловаға берген грамотасы, Б. Момышұлының әскери стратегиялық картасы және басқа да бірегей заттар қойылған.Сонымен қатар, көрмеге Астана қаласы «Атамның Аманаты» қоғамдық бірлестігінің материалдары қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/947939
Қазақстандық тасымалдаушы Астанадан Самарқандқа тұрақты әуе рейстерін іске қосады 04.03.2025
QAZAQ AIR авиакомпаниясы Астанадан Самарқандқа Түркістан транзитімен тұрақты рейстер ашады. Бұл бағыт бойынша алғашқы ұшу 1 мамырға жоспарланған.Ұшақтар аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері келесі кесте бойынша ұшады:- бейсенбі:IQ369 Астана 16:15 – Самарканд 20:00 (Түркістандағы түйісу 1 сағат);Самарқанд IQ510 21:00 – Астана 01:30 (Түркістандағы түйісу 50 мин.);жексенбі:IQ369 Астана 07:25 – Самарканд 11:00 (Түркістандағы түйісу 50 мин.);Самарқанд IQ510 12:00 – Астана 15:30 (Түркістандағы түйісу 40 мин.).Рейстер канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 өндірісінің жайлы және заманауи ұшақтарымен орындалады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/946724
Қарағандыдағы Ten Qogam әлеуметтік бейімделу орталығы жұмысын қайта бастады 04.03.2025
Аз ғана үзілістен кейін Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы қызмет көрсете бастады. Әлеуметтік тапсырысты тағы да Qamqor Plus мүгедектер қоғамдық бірлестігі алды. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандар алдағы үш жыл бойы қажетті көмекті тегін ала береді дегенді білдіреді.Орталықтың негізгі мақсаты – Қарағандыда тұратын 18 жастан асқан мүгедектерге ақпараттық және ресурстық қолдау көрсету. Орталық үш жылдан бері мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғам мен еңбек ортасына кірігуіне жағдай жасау үшін белсенді жұмыс істеп келеді. Жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде: мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, әлеуметтік және психологиялық қолдау, заң көмегі.– Орталық бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді, – деп түсіндірді орталық басшысы Нияз Сүндеталиев. – Бұл жерге өзінің проблемасымен келген мүмкіндігі шектеулі адам шешім қабылдай алады. Біз жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімімен және басқармасымен, қалалық және облыстық әкімдіктермен, Еңбек ұтқырлығы орталығымен тікелей өзара іс-қимыл жасаймыз.Өмірдің түрлі аспектілері бойынша көмек алуға болатын бірыңғай кеңістік құру идеясы мүгедектігі бар адамдардың өмірін жеңілдету ниетінен туындады. Олардың бірі бола тұра, Нияз Сүндетәлиев мүгедектер үшін «қолжетімді» ортаның қаншалықты қол жетімсіз екенін сезінді.Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарының пікірінше, мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін қоғамдық бірлестік көмек сұрап келгендермен жедел байланыста бола алады.– Бұл жоба мемлекеттік органдар мен мүгедектігі бар адамдардың сұраныстарын біріктіру және проблемаларды жедел шешу үшін көпір болып табылады, – деп есептейді Қарағанды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Бақытнұр Талипова. – Болашақта бұл жоба бұдан да жақсы нәтижелер көрсетеді деп ойлаймын.Орталық жұмысының құрамдас бөлігінің бірі психологиялық көмек көрсету және қолдау көрсету. Психолог қатысушыларға олардың мықты жақтарын анықтауға, мансаптық жоспар әзірлеуге және жаңа жұмыс орнында жұмыс іздеуге немесе бейімделуге байланысты ішкі кедергілерді еңсеруге көмектесетін жеке кездесулер өткізеді.Ашылу күні орталықта кеңес алуға келгендерге психологиялық тренинг өткізілді.– Бізге ең бастысы қарым-қатынас жетіспейді. Көбісі төрт қабырғаға қамалып, үйінен ешқайда шықпайды, – дейді мүгедектігі бар қарағандылық Меруерт Смағұлова. – Мүгедектікке дейін мен әдеттегідей өмір сүріп, жұмыс істедім. Қазір де жұмыс істегім келеді, сондықтан осы жерге көмек сұрап келдім.Ten Qogam-ды үлгі етіп, Қарағанды облысының басқа қалалары мен аудандарында осындай орталықтар құрылады.Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы Қарағанды қаласы, Мемлекеттік және сервистік қызметтер орталығының ғимараты, Тәттімбет көшесі, 709, 5 кеңсе мекенжайы бойынша орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/946884
Қарағандылық оқушылар АҚШ-та робототехникадан әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды 04.03.2025
«Мұрагер» МЛИ-ның екі командасы бірден Гран-при мен робототехника бойынша беделді әлемдік турнирге жолдамаға ие болып, 1–11 (12) сынып оқушылары арасында First Robotics Almaty Tech Cup 2025 – Central Asia FIRST Championship халықаралық жарыстарында жеңіске жетті.Чемпионат 2014 жылдан бері өткізіліп келеді, осы уақыт ішінде командалар саны 20-дан 400-ге дейін өсті. Жарысқа Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан, Түрікменстан, Өзбекстан, БАӘ, Сауд Арабиясы және Қазақстанның барлық өңірлерінен мықты командалар қатысты.Биыл чемпионат робототехника, инженерия және дрондар жарысы бойынша жарыстарды біріктірді, олардың арасында Aspan Cyber Race, Aspan Drone Competition, Aspan Whoop Race және Aspan Drone Race бар. Қатысушылар First Lego League (4–16 жас) және First Tech Challenge (16–18 жас) сияқты бағыттарда машықтарын көрсетті.Су ресурстары мен су асты әлемін зерттеудің жаһандық проблемаларына арналған жарыстарға Қарағанды облысының «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының төрт командасы қатысты. FIRST LEGO League Challenge санатында «M2T» командасы Autonomous genius award номинациясын алды, ал Rasslexx командасы Гран-при мен Хьюстондағы (АҚШ) әлемдік кезеңге жолдаманы жеңіп алды.– Біз Rasslexx командасымен бірге инновациялық жобаны - адамның кеме бортынан құлауын қадағалайтын GPS-трекерді ұсындық. Егер ол орын алса, трекер капитанға белгі беріп, дәл координаттарын береді, ал детектор-камера арқылы суға құлаудың қайдан және қалай болғаны көрінеді, – деді оқушыларды чемпионатқа алып барған мектеп менторы Жанәділ Шәкәрім.FIRST Tech Challenge категориясында FTC роботтарының сайысы қызу өтті. Бірақ мектептің Jeltoqsun командасы Inspire award және Winning alliance partner award номинацияларынан басқа, Хьюстонда өтетін әлемдік кезеңге жолдама алды.– Біздің командада қазылар алқасын бағалаудың барлық критерийлері бойынша үздік болып шыққан инновациялық жоба болды, – дейді Жанәділ Шәкәрім. – Біздің жобаның ерекшелігі роботтың өзінде ғана емес, сауатты жазылған кодтарда, соның арқасында ол өз миссияларын тұрақты орындады. Бір тапсырмаға сәйкес, біздің роботтарымыз картадан өтіп, екі жарым минут ішінде 15 миссияны орындауға тиіс болатын. Бұл жерде біздің команданың нәтижесі үздік үштікке енді.Сонымен қатар, мектеп жоғары жетістіктері үшін Recognition award номинациясы бойынша марапатталды, ал 11-сынып оқушылары Руслан Огай мен Алина Әнірова Қазақстан-Британ техникалық университетінде оқуға төрт жылдық грант алды. Қазір оқушылар қандай факультетке оқуға баруды таңдау алдында тұр.Ал Jeltoqsun командасының капитаны Ақбар Ермеков АҚШ-тың жоғары оқу орындарының бірінде оқу грантына бүкіл әлем бойынша іріктелген жиырма үміткерлердің қатарына енді.– Мен робототехникалық жарыстарға 8-сыныптан бастап қатысамын және қазірдің өзінде үлкен табыстарға қол жеткіздім. Қарағандыдағы Roboland байқауына қатысып, Алматыға, Астанаға, американдық Вустер қаласына бардым. Біз барлық жерде сәтті өнер көрсетіп, марапаттарға ие болдық. Осының бәрі болашақтағы өмірлік жолдарды да анықтауға көмектесті: ІТ саласында жұмыс істегім келеді, – деп бөлісті Ақбар Ермеков.– Біздің оқушылар тек мектепті ғана емес, біздің облысты да 3 мыңнан астам оқушы қатысқан халықаралық жарыстардағы жетістіктерімен танымал етті, – деп атап өтті «Мұрагер» МЛИ директоры Нұрғазы Өтебаев.Қазақстандық оқушылар халықаралық аренада бірнеше рет әлем алтынын жеңіп алды: жас инженерлер Женевада (2022), Сингапурда (2023) және Афинада (2024) үздік деп танылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/946984
Қарағанды облысында шығындарды оңтайландыру үшін бірқатар басқармаларды қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды 04.03.2025
Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары кезектен тыс ХХІІІ сессиясында өңірді басқарудың жаңа схемасын бекітті. Қайта ұйымдастыру жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және шығыстарды оңтайландыру үшін жүргізіледі.— Өңірді басқарудың қолданыстағы схемасына өзгерістер енгізу шығыстарды оңтайландыруды, бейінді емес функцияларды қысқартуды және бюджет қаражатын үнемдеуді көздейді, — деп атап өтті Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Ғалиев.Бiрнеше басқарма бiрiктiрiледi: ауыл шаруашылығы және жер қатынастары; кәсіпкерлік және өнеркәсіп; қаржы және мемлекеттік активтер. Сондай-ақ сыртқы байланыстар функциясы бар туризмді басқару құрылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/947093
Балқашта демалыс орындары көбейеді 04.03.2025
Қарағанды облысының Балқаш қаласында жергілікті билік туристер ағынын арттыру үшін жағдай жасауға тырысып жатыр. Өткен жылы үш жаңа демалыс аймағы пайда болды, биыл тағы алтауы қосылуы мүмкін.Бұл туралы Балқаш әкімі Сапар Сатаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.Оның айтуынша, өткен жылы Балқаш курорттық аймағында демалушылар саны 30%-ға жуық өсіп, 121 мың адамды құраған. Туристерді 99 нысан қабылдады.— Өткен жылы үш демалыс аймағы пайдалануға берілді. Биыл жалпы инвестиция сомасы 2,4 млрд теңгені құрайтын алты туризм нысанын іске қосу жоспарланған, — деді Сапар Сатаев.Тораңғалық және Шұбартүбек курорттық ауылдарында су құбыры желілерінің құрылысы басталады. Демалыс аймақтары орталық сумен жабдықталады.Сонымен қатар, биыл жағажай мен қала жағалауын қайта жөндеу жұмыстары аяқталуы тиіс.Балқаш әуежайын қайта жаңарту жалғасуда. Қазір арнайы көлік қызметі ғимаратының құрылысы және аэровокзалды қайта жаңарту жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланған.«БалқашTourfest» фестивалі дәстүрге айналды. Өткен жылы оған 30 мыңнан астам адам жиналды. Биыл одан да көп болады деп күтілуде.— Фестивальдің басты мақсаты — Балқаш қаласының брендін туристік орталық ретінде қалыптастыру және ілгерілету, — деп атап өтті қала әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/947219
Қарағанды облысында Алғыс айту күні қалай атап өтілмек 04.03.2025
Қазақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күні. Ол 2016 жылы қазақ халқына өткен ғасырдың 30–40-шы жылдары қоныс аударушыларға көрсеткен қонақжайлылығына алғыс білдіру үшін құрылған болатын. Қарағанды облысында бұл күні концерттер, қайырымдылық акциялар, фестивальдар, көрмелер, дөңгелек үстелдер және т. б. шаралар өтеді. Қарағанды28 ақпанда сағат 12:00 Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қолөнер – рухани жан серігің» көрме-жәрмеңкесі ашылады. Ол 28 ақпанда сағат 18:00-ге дейін, сондай-ақ 1 және 2 наурызда сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.1 наурызда сағат 10:00 Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс айту күніне арналған «Адамгершілік – асыл қасиет» өңірлік форумы басталады. Форумда «Мейірімділік керуені» республикалық байқауының басталуы ресми түрде жарияланады.Осы күні сағат 12:00-де қаланың орталық алаңында Тәуелсіздік стеласына гүл қою рәсімі өтеді.Сағат 14:00 Достық үйінде «Мэрцишор-2025» XI румын фольклорының фестивалі басталады. Фестивальдің хедлайнері Молдованың еңбек сіңірген әртісі Ленуца Георгицэ болады. Сонымен қатар, гала-концерт, румындардың ұлттық киімдері мен дәстүрлі тұрмыс заттарының көрсетілімі, кітаптар мен фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылады. Кіру тегін.1 наурызда сағат 12:00 теміржолшылар мәдениет сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына арналған «Бір ел – бір халық» халық тұрмысы фестивалі өтеді.Жаңа Майқұдық мәдениет сарайында «Рахмет саған – туған ел» концерттік бағдарламасы ұсынылады. Теміртау28 ақпанда сағат 15:00 Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және Алғыс айту күніне орайластырылған фестиваль ашылады. Іс-шара қонақтары заманауи Қазақстан аумағында тұратын түрлі этностардың тағамдарымен, киімімен, тұрмысымен және дәстүрлерімен интерактивті түрде таныстырылады.1 наурызда сағат 11:00 Металлургтер мәдениет сарайында FOLK SYMPHONY этнофолькоркестрінің қатысуымен «Алғысым шексіз еліме» атты мерекелік концерт өтеді. Сарань1 наурыз күні сағат 11:00 Мәдениет үйінде «Жақсылық жаса» атты салтанатты концерт өтеді.1 наурызда Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Алғыс айту күніне арналған «Біз Қазақстанның біртұтас халқымыз» атты іскерлік конференция өтеді. Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктер жұмысының қорытындылары талқыланады.Осы күні қалада «Мың алғыс!» акциясы өтеді. Шахтинск1 наурызда «Жүректен жүрекке» меценаттарға құрмет көрсету рәсімі өтеді.Осы күні «Ақсүйек» спорт клубында ұлттық және үстел ойындарынан жарыстар өтеді.Сондай-ақ, Алғыс айту күні қалада мұқтаж жандарға қажетті заттар мен азық-түлік жиынтықтарын тарату және жалғыз басты зейнеткерлердің ауласын қардан тазарту бойынша қайырымдылық акциялары өтеді. Қарқаралы28 ақпанда Жандарбекова атындағы мәдени-ойын-сауық орталығының сахнасында «Мың алғыс саған, Қазақ елі» атты концерт өтеді.Сонымен қатар, 1–3 наурыз аралығында Алғыс айту күніне орайластырылған бес асық ойыны, шаңғымен жүгіру және волейбол жарыстары өтеді.Аудан ауылдарында дөңгелек үстелдер, мерекелік концерттер, жарыстар ұйымдастырылады. Абай ауданы28 ақпанда «Достық, бірлік және келісім ою-өрнегі» фестиваль-байқауының жеңімпаздары марапатталады.Сондай-ақ, 1 наурызға қарай ауданда көрмелер, қайырымдылық акциялары мен челлендждер өтеді. Ақтоғай ауданы28 ақпанда аудандық мәдени-демалыс орталығында Алғыс айту күніне орайластырылған мерекелік концерт өтеді.Сондай-ақ, аудан ауылдарында дөңгелек үстелдер, кездесулер, концерттер мен қайырымдылық акциялары өтеді. Нұра ауданы28 ақпан күні сағат 11:00-де «Қазақстан халқы Ассамблеясы – мәдени диалогтың бірегей үлгісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Бұқар жырау ауданы28 ақпанда «Әртүрліліктегі бірлік» атты дөңгелек үстел өтеді. Сондай-ақ, мерекеге орай қайырымдылық акциялары мен челлендждер ұйымдастырылады. Приозерск1 наурызда қала көшелерінде тұрғындарға ыстық шай таратылады. Сондай-ақ, Алғыс айту күніне орай сурет байқауы өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/947269
Қарағандыда құтқарушы-әскери қызметшілер жаңа арнайы техника алды 04.03.2025
Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні қарсаңында Қарағандыдағы Мартбек Мамыраев атындағы 52859 әскери бөлімінде ТЖ министрі Шыңғыс Арынов пен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев болып қайтты. Әскери қызметшілерге жауынгерлік әзірлік пен жеделдікті арттыратын жаңа арнайы техниканың кілті табыс етілді.Бөлімге КамАЗ және Toyota Hilux базасындағы әскери-құтқару автомобильдері берілді. Бұл отандық өндіріс техникасы. Өтімділігі жоғары машиналар заманауи талаптарға сай жабдықталған.– Ведомствоның құтқару әскери құралымдарын заманауи техникамен және жабдықпен қамтамасыз ету – бұл төтенше жағдайлармен күрестегі жеделдіктің және тиімділіктің кепілі. Біз кез келген сын-қатерлерге, соның ішінде алдағы су тасқыны кезеңіне дайын болу үшін материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырудамыз, –деп атап өтті Шыңғыс Арынов.Министр азаматтық қорғанысты жаңғырту және техникалық жарақтандыру басымдыққа ие болып қалатынын атап өтті. Биыл 72 бірлік техника, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ жеке құрамға арналған заманауи киім-кешек, керек-жарақ сатып алынды.– Бүгінгі таңда біздің әскери бөлімге 22 заманауи техника берілді. Бұған дейін парк 2015 жылы жаңартылған болатын. Қазір бізде даму бойынша жұмыстар жүріп жатыр, келесі жылы тағы да жаңа техниканың легі күтілуде, – деді М. Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің командирі Бағлан Кенбейлов.Шыңғыс Арынов пен Ермағанбет Бөлекпаев офицерлер мен сарбаздардың қызмет жағдайымен танысты.ТЖМ азаматтық қорғанысының әскери бөлімдері халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи және техногендік ТЖ-дан қорғау, сондай-ақ авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу жөніндегі міндеттерді орындайды.Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні жыл сайын 1 наурызда атап өтіледі. Мереке Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы Бас ассамблеясының қарарымен бекітілді. Оның мақсаты – азаматтық қорғаныс туралы білімді насихаттау және ұлттық құтқару қызметінің беделін көтеру. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/947684