Enbekshi QazaQ

Әлем

Бір аптада қар құрсауынан 400-ге жуық адам құтқарылды және эвакуацияланды 04.03.2025
  2025 жылғы 22-23 ақпанда екі тәулік ішінде ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ 380 адамды, оның ішінде 49 баланы құтқарып, эвакуациялады. Сондай-ақ 50-ден астам автомашинаны қар құрсауынан шығарды. Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге 153 шығу жасалды.  Ауа-райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, ТЖМ, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізілді.  Құтқару жұмыстарын ерекше атап өткен жөн:  Қостанай облысында 170 жуық адам құтқарылды  22 ақпанда күндіз шетел азаматтарына көмек көрсетілді. Қарабалық ауданының Қайырақ ауылына жақын жерде құтқарушылар Тәжікстан Республикасынан Ресейге бара жатқан рейстік автобустың жолаушыларына көмек көрсетті. Автобуста 70 жолаушы, оның ішінде 4 бала болған. Техникалық ақаулықтан дизель жанармайы қатып, көлік құралы жүре алмаған. Оқиға орнына ЖАО бірлесіп құтқарушылар келді. Жылыту құралының көмегімен жанармайды жылытып, аккумуляторды қоректендірді, содан кейін автобус қозғалысты жалғастырды.  Сонымен қатар 23 ақпанда түнде Амангелді ауданында Амантоғай ауылынан 22 шақырым жерде «Әулиекөл-Жалдама» автожолының жабық учаскесінде ТЖМ күштері 98 адамды, оның ішінде 18 баланы құтқарды. Құтқарылған 7 адам, оның ішінде 6 бала Амантоғай ауылының жылыту пунктіне жеткізілді. Сондай-ақ қар құрсауынан 8 жеңіл автомобиль жолдың тазартылған учаскесіне сүйретілді. Сарыкөл ауданында Соналы ауылынан 5 шақырым жерде «Сарыкөл-Комсомольское» автожолында қар құрсауынан автожолдың тазартылған учаскесіне 2 адам мінген жеңіл автокөлікті сүйреп шығарылды.  Ақтөбе облысында шетел азаматтар құтқарылды   22 ақпанда таң атта құтқарушылар да 39 адамды эвакуациялады. 112 пультіне Ақтөбе облысы Әйтеке би аудынынан бірнеше шақырым жерде жабық жолда автобус тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дереу шақырту орнына жөнелген құтқарушылар автобуста 39 жолаушы бар екенін анықтады. Құтқарушылар  оларды Қарабұтақ ауылына эвакуациялады.  23 ақпанда Ақтөбе облысының 112 пультіне Қарғалы ауданының Бадамша ауылынан 40 шақырым жерде автожолдың жабық учаскесінде жүк автокөлігі істен шығуына байланысты тоқтап, қозғалысты жалғастыра алмайтынын туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу жолданған құтқарушылар тоңып қалған жүргізушіні жақын жылыту пунктіне эвакуциялады. Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан құтқаругшыларына алғысын білдірді.  Сонымен қатар ТЖМ әскери қызметкерлері шетелдіктерге көмекке келді.Ақтөбе облысының Хромтау ауданында Самара-Шымкент автожолында патрульдеу кезінде 4 Тәжікстан азаматтары мінген автокөлікті ТЖМ 20982 әскери бөлімінің күшімен Хромтау қаласындағы Шерхан кемпингіне сүйреп жеткізілді. Белгілі болғандай олардың көліктері сынып, қозғалысты жалғастыра алмаған. Шетел азаматтары алғыстарын білдірді.  Бұдан басқа, ТЖМ жол талғамайтын көлігі зардап шеккен адамды тасымалдауға көмектесті. 112 пультіне Ақтөбе облысы Алға қаласында 1958 ж.т. ер адамға ота жасату үшін оны медициналық мекемеге тасымалдау қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті. Жол жабық болғандықтан, жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге жол талғамайтын Трэкол көлігімен шығуға шешім қабылданды.  Жолдың қиын бөлігін өтімділігі жоғары көлікпен еңсере отырып, құтқарушылар адамды шұғыл түрде Ақтөбе қаласына жеткізіп, одан әрі облыстық ауруханаға жатқызу үшін ЖМК бригадасына тапсырды.  Осы түнде ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» және «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолдарында бірнеше көлік қар құрсауында қалды. Құтқарушылар жылыту пунктіне және жақын маңдағы елді мекендерге 21 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Сондай-ақ, қар құрсауында қалған автокөліктен 4 адамды құтқарды.  Сонымен қатар Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстарында тұрғындарды құтқару мен техниканы қар құрсауынан шығару бойынша құтқару операциялары жүргізілді.  ТЖД күшімен өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі қарлы учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізілді. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда.  Қазақстан ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға, дауылды ескертулерді қадағалауға және қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпауға шақырады. Ауыл тұрғындарына ауа-райының нашарлауы жағдайында ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/944253
Су тасқыны кезеңіне дайындық: алдын алудың кешенді шаралары 04.03.2025
  Еліміздің әртүрлі өңірлерінде су басу қаупін азайтуға бағытталған алдын алу және инженерлік жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бұл қорғаныс бөгеттері мен біліктерін салу және нығайту, сондай-ақ дренаждық жүйелерді жөндеу және салу, жолдардың астына жаңа су өткізу құрылыстарын ауыстыру және орнату, сондай-ақ каналдар мен арықтарды жайластыру. Қауіпті аймақтарда жағалауларды тереңдету және нығайту жұмыстары жүргізілуде, өзен арналары тазартылуда. Осы шаралардың барлығы халықтың қауіпсіздігін арттыруға және ықтимал су тасқынынан болатын залалды барынша азайтуға бағытталған.  Осылайша, су тасқыны кезеңінен қауіпсіз өту аясында Астана қ. ТЖД қызметкерлері Байқоңыр ауданының әкімі, аудан прокурорының орынбасары, сондай-ақ «Қазгидромет» РМК мамандарымен бірлесіп, Ақмола облысы Қоянды ауылының саяжай учаскелеріне барды. Бұдан басқа, Аршалы ауданы ТЖБ қызметкерлерімен бірлесіп, су тасқыны жағдайын мониторингілеу мақсатында Жібек Жолы ауылына шықты. Бүгінгі таңда бұл ауылды тасқын сулардан қорғау үшін ұзындығы 6,277 шақырым, биіктігі 2-ден 5,3 метрге дейін және ені 12-ден 34 метрге дейін бөген салу жұмыстары жүргізілуде. Департамент қызметкерлері Нұра ауданының әкімі Ришат Тұрдыбековпен «Газмашаппарат», «Западный» саяжай қоғамдары, «Үркер» тұрғын алабы мен қар полигонына тексеру жүргізіп, оның барысында қар полигонынан еріген қар суын ағызу үшін каналды қазу орындары анықталды.  Алматы қаласы ТЖД «Қазселденқорғау» ММ-мен бірлесіп Үлкен Алматы өзені бассейнінен Түрген өзені бассейніне дейінгі мұздақ көлдерге, биік таулы мұздақ көлдерге, сел ойпаттары мен ошақтарға, көшкін қауіпті учаскелерге аэровизуалды тексеру жүргізді. Іс-шара су айдындарының жай-күйін мониторингілеуге, сондай-ақ көктемгі қардың еруі қарсаңында қала тұрғындары мен инфрақұрылымына төнетін қауіптердің алдын алуға бағытталған. Аэровизуалды ұшу нәтижелері бойынша барлық мұздақ көлдер қысқы режимде, минималды белгілердегі стационарлық көлдер, стационарлық емес көлдер іс жүзінде бос екендігі анықталды.  Алматы облысында Жармұхамбет өзенінің арнасын механикалық тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Іле ауданында Облыстық ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Дәурен Оразбековтың қатысуымен су тасқыны қаупі бар учаскеге тексеру жүргізілді. Жармұхамбет ауылындағы су тасқыны қауіпті учаскесі зерттелді, «Монтажник», «Кирпичник», «Ивушка», «Кристалл» ПКСТ бойындағы Жармұхамбет өзенінің арнасы тексерілді, онда осы өзен арнасын механикалық тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Жеке тұрғын үйлерді су басу қаупін азайту және еріген қар суының кедергісіз өтуі мақсатында өзен арнасын 1,2 км бойы механикалық тазарту жүргізілді.  Су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық аясында мемлекеттік инспектор бастаған жұмыс тобы Абай облысының Жарма ауданына барды. Жұмыс сапары барысында олар Ортабұлақ және Шар гидротехникалық құрылыстарын аралап көрді. Жарма ауданының әкімі су басудың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар, шұғыл қызметтердің дайындығы және төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін қажетті ресурстар туралы баяндады.  Ақтөбеде су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жалғасуда. Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жасалып жатқан іс-шаралар барысы тексерілді. ТЖД бастығының орынбасары А.Жанабергенов аудан әкімімен бірлесіп Мәртөк ауданындағы ықтимал қауіпті учаскелерді аралап, атқарылған жұмыстармен танысты. Сарыжар, Саржансай, Мәртөк ауылдарындағы су тасқынына қарсы жасалған Сарыжар ауылындағы бөгеттер, Саржансай ауылындағы төменгі Елек өзені жағасы және Мәртөк ауылында еріген қар суының арналарындағы кеңейту жұмыстарын бақылады. Бұл жұмыстар елді мекендерді су тасқынынан қорғауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ауылдарға қардан ағатын суды бұру үшін бөгеттер көтеріліп, арықтар мен бұру арналары қазылды. Сонымен қатар Қазан-1, Қазан-2 бөгеттерінің де жай күйі тексерілді.   Жамбыл облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық аясында мамандар су басу қаупін болдырмау мақсатында бірлескен өлшеу жұмыстарын жүргізеді. «Қазгидромет» РМК және «Қазселденқорғау» ММ филиалдарының, Шу-Талас бассейндік инспекциясының, «Қазсушар» РМК филиалының өкілдері Талас өзеніндегі су шығыны мен деңгейінің мониторингі бойынша жұмыстарды ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты - өзендегі су деңгейінің өзгеруін уақтылы анықтау, ықтимал қауіпті бағалау және қажетті алдын алу шараларын жүзеге асыру. Бірлескен өлшеулер өзен арнасындағы судың көлемін дәл анықтауға, гидротехникалық құрылыстардың жұмысын үйлестіруге және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда. Бәйтерек ауданында су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Мемлекеттік инспектор, облыс әкімінің орынбасары Б. Нарымбетов, департамент бастығының орынбасары Е. Жәлелов және комиссия мүшелері аудан аумағында атқарылған жұмыстармен танысып шықты. Су жіберу жолдары, сужинағыштар, елді мекендердің дайындық паспорттары да тексерілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/944538
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы саласына 58 млрд. теңге инвестиция тартылады деп жоспарлануда 04.03.2025
Жамбыл облысында су үнемдеу технологиялары енгізілген алқапты 64,5 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда Жамбыл облысында өткен жылы 15 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетілді. Биыл ауыл шаруашылығы саласына 39 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның 22,7 млрд. теңгесі субсидияға, қалған 16 млрд. теңгесі СҚО тәжірибесі мен «Ауыл аманаты» бағдарламасын несиелендіруге жұмсалады. Ағымдағы жылы 551,6 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі (2024 ж. - 488,5 млрд. теңге). Сондай-ақ салаға 58 млрд. теңге инвестиция тартылады (2024 ж. -17,5 млрд. теңге) деп күтілуде. 2024 жылы облыстағы жалпы мал саны 3,6 млн. басты құрады: оның ішінде мүйізді ірі қара саны – 429,4 мың, қой саны – 3 млн., жылқы саны – 173,9 мың, құс саны – 1,9 млн. Жыл ішінде 226,2 мың тонна сүт, 129,9 мың тонна ет, 123,5 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Биыл мал шаруашылығында 226,5 млрд. теңгенің өнімін шығару жоспарлануда. Төрт-түлік санын 4,3 млн. басқа дейін ұлғайту, сүт өндірісін 229 мың тоннаға, ет өндірісін 135 мың тоннаға жеткізу міндеті тұр. Сонымен бірге жұмыртқа көлемін 125 млн. данаға дейін жеткізу үшін жұмыс жүргізіледі. Өткен жылы 626,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылды. 3,7 млн. тоннаның өнім жиналып, бұл соңғы 5 жылдағы рекордтық өнімділікті көрсетті. Атап айтқанда, 586,4 мың тонна масақты дәнді дақылдар, 36,2 мың тонна майлы дақылдар, 172 мың тонна картоп, 1 195,4 мың тонна көкөніс, 156,6 мың тонна бақша дақылдары, 84,8 мың тонна дәндік жүгері алынды. 647 мың тонна қант қызылшасы жиналды. 15,4 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізіліп, облыс аумағындағы жалпы көрсеткіш 55,4 мың гектарға жеткізілді. Биыл өсімдік шаруашылығында 325,1 млрд. теңгенің өнімін өндіру жоспарланған. Облыс аумағында егістік көлемін 33,6 мың гектарға арттырып, 660,3 мың гектарға дейін жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұдан бөлек, су үнемдеу технологиялары енгізілген алқапты 55,4 мың гектардан 64,5 мың гектарға ұлғайту, 83,1 мың гектар алқапқа минералды тыңайтқыш енгізу, 401 дана ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, 6,5 пайызға жаңарту көзделуде. «Ауыл аманаты» бағдарламасының кәсіпкерлік бағыты бойынша 5 млрд. теңгеге 598 жобаны несиелендіру жоспарлануда. Аталған жобаның шеңберінде азаматтарға 4 мың бас қой, 150 бас ірі қара тауарлық несие ретінде берілмек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/944784
Қазақстан СІМ-де Испаниямен ынтымақтастық мәселелері талқыланды 04.03.2025
Астана, 2025 жылғы 24 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Луис Франсиско Мартинеспен кездесті.Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері мен көпжақты форматтағы байланыстарды талқылады.А.Рахметуллин Испанияның Қазақстан үшін Еуропалық одақтағы сенімді стратегиялық серіктес екенін атап өтіп, биылғы наурыз айында Мадридте өтетін Үкіметаралық комиссия мен Қазақстан-Испания Іскерлік кеңесі отырыстарының жемісті өтуіне тілегін білдірді.Испандық дипломат екіжақты қатынастардың барлық саласы бойынша ынтымақтастықты нығайту ниетін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/944600
Нұрдәулет Қилыбай мүгедектерге арналған спорт клубының жұмысымен танысты 04.03.2025
Бүгін, 23 ақпанда өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облыстық мүгедектер спорт клубына барып, оның жұмысымен танысты.Аталмыш спорт клубы 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда мұнда 482 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты түрде жаттығады. Олардың қатарында көру және есту қабілеті нашар спортшылар, тірек-қимыл аппараты зақымданған азаматтар, ерекше балалар және сауықтыру тобындағы спортшылар бар.Қазіргі таңда клубтың балансында мүмкіндігі шектеулі спортшыларды тасымалдауға арналған екі арнайы автокөлік бар. Мұнда параспортшылар үшін қолайлы жағдай жасалып, 15 түрлі спорт түрін дамытуға мүмкіндік қарастырылған. Атап айтқанда, отырып ойнайтын волейбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, пауэрлифтинг, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, бадминтон, шағын футбол, бочча, жүзу, голбол, қол күрес, дзюдо, грек-рим күресі сияқты спорт түрлері бойынша жаттығулар жүргізіледі.Сондай-ақ, клуб спортшылары әлемдік және республикалық деңгейде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Бүгінде мұнда 2 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 15 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 43 спорт шебері және 53 спорт шеберлігіне үміткер спортшы бар.Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мүмкіндігі шектеулі азаматтардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасау үшін жауапты басқарма басшысына бірқатар тапсырма жүктеді.- Мүмкіндігі шектеулі жандардың клубына бір клуб аздық етеді сондықтан, қосымша тағы бір ангардың құрылысын салу үшін құжаттар дайындаңыздар. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтар әртүрлі спорт түрлері бойынша әр жерде жаттығуға мәжбүр. Олардың басын қосып, барлық жағдай жасалған бірыңғай спорт орталығын құру қажет. Сондай-ақ, шетелдік мамандарды тартып, спортшылардың шеберлігін шыңдап, жаттығу сапасын көтеру керек, – деді Нұрдәулет Қилыбай.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/944211
Үш дүркін әлем чемпионы маңғыстаулық пара спортшыларды жаттықтыруда 04.03.2025
Маңғыстау облысының әкімі, өңірдегі паралимпиада федерациясының құрметті президенті Нұрдәулет Қилыбай жаңаөзендік параволейболшылармен кездесті.Спортшылар Ақтаудағы облыстық мүгедектер спорт клубында өтіп жатқан жаттығу жиынына қатысуда. Оларды облыс әкімінің ұйтқы болуымен өңірге келген Иранның белгілі бапкері, Лондон паралимпиадасының күміс жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы, төрт дүркін Азия чемпионы Ахмад Ири жаттықтырып жатыр.- Нұрдәулет Игілікұлы Иран мемлекетінің мықты бапкерін өңірге алдырып, мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жоғары кәсіби деңгейде жаттығуына қамқорлық танытуда. Бапкердің келгеніне 10 күн болды. Отырып ойнайтын волейбол спортының халықаралық деңгейдегі шебері. Өңір басшысына жасаған игі ісі үшін алғыс айтамыз, - деді параволейболдан жаттықтырушы Құралбек Сейдов.Айта кетейік, Нұрдәулет Қилыбай өткен жылы спортшылардың ұсынысымен облыстық паралимпиада федерациясының құрметті президенті болып тағайындалған еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/944828
Астанада «Бұрқасын-2025» қысқы фестивалі өтті 04.03.2025
Астанада Есіл өзенінің бойында дәстүрге айналған «Бұрқасын-2025» қысқы фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Айтулы іс-шара 2024 жылы ауа райының күрт өзгеруіне байланысты өткен жоқ. Енді биыл бұқаралық шара қайта жалғасын тауып отыр. Жалпы «Бұрқасын» мерекесі сонау 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. Алғашқыда 5 спорт түрі қамтылса, қазіргі сәтте оның саны артып, жылдан жылға спорттық дәстүр елорданың қысқы маусымының бір бөлігіне айналып келеді.Ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит қатысты.«Бұл іс-шара 24 жыл бойы Астанамыздың ажырамас бөлігіне айналып, салауатты өмір салтын насихаттау мен қысқы спорт түрлерін дамытуда ерекше орын алып келеді. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін! Қысқы спорттың қуанышын бірге бөлісейік, «Бұрқасын» фестивалі бәрімізге жарқын эмоциялар сыйласын!» - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерік Мейірханов.Қысқы спорт фестиваліне 1000-ға жуық қатысушы тіркелді.Фестиваль барысында қатысушылар 9 спорт түрі бойынша сынға түсті. Олар: шаңғы жарысы, гір тасын көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тарту, пималы хоккей, автоспорт, мотоспорт және қысқы футбол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/944335
Joltap: елорда тұрғыны арнайы курс жеке кәсібінің дамуына ерекше әсер еткенін айтты 04.03.2025
Елордада жұмыс іздеп жүргендер үшін «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері таптырмас мүмкіндік. Астаналық Кәмшат Серік «Бухгалтерия негіздері» бойынша білімін жетілдіріп, салық төлеу, жылдық есептерді қалай тапсыру керегін үйренген, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ол жоба туралы әлеуметтік желідегі чаттардың бірінен естіген.«Бұл жоба туралы WhatsApp-тағы чаттардың бірінен оқыдым. Онда кез келген мамандықты аз уақытта тегін оқытатыны туралы жазылған. Содан «Неге оқып көрмеске?» деген ой болды. Келесі күні қаладағы пунктердің біріне барып, мамандардан ақпарат алып, «Бухгалтерия негіздері» бойынша курсқа тіркелдім. Оқытушылар салық төлеу, жылдық есептерді дұрыс тапсыру секілді бағыттарды қарапайым тілде түсіндірді. Арасында барлық сауалымызға жауап беріп отырды. Бастысы теория мен практиканы ұштастырдық», - деді ол.Кейіпкеріміз курсты тәмамдаған соң өзге қатысушылар секілді сертификат алған.«Бүгінгі таңда мен туристік агенттікте қызмет етемін. Отбасылық кәсіп болғандықтан, кейбір шаруаларды қатар алып жүруге тура келеді. Мысалы, кейде есепші, әкімші қызметтерін қатар алып жүремін. Бұл жобаға қатысудағы мақсатым – өз салам бойынша қосымша білім алу», - деді Кәмшат.Ол алдағы уақытта трендтегі мамандықтар бойынша қосымша курстардан өтуді жоспарлап отыр.«Бұл – көпке пайдасы мол жоба, бастысы тегін. Сондықтан осы жоба арқылы аз уақытта кез келген мамандықты игеріп алуға болады. Ұйымдастырушыларға айтар алғысым шексіз», - деп сөзін түйіндеді ол.Айта кетейік, 18 бен 50 жас аралығындағы астаналықтар JolTap жобасына тіркеліп, цифрлық және жұмысшы мaмaндықтaрын қыcқa мерзімде тегін оқуына болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/944340
Астанада 69 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді 04.03.2025
Астанада 2022-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша 69 көпқабатты тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Сонымен қатар, осы кезеңде 55 ғимараттың лифтілері жөнделді немесе ауыстырылды.«Ортақ мүлікті күрделі жөндеу жұмыстары екі түрге бөлінеді – минималды және максималды жұмыс түрлері. Жұмыстың минималды түрі жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін және үйдегі жылу энергиясын жалпы есептегіштерді орнату арқылы тұрғын үйдің шатырын, кіреберісін және жертөлесін жөндеуді, сондай-ақ ғимараттың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, қозғалысы шектеулі жандар үшін қолжетімді ортаны құруды қамтиды.Жұмыстың максималды түрі шатырды, кіреберісті, жертөлені, қасбетті жөндеу, жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін және жалпы үйдегі жылу есептегіш құралдарын міндетті түрде орнату арқылы лифт жабдығын жөндеу (ауыстыру), тұрғын үйлердің жалпы инженерлік желілерін және өрт қауіпсіздігі жүйелерін орнату/қайта жабдықтау, сондай-ақ ғимараттың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, қолжетімді ортаны құру болып саналады», - деді «Өркен қала» ЖШС директорының орынбасары Гульвира Абетова.Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, лифтілерді мемлекеттік бюджеттік кредит есебінен жөндеуге (ауыстыруға) қатысу туралы шешімді көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жалпы жиналыста қабылдауға тиіс.Онда бағдарламаға қатысу фактісі ғана емес, сонымен қатар әр пәтерге, тұрғын емес үй-жайға жүктелген шығындар сомасы бекітілуі керек. Ол барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың алаңдарының мөлшеріне байланысты айқындалады.Сонымен қатар, жалпы жиналыста пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың иелері бюджет қаражатын қайтару мерзімін анықтауы тиіс. Ережеге сәйкес, ол 7 жылдан 15 жылға дейін болуы мүмкін. Сондай-ақ, жасырын жұмыс түрлерін қоса алғанда, жұмыстарды қабылдау кезінде шығындардың, қызмет көрсетушілер мен жауапты тұлғалардың сметасы да бар.«Астанада күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Тұрғындар аталмыш бағдарламаның операторы болып саналатын «Өркен қала» ЖШС-ге хабарласып, өтінім бере алады», - деп атап өтті Абетова.Айта кетейік, Астанада 2011 жылдан бері жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үйлерді күрделі жөндеу бойынша мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді. Жөндеуді қажет ететін кез келген көпқабатты үй осы мақсатта бюджеттік несие алуға өтініш бере алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/944696
«Ата жолы» картасы: дүние жүзіндегі этникалық қазақтар тарихи Отанына оралып, елге қызмет ету мүмкіндігін пайдаланады 04.03.2025
Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды.«Қазақтар қай жерде өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелде тұратын отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.«Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден келді.«Ата жолы» картасын енгізудің мақсаты тарихи отанымен байланысты нығайту, ұлттық дәстүрлерді сақтау, Қазақстанда олардың әлеуетін іске асыру үшін елге кәсіпқойлар мен табысты бизнесмендерді тарту болып табылады. Бұл Карта шетелде тұратын этникалық қазақтарға өз шығу елдерінің азаматтығын сақтай отырып беріледі.«Ата жолы» картасының иегерлері елге кірген кезде 10 жыл мерзімге тұруға рұқсат алады және еңбек қызметін жүзеге асыру немесе бизнес жүргізу үшін қоныстану өңірін дербес таңдайды.«Ата жолы» картасы бар этникалық қазақ басқа елдің азаматы бола отырып, Қазақстан азаматтарымен және қандастармен тең құқықтарға ие.«Ата жолы» картасының иегерлері (және олардың отбасы мүшелері) мынадай құқықтарға ие:- медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мекемелерде қызмет және әлеуметтік төлемдер алу;- ҚР Еңбек кодексіне және «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан аумағында жұмысқа орналасу;- ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және өзге де құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;- «Білім туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарында тегiн орта бiлiм алу, мемлекеттiк орта арнаулы және/немесе жоғары оқу орындарында конкурстық негiзде тегiн орта арнаулы және/немесе жоғары бiлiм алу, жеке оқу орындарында ақылы білім алу;- «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу;- азаматтық саласындағы халықаралық шарттарға және ҚР заңнамалық құқықтық актілеріне сәйкес жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алу.«Ата жолы» картасы бар адамдардың ҚР Парламенті мен мәслихаттарына сайлануға, сондай-ақ сайлауда дауыс беруге, республикалық референдумға қатысуға құқығы жоқ әрі мемлекеттік қызметке қабылданбайды.Егер «Ата жолы» картасының иесі Қазақстан азаматтығын алатын болса, онда Карта жарамсыз деп танылады.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың шілдесінен бастап шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін елге жеңіл кіру/шығу мәселесі пысықталған «Ата жолы» картасы енгізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/944395
Облыс әкімі су тасқынына дайындықты күшейтуді тапсырды 04.03.2025
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиналыс өтті. Қала және аудан әкімдері бейне режимде қатысқан отырыста су тасқынына дайындық барысы, пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару, бюджет қаражатын тиімді игеру мәселелері қаралды.Жиында облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен өңірдегі тасқын қаупі бар 9 аудандағы ахуалды бақылап қайтқан облыс әкімінің кеңесшісі, басқарма басшысы және «АMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы аймақ басшысына есеп берді.Жарма, Ақсуат, Көкпекті аудандарындағы қазіргі ахуал туралы баяндаған облыс әкімінің кеңесшісі тасқынның алғашқы легі өткенше Жарма ауданындағы Шар су қоймасына суды жинамау, Шар қаласының сыртындағы бөгетті ұзарту жөнінде ұсыныс айтты. Көкпекті ауданының Тассай ауылы және өзге де елді мекендердің тұрғындары су тасқыны жағдайында үздіксіз қатынауы үшін Қарағандыкөл айналма жолын кеңейту, Көкжайық ауылындағы су бөгетін ұзарту қажеттігін жеткізді.Бородулиха, Бесқарағай, Абай, Жарма, Ақсуат, Көкпекті, Үржар, Мақаншы, Аягөз аудандарындағы тасқынға дайындық барысымен танысқан аймақ басшысы ескертулерді назарға алып, жұмысты күшейтуді тапсырды.«Көп жылдар әкім болған, өңірдің жағдайын жетік білетін, тәжірибелі басшыларды тасқын қаупі бар, былтыр су басқан аудандарға арнайы жібердім. Ескертулері орынды. Аудан әкімдері тасқынның алдын алу, су арналары мен құбырларды қардан тазарту жұмысын қатаң бақылауға алып, тез арада аяқтаңыздар. Еріген қар суы мен даладан келетін су да назардан тыс қалмасын. Семей, Курчатов қалалары мен Абай, Аягөз аудандарының тыныс-тіршілігімен танысып, су тасқынына дайындық барысын қадағаладым. Алдағы уақытта басқа аудандарға баруды жоспарлап отырмын» деді облыс әкімі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/949757
Кезекті халықаралық әуе бағыты ашылады 04.03.2025
Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.Биылғы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық «SCAT» әуекомпаниясы Шымкент – Каир бағыты бойынша Египетке жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.Рейстер аптасына 2 рет (дүйсенбі және сәрсенбі күндері) «Boeing 737-800» және «Boeing MAX 8» типті әуе кемелерінде орындалады.Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/944519
Қарағандыда Ақсақалдар кеңесінің республикалық слеті өтті 04.03.2025
Қарағанды қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» атты Ақсақалдар кеңесінің республикалық слеті өтті.Іс-шара қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, этностарды азаматтық бірегейлік қағидаттарына сүйеніп ұйыстыру, ҚХА-ның «Адал азамат» жобасының іске асырылу барысын және ҚХА-ның 30 жылдығына арналған іс-шараларды талқылауға бағытталған.Жиынға Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ғылыми зиялы қауым өкілдері, өңірлердегі Ақсақалдар кеңесінің төрағалары, ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, жастар және басқа да қоғам қайраткерлері қатысты.Сонымен қатар аталған іс-шара барысында Ақсақалдар кеңесінің «Адал азамат – қоғам бірлігінің негізі» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті, онда әртүрлі қызмет салаларынан спикерлер сөз сөйледі, ҚХА жұмысын жетілдірудің тиімді жолдарын талқылады.Сондай-ақ профессорлар мен академиктер ұлт құрылысы тетігінің құралдарын, қазақстандық қоғам мен ұлт бірлігін нығайтудың тарихи негіздерін түсіндірді.Отырыс аясында қатысушылар өңірлік этномәдени бірлестік мүшелерімен кездесті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/944197
5 наурызда киножобалар конкурсы басталады 04.03.2025
5 наурызда отандық киноиндустрия өкілдері үшін конкурс басталады. Байқау шеңберінде ұлттық фильмдер деп тануға үміткер киножобаларға қаржылық қолдау көрсетілетін болады.Байқаудың мақсаты – халықтың дәстүрлі құндылықтарын көрсететін, ұлттық мүддеге, идеологияға сай келетін және өзекті мәселелерді көтеретін фильмдер түсіру.Бұған дейін Орталық 5 қаңтарда басым тақырыпты жариялаған болатын. Атап айтсақ, «Біздің Отан», «Қоршаған орта», «Заң мен тәртіп», «Тарихи пен тағылым», «Дос қадірі», «Әйел құқығы, бала қауіпсіздігі», «Адал азамат», «Қазіргі заманның қаһармандары», «Бірлік пен бейбітшілік» және т.б. тақырыптарды негізге алуға болады.Биыл байқау үш жанр бойынша өтеді:Ойын фильмдері – отан, отбасы, еңбекқорлық және патриотизм тақырыптарынан бастап, балаларға арналған фильмдер, қазақ ертегілерінің анимациясы және ғарыш туралы киноға дейінгі жобалар.Анимация – ұлттық құндылықтарды, достықты, намыс пен жігерді, ата-анаға құрметті насихаттайтын жобалар.Деректі фильмдер – мемлекет мерейі, ғылымдағы жетістіктер, экология, IT-технологиялар, мәдениет және көрнекті тұлғалар туралы фильмдер.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдан бастап, Қазақстанда киножобаларды іріктеудің жаңа ережелері қолданысқа енді. Осы ережелерге сәйкес конкурстық процесс екі кезең бойынша өтеді.Бірінші кезеңде сценарийлер (ойын және анимациялық фильмдер үшін) немесе сценарий жоспарлары (деректі және хроникалық фильмдер үшін) қарастырылады.Бірінші кезеңнен сәтті өткен соң, екінші кезеңде сценарий авторлары киножобалардың құжаттарын толық жинап, ұсыну керек.Үміткер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, қателерді түзетіп, толықтыру үшін 3 жұмыс күні беріледі.13 наурызда өтінімдерді қабылдау аяқталады және жобалар сараптамалық кеңеске беріледі. Конкурстық өтінімдер сараптамалық кеңеске жіберілген соң, Орталық барлық іріктеу ережелеріне сәйкес келетін үміткерлерді хабардар етеді. Кейін питчинг өтеді.Питчинг ашық форматта өтеді және Сараптама кеңесі әр категория бойынша әділ шешім шығаруға ықпал етеді. Орталық Сараптама кеңесінің қорытындысын ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.Конкурстың барлық кезеңдеріне қатысты ақпараттар орталықтың интернет-ресурсында және әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында қолжетімді болады. Бұл шаралар мемлекеттік қолдауға ие болатын киножобаларды іріктеу ашықтық өтуі үшін жасалған.Айта кетейік, жыл басында кино орталығы жанындағы Сараптамалық кеңестің құрамы жаңартылды.Министрлік сапалы, идеясы бар, мағыналы фильмдер шығаруға жағдай жасай отырып, ұлттық кинематографияны дамыту жұмыстарын жалғастырады.Толығырақ ақпаратты +7 (7172) 72 56 69 телефон нөмірі арқылы алуға болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/944737
Астанада «Гүлдер» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концерт өтеді 04.03.2025
1 наурызда Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында «Гүлдер» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концерті өтеді.Концерт бағдарламасында арнайы әзірленген эксклюзивті аспаптық-хореографиялық қойылымдар мен жаңа хореографиялық композицияның тұсаукесері, авторлық әндер, белгілі әртістермен бірлескен дуэт және классикалық өнердің жаңа интерпретациясы ұсынылады.Іс-шараға қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары, «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, «Astana musical» мемлекеттік театры, «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі, «Самға» тобы және «Гүлдер» ансамблі қатысады.Айта кетейік, «Гүлдер» ансамблі 1970 жылы құрылып, 2023 жылдың 1 наурызында топтың жаңа құрамы тұсаукесер концерт берді. Ансамбль құрылғаннан бастап Қытай, Үндістан, Германия, Жапония, Куба, Болгария, Моңғолия, Израиль, Оңтүстік-Шығыс Азия секілді елдерге гастрольдік сапармен барып, эстрадалық-музыкалық ревю бағытында концерттік бағдарламаларды көпшілікке ұсынды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз комитетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/944783
Жетім балалардың тәлімгерлері психологиялық даярлықтан өтеді 04.03.2025
Биылғы жылдың ақпан айында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тәлімгерлерін оқытуды міндеттейтін заңға қол қойылды. Оқытуды тәлімгерлік жөніндегі ұйымдар жеке қаражаты есебінен жүргізеді. 2024 жылы Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуге бағытталған тәлімгерлік институты енгізілген болатын. Аталған механизм білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін 10 жастан бастап өз бетінше өмір сүруге дайындауға мүмкіндік береді.«Тәлімгерлерді даярлау ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға сапалы қолдау мен көмек көрсетуде маңызды қадам болып табылады. Біз бұл шара балаларды әлеуметтендіруге және өз бетінше өмір сүруге дайындауға ықпал ететін тәлімгерліктің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова. Тәлімгер болуға еліміздің кәмелет жасына толған және қорғаншыларға қойылатын талаптарға сәйкес келетін азаматтары үміткер бола алады. Міндетті оқытудан өткеннен кейін тәлімгерлерге біліктілігін растайтын сертификат беріледі. Одан кейін тәлімгер, қорғаншылық және қамқоршылық органы, сондай-ақ білім беру ұйымы арасында ресми келісім жасалады. Алдағы уақытта тәлімгерлік жүйесі қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау жүйесінің маңызды бөлігіне айналады. Бұл олардың қоғамға қиындықсыз бейімделуіне және бАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/944309
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Татарстан Республикасының Раисымен кездесті 04.03.2025
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қазан қаласында Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесті. Атырау облысынан барған делегацияның жұмыс сапары аясындағы жүздесу аймақаралық әріптестікті нығайту, Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты дамытуды көздейді, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Кездесуде сөз алған Серік Шәпкенов жылы қабылдауға ризашылығын білдіріп, мұнай-химия саласындағы ықпалдастықтың маңызына баса назар аударды:“Атырау — Қазақстанның мұнайлы астанасы, ал Татарстанның бұл салада тәжірибесі мол. Сіздерде жолға қойылған технологиялар мен тәжірибелерді жоғары бағалаймыз. Бізге мұнай-химия кешенін дамытуды жеделдету қажет, бұл процесте тиімділігі дәлелденген сәтті әдіс-тәсілдерді негізге алу маңызды стратегиялық қадам болмақ. Біз озат тәжірибелерді зерделеп, оны өз өңірімізде енгізуге мүдделіміз”,- деді облыс әкімі.Тараптар экономикалық және өнеркәсіптік серіктестіктің перспективалары жайында әңгімелесіп, заманауи технологияларды енгізудегі тәжірибемен алмасты, сондай-ақ энергетика, мұнай-химия, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, IT, басқа да стратегиялық бағыттар бойынша әріпстестіктің мүмкіндіктері жайында да сөйлесті.Татарстан Раисы Рустам Минниханов біріге жұмыс жасаудың әлеуеті жоғары екенін атап өтті:“Мемлекет басшылары Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтық деңгейдегі серіктестікті белсенді қолдап келеді. Біз арадағы туыстық қарым-қатынасты бағалаймыз. Қазақстан — Татарстанның шетелдік жетекші серіктестерінің бірі”.Кездесуде индустриялық аймақты дамыту, инвестициялық тартымдылық, сондай-ақ қалалар мен ауылдарда жайлы орта құруға қатысты сұрақтарға да баса мән берілді.Атырау облысының делегациясы Татарстан Раисының бастамасымен жасалған екі күндік сапарда бірқатар өнеркәсіптік нысанда болып, мұнай-химия, IT-индустрия және білім беру мекемелерінің тынысымен танысты.Келіссөздер нәтижесінде Атырау облысының экономикалық дамуына бағытталған біріккен жобаларды іске асыру көзделген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/945559
ӘМАТ тауарлары бағасының өсу динамикасы баяулап келеді 04.03.2025
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі тиісті мемлекеттік органдар және әкімдіктермен бірлесіп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларын талқылады. Жиын барысында ҚР Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Айжан Бижанова ӘМАТ бағасының өсу динамикасы баяулай бастағанын атап өтті.Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың 18 ақпанына дейін ӘМАТ бағаларының индексі 2,6%-ға, соңғы аптада 0,4%-ға өсті, ал 2 апта бұрын бұл көрсеткіш 0,6% болған.Апта ішінде рожки (-0,2%), тауық еті (-0,1%), күріш (-0,4%), картоп (-0,4%), жұмыртқа (-0,5%) және сәбіз (-0,7%) бағаларының төмендеуі байқалды. Нан мен сүт бағасы тұрақты. Баға өсімінің төмен қарқыны Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді.Облыс әкімдіктері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл шаралар бағаны төмендетуге және халықты қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Министрдің бірінші орынбасары осы шараларды жаңа егін жинау басталғанға дейін күшейту қажеттілігін атап өтті.Жиын барысында делдалдарсыз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді тарта отырып, халық үшін ыңғайлы орындарда тұрақты жәрмеңкелер өткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясы» ҰҚ» акционерлік қоғамының қорынан күнбағыс майын қолжетімді бағамен сатып алуды ұйымдастыру жөнінде бірлескен шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, аймақтар бойынша ет өндірушілер мен ірі қара малды сойатын цехтармен тиімді өзара іс-қимыл жасау және өнім көлемдерін сауда объектілерінде әрі қарай сату алгоритмдері талқыланды. Түркістан облысы ерте пісетін қырыққабаттың келісімшарт арқылы сатып алуын ұйымдастыру үшін қырыққабат өндірушілерінің тізімін қалыптастыруға дайын екенін білдірді.Сондай-ақ сауда субъектілері арасында салық заңнамаларын сақтау мәселелері талқыланды.Айта кету керек, наурыз айының ортасынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін асырғаны үшін ескерту орнына айыппұл салынады. Бұл сауда субъектілерінің жауапкершілігін арттырып, әкімшілік тәртіпті нығайтады.Қазақстан Республикасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін Сауда және интеграция министрлігі бағаны бақылай отырып, қажетті шараларды қабылдауды жалғастыруда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/944360
ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА БИЫЛ 14 КӨШЕНІҢ ЖОЛЫ АСФАЛЬТТАЛАДЫ 04.03.2025
Оның 10-ына қиыршық тас мастикалық жабыны бар асфальт-бетон материалы қолданылады. Көшелердің жалпы ұзындығы 18 шақырым. Сонымен қатар, Бөгенбай батыр, Бекболатсай, Қостангелді ықшам аудандарындағы бірқатар көшеде де орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.Асфальттау жұмыстары жүргізілетін көшелер төмендегідей:- Алашахан даңғылы (Бейбітшілік даңғылынан Байқоңыров көшесіне дейін),- Бейбітшілік даңғылы (Ғарышкерлер бақ жолынан Деев көшесіне дейін),- Момышұлы көшесі (Сейфуллин көшесінен Бейбітшілік даңғылына дейін),- Сәтбаев көшесі (Абай көшесінен айналма жолға дейін),- Сарыарқа көшесі (Ұлытау көшесінен А-16-ға дейін),- Ұлытау көшесі (Сәтбаев көшесінен Абай көшесіне дейін),- Абай көшесі (Сарыарқа көшесінен айналма жолға дейін),- Шевченко көшесі (Аманжолов көшесінен Ғарышкерлер бақ жолына дейін),- Жанасов көшесі (Ұлытау көшесінен Байқоңыров көшесіне дейін),- Қарағанды көшесі (Байқоңыров көшесінен Ұлытау көшесіне дейін),- Желтоқсан көшесі (Абай көшесінен ЖЖЭО бағдаршамына дейін),- Садовое кольцо көшесі (Желтоқсан көшесінен Холмецкий көшесіне дейін),- Қабанбай батыр шағын ауданының орталық көшесі,- Строителей тұйық көшесі (ҰТ АБ).Бөгенбай батыр ы.а. (Шинтуринов, Заводская, Щорс, Водопроводная, Шолохов, Иманжанов, Майкутов көшелері), Қаражар және Есенберлин көшелерінде, Бекболатсай және Қостангелді ы.а. (5 көше) орташа жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарланып отыр.Қазіргі күні конкурстар жарияланды, жұмыстар сәуірдің ортасында басталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/944780