ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА БИЫЛ 14 КӨШЕНІҢ ЖОЛЫ АСФАЛЬТТАЛАДЫ

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫНДА БИЫЛ 14 КӨШЕНІҢ ЖОЛЫ АСФАЛЬТТАЛАДЫ

04.03.2025 01:13:32 110

Оның 10-ына қиыршық тас мастикалық жабыны бар асфальт-бетон материалы қолданылады. Көшелердің жалпы ұзындығы 18 шақырым. Сонымен қатар, Бөгенбай батыр, Бекболатсай, Қостангелді ықшам аудандарындағы бірқатар көшеде де орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Асфальттау жұмыстары жүргізілетін көшелер төмендегідей:
- Алашахан даңғылы (Бейбітшілік даңғылынан Байқоңыров көшесіне дейін),
- Бейбітшілік даңғылы (Ғарышкерлер бақ жолынан Деев көшесіне дейін),
- Момышұлы көшесі (Сейфуллин көшесінен Бейбітшілік даңғылына дейін),
- Сәтбаев көшесі (Абай көшесінен айналма жолға дейін),
- Сарыарқа көшесі (Ұлытау көшесінен А-16-ға дейін),
- Ұлытау көшесі (Сәтбаев көшесінен Абай көшесіне дейін),
- Абай көшесі (Сарыарқа көшесінен айналма жолға дейін),
- Шевченко көшесі (Аманжолов көшесінен Ғарышкерлер бақ жолына дейін),
- Жанасов көшесі (Ұлытау көшесінен Байқоңыров көшесіне дейін),
- Қарағанды көшесі (Байқоңыров көшесінен Ұлытау көшесіне дейін),
- Желтоқсан көшесі (Абай көшесінен ЖЖЭО бағдаршамына дейін),
- Садовое кольцо көшесі (Желтоқсан көшесінен Холмецкий көшесіне дейін),
- Қабанбай батыр шағын ауданының орталық көшесі,
- Строителей тұйық көшесі (ҰТ АБ).
Бөгенбай батыр ы.а. (Шинтуринов, Заводская, Щорс, Водопроводная, Шолохов, Иманжанов, Майкутов көшелері), Қаражар және Есенберлин көшелерінде, Бекболатсай және Қостангелді ы.а. (5 көше) орташа жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарланып отыр.
Қазіргі күні конкурстар жарияланды, жұмыстар сәуірдің ортасында басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/944780