Әлем
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 13 ЖАЙЛЫ МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН 09.02.2025
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында жалпы 29 мектептің құрылысы жоспарланған. Олардың инженерлік инфрақұрылым жүйелері 100% тартылған. Былтыр осы жоба бойынша 13 мектеп тапсырылды. 2025 жылы 16 мектептің құрылысы жүргізілуде. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде талқыланды.
– Мемлекет басшысының бастамасымен өңірімізде «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 29 мектеп бой көтерді. Бірқатары тапсырылды. Ал қазір құрылысы жалғасып жатқан қалған мектептер уақтылы тапсырылуы тиіс. Жұмыс сапасын қадағалауда ұстаңыздар. Ол білім ұяларының директорларын тағайындау, ұйымдастыру жұмыстарын да қатар жүргізіңіздер. Бұл – білім сапасын көтеру бағытында жасалып жатқан маңызды жоба, – деді Нұралхан Көшеров.
Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалқұл құрылыс жұмыстарының барысын баяндады. 2025 жылы тапсырылатын 16 мектептің 12-сінің шатыры жабылып, ішкі әрлеу, инженерлік инфрақұрылым тарту және сыртқы қасбетін қаптау жұмыстары басталған. Құрылыс жұмыстары 60% орындалған. Қалған 4 мектептің ғимаратының негізгі қаңқалары көтеріліп, шатыр жабу, сыртқы, әрлеу, ішкі сылақ, жұмыстары атқарылуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/930077
Тұтынушы құқығын білу маңызды 09.02.2025
Бәріміз де түрлі тауарлар мен қызметтерді тұтынып жатамыз. Біз – сатып алушымыз, емделушіміз, жолаушымыз, оқырманбыз, демек тұтынушымыз. Әрбір адам сауатты, өркениетті тұтынушы болу, сондай-ақ тұтынушылық құқығы мен мүддесін қорғай алу үшін қажетті білімге ие болуы керек. Өкінішке қарай, тауарларды сатып алу мен қызметтерді пайдалану барысында сапасыз тауарларға немесе сатушы мен қызмет көрсетуші тарапынан болатын жауапсыздыққа ұрынып жататын кезіміз бар. Демек, бұл тұтынушы құқығы жиі бұзылады деген сөз. Ал бізде тұтынушы құқығы қалай қорғалып жүр? Өз құқығымызды білеміз бе?Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұрғындарға дер кезінде ақпарат беріп, оларды қаржылық сауаттандыра отырып, өз құқықтарын сақтауды үйретеді. Бұл бағытта департамент мамандары түрлі шаралар ұйымдастырып отырады. Жалпы халықтың тұтынушы ретінде өз құқықтарын білгені олардың өмір сүру салтына тікелей әсер етеді. Қазіргі кезде дүние жүзі мемлекеттерінің заңдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Тұтынушылар құқығын қорғаудағы негізгі қағидаларын басшылыққа ала отырып, құқықтық сауаттылыққа шақырады. Мәселен, тауардың қауіпсіздігі, ақпарат құқығы, тауарды таңдау, өз мүддеңді жеткізе алу, негізгі қажеттілігіңді қанағаттандыра алу, шығынның орнын жабу сынды қағидаларды сақтау маңызды.Ал біздің елімізде тұтынушылардың заң бойынша тауарларды иеленуге, яғни еркін шарт жасасуға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ағарту және тұтынушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жиі айтылады. Кез келген тұрғын құқықтық сауаттылығын арттыруға, тауар туралы және сатушы жайлы ақпарат алуға құқылы. Сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіз тауарды сатып алуы және оның тиісті сапасына қарауы маңызды. Бүгінде тұтынушы тиісті де, тиісті емес сападағы тауарды айырбастап алу немесе қайтарып беру, тұтынушылардың көрсетілген қызметінің кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды толық көлемде өтеп ала алады. Сондай-ақ, сатушыдан тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сату кезінде жасалған шартты алу құқығы қарастырылған. Бұдан бөлек ұтыс түрінде берілген тауардың сапасы бойынша ойындардың ұйымдастырушысына кінә қоюға, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға, моральдық зиянды өтеуде заң тұрғысынан қорғалған. Қазақстанда тұратын азамат Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалған және өз құқығын дәлелдей алады.Егер тұтынушы ретінде құқығыңыз бұзылған жағдайда Түркістан қаласы, Жаңа қала шағынауданы, 32-көше, 16-ғимарат, А-блок, 4-қабат, 427-бөлме, Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне аласыз.Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/930170
ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ 09.02.2025
Ақмола облысына қарасты Щучинск қаласы, Бурабай курортында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен ХХ «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсы өтті. Оған өңірлерден 2-7 сынып оқушылары қатысты.Республикалық сайыста Түркістан облысы, Ордабасы ауданының екі оқушысы Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Нақтырақ айтқанда, Қараспан ауыл округіндегі Б.Оңтаев атындағы жалпы білім беру мектебінің оқушысы Дінмұхаммед Қаныбек Амина Абдрасилованың жетекшілігімен «Қараспанның болашағы – ертегі» жобасын және Шұбарсу ауыл округіндегі «Зерде» жалпы білім беру мектебінің оқушысы Кәусар Әбубәкір Бауыржан Сейітқұловтың жеткшілігімен «Қазақстандағы экологиялық туризм: Қорықтар мен ұлттық парктердің туристік әлеуетін арттыру» жобасын қорғап, үздіктер қатарынан көрінді.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/930172
ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДАҒЫ ТАҒЫ БІР АУЫЛ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ 09.02.2025
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірдегі елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр.Бүгін Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округіне қарасты Көктөбе елді мекеніне газ нысанының құрылысы аяқталып, іске қосылды.Тұрғындардың қуанышын бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков арнайы барып, тұрғындарды құттықтады. Салтанатты шарада ауыл ақсақалдары мен халық қалаулылары көгілдір отынның алауын жағып, ізгі ниеттерін білдірді.«Ақбастау-К» ЖШС құрылыс жұмыстарын 2023 жылы бастаған. Жалпы ұзындығы 19,344 шақырымды құрайтын құбыр арқылы 300-ге жуық абонетке газ жеткізілді.Айта кетейік, Ордабасы ауданы бойынша 57 елді мекеннің 61,4 %-ы табиғи газбен қамтылып отыр. Қазіргі уақытта Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамту жұмыстары 4 кезеңмен іске асырылуда. Биыл 4 нысанда құрылыс жұмыстарын аяқтау көзделген.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/930177
ТҮРКІСТАН: МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЗЕРДЕЛЕНДІ 09.02.2025
Түркістан облысында статистикалық есеп пен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқор базасын сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ветеринариялық іс-шаралар жүргізу барысында анықталған бірдейленбеген 14 мыңнан астам мал басы бойынша дерекқор базаға енгізіліп, есепке алынды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровке ветеринария саласының цифрландырылуы және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру шаралары, саланың өзекті мәселелері баяндалды.
Түркістан облысы ветеринария басқармасының басшысы Ғани Құрманбайдың мәлімдеуінше, ҚР Үкіметі тарапынан ветеринария жүйесін реформалау жүргізілуде. Қазіргі кезде ветеринария саласы бойынша 5 база бойынша цифрлық форматта жұмыс істеледі.
Облыста жұмыс тобы құрылып, олар аудан, қалаларда ауыл шаруашылығы кешенін, жер, ветеринария, ауыл шаруашығы субсидиясы және шаруашылық жүргізуші азаматтардың салық төлеуге қатысты мәліметтерін 4 бағыт бойынша зерделеген болатын. Нәтижесінде салықтан жалтару, мал басын дұрыс көрсетпеу, жерді тиімді пайдаланбау деректері жиі тіркелген. Мал басы бойынша ресми статистика мен зерделеу барысында үлкен айырмашылықтар байқалған.
Облыс әкіміге осы мәселелерді ретке келтіруге арналған инновациялық мобильді қосымша мен веб-портал таныстырылды. Ветеринария саласындағы мәселелерді тез, әрі тиімді шешетін, жұмыс барысын автоматтандыратын, шаруаға, ветеринарларға және жергілікті әкімшілік органдарға ыңғайлылықты арттыратын жоба жан-жақты талқыланды.
Түркістан облысының әкімі жауапты басшыларға ветеринария, ауыл шаруашылығы саласындағы түйткілдерді тарқату жөнінде нақты тапсырмалар берді. Пилоттық жобанының тиімділігін егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/930179
Вице-министр Ербол Тасжүреков Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді 09.02.2025
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков жұмыс сапары аясында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Ол агроөнеркәсіптік кешен саласында іске асырылып жатқан жобалармен танысты.Атап айтқанда, вице-министр 2024 жылдың қазанында 460 бас аналық бас малдан тұратын СТФ кеңейту жобасы аяқталған «Украинка» шаруа қожалығын аралады.Жоба ірі инвестициялық жобаларды несиелеу бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Қожалықтың иелігінде 651 мың га ауыл шаруашылығы жері, 1270-тен астам ірі қара мал мен жылқы, сондай-ақ барлық қажетті арнайы техника бар.«Біз Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасын жалғастырамыз. Өткен жылы 268,2 мың тонна сүт өндіретін 39 сүт-тауарлы ферма іске қосылды. 2025 жылы бұл бағдарламаға 200 млрд теңге бөлініп, 141 инвестициялық жоба қаржыландырылады. Шығыс Қазақстан облысына 8 млрд теңге бөлініп, 6 жоба жүзеге асырылады», – деді Ербол Тасжүреков.Украинка ауылының тұрғындарымен кездесуде вице-министр олардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуге қатысушыларды субсидиялау, «Ауыл аманаты» бағдарламасы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және өңдеу саласының дамуы қызықтырды.«Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру міндетін қойды. Бұл мақсатқа жету үшін еңбек өнімділігін арттыру қажет. Ол үшін агротехнологияларды енгізу, тыңайтқыштарды қолдану, сапалы тұқым пайдалану, техниканы жаңарту, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту керек. Биыл көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға 700 млрд теңге бөлінеді. Қаражат бөлу 2024 жылдың 29 қарашасында басталып, бүгінге дейін 819 тауар өндірушіге 120,1 млрд теңге бөлінді», – деп мәлімдеді Ербол Тасжүреков.Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін жылына 8-10%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес, 200 млрд теңге жеңілдетілген лизингке бөлінеді. Бұл 5 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға мүмкіндік береді.Вице-министр агротехнологияларды енгізу және өнімділікті арттырудың маңыздылығын атап өтіп, Президенттің тапсырмасы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін екі есе арттыру қажеттігін айтты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/929891
2024 жылы өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 121,1% құрады 09.02.2025
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша өсімдік шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 2024 жылы 121,1% құрады. Нақты көлем индексінің ұлғаюы есепті кезеңде дәнді және бұршақ дақылдарының жалпы жиналуының өсуіне байланысты.Көкөністер мен бақша, тамыр және түйнек дақылдарының ауданы 372,1 мың гектарды (98,6% 2023 жылға) құрады, оның ішінде ашық топырақтағы көкөністер – 126,1 мың гектар (80,9%), картоп – 122,6 мың гектар (129,5%), мақта – 106,4 мың гектар (91,3%).16 551,8 мың гектар (99,4%) алқапта дәнді (күрішті қоса алғанда) және бұршақ дақылдары, 2 735,1 мың гектар (110,6%) майлы дақылдар, 120,2 мың гектар картоп (129,3%) жиналды.Дәнді (күрішті қоса алғанда) және бұршақ дақылдарының жалпы өнімі 2023 жылмен салыстырғанда 47,4%-ға артып, 25 204,8 мың тоннаны құрады. Майлы дақылдардың жалпы өнімі 52,8%-ға артып, 3 337,6 мың тоннаны құрады.Көкөністер мен бақша дақылдарының, тамыр және түйнек дақылдарының жалпы өнімі 4,2%-ға артып, 10 246,8 мың тоннаны құрады. Картоптың өнімділігі 28,7%-ға, яғни 2 634,6 мың тоннаға өсті.2023 жылғы деңгеймен салыстырғанда дәнді (күрішті қоса алғанда) және бұршақ дақылдарының өнімділігі 47,6%-ға артып, 15,2 ц/га құрады, ал көкөністер мен бақша дақылдарының, тамыр және түйнек дақылдарының өнімділігі 4,6%-ға артып, 272,5 ц / га құрады. Сондай-ақ, жыл ашық көкөністер (өсу 4,5%) және қант қызылшасы (33,9%) үшін жемісті болды.Осылайша, 2024 жыл ауылшаруашылық өндірісі үшін сәтті болды, бұл егістік алқаптарында да, жалпы өнім жинауда да өсумен расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/929980
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жамбыл облысының халқымен кездесу өткізеді 09.02.2025
2025 жылғы 4 ақпанында орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Жамбыл облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесу өткізеді.Күн тәртібінде – өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты қабылданған шаралар.Кездесу сағат 12.00-де Тараз қаласы, Абай даңғылы, 119 мекенжайы бойынша Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы басқармасында өтеді.БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.Толық ақпарат үшін телефон: +7 775 837 8519 – Әсия Нұрпейісова.Өңірдің АӨК-ін дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстарды dossov.t@minagri.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/930056
Өңірлерде қазақ киносының күндері басталды 09.02.2025
Қазақстанның өңірлерінде қазақ киносының күндері басталды.Аталған іс-шара аясында көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген фильмдермен таныса алады.Кино көрсетілімдері Қарағанды қаласынан басталды. Алдағы уақытта басқа да қалалар мен ауылдық елді мекендерді қамтиды.Бастаманың мақсаты – қазақстандық кинематографты насихаттау және кең аудиторияға отандық режиссерлердің туындыларын тамашалау мүмкіндігін ұсыну. Әсіресе, ауыл тұрғындарының қатысуына ерекше назар аударылды. Осылайша, оларға қазіргі қазақ киносының үздік шығармаларын көруге мүмкіндік берілді.Бағдарламада еліміздің мәдени ерекшеліктері мен өзекті мәселелерін арқау еткен әртүрлі жанрдағы фильмдер ұсынылады. Олардың қатарында «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан», «Операция Набат», «Время патриотов» және басқа да картиналар бар.Әр фильмнің өзіндік терең мағынасы бар және түрлі жастағы көрермендерге арналған. Сондай-ақ, кішкентай көрермендер үшін «Тайқазан» анимациялық фильмі көрсетіледі.Айта кетейік, биыл оннан астам жаңа отандық фильмнің шығуы жоспарланған. Бұл сөзсіз, қазақстандық кино өнерінің жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық.Толық ақпаратпен Кино орталығының ресми сайтынан танысуға болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/929620
ДЕНСАУЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ: ҚАЗАҚСТАНДА «ӘР ТАМШЫ ҚАНДА ӨМІР» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ 09.02.2025
15 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік балалар ісік ауруына қарсы күрес күні аясында Денсаулық сақтау министрлігі «Әсел Байсейітова» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Әр тамшы қанда» ізгі ниет акциясын жариялады.3 ақпаннан 27 ақпанға дейін жалғасатын акцияның мақсаты - Қазақстан Республикасындағы халықты, медицина саласының дамуы туралы ақпараттандыру Гемопоэтикалық дің жасушаларының (ГСК) донорларының ұлттық тізілімін толықтыруға назар аудару.Акция аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және еліміздің барлық облыстарының денсаулық сақтау басқармалары қызметкерлерінің қатысуымен жергілікті деңгейде «Сүйек кемігінің донорлығы» тақырыбында дәрістер оқылып, донорлардан қан тапсырылады.5 Дүниежүзілік балалар ісікке қарсы күрес күнін атап өтеді. Бұл күн халық пен медицина қауымының уақтылы диагностика мен емдеу қажеттілігі, сондай-ақ балалар онкологиясының жетістіктері мен проблемалары туралы хабардарлығын арттыру мақсатында белгіленді. Бұл күн сондай-ақ осы ауыр дертке қарсы күресте медицина қызметкерлерінің, қоғамдық және қайырымдылық қорларының күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын еске салады.Жыл сайын Қазақстанда 600 балада қатерлі ісік алғаш рет анықталады. Заманауи емдеу әдістерін қолдану қатерлі ісікке шалдыққан балалардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.Балалардағы қатерлі ісіктерді емдеудің тиімді әдістерінің бірі гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау болып табылады. Науқасқа трансплантация қажет болғанда, бірінші кезекте туыстарының арасынан донор іздеу керек.Бірақ қолайлы генотипі бар адамды табу мүмкіндігі 10 000 жағдайдан тек 1-де ғана. Сондықтан сүйек кемігі донорлығын дамыту ісікпен ауыратын балаларды емдеу үшін үлкен маңызға ие.Әрбір қан донорлығы онкогематологиясы бар жас пациенттер үшін құтқарушы бола алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/929799
Армия спортшысы Ангелина Лукас Мәскеудегі IBA турнирінде жеңімпаз атанды 09.02.2025
Қазақстан Қарулы күштерінің қызметкері Ангелина Лукас «IBA чемпиондар түн» турнирінде өнер көрсетті.
Турнир Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) қолдауымен Ресей астанасында өтті.
Сегіз раундтық жекпе-жекте Ангелина Лукас үшінші раундтан кейін нигериялық Айисат Ориомидан басым түсті.
Қазақстандық спортшының кәсіби рингтегі есебінде 12 жеңіс болса, ал Айисат Орийомидың бұл алғашқы жеңілісі екенін айта кету керек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/930212
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша есептелген қаражатты eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасынан тексеруге болады 09.02.2025
Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен заңды өкілдері eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты тексере алады.
Ата-аналар мен заңды өкілдер есептелген қаражатты бірнеше тәсілмен тексере алады: eGov.kz электрондық үкімет порталының Жеке кабинетінде орналасқан «Цифрлық құжаттар» бөлімінде, eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі және kids.enpf.kz сайты арқылы.
Егер қосымшада немесе порталда бала туралы деректер жоқ болса немесе қате көрсетілсе, алаңдаудың қажеті жоқ – бұл БЖЗҚ-да нысаналы талаптардың есептелуіне әсер етпейді. Пайдаланушы eGov Mobile қосымшасындағы «Балалар туралы мәліметтерді өзектендіру» сервисі арқылы бөлімді жаңартып, қажетті деректерді енгізе алады. Өзгерістерді енгізу 2–5 жұмыс күнін алады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Балалар туралы деректердегі қателерді қалай түзетуге болады?
Егер бала туралы мәліметтер қате көрсетілсе, тиісті цифрлық құжатты ашып, жоғарғы оң жақтағы үш нүктені басу керек. «Қате туралы хабарлау» батырмасын таңдап, «Балалар туралы мәліметтерді өзектендіру» сервисіндегі форманы толтыру қажет. Сондай-ақ, туу туралы куәлікті тіркеп, өтінім жіберу керек. Сұрау 2–5 жұмыс күні ішінде қаралады.
Ұлттық қордан есептелген қаражат туралы ақпаратты алу үшін бала туралы деректерді қалай қосуға болады?
Егер қосымшада бала туралы ақпарат жоқ болса, бұл нысаналы талаптардың есептелуіне әсер етпейді. Деректерді қосу үшін «Цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, «Отбасы» бөлімін таңдау қажет. «Баланы қосу» батырмасын басып, форманы толтырып, туу туралы куәлікті тіркеу керек. Өтінім 2–5 жұмыс күні ішінде қаралады.
eGov.kz порталындағы жеке кабинеттен балалар туралы мәліметтер жоғалып кетсе, не істеу керек?
Актуалды мәліметтерді алу үшін eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану ұсынылады. Қосымшада өзекті ақпарат көрсетіледі.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/929772
Қарағандыда наурыз айында жол кептелістерімен күресу үшін «ақылды бағдаршамдар» толығымен іске қосылады 09.02.2025
Қарағандыда наурыз айында бағдаршамдарды жасанды интеллект толығымен басқаратын болады. Бұл жол кептелістерімен күресуге және трафикті жақсартуға көмектеседі.
Жүйені енгізу барысы туралы қала әкімі Мейрам Қожухов облыс әкімдігінің аппарат отырысында баяндады.
– Наурызда «Ақылды бағдаршам» жүйесін енгізуді толығымен аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда барлық қажетті жабдықтар келіп жетті. Қазір оны монтаждау және барлық бағдаршамдарды жасанды интеллектпен үйлестіру жүріп жатыр, – деп хабарлады Мейрам Қожухов.
Жаңа жүйе көлік ағынының қарқындылығын ескере отырып, қиылыстардағы қозғалысты реттейтін болады. Автокөлік иелері жол жүру уақытын қысқарта алады. «Ақылды бағдаршамдар» бірнеше режимде жұмыс істейді: бейімделген және «жасыл толқын».
Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жұмысты жеделдетуді тапсырды.
Мейрам Қожухов сондай-ақ 34 жаңа бағдаршам мен 10 сфералық айнаны орнату жоспары туралы хабарлады. Бұдан басқа, бағдаршамдар үшін үздіксіз қуаттандыру көздері орнатылады.
Қарағандыда жасанды интеллект көмегімен жолдағы шұңқырларды да анықтамақшы. Пилоттық режимде жол жабынын сараптау жүйесінің жобасы іске асырылуда.
– Команда бағдарламаның өзегін әзірледі. Қазір бейне ағын жедел жәрдем көліктерінен және жобаға қатысушылардың көліктерінен жиналады. Алынған ақпарат картада көрсетіледі. Жоба бойынша гипотезаны тексеруге жеке инвестиция саламын деушілер де табылды, – деді ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер және мұрағаттар басқармасының басшысы Константин Ильницкий.
Компьютерлік көруге негізделген технология коммуналдық қызметтерге жолдарды нақты уақыт режимінде бақылауға көмектеседі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/929771
Қарағанды облысында жолдарда қар көшкінінің алдын алу үшін шаралар қолданылуда 09.02.2025
Қарағанды облысында жаңа үлгідегі қар ұстайтын қоршаулар орнатылады. Ал қар басып қалған учаскелердің бірінде тосқауылды металл торстармен алмастыру туралы шешім қабылданды.Қар жиналуының алдын алу шаралары туралы аппараттық кеңесте жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Мұқашев айтып берді.– Қар көшкіні мен мұздақтың пайда болуын болдырмау үшін биыл ұзындығы 3 км Нұра – Осакаровка, ұзындығы 2 км «Шахтинск-Сәрепті» және ұзындығы 400 м «Сарыарқа» әуежайына кіреберіс автожолдарының учаскелерінде композитті қар ұстайтын қоршаулар орнату жоспарлануда, – деп хабарлады ол.Осакаровка – Молодежное автожолының асуында тосқауылдарды металл арқандармен алмастыру көзделген. Бұл жолдың жүру бөлігіндегі қардың желмен тез ұшып кетуіне мүмкіндік береді.Мақсат Мұқашев осы жылғы жол жұмыстары туралы баяндады.Нұра – Осакаровка, Жартас – Долинка, Үштөбе – Құрылыс жол учаскелерін қайта жаңартуды аяқтау жоспарлануда. Саран – Шахтинск автожолын күрделі жөндеу жалғасады.Дубовка ауылынан Саран қаласына дейінгі облыстық маңызы бар 6 км автожолды, сондай-ақ Шахан – Жаңаталап автожолының 5 км қайта жаңарту бойынша жобалық құжаттама әзірленді. Жобаларды іске асыру осы жылға жоспарланған.Облыстық маңызы бар 72 км автомобиль жолы орташа жөндеумен қамтылатын болады.Теміртау – Токаревка автожолындағы Нұра өзені арқылы өтетін көпірді қайта жаңарту жалғасуда. Су тасқыны кезеңіне дейін жұмысты жеделдету қажет. Сондай-ақ, Саран – Шахтинск автожолындағы Шерубай-Нұра өзені арқылы өтетін көпір қайта жөнделуде. Қарағанды – Шахтинск автожолындағы екі көпірді реконструкциялауға ЖСҚ әзірленуде.«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы бойынша биыл облыстың барлық жеті ауданының 24 елді мекенінде ішкі кенттік жолдар ретке келтіріледі.Республикалық маңызы бар жолдарға қатысты Қарағанды – Балқаш жолын жайластыру жалғасады. Балқаш – Бурылбайтал автожолында ұзындығы 91 км болатын екі учаскенің құрылысы аяқталды, биыл Тасаралдан Сарышағанға дейінгі үшінші учаскеде асфальттың жоғарғы қабатын төсеу жалғасады. Қарағанды – Қарқаралы автожолын жөндеуді толығымен аяқтау жоспарланып отыр, бұл жолдың 85 шақырымын ретке келтіру қалды.Бұдан басқа, Қарағанды – Павлодар автожолын орташа жөндеу жалғасады.Барлық жобаларды бақылау Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызметшілер үшін біліктілігін арттыру үшін Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтында оқытуды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Курстарға ТКШ, көлік саласына жетекшілік ететін мамандар жіберіледі.Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жол жұмыстарын уақытылы қамтамасыз етуді тапсырды. Жол-құрылыс материалдарының сапасына ерекше назар аудару қажет екенін еске салды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/929779
Биыл Қарағанды облысының қалалары мен ауылдарында таза ауыз су мәселесі толығымен шешілуі тиіс 09.02.2025
Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде орталықтандырылған сумен қамту 97,9% құрайды. Қалаларда бұл көрсеткіш жоғары. Биылғы мақсат – 100 пайызға жету.Аппарат отырысында атқарылуы тиіс істерді Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Дастан Ермекбаев баяндады.– Мемлекет басшысының орталықтандырылған сумен жабдықтауға 100 пайыз қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында биылғы жылы ауқымды жұмыстар атқарылады. Қалалардағы сегіз жобаға қаржы бөлінді. Қарағанды, Саран, Балқаш және Шахтинск қалаларында 53,5 шақырым желіні салу және қайта жаңғырту жоспарлануда. Ауылдық жерлерде 7 жоба жүзеге асырылады, 27,6 шақырым су құбыры желісін салу жоспарлануда, - деді Дастан Ермекбаев.Тұрғындары аз 32 ауылға суды тазартуға арналған кешенді блок-модульдер орнатылады. Бұл ауылдардың басым бөлігі Қарқаралы және Ақтоғай аудандарында.– Биылғы жылдың соңына дейін облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етуге міндеттендік. Бұл мәселе ерекше назар аударуды қажет етеді және тұрақты бақылауда қалады. Алда су құбыры желілерін салу және қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар күтіп тұр, деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/929827
ЕҰУ ғалымдары атмосфераға зиянды шығарындыларды азайтатын сүзгілер жасайды 09.02.2025
ЕҰУ ғалымдары атмосфераға зиянды шығарындыларды азайтатын сүзгілерді жасауда ЕҰУ инженерлік зертханасының қызметкерлері атмосфераға көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға көмектесетін сүзгілерді жасаумен айналысуда. Сүзгілерді электр станциялары мен зауыттардағы шығарындыларды бақылау үшін пайдалануға болады, бұл көміртегі ізін азайтады және қоршаған ортаны жақсартады.Зерттеуді МАГАТЭ қаржыландырады.«Жобаның мақсаты – көмірқышқыл газын ұстау тиімділігін арттыру үшін Қазақстанда шығарылатын жолдық мембраналарды (сүзгілерді) металл-органикалық қаңқа қосылыстарымен біріктіруге мүмкіндік беретін инновациялық технологияны әзірлеу. Біз металл-органикалық қаңқа қосылыстарын ұстап тұратын және олардың қасиеттерін жақсартатын жол мембраналарының арналарының бетінде және ішінде арнайы қабаттар жасау үстіндеміз. 2024 жылдың соңында МАГАТЭ жобаны 5 жылға қаржыландыруды мақұлдады.Мәлім болғандай, Қазақстан Париж келісіміне қосыла отырып, парниктік газдар шығарындыларын азайту және инновациялық экологиялық технологияларды енгізу бойынша өз міндеттемелерін орындау бойынша белсенді шаралар қабылдауда, бұл жоба да Париж келісімін сақтауға өз үлесін қосуда», - деп атап өтті ЕҰУ-дің докторы Илья Королков . Студенттік шағынан 16 жылдай ғылыммен айналысқан. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/929879
Генетика және физиология институтының ғалымдары қазақтың төбет тұқымды иттерінің шығу тегін зерттеді 09.02.2025
Генетика және физиология институтының ғалымдары қазақтың төбет тұқымды иттерінің шығу тегін зерттеді2024 жылғы 4 қазанда әлемдегі ең көп сілтемелер жасалған бес ғылыми журналының қатарына кіретін «SCIENTIFIC REPORTS» журналында қазақстандық ғалымдардың «Қазақтың төбет тұқымының генетикалық әртүрлілігі және шығу тегі» атты мақаласы жарияланды.Зерттеулер ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетіне қарасты Генетика және физиология институтында жүргізілді. Ғалымдар өздеріне үш негізгі бағытты анықтап алды: тұқымның әртүрлілігі, шығу тегі және көнелігі.Қазақ төбеті – қазақтың ұлттық тұқымды иттері, олар ежелден үй жануарларын қорғауға пайдаланылған. 2023 жылғы 20 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ ит тұқымдарын сақтау және көбейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Осыған орай, Президент былай деп атап өтті: «Біз тазы және төбет тұқымдарын халықаралық аренада насихаттауға тиіспіз».Генетикалық зерттеу осы тұқым туралы таңғажайып фактілерді ашты. Ғалымдар Қазақстан мен Моңғолияның түрлі өңірлерінен 107 итті зерттеп, ДНҚ-ның тізбегіндегі қысқа тандемді қайталауларды (STR) талдаумен жұмыс істеді. Сонымен қатар олар екі төбет иттің толық геномдық секвенирлеу деректерін пайдаланып, оларды басқа 24 жұмысшы ит тұқымының геномдарымен салыстырды.Зерттеуші топ: Анастасия Перфильева, Кира Беспалова, Елена Кузовлева, Рустам Мусабаев, Мамура Бегманова, Альмира Амиргалиева, Ольга Вишнякова, Инна Назаренко, Әсел Жақсылықова, Арайлым Ержан, Юлия Перфильева, Татьяна Джембаева, Анна Хамчукова, Константин Плахов, Айбын Төреханов, Лейла Жансүгірова, Гүлнұр Жунусова, Бахытжан Бекманов.Зерттеу нәтижелері төбеттің жеті түрлі генетикалық кластерден тұратынын көрсетті, бұл тұқымның бай әрі күрделі мұрасын білдіреді. Тұқымның ежелден ұсақ малмен бірге көшіп-қонып жүргендіктен, оның біртекті болмауы мен шектелмеуі қиынға соқты. Сонымен қатар осындай генетикалық әртүрлілік тұқымға басқа тұқымдардан қанның үздіксіз құйылып отырғандығын көрсетеді.Ерекше қызықты жайт, ғалымдар төбет тұқымының тибет мастифтерімен туыстығы туралы әлі күнге дейін кең таралған гипотезаны жоққа шығарды. Филогенетикалық талдау осы тұқымның түрік ақбасына жақын екенін, ортаазиялық төбетпен туыстығын және тибет мастифінен кем емес ежелгі екенін көрсетті. Мұны митохондрия ДНҚ-ның тізбегін талдау да растады. Екі төбет итінде A18 гаплотипі анықталып, ол ең көне жеті гаплотиптің қатарына кіреді.Зерттеу нәтижелері тек көне тұқымның құпияларын ашып қана қоймай, оны сақтау мен жақсарту үшін алғашқы ғылыми негізді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/930122
Қорғаныс министрлігі Digital Almaty 2025 көрмесінде инновациялық шешімдерді ұсынды 09.02.2025
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Алматыда «Өнеркәсіптік АИ: жаңа дәуірдің технологиялары» ұранымен басталған VII халықаралық Digital Almaty 2025 форумында қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы заманауи цифрлық бастамаларды таныстырды .Форумда ұсынылған негізгі жобалардың бірі әскери есепке алуды автоматтандыруға арналған «Әскери міндетті 2.0» жүйесі болды. Бұл әскерге шақырылушылармен жұмыстың ашықтығын арттыруға, жұмылдыру дайындығын оңтайландыруға және азаматтардың қажетті ақпаратқа қолжетімділігін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Жүйе деректерді автоматты түрде талдайды, әскерге шақырылғандардың санаттарын анықтайды, SMS-хабарламалар жібереді және әскерге шақырылғандарды қандай әскер түрлеріне жіберуге болатынын ұсынады.— Өткен жылдардан айырмашылығы, Digital Almaty 2025 жасанды интеллектті қолданатын шешімдерге арнайы бағытталған. Осыған байланысты біздің баяндамамыз да, ұсынылған стенд те қорғаныс саласындағы цифрлық инновацияларға арналған. Жасанды интеллект қазірдің өзінде әскерге шақыру науқаны мен үгіт-насихат жұмыстары аясында ғана емес, сонымен қатар әскери қызметкерлердің күнделікті өмірін цифрлық түрлендіруде белсенді түрде қолданылуда. Бұл бірқатар тапсырмаларды орындауды жеңілдете отырып, күнделікті процестерді автоматтандыруға көмектеседі, деп атап өтті Дархан Ахмедиев.Қорғаныс өнеркәсібіне озық технологияларды енгізуге бағытталған қорғаныс технологиясын дамытуға ерекше назар аударылады. Оған хакатондар, дөңгелек үстелдер, стратегиялық сессиялар және акселерация бағдарламалары кіреді. 2023 жылы Astana Hub-да Defence Tech кеңсесі ашылды, ал жақын арада Алматыда Офицерлер үйінде өкілдік ашылады деп жоспарлануда, бұл қорғаныс саласындағы инновацияларға технологиялық компанияларды белсендірек тартуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар форумда Даму институтының, Қару-жарақ саласындағы инновацияларды дамыту және Қазақстандағы технологияларды енгізуге қолдау көрсететін Қорғаныс Технологиялық орталығының стенді Қорғаныс секторындағы цифрлық шешімдерді дамыту Қорғаныс министрлігінің жаңа цифрлық дәуірде еліміздің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін озық технологияларды енгізуге ұмтылысын көрсетеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/929448
Сергеев су торабында жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда 09.02.2025
Бүгін СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Сергеев су торабында болып, су тасқыны кезеңіне дайындық туралы тиісті ведомстволардың баяндамаларын тыңдады. Былтырғы қатты су тасқынына байланысты су торабында жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Биыл да жағалауды нығайту және судың шайып кетуінен қорғау үшін тас және бетон төсеу жұмыстары жалғасады. Сонымен қатар, су торабында тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.Петропавл мен Қызылжар ауданында 8 қорғаныс бөгеті күшейтіліп, биіктігі 7 метрге дейін көтерілді. Барлық есептеулер өткен жылғы қатты су тасқындарының ең жоғары деңгейлері ескеріле отырып жасалды. Бірінші көтергіш сорғы станциясын қайта жаңғырту аяқталуда. Жалпы, 109 іс-шарадан тұратын инженерлік жоспарды жүзеге асыру аясында елді мекендерді тасқыннан қорғау үшін барлық қажетті шаралар қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/929616
СҚО-да ауыл тұрғындарына арналған хоккей корты ашылды 09.02.2025
Бүгін Есіл ауданының Петровка ауылында нағыз спорт мерекесі өтті — мұнда СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен жаңа жабық хоккей корты ашылды. Жаңа нысан бұқаралық спорттың дамыту орталығы болмақ, ауыл тұрғындары мен балаларға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Спорттық кешеннің арқасында болашақта мұнда жаңа жұлдыздар мен чемпиондар шықпақ.Ауыл спортын дамыту — мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Былтыр облыста 37 спорт нысаны салынса, оның 28-і ауылдық жерде. Олар - спорткешендер, хоккей корттары және мини-футбол алаңдары. "Биыл инфрақұрылымды одан әрі дамытамыз: жаңа спорт кешені, бассейн, хоккей алаңы ашылып, «Қарасай» стадионын жаңғырту аяқталады. Петропавлда мұз сарайының құрылысы басталды. Сонымен қатар, жабық футбол манежі бар футбол академиясы салынбақ. Біз әрбір тұрғынның спортпен шұғылданып, белсенді өмір салтын ұстанып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуі үшін жағдай жасауды жалғастырамыз", - деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/929641