Enbekshi QazaQ

Әлем

Абай өңірінде Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған іс-шаралар басталды 01.02.2025
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.Биыл ойшыл ақынның мерейтойымен қатар хакім мұрасын кең көлемде насихаттап, айшықты тұлғасын танытып келе жатқан қара шаңырақ – Абай музейінің 85 жылдық мерейтойы да қатар аталып өтпек.Іс-шара аясында «Абай әлемдік ойдың алыбы» және «Абай бейнелеу өнерінде» тақырыптарындағы көрмелердің тұсауы кесілді.Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері қатысты.Сондай-ақ, іс-шараға жиналған көпшілік Абай атындағы музыкалы-драма театрының «Жаза-Наза» трагедиясынан үзіндіні тамашалады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/927122
Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады 01.02.2025
Еліміздің мектептерінде 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. 1-сыныпта білім алушыларға 2025 жылғы 10-16 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/926580
Ақтөбелік оқушы АЭС-тың шағын макетін құрастырды 01.02.2025
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі дарынды оқушылар мен ұстаздардың өнертабыстарын, жетістіктерін, сондай-ақ мектеп өміріндегі қызықты оқиғалар жөнінде «100 жаңа есім – 100 новых лиц» айдарын ашты. Алғашқы кейіпкеріміз – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Әлімбетов ауылының 4-сыныбының талантты оқушысы Нұрталап Бақытжанов.Жас өнертапқыш энергия өндіруге арналған бірегей жоба әзірледі. Оның жұмысы атом электр станцияларының (АЭС) электр энергиясын өндірудегі тиімділігін зерттеуге бағытталған. Нұрталап құрастырған макет суды қайнатып, 2-2,5 атмосфералық қысымда бу энергиясын алады. Бұл энергия турбина арқылы механикалық энергияға, одан әрі электр энергиясына айналады. Макет реактор, бу турбинасы, генератор, энергия тарату құбырлары, градирня, суыту бассейні секілді нақты құрамдас бөліктерден тұрады. «Мен АЭС құрылысын зерттеп, электр энергиясын тиімді өндірудің жолдарын іздеуді мақсат еттім. Әлемдегі АЭС-тің жұмыс принциптері мен құрылымына талдау жасап, шағын макет жасау үшін физика мен космос саласындағы деректерді зерттедім», – дейді Нұрталап. Нұрталап - «Зерде» ғылыми жобалар байқауының тұрақты қатысушысы. Ол екі жыл қатарынан осы байқаудың облыстық кезеңінде І дәрежелі диплом иеленген.Сондай-ақ ол республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасында І дәрежелі дипломмен марапатталған, республикалық «Бастау» математика олимпиадасында үшінші орын және аудандық «Алтын сақа» математика байқауында бірінші орын алған. Жас өнертапқыш инженер болуды және әртүрлі энергия көздерінде жұмыс істейтін құрылғы жасауды армандайды. #100жаңаесім100новыхлиц#Оқуағартуминистрлігі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/926827
Елордалық колледжде маман даярлаудың заманауи тәсілдері талқыланды 01.02.2025
Астана қаласының Сервис және туризм колледжінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың заманауи тәсілдері» атты ауқымды іс-шара өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асқан ғылыми-тәжірибелік конференцияға қала колледждерінен 200-ден астам оқытушы қатысты.Сондай-ақ аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Таlап» КЕАҚ, Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының, кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары атсалысты.«Ауқымды конференция қатысушылары жұмысшы кадрлар даярлау тәжірибесі және колледждердің даму перспективалары, қоғамның экономикалық дамуы және соған орай кәсіби кадрларды даярлау; цифрландырудағы жаңа трендтерді оқу процесіне енгізу тәжірибесі бойынша тақырыптарды талқылады. Осы іс-шараға біздің колледждің атынан қатысқан оқутушылар мен студенттер флорист мамандығы бойынша шеберлік сыныптарын көрсетті. Мұғалімдер бір-бірімен тәжірибе алмасып, сол арқылы жас ұрпаққа білім беру сапасы артады деп ойлаймын», - деді Астана қаласының Сервис және туризм колледжі директоры Салтанат Басығараева.Ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар Жұмысшы мамандықтар жылы аясында биыл жүзеге асырылатын жүздеген іс-шаралар барысымен танысты.Іс-шарада қонақтар «Жас дизайнерлердің идеялары», «Дәмді нан құпиялары» жұмыстарының көрмелерін көріп, «Мамандықтар әлемін ашу» шеберлік сыныптарына, «Ұстаз болу – өнер» педагогикалық коллоквиумына, бук-кроссингтерге қатысты.«Мен осы колледжде туризм мамандығы бойынша 1-курста оқимын. Мұнда арнайы бағдарламаны меңгеріп, агенттіктерде жұмыс істеуге, турларды ұйымдастыруға дағдыланамыз. Оқу тегін, стипендиямыз бар. Сондай-ақ ыстық тамаққа ақы төленеді. Ал факультатив сабақтарда флористика үйірмесінде түрлі гүлдерден композиция жасап үйренеміз. Сонымен қатар қажет емес заттарға «екінші өмір» сыйлап, оларды әрлеп, әдемілеп, сәнді бұйым істейміз. Осы колледжге оқуға түскеніме қуаныштымын», - деді колледж студенті Айжан Дүйсембекова.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/926453
Астанада отбасылық құндылықтарды насихаттайтын фронт-офис пен сарапшылар пулын құру жоспарланып отыр 01.02.2025
Елордада отбасылық құндылықтарды дәріптейтін фронт-офис пен отбасылық қатынастар саласындағы сарапшылардың кәсіби пулын құру мәселесі талқыланды. Тиісті отырыс Ішкі саясат басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бастамасымен өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Жиын мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың күш-жігерін біріктіру арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге жүйелі көзқарасты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.Жиынға елордалық Әкелер одағы мен Аналар кеңесінің, облыстық сот орындаушылар палатасының, қоғамдық қорлардың, спорт саласының, ата-аналар қауымы мен зорлық-зомбылықпен күрес мәселелерімен айналысатын қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.Жиында айтылған негізгі ұсыныстардың бірі – әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жанынан фронт-офис құру. Іс-шараға қатысушылар зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, балаларға қауіпсіз орта құру, отбасыларды қолдау, алимент өндіруді жеңілдету, ерекше қажеттіліктері бар балалар мен оларды тәрбиелеп отырған отбасылардың құқықтарын қорғау саласындағы фронт-офистің міндеттерін талқылады.«Әр үкіметтік емес ұйым өз саласындағы проблемаларды шеше отырып, өз жұмысын жергілікті орында өткізеді. Дегенмен, өзара іс-қимылдың біртұтас форматын құру қажеттілігі айқын. Комиссия консультативтік-кеңесші орган ретінде мүшелерінің шектеулі санына ие және барлық міндетті қамти алмайды. Дегенмен, заманауи сын-қатерлердің күрделілігі барлық мүдделі тараптың өзара үйлестірілген әрекетін талап етеді. Отырыста қоғамдағы келеңсіз факторлармен күресу бойынша күш-жігерді біріктіру, халықтың осал топтарын қолдау және әлеуметтік маңызы бар оқиғаларға әрекет етудің бірыңғай тетігін әзірлеу бойынша қадамдарды талқыладық», - деді Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Назгүл Мақжан.Кездесуге қатысушылар Астанада отбасылық қатынастар және отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытындағы сарапшылардың кәсіби пулын құру қажет деп бірауыздан есептейді.Пул жалған ақпаратқа қарсы тұруға, отбасылық құндылықтарды, тәрбиелік бастамаларды белсенді насихаттауға, әлеуметтік ортаны мониторингілеуге және талдауға бағытталатын болады.«Заманауи сын-қатерлер жағдайында отбасы, білім және құндылықтарға қатысты ақпаратты тек білімі мен тәжірибесі дәлелденген кәсіпқойлар тарататын жағдайларды қамтамасыз ету маңызды. Сарапшылар пулын қалыптастыру отбасы институтын нығайту және қоғамды дамыту үшін сапалы және қауіпсіз орта құруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Назгүл Мақжан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/926548
Астанадан бір түнде 44 мың текше метрден астам қар шығарылды 01.02.2025
Астанада өткен түнде қар мол жауды. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, қар тазалау жұмысы үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.29 қаңтар күні таңертең елордада қар тазалауға 2 629 жол жұмысшы мен 1 789 арнайы техника шықты.29 қаңтарға қараған түні коммуналдық қызметтер қаладан 44 мың текше метрден астам қарды 3 539 рейспен алып шықты.Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға 4,28 млн текше метрден астам қар 337 617 ауыр жүк рейсімен шығарылды.Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарларға шықпауды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне хабарласыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/926553
«Қар десанттары»: елордадағы оқушылар тазалыққа қалай көңіл бөледі 01.02.2025
Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» кең ауқымды эко-акциясы аясында «Қар десанттары» тақырыбында қар күреуге арналған еріктілер эстафетасы өтті. Іс-шара 113 елордалық білім беру ұйымының аумағында ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Осымен үшінші жыл ауқымды және бір мезетте елорданың барлық оқушысының қатысуымен өтіп жатыр. Білім алушылар көптеген қатысушыны тарту үшін плакаттар мен ақпараттық парақшалар дайындап, барлығына қауіпсіздік техникасы бойынша тренинг өткізді.«Жыл сайынғы дәстүрге айналған және мектебімізде үшінші жыл қатарынан өтіп жатқан маңызды эстафетаға қатыстық. Акцияның басты мақсаты – жастардың назарын қаланың экологиясы мен тазалығына аудару. Алдағы уақытта бұл бастамаға мектеп оқушылары көбірек қатысады деп ойлаймыз», - дейді №86 мектеп-гимназиясының оқушысы Жанел Тастемірова.Астананың мектеп және студенттік парламентінің өкілдері өз ұйымдарының әкелер кеңесіне осыған қатысты эстафета жіберді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/926627
Астанада ерекше балалар мен олардың ата-анасына қандай көмек көрсетіледі? 01.02.2025
Елордада әлеуметтік осал топтарды қолдау мен олардың мәселесін шешуге ықпал ету үшін көптеген шара қолға алынған. Жергілікті атқарушы органмен қатар қоғамдық қорлар мен бірлестіктер осы бағытта бірлесіп жұмыс істейді. Солардың бірі – «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қоры. Қордың жұмысы мен көрсетілетін қызметтер туралы оның жетекшісі Ботагөз Сұлтанова айтып берді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Еркеше балалары бар жанұяларға қолдау көрсететін «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қоры 2020 жылы құрылған. Содан бері ол денсаулығында кінәраты бар балалар мен олардың отбасына жан-жақты көмек беріп келеді.«Біздің қоғамдық қордың ерекшелігі тек балаларға көмек берумен шектелмейміз, олардың туғандары да назардан тыс қалмайды. Балаларды оңалту-сауықтыру, білім мен өнерге баулу сабақтарымен қатар, ата-анасы үшін арнайы курстар ұйымдастырылған және қажет болған жағдайда психологиялық-құқықтық көмек беріледі. Менің ойымша, баламен жұмыс істеу маңызды, алайда онымен тікелей байланыстағы, барлық уақытын баласына арнайтын ата-анасының эмоционалдық-психологиялық жай-күйін де ұмытпауымыз керек», - деді Ботагөз Серікбайқызы.«Бақытты Шаңыраққа» келушілердің қатары уақыт өткен сайын артып келеді. Аналар бір-бірімен танысып, байланыс орнатуға мүмкіндік беретін орта қалыптасқан, олар әрқашан бір-бірін қолдауға дайын.Ботагөз Сұлтанованың айтуынша, балаларын қосымша сабаққа алып келетін аналар өз уақытын тиімді пайдаланып, орталықтағы курстарда жаңа кәсіп игеріп, біліктіліктерін арттыра алады.«Мүмкіндігі шектеулі балалары бар 40 ана тігін курсын оқып, қосымша табыс табу мүмкіндігіне ие болды. Бұған қоса біліктілікті арттыру курстары да ашылған. Қазір біз жалпы 1059 отбасыға көмек көрсетеміз. Бұл отбасылардағы балалардың саны – 3 мыңға жуық, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны – 1138. Барлығын көмекпен қамтуға тырысамыз, әрине. Азық-түлік себеті мен гигиеналық құралдар беріледі, өмірлік қиын жағдайға тап болған жанұяларға материалдық көмек көрсетіледі», - деді қоғамдық қор жетекшісі.Қазіргі таңда «Бақытты Шаңырақ» қоғамдық қорында дефектолог, эрготерапевт, психолог мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейді, сондай-ақ массаж, АВА-терапия, сенсорлық интеграция сияқты қызмет түрлері бар. Қазірдің өзінде 600-ге жуық бала оңалту-сауықтыру курсынан өткен. Сонымен қатар түрлі аурулар мен жарақаттан кейін қалпына келу үшін емдік-дене шынықтыру сабақтары өткізіледі. 163 бала ағылшын тілі, цифрлық сауаттылық пен басқа да пәндер бойынша қосымша білім алып жүр. Ал 150 бала шахмат, қолөнер, арт-терапия, домбыра үйірмелерімен қамтылған. Заңгерлік консультация берілген ата-аналардың жалпы саны 300-ден асады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/926633
Астанада мектеп оқушылары жұмысшы мамандықтардың қыр-сырымен танысты 01.02.2025
Елордалық оқушылар мен волонтерлер №1 Индустриалдық паркте орналасқан Metal Former шатыр және қаптау материалдарын шығаратын зауытқа барып, кәсіпорын жұмысымен танысты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.Экскурсия оқушыларды еңбек нарығында сұранысқа ие өзекті мамандықтармен таныстыру және техникалық мамандықтарға деген қызығушылықты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.Metal Former зауытының өндіріс директоры Әділет Беркінбаевтің сөзінше, зауыт «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға атсалысып жатыр.«Біздің зауыт – республикадағы қасбет материалдарын өндіретін алғашқы кәсіпорын. 2023 жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысының қатысуымен ашылу салтанаты өтті. Қазіргі таңда зауытта 110 адам жұмыс істейді. Біздің басты бағытымыз – үйлердің сыртын қаптайтын және төбесін жабатын құрылыс материалдарын өндіру. Сонымен қатар біз «Жайлы мектеп» жобасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтқанда, еліміз бойынша құрылысы жоспарланған 82 мектептің сыртын қаптайтын материал дайындаудамыз», - деді Әділет Беркінбаев.Экскурсия барысында оқушылар мен волонтерлер зауыттың заманауи технологиялық процестерімен танысып, кәсіпорын мамандарына сұрақ қоюға мүмкіндік алды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/926637
Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 1-2 ақпанда өтеді 01.02.2025
Астанада 1-2 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері тікелей ұсынылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн, сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды және т.б. сатып ала алады.Іс-шара Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді.Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/926669
Тұтынушылар құқығын қорғау: жаңартылған заңда не өзгерді 01.02.2025
Елімізде сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жауапкершілік күшейтілді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (ӘҚБтК) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Президент қол қойған жаңартылған заң 2025 жылғы 10 қаңтарда жарияланып, 11 қаңтарда ресми жарық көрді. Заңда не өзгерді? Оның маңызы қандай? Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Ілиясов Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте түсіндіріп берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Құжат ресми жарияланған күннен бастап 60 күн өткен соң, яғни 12 наурызда күшіне енеді.«Соңғы жылдары елдегі бөлшек сауда нарығы қарқынды дамып, бәсекелестік күшейді. Бұл тұтынушылардың әділетсіз сауда тәжірибелеріне байланысты шағымдарының артуына себеп болды. Жаңа өзгерістер аясында жалған жарнама, тұтынушыларды алдау, сауда ережелерін бұзу және баға саясатына қатысты заңсыз әрекеттер үшін айыппұлдар айтарлықтай көбейтіледі.Енді кәсіпкерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Жалған жарнама үшін жауапкершілік күшейтіледі. Жаңартылған заңға сәйкес, жалған жарнама үшін айыппұлдар айтарлықтай ұлғаяды: жеке тұлғаларға – 100 АЕК, шағын бизнеске – 350 АЕК, орта бизнеске – 500 АЕК, ірі кәсіпкерлерге – 1 000 АЕК. Мысалы, 2025 жылы 1 АЕК 3 692 теңгені құрайтынын ескерсек, ірі бизнеске салынатын айыппұл сомасы 3,69 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл өзгеріс тұтынушыларды алдауға жол бермеу мақсатында енгізілді. Жарнамалық контентке бақылаудың күшеюі бизнестің жауапкершілігін арттырады», - дейді Ғалымжан Ілиясов.Ол өз сөзінде жасырын төлемдер мен баға айырмашылықтарына жол берілмейтінін қозғап өтті.«Сауда орындары үшін бағаның көрсетілуіне қатысты талаптар да күшейтіледі. Енді кәсіпкерлер тауар бағасын міндетті түрде тек теңгемен көрсетуі тиіс және тауардың құнын кассада жасанды түрде өсірмеуі керек. Ережелерді бұзғаны үшін айыппұл мөлшері белгіленді: шағын бизнеске – 6 АЕК, орта бизнеске – 10 АЕК, ірі бизнеске – 30 АЕК. Егер бір жыл ішінде екінші рет дәл осындай құқық бұзушылық жасалса, айыппұл мөлшері күрт артады: шағын бизнеске – 65 АЕК, орта бизнеске – 120 АЕК, ірі бизнеске – 200 АЕК.Сонымен қатар, тұтынушыны алдау, өлшемді дұрыс жүргізбеу, салмақты кемітіп сату немесе артық есептеу үшін де жаңа айыппұлдар енгізілді: жеке тұлғаларға – 10 АЕК, шағын бизнеске – 20 АЕК, орта бизнеске – 30 АЕК, ірі бизнеске – 50 АЕК (184 600 теңге). Бұл шаралар сауда саласындағы әділетсіз сауда әрекеттерінің алдын алуға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталға», - дейді спикер.Ғалымжан Ильясовтың айтуынша, мұндай заң бұзушылықтар көбіне базарларда және шағын дүкендерде кездеседі. Жаңа айыппұлдар кәсіпкерлерді тәртіпке келтіруге және тұтынушылардың шағымдарын азайтуға көмектеседі.«Қабылданған түзетулер ашық әрі әділ бизнес-ортаны қалыптастыруға бағытталған. Айыппұлдардың қатаңдатылуы – тұтынушыларды алдау жағдайларын азайтуға, бизнестің сенімділігін арттыруға және нарықтағы бәсекелестікті әділ жүргізуге мүмкіндік береді», - дейді Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/926824
Астанада түнгі уақытта компьютер клубында жалғыз жүрген жасөспірімдер анықталды 01.02.2025
Елорданың Сарайшық ауданында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кезекті түнгі рейд өткізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Шараны аудан әкімдігі құқық қорғау органдарымен бірлесіп ұйымдастырды. Рейд аясында полицейлер түнгі уақытта кәмелетке толмағандар жүруі мүмкін компьютерлік клубтарды тексерді.Осылайша, аудандағы компьютерлік клубтардың бірінде заңды өкілдерінсіз жүрген үш кәмелетке толмаған жасөспірім табылды.«Рейд барысында полиция қызметкерлері Sony PlayStation ойын клубтарының бірінде заңды өкілдерінсіз жүрген үш жасөспірімді анықтады. Кәмелетке толмағандар полиция бөліміне жеткізіліп, ата-аналары шақырылды. Сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың жүруіне рұқсат берген ойын клубтарының иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - дейді аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Азамат Исенов.Естеріңізге сала кетейік,. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша 22.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз баруына тыйым салынады, сондай-ақ сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүруіне тыйым салынады.Айта кетейік, Астана қаласы прокуратурасының, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың үйлестіруімен Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен және аудандық әкімдіктермен бірлесіп, түнгі уақытта қала көшелерінде және ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтер жалғасуда. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/927010
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының тұрғындары және қала қонақтары! 01.02.2025
2025 жылғы 31 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің төрағалық етуімен әкімдіктің кезекті отырысы өтеді.Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, (мереке күндерін есепке ала отырып) 30 қаңтарға дейін қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде s.khadakova@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/927022
2024 жылдың қорытындысы бойынша отандастарымыздың инвестициялық кірісі зейнетақы жарналарының көлемінен асып түсіп, 3,4 трлн теңгеге жетті 01.02.2025
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен инвестициялық кіріс 3,4 трлн теңгеге жетті. Бұл шамамен 2,8 трлн теңге болатын зейнетақы жарналарының жалпы көлемінен асып түсті. 2024 жылғы инвестициялық кіріс өткен жылмен салыстырғанда өсім көрсетті: 1,8 трлн теңге немесе 114,5%.Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен салымшылар мен алушыларға 3,3 трлн теңгеден астам инвестициялық кіріс түсті. Бұл шамамен 2,6 трлн теңге болатын осы жарналардың көлемінен артық.2024 жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) бойынша инвестициялық кіріс 231,2 млрд теңгеден астам жарналар көлемінде 26,4 млрд теңгеден асты.2024 жылы ҚРҰБ басқаруындағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптасқан БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 17,84% болды, ал 2024 жылғы инфляция мөлшері 8,6% көрсетті. БЖЗҚ-ның ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің кірістілігі жыл қорытындысы бойынша - 17,96%.Инвестициялық кіріс қаржы құралдары (бағалы қағаздар, салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. тұрады. ҚР Ұлттық Банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) инвестициялық портфельді үнемі әртараптандырып отырады. Яғни, зейнетақы активтері түрлі қаржы құралдарына, валюталарға инвестицияланып, нарықтағы жағдайға қарай үнемі қайта бөлініп орналастырылады. Қордың enpf.kz сайтына ай сайын орналастырылатын ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметіне жасалған шолуда, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кірістер құралдардың барлық түрлері бойынша алынғандығы көрсетілген. Инвестициялық кіріс және зейнетақы активтерін ИПБ-лардың басқаруы туралы ақпарат ай сайын enpf.kz сайтына орналастырылады. Әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінде өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар.1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға жинақталған инвестициялық кірістіліктің біртіндеп өсу қорытындысы 979,95% тең болды. Ал бүкіл кезеңдегі инфляция - 827,78 %. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/927052
Қазақстан ІІМ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін инновациялық технологияларды қолдану бойынша қытай тәжірибесін зерделейді 01.02.2025
Министрдің орынбасары Сәкен Сәрсенов бастаған Қазақстан ІІМ делегациясы Қытайға жұмыс сапарымен барды.Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмасы бойынша полиция ведомствосының өкілдері цифрландыру және тәртіп сақшыларының қызметінде заманауи технологияларды қолдану саласындағы шетелдік әріптестердің озық тәжірибесін зерделеді.Сапар барысында ҚХР қоғамдық қауіпсіздік министрінің орынбасары Ший Датунмен ресми кездесу өтті.Тараптар құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде және құқық бұзушылықтардың алдын алуда инновациялық әдістерді енгізу саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударды.Қазақстандық делегация қытайлық электронды технологиялар тобының, дрондарды қолдану жөніндегі полиция базасының командалық пунктінің, сондай-ақ Бейжің қаласының қоғамдық қауіпсіздік бюросының заңдарды сақтау және істерді басқару жөніндегі орталығының жұмысымен танысты.Қытай тарапы цифрлық мониторинг технологияларын, соның ішінде "үлкен деректерді", жасанды интеллектті, биометриялық жүйені, бейнебақылауды, сондай-ақ қоғамдық орындардағы, көліктегі және басқа да маңызды нысандардағы жағдайды бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануды көрсетті.Қытайдың осы салалардағы сәтті тәжірибесі Қазақстан үшін құнды бағдар болмақ. Цифрлық шешімдер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, қылмыстардың алдын алуда, "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайтуда үлкен маңызға ие.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/926907
ҰШАҚ БОРТЫНДА АСТАНАЛЫҚ ДӘРІГЕР ЕГДЕ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ 01.02.2025
2025 жылғы 24 қаңтарда Астана-Мәскеу рейсінде 85 жастағы жолаушылардың бірі кенеттен қысылып, шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болды. Астана медицина университетінің түлегі және ҚР ПІБ ЖМА отоневролог дәрігері Қарлығаш Бакированың үйлесімді іс-қимылының арқасында егде адамның өмірін сақтап қалды.Немересімен бірге ұшу кезінде Виктор Карпин жағдайы күрт нашарлағанын сезді. Әуесеріктер жолаушының жағдайына назар аударып, байланыс арқылы медицина қызметкерін шақырды. Қарлығаш Бакирова дереу көмек көсетуге кірісті.Пациент гипертониямен ауырды, бірақ дәрігердің қарап-тексеру кезінде оның қысымы 50/30 мм сын.бағ. дейін төмендегені анықталды және импульс сезілмеді. Жағдай жедел іс-қимыл жасауды қажет етті. Қарлығаш Бакирова реанимациялық іс-шараларды, оның ішінде жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) жасап, пациенттің жағдайын уақытша тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Дәрігер шұғыл қонуды талап етті және экипаж жақын маңдағы Уфа әуежайына қонуға шешім қабылдады. Ұшып келгеннен кейін Виктор Алексеевич дәрігерлердің қолына тапсырылды, кейінірек оның жағдайы тұрақталды. Қарлығаш Бакирова дәрігерлердің оң динамикасы мен біліктілігін растаған жолаушының немересімен байланысын үзген жоқ.Бұл Астана медицина университетінің түлегі ұшақ бортында шұғыл жағдайда өмірін сақтап қалған бір айдағы екінші жағдай екенін еске сала кеткен жөн. Бұған дейін осы университеттің интерні Дінмұхамед Бектұрғанов жүрек-өкпе реанимациясын жүргізіп, Қызылорда-Астана рейсінің жолаушысының өмірін сақтап қалған еді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/926918
АСТАНАДА ТӨРТ ПАЦИЕНТТІҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛҒАН ДОНОРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХОККЕЙ МАТЧЫ ӨТТІ 01.02.2025
Демалыс күндері Астана қаласында «Барыс Арена» спорт кешенінде төрт пациенттің өмірін сақтап қалған донор Максим Войнюшті еске алуға арналған хоккей матчы өтті.15 шілдеде Максим Войнюша ауыр апаттан кейін Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне шұғыл жеткізілді. 18 жастағы жас жігіт көлікпен соқтығысқан мопедті басқарды. Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, оның жағдайы өте ауыр болып қалды. Бірнеше күннен кейін, 23 шілдеде Максимнің миының қайтымсыз өлімі расталды.Мидың өлімі туралы мәлімдемеден кейінгі күні Максимнің туыстарымен әңгіме өткізіліп, олар донорлық туралы шешім қабылдады.Бұл оқиға Максим мен оның отбасына алғыс білдіру және мойындау ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі ағзалардың донорлығын насихаттаудағы маңызды қадам болып табылады.Қазақстан бүгінде ағзаларды трансплантаттау бойынша жоғары технологиялық операцияларды жүргізу үшін барлық заманауи инфрақұрылымға ие. Қазіргі уақытта елімізде 7 трансплантаттау орталығы жұмыс істейді, 40 донорлық стационар, 4 иммунологиялық типтеу зертханасы ұйымдастырылған. Донорлық процесті үйлестіруді, анықтауды және ұйымдастыруды қамтамасыз ететін республикалық, өңірлік және стационарлық үйлестірушілер желісі құрылды.Алайда, қызметтің қол жеткізілген әлеуетіне қарамастан, бүгінде донорлық ағзаларды трансплантаттауды күту парағында 4117 адам, оның ішінде 96 бала бар.Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанда ағзаларды трансплантаттау бойынша 1005 операция жүргізілді, онда трансплантаттаулардың 92,1%-ы туыстық донорлардан, 7,9%-ы қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан ағзаларды трансплантаттауға тиесілі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/926926
АЛМАТЫДА НИИКБ ДӘРІГЕРЛЕРІ ЕКІНШІ ЖҮРЕК Трансплантациясын сәтті орындады. 01.02.2025
6 сағатқа созылатын күрделі жүректі трансплантациялау операциясын кардиохирург Юрий Пяның бақылауымен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының дәрігерлері университет медицина орталығымен бірлесіп жасады.Ағза доноры болған. 45 жастағы Алматы облысының тұрғыны, дәрігерлер оның миы өлгенін хабарлады. Туыстарының келісімінің арқасында Қазақстанның 4 азаматының өмірі, оның ішінде «кеңейтілген кардиомиопатия (уытты)» ауыр жүрек ауруымен ауыратын 43 жастағы ер адамның өмірі құтқарылды. Науқастың жағдайының нашарлауына ықпал еткен факторлардың бірі энергетикалық сусындарды 5 жыл бойы шамадан тыс тұтыну болды, бұл дәрілік терапияға жауап бермейтін терминалдық жүрек жеткіліксіздігіне әкелді.Науқасты ентігу сезімі мазалады. және шамалы физикалық белсенділікпен, тез шаршаумен және жалпы әлсіздікпен ентігу. Мен денсаулығымның нашарлағанын 2023 жылдың желтоқсан айында байқай бастадым. Тұқым қуалаушылық аналық желіге – жүректің ишемиялық ауруы және жедел миокард инфарктісіне жүктеледі.«Біздің елімізде кардиохирургиялық және кардиологиялық реанимацияның даму деңгейі жүректі трансплантациялау бойынша операциялардың оң нәтижесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біз Юрий Владимирович басқаратын UMC командасына көмектері мен қолдаулары үшін алғыс айтамыз. «Ағзаларды трансплантациялау операциялары жоғары білікті медицина қызметкерлерін қажет етеді», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Марат Пашимов.Марат Орумбасарұлы донордың туыстарына алғысын білдірді. «Қайырымдылыққа ерікті келісім, адамдардың адам өмірін сақтап қалуға дайындығы – адамгершілік пен мейірімділіктің үлгісі. Ағзаларын алуға келісімін берген донордың туыстарының донорлық жасауы құрметке бөлейді. «Ағзалардың донорлығы – қоғам денсаулығына қосылған қомақты үлес», - деп атап өтті емхана меңгерушісі.Институттың кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаев: «Жүрек трансплантациясы – ең күрделі операциялардың бірі, бірақ тәжірибе, Біздің емханада алған дағдыларымыз бен техникалық жабдықтарымыз оларды жоғары деңгейде орындауға мүмкіндік береді».Айта кетейік, екі бүйрек, өкпе және қасаң қабық алынып тасталды. атындағы Ұлттық ғылыми орталықта Жетісу өңірінен келген 17 жастағы науқастың бүйрегі ауыстырылды. А.Сызғанов пен 18 жастағы астаналық науқас Университеттің медициналық орталығында Қостанай облысынан келген 43 жастағы науқасқа өкпесі ауыстырылды, сондай-ақ УМК-да екі реципиентке қабықтың кератопластикасы жасалды. Қазақстанда 2025 жылдың 10 қаңтарындағы мәлімет бойынша жүрек трансплантациясын күтуде 140 ересек және 5 бала бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/927104
Абай облысына Татарстаннан делегация келді 01.02.2025
Абай облысына жұмыс сапарымен Татарстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марат Зяббаров бастаған делегация келді.Меймандарды әуежайдан облыс әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов, облыстық мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков және қала әкімі Талғат Мұратов күтіп алды.Сапар аясында қонақтар Семей қаласы мен өңірдегі бірнеше кәсіпорындардың жұмысымен танысады. Сонымен қатар, облыстың бизнес өкілдерімен кездеседі деп жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/926696
Татарстан делегациясы Абай облысының шаруашылықтарымен танысты 01.02.2025
Татарстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марат Зяббаров бастаған делегация облысымыздағы бірнеше шаруашылықты аралады. Алғашқы ат басын тіреген Жаңасемей ауданындағы «Агрофирма Приречное» ЖШС бүгінде ірі қара мал өсіру, көкөністерді өндіру, сату, өңдеу және сақтаумен айналысатын ірі кәсіпорын. Шаруашылық «Қазақ ақбас тұқымының республикалық палатасы» және «Әулиекөл тұқымы бойынша республикалық палатасының» мүшесі.100-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған шаруашылық картоп өндірісі бойынша тұқым шаруашылығы, етті бағыттағы қазақтың ақбас тұқымды асыл тұқымды мал өсіру жөніндегі зауыт мәртебесіне ие.Сонымен қатар, өңіріміздегі егістік алқапты жаңбырлатып суғару әдісін енгізген алғашқылардың бірі. Бүгінде иеліктерінде 28 жаңбырлатқыш машина бар. Оның 19 -ы «Фрегат» жаңбырлатқыш машинасы, 2 - «Zimmatik» айналмалы суару қондырғысы, 3 - Рейнке айналмалы суару машинасы, 4 - «Valley» жаңбырлатқыш қондырғысы. Сыйымдылығы 14,0 мың тоннаға 7 картоп-көкөніс қоймасы бар.1993 жылы құрылғаннан бері кәсіпорында 12 инвестициялық жоба іске асырылды. Ағымдағы жылда 10 мың басқа арналған бордақылау алаңын салу жоспарлануда.Қазандық қонақтар аялдаған тағы бір шаруашылық Бородулиха ауданында орналасқан «Лазарев и К» ЖШС асыл тұқымды шаруа қожалығы қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малын өсірумен айналысады. Шаруашылық мал тұқымын жақсарту бойынша жұмыс жүргізіп, селекциялық қызмет атқарады. Жетістіктерінің бірі - аналық малдың «Элита рекорды» санатын алу. Кәсіпорында күнбағыс тұқымын қайта өңдеу бойынша экстракциялық желісі (қуаттылығы 12,5 мың тонна), сондай-ақ ара өсіру бойынша асыл тұқымды шаруашылық мәртебесі бар.Ал аудандағы «Зенковское» ЖШС дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды және ірі қара мал өсірумен айналысады. Шаруа қожалық қазақтың ақбас тұқымды бұқаларын қолдана отырып, ірі қара малдың селекциялық-асыл тұқымдық жұмысын жүргізеді.«Автоматтандыру, цифрландыру және мал басын қатаң есепке алу – бүгінде қалыптасқан үрдіс қана емес, қажеттілік. Бұл бордақылауды қадағалаудың тиімділігін арттырып қана қоймай, ветеринарлық қауіпсіздік тұрғысында да маңызды рөл атқарады. Біздің бағытымыз бір, тәжірибе алмасу, серіктестік, жаңа технологияларды енгізу – сүт және ет шаруашылығы дамуының кепілі. Ет нарығына сұраныс жоғарылап келеді, біз мұны қолдап, бірлескен жобалар мен инновациялық тәсілдер арқылы ары қарай дамытуымыз қажет» деді Татарстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марат Зяббаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/926800