Enbekshi QazaQ

Әлем

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР «ТАУ САМАЛЫНДА» ДЕМАЛДЫ 01.02.2025
Төлеби ауданындағы оқушылар «Тау самалы» шаңғы базасында бір күндік демалысын өткізді. Олардың қатарында 2024-2025 оқу жылында республикалық, облыстық байқауларда топ жарған оқушылар бар. Атап айтсақ, спорт пен өнерде және пән олимпиадаларында үздік нәтиже көрсеткендер болды.Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтыңұйымдастыруымен «Тау самалы» демалыс аймағы басшысының қолдауымен өткен саяхатқа 40 бала барды. Олар табиғат аясында серуендеп, тау басына аспалы жолмен шығып, шана, шаңғы теуіп сырғанады. Сондай-ақ тау басына шыққан оқушыларға туған жердің табиғаты жөнінде ұстаздары мағлұматтар берді. Мұндай игілікті жобалар жыл бойы жалғасады.Оқушыларды сапарға аудан әкімі шығарып салып, сапардың сәтті өтуіне ақжарма тілегін арнап, естелік суретке түсті.– Саяхатқа шыққан адам әлемнің таңғажайып пен тылсымға толы мекендерін өз көзімен көру бақытына ие болады. Алатау баурайындағы «Тау самалы» демалыс аймағына саяхаттап келіңіздер. Сапарларыңыз сәтті өтсін! – деді аудан әкімі.Тауға шығып, саф таза ауамен тыныстап, биік шыңнан айналасына көз тастап, демалған оқушылар ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Талай сырға қанық, бойы тұнып тұрған тарих Алатау баурайын өз көздерімен көріп, табиғаттың сұлулығына тамсанып, үйлеріне ерекше сезіммен оралды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924736
БАС ПРОКУРАТУРАНЫҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ 01.02.2025
Бүгін бас қадағалау органында кеңейтілген алқа отырысы өткізілді, онда 2024 жылғы жұмыстың қорытындысы қаралды. Іс-шараны аша отырып, Бас Прокурор Берік Асылов прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңға бағынатын бизнесті заңсыз тексерулерден арашалау, маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, заңсыз активтерді қайтару, азаптаулардың алдын алу, сондай-ақ алаяқтыққа, есірткі бизнесіне және басқа да қауіпті құбылыстарға қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының күш-жігерін үйлестіру бойынша шаралар кешенін қабылдағанын атап өтті.Өткен кезеңде прокурорлар Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, инвесторлар мен олардың инвестицияларын қорғау жөніндегі жұмысты жалғастырды, Президент бұл жұмысты ұлттық басымдықтар деңгейіне көтерді.Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жүйелі шаралар қабылданды. Атап айтқанда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу барысында 565 инвестор нақты көмек алды, олардың ел экономикасына қосқан үлесі 10 трлн теңгені құрады.Бас Прокурор прокуратура мен басқа да құқық қорғау органдарының өкілеттіктерін пайдакүнемдік мақсатта, бизнеске қысым жасау, экономикалық қақтығыстарға қатысу үшін пайдалану әрекеттерін қатаң түрде тоқтату қажеттілігін атап өтті.Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 3,5 млн азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды, оның ішінде – 123 мың қызметкер, 1,9 млн-ға жуық жасөспірім, 23 мыңнан астам баланың пайдасына алимент бойынша 4,6 млрд теңге қарыз өндірілді.Барлық анықталған бұзушылықтар мен проблемалық мәселелер бойынша Үкіметке 23 қадағалау актісі енгізілді (экология, балалардың құқықтарын қорғау, ЖКО алдын алу, азаматтардың өтініштерін қарау сапасы бойынша және т.б.). Олардың негізінде Жол карталары, заңдарға және заңнан туындаған актілерге түзетулер әзірленді, сонымен қатар оларда баяндалған бұзушылықтарды жою, сондай-ақ азаматтардың, бизнестің құқықтарын және мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін қажетті басқа да шаралар қабылданды. Активтерді қайтару жөніндегі құқықтық тетіктерді нығайту жалғастырылды.Өткен жылы 428,7 млрд теңге мөлшерінде ұрланған активтер қайтарылды. Заң субъектілерімен келісімдер бойынша 48 млрд теңгеден астам сомаға 15 әлеуметтік және инвестициялық жоба іске қосылды.Халықаралық тәжірибені ескере отырып, сот тәртібімен түсініксіз шыққан активтерді мемлекет кірісіне айналдыру практикасы енгізілді. Қазіргі таңда нәтиже бар екенін айта кету жөн болады (10 миллион долларға талап қанағаттандырылды, сома өтелді). Сонымен қатар, мүлікті ерікті түрде кері қайтару бөлігінде субъектілермен жұмыс жүргізілуде. Елдегі криминогендік жағдай тұрақты бақылауда.Қылмыстық құқық бұзушылықтар санының төмендеуі жалғастырылуда (140-тан 132 мыңға дейін; -5,3%). Алаяқтыққа, есірткі қылмысына және басқа да қауіпті құбылыстарға қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.Қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарының кепілдіктері нығайтылады.Қылмыстық орбитаға 4 132 азаматты негізсіз тартуға жол берілмеді. Азаптау фактілері екі есе азайды (54%, 424-тен 194-ке дейін).Халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл және ынтымақтастықты нығайту қамтамасыз етілді, сондай-ақ іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялау және қылмыскерлерді ұстап беру жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Қылмысқа қарсы іс-қимыл, заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелері бойынша шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.2024 жылы 9 (1) халықаралық шарттар жасалды (Мароккомен (3), Перумен (3), Катармен (2) және Кипрмен (1)). Шетелде жасырынып жүрген адамдарды экстрадициялау бойынша жұмыс жандандырылды. 2024 жылы Қазақстанға 67 (55) адам ұсталып жіберілді (Ресейден – 37, Грузиядан – 6, Қырғызстаннан – 4, Түркиядан, БАӘ мен Әзірбайжаннан 3-ден, Польша мен Армениядан 2-ден, Испания, Швеция, Чехия, Германия, Корея, Молдова, Украинадан 1 -ден). Алдағы кезеңде қадағалау органының күш жігері мыналарға бағытталатын болады:1) Мемлекет басшысының нұсқамаларын одан әрі іске асыру («Заң және тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті Қазақстан – Адал азамат», «Таза Қазақстан» және т.б. қағидаттарына); 2) құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейту және алаяқтық, қарақшылық, есірткі бизнесі және басқалар сияқты қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге қарсы күреске; 3) қадағалау қызметіне, оның ішінде жасанды интеллектті пайдалана отырып, цифрлық құралдарды енгізуге; 4) қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға.Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде прокуратура органдары заңсыз шығарылған активтерді қайтару, сондай-ақ инвесторларды «прокурорлық сүзгі» арқылы қорғау жөніндегі жұмысты жалғастырады.Әртүрлі салалардағы жүйелі және өзекті мәселелер бойынша тексерулер жүргізу жоспарланған.Олардың қатарында азаптауға қарсы іс-қимыл және қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу, білім беру қызметін лицензиялау кезінде заңдылықты сақтау, сондай-ақ кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламалары, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару кезінде заңнама талаптарын сақтау мәселелері және басқалар бар.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924740
ТҮЛКІБАСТА ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН 4 МЕКЕМЕНІҢ ҒИМАРАТ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ 01.02.2025
Көп жылдан бері ғимарат қажет етіп келген Түлкібас ауданының мүгедек балаларды оңалту орталығының қос мекемесі, апатты деп танылған «Өнер» мектебі және ғимарат тапшылығын сезініп келген аудандық білім бөлімі «Агробизнес және саяхат» колледжінің бос тұрған корпусына орналастырылатын болды.Бұл жерде 2360 шаршы метрді құрайтын колледж ғимараты аудан әкімдігінің теңгеріміне алынып, аталған 4 мекемеге қажеттілігіне қарай бөлініп берілді. Аудан басшысы Асқар Естібаев аталған нысанға жауапты орынбасарлары және тиісті мекеме басшыларымен бірге арнайы барып, ғимаратты бөлу және ретке келтіру мәселесін пысықтады.Жауапты мекеме басшыларына жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті сметалық құжаттарды тез арада дайындап, орналасу мәселесін жылдамдатуды тапсырды. Сонымен қоса, мүгедектігі бар жандарға кіріп-шығуға ыңғайлы жағдай жасау, талапқа сай пандус орнату, газға қосып, жылу жүйесін ретке келтіру, интернет тарту бойынша тиісті шараларды атқаруды жүктеп, мекемелер толық орналасқанша ғимаратты қалпында сақтау мақсатында қарауыл қою керектігін ескертті.Айта кетейік, облыс әкімдігінің қолдауымен аталған колледждің бос бөлігі аудан теңгеріміне өткізіліп, тиісті қаулысы шығарылған болатын. Осы шешім арқылы бірнеше мекеменің ғимарат мәселесі шешімін тауып отыр.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924744
ТҮРКІСТАНДАҒЫ «ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» «БАУЫРЛАС-ПОДКАСТ» СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ 01.02.2025
Түркістандағы «Достық үйінде» облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ жанынан құрылған «Бауырлас-подкаст» студиясы ашылды.Тұсаукесер хабарға елімізге белгілі этнограф-тарихшы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі Жамбыл Артықбаев, қазақ журналистикасының ардагері, ХҚТУ-дың профессоры, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Сейдулла Садықов және «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева сұхбат беріп, игі бастамаға сәттілік тіледі.Сұхбат барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өңірде өткізілетін іс-шараларға дайындық барысы және этносаралық келісім мен татулықты сақтау бағытында келелі ойлар айтылып, мазмұнды әңгіме өрбіді.Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбектің айтуынша, «Бауырлас-подкаст» студиясы өңірдегі рухани жаһандану, қоғамдағы этносаралық бірлік пен келісімді сақтау және жастар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған ауқымды жобаларды жүзеге асыруды мақсат етеді. Бұл тек медиа саласын ғана емес, жалпы өңірдің руханиятын байытуға, ел бірлігін нығайтуға өз үлесін қосады.Студия арқылы қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және насихаттау, этностар арасындағы достық пен еңбек адамдары туралы танымдық хабарлар, эксклюзивті сұхбаттар, ақпараттық материалдар әзірлеу көзделген.Мұнда киіз үй пішінінде локация дайындалған және жұмыс істеуге қажетті жаңа жиһаздармен, компьютерлермен толықтай қамтылған.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924745
ТҮРКІСТАН: АУЫЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ ТАЗАЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА 01.02.2025
Түркістан облысына қарасты елді мекендердің тазалығына жергілікті тұрғындар белсене атсалысуда.Жетісай ауданы, Жолдасбай Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе ауылында жыл бойы тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл жұмыстарға ауыл азаматтары белсенді қатысуда. Үтіртөбе тұрғындары облыстық маңызы бар КХ-117 автожолының Үтіртөбе ауылынан өтетін бөлігін қоқыстан тазартып, электр бағаналары мен аялдамаларды ретке келтіріп, қоқыс жәшіктерін орнатып, спорт алаңшаларын абаттандырды.«Тазалықты өзіміздің ауладан, ауылдан бастайық» деген ауыл белсенділері халықты тазалық жұмыстарына бірігуге шақырып, өзге ауыл тұрғындарына тазалық эстафетасын жолдады.Үтіртөбеліктердің Түркістан облысының аудандарына жолдаған тазалық эстафетасын Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылдық округінің тұрғындары қабылдап, тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстарға Жаңа ауыл елді мекенінің тұрғындары, шаруа қожалықтарының иелері, мектептер мен медицина қызметкерлері, кәсіпкерлері бірлесті.Қазыбек би ауылдық округі эстафетаны жалғастырды. Шараға ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері мен жергілікті кәсіпкерлер, тұрғындар қатысты. Олар республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен ішкі көшелерді, гүлзарлар мен халық көп шоғырланатын аймақтарды қоқыстан тазартты. Тазалық эстафетасы Мақталы ауылдық округіне жолданды.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924750
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ЖЫЛЫНА 120 ТОННА БАЛЫҚ ӨСІРІЛУДЕ 01.02.2025
Түркістан облысында 2030 жылға дейін 10 жыл ішінде тауарлық балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға, жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні облыста тауарлы балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 231-ге жетті. Түлкібас ауданында балық шаруашылығымен айналысуға кәсіпкерлердің қызығушылығы күн санап артып келеді. Биыл осы бағытта 10 кәсіпкер өз ісін бастауға бел буып отыр. Жалпы аудан аумағында 26 кәсіпкер балық шаруашылығымен айналысады.Аудан әкімі Асқар Естібаев сондай кәсіпкердің бірі, Машат ауылының тұрғыны Ермахан Дүйсенбековтың бастап жатқан ісімен танысты.1,8 гектар жерге жасанды көл қазып, дайындап қойған. Ол жерге биыл 30 мың дана сазан, дөнмаңдай және ақ амур балығының шабақтарын жіберуді жоспарлауда.Ал сол маңдағы «Жеті үй» шаруашылығы осыдан 5 жыл бұрын жасанды көлге 20 мың дана сазан, дөнмаңдай және ақ амур балығының шабақтарын жіберіп, қазіргі таңда жылына кемінде 5 тонна өнім алды. Және де кәсіпкер көл жанына Сақ моншасын соғып, дәмхана ісін жүргізіп, табысын арттыруда.Қос нысан иелерінің алдағы жоспарларымен танысқан Асқар Сұлтанұлы мемелекет тарапынан қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізіп, жауапты бөлім басшысына алдағы күндері балық шаруашылығын ашуға ниетті және іске асырған азаматтармен білікті мамандарды қатыстыра отырып семинар ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ осы бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыру керектігін айтты.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924754
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ 01.02.2025
Түркістан облысының жұмысшы тобының Солтүстік және Шығыс Қазақстан өңірлеріне «Серпін – 2050 мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқуға түскен жастармен кездесу және ынтымақтастық қарым-қатынас орнату жұмыстары басталды.Түркістан облысынан құрылған арнайы жұмысшы топ мүшелері Өскемен қаласындағы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде болып, ғылыми зерттеу орталығы, үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығы, жатақхана, IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі сияқты жоғарғы оқу орнының ірі құрылымдық бөлімшелерінің жұмысымен танысты. Бұл университетте 472 студент «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша оқып жатыр. Оның ішінде, Түркістан облысынан 201 студент білім алуда.Жұмыс сапары барысында Түркістан облысының делегациясы Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті студенттермен кездесіп, сұхбаттасты. Сонымен қатар білім ордасына экскурсия жасап, шеберхана және ғылыми орталықтарға барды. Қазақстан-неміс институтында болып, студенттер үйінде тұратын жастардың жағдайымен танысты.Одан бөлек, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің оқу базасымен танысып, студенттермен кездесті.Нәтижесінде, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнату жөнінде меморандум жасалды.Айта кетейік, жұмысшы топтың іссапары Семей қаласындағы А.Бөкейхан университеті және Павлодар облысындағы Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, С.Торайғыров университеті, Инновациялық Еуразиялық университетінде жалғасатын болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/924757
Өңірлік кадр резервінің мүшесі облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды 01.02.2025
Өңірлік кадр резервінің мүшесі Маманов Бауыржан Сәкенұлы Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.Бауыржан Маманов 2012 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2018 жылы Еуразия гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.Еңбек жолын жеке секторда қаржыгер ретінде тәжірибе жинақтаудан бастаған.Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін 2014 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Экономика және қаржы департаментінде сарапшы лауазымынан бастағап, әрі қарай осы жүйеде бас сарапшы болып қызмет еткен.2018-2023 жылдары ҚР Дін істері және азаматтық қорғаныс министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінде және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қаржы және әкімшілік жұмыс департаментінде басқарма басшысы ретінде, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің экономика және қаржы департаментінің директоры лауазымында еңбек етті.Осыған дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қаржы және әкімшілік жұмыс департаменті директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/925086
Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы тағайындалды 01.02.2025
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және ҚР Туризм және спорт министрлігінің келісімімен Ақтөбе облысының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып Мейрамбек Жанболатұлы Махамбетов тағайындалды. Ол 1989 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген, білімі – жоғары: 2011 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Аймақтану», 2014 жылы «Көкше» академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Туризм және спорт министрлігінің спорт бойынша Комитетінің референті болып бастаған. 2011-2014 жылдары ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетінің құқықтық қамтамасыз ету және әкімшілендіру басқармасының сарапшысы, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің Денешынықтыру департаментінің бұқаралық спортты дамыту басқармасының сарапшысы және бас сарапшысы болып жұмыс істеген. 2014-2018 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұқаралық және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту басқармасының бас сарапшысы, әкімшілік және кадр жұмысы басқармасының басшысы, қысқы спорт түрлері басқармасының басшысы болып қызмет еткен. 2018-2020 жылдары Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт, Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармаларын басқарған. 2020-2024 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық спорт түрлері және спорттағы мүмкіндіктері шектеулі адамдармен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы, Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының директоры, Қазақстанның кәсіби футбол лигасының атқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2024 жылдың қаңтар айынан бастап Республикалық сурдо футбол және футзал федерациясының Президенті қызметін атқарып келді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/925014
2025 жылы Қазақстанның кинотеатрларында 10 жаңа кино жоба көрсетіледі 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен биыл 10 жаңа кино жоба көрерменге жол тартады.Бұл фильмдердің ерекше сюжеті, қызықты оқиғалары көрермен көңілінен шығады деген сенім мол.Көптен күткен жобалардың бірі – «Капитан Байтасов» фильмі. Оны режиссер Дәурен Қамшыбаев түсірген. Фильмнің сценарийін жазуға кейіпкердің ұлы Арманжан Әбдібеков белсенді қатысты. Бұл туынды ұлттық кинематография тарихына ерекше үлес қосып, ерліктің, батырлықтың символы ретінде халық жадында мәңгі сақталатын қаһарманның бейнесін дәріптейді.Сонымен қатар, көрерменге биыл басқа да қызықты жобалар ұсынылады. Олардың қатарында лудомания мәселесін қозғайтын «Игроманка» драмасы, футбол тақырыбындағы спорттық драма «90+1», «Осенний бриз», «Фейковый арман», «Qaitadan», «Тезек», «Қара қыз», «Алтын адам», «Ароматное сердце» және «Абель» фильмдері бар.2025 жылы ұсынылатын жаңа фильмдерде жас ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпал ететін, көрерменге ой салатын құнды идеялар көрініс табады.Сондай-ақ наурыз айының басында кино жобаларға арналған байқау жарияланады. Жаңа фильмдер үшін басымдық берілетін тақырыптар – отанға деген сүйіспеншілік, экология және еңбекқорлық.Басым тақырыптардың толық тізімі Кино орталығының ресми сайтында жартяланған. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/924830
Астанада «Nomad Inspiration» бағдарламасының премьерасы өтті 01.02.2025
«Астана Опера» театрының Үлкен залында HasSak этно-фольклорлық ансамблімен бірлесіп әзірленген Nomad Inspiration бағдарламасының премьерасы өтті. Бағдарламаға ұлттық хореографиялық қойылымдар мен аспаптық музыка енген.Бұл жарқын іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.Бағдарламада HasSak ансамблінің әсерлі музыкасына құрылған «Той бастар» және «Аралым» қойылымдарының премьерасы, сондай-ақ композитор Хамит Шанғалиевтің музыкасына жазылған «Әлем» («Әлемнің негіздері») туындысы ұсынылды. Бұған қоса, бағдарламада «ХасСақнама», «Ұлы Жібек жолы», «Зәурен», «Аңсау», «Өрлеу», «Тұран жолбарысы» және «Тарту» сынды HasSak этно-фольклорлық ансамблінің туындылары орындалды.Айта кету керек, бұл театр мен қазақстандық HasSak этно-фольклорлық ансамблі бірлесіп жасаған жалғыз жоба емес. Мұндай ауқымды бағдарламаның жүзеге асуына балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова себепкер болды. Ол «Астана Опера» театрының жас хореографтарын қолдап, олардың шеберлігін шыңдауға бар күшін салып келеді. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/924939
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығына жаңа сатып алу: төтенше жағдайларға арналған көлік 01.02.2025
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы маңызды сатып алу – төтенше жағдайларда жедел медициналық көмек көрсетуге арналған мамандандырылған автокөлікті алды. Бұл жаңалық Төтенше жағдайлар министрлігі медицина мамандары жұмысының тиімділігі мен тиімділігін айтарлықтай арттыратын, сондай-ақ ең қиын жағдайларда зардап шеккендерге жылдам және сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ететін негізгі факторға айналады. Жаңа көліктің кілтін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов табыс етті. Жеке құрам алдында сөз сөйлеген басқарма басшысы бұл сатып алудың ауылдық жерлердегі қызмет жұмысын жақсарту үшін маңыздылығын атап өтті. «Министрлік Елбасының қолдауымен медициналық қызметті дамытуға ерекше көңіл бөлуде. біздің бөлімнің, әсіресе ауылдық жерлерде. Шалғай елді мекендердегі медициналық көмекке қолжетімділік жиі шектелетін ортада біз инфрақұрылымды жаңғыртуға ғана емес, сонымен қатар бөлімшелерімізді ең заманауи жабдықтармен жабдықтауға тырысамыз. Автокөлік қиын жолдарды еңсеруге қабілетті. Бұл жай көлік емес – бұл зардап шеккен азаматтар үшін өте маңызды, ең қиын жағдайларда жедел әрекет ету мүмкіндігін қамтамасыз ететін жұмысымыздың маңызды элементі», - деп атап өтті ТЖМ басшысы. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығына келген жаңа көлік төтенше жағдайларда, әсіресе алыс және жету қиын жерлерде жұмыс істеу үшін өте маңызды жол талғамайтын тамаша қасиеттерімен ерекшеленеді. аймақтар. Көлік ең төтенше жағдайларда жедел және сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік беретін озық медициналық жабдықтармен жабдықталған. Бұл көлік жақында ашылған жаңа әмбебап авариялық-құтқару бөлімшесі Ақмола облысының Макинск қаласында пайдаланылады және мұндай көліктерге сұраныс жоғары. «Бұған дейін республикалық тас жолдарға шыққанда жол-көлік оқиғалары орын алды, біздің мамандар тек алғашқы медициналық көмек көрсете алды. Зардап шеккендер көлікте қалып қалса, арнайы техника келгенше күтуге тура келді. Енді гидравликалық құралдармен жабдықталған жаңа көліктің арқасында біз алғашқы медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, құтқару жұмыстарын да жүргізе аламыз», - деп түсіндірді ТЖМ Орталық бақылау орталығы Бас басқармасының директоры. Қазақстан Республикасы. Бұл сатып алу жай ғана жаңа көлік емес, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің жұмысындағы маңызды кезең. Бұл қызметтің кез келген жағдайда төтенше жағдайларды жоюға дайындығын жаңғырту және жақсарту жөніндегі стратегиялық бағдарламаның бөлігі болып табылады. Жаңа көлік азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және жедел жәрдем көрсетуде үйлестіруді, тиімділік пен нәтижелікті айтарлықтай жақсартады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/925039
Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесінің 2024 жылғы нәтижелері мен 2025 жылғы жоспары талқыланды 01.02.2025
2025 жылдың 23 қаңтарында Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының Алқа отырысы өтті. Онда 2024 жылға арналған жұмыс қорытындылары шығарылып, 2025 жылға арналған басымдықтар айқындалды. Шараға облыс әкімі орынбасары Алтынай Амренова, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері қатысты.Негізгі есеппен облыстық денсаулық сақтау басқармасы міндетін атқарушы Елена Иванова сөз сөйледі.«Аймақтың денсаулық сақтау жүйесін дамыту — біздің басты міндетіміз. Біз жаңа технологияларды енгізу мен инфрақұрылымды жақсартумен қатар, әрбір тұрғынға медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ұмтылудамыз», — деп атап өтті Елена Иванова.Артериялық гипертония мен онкологиялық аурулардан туындаған жоғары жалпы өлім-жітім мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.Күн тәртібі бойынша баяндамалар жасалды:Облыс әкімінің мүгедектер мәселелері жөніндегі кеңесшісі Владимир Шиманский, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мәселелерін көтерді.Ақмола облысы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Турмаганбет Талғат, 2024 жылғы қаржыландыру және сатып алу қорытындылары туралы есеп берді.Ақмола облысы медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің директоры Бибігүл Иманқұлова, денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы мемлекеттік бақылау қорытындылары туралы баяндады.Отырыста инфрақұрылымды дамыту мәселелері де талқыланды. 2024 жылы 28 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектісі пайдалануға берілді, ал 2025 жылы тағы 10 объектінің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.Алқа отырысының қорытындысы бойынша қатысушылар денсаулық сақтау жүйесінің проблемалық мәселелерін талқылап, оларды шешу және аймақта медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін нақты тапсырмалар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/924891
Алматыда 2024 жылы 118 көппәтерлі үй және 54 ғимараттың лифтісі жаңартылды 01.02.2025
2011-2024 жылдар аралығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2266 көппәтерлі тұрғын үй (КТҮ) қамтылды, оның ішінде 1188 үй шатырды, қасбеттерді, кіреберістерді қалпына келтіруді, сондай-ақ инженерлік желілер мен электрмен жабдықтауды жаңартуды қоса алғанда, күрделі жөндеуден өтті.Сонымен қатар, 1078 үйде 2257 лифт ауыстырылды, бұл тұрғындар үшін жайлылық пен қауіпсіздікті едәуір арттырды. Бұл өзгерістер қала тұрғындарының өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға ықпал етіп, оларды жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру жағдайымен қамтамасыз етті.Өткен жылы бағдарлама аясында 118 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ 54 үйде 100 бірлік лифт жабдығы ауыстырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/924915
Анкарада Қазақстан мен Түркияның 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды 01.02.2025
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайыновтың басшылығымен Қазақстан делегациясы Түркия Республикасына барды.Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволарының өкілдері кезекті штабтық келіссөздер жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспары қабылданды.Қазақстан тарапынан құжатқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов, түрік тарапынан бригадалық генерал Чатал Ердоған қол қойды.Полковник О. Құсайыновтың айтуынша, екіжақты кездесу барысында әскери білім және ғылым, бітімгерлік қызмет, жауынгерлік және медициналық дайындық саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жоспарда жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасу да қарастырылған. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/924689
Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру жоспарлануда 01.02.2025
Қорғаныс министрлігі қорғаныс ведомствосы басшысының "Әскери міндеттілерді 2025 жылы әскери жиындарға шақыру туралы" бұйрығының жобасын дайындады. Нормативтік құқықтық акт "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы ҚР Заңы 33-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.Іс-шараларды әскери басқару органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізеді.Әскери жиындардың негізгі мақсаты - бейбіт уақытта қысқартылған санда ұсталатын әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын арттыру, жұмылдыру кезінде ҚР Қарулы күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарын орналастыру үшін қажетті әскери-оқытылған ресурстарды дайындау және запаста жинақтау.Әскери жиындар жыл сайын 30 күнге дейін өткізіледі. Осы кезеңде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен лауазымы сақталады, оларға орташа жалақы төленеді. Жұмыс істемейтіндер ең төменгі жалақыны мемлекет есебінен алады.Әскери міндеттілерді жиындарға және кері тасымалдау теміржол немесе автомобиль көлігімен жүргізіледі. Азық-түлік Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, әскери жиындарға шақырылған барлық әскери міндеттілер әскери міндеттілердің тиісті санаттары үшін белгіленген нормалар бойынша заттай мүлікпен және қызметтегі әскери қызметшілермен тең дәрежеде ұйымдастырылатын медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.Жиынға шақырылған әскери міндеттілер казармада тұрады. Оларды бөлімнің орналасқан жерінен босатуды ішкі қызмет жарғысында белгіленген тәртіппен жиын бастықтары жүргізеді.Әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны, қылмыс жасағаны, сондай-ақ мемлекетке келтірілген материалдық залал үшін әскери міндеттілер Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.Әскери міндеттілер әскери жиындардан жалтарғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен "Электрондық үкімет" порталында "Ашық НҚА" бөлімінде 2025 жылғы 7 ақпанға дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1541213Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/924695
Арнайы операциялар күштерінде қоян-қолтық ұрысының мықтылары анықталды 01.02.2025
Елорданың «Абырой» спорт кешенінде ҚР Қарулы күштері Арнайы операциялар күштері қолбасшысының кубогына армиялық қоян-қолтық ұрыстан турнир өтті. Аталған кубокты иелену үшін алты команда құрамында елуден аса әскери қызметші бағын сынады. Халықаралық дәрежедегі спортшылар мен спорт шеберлері тоғыз салмақ дәрежесінде күресті. Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы полковник Айдос Мырзахметов арнайы жасақтардың жауынгерлік дағдыларын арттыруда, олардың дене шынықтыруын жетілдіруде және моральдық-психологиялық тұрақтылықты нығайтуда армиялық қоян-қолтық ұрыстың маңыздылығын атап өтті.Татамидегі жекпе-жекті ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Армия орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов, ҚР Қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының бас хатшысы Әділ Қайырбаев, Қазақстанның еркін күрес балуаны, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Лондондағы Олимпиаданың қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, Мемлекеттік күзет қызметі жауынгерлік және арнайы даярлық штабының бастығы Антон Аманбаев, ҚР Ұлттық ұланы бас қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы полковник Сәтжан Әбішев. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші командалық орынды 22750 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, екінші орынды 36814 әскери бөлімінің спортшылары, үшінші орынды 20709 әскери бөлімінің барлаушылары иеленді. Келісімшарт бойынша әскери қызметші сержант Бауыржан Сұлтановқа «Үздік спортшы» арнайы номинациясы берілді, «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясын аға сержант Асқар Асқаров еншіледі. Турнирдің чемпиондары мен жүлдегерлеріне ақшалай жүлделер мен сыйлықтар табыс етілді. Қоян-қолтық ұрысының ең мықтылары ел Қарулы күштердің спартакиадасына жолдама алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/924730
Әскери қызметшілер майдангер Рахымжан Мамырәлиевті ғасырлық мерейтойымен құттықтады 01.02.2025
Жамбыл облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Рахымжан Сатыпалдыұлы Мамырәлиев жүз жылдық мерейтойын атап өтті. Қарияны ғасырлық мерейтойымен құттықтау үшін Байзақ ауданы Жетібай ауылындағы ардагердің үйіне балалары, немере-шөберелері, ауылдастары, жергілікті атқарушы органдар мен әскери басқару органдарының өкілдері жиналды. Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері майдангерге Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың атынан құттықтау хат жолдады. Хатта еліміздің қорғаныс ведомствосының басшысы Рахымжан Мамырәлиевке майданда көрсеткен жанқиярлығы мен ерлігі үшін алғысын білдірген. Құттықтауда қазіргі Отан қорғаушылар үшін ардагер әскери борышын адал атқарған жанның үлгісі болып табылатыны атап өтілді. Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев облыс басшылығының атынан соғыстан кейінгі жылдардағы жеңіске қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін майдангерге алғыс айтты.Жетібай ауылында майдангердің жүз жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі жалғастырды. Рахымжан Сатыпалдыұлы таныс марш әуендері мен композицияларды естіп, әскери музыканттарға қошемет көрсетті. Байзақ ауданында тұратын запастағы әскери қызметшілер мен қызметтегі офицерлер құрамының әскери қызметшілері ардагер мен оның қонақтарының құрметіне салтанатты маршпен сап түзеп жүріп өтті. Рахымжан Мамырәлиев он сегіз жасында әскер қатарына шақырылды. 1943 жылы ол Қиыр Шығысқа сапар шегіп, Жапон басқыншыларына қарсы шайқасты. Артиллерия взводының командирі аға сержант Рахымжан Мамырәлиев Приморск, Ворошилов, Маньчжурия және Корей түбегін жапондардан азат етуге қатысты. Майдангер 1951 жылы ғана әскер қатарынан босап, Жамбыл облысына оралды, қазір ол жақындарының жанында.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/925032
Қазақстан ТЖМ академиясының курсанттары аумақтық бөлімшелерге бөлінді 01.02.2025
Төтенше жағдайлар министрлігінің М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында 2025 жылғы түлектерді бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Комиссия отырысына ТЖ вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев, Академия бастығы полковник Жұмабек Хасенов, ТЖМ Кадр жұмысы және тәрбие жұмысы департаментінің бастығы Анаргүл Әбуева қатысты. М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында 2025 жылғы түлектерді бөлу жөніндегі комиссияның отырысында 173 түлекті ТЖМ аумақтық бөлімшелеріне жіберу туралы шешім қабылданды. Оның ішінде 144 курсант – бұл академияның күндізгі оқу факультетінің студенттері, ал 29-Ресей және Беларусь ТЖМ бейінді жоғары оқу орындарының курсанттары. Отырыстан кейін курсанттармен кездесулер өтті, Кеген Тұрсынбаев ақпан-мамыр айлары аралығында өндірістік және диплом алдындағы практикадан өтетін, диплом қорғайтын және мемлекеттік емтихан тапсыратын төртінші курс студенттерімен әңгімелесті. «Сіздердің академияда алған білімдеріңіз бен дағдыларыңыз төтенше жағдайлар жүйесінде табысты жұмыс істеуге негіз болады. Сіздердің әрқайсыларыңыз тек жоғары білікті маман ғана емес, өз еліңіздің нағыз қорғаушысы болатынына сенімдіміз»,-деп вице-министр атап өтті. Сонымен қатар Анаргүл Әбуева екінші курс курсанттарымен әңгімелесіп, бұл академия тарихындағы оқып жатқан алғашқы қыздар екенін атап өтті. Мұндай өзгерістер, соның ішінде қыздардың білім беру процесіне қатысуы, мүмкіндіктерді кеңейту және ТЖМ жүйесіне әртүрлі кадрларды тарту туралы айтады. Түлектерді аумақтық бөлімшелерге бөлу-қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін шешу жолындағы маңызды қадам. Курсанттардың әрқайсысы еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына кепілдік бере отырып, азаматтық қорғау органдарының қатарында қызмет ететін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/924877
Вице-министр Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына барды 01.02.2025
Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмыс сапарымен барып, М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының материалдық-техникалық базасының жай-күйімен, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралардың барысымен және жеке құрамның жақсартылып жатқан қызмет ету жағдайларымен танысты. Сапар аясында вице-министр академияның оқу-жаттықтыру орталығында болып, курсанттармен және оқу орнының басшылығымен кездесу өткізіп, ағымдағы мәселелер мен оларды шешудің мүмкін жолдарын талқылады. Вице-министр ТЖМ бейінді департаменттеріне академияның материалдық-техникалық базасын нығайтуға қажетті қолдау көрсетуді тапсырды. Сонымен қатар Кеген Тұрсынбаев Ақмола облысындағы өрт сөндіру бекеттерінің, оның ішінде Красный Яр ауылындағы бекеттің жұмысымен танысып, қызметкерлердің жұмыс жағдайларын жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Қазіргі уақытта Зеренді ауданы Садовое ауылының өрт сөндіру бекетінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысына сапар барысында қорғаныс бөгендері мен су тораптарын нығайту процесі қаралды, онда су тасқыны қаупін азайту бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Петропавл қ., Қызылжар ауданының Тепличное және Прибрежное ауылдарында қорғаныс бөгендерін, Большая Малышка ауылындағы қорғаныс білігін нығайту бойынша жұмыстардың нәтижелері қаралды. Сонымен қатар вице-министр Петропавл және Сергеев су тораптарының жұмысымен, Есіл ауданындағы Есіл өзенінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орындарымен танысты, «Қызылжар Су» ЖШС бірінші көтеру станциясын нығайту және жаңғырту барысын бағалады, бөгендер салуға арналған полипропилен материалы өндірілетін «SMB group Family» ЖШС кәсіпорнына барды. «Біздің міндетіміз - ТЖМ қызметкерлерінің жұмысы мен қызметі үшін барынша қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты ықтимал табиғи апаттардан қорғау. Инфрақұрылымды нығайтуға, сондай-ақ біздің мамандардың еңбек жағдайларын жақсартуға байланысты бірқатар өзекті мәселелер зерделенді. ТЖМ олардың тиімділігі мен төтенше жағдайларға дайындығын арттыру үшін барлық оқу және жедел бөлімшелерді қолдауды және дамытуды жалғастырады»,-деп вице-министр атап өтті. Сапар соңында халықты және аумақты ықтимал су тасқынынан қорғау мақсатында алдын алу іс-шараларын одан әрі іске асыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді, құтқарушылар жұмысының тиімділігін арттыру, материалдық-техникалық базаны және жеке құрамның қызмет өткеру жағдайларын жақсарту жөніндегі Төтенше жағдайлар министрінің талаптары жеткізілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/924932