Enbekshi QazaQ

Әлем

Астанада кальян шегуге қатысты тыйымның бұзылған жағдайлары анықталды: оларға айыппұл салынды 01.02.2025
Елорданың Сарайшық ауданында заңсыз кальян шегу фактілерін анықтау мақсатында ойын-сауық мекемелерінде рейд жүргізілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.Профилактикалық шараны ауданы әкімдігінің қызметкерлері полиция басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды.Сарайшық ауданындағы екі мекемеде жүргізілген рейд барысында кальян шегудің айғағы анықталды. Тәртіп бұзушыларға 117 960 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы мекемеге қарсы ұсыныс берілді. Кальяндар тәркіленді.Рейдтік іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде құқық қорғау органдары қала тұрғындарының шағымдарын ескеріп, аталған аумақтарда құқық бұзушылықтарға талдау жүргізгені атап өтілді. Полиция мұндай рейдтер демалыс және мереке күндері күшейе отырып, тұрақты негізде жүргізілетінін атап өтті.«Заңбұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деді учаскелік полиция майоры Ғалым Мұстаханов.Еске салайық, қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салуды енгізу туралы қаулы 2013 жылдың 14 наурызында күшіне енген болатын. Тиісті талап бұзылса, кальян шегетіндерге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Қайталап бұзғаны үшін – 20 АЕК. Ал мекеме иелеріне 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/925441
2025 жылы Ақтөбе облысында 965 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарлануда 01.02.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдегі тұрғын үй құрылысының қарқыны, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың құрылысы қаралды.Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев өңірде тұрғын үйді іске қосу қарқыны жағынан өсім бар екенін атап өтті. Мәселен, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыста 964 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылған, бұл жоспарланған межеден 14 мың шаршы метрге артық. 2025 жылы 595,3 мың шаршы метр жеке тұрғын үй, 354,7 мың шаршы метр көппәтерлі үй салу жоспарлануда. Ақтөбе мен Алға қалаларында 142 мың шаршы метр немесе 1 857 пәтер салу жоспары бар. Жалпы, 965 мың шаршы метрді құрайды.Тұрғын үй құрылысына, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға Ұлттық қордан, республикалық және облыстық бюджеттерден 49 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 12 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. 22 ауыспалы білім беру нысандарының құрылысы жалғасады және IT Хабты қоса алғанда, 3 жаңа жоба іске асырылады. Сондай-ақ, Ақтөбеде ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 300 орындық балабақша құрылысы басталады.«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 14 нысан халық игілігіне беріледі. Биыл Жаңақоныстағы ауруханаға жапсарлас құрылыс жұмыстарын аяқтау, Жемде дәрігерлік амбулатория және Қобда ауданы Өтек ауылында медпункт салу жоспарланып отыр.Сонымен қатар, Хромтауда мәдениет үйінің құрылысы аяқталмақ. Бұдан өзге, облыс орталығында 5000 орындық көпфункционалды спорт кешені мен стадионның жобасы әзірленуде. Шалқар, Хромтау, Кеңқияқта дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен Шұбарқұдық және басқа да бірқатар ауылдарда бассейндер тапсырылады.Облыс әкімі құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдерімен бірлесіп, 2025 жылға жоспарланған барлық нысанның уақытылы және сапалы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, Асхат Шахаров кіреберіс жолдарды, тротуарларды салу және әлеуметтік нысандарды жарықтандыруды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.«Барлық құрылыс жобаларының белгіленген мерзімде және жоғары сапа деңгейінде орындалуын қамтамасыз ету үшін олардың іске асырылуын бақылауды күшейту қажет. Бұл тек мерзімдерді сақтауға ғана емес, бөлінген ресурстарды пайдаланудың тиімділігіне де қатысты, өйткені бұл жобалар өңір және жалпы ел тұрғындарының игілігіне бағытталған», - деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/925212
2025 жылы Ақтөбе өңірінде газ тартылып, сумен қамтылатын елді мекендердің саны белгілі болды 01.02.2025
Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде ауылдық елді мекендерді газдандыру және ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев облыстағы 319 елді мекеннің 172-сі газдандырылғанын, бұл 53,9% құрайтынын айтты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 21 басталған жобаның 8-і толығымен аяқталған, 13-і – 2025 жылға ауыспалы жобалар қатарында. Осы жобаларды іске асыра отырып, 9,8 мың тұрғыны бар 23 ауылға көгілдір отын тартылады. «QazaqGaz Aimaq» инвестициялық бағдарламасы аясында Мұғалжар ауданы Қожасай ауылын газдандыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, жақын арада 2,6 мың халқы бар тағы 6 ауылға газ жеткізіледі.«2025 жылдың соңына қарай 196 елді мекенге газ беріледі, бұл ауылдардың жалпы санының 61,4% құрайды. Бұдан басқа, 2025–2027 жылдарға 4,7 млрд теңгені құрайтын 9 жаңа жобаға өтінім берілді. Оларды іске асыру арқылы 206 елді мекенді газдандыруға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Арысұлан Айтбаев.Спикер атап өткендей, былтырғы жылдың желтоқсан айында Ақтөбеде магистральдық газ құбырының үшінші тізбегінің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта газ құбырының учаскелерін толтыру және оны жұмыс қысымына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде газ құбырының өткізу қабілеті сағатына 526,5 мың м3 дейін ұлғайтылады, бұл қаланы қосымша табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Елді мекендерді сумен жабдықтауға келер болсақ, бүгінгі таңда 319 ауылдың 291-і ауыз сумен қамтамасыз етілген, бұл 91,2% құрайды. 28 ауылда су ұңғымалары қолданылады. Ел Президентінің халықты 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырмалары аясында биыл Ақтөбе облысында бұл көрсеткіштерді 302 елді мекенге немесе 94,7%-ға жеткізу көзделген.«Ақтөбе қаласының тұрғын алаптарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Сарыбұлақ» және «Моисеев» сорғы станцияларын салу бойынша екі ірі жоба әзірленді. Екі жоба да мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алып, республикалық бюджеттен қаржыландыруға бағытталған. Осы жобаларды іске асырғаннан кейін қалаға тәулігіне қосымша 70 000 м3 су келіп түседі, бұл тұрғын алаптарды сумен жабдықтау мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді», - деп нақтылады басқарма басшысы.Су құбыры желілерінің тозу проблемасын шешу үшін облыс бойынша 13 жобаны іске асыру көзделген. Бұдан басқа, «Aqtobe su-energy group» АҚ 12,2 шақырым су құбыры желілерін қайта жаңартпақ, осылайша облыс орталығындағы желілердің тозу деңгейін 29,5%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр.Облыс әкімі сумен жабдықтау және газдандыру бойынша басталған барлық жобалардың мерзімінде аяқталуын тапсырды.«Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына барлық басталған жобалардың орындалуын бақылауды күшейтуді тапсырамын. Газдандыру және сумен жабдықтау жоспарланған мерзімде аяқталуы керек және ешқандай жоба себепсіз кейінге қалдырылмауы тиіс. Өңірде газбен және сумен жабдықтауды жақсартуға бағытталған барлық жоспарланған іс-шаралар жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және Мемлекет басшысының әрбір тұрғынды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі алға қойған міндеттерін орындауға ықпал етеді. Барлық басталған жобаларды қатаң бақылауда ұстау қажет», - деді өңір басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/925396
НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлау 01.02.2025
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» бұйрық жобасын қоғамдық талқылауды бастауы туралы хабарлайды.https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15414005 cілтеме бойынша аталған бұйрық жобасы қол жетімді.Сізден жобаны талқылауға қатысуыңызды сұраймыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/925389
Бородулиха ауданында «Орманымызды сақтаймыз» атты экологиялық акция өтті 01.02.2025
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты – Абай облысының ғана емес, тұтас еліміздің және ғаламшардың табиғи байлығының ажырамас бөлігі. Ертіс бойын жағалай өскен қарағайлы орман өзінің саф ауасымен, қайталанбас пейзажымен және экожүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін маңызды рөлімен ерекшеленеді. Табиғаттың бұл қазынасын қорғау – әр азаматтың парызы.Осы мақсатта 27 қаңтар күні Бородулиха ауданында «Орманымызды сақтаймыз» атты экологиялық акция өтті. Іс-шараны аудандық Жастар орталығы ұйымдастырды. Акция республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көркем табиғатымен танымал «Сарқырама» аумағында ұйымдастырылды.Экологиялық бастамаға түрлі мамандық иелері, еріктілер, аудандық ұйымдар мен жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Оларды ортақ мақсат – табиғатты қорғау және оны болашақ ұрпаққа сақтау идеясы біріктірді. Шара барысында құстарға арналған ұялар орнатылып, спорттық ойындар, флешмобтар мен экология тақырыбындағы пікірталастар өткізілді. Сонымен қатар, жаңа экологиялық идеялар талқыланып, қатысушылар ортақ шай дастарқанында бас қосты.Акцияны қолдау мақсатында «Семей орманы» ММ Бородулиха филиалының қызметкерлері құстарға арналған ұялар әзірлеп, ұсынды. Ал «Раушан» шаруа қожалығының басшысы Талғат Оразаев қатысушыларға табиғат аясында дайындалған хош иісті палау ұсынып, Екатерина Ситдыкова тәттілер мен ыстық шаймен қонақтарды қуантты.Ұйымдастырушылар шараға қатысқандардың барлығына ризашылықтарын білдіріп, мұндай бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/925022
Курчатов: қалалық инфрақұрылымды абаттандыру және жақсарту жөніндегі жоспарларды іске асыру 01.02.2025
Курчатов қаласының әкімдігі жыл бойы аула аумақтары мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бойынша белгіленген жоспарларды іске асыруда. Аймақтың географиялық ерекшеліктерімен байланысты қиындықтарға қарамастан 2024 жылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді.2024 жылы көпқабатты үйлердің аулаларында қураған ағаштарды санитарлық кесу жүргізілді. «Қазцинк» АҚ демеушілік қаражатына 4 аула аумағы жөнделіп, асфальт жабыны төселді. Орындықтар мен 3 балалар ойын алаңдары орнатылды. Кепілдік міндеттеме шеңберінде 7150 шаршы метр жолдың шұңқырын жөндеу орындалып, жол таңбалары сызылды. Білім беру мекемелері жанына қажетті жол белгілері қойылды.Бұдан бөлек Павлодар бағытындағы жолды қайта жаңғырту жұмысы басталып, 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Курчатов көшесіндегі жарықтандыру қайта жаңартылып, бағаналар мен шамдар ауыстырылды. Биыл «Ақылды қала» технологиясына көшу арқылы негізгі көшелерді жарықтандыруды толық жаңғырту жоспарланған.Сондай - ақ, тұрғындар жиі бас қосатын «Құрылысшылар аллеясы» мен «Ақ балкон» күрделі жөндеуден өтті. Ертіс өзенінің жағалауының бір бөлігі қосымша абаттандырылып, балалар ойын алаңы орнатылды. Орталық саябақта балалар алаңы салынып, субұрқаққа жаңа сорғылар алынды. Ағымдағы жылы «Орталық» және «Жастар» саябақтарындағы жұмыс аяқталады. Көпқабатты 5 үйдің қасбеті сырланды. 2025 жылы тағы 5 ғимаратты жаңарту жоспарда тұр.Сондай-ақ, биыл қалған 10 ауладағы жолдарды асфальттауды аяқтау, Ертіс өзенінің жағалауына дейін саябақты қайта жаңғырту және кеңейту, қаланың негізгі қиылыстарында бағдаршамдар орнату жоспарлануда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/925030
TOP-5: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ ІРІ МҰЗДЫҚТАРЫ 01.02.2025
1. ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ МҰЗДЫҚТАРЫҚазақстандағы мұздықтардың басым бөлігі Іле Алатауында орналасқан. Мұнда жалпы ауданы 140,732 шаршы шақырым болатын 470 мұздық бар.Мұздықтар Алматы қаласының маңайындағы өзендердің жағдайына әсер етеді, сондықтан да олардың экологиялық маңызы зор. Бұдан бөлек, Іле Алатауының мұздықтары альпинистер мен саяхатшылар арасында өте танымал туристік бағыт болып табылады.2. КОНСТИТУЦИЯ МҰЗДЫҒЫКонституция мұздығы - Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Жетісу Алатауында (немесе Тянь-Шаньның шығыс бөлігінде) орналасқан. Биіктігі 4500 метрден асады.Мұздықтың атауы 1993 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануына орай берілген. Ол аймақтағы өзендердің бастауы болып табылады және табиғатқа әсері үлкен. Бұдан бөлек, мұздық сирек кездесетін өсімдік түрлері мен жануарлар мекендейді табиғи қорық аумағында орналасқан.3. ТАУ-КЕН ИНСТИТУТЫНЫҢ МҰЗДЫҒЫТау-кен институтының мұздығы - Іле Алатауының солтүстік беткейінде, Алматы қаласының шығысында орналасқан. Мұздықты Алматыдағы Тау-кен институтының қызметкерлері зерттегендіктен білім ордасының атауы берілген. Ол Түрген өзені бассейніндегі ең үлкен мұздық болып саналады. Алаңы 3,786 шаршы шақырымға жуық.Тау-кен институтының мұздығы климаттық және географиялық зерттеулер үшін маңызды табиғи аймақ болып табылады. Оның көлемі мен жағдайы аймақтың экожүйесіне, сондай-ақ өзендердің қалыптасуына әсер етеді.4. ШОКАЛЬСКИЙ МҰЗДЫҒЫШокальский мұздығы Талғар өзенінің бассейнінде орналасқан ең ұзын мұздық болып табылады. Жалпы ұзындығы - 3,52 шақырым. Мұздық Орталық Азиядағы таулы және мұзды аймақтарды зерттеумен айналысқан әйгілі географ және альпинист Петр Шокальскийдің есімімен аталады.Шокальский мұздығы Іле Алатауы арқылы өтетін өзендер үшін су ресурстарының көзі болып табылады. Сондай-ақ, ол климаттық зерттеулер үшін де өте маңызды. Себебі, мұздықтың еруі мен өзгеруі арқылы аймақтың климаттық көрсеткіштері анықталады.5. ҮЛКЕН БЕРЕЛ МҰЗДЫҒЫҮлкен Берел мұздығы Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында орналасқан. Ол аймақтағы ең ірі мұздықтардың бірі, көлемі - 4,7 шаршы шақырым. Мұздық бірнеше өзен мен басқа да су нысандарының көзі болып табылғандықтан экологиялық және гидрологиялық маңызы зор.Өлшемдері мен географиялық орналасуына байланысты Үлкен Берел мұздығы ғылыми зерттеу нысанына айналды. Сонымен қатар, ол скиф билеушілерінің қорымы табылған Берел қорғаны мен басқа да археологиялық орындарға жақын орналасқан. Сол себепті мұздық альпинистермен қатар, туристер мен археологтар үшін де өте қызық.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/923770
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады 01.02.2025
Осыған орай Астанада 10-15 ақпан аралығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтеді. Министрлік су шаруашылығы саласында еңбек еткісі келетін жастарға су мамандықтары, білім беру бағдарламалары, кәсіби даярлық курстары жайлы толық ақпарат береді.Бұл жайлы «Іскерлік үзіліс» айдарында Ғылым және инновация департаменті Су шаруашылығындағы адам ресурстарын дамыту басқармасының басшысы Дидар Жәнібекұлы айтып берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/924815
Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарға шолу 01.02.2025
20.01.АСТАНАҚазақстанның 9 облысында гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару бойынша ұйымдар құрылды. Осылайша, еліміздегі мамандандырылған ұйымдардың жалпы саны 15-ке жетті.МАҢЫЗДЫ: Бүгінгі таңда Су ресурстары және ирригация министрлігі жаңадан ашылған ұйымдардың функцияларын, міндеттері мен өкілеттіктерін реттеу үшін нормативтi-құқықтық базаны жетілдіру жұмысын жүргізуде.22.01.АСТАНАҚазақстанның батысындағы екі ірі су қоймасы ұзақ жылдан соң алғаш рет жөнделді. Ақтөбе су қоймасына 36 жылда алғаш рет кешенді реконструкция жасалды. Ал, Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасы соңғы 58 жылда бірінші рет жөнделді.Қазақстанның 16 облысында жалпы ұзындығы 584 шақырым болатын 400-ге жуық бөгет жөнделді. Бұдан бөлек, 6 облыстың 84 елді мекенінде қорғаныс бөгеттері мен гидротехникалық құрылыстарды салу, реконструкциялау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл 359 мың адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынына дайындық аясында 1502 гидротехникалық құрылысты тексерді. Сондай-ақ, 105 гидроқұрылысқа көп факторлы зерттеу жүргізілуде.Қазақстан мен Ресей су тасқыны кезеңінде ақпарат алмасу жөнінде келісімге келді. Бүгінгі таңда жұмыс тобының құрамы, ережесі және 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.Жапон сарапшылары Қазақстанның 4 облысындағы 13 гидротехникалық құрылысты тексерді. Шетелдік мамандар су тасқыны кезінде өте үлкен көлемде су қабылдаған Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы нысандарды зерттеді.Қазақстанда су тасқынын болжау мен модельдеуге арналған 2 жүйе әзірленіп жатыр. «Tasqyn» жүйесі 135 өзен бойынша су тасқыны кезеңіне қатысты ұзақ мерзімді болжам алуға мүмкіндік береді. Ал, Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Нидерланд Су білім беру институты арасындағы меморандум аясында голландиялық Delft-Fews платформасына біріктірілген Talsim су тасқынын болжау жүйесі енгізілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/924824
Қазақстан мен Израиль су саласында ынтымақтастық орнатуда 01.02.2025
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Израильдің Dan Capital инвестициялық компаниясының басқарма төрағасы Шимон Бен Хамомен кездесті.Тараптар Қазақстанда гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады. Бүгінгі таңда израильдік инженерлер 4 су қоймасын қарап, оларды реконструкциялау бойынша ұсыныс берді.Тараптар Жамбыл облысындағы Ынтымақ су қоймасын жаңғырту және оның көлемін ұлғайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, министр заманауи су үнемдеу технологияларын енгізе отырып, Сарысу ауданының ирригациялық каналдарын жаңғыртуды ұсынды.Израиль инвесторлары қазақстандық компаниялармен бірлескен жобаны жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді. Сондай-ақ, шетелдік делегация Израильде «Қазсушар» мамандары үшін біліктілік арттыру курстарын ұйымдастыруды ұсынды.«Бұдан әрі талқылау бірлескен жұмыс тобы аясында жалғасады. Екі жақтың сарапшылары жобаның техникалық құрамдас бөлігін қарастырады. Сондай – ақ, жұмыс тобы біздің мамандардың біліктілігін арттыру курстарының бағыты мен тақырыбын анықтайды»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/924831
Еңбек адамы: Кутбанова Кайраткан. 43 жыл еңбек өтілі бар су бақылаушы маманы. 01.02.2025
Алматы облысындағы су шаруашылығын, ирригация және дренаж жүйелерін жобалау, пайдалану және басқару саласында мамандарды даярлайтын Гидромелиоративтік техникум колледжінде білім алған.Еңбек жолын 1985 жылы Шелек ауылындағы «Шелек суландыру» мекемесінде су бақылаушы болып бастады.Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау мәселелерінде маңызды шешімдер қабылдай отырып, өз ісінің үздігі болды.2024 жылы Республика күніне орай Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су шаруашылығы ардагері» төсбелгісімен марапатталды.Бүгінгі таңда Д.Қонаев атындағы ҮАК филиалының Бартоғай пайдалану бөлімшесінің инженер-гидрометрі болып жұмыс істейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/924967
КҮН САНЫ 01.02.2025
КҮН САНЫ Су тасқынына дайындық аясында жөнделген бөгеттер саны400-ге жуықАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/924968
Қазақстанда республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады 01.02.2025
«Көлік-логистика секторын дамыту – стратегиялық мәні айрықша басымдық. Еліміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Бұл – бізге әлемдік бәсекеде зор мүмкіндік беретін артықшылық. Біз кейінгі ұрпаққа жоғары сапалы авто және теміржолдарды қалдыруымыз керек» -Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті.2024 жылы құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарының жалпы көлемі 12 мың шақырым жолды құрады. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Жол құрылысы маусымында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғырту және жөндеу жобаларына 25 мыңнан астам адам мен 10 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.7 мың шақырым жолдың құрылысыаяқталды. Атап айтқанда, Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахан күре жолдарындақұрылыс жұмысы бітті. Жобаларды іске асыру көліктердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге, жол жүру уақытын едәуір қысқартуға, жолдың өткізу қабілетін арттыруға, ел аймақтары арасындағы көлік байланысын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.Әкімдіктер жергілікті маңызы бар 3,6 мың шақырымнан астам жолды пайдалануға берді. Жөндеу жұмыстарының ең көп көлемі Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарында орындалды. Қостанай облысында 655 шақырым жол, Солтүстік Қазақстан облысында 611 шақырым, Шығыс Қазақстан облысында 305 шақырым, Ақтөбе облысында 301 шақырым, Павлодар облысында 272 шақырым жұмыстары аяқталды.Жол-құрылыс маусымына 200-ден астам отандық компания қатысты. Жол-құрылысына пайдаланылған материалдардың ішінде отандық өнімнің үлесі шамамен 96%-ды құрады. Жүргізілген жұмыстардың арқасында жергілікті жолдардың нормативтік жағдайы ұлғайып, республика бойынша орта есеппен 89%-ға жетті. Салыстырамалы түрде 2019 жылы бұл көрсеткіш 68% құраған.Үш ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында Орталық Азиядағы ең ұзын деп танылған Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір, Түркістан облысындағы Шақпақ баба асуындағы қос жолды тоннел жәнеАлматы облысындағы Шамалған станциясындағы теміржол өткелі бар.Әр нысанның өз артықшылығы бар. Шығыс Қазақстан облысындағы жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайтын Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір жеті ауданды байланыстырады. Көпірді көлікпен өту уақыты 4 минутты құрайды.Түркістан облысындағы жалпы ұзындығы 840 метр құрайтын Шақпақ баба асуы арқылы тоннел қолайсыз ауа райына қарамастан үздіксіз әрі қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз етеді. Жоба «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі. Алматы облысындағы Шамалған станциясындағы өткелдің ұзындығы 6 шақырымды құрайды, теміржол өткелі көліктердіңқауіпсіз өтуіне мүмкіндік береді.2024 жылғы құрылыс маусымының қорытындысы бойынша Балқаш, Алакөл, Бөкей-Орда, Алтай, Баянауыл ұлттық паркі және т.б. туристік орындарға дейін көлік қозғалысыашылды.Қазақстанда жалпы ұзындығы 1100 шақырымқұрайтын үш ірі темір жол құрылысы жүзеге асырылуда: «Достық – Мойынты», «Алматы айналма темір жолы» және «Дарбаза – Мақтаарал» бар. Жобаларды жүзеге асыру қазақстандық өнімнің үздіксіз экспорттыкеңейтуге мүмкіндік беріп, елдің транзиттік әлеуетін арттырады. Биыл Достықтан Мойынтыға дейін теміржолдың құрылысы аяқталады. Учаскенің өткізу қабілеті 5 есе артады. Сонымен қатар, биыл Алматыны айналып өтуге мүмкіндік беретін темір жолдың құрылысы аяқталады. Бұл аймақтағы теміржол желілеріне түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді. «Дарбаза-Мақтаарал» жобасы Оңтүстік Қазақстан өңірін халықаралық транзиттік дәліздерге жалғайтын болады.2024 жылы 1400 шақырым теміржол жөнделіп, 143 вагон сатып алынды.Бүгінгі таңда осы темір жол жобаларын салу шеңберінде шамамен 2,7 мың жұмыс орны ашылып, 1,4 мыңнан астам техникажұмылдырылды. Теміржол желісін салу және қайта құру ел экономикасының дамуына серпін береді.Жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырымды құрайтын жаңа жол жобалар кезең-кезеңімен іске асырылады. Оның 3,7 мың шақырымы I санатты, ал қалған 1 мың шақырым II санатты жолдар болады. 2025 жылы құрылысы басталатын жобалар:• «Ақтөбе – Ұлғайсын» (234 шақырым),• «Қарағанды – Жезқазған» (572 шақырым),• «Сарыағаш қаласының айналма жолы» (102 шақырым),• «Қызылорда қаласының айналма жолы» (20 шақырым),• «Атырау – Доссор» (86 шақырым),• «Рудный қаласының айналма жолы» (16,9 шақырым),• «Жаңаөзен – Кендірлі» (156 шақырым),• «Петропавл қаласының айналма жолы» (8 шақырым).Бұл бастамаларды жүзеге асыру арқылы жергілікті бизнес пен кәсіпорындар дамиды. 2025 жылы жаңа жол жобаларын іске асыру аясында 31 мың жұмыс орны ашылып, қосымша инвестиция тартылады. Көпжолақты жолдар жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оларды азайтуға ықпал етеді.Теміржол және автомобиль жолдарын салу менқайта жаңарту іскерлік белсенділікті едәуір жақсартады, медициналық және білім беру мекемелеріне, азық-түлік дүкендеріне, мәдени орталықтарға және т.б. қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, азаматтардың жағдайын жақсартуға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/924699
Көлік министрі азаматтарды жеке қабылдады 01.02.2025
Азаматтарды қабылдау орталығының алаңында көлік ведомствосының басшысы Марат Қарабаев елорда және өңір тұрғындарын қабылдады.Тұрғындар инватакси санын ұлғайту, көлік инфрақұрылымын жақсарту, республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу мәселелерін қозғады.Кездесу қорытындысы бойынша барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/925133
«Alsera KZ» ЖШС Қазақстанда қуаттылығы жылына 155 мың тонна қызанақ өсіретін жылыжай кешенін салуды бастады 01.02.2025
Бүгін Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Аlarko Holding» компаниясы өкілдері, Шымкент қаласының әкімдігі арасында «Alsera KZ» ЖШС-мен инвестиция тарту туралы келісімге қол қойылды. Бұл «Қазақстанда жылыжай кешенін салу және пайдалану» жобасы аясында жүзеге асып отыр.Келіссөздерге сондай-ақ Түркия Республикасының Қазақстандағы Елшісі Мұстафа Капуджу, ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің және «Қазақ Инвест» ҰК өкілдері қатысты.«Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Түркия Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешендегі негізгі серіктестерінің бірі болып табылады. Бүгінге дейін өнімді қайта өңдеу және озық технологияларды енгізу бойынша бірқатар ірі бірлескен жобалар іске асырылды. Түрік компаниялары астық өңдеуге, ет-сүт өнеркәсібіне, жылыжай шаруашылығын дамытуға және суару жүйесіне белсенді инвестиция салуда.Бүгін «Alsera KZ» компаниясымен инвестициялық келісімге қол қойдық. Келісімде көзделген ұзақмерзімді міндеттемелер жобаның 25 жылға тұрақтылығын қамтамасыз етеді», – деп атап өтті ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.Түрік инвесторымен, «Alarko Holding» бас компаниясымен бірлескен жұмысты ҚР АШМ 2023 жылғы тамызда өзара Ынтымақтастық туралы Меморандумға және Жол картасына қол қоюмен бастаған еді. Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімдігі мен компания арасында меморандумға қол қойылды.Келісімшарт Шымкентте жылыжай кешенін салу және пайдалану жөніндегі жобаны іске асыруда өзара іс-қимылды көздейді.Кешен жылына 155 мың тонна қызанақ өсіруге қауқарлы. Жобаны іске асыру екі кезеңнен тұрады және жоспар бойынша 2028 жылы пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, 5000-ға дейін жұмыс орны құрылады.Жобаның жалпы құны 650 млн АҚШ долларын құрайды. Қаржы 100 пайыз шетелдік инвестор есебінен.Мемлекет тарапынан салықтық преференциялар мен қажетті инфрақұрылымды дамыту арқылы инвесторларға жан-жақты қолдау шаралары қарастырылады.Сондай-ақ, министр жобаның әлеуметтік бағытын атап өтті. Инвестор әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды, балалар алаңдарын, балабақшаларды салуды, аумақтарды көгалдандыруды бастауды жоспарлап отыр.«Бұл жоба тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болады. Сонымен қатар АӨК-ке одан әрі инвестиция тарту үшін жаңа көкжиектер ашуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық – тәжірибе алмасу, технологиялар мен аграрлық саладағы тауар айналымын ұлғайтуға жол ашады. Бірлескен күш-жігер екі елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететініне сенім мол», – деп атап өтті министр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/925040
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ 01.02.2025
Түркістан облысында транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында бірқатар ауқымды жобалар қолға алынған. Атап айтар болсақ, Түркістан-Шәуілдір бағытындағы 64,1 шақырым жолды кеңейту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл аталған жолдың 52,7 шақырымы пайдалануға берілмек. Жоба 2026 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Кентау қаласынан тікелей Жамбыл облысы мен Созақ ауданына және Түркістан халықаралық әуежайы мен Шымкент қаласына қатынайтын айналма жолдың құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілген.Облыста жол құрылысы саласын дамыту бойынша өзге де жобалар жоспарланып отыр. Мәселен, 2025-2027 жылдар аралығында Сарыағаш қаласында 102 шақырым айналма жолдың құрылысы бойынша бүгінгі таңда мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 2026-2028 жылдары Түркістан қаласында 30 шақырым шығыс айналма жолының құрылысы мен 48 шақырым Шымкент айналма жолының құрылысы басталмақ.Түркістан облысы Қазақстан мен Өзбекстан елдері арасындағы алтын көпірге айналған. Бүгінгі таңда қос мемлекет арасындағы «Қапланбек» және «Қазығұрт» кеден бекеттеріне жаңғырту жұмыстары аяқталу сатысында. Сәйкесінше, кеден бекеттеріне кіреберіс жолдарды да кеңейту жұмыстарын жүргізу мақсатында жоба әзірленуде. Аталған жобалар көліктік инфрақұрылымды дамытып, транзиттік әлеуеттің артуына оң әсер етеді.Өңірде ерекше маңызға ие тағы бір құрылыс нысаны «Дарбаза-Мақтаарал» жаңа теміржол желісін салу жобасы. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында нақты тапсырмалар беріп, өз бақылауына алған жоба - Сарыағаш өткізу пунктінің жүктемесін азайтып, Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарын байланыстырып, аудандарды дамытуға тың серпін бермек. Аталған жоба іске асырылған жағдайда, оңтүстік аудандардың экономикасы көтеріліп, транзиттік әлеуеті артпақ. Қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» АҚ тапсырысымен бас мердігер «Integra Construction KZ» ЖШС тарапынан жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.Облыстың транзиттік әлеуетін арттыруда Түркістан халықаралық әуежайының қосар үлесі ерекше. Бүгінде әуежай 3 халықаралық және 5 ішкі бағыттар бойынша қызмет көрсетуде. Рейстерді «Turkish Airlines», «Jazeera Airways», «Wizz Air» «Abu Dhabi», «Fly Arystan», «Qazaq Air» әуекомпаниялары орындайды. Әуежай аптасына 23 рейске қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, өңірде әуе жолдары арқылы жүк тасымалы да біршама артқан. Мәселен, 2023 жылы бұл көрсеткіш 57 тонна болса, 2024 жылы 553,4 тонна жүк тасымалданған.Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/925175
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙЛЫҚ 6 ЖАСАР ҚЫЗ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ 01.02.2025
Жетісай ауданында бүгінде спорт түрінің бренд ойындарының біріне айналған ақыл мен ой-өрісті дамытуға бағытталған шахмат ойынына қызығушылық танытушы ересектер мен балалардың, жасөспірімдердің қатары күн санап артып келеді.Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ жанынан өткен жылы ғана ашылған шахмат бөлімінде 4 жаттықтырушы ауданның 3 нүктесіне 56 қатысушымен қарқынды жұмыстар жүргізуде. Нәтиже де жаман емес.Жуырда ғана, яғни, 14–26 қаңтар аралығында Алматы қаласында шахматтан жасөспірімдер арасында өткен ҚР чемпионатында «Жетісай спорт клубы» мекемесінің спортшысы, 6 жасар Раяна Абайқызы классикалық шахматтан ел чемпионы атанды.Адам баласының дүниетанымын кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын, зейінділікті шыңдай отырып әр алуан варианттарды жылдам әрі дәл есептей білуге үйрететін, жеңіске жетуге деген ерік-жігерді қалыптастыруға және басқа да моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектесетін шахмат жарысына еліміздің барлық облыстарынан 980 шахматшы қатысты.«Жетісай спорт клубы» мекемесінде Абдуғазиз Балтабаевтың қарамағында жаттығатын Раяна өткен жылдың желтоқсанында Түркістан қаласында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен шахматтан жасөспірімдер арасында өткен Түркістан облысының чемпионатында G6 категориясы бойынша да чемпион атанған болатын. Енді Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/925178
Даурен Оразбеков Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы міндетін атқарушы болып тағайындалды 01.02.2025
ҚР ТЖМ бұйрығымен Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы міндетін атқарушы болып подполковник Даурен Оразбеков тағайындалды. Бұйрық 2025 жылғы 25 қаңтарда қол қойылды.Даурен Оразбеков 1981 жылы 15 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Үржар ауылында дүниеге келген. «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.Ол өз мансабын 2008 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесіне тыңдаушы болып қабылданғаннан кейін ішкі істер органдарында бастады. Әр жылдары жол-патрульдік полициясында жауапты қызметтерді атқарып, өз ісінің кәсіби маманы ретінде танылды.2019-2024 жылдары Даурен Оразбеков полиция және ҚР ТЖМ бөлімшелерінде, соның ішінде ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы бастығының орынбасары ретінде бірнеше негізгі лауазымдарды атқарған.2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы бастығының міндетін атқарушы болды, ал 2025 жылғы 25 қаңтардан бастап Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы міндетін атқарушы болып тағайындалды.ҚР ТЖМ Даурен Оразбековтың жоғары кәсібилігін және көпжылдық тәжірибесін атап өтіп, оның департамент жұмысын ұйымдастыруда, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және төтенше жағдайлардың алдын алуда тиімді шешімдер қабылдайтынына сенім білдіреді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/924755
Алматыда 2024 жылы 118 көппәтерлі үй және 54 ғимараттың лифтісі жаңартылды 01.02.2025
2011-2024 жылдар аралығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2266 көппәтерлі тұрғын үй (КТҮ) қамтылды, оның ішінде 1188 үй шатырды, қасбеттерді, кіреберістерді қалпына келтіруді, сондай-ақ инженерлік желілер мен электрмен жабдықтауды жаңартуды қоса алғанда, күрделі жөндеуден өтті.Сонымен қатар, 1078 үйде 2257 лифт ауыстырылды, бұл тұрғындар үшін жайлылық пен қауіпсіздікті едәуір арттырды. Бұл өзгерістер қала тұрғындарының өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға ықпал етіп, оларды жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру жағдайымен қамтамасыз етті.Өткен жылы бағдарлама аясында 118 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ 54 үйде 100 бірлік лифт жабдығы ауыстырылды.Бағдарлама ескі тұрғын үйлердің қызмет ету мерзімін ұзартуға ғана емес, сонымен қатар энергия тиімділігін арттыруға және коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.ТКШ жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы аясында үйлердің тұрғындары жөндеу жұмыстарының барлық түрлері қарастырылған өтінім бере алады. Ол үшін сайлаушылардың 51% дауысын жинап, өтініш беру керек. Жөндеу құны коммуналдық төлемдерге кіреді және қайтарымды негізде мемлекет өтейді.Райымбек, 245 мекенжайы бойынша жаңарту бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілді, оған сылақты сұйық мәрмәрмен ауыстыру, қабырғаларды бояу, едендерді жаңарту және ескі плиткаларды ауыстыру кірді.«Жөндеу өте заманауи және сапалы болды, біз жұмыс бағдарламасына ризамыз», - деп атап өтті «245 үйдің» ОСК басқарма төрағасы Әсем Қасенова әрі командаға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп.https://www.instagram.com/reel/DEfy2RdM997/?igsh=aXprMTNieTYxMXlp «Тұрғын үй» бағдарламасының жұмысы мен нәтижелерімен Instagram-дағы парақшасында үнемі бөлісіліп тұрады, онда күрделі жөндеуден өткен пәтерлердің, үйлердің көптеген иелері өздерінің өмір сүру жағдайларында айтарлықтай жақсарғанын атап өтуге болады.Instagram: https://www.instagram.com/almaty_turgin_uy?igsh=dXV0dWFtNmV6YzZm 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасына қалай қатысуға болады?* Басқару органының өтініші.* Жиналғандардың 51% келісімімен жиналыс хаттамасы.* Ақаулы акт және алдын ала смета.* Меншік құқығы туралы анықтама.* Пәтерлердің ауданы көрсетілген құжат.* Басқару органының құрылтай құжаттары.* Үйдің техникалық паспортының көшірмесі.* Құжаттарды үйіңіздің басқару органына тапсыру.Өтініш бергеннен кейін мамандар ғимараттың жағдайын бағалайды және жаңарту нұсқаларын ұсынады.Бағдарламаның артықшылықтары: кепілсіз 15 жылға дейін бөліп төлеу, үйдің жағдайын жақсарту, коммуналдық шығындарды азайту, жылжымайтын мүлік құнын арттыру.Кеңес беру үшін байланыс:Телефон: +7 727 225 14 62WhatsApp: +7 (701) 823-66-67Мекенжайы: Алматы қ., Ғабдуллин көшесі, 90А, 8 кабинет.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/925135
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі 01.02.2025
Жеңіл атлетика: Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде World Athletics Indoor Tour Gold сериясы аясында өткен Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes турнирінде отандастарымыз екі қола жүлде жеңіп алды. Универсиада-2025: Италияның Турин қаласында өткен қысқы Универсиадада Қазақстан құрамасының студенттері 14 медаль (3 алтын,4 күміс, 7 қола) олжалап, жалпыкомандалық есепте 12-орынға ие болды. Фристайл-могул: Юлия Галышева АҚШ-тың Уотервилл қаласында ұйымдастырылған Әлем кубогі кезеңінде қола жүлдеге қол жеткізді. Әйелдер күресі: Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқанИван Ярыгин мемориалында біздің палуандар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды. Жағажай волейболы: Шри-Ланкадағы Негомбо қаласында мәресіне жеткен жағажай волейболынан орталық Азия аумағының чемпионатында Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко жұбы топ жарса, ерлер арасында Кирилл Гурин мен Абдулмаджид Мұхаммад жұбы қола жүлдегер атанды. Каратэ: Франция астанасы Парижде аяқталған WKF каратэденПремьер-лига 1 санатындағы жарыста біздің спортшылар 5 медаль жеңіп алды. Конькимен жүгіру: Канаданың Калгари қаласында өткен конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңінде командалық спринтте бақ сынаған Кристина Силаева, Дарья Важенина мен Надежда Морозова үштігі 1:26.36 секунд уақыт көрсеткішімен қола медаль еншіледі. Теннис: Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Түркияның Анталия қаласында өткен ITF W15 турнирінде үздік шықты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/924878