Әлем
Қазақстанда гранит бордюр мен төсеме плиталарының өндірісі 30%-ға өсті 20.01.2026
Ішкі нарықты қорғау, сертификаттауды күшейту және мемлекеттік бақылауды арттыруға бағытталған шаралар кешені табиғи тастан жасалған бұйымдар өндірісінің көлемін айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік берді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда гранит бордюр мен төсеуге арналған плиталардың өндірісі 30%-ға артты. Өсімнің негізгі факторы отандық өндірушілерді қолдауға және талаптарға сай келмейтін өнім айналымының жолын кесуге бағытталған реттеушілік және қорғаныш шараларының кешенді пакетін енгізу болды. Атап айтқанда, 2025 жылы үшінші елдерден тас өнімдерінің жекелеген түрлерін әкелуге үш айлық уақытша тыйым салынып, бұл сұранысты қазақстандық кәсіпорындардың өнімі пайдасына қайта бөлуге ықпал етті. Саланың дамуына жүйелі негіз 2020 жылы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті бекіткен ҚР СТ 3619 «Табиғи тастан жасалған бұйымдар. Жалпы техникалық шарттар» ұлттық стандартын қабылдау арқылы қаланды. Құжат табиғи тастан жасалған бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігіне бірыңғай талаптар белгілеп, саладағы техникалық реттеудің базалық құралына айналды. Бақылауды қосымша күшейту 2023 жылғы 9 маусымдағы № 435 бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті қабылданғаннан кейін қамтамасыз етілді. Аталған регламент табиғи тастан жасалған бұйымдарды ұлттық стандарт талаптарына сәйкестігін міндетті сертификаттаудан өткізу мен сынақ жүргізуді көздейді. 2025 жылы ішкі нарықты қорғау шаралары табиғи тастан жасалған брусчатканы, бордюр тастарын және төсеме плиталарын, сондай-ақ өңделген граниттің жекелеген түрлерін әкелуге тыйым салу есебінен кеңейтілді (ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 342 бұйрығы). Шектеу барлық көлік түрлері арқылы жеткізілімдерге қолданылып, уақытша сипатта болды. Сонымен қатар өнімді бақылау мақсатында «бақылау сатып алуы» рәсімі енгізіліп, талапқа сай келмейтін бұйымдардың айналымға шығарылуына жол бермеуге бағытталған жедел әрекет ету шаралары іске асырылды. Сәйкестікті бағалау қағидаларына да елеулі өзгерістер енгізілді: өнімді техникалық реттеу саласына жатқызу тәртібі жүйеленді, «бас тарту хаттарының» орнына электрондық сәйкестендіру актілерінің тізілімі енгізілді, сондай-ақ табиғи тастан жасалған бұйымдарға сәйкестік сертификаттарында көрсетілуге тиіс міндетті мәліметтердің тізбесі кеңейтілді. Атап айтқанда, Қазақстанның тас өңдеу өнеркәсібі – серпінді дамып келе жатқан және экспортқа бағдарланған, айтарлықтай шикізаттық әлеуеті бар сала. Тәуелсіздік жылдарында елде гранит, мәрмәр, травертин және басқа да тас түрлерінен бұйым шығаратын, жаңа жабдықтармен жарақтандырылған заманауи отандық кәсіпорындар құрылды. Қазақстандық кен орындарындағы өндірістерді дамыту мен жаңғыртуға елеулі инвестициялар бағытталды. ҚР СЖжРА ҰСБ деректері бойынша табиғи тастан (сланцтан басқа) жасалған брусчатка, бордюр тастары және төсеме плиталарының отандық өндірісі ішкі нарық қажеттілігінің 91%-ын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта «Даму» қоры арқылы мемлекеттік қолдау шеңберінде, оның ішінде қарыз қаражатын тарту арқылы кристалдық мәрмәр өндіретін зауыт салынуда. Қазақстанда өндірілетін өнім, оның ішінде қаптау материалдары, ішкі нарықтың және импорттаушы елдердің талаптарына толық сәйкес келеді. Ол бірқатар ірі инфрақұрылымдық және имидждік жобаларда қолданылып, шетелде тұрақты сұранысқа ие. Қазақстандық табиғи тас бұйымдарының экспорты өңір елдеріне жүзеге асырылады. Ведомстволардың мәлімдеуінше, отандық өндірісті одан әрі дамыту Қазақстанның тас өңдеу индустриясына қосымша серпін беріп, Түркия, Қытай және Иран сияқты елдердің тәжірибесі бойынша өсімге жағдай қалыптастыра алады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm/press/news/details/1144343?lang=kk
ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ 20.01.2026
Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр. Жиында Президент ұлттық рухани-мәдени мұраны сақтау, зерделеу және халықаралық деңгейде таныту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ұлттық құрылтайда бұған дейін көтерілген бастамалар аясында нақты нәтижелерге қол жеткізілген. Атап айтқанда, 14 жылда алғаш рет аса құнды «Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізілгенін атап өтті. Сонымен қатар биыл Корея Республикасының Пусан қаласында өтетін Бүкіләлемдік мұралар комитетінің отырысында «Маңғыстаудың жерасты мешіттерін» ЮНЕСКО тізіміне қосу мәселесі қаралатынын айтты.Мемлекет басшысы Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраларды ЮНЕСКО тізіміне енгізу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатқан 25 елдің қатарына кіретінін айтып, бұл жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті. Оның сөзінше, төл тарихты терең зерделеу мен мәдениетті өркендету – үздіксіз жүргізілуі тиіс маңызды міндет.Президент еліміздегі бірегей тарихи нысандарға да тоқталды. Ол Жаркент мешіті мен Алматыдағы Вознесенск кафедралды шіркеуін татулық пен бірліктің нақты көрінісі ретінде атап өтті. Сондай-ақ Қаратау петроглифтерінің төрт мың жылдық тарихы бар екенін, Қызылорда мен Түркістан облыстарынан табылған 17 мыңнан астам петроглиф ұлттық өркениеттің терең тамырын айқындайтынын айтты. Осы құнды мұраларды ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу үшін тиісті министрлікке нақты тапсырма берді.Қасым-Жомарт Тоқаев Абай ілімінің ұлттық бірегейліктің өзегі болуы тиіс екенін атап өтіп, ұлы ойшылдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енгізу қажеттігін айтты. Сонымен қатар Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи және Абай ілімдерін жүйелі түрде насихаттайтын ғылыми жиындарды тұрақты өткізу маңызды екенін жеткізді. Президент бұл мұралар қазақ халқының рухани-философиялық тірегі екенін атап өтті.Жиында ғылым саласын дамыту мәселесіне де назар аударылды. Мемлекет басшысы философия, әлеуметтану, саясаттану бағыттарын ілгерілету және қоғамдық-саяси ой-пікірлердің көптомдығын әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды қолдайтынын айтты. Сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелері онлайн платформалар арқылы баршаға қолжетімді болуы қажет екенін атап өтті. Президент Астана мен Алматыда салынатын президенттік кітапханалар ұлттық тарих пен мәдениетті дәріптейтін ірі орталыққа айналуы тиіс екенін жеткізді.Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект дамыған заманда ұлттық бірегейлікті сақтау аса өзекті екенін айтты. Ол «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру идеясын қолдайтынын жеткізіп, бұл бастама тарихи мұраны сақтап, ғылыми тұрғыдан терең зерделеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Сонымен қатар Президент соңғы жылдары тарихи мұраны насихаттау бағытында қол жеткізілген жетістіктерге тоқталып, Жошы хан туралы көпсериялы деректі фильмнің түсірілімі аяқталуға жақын екенін айтты. Бұл жоба Алтын Орда тарихын халықаралық деңгейде дәріптеуге бағытталған. Осы тақырыпты терең зерттеу мақсатында мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум өтетінін мәлімдеді.
ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ 20.01.2026
Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр. Жиында Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесі және мәдениет пен өнер саласындағы басым бағыттар туралы сөз сөйледі.Мемлекет басшысы Қазақстанның өткен жылды табысты аяқтағанын атап өтті. Оның айтуынша, 2024 жылы ел экономикасы 6,5 пайызға өсіп, ішкі жалпы өнім 300 миллиард доллардан асты. Ал жан басына шаққандағы ІЖӨ Тәуелсіздік тарихында алғаш рет 15 мың долларға жетіп, Орталық Азия бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелген. Сондай-ақ Ұлттық қордың валюталық активтері 5 миллиард долларға ұлғайып, алтын-валюта қоры 65 миллиард доллардан асқан.Президент шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайызға жақындағанын, халық саны 20,5 миллионға жеткенін, ал орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа дейін артқанын айтты. Ең басты жетістік ретінде қоғамдағы өзгерістер мен реформалардың тұрақты сипат алғанын атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың ел өміріндегі маңызына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, соңғы төрт жылда құрылтай мүшелерінің бастамасымен 26 заң қабылданған. Бұл реформалардың нақты нәтижеге бағытталғанын көрсетеді. Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, лудомания мен нашақорлыққа қарсы күрес, ономастика саласын реттеу және еңбек адамдарының мәртебесін арттыру бағытында маңызды қадамдар жасалған.Сонымен қатар Президент өткен жылы елдің ішкі саясатының негізгі қағидаттары мен құндылықтары бекітілгенін айтып, бұл құжатты алдағы уақытта басты басымдық ретінде іске асыру қажеттігін атап өтті.Жиында Мемлекет басшысы мәдениет пен өнер мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағытының бірі екенін айтты. Оның сөзінше, қоғам санасы жаңғырмайынша реформалар толық нәтиже бермейді. Осыған байланысты алдағы жылдары мәдениет саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылмақ. Алматы, Абай, Ақтөбе облыстарында жаңа театрлар салу, Шымкентте опера және балет театрының құрылысын бастау жоспарланған.Президент Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай ғимараттың күрделі жөндеуден өтетінін, сондай-ақ Наталья Сац атындағы театрдың жаңғыртылатынын айтты. Алдағы екі жылда ел бойынша 100-ден астам мәдениет нысаны жөнделмек.Қызылордадағы жаңа тарихи-өлкетану музейінің жұмысын жоғары бағалаған Мемлекет басшысы бұл тәжірибені басқа өңірлерге үлгі етуге болатынын атап өтті. Сонымен бірге Қызылордада жаңа драма театры мен заманауи кітапхана салу жоспарланғанын жеткізді.Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың ел дамуына қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті. Президент қазіргі қазақ өнері мен киносының халықаралық деңгейде жоғары бағаланып отырғанын айтып, жас ұрпақтың ұлттық бірегейлікті әлемге танытуы зор мақтаныш екенін жеткізді. Мемлекет басшысы жастарға жан-жақты қолдау көрсету алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.
ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ 20.01.2026
Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтті. Жиында Президент Сыр өңірінің тарихи, рухани және әлеуметтік-экономикалық маңызына кеңінен тоқталды.Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың алдыңғы отырыстары Ұлытау, Түркістан, Атырау және Көкшетау қалаларында өткенін еске сала отырып, Қызылорданың халқымыз үшін орны ерекше аймақ екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, «Сыр – Алаштың анасы» деген сөз бұл өңірдің ел тарихындағы айрықша рөлін айқын көрсетеді. Ол Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ секілді көне қалалардың орны қазақ жерінде ерте замандардан дамыған қала мәдениеті болғанын дәлелдейтінін айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорданың бір ғасыр бұрын Қазақстан астанасы болғанын еске алып, бұл жерде мемлекет болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті. Сондай-ақ Сыр бойының жыраулық, жыршылық және күйшілік өнердің ірі орталығы екенін, Жиенбай, Нұртуған, Нартай сынды өнер майталмандары шыққан өңір екенін айтты.Президент Сыр өңірінің еңбек адамдарына бай екенін атап өтіп, Кеңес дәуірінде бұл аймақтан 100-ге жуық Еңбек Ері шыққанын, ал әйгілі күрішші Ыбырай Жақаевтың ерен еңбектің символына айналғанын айтты.Жиында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына да тоқталды. Мемлекет басшысы соңғы жылдары Қызылорда облысының ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өскенін, үш жылда өңірге шамамен 2 триллион теңге инвестиция тартылғанын айтты. Былтыр 27 инвестициялық жоба іске асырылған. Оның ішінде жаңа жылу электр орталығының іске қосылуы өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырғанын атап өтті.Сонымен қатар облыс тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілгенін, халықтың 80 пайызы газбен қамтылғанын, жол-көлік, әуе және теміржол инфрақұрылымының жаңғыртылып жатқанын айтты. Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалы ашылып, Қызылордадағы теміржол вокзалы жөндеуден өткен.Президент әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар екенін атап өтті. Соңғы үш жылда облыста ондаған білім беру, мәдениет, спорт және медицина нысандары салынған. Қазіргі таңда Қызылордада 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүріп жатыр, алдағы уақытта жаңа емхана мен перзентхана бой көтермек.Сөз соңында Мемлекет басшысы Арал теңізі мәселесіне арнайы тоқталып, Солтүстік Аралды сақтау бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесін атап өтті. Көкарал бөгетін биіктету жобасы іске асырылатынын айтып, су ресурстарын тиімді пайдалану үшін көрші елдермен келісімдер маңызды екенін жеткізді. Президент Аралмен қатар Каспий, Балқаш және Ертіс тағдыры да аймақаралық келісімдерге байланысты екенін атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын айтып, өңірдегі оң өзгерістерді облыс басшылығының жүйелі жұмысының нәтижесі ретінде бағалады.
«Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында Алматыда микро және шағын кәсіпкерліктің 659 жобасына қолдау көрсетілді 20.01.2026
«Алматы» ӘКК» АҚ-ның еншілес ұйымы — «МҚҰ «Almaty» ЖШС 2025 жылы «Almaty Business – 2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында Алматының шағын және микро бизнесіне 72 жеңілдетілген несие берді. Жаңадан бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер бизнесін дамыту үшін жылдық 2% және 6% жеңілдетілген мөлшерлемемен қаржы алды.Өткен жылы берілген несиелердің жалпы көлемі 3,2 млрд теңгеден асты. Бір қарыз алушыға берілетін қаржыландыру лимиті 78,64 млн теңге, ал ең жоғары несиелеу мерзімі 7 жыл болды.Салалық тұрғыда ең көп қаржыландырылған жобалар өндіріс және қайта өңдеу саласына тиесілі — бұл барлық қолдау тапқан жобалардың 32%-ы. Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету саласындағы жобалар – 24% және денсаулық сақтау – 21% болды. Бұдан кейін білім беру – 8%, креативті экономика – 7%, сондай-ақ туризм мен спорт – әрқайсысы 4% болды.«Almaty Business – 2025» бағдарламасы 2019 жылы іске қосылғалы бері «МҚҰ «Almaty» Алматыда жалпы сомасы 16,5 млрд теңге болатын 659 жобаны қаржыландырды. Әсіресе, ең үлкен қолдау өндірістік жобаларға – 29% және денсаулық сақтау саласындағы жобаларға – 16% бағытталды. Қаржыландырудың тағы 10%-ы әлеуметтік кәсіпкерлікке тиесілі, бұл жобалар жылдық 2% ең төменгі жеңілдетілген мөлшерлемемен несие алды.Аумақтық бөліністе ең көп жоба Бостандық ауданында қолдау тапты — 141 несие. Одан кейін Алатау ауданы — 110, Алмалы — 88, Медеу — 80, Әуезов — 77, Наурызбай — 67, Жетісу — 49 және Түрксіб — 47.МФО «Almaty»-дің жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында қалада шамамен 3 000 жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша қарыз алушылар бизнесін дамыту есебінен бюджетке шамамен 3 млрд теңге салық төледі.Қазіргі уақытта «Almaty Business» бағдарламасын ұзарту мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы қосымша хабарланады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1144331?lang=kk
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Налайх ауданының әкімі Д.Наянбаярмен келіссөздер өткізді 20.01.2026
Ұлан-Батыр, 2026 жылғы 16 қаңтар – Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Налайх ауданына жұмыс сапарымен барып, әкім Д.Наянбаярмен кездесті.Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, инвестициялық өзара іс-қимылды жандандыру, ауыл шаруашылығы, туризм және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері, өзара қызығушылық тудыратын өзге де бағыттар бойынша ынтымақтастықтың әлеуеті қарастырылды.Кездесу аясында қалалар арасында әріптестік байланыстар орнату мүмкіндігі жөнінде пікір алмасылып, түрлі іс-шараларды, оның ішінде Наурыз мейрамын бірлесіп өткізудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тұрақты байланыста болып, өзара тиімді әрі тығыз ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ulaanbaatar/press/news/details/1144316?lang=kk
Тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану ережелері 20.01.2026
Тұрмыста газды қауіпсіз пайдалану ережелері Газ тұрмыста кеңінен қолданылатын, бірақ аса мұқияттықты қажет ететін энергия көзі. Газбен дұрыс қолданбау адамның денсаулығына және өміріне қауіпті жағдай туғызуы мүмкін. Газды қауіпсіз пайдалану үшін төмендегі ережелерді сақтаңыз:1. Жалпы ережелерГаз құрылғыларын (плита, газ колонкасы, қазандық) тек мамандандырылған қызмет көрсететін мекемелер орнатуы тиіс.Газ жабдықтарын пайдалану алдында түтін тарту жолын (тартқышты) тексеріңіз.Жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз.Газ плитасының үстіне киім кептіруге және оны бөлмені жылыту үшін қолдануға болмайды.Жанғыш заттарды газ құрылғыларының қасында сақтамаңыз.2. Газдың иісі шыққанда не істеу керек?Газ шүмегін дереу жабыңыз.Терезелерді ашып, бөлмені желдетіңіз.Электр құралдарын қоспаңыз және от жақпаңыз.Үйден шығып, 104 нөміріне хабарласыңыз.3. Құрылғыларды тексеру және қызмет көрсетуГаз құрылғыларын жылына кемінде бір рет мамандарға тексертіңіз.Газ тұтыну жабдықтарын пайдалану кезінде газдан ажырату автоматикасымен табиғи және тұншықтыру газдың шығуын сезетін сигнал беруші датчигін орнатыңыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-zhanaozen/press/news/details/1144273?lang=kk
Навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау енгізіледі 20.01.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «2022 жылғы 19 сәуірдегі ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы Келісімге сәйкес тасымалдарды қадағалауды енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі №84 шешіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап екі немесе одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы өткізілетін тауарларға қатысты навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау енгізілетінін хабарлайды.Навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау кедендік транзит және экспорт кедендік рәсімдері кезінде, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасы шеңберінде автомобиль және теміржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кезең-кезеңімен енгізілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1144262?lang=kk
Қазақстан мен Мысыр денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті 20.01.2026
Каир, 2026 жылғы 13 қаңтар – Қазақстанның Елшісі Асқар Жеңіс Мысыр Араб Республикасы Премьер-министрінің Адам дамуы жөніндегі орынбасары – Денсаулық сақтау және халық саны министрі Халед Абдел-Ғаффармен кездесті.Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықты қалыптастырудың маңыздылығына аса назар аударды.Атап айтқанда, тараптар денсаулық сақтау мен медицинаның дәстүрлi медицина, фармацевтика, эпидемиология және т.б. сияқты басқа да көптеген салаларында ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.Оған қоса тараптар медициналық салада білікті мамандар, ғалымдар арасында тәжірибе алмасу, конференциялар мен көрмелер аясында маңызды iндет аурулары туралы ақпараттармен және деректермен бөлісу маңыздылығы мен мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.Осы ретте, екі елдің белгілі медицина саласының ғалымдарының арасында тығыз ынтымақтастық орнату мақсатында, оның ішінде күрделі отау жасау мамандары арасында тәжірибе алмасуды ұдайы түрде жүргізу мәселелерін талқылады.Сонымен қатар Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялағанын жеткізіп, елде жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасына және көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыру бойынша жұмыстардың тапсырылғанын хабардар етті.Қазақ дипломаты елімізде дәрігердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін нақты шаралар қабылданып жатқандығы туралы толыққанды ақпарат берді.Өз кезегінде, Х.Абдел-Ғаффар қазақ тарапының ұсыныстарына өзінің қызығушылығын таныта отырып, оларды бірлесе іске асыруда барынша қолғабыс көрсетуге дайын екенін жеткізді және мұндай бастамалар мен келісімдердің сәтті болатынына сенімін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-cairo/press/news/details/1144239?lang=kk
Қазақстан-Армения ынтамақтастығы: келісімдерді іске асыруға және нақты нәтижелерге басты назар 20.01.2026
Ереван, 2026 жылғы 16 қаңтар - Қазақстанның Армениядағы Елшісі Болат Иманбаев Армения Республикасының Вице-премьері, Қазақстан-Армения үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының тең төрағасы Мгер Григорянмен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар сенім, өзара құрмет және прагматизм рухында дамып келе жатқан екіжақты қатынастардың серпінді сипатын атап өтті. 2025 жылы елдер арасында орнатылған стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілген қарым-қатынас екіжақты форматта да, халықаралық ұйымдар шеңберінде де ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге берік негіз және қосымша мүмкіндіктер қалыптастыратыны ерекше атап өтілді.Сұхбаттасушылар Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянның Қазақстан Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға бағытталған алдағы қадамдар мен практикалық шараларды талқылады. Осы орайда, Қазақстан-Армения үкіметаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының 11-отырысының шешімдерін орындау барысы жөнінде пікір алмасу өтті.Сонымен бірге, тараптар, ағымдағы жылға арналған екіжақты күн тәртібінің басым бағыттарын және оларды іске асыру тәсілдерін қарастырды. Атап айтқанда, өзара тауар айналымын одан әрі ұлғайту, инвестициялық белсенділікті ынталандыру, өнеркәсіптік және технологиялық кооперацияны кеңейту, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мен цифрлық экономика салаларындағы бірлескен жобаларды нақты нәтижелерге қол жеткізуге басымдық бере отырып ілгерілету міндеттері белгіленді. Осы тұрғыда бірлескен үкіметаралық комиссияның практикалық өзара іс-қимылды үйлестіру және шешімдер әзірлеудің тиімді құралы ретіндегі маңызды рөлі атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы достық байланыстарды жүйелі түрде дамытуға бағытталған бірлескен жұмысты жандандыруға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/1144208?lang=kk
Қостанай облысының жас робототехниктері әлемдік аренада 20.01.2026
2025 жылы Қытай Халық Республикасының Уси қаласында өткен World Robot Contest Final (WRCF) дүниежүзілік роботтар байқауының финалы әлемнің әр түкпірінен келген жас өнертапқыштарды бір алаңға жинады. Аталған беделді халықаралық жарыста Қазақстан Республикасының атынан қатысқан жас робототехниктер жоғары деңгейде өнер көрсетті.Атап айтқанда, Қостанай облысы Амангелді ауданы Амантоғай орта мектебінің оқушылары - Әубәкір Хақназар мен Дүйсенбай Бекнұр аталған байқауға қатысып, өздерінің инженерлік жобаларын сәтті қорғады. Олар «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы жанындағы «РобоШеберхана» үйірмесінің тәрбиеленушілері. Оқушыларды халықаралық додаға үйірме жетекшісі Жетібаева Лаура Ерболқызы дайындады.Халықаралық байқау барысында қатысушылар робототехника саласындағы теориялық білімдерін, практикалық дағдыларын, инженерлік ойлау қабілеттерін және командамен жұмыс істеу мәдениетін көрсетті. Қазылар алқасы жобалардың техникалық шешімдеріне, жаңашылдығына және орындалу сапасына ерекше назар аударды.Бұл жетістік - жас жеткіншектердің тынымсыз еңбегінің, жетекшінің кәсіби шеберлігінің, сондай-ақ ата-аналар мен білім ордасының жан-жақты қолдауының нәтижесі. Осындай байқаулар оқушылардың ғылым мен технологияға деген қызығушылығын арттырып, елдің инновациялық дамуына серпін береді.Қостанай облысының жас робототехниктерінің жетістігі - өңір ғана емес, тұтас ел мерейін үстем еткен маңызды нәтиже. Алдағы уақытта да «РобоШеберхана» үйірмесінің тәрбиеленушілері жаңа белестерді бағындырып, халықаралық ареналарда Қазақстанның абыройын асқақтата береді деген сенім мол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1144230?lang=kk
«Халықтық бухгалтер» акциясы аясындағы Ашық есік күні 20.01.2026
2026 жылғы 02 ақпан Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының алаңында республикалық «Халықтық бухгалтер» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысы тұрғындары үшін Ашық есік күні өткізілді.Іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері ПОБ «Учёт» кәсіби бухгалтері Светлана Осикова қатысуымен салық төлеушілерге консультативтік көмек көрсетті.Мемлекеттік кірістер органдарының мамандары жаңа Салық кодексінің ережелерін, салықтық есептілікті тапсыру тәртібін, арнайы салық режимдері бойынша өтпелі нормаларды, ҚҚС бойынша тіркеу және тіркеуден шығару мәселелерін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндірді.Іс-шара барысында өзін-өзі жұмыспен қамту режиміне көшу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар тіркеу тәртібі, салық салу және салықтық міндеттемелерді орындау бойынша толыққанды түсіндірмелер мен жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар алды.Іс-шара соңында қатысушылар мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне көрсетілген кәсіби кеңестер мен қолдау үшін алғыстарын білдірді.Акция 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Салық төлеушілерге арналған консультациялар бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіледі:қаңтар–ақпан айларында — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін; наурыз айынан бастап — аптасына екі рет.Консультациялар мына мекенжай бойынша өткізіледі: Өскемен қ., Н. Назарбаев даңғылы, 86, 3-қабат, Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.Облыстың басқа қалалары мен аудандарының салық төлеушілері үшін бейнебайланыс арқылы консультация алу мүмкіндігі қарастырылған. Байланыс нөмірі: 8 771 123 80 84.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1153923?lang=kk
Қазақстан шикізаттық емес экспортты жүйелі басқаруға көшуде 20.01.2026
Қазақстан 2028 жылға қарай күнбағыс майын әлемдегі жетекші топ-3 экспорттаушы елдің қатарына еніп, май-тоңмай саласы өнімдерінің экспорт көлемін 1 млрд АҚШ долларынан асыруға ниетті. Осы мақсатта ел экспортты қолдаудың жекелеген шараларынан жүйелі салалық басқару моделіне көшіп, шикізат базасынан бастап өңдеу, логистика және мақсатты нарыққа дейінгі толық экспорттық тізбектерді қалыптастыруға бағыт алды. Астанада биылғы жылғы шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі Экспорттық штабтың алғашқы отырысы өтті. Жиын ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабековтің төрағалығымен ұйымдастырылды. Отырыста агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің экспортын дамытуға арналған жаңа тәсілдер және қазақстандық өндірушілердің сыртқы нарыққа шығу барысында кездесетін жүйелі кедергілерді жою мәселелері талқыланды. 2025 жылы Экспорттық штабтың қызметі сапалық тұрғыдан жаңа форматқа өтті. Бұған дейін талқылаулар жекелеген мәселелер шеңберінде жүргізілсе, мамыр-желтоқсан айлары аралығында QazTrade алаңында бес салалық отырыс өтті. Олар агроөнеркәсіп кешені өнімдеріне, май-тоңмай саласына, астықты қайта өңдеуге, балға, сондай-ақ өнеркәсіп және IT өнімдеріне арналды. Нәтижесінде штаб нақты салалардың экономикалық ерекшеліктеріне негізделген жүйелі шешімдерді әзірлеуге бағытталды. Бұл жұмыстың негізгі нәтижесі 2026–2028 жылдарға арналған май-тоңмай саласы өнімдері экспортының даму жөніндегі Жол картасының әзірленуі болды. Сала алғаш рет қосылған құнды қалыптастырудың толық тізбегі аясында қарастырылды. Құжатты әзірлеу барысында еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде майлы дақылдарды өсірумен, сондай-ақ Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Жетісу және Алматы облыстарында оларды өңдеумен айналысатын 30-дан астам кәсіпорынға кешенді диагностика жүргізілді. Жұмысқа мемлекеттік және жеке сектордан 50-ден астам өкіл тартылып, үш бейінді министрліктің өзара іс-қимылы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар Еуропалық одақтың қолдауымен Халықаралық сауда орталығының халықаралық әдіснамасы қолданылды. Жол картасында саланың дамуына арналған нақты әрі өлшенетін көрсеткіштер айқындалды. Олардың қатарында өңдеу қуаттарының жүктемесін арттыру, экспорт географиясын кеңейту және 2028 жылға қарай Қазақстанның күнбағыс майын әлемдегі жетекші үш экспорттаушы елдің қатарына енуі көзделген. Нәтижесінде сала сыртқы нарықтардағы нақты сұранысқа негізделген бірыңғай және келісілген іс-қимыл жоспарына ие болды. Қалыптасқан тәжірибе салалық тәсілді агроөнеркәсіп кешенінің өзге бағыттарына да кеңейтуге негіз болды. Отырыста мысал ретінде экспорт көлемі тұрақты өсіп келе жатқан және табыстылығы, климаттық тәуекелдерге төзімділігі мен экспорттық тартымдылығы бойынша дәстүрлі дәнді дақылдардан асып түсетін жасымық дақылы қарастырылды. Сонымен қатар шикізаттық емес экспортқа кедергі келтіретін жүйелі мәселелерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, теміржол көлігінде жүктерді басымдықпен тасымалдау, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау рәсімдері, қазақстандық компанияларды Қытай Халық Республикасының тізілімдеріне енгізу, экспорттық шығындарды өтеу және қаржылық қолдау құралдарына қолжетімділік мәселелері қозғалды. «Май-тоңмай өнімдері экспортының даму жөніндегі Жол картасы саланың стратегиялық дамуына берік негіз қалады. Сонымен бірге май өңдеу зауыттарын Еуразиялық экономикалық одақтың тауар өндірушілері тізіліміне жедел енгізу және карантиндік рәсімдерді оңайлату қажет. Бұл шаралар шығындарды азайтып, экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді», - деді «Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі Ядыкар Ибрагимов. Өз кезегінде Айдар Әбілдабеков проблемалық мәселелердің бірыңғай тізілімі қалыптастырылғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл тетік шешілмеген кейстерді «қолмен басқару» режимінде Сауда және интеграция министрлігі деңгейіне, қажет болған жағдайда Үкімет Аппаратының қарауына шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Экспорттық штаб отырыстарын ай сайын, салалық қағидат бойынша өткізу туралы шешім қабылданды.Айта кетейік, Экспорттық штаб құрылғаннан бері шамамен 20 отырыс өткізіліп, 2025 жылы Экспорттаушылар форумы ұйымдастырылды. QazTrade экспорттық акселерация бағдарламаларын іске асыруды, сауда-экономикалық миссияларды, көрмелер мен бизнес-форумдарды өткізуді, сондай-ақ экспорттаушыларға консультациялық және қаржылық қолдау көрсетуді жалғастырып келеді. Отырыстың қорытындысы бойынша экспорттаушылар мен салалық қауымдастық өкілдері Экспорттық штабтың жаңартылған жұмыс форматының тиімділігін атап өтіп, көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс білдірді. Олардың пікірінше, мұндай тәсіл нақты мәселелер бойынша жедел шешім қабылдауға және бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге ықпал етеді. Анықтама: 2025 жылы экспорттаушыларды қолдау мақсатында өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің 109 субъектісіне 6,1 млрд теңге көлемінде шығындар өтелді. Отандық экспорттаушылардың қаржылық ресурстарға қолжетімділігі кеңейтілуде. Экспорттық-кредиттік агенттік желісі бойынша 2025 жылдың қорытындысында қаржылық қолдау көлемі 650,9 млрд теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда (336 млрд теңге) шамамен 1,9 есе артты. Сауда және экспорт алдындағы қаржыландыруға басымдық беріліп, оның көлемі 88,4 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есеге жуық өсімді көрсетті. Барлығы 113 экспорттаушыға қолдау көрсетілді (оның ішінде шағын және орта бизнес үлесі – 69%, орта және жоғары деңгейде қайта өңделген өнім үлесі – 87%; 2024 жылы – 96 экспорттаушы).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/press/news/details/1144238?lang=kk
Қалдықтар табысқа айналады: ел тұрғындары үйден шықпай-ақ қалай табыс таба алады 20.01.2026
Астана қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында «Таза үй - Таза ел» экологиялық бастамасы іске қосылды. Жобаның бастамашысы Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның қолдауымен «Жасыл даму» АҚ. Ал жобаны тәжірибелік тұрғыда жүзеге асыруды «Astana Qaqazy» ЖШС қамтамасыз етті.Бастама аясында елордадағы тұрғын үй кешендерінің аулалары мен аумақтарында қағаз және пластик қалдықтарын бөлек жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылды. Тұрғындар картон, қағаз, пластик және бөтелкелерді таза күйінде сұрыптап тапсыру мүмкіндігіне ие болды. Жиналған барлық қалдықтар қайта өңдеу зауыттарына жөнелтіліп, оларға «екінші өмір» беріледі.Жоба «EcoQolday» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Контейнерлерді орнату қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымын қалыптастыру мен қала тұрғындарын экологиялық жауапты мінез-құлыққа тартудағы маңызды практикалық қадам болды.«Қалдықтарды бөлек жинау - бұл тек экология мен экономика мәселесі ғана емес, сонымен қатар қоғамның экологиялық мәдениетінің көрсеткіші. «Таза үй - Таза ел» бастамасы әрбір елорда тұрғынына өз үйінің, қаласының және тұтас елінің тазалығы үшін жеке жауапкершілікті сезінуге, сондай-ақ осы арқылы табыс тауып, оны үйдің қажеттіліктеріне жұмсауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов.EcoQolday цифрлық платформасы (https://apps.apple.com/kz/app/ecoqolday/id6475673696) қалдықтарды көму көлемін азайтуға, қайта өңдеу саласын дамытуға және ресурстарды тұтынуға саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді. Тұрғындар үшін бұл - қосымша шығындарсыз және қиындықсыз экологиялық бастамаларға қатысудың ыңғайлы әрі түсінікті құралы.«Жасыл даму» АҚ және жоба серіктестері бастаманың географиясын кезең-кезеңімен кеңейтіп, қалдықтарды бөлек жинау жүйесіне барған сайын көбірек тұрғынды тартуды және Қазақстанда таза, орнықты әрі экологиялық жауапты ортаны қалыптастыру миссиясын дәйекті түрде іске асыруды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1144196?lang=kk
Самар ауданында әкімдік отырысы өтті 20.01.2026
19 қаңтар күні Самар ауданында әкімдік отырысы өтті. Отырыс барысында Мемлекет басшысының «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы тапсырмаларының орындалу барысы қаралды, сондай-ақ ағымдағы жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды.Сонымен қатар туризм саласы бойынша 2025 жылдың қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған негізгі жоспарлар мен басым бағыттар айқындалды.Жиында қысқы кезеңде автомобиль жолдарында қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Өткен жылы коммуналдық шаруашылық саласында автопарк жаңартылғаны, соның нәтижесінде қар тазалау жұмыстары уақытылы жүргізіліп жатқаны атап өтілді.Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Қойылған міндеттердің формализмге жол бермей, сапалы әрі жауапкершілікпен орындалуы қажеттігі атап өтілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1144171?lang=kk
Өкілдік Басшысы Беларусьтің тағайындалған Бас консулымен кездесті 20.01.2026
2026 жылы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Алматы қаласында тағайындалған Беларусь Республикасының Бас консулы Денис Мелешкинге Алматы қаласында Беларусь Республикасының Бас консулдығының ашылуына байланысты экзекватураны табыстап, қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде, Беларусьтің Бас консулы алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1144101?lang=kk
Өкілдік Басшысы Словакияның Құрметті консулы қабылдады 20.01.2026
2026 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Қазақстандағы Словак Республикасының Құрметті консулы, Гүлмира Толғанбаевамен, кездесу өткізді. Екі тарап екі ел арасындағы инвестициялар мен сауда-экономикалық байланыстар деңгейін өзара арттыруға бағытталған әріптестік қатынастарды одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, Құрметті консул екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1144107?lang=kk
Өкілдік Басшысы Тәжікстанның жаңадан тағайындалған Бас консулымен кездесті 20.01.2026
2026 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Тәжікстан Республикасының жаңадан тағайындалған Бас консулы Фируз Муродзодаға экзекватура тапсырып, қызметіне табыс тіледі. Өз кезегінде, Тәжікстанның Бас консулы алғыс білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін жұмыс істеуге дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1144110?lang=kk
Аграрлық сектордың терең өңдеу әлеуеті 20.01.2026
Мемлекет басшысы өз Жолдауында аграрлық сектордың терең өңдеу әлеуетін дамыту қажеттігін ерекше атап өтті.Міне, сол себепті, өңірде өндірілетін барлық ауыл шаруашылығы өнімдері өзімізде өңделуі тиіс.Осы бағытта «Qostanai Grain Industry» астықты терең өңдеу жобасы іске асырылуда. Жобаның құны – 71,0 млрд. теңге, жобалық қуаты – 415,0 мың тонна, 650 жұмыс орны ашылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1144055?lang=kk
Баянды ауылында қоғамдастық жиналысы өтті 20.01.2026
Баянды ауылында қоғамдастықтың кезекті жиналысы ұйымдастырылып, бірқатар маңызды мәселелер қаралды.Жиналыс барысында 2026–2028 жылдарға арналған Баянды ауылының бюджетін қалыптастыру, абаттандыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жұмыстардың орындарын айқындау, қоғамдастық мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізу, сондай-ақ өзге де ағымдағы мәселелер талқыланды.Талқылау нәтижесінде ұсыныстар мен пікірлер ескеріліп, тиісті шешімдер қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1144034?lang=kk