Әлем
2026 жылдың I тоқсанына арналған корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің есептелуі туралы 21.01.2026
Салық төлеушілердің назарына!Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 349-бабының 2-тармағына сәйкес 2026 жылдың I тоқсанына арналған корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер салық төлеушілердің жеке шоттарына есептеліп және есепке жазылды.Сомаларды 101110 және 101111 БСК бойынша жеке шоттардан тексеруге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1145031?lang=kk
Президент тапсырмаларын орындау: Үкімет экономиканың өсуі үшін нақты секторды қолдауға 8 трлн теңге бағыттайды 21.01.2026
Үкімет ЖІӨ өсімін кемінде 5% деңгейінде қамтамасыз етеді және экономиканың нақты секторын қолдауға шамамен 8 трлн теңге бағыттайды. Ұлттық құрылтайда берілген Президент тапсырмаларын жүзеге асыру тетіктері туралы Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады.Оның айтуынша халықтың табысын арттыру үшін макроэкономикалық тұрақтылық бағдарламасы жалғаспақ. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін жалпы ішкі өнімге қатысты 18%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Шаралар кешені халықтың нақты табысының 2-3%-дан жоғары өсуіне мүмкіндік береді.Экономикалық өсудің проактивті саясаты шеңберінде жалпы қосылған құнның, экспорттық түсімдердің және еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін жаңа өндірістік қуаттарды ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік механизм құрылады. Басты екпін экспортқа және импортты алмастыруға бағытталған терең өңдеу кластерлерін дамытуға жасалады, — деп хабарлады вице-премьер Серік Жұманғарин.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1144986?lang=kk
"Жас сайлаушылар клубының" табысты бастамасы 21.01.2026
Самар ауданында жаңадан құрылған «Жас сайлаушылар клубы» аз ғана уақыттың ішінде өзінің белсенді әрі жүйелі жұмысымен көпшіліктің назарын аудара білді. Үш ай көлемінде клуб мүшелері тарапынан жастарға бағытталған бірқатар мазмұнды да қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.Атап айтқанда, клубтың бастамасымен жиналыстар өткізіліп, онда жастардың азаматтық белсенділігі, сайлау мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында квест ойыны ұйымдастырылып, ол жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың ерекше белсенділігін көрсетті. Квест барысында жастар командалық жұмысқа, жауапкершілікке және белсенді азаматтық ұстанымға баулынды.Өткізілген барлық іс-шаралар жүйелі түрде, жақсы ұйымдастырылған форматта өтіп, қатысушы жастардың қызығушылығы мен белсенділігі айқын байқалды. Мұндай игі бастамалар жастардың бірлігін нығайтып, бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне, сондай-ақ олардың қоғамдағы рөлін сезінуіне зор ықпал етеді.Алдағы уақытта да «Жас сайлаушылар клубы» өз жұмысын табысты жалғастырып, жастарға бағытталған жаңа жобалар мен шығармашылық жетістіктерге жете беретініне сенім мол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1144924?lang=kk
Қазақстан мен БАӘ сараптамалық диалогты кеңейтуде 21.01.2026
Абу Даби, 2026 жылғы 20 қаңтар – Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Рауан Жұмабек Әмірліктердің стратегиялық зерттеулер және талдау орталығының (ECSSR) Бас директоры Сұлтан Мұхаммед әл-Нуаимимен кездесу өткіздіЕлші Р.Жұмабек Әмірлік тарапқа ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың V Ұлттық құрылтай отырысында бастамашылық еткен саяси және институционалдық реформалары туралы мағлұмат берді. Аталған реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге және экономикалық дамуды ынталандыруға бағытталғаны атап өтті.Екіжақты өзара іс-қимылдың келешегін талқылау барысында тараптар Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен ECSSR арасындағы жүйелі ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылық білдірді. Тараптар стратегиялық және геосаяси зерттеулер, экономика, орнықты даму, климат, технологиялар және болжау салаларында институционалдық әріптестікті тереңдетуге ниетті екенін растады.Әмірліктер тарапы Астана халықаралық форумына қатысуға қызығушылық танытты. Сондай-ақ, Қазақстанның 2026 жылы Астана қаласында БҰҰ қолдауымен Өңірлік экологиялық саммитті өткізу бастамасына қолдау білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша ҚСЗИ мен ECSSR арасында одан әрі ынтымақтастықтың практикалық тетіктерін пысықтау мақсатында онлайн-кездесу өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-abudhabi/press/news/details/1144892?lang=kk
Жеңілдетілген тәртіпті қолдану бойынша 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС асып кетуін қайтару 21.01.2026
2026 жылға дейін қайтарудың оңайлатылған тәртібін салық төлеушілердің жекелеген санаттары ғана қолданды (ірі салық төлеушілер, өндірушілер, сондай-ақ валюталық түсімді теңгемен айырбастайтын шикізат экспорттаушылар). ҚР жаңа Салық кодексінің енгізілуімен нөлдік мөлшерлемені қолданатын салық төлеушілердің барлық санаттарымен ҚҚС асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін таңдау мүмкіндігі көзделген. ҚҚС сомасының асып кетуін қайтару «Қосылған құн салығы бойынша Декларация» салық есептілігінде көрсетілген ҚҚС асып кету сомасын қайтару туралы талап негізінде жүзеге асырылады (300.00-нысан). Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі салық төлеушісінің кабинетінде (ИСНА КНП) жаңа заңнама бойынша талаптарды көрсету бөлігінде «Қосылған құн салығы бойынша Декларация» (300.00-нысан) және «Қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомалары бойынша мәліметтер» 9-қосымшасы салық есептілігін жаңарту жүргізілді. Осылайша, салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты 2025 жылғы 4 тоқсандағы ҚҚС асып кеткен соманы қайтару туралы талапты ИСНА КНП арқылы ұсыну қажет knp.kgd.gov.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1145448?lang=kk
6636 әскери бөлімінің құрылғанына 65 жыл толды 21.01.2026
Ұлттық ұланның 6636 әскери бөлімінің құрылғанына 65 жыл толуына орай салтанатты мерекелік кеш өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков қатысып, жеке құрам мен ардагерлерді мерейлі датамен құттықтады.Салтанатты кеште Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар әскери қызметшілерді марапаттады.Өз сөзінде Аңсаған Балтабеков 6636 әскери бөлімінің қалыптасу кезеңіне тоқталып, оның ел тыныштығын қамтамасыз ету жолындағы үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ бөлімнің негізін қалаған ардагерлердің еңбегіне алғыс білдіріп, қазіргі жеке құрамның кәсібилігі мен жауынгерлік дайындығына жоғары баға берді.– Әскери бөлім осы жылдар ішінде талай өзгерістерді бастан өткеріп, дамудың жаңа кезеңдерінен өтті. Жеке құрам өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындап келеді. Бұл – қызметке және антқа адалдықтың айқын көрінісі, – деді Бас қолбасшы.Тарихи деректерге сәйкес, 6636 әскери бөлімі 1961 жылғы 20 қаңтарда Қазақ КСР Ішкі істер министрінің бұйрығымен құрылған. 1998 жылы бөлімге жауынгерлік ар-намыс пен ерліктің символы саналатын Жауынгерлік Ту табысталды. Ал 2019 жылы әскери бөлім Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының қызметін қамтамасыз ету полкі болып қайта құрылды.Айта кетейік, іс-шара мерейтойға арналған концерттік бағдарламамен жалғасты. Әскери қызметшілер мен өнерпаздар патриоттық әндер мен би қойылымдарын ұсынып, мерекелік көңіл күй сыйлады. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1144835?lang=kk
Ерлікке тағзым: сарбаз салған батырлар портреттері Ұлттық ұлан музейіне қойылды 21.01.2026
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Тараз қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы Бекзат Рамазанов бөлім музейіне өз қолымен салған көркем туындыларын табыстады.Қызметтен тыс уақытта Бекзат Ұлы Отан соғысы қаһармандарының портреттерін салумен айналысады. Оның еңбектерінің қатарында Рақымжан Қошқарбаевтың, Мәлік Ғабдуллиннің және былтыр 100 жылдығы аталып өткен Ыбырайым Сүлейменовтің бейнелері бар.Бауыржан Момышұлын бейнелеуге ұландық ерекше жауапкершілікпен қарады. Батыр тұлғаның қайсар рухын, болаттай берік болмысын көркем бейнелеу үлкен шеберлікті талап етті. Нәтижесінде туынды мазмұны терең, көрген жанның жігеріне-жігер, қайратына-қайрат қосатын туынды болып шықты.Әскери қызметшінің портрет жанрын таңдауы да кездейсоқ емес. Бекзат бала кезінен мүсінші болуды армандап, АлматыдағыО. Таңсықбаев атындағы сәндік-қолданбалы өнер колледжіне оқуға түсіп, бейнелеу өнері мен мүсін негіздерін меңгерген.Ал оның әскери қызметте байланыс торабының радиотелефоншы мамандығын таңдауы саналы шешім болды. Себебі Бекзаттың әпкесі ҚР ҰҚК Шекара қызметінде байланысшы болып қызмет етеді. Өнегелі отбасыдан шыққан Бекзат қазіргі уақытта әскери қызметтегі жолын шығармашылықпен ұштастырып келеді.Бекзат Рамазановтың туындылары батырлардың асқақ бейнесін сақтап қана қоймай, олардың жауынгерлік рухын келер ұрпаққа дәріптейді. Әрбір портрет Ұлттық ұлан әскери қызметшісіне тән парыз, ар-намыс пен ерлік құндылықтарын айқын сезіндіреді. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1144825?lang=kk
Төтенше жағдайларды жоюдан бастап, миналарды залалсыздандыруға дейін: Қазақстанның инженерлік әскерлері қалай қызмет атқарады 21.01.2026
21 қаңтарда Қазақстанда ең жауапты әрі қауіпті әскери мамандықтардың бірінің кәсіби мерекесі – Инженерлік әскерлердің күні аталып өтіледі. Олардың қатарында саперлар, инженер-барлаушылар, механик-жүргізушілер, понтоншылар, кинологтар және басқа да мамандар бар. Әскери инженерлер бағдарларды дайындау мен қамтамасыз етуге, фортификациялық құрылыстар салуға, миналық-жарылғыш бөгеттерді орнату және залалсыздандыруға, өткелдер ұйымдастыруға, сондай-ақ әскерлерді сумен қамтамасыз етуге жауапты.Сонымен қатар олардың міндетіне әскери нысандарды бүркемелеу немесе имитациялау кіреді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде инженерлік-саперлік бөлімшелер ерекше рөл атқарады. Олар аумақты миналардан тазалау жұмыстарын жүргізеді. Бұл қызмет жоғары кәсіби дайындықты, қатаң тәртіпті және күйзеліске төзімділікті талап етеді. Инженерлік әскерлер заманауи барлау құралдарымен, робототехникамен, жер қазу және понтондық техникамен жабдықталған.Әскери инженерлер төтенше жағдайлардың салдарын жоюға да тартылады. 2024 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде Ойыл және Есіл өзендері арқылы паром өткелдері ұйымдастырылып, 3 мыңнан астам адам эвакуацияланды, шамамен 1,5 мың техника бірлігі өткізілді және 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді.Қазақстандық инженерлер халықаралық миссияларға да елеулі үлес қосты. Ирактағы операция барысында олар 4 миллионнан астам жарылғыш затты залалсыздандырып, 6,7 мың текше метрден астам суды тазартты. Қазіргі заманғы техникамен жабдықталған және білікті мамандармен толықтырылған инженерлік әскерлер ұлттық қауіпсіздік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі болып қала береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1144813?lang=kk
ЕКПА Қазақстандағы саяси реформалардың ілгерілеуін оң бағалады 21.01.2026
Страсбург, 2026 жылғы 19 қаңтар – Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы «Қазақстанның демократиялық реформаларын және өңірлік көшбасшылығын қолдау» (Support for Kazakhstan’s Democratic Reforms and Regional Leadership) атты жазбаша декларацияны қабылдады.Құжаттың авторы - беделді британдық депутат Майкл Герман («Еуропа үшін либералдар мен демократтар альянсы» партиясының мүшесі). Декларацияға ЕКПА-ның әртүрлі саяси фракцияларының 21 мүшесі қол қойды. Мәлімдемеде Қазақстанның ауқымды демократиялық реформаларды іске асыруға деген өзгермес ұстанымы жоғары бағаланып, Еліміздің демократиялық басқаруды дамыту, адам құқықтарын қорғау және заң үстемдігін нығайту салаларында өңірлік көшбасшы мәртебесін бекіте түсетіні атап өтілді.Декларацияда Қазақстанның саяси басшылығының демократиялық трансформацияны ілгерілету мақсатында қабылдаған маңызды қадамдары, соның ішінде конституциялық және заңнамалық реформалар, сондай-ақ өлім жазасын жоюы құпталады.Сондай-ақ Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы сот жүйесін реформалау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, адам құқықтарын ілгерілету және демократиялық институттарды нығайту сияқты негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастық ерекше атап өтіледі. Бұл өз кезегінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге және Қазақстанның өңірдегі демократиялық дамудың үлгісі ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал етті.Құжат Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан демократиялық трансформацияны қолдауға, сондай-ақ демократия, адам құқықтары және заң үстемдігі сияқты ортақ құндылықтарды ілгерілету мақсатында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жәрдемдесуге шақырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-strasbourg/press/news/details/1144772?lang=kk
ЭШФ ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар туралы 21.01.2026
Құрметті салық төлеушілер! ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 21 қаңтардың сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде, жүйені оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жоспарланғанын хабарлайды.Көрсетілген уақыт аралығында "Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1144775?lang=kk
STEM цифрлық көкжиектері: Сианьда Орталық Азия педагогтарына арналған оқыту 20.01.2026
11–19 қаңтар 2026 жылдары КММ «А. Бөкейхан атындағы тірек мектеп (ресурстық орталық)» информатика пәнінің мұғалімі Болат Бабек Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында өткен «Орталық Азияның бастауыш және орта мектептеріне арналған STEM педагогтарын даярлау» атты халықаралық біліктілікті арттыру бағдарламасына қатысты.Оқу бағдарламасы 8 күндік қарқынды курсты қамтыды және келесі модульдерден тұрды: пәнаралық STEM-білім берудегі ашық аппараттық қамтамасыз етудің негіздері; Mind+ 2.0 платформасымен жұмыс, заттар интернеті (IoT) датчиктерін қолдану және жасанды интеллект модельдерін оқыту; жергілікті ерекшеліктерге бейімделген STEM-жобаларды әзірлеу, сондай-ақ Сиань қаласындағы озық мектептерге бару.Оқу аяқталған соң Болат Б. Шэньси педагогикалық университетінің халықаралық үлгідегі сертификатына ие болды. Алынған білім мен тәжірибе мектептің білім беру үдерісінде тиімді қолданылады деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1144753?lang=kk
Қазақстан мен Словенияның СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылады 20.01.2026
Астана, 2026 жылғы 20 қаңтар – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Словения Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы және еуропалық істер министрі Таня Файонмен телефон арқылы сөйлесті.Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қазақ-словен ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, саяси диалогтың тұрақты динамикасын, парламентаралық және ведомствоаралық байланыстардың нығаюын, сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамуын атап өтті.СІМ басшысы Словения тарапын 2024-2025 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі жемісті төрағалығымен құттықтап, Люблянаның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әлемнің әртүрлі өңірлеріндегі қақтығыстардың алдын алудағы үлесін жоғары бағалады.Тараптар 2024 жылдың қазанда Люблянада Қазақстан Елшілігінің ашылуы, сондай-ақ Словения Президенті Наташа Пирц-Мусардың 2025 жылы Қазақстанға ресми сапары екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге деген өзара міндеттемелерінің айқын дәлелі болғанын ризашылықпен атап өтті.Ең жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі саяси диалогты одан әрі тереңдету, экономикалық байланыстарды кеңейту және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын дамыту үшін «жол картасы» екені аталып өтті.Сұхбат соңында тараптар Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия қызметінің ерекше маңыздылығына назар аударып, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1145487?lang=kk
Конькимен жүгіру спорты бойынша ашық чемпионат өтті 20.01.2026
17-18 қаңтар күндері Технодом арена аумағында ашық чемпионат ұйымдастырылды. Жарысқа әр түрлі жас санаттары бойынша жас спортшылар қатысты, олардың техникасы мен физикалық дайындығы сыналды.Чемпионаттың басты мақсаты — конькимен жүгіру спортын дамыту, жас спортшыларға тәжірибе жинауға мүмкіндік беру және спорттық ынтымақтастықты нығайту. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендер үшін қызықты әрі тартымды өтті.Жарыстар барысында спортшылардың шеберлігі мен төзімділігі бағаланып, олардың дамуына ерекше көңіл бөлінді. Чемпионат жас спортшыларға әрі қарайғы жарыстарға дайындалуға, жаңа жетістіктерге қол жеткізуге және спорттық шеберлігін арттыруға үлкен мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1144689?lang=kk
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар назарына: есептен шығару және «e-Salyq Business» 20.01.2026
2026 жылғы 1 наурызда салық органдары 2025 жылы патент негізіндегі АСР-ін немесе арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып АСР-ін қолданған салық төлеушілерді жеке кәсіпкер ретінде есептен автоматты түрде шығарады.Есептен шығару күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып есептеледі, бұл ретте салық төлеушінің өз бетінше есептен шығу туралы өтініш беру құқығы сақталады.Ескерту: егер салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынып, басқа режимді таңдаған болса, автоматты түрде есептен шығару жүргізілмейді.Бұл ретте, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданудың басталу күні «E-Salyq Business» мобильді қосымшасында алғашқы чектің қалыптастырылған күні болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1164157?lang=kk
Қытай Халық Республикасының салық резиденттігі туралы сертификаттарды беру ережелері 20.01.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құзыретті органдары беретін салықтық резиденттік сертификаттарын рәсімдеудің жаңа қағидалары 2025 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілгенін хабарлайды. Негізгі жаңалық сертификатта уәкілетті тұлға қоятын қолды алып тастау. Құжаттың заңды күші салық органының ресми мөрімен және мөрдің түпнұсқалығын растайтын апостильмен қамтамасыз етіледі. Апостильдің әдетте қол қою туралы мәліметтер көрсетілетін бағандарда «қолданылмайды» («Not applicable») деген белгі қойылады, бұл қалыптасқан практикаға сәйкес келеді және құжаттың заңды күшіне әсер етпейді. Бұл шешім тиімділікті арттыруға және салықтық резиденттік сертификаттарын беру жөніндегі сұрау салуларды өңдеу мерзімдерін қысқартуға бағытталған. Жаңа тәртіп 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының ережелеріне сәйкес келеді және құжаттың халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз етеді. Бұл өзгеріс салықтық резиденттікті растау рәсімдерін ңайлатуға және жеделдетуге бағытталған. Мөрі мен апостилі бар сертификат салықтық мақсаттар үшін танылатын толыққанды ресми құжат болып табылады. Бұрын берілген, құрамында қолтаңбасы да, мөрі де бар сертификаттар заңды күшін сақтайды және тиісті кезеңдер үшін салықтық мәртебені растау мақсатында қабылданады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге және олардың уәкілетті өкілдеріне Қытай Халық Республикасының құзыретті органдары берген құжаттарды ұсыну кезінде осы өзгерістерді ескеруді ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1144540?lang=kk
2026 жылдың басынан бері Абай облысының тұрғындары шамамен 2 мың құжат рәсімдеді 20.01.2026
2026 жылдың басынан бастап Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттар мен паспорттарды рәсімдеу бойынша мемлекеттік алымдардың мөлшері өзгерді. Тарифтердің өсуі мемлекеттік қызметтердің құнын есептеу үшін қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің артуымен байланысты.- Абай облысында құжаттарды рәсімдеуге сұраныс жоғары болып отыр. Биылғы жылдың басынан бері өңірдің шамамен 2 мың тұрғыны паспорттар мен жеке куәліктер алды,- деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы.Ең көп өтініш Семей қаласында, сондай-ақ Аягөз, Үржар және Көкпекті аудандарында тіркелді. Облыстың қалған елді мекендерінде де жеке куәлік пен паспорт алу бойынша өтініштердің тұрақты динамикасы байқалады.Құжаттарға бекітілген тарифтерге сәйкес, Қазақстан Республикасының паспортының құны: 24 беті бар құжат үшін – 17 300 теңге, 36 беті – 34 600 теңге, 48 беті – 51 900 теңге. Жеке куәлік 865 теңгеге бағаланады, ал бір жыл ішінде екі реттен көп жоғалту жағдайында – 4 325 теңге (1 АЕК).Алайда, жеке куәлікті алғаш алу және оның мерзімі біткеннен кейін ауыстыру қызметтері тегін көрсетіледі.Тұрғындар үшін құжаттарды жедел рәсімдеу қызметі де қолжетімді. Облыстық орталықтарда құжаттарды дайындау мерзімі 3-тен 5 жұмыс күніне дейін созылады, құны – 1 835-тен 3 493 теңгеге дейін. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда рәсімдеу 7 жұмыс күніне дейін созылады, құны – 703 теңге.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1144426?lang=kk
🔸Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Меңдіқара ауданы әкімдігінің ғимаратында азаматтарды жеке қабылдау өтті. 20.01.2026
Жеке қабылдау кезінде екі мәселе қаралды -жұмысқа орналастыру туралы;-ауыл шаруашылығы бойынша;Бұл өтініштер одан әрі қарау үшін тіркелді, сондай-ақ ауызша түсініктемелер берілді.Жеке қабылдау-бұл өзекті мәселелерді анықтаудың және биліктің халықпен өзара іс-қимылын күшейтудің тиімді әдісі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-mendykarin-audany-akimat/press/news/details/1144395?lang=kk
Ауыл әкімі орынбасарының жеке қабылдауы өтті. 20.01.2026
Ауыл әкімі орынбасарының жеке қабылдауы өтті.Қабылдау барысында ауыл тұрғындары әлеуметтік мәселелер, инфрақұрылым, жер қатынастары және өзге де өзекті сұрақтар бойынша өтініштерін білдірді. Көтерілген мәселелерге тиісті түсіндірмелер беріліп, бірқатары жауапты мамандарға тапсырылып, бақылауға алынды.⚜️ Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1182650?lang=kk
Манамада Қазақстан – Бахрейн ынтымақтастығы талқыланды 20.01.2026
Манама, 2026 жылғы 17-19 қаңтар – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі және Бахрейн Корольдігіндегі Елшісі қызметін қоса атқарушы Мадияр Меңілбеков Манама қаласына жұмыс сапары аясында Бахрейн Корольдігінің ресми тұлғаларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Бахрейн Корольдігінің Көлік және телекоммуникация министрі, Король Хамад атындағы Жаһандық қатар өмір сүру мен толеранттылық орталығы Қамқоршылар кеңесінің төрағасы шейх Абдалла бен Ахмед Әл Халифамен, Туризм министрі Фатима Әл-Сайрафимен, Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты қатынастар жөніндегі Бас директоры шейх Абдалла бен Али Әл Халифамен және Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Самир Насспен келіссөздер жүргізді.Қазақстан Елшісі шейх Абдалла бен Ахмед Әл Халифамен кездесу барысында дінаралық диалогқа қосқан зор үлесі үшін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың атынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалін табыстап, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты одан әрі ілгерілету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту және екі ел арасындағы тікелей әуе рейстерін ашу мүмкіндігін қарастырды.М.Меңілбеков Туризм министрі Фатима Әл-Сайрафимен кездесу шеңберінде Қазақстанның туризм саласындағы кең мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, өзара іс-қимылды кеңейту және бірлескен іс-шараларды іске асыру перспективалары туралы пікір алмасты.Сыртқы істер министрлігінің Екіжақты қатынастар жөніндегі Бас директоры шейх Абдалла бен Али Әл Халифамен саяси диалогты нығайту, алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар өткізу және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттесуді жалғастыру мәселелері талқыланды.Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Самир Насспен кездесуде сауда-экономикалық байланыстарды тереңдету, іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды орнату және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қозғалып, Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауға және бизнесті дамытуға бағытталған елдегі экономикалық реформалар жөнінде ақпарат берілді.Кездесулердің қорытындылары бойынша Қазақстан мен Бахрейн арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігі расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-manama/press/news/details/1145245?lang=kk
Навигациялық пломбалар– Еуразиялық экономикалық одақтағы ашық әрі қауіпсіз логистикаға жасалған жаңа қадам 20.01.2026
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 84 «Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы 2022 жылғы 19 сәуірдегі Келісімге сәйкес тасымалдарды қадағалауды енгізу туралы» шешіміне сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында 2026 жылғы 11 ақпаннан бастап екі немесе одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау енгізіледі.Навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалау кезең-кезеңімен автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты, кедендік транзит және экспорт кедендік рәсімдері шеңберінде, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасы аясында енгізілетін болады.Бизнес өкілдерінің, оның ішінде тасымалдаушылардың, экспедиторлардың және тасымалдау процестеріне қатысатын өзге де тұлғалардың назарын логистикалық процестердің үздіксіздігін және тасымалдау мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Одақ пен Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтау қажеттілігіне аударамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1144339?lang=kk