Әлем
Ұлттық баяндама 10.12.2024
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет ресурсында http://ecogeo.gov.kz/ru және Бірыңғай экологиялық Интернет ресурста http://ecogosfond.kz 2023 жылға арналған Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық баяндама жарияланды.Ұлттық баяндамада жүйеленген сараптамалық ақпарат, оның ішінде динамика бойынша, өңірлердегі және жалпы республикадағы экологиялық және радиациялық ахуал, табиғи ресурстарды пайдалану, экономикалық қызметтің табиғи ресурстарға әсері, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары қабылдайтын шаралар туралы ақпарат қамтылған. Баяндамада, сондай-ақ, республика аумағындағы климаттың өзгеруі жағдайы мен тенденциялары, мемлекет тарапынан қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық қызмет және халықаралық келісімдер бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат берілген.Баяндаманы дайындау барысында орталық және жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың ұсынған материалдары пайдаланылды.Ұлттық баяндама мемлекеттік басқару органдарын, қоғамдық ұйымдар мен халықты қоршаған ортаның жай-күйі, оның өзгеру үрдістері, табиғат қорғау іс-шараларын жүзеге асырудың тиімділігі туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін және азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 23-бабының 1-тармағына сәйкес жыл сайын әзірленеді.Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы ҚР ЭТРМ. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/900217
III ҰЛТТЫҚ РЕСПИРАТОРЛЫҚ МЕДИЦИНА КОНГРЕСІ: ӨКПЕ АУРУЛАРЫН ЕМДЕУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ ТУРАЛЫ 10.12.2024
Астанада Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өткен III Ұлттық респираторлық медицина Конгресінің алаңында саланың жетекші сарапшылары өкпе ауруларын, демікпе мен ӨСОА-ны емдеудегі заманауи тәсілдерді, респираторлық медицинадағы аллергология мәселелерін, пульмонологиядағы антибиотикке резистенттілік проблемасын және басқа да көптеген өзекті тақырыптарды талқылады.Тыныс алатындардың барлығы ауадағы инфекциялық және улы заттарға осал. Респираторлық аурулар жер шарының барлық өңірлерінде және барлық әлеуметтік таптарда өлімнің 3-ші себебі болып табылады.Форумның шеңберіндегі алғашқы симпозиум респираторлық медицинаны дамытудың ұйымдастырушылық-стратегиялық мәселелеріне арналды. Осы сессияда өңірлердегі бейінді мамандардың тапшылығы, заманауи жабдықтар мен технологияларға қол жеткізу мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, базада құзырет орталықтарын ұйымдастыру қажеттілігі туралы бастама көтерілді.Конгреске қатысушылар өкпенің обструктивті аурулары, тыныс алу жеткіліксіздігі кезіндегі тыныс алуды қолдау, ұйқыға тәуелді тыныс алу бұзылыстары тақырыптарын көтерді. Респираторлық инфекциялар проблемаларына, атап айтқанда балалардағы респираторлық инфекцияларға көп көңіл бөлінеді.Мұнда вакцинамен басқарылатын инфекцияларды тежеудің негізгі құралы вакцинациялау болып табылатындығы және респираторлық инфекциясы бар балалардың арасында өлім деңгейінің көтерілуіне жол бермеу үшін оны бақылауды күшейту қажет екендігі атап өтілді.«Пульмонологиядағы антибиотикке төзімділік: тәуекелдер, проблемалар» симпозиумында супербактериялардың таралуын бақылауды жақсартуға мүмкіндік беретін шаралар: ұтымды антибиотикалық терапияны қолдану, төзімді штамдарға тұрақты мониторинг жүргізу және медицина қызметкерлеріне білім беру бағдарламаларын енгізу талқыланды.Конгресте респираторлық медицина саласындағы жетекші мамандар, соның ішінде Еуропалық Респираторлық қоғам (ERS) мен Ресей Респираторлық Қоғамы, Өзбекстан және Беларусь өкілдері сөз сөйледі.Конгреске қатысушыларға «Астана медицина университеті» КеАҚ гастроэнтерология, эндокринология және пульмонология курстары бар ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі, профессор, Конгресс президенті Б.А. Айнабекова құттықтау сөз сөйледі. Ол халыққа медициналық көмектің сапасын арттыру үшін респираторлық медицина саласындағы идеялар мен ынтымақтастықты біріктірудің маңыздылығын атап өтті.Маңызды оқиға Еуропалық Респираторлық Қоғамның (ERS) Президенті, ғылыми зерттеулер мен клиникалық тәжірибедегі жетістіктерімен танымал респираторлық медицина саласындағы жетекші сарапшы Иоанна Хоростовска-Винимконың (Joanna Chorostowska-Wynimko) Конгресіне сапары болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/899733
ТӘЖІК ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БОСАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІМЕН ТАНЫСТЫ 10.12.2024
Тәжікстаннан келген құрамында перзентханалардың акушерлері, гинекологтары мен бас дәрігерлері бар делегация жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету саласындағы қазақстандық мамандардың озық жұмыс тәжірибесімен танысты.Алматыға, Түркістанға, Шымкентке сапар барысында шетелдік мамандар амбулаториялық және стационарлық деңгейде медициналық көмек көрсету тәртібін зерделеп, босандыру ұйымдарының біліктілігі мен техникалық жарақтану деңгейін бағалады.МСАК деңгейінде медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаты, жүкті әйелдердің бағыты, учаскелерде патронаждық бақылау, ақпараттық жүйелерде тіркелім жүргізу делегацияның ерекше қызығушылығын тудырды.Сапардың қорытындысы бойынша Тәжікстан өкілдері өз елінің денсаулық сақтау жүйесінде енгізілген әдістемелерді қолдану мақсатында ҚР ҚМ базасында босандыру саласында, олардың мамандарын - акушер-гинекологтарды, неонатологтарды және генетиктерді оқыту бөлігінде ынтымақтастықты ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/900010
Нұрдәулет Қилыбайдың Жаңаөзен қаласының тұрғындарын жеке мәселе бойынша қабылдауы таңғы 04.15 дейін жалғасты 10.12.2024
9 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласының халқымен кездесуден кейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азаматтардың басым көпшілігі тұрғын үй және жұмыспен қамту, оның ішінде мұнайгаз саласына жұмысқа орналастыру мәселелерін көтерді.Қабылдауға келген тұрғындардың бірі - 2-ші топ мүгедегі баспанаға мұқтаж екенін жеткізді. Тұрғынның жағдайы ескеріліп, жатақханадан орын ұсынылды. Басқа да тұрғын үй мәселесімен келген азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспана алу жолдары түсіндіріліп, қажетті кеңестер берілді.Қабылдауға келген мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да өтініштері назардан тыс қалмады. Олардың бірі қаладағы пандустардың талапқа сай еместігін айтып шағымданды. Бұл мәселені шешу үшін облыс әкімі қала басшылығына Амал мерекесіне дейін көпшілік жүретін орындарда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды.Арбаға таңылған тағы бір тұрғын мал азығын дайындау кәсібін кеңейту үшін қаржылай көмек сұрады. Нұрдәулет Қилыбай азаматқа бизнес-жоспар дайындап, мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржылық қолдау алуға кеңес берді. Ал жауапты мекемелерге бұл азаматқа жан-жақты көмек көрсетуді міндеттеді.Сонымен қатар, тұрғын үйлерін апаттық деп тануды өтінген бір топ азамат келді. Облыс әкімі жауапты басқарма басшыларына шұғыл түрде тұрғын үйдің жағдайын зерделеп, оны апаттық деп тану немесе жөндеу қажеттілігін анықтау бойынша шараларды қабылдауды тапсырды.Айта кетейік, Жаңаөзен қаласында өткен облыс әкімінің жеке қабылдауына 200-ден аса тұрғын келіп, өз өтініштерін білдірді.Тұрғындар еңбек дауы, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру салаларын дамыту, газ бен жер мәселелері сияқты түрлі сұрақтарын жеткізді. Әрбір мәселе бойынша заң аясында тиісті шешімдер қабылданып, нақты тапсырмалар берілді.Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/900098
Абай облысы бойынша 2024 жылғы қарашадағы тұтыну бағасының индексі 10.12.2024
Облыс бойынша инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну баға индексі 2024 жылғы қарашада өткен айға қатысты алғанда 101,1 % құрады. 2024 жылғы қарашада облыс бойынша тұтыну бағасының индексіпайызбен 2024 жылғы қараша2024 жылғы қаңтар- қараша2023 жылдың қаңтар- қарашасына 2024 жылдың қазанына 2023 жылдың желтоқсанына Барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер101,1108108,7Азық-түлік тауарлары100,7105,3106,3Азық-түлік емес тауарлар100,8107,8106,8Ақылы қызметтер101,8112114,7 Азық-түлік тауарларының арасында 2024 жылғы қарашада 2024 жылдың қазанмен салыстырғанда жемістер мен көкөністер 4,7% (басты пияз–6,9%, ақ қауанды қырыққабат–6,4%, картоп–1,2%, алмұрт–0,9%, қызылша, алма–0,1%), 1 санаттағы жұмыртқа–4%, май және тоң май–1,3% (күнбағыс майы–2,1%, тұздалмаған сары май–1,3%), шай–1,2%, сүзбе майлылығы 5-9%–0,7%, алкогольдік ішімдіктер –0,4%, бірінші сұрыпты бидай ұны, сиыр еті, қой еті, ұнтақ жармасы, балық және теңіз өнімдері–0,1% қымбаттағаны тіркелді. Сәбіз–4,3%, қант құмшекер–1,9%, макарон өнімдері–0,7%, сұлы жармасы–0,5%, күріш–0,3% арзандай түсті. Азық-түлік емес тауарлардан дизель отыны–10,6%, сұйытылған газ (баллондағы)–2,4%, қатты отын–1,2%, киім және аяқ киім–0,9%, жуғыш және тазалағыш заттар, тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдары–0,4%, фармацевтикалық өнімдері–0,3%, жеке пайдалануға арналған тауарлар–0,2%, бензин–0,1% қымбаттады.Ақылы қызмет бойынша орталық жылыту тарифтері–17,2%, тұрғын үйді жалға беру–4,8%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметі–3,3%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері–1,7%, амбулаториялық қызметтер–0,7%, жолаушылар көлігінің қызметі–0,3% өсті.________________________________________________________________________________________________________________ Әдіснамалық түсініктемелерИнфляцияның деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі (ТБИ) халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығы 508 ұстанымды біріктіреді. Бағаларды тіркеу облыс орталығының және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір тобы бойынша меншіктің әртүрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Агрегаттау үшін қолданылатын салмақтау жүйесінің шығыс бөлігі өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі. 2022 жылғы қаңтардан бастап ТБИ құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар–30,2%-ды, ақылы қызметтер 29,1%-ды құрайды. www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер /Баға статистикасы Орындаушы:A. E. ЕрнароваТел. +7 7222 36-27-25Баға статистикасы бөлім басшысы:Г.Т. ШакшановаТел. +7 7222 36-27-25Адрес:180000, Cемей қаласыМәңгілік ел көшесі, 25 © Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/900194
Жаңа айдар «Іссапар қорытындысы» 10.12.2024
Су ресурстары және ирригация министрлігі тарапынан келісімге қол қою рәсіміне бірінші вице-министр Болат Бекнияз қатысты. Құжаттың негізгі мақсаты - Балқаш көлін сақтау бағытында ынтымақтастықты дамыту.Негізгі бастамалардың бірі - Қазақстанның экожүйені сақтауға бағытталған Freshwater Challenge жаһандық бағдарламасына қосылуы. Аталған бағдарлама аясындағы алғашқы жоба Наурызым қорығындағы Ақсуат көлдер жүйесін қалпына келтіруді көздейді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/899988
Трансшекаралық хабтарды дамыту және жаңғырту 10.12.2024
Үкіметте бес ірі көлік-логистикалық хабты жаңғырту барысы талқыланды Үкімет отырысында көлік инфрақұрылымын жаңғырту, халықаралық дәліздерді дамыту және кедендік рәсімдерді оңайлату жөніндегі шаралар туралы көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров баяндады. Ол Каспий торабын дамыту аясында Ақтау және Құрық теңіз порттарын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын хабарлады. Ақтау портында контейнерлік хаб салу бойынша жобаны іске асыру басталды. Жұмыстың аяқталуы келесі жылдың соңына жоспарланған. Оны іске асыру порттың өткізу мүмкіндігін жылына 250 мың ЖФБ-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Құрық портына келетін болсақ, биыл қуаты жылына 1 млн тонна болатын жаңа астық терминалы іске қосылды. Қорғас торабы бойынша «SKYHANSA» ЖШС қазақстандық-германдық бірлескен кәсіпорны жүк-жолаушылар әуежайының жобасын іске асыру бойынша жұмыс бастады. «Қорғас» АЭА аумағында жүк терминалын, кедендік бақылау аймағын, жанармай қоймасын, әуе кемелеріне қызмет көрсетуге арналған авиациялық-техникалық орталықты және жүк әуекомпаниясын қамтитын авиация хабын құру жоспарлануда. Өткізу мүмкіндігін арттыру үшін Алтынкөл стансасын жаңғырту жоспарланған.Осындай жұмысты Қырғызстанмен шекарада орналасқан Индустриялық сауда-логистикалық кешенде де жүргізу көзделген. Ал «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы мен «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығында өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында «Подстепное – Федоровка» (144 км) автомобиль жолын жөндеу және «Дарбаз – Мақтаарал» (152 км) теміржол желісінің құрылысын жүргізу күтіліп отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/899595
СҚО-да экологиялық «Экобум» өтті 10.12.2024
2024 жылғы 10 желтоқсанда Петропавлда Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған таңғажайып іс-шара өтті. Ғ. Мүсірепов атындағы қалалық кітапханада экологиялық материалдардан жаңа жылдық қолөнер жасау бойынша мастер-класс өтті, онда балалар мен ересектер табиғи ресурстарды пайдалана отырып, ерекше әшекейлер жасауды үйренді.«Экобум: Жаңа жылға арналған қолөнер» деп аталатын іс-шара шығармашылық пен экологиялық хабардарлықтың нағыз мерекесі болды. Мастер - класс қатысушылары бүршіктер мен сіріңкелерден жаңа жылдық бұғылар жасауды, сондай-ақ экологиялық таза материалдарды пайдалана отырып, қағаз аққала мен басқа да әшекейлер жасауды үйренді.Мастер-класстар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектесіп қана қоймай, табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастырудағы маңызды қадам болды. Бүршіктер, бұтақтар және қағаз сияқты табиғи материалдар әдемі жаңа жылдық қолөнерге негіз болды, олар көзді қуантып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын еске салды.«Жастарға біздің тәжірибеміз бен білімімізді, әсіресе табиғатты қорғау саласында жеткізу маңызды. Біз, ардагерлер, жастарды айналамыздағы нәрсені бағалауға үйретеміз және оны осындай іс-шаралар арқылы жасаймыз. Ұрпақтар арасында тәжірибе алмасу маңызды дәстүрлерді сақтауға көмектеседі және балаларда біздің планетамыздың болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастырады», - деп бөлісті қалалық ардагерлер кеңесінің орынбасары Иманғали Татваев.Іс-шара «Солнечный дом» ҚҚ-ның балаларын, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының ардагерлер және еріктілер кеңесінің мүшелерін жинады. Кездесу ұрпақтар байланысын нығайту үшін маңызды болды: балалар ардагерлерден табиғатты қалай бағалау және сақтау керектігін үйренді, ал аға буын өз білімдері мен тәжірибелерін кішіге жеткізді.Іс-шара сонымен қатар инклюзияның маңыздылығын атап өтті, өйткені мүмкіндігі шектеулі балалар басқа қатысушылармен бірге ерекше және әдемі қолөнер бұйымдарын жасай алады. Кәсіби тәлімгерлер мен мамандар әр қатысушыға экологиялық таза жаңа жылдық әшекейлер жасауға өз көзқарасын табуға көмектесті.«Мен үшін бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар, бірақ соған қарамастан ынта мен шығармашылыққа толы балалармен жұмыс істеудің бірегей мүмкіндігі. Мен олардың табиғатпен және бір-бірімен қарым-қатынас жасауды үйреніп жатқанын көремін. Бұл олардың дағдыларын дамытуға ғана емес, сонымен қатар өз қабілеттеріне деген сенімділікті арттыруға көмектеседі. Іс - шара балаларға өз өмірлерінде қолдануға болатын маңызды экологиялық принциптерді үйретеді», - деді Делль Татьяна, даун синдромы бар балалар мен ересектерге көмек көрсету «Солнечный дом» қоғамдық қорының негізін қалаушы.Мастер-класс тек шығармашылық алаңға ғана емес, сонымен қатар экология мәселелеріне назар аударуға және балаларды табиғатты қорғаудың практикалық қадамдарына үйретуге бағытталған экологиялық хабардарлықтың маңызды сабағына айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/900061
«Міндет. Ерлік. Абырой»: ІІМ-де көркемөнерпаздар байқауы қорытындыланды 10.12.2024
Ішкі істер министрлігінде «Міндет. Ерлік. Абырой» ұранымен республикалық көркемөнерпаздар байқауы өтті.Аумақтық бөліністерден бақ сынауға келген тәртіп сақшыларына Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков сәттілік тіледі.– Жарыс дәстүрлі түрде биыл 14-ші рет өткізіліп жатыр. Өңірлерде өткен сайыстардың 139 жеңімпазы бүгін осы залда бақ сынамақ. Ішкі істер органдарының ең үздік қызметкерлері осы сахнада жиналды деп есептеймін. Біздің әріптестеріміз тек кәсіби шеберліктерімен ғана емес, сонымен қатар шығармашылық дарынымен де ерекшеленеді, – деді полиция генерал-майоры.«Өнерліге есік ашық» деген дана халқымыз. Елдің тыныштығы мен қоғамның қауіпсіздігін күзеткен погонды қыз-жігіттердің арасында сегіз қырлы, бір сырлы жандар жетерлік.Байқау қызметімен ғана емес, талантымен тәнті еткен мамандарды көтермелеуді көздейді. Айта кету керек, биыл министрлікте кадр сапасын арттыру жылы. Сондықтан полицейлердің жан-жақтылығына аса мән беріледі.Сынақтан сүрінбей өтіп, топ жарғандар марапатқа ие болды. Байқаудың бас жүлдесі Солтүстік Қазақстан облысы ПД тобына бұйырды. Саптық ән бойынша бірінші орынды Алматы облысы ПД, екінші орынды ШҚО ПД, үшінді орынды Алматы қаласы ПД иеленді.Жеке орындаушылар арасында бірінші орынды Ақмола облысы ПД қызметкері Бекзат Жұмаев алса, екінші орынды Алматы академиясынан Гауһар Толықбаева, үшінші орынды Қарағанды облысы полиция департаментінен Шерхан Төлеуханов қанжығасына байлады.Вокалдық топтар арасында жүлделер келесідей болды: І дәрежелі лауреат- Жамбыл облысы ПД, ІІ дәрежелі лауреат – ШҚО ПД, ІІІ дәрежелі лауреат – Қостанай облысы ПД.Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен Юлия Мурикова «Көрермен көзайымы», Астана қаласы ПД «Үздік сахналық келбет», Ақтөбе облысы ПД «Виртуоз-орындаушы», Қостанай академиясы «Командалық жұмыс» номинацияларын жеңіп алды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/899856
Астанада ядролық-энергетикалық бағдарлама үшін менеджмент жүйелеріне кіріспе тақырыбында АЭХА ұлттық семинары өтуде 10.12.2024
2024 жылғы 10-12 желтоқсан аралығында Астана қаласында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) ядролық-энергетикалық бағдарламаға арналған менеджмент жүйелеріне кіріспе жөніндегі ұлттық семинары өтуде (Introduction to Management Systems for a Nuclear Power Programme). Аталған семинарды Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-мен бірлесіп, спикерлер ретінде атом энергетикасы саласындағы халықаралық сарапшыларды тарта отырып ұйымдастырды.Семинар барысында атом энергетикасын қауіпсіз және тиімді дамыту үшін менеджмент жүйелерін құру мен енгізудің негізгі тәсілдері ұсынылды. Халықаралық сарапшылар АЭХА-ның заманауи стандарттарын іске асыру бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, қауіпсіздік, сапа және тұрақтылық қағидаттарын менеджмент процесіне біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу және төмен көміртекті энергетикаға көшу жөніндегі жоспарларын ескере отырып, үздік әлемдік тәжірибелерге негізделген қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.Қазақстандық мамандар озық халықаралық тәсілдерді зерделеуге және олардың ұлттық жағдайларға бейімделуін талқылауға құнды мүмкіндік алды. Қатысушылар білікті кадрларды даярлау және Қазақстанда атом энергетикасын дамыту бағдарламасын табысты іске асыру үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.Семинарды ұйымдастыру Қазақстанның АЭХА-мен ынтымақтастығын нығайтудағы кезекті қадамы, Қазақстанның халықаралық стандарттарға адалдығы, көміртегі ізін азайтуға және экологиялық таза энергия көздеріне көшуге ұмтылуы болды. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС қазақстандық мамандарды даярлауға жәрдемдескені үшін халықаралық серіктестерге алғыстарын білдірді және болашақ білім беру бастамалары шеңберінде белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруды жоспарлап отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/899851
Қазақстандық оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады? 10.12.2024
Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қысқы каникул кезеңі 2024 жылдың 30-желтоқсаны мен 2025 жылдың 8-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары жасалды. Ол бойынша мектептерде бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланған:• «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында «Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз» мектепішілік іс-шарасы;• театр фестивальдері мен қойылымдары;• жаңа жылдық әшекейлер жасау бойынша шеберлік сабақтары;• қауіпсіздік сабақтары;• мұражайларға, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсиялар;• спорттық ойындар, коньки, шаңғы тебу;• қайырымдылық акциялары және басқа да шаралар.Ең бастысы - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аударылады.Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/899518
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: әділеттілік пен қоғамның өркендеу жолы 10.12.2024
Сыбайлас жемқорлық - қоғамның тұрақты дамуына қауіп төндіретін ең өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Бұл демократия негіздерін бұзып қана қоймай, азаматтардың мемлекетке сенімін төмендетеді. Экономикалық дамуды тежеп, әлеуметтік теңсіздікті арттырады. Сыбайлас жемқорлыққа тиімді қарсы тұру жүйелі көзқарасты, қоғамның барлық салаларының күш-жігерін біріктіруді және кешенді алдын алу шараларын енгізуді талап етеді.Абай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жобалар мен бағдарламалар белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Болашақтың іргетасы саналатын жастармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінуде. «Саналы ұрпақ» форумы аясында өскелең ұрпақты сыбайлас жемқорлықтан саналы түрде бас тартуға тәрбиелеу мақсатында оқыту бағдарламалары ұйымдастырылуда. Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер, студенттер мен бизнес өкілдері арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.Заманауи технологиялар сыбайлас жемқорлықпен күресте маңызды құралға айналды. Мысалы, Қазақстанда ашықтықты қамтамасыз ететін және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу қажеттілігін жоққа шығаратын e-Otinish сияқты цифрлық платформалар белсенді түрде енгізілуде. Бұл бастамалар ашық диалог пен ақпараттың қолжетімділігі арқылы билік пен азаматтар арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған «Еститін мемлекет» саясатын жүзеге асыру арқылы қолдау тапты.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғамдық ұйымдар мен ведомствоаралық ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Облыста мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық кеңестің өкілдерінен тұратын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. Бұл тәсіл мәселелерді жан-жақты қарастыруды және өзектілерін шешуге азаматтық қоғамды тартуды қамтамасыз етеді.Жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, 2024 жылдың қыркүйегінде Курчатов қаласында, сондай-ақ Бесқарағай, Аягөз және Үржар аудандарында мобильді топ мүшелерінің халықпен кездесулері өтті. Топ құрамына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің, облыстық кәсіпкерлер палатасының, полиция, Білім және Денсаулық сақтау басқармаларының, сондай-ақ бизнес өкілдері кірді. Іс-шара барысында азаматтар кеңес алып, сұрақтарын тікелей қоюға мүмкіндік алды.2024 жылдың 18 қазанында Абай облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен, «Тәуелсіз зерттеулер орталығы» ҚБ ұйымдастыруымен студенттер арасында интеллектуалды ойын өткізілді. Форумға еліміздің 9 жоғары оқу орнынан командалар қатысты. Қатысушылар Семей қаласынан «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешеніне дейін білім беру бағытымен жүріп, Абай шығармашылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық негіздеріне қатысты құрылған тапсырмаларды орындады. Ойын студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырып, оны өткізуді дәстүрге айналдыру ұсынылды.Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекетке деген сенімді нығайтуға, адалдық пен әділеттілікті басты әлеуметтік құндылықтар ретінде тәрбиелеуге бағытталған жүйелі жұмыс. Бірлескен күш-жігер арқылы ғана сыбайлас жемқорлықтан таза, ашық, әділ және тұрақты қоғам құруға болады.Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкіміАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/899636
Бородулиха ауданы ауыл шаруашылығында өсім көрсетіп жатыр 10.12.2024
Биыл Бородулиха ауданында егіс көлемі 356 716 гектарға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 400 гектарға артық. Соңғы үш жылда егіс көлемі 34 мың гектарға ұлғайса, оның 20,7 мың гектары көктемгі егіс.2024 жылдың басынан бері ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 44,6 млрд теңгені құрады. Негізгі үлесті өсімдік шаруашылығы – 32,1 млрд теңге (65%), ал мал шаруашылығы 12,4 млрд теңге (35%) берді.Мал басының да айтарлықтай өскені байқалады. Ірі қара мал басы 29 321 басқа (+22,5%), ұсақ мал 33 374 басқа (+28,1%) өсті.Бүгінде облыста 403 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер белсенді жұмыс істеп, өңір экономикасын нығайтуға зор үлес қосуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/899654
Еліміздің туризм саласы тұрақты түрде дамып келеді 10.12.2024
2024 жылдың 9 айында ішкі туристер саны 562 мыңға артып, 6 млн адамға жетті.Шетелден келетін туристер легі 11,5 млн адамды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге жуық көп. Оның ішінде шетелдік 969 мың турист орналастыру орындарына жайғасты.Бұл көрсеткіштер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі мен туристік бағыт ретінде Қазақстанға қызығушылықтың артып келе жатқанын айғақтайды.Саланың экономикалық көрсеткіштері де айтарлықтай өсім көрсетіп отыр.Орналастыру нысандарының жалпы кірісі 27%-ға өсіп, 224 млрд теңгені құрады.Орналастыру нысандарының саны 306 бірлікке өсіп, 4 315-ке жетті, ал олардың сыйымдылығы 18 мың төсек-орынға дейін артып, 226 мыңды құрады.Бұл Қазақстанның ішкі және халықаралық туристерді қабылдауға дайындығын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.Туризмге салынған инвестиция көлемі қарқынды өсіп келеді. 2024 жылдың 10 айында олардың көлемі 33,6%-ға артып, 668,1 млрд теңгені құрады. @KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/898663
Қазақстанда туризм саласын мемлекеттік қолдау кеңейтілді 10.12.2024
Биыл мемлекеттік қолдауға мақұлданған өтінімдер көлемі 3 есеге артты. Тек 2024 жылдың өзінде 37 туристік нысан мен 6 туристер тасымалдайтын автобусқа 2,1 млрд теңге мақұлданды.2024 жылдың соңына дейін жалпы құны 120,4 млрд теңгені құрайтын 119 инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр, бұл 1 319 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Негізгі бастамалар қатарына:Түркістандағы «Medina Palace» қонақ үйінің құрылысы;жаңа қонақ үй нысандарын қосу арқылы «Ақсу – Жабағылы» шипажайын жаңғырту кіреді.Глемпинг алаңдары мен қонақ үйлерін құру арқылы 10 мың ауыл тұрғынын қосымша жұмыспен қамтамасыз ететін агротуризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ұлттық парктер аумақтарындағы инфрақұрылымды дамытуға арналған қонақүйлерді жіктеу жүйесін жаңарту және жергілікті атқарушы органдар өкілеттіктерін кеңейту жоспарланып отыр.@KZgovernmentАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/898665
Туризм және спорт министрі өңірлік спорт басқармалары басшыларымен жылды қорытындылады 10.12.2024
Елордада Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиынға министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары мен өкілдері қатысып, 2024 жылды қорытындылады.Кеңесте өңірлік спорт басқармаларының басшылары мен өкілдері өз облысындағы спорт инфрақұрылымы, дене шынықтыру мен спортты дамыту, сондай-ақ жастарды спортқа баулу мәселелері бойынша есеп берді. Сонымен қатар облыстардағы спорттың жай-күйі, қордаланған мәселелері ашық талқыға салынып, шешу жолдары ұсынылды.Министр спорттың қоғамдағы маңызы мен дене шынықтырумен айналысудың адам денсаулығы мен өмір сапасына әсерін атап өтті. Сонымен қатар ол спорт саласының дамуында кездесетін кедергілерді шешуге бағытталған нақты шараларды ашық талқылаудың қажеттігін жеткізді.Жиында спорт инфрақұрылымын дамыту, әсіресе ауылдық жерлердегі спорт алаңдарының санын көбейту, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып жаңа спорт нысандарын салу мәселелері көтерілді. Бұдан басқа, спорт саласындағы кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру, спортшыларды қолдау шараларын күшейту туралы да ұсыныстар айтылды.Ербол Мырзабосынов өңірлердегі спорттың жай-күйін жан-жақты талқылап, аймақ спортын дамытуға қатысты нақты қадамдарды айтты. Министр алдағы уақытта спорт саласындағы жетістіктерді арттыру үшін мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, өңірлік басқармалардың жұмысын үйлестіру және жергілікті деңгейде спорттық іс-шараларды көбейту қажеттігін де атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/899323
Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытынды бейнеролигі 10.12.2024
Алматыда өткен форум аясында Қытайдан келген меймандар Қазақстан туралы ойын ортаға салды. Қонақтар еліміздің бай мәдениетін, бірегей табиғи сұлулығы мен қонақжайлығын ерекше атап өтті.Форум өзара ынтымақтастықтың жаңа әлеуетін аша отырып, екі ел арасындағы мәдени және экономикалық байланысты нығайтуда туризм саласының маңызы зор екенін тағы бір мәрте ұғындырды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/899713
10 желтоқсан – Адам құқықтары күні! 10.12.2024
Бүгін, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қабылданған күні, әр адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау және ілгерілету маңыздылығын атап өтеміз.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заң үстемдігін нығайтуға, әділ сотқа тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға ұмтылады. Біз заңнаманы жетілдіру және адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды жүзеге асыру бағытында белсенді жұмыс жасауды жалғастырамыз.Бұл ерекше күні әр адамның құқықтары әділ, бейбіт және гүлденген қоғамның негізі екенін ұмытпайық.Сіздің құқықтарыңыз – біздің басты міндетіміз!Бірлескен күш-жігерімізбен мықты және әділ Қазақстан құрамыз.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/899783
Қызылсуат ауылына кіреберіс жол жарықтандырылды 10.12.2024
8 желтоқсан күні Қызылсуат ауылына кіреберіс жолды жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Бюджеттің төртінші деңгейінің қаражаты есебінен ұзындығы 1,2 км кіреберіс жол бөлігінде шамдары бар 35 тірек орнатылды. Жоба құны 10 млн теңгені құрап, жұмыстарды «Метал энерджи» ЖШС мердігерлік ұйымы орындады.Жаңа жарықтандыру жүйесі түнгі уақытта көрінуді жақсартып, ауылдың жалпы келбетін айшықтайды. Сонымен қатар, ауылдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында 22 бейнебақылау камерасын орнату жоспарланған, оның ішінде 3 камера кіреберіс жолда орнатылды.Бұған дейін Қызылсуат ауылдық округінде Шұбар, Аққайың және Қызылсуат ауылдарында жалпы ұзындығы 3,5 км жол учаскелеріне шамдары бар 99 тірек орнатылған болатын.Сонымен қатар, жақында округте ұялы байланыс операторының базалық станциясы орнатылып, іске қосылды. Бұл желінің сапасын жақсартуға және деректерді беру жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.Аталған жобалар қауіпсіздікті күшейтуге, жергілікті тұрғындар мен қонақтардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған. Іске асырылған бастамалар ауылдық округтің инфрақұрылымын жақсарта отырып, оның заманауи, қолайлы және тартымды өңірге айналуына ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/899367
«Болашақ фермасы»: Жалтыр ауылынан келген көпбалалы ана табысты бизнес-жобаны жүзеге асырды 10.12.2024
Астрахан ауданы Жалтыр ауылының тұрғыны Инга Дмитриева мемлекеттік қолдау мен жеке бастаманың өмірді қалай өзгерте алатындығының жарқын мысалы болды.Көп балалы ана грант алу құқығын пайдаланып, «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Ол кәсіпкерлік негіздерін игерді, бизнес-жоспар әзірледі және өзінің «Болашақ фермасы» жобасын қорғады. «Менің идеям заманауи технологияларды қолдана отырып, табиғи сүт өнімдерін өндіруге және жаңа және сапалы өнімдердің қол жетімділігін арттыруға бағытталған», - дейді Инга Дмитриева.Астрахан ауылының тұрғыны Серікбол Авдикерим де осы бағдарлама бойынша оқудан өтіп, өзінің бизнес-жобасын іске асыру үшін грант түрінде мемлекеттік қолдау алды. Оның жобасы ауылдағы фаст-фуд өндірісіне арналған. Ол қажетті жабдықты сатып алып, тауарды сатуға кірісті.Ауданда «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға барлығы 40 адам өтті, ағымдағы жылы бизнес-идеяларды іске асыруға 7 грант берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/899577