Enbekshi QazaQ

Әлем

Объектідегі қауіпсіздік шаралары! 10.12.2024
2024 жылғы 9 желтоқсанда, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен «ADK River» СОК персоналы үшін терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша түсіндірме жүргізілді.Іс-шара барысында келесі тақырыптар талқыланды:- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 5 қазандағы № 366-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерін және террористік тұрғыдан осал ішкі сауда объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы;- штаттық және қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс—әрекет алгоритмі;- террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;- көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;- терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/899466
Тегеранда жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте діндарлардың жауапкершілігі талқыланды 10.12.2024
Иранда «Жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте діндарлардың жауапкершілігі» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараны Иран Ислам Республикасының Діндер мен мәдениеттер диалогы орталығы Қазақстан Республикасының Конфессияаралық және дінаралық диалог орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.Екі елдің дін саласындағы сарапшылары қоғамның заманауи мәселелерін шешудегі дін лидерлерінің әлеуетінің маңыздылығын талқылады. Конференцияға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері қатысты.Спикерлер Қазақстанда өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі жаһандық дамудың негізгі бағыттары бойынша дін көшбасшыларының жан-жақты жақындасуына және елдер мен халықтардың бейбітшілік пен келісімде өмір сүруіне ықпал ететінін атап өтті.Конференция аясында қазақстандық делегация өкілдері Иран Ислам Республикасы Президенті жанындағы Мәдениет және исламдық байланыстар ұйымының басшысымен кездесті.Сондай-ақ, қазақстандық делегация мүшелері Тегеран университетіне барып оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/899697
Қызылжар ауданында 8 медициналық нысан салынды 10.12.2024
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Кызылжар ауданында болды. "Жыл аяқталып келеді, қазір жылдың қорытындысын шығаратын уақыт. Биыл Кызылжар ауданы ауылдарының тасқыннан соң инфрақұрылымын қалпына келтіруге ерекше назар аударылды. Бескөл, Прибрежное және Тепличное ауылдарындағы бөгеттер нығайтылды", - деп жазды өңір басшысы. Қиын жағдайға қарамастан, ауданда маңызды инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асты. Налобино, Вагулино және Белое ауылдарындағы ішкі жолдары орташа жөндеуден өтті. Бескөлде 5 қабатты үй мен хоккей кортына арналған металл шатыр салынуда. Облыста салынған 38 медициналық нысанның 8-ы Кызылжар ауданының ауылдарында орналасқан. Сондай-ақ, өңір басшысы аудандағы әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарды аралады. «Қазақстан халқына» қорының жобасы аясында жаңғыртылған №2 Бескөл орта мектебі мен жөндеуден өткен «Балапан» балабақшасына барды. Облыс әкімі Байтерек ауылындағы әлеуметтік осал топтарға арналған үйлерді қарап шығып, Новокаменка ауылындағы электрмен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын тексерді.СҚО әкімі «Радуга», «Молсервис», «ЕР-Агро», «Молодое Агро» және «Елім Кызылжар» кәсіпорындарының жұмысымен танысып, аудан диқандарымен кездесті. Сапар соңында Ғауез Нұрмұхамбетов Боголюбово ауылындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелер мен өңірдің даму перспективаларын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/899379
Су ресурстары және ирригация министрлігі Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ су қоймаларын 100% суға толтыруды жоспарлап отыр 10.12.2024
Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025 жылдың сәуіріне дейін Жамбыл облысындағы Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ су қоймаларын 100% суға толтыруды жоспарлап отыр. Министрліктің аппарат жиналысында көктемгі су тасқыны және жазғы суару кезеңіне дайындық жұмыстары пысықталды.Бүгінгі таңда Тасөткел су қоймасы 70,5%-ға толы. Бұл 353 млн текше метрге жуық су. Ал, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасына 36 млн текше метрге жуық су жиналды.Түркістан облысындағы Шардара су қоймасы да белсенді су жинап жатыр. Соңғы 1 айда ғана мұнда 702 млн текше метр су келді. Қазір қойма 41%-ға жуық толы. Министрлік көктемге дейін су қоймасына 5 млрд текше метрден артық су жинауға ниетті.Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы 90%-ға жуық толы. Бұл шамамен 16,6 млрд текше метр су. Қараша-желтоқсан аралығында қоймаға 120 млн текше метр су келді.«Министрлік келесі жылғы суару маусымында еліміздің оңтүстік облыстарын сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында көршілес мемлекеттермен белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр. Өткен аптада Бішкекте өткен Қазақстан-Қырғызстан Үкіметаралық кеңесінің отырысында да бірқатар маңызды мәмілелер жасастық. Су дипломатиясының нәтижесінде биыл суару маусымында еліміздің шаруалары су тапшылығын сезінген жоқ»,- деді министр Нұржан Нұржігітов.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/899432
Зейнетақы жинақтарының 2025 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегі сол деңгейде қалады 10.12.2024
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) жыл сайын, келесі қаржы жылына арналған ҚР «Республикалық бюджет туралы» Заңы ресми жарияланғаннан кейін, бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ, өзінің интернет-ресурсында алдағы жылға есептелген зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігі шегін (ТЖШ) орналастыруға міндетті.Осы талапты орындай отырып, БЖЗҚ 2025 жылға арналған ТЖШ жариялап, ТЖШ өлшемдері 2024 жылғы деңгейде өзгеріссіз қалғанын хабарлайды. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы да ТЖШ мөлшері көтерілмеген болатын.ТЖШ - бұл ай сайынғы зейнетақыны ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес көлемде қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының (міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған) ең төменгі мөлшері. Бұл әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, сондай-ақ, болашақ зейнетақы жарналарының (ең төменгі жалақы мөлшерінен) болжамды есептеулеріне және инвестициялық кірістілікке сүйене отырып анықталатын зейнетақы жинақтарының бағалау сомасы. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткіліктілік шегі - бұл салымшының зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін (ең төменгі базалық зейнетақы төлемі есебімен) алуы үшін шотта қалуы тиіс ең төменгі көрсеткіш. ТЖШ есептеу Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне1 (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес жүргізіледі (ҚР Үкіметінің 30.06.2023ж. №521 қаулысымен (бұдан әрі – №521 қаулы) бекітілген).Әдістемеге сәйкес, 2025 жылға арналған ТЖШ есептеу кезінде 2025 жылға арналған мына әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылды:1) ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 32 360 теңге;3) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 62 771 теңге;4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 46 228 теңге. Жекелеген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің ұлғаюына қарамастан, ТЖШ мөлшерінің бұрынғы деңгейде сақталуы (2024 жылмен салыстырғанда, өзгеріссіз) ең төменгі жалақы мөлшері және зейнетақы жинақтары кірістілігінің болжамды жылдық пайыздық мөлшерлемесі сияқты маңызды өлшемдердің өзгеріссіз қалуымен ішінара байланысты болса керек. Тақырып бойынша бейнетүсініктеме БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube арнасында.БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер [1] Қазақстан Республикасының "2025 - 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алумен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/899428
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» – зейнетақы жинақтарыңызды инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз 10.12.2024
Аңдатпа «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні» – зейнетақы жинақтарыңызды инвестициялау мүмкіндіктерін зерделейміз Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2024 жылдың 13 желтоқсан күні «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнін» өткізеді.Күннің басты тақырыбы – «ИПБ-лардың инвестициялық стратегиялары. Салымшылар үшін өзекті мәселелерді талқылау».ИПБ деген не, өз зейнетақы жинақтарыңызды сенімгерлік басқаруға беретін компанияны қалай таңдауға болады, сондай-ақ жинақты сенімгерлік басқаруға аудару қағидалары туралы Қор мамандары мен инвестициялық компаниялардың өкілдері аталмыш іс-шара барысында түсіндіріп береді. Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» іс-шарасы онлайн-форматта 2024 жылдың 13 желтоқсан күні 10:00 сағ., 14:00 сағ., және 16:00 сағ. өтеді. Сағат 10:00-ғы іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет https://enpf.webex.com/weblink/register/r8e6cbc4e85018a6296ba1e0f01cc9bea Содан кейін event-кеңестің нөмірі 2510 812 3186 мен паролін 2024 енгізіңіз. Сағат 14:00-гі іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет https://enpf.webex.com/weblink/register/rf8c023663cefbab5d70ddb7dcb0d5d4c Содан кейін event-кеңестің нөмірі 2514 463 1464 мен паролін 2024 енгізіңіз. Сағат 16:00-гі іс-шараға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет https://enpf.webex.com/weblink/register/r982a09bcb1897e29fc3deffcab8c10f7 Содан кейін event-кеңестің нөмірі 2515 915 7926 мен паролін 2024 енгізіңіз. «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/899353
ІІМ Алматы академиясының жаңа бастығы тағайындалды 10.12.2024
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Мақан Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының бастығы болып Қобландин Қалижан Жеңісбекұлы тағайындалды.Оқу орнының жаңа басшысын жеке құрамға Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков таныстырды.Қалижан Қобландиннің түрлі басшылық лауазымдарда тәжірибесі бар. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ол көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/898985
ІІМ Қарағанды академиясының жаңа бастығы тағайындалды 10.12.2024
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Бәрімбек Бейсенов атындағы ІІМ Қарағанды академиясының бастығы болып Биекенов Нұрлан Амангелдіұлы тағайындалды.Ведомстволық оқу орнының жаңа басшысын жеке құрамға министрдің орынбасары Айдар Сайтбеков таныстырды.Нұрлан Биекенов ІІМ Қарағанды академиясының оқытушысы, кафедра бастығы болып жұмыс істеген.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/898996
Шығыс Қазақстан облысында жол жөндеу бойынша рекордтық көрсеткіш орнады 10.12.2024
Былтыр аймақ басшысы Ермек Көшербаев 2024 жылды «Жол жылы» деп жариялады. Биыл облыс бойынша 600 шақырым жол жөнделіп, рекордтық көрсеткіш орнатылды.-Жолдарды жөндеуге арналған бағыттар тек экономикалық негіз бойынша емес, өңірдегі көлік жүргізушілері мен тұрғындардың қалауы бойынша таңдалды. Облыста туристік орындарға апаратын тасжолдарды жөндеуге және қайта жаңартуға ерекше көңіл бөлінді, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.Ауылдық елдімекендер де назардан тыс қалған жоқ. Биыл алғаш рет 79 шағын ауылда 120 шақырымды құрайтын орталық көшелерге кезең-кезеңімен асфальт төсеп, көшелерді жарықтандыру жоспарланып отыр.Осы жылы облыс аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар тасжолдарға ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024-2025 жылдар аралығында барлығы 392 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде республикалық маңызы бар жолдардың барлық учаскелерінің жағдайы жақсартылады.Сондай-ақ 2025 жылы аймақтағы ұзақ мерзімді ірі құрылыс нысандарының бірі – Өскемен – Рахман қайнары тасжолын аяқтау жоспарлануда. Бұл жол 3 ауданды байланыстырып, Қазақстанның туристік орындар қатарына жататын Катонқарағай ауданына апарады.Жол мәселесіне келгенде Шығыс Қазақстандағы ең ірі көлік-логистикалық жобалардың бірі – Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысының аяқталуын айта кеткен жөн. Ол бірден алты ауданды байланыстырып, тұрғындардың климаттық жағдайлар мен паром өткеліне деген тәуелділігін жойды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/898845
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі Қоғамдық кеңес отырысы өтетіні туралы хабарлайды 10.12.2024
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2024 жылғы 11 желтоқсанда сағат 15-00 де Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 мекен-жайында (мәжіліс залы, 108 каб.) Қоғамдық кеңес отырысы өтетіні туралы хабарлайды.Қаралатын мәселелер:Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау және ұсынымдар беру.Әртүрлі. Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: (8-7232) 713-195Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/898950
ТЖМ өрт қауіпсіздігінің профилактикалық айлығын жалғастыруда 10.12.2024
Елімізде 1 желтоқсанда Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың тапсырмасы бойынша басталған өрт қауіпсіздігі айлығы жалғасуда. Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыру. Профилактикалық айлықтың бірінші аптасында 2,5 мыңнан астам үй аулалық рейдтермен қамтылды, оның барысында 3 мыңға жуық тұрғынға консультациялық көмек көрсетілді. Тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі шаралары түсіндіріледі, олардың сұраулары бойынша пештер мен электр жүйелері тексеріледі, сондай-ақ жаңа жылдық іс-шараларды мерекелеуге байланысты пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалануы жөнінде түсіндіріледі. Құтқарушылардың ерекше назары әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлерін тексеруге аударылады. Жылыту пештерінің, түтін мұржаларының, электр сымдары мен электр жабдықтарының жай-күйі, сондай-ақ өрт датчиктерінің болуы мен жарамдылығы бағаланады. Кішкентай балалары бар отбасыларда оларды қараусыз қалдыруға жол бермеу мәселелері көтеріледі. Әр үйде тақырыптық үгіт-насихат жадынамалары беріледі. Сондай-ақ, өрт айлығы аясында алдағы мерекелерді қауіпсіз өткізуге бағытталған іс-шаралар кешені көзделген. Адамдар жаппай болатын объектілерде азаматтарды эвакуациялау бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтай отырып, өрт-тактикалық сабақтар өткізіледі. Эвакуациялау жолдары, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы, сондай-ақ өрт пайда болған кезде объектілер қызметкерлерінің іс-қимыл дағдылары тексеріледі. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады:- тек жұмыс істейтін пештер мен электр құрылғыларын пайдаланыңыз;- пештердің қызып кетуіне және электр желілерінің шамадан тыс жүктелуіне жол бермеңіз;- мұржаны күйеден уақытында тазалаңыз;- пеш пен электр құрылғыларының ақаулықтарын үнемі тексеріп отырыңыз;- сіріңкелер мен тұтандырғыштарды балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз;- балаларды қараусыз қалдырмаңыз;- тек сертификатталған пиротехникалық өнімдерді сатып алыңыз және қолданыңыз. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/899004
ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ БҚО-ДА 11 МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК НЫСАНЫ ТАПСЫРЫЛДЫ 09.12.2024
Батыс Қазақстан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде жоспарланған 24 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарынан 11 ауылдық нысан пайдалануға берілді.Батыс өңірінің картасында пайда болған жаңа медициналық ұйымдардың тізімінде келесі нысандар бар:Бөрлі ауданы Қарағанды ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт;Бәйтерек ауданы Байқоңыс ауылдық округінде, Новенький ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт;Бәйтерек ауданы Садовое ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт;Бәйтерек ауданы Жайық ауылындағы медициналық пункт;Бәйтерек ауданы Красноармейское ауылындағы медициналық пункт;Бөрлі ауданы Жаңақоныс ауылындағы медициналық пункт;Жәнібек ауданы Борсы ауылындағы медициналық пункт;Қаратөбе ауданы Үшағаш ауылындағы медициналық пункт;Теректі ауданы Үлкен Еңбек ауылындағы медициналық пункт;Бәйтерек ауданы Өркен ауылындағы медициналық пункт;Бәйтерек ауданы Болашақ ауылындағы медициналық пункт.2025 жылға дейін ауылдық елді мекендерде 50 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының құрылысы жоспарланған болатын.Қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес пациенттерді ФАП-қа қабылдау үшін фельдшер кабинеті, акушерка кабинеті, қарау кабинеті, емшара кабинеті, егу кабинеті, стерилизация, дәріхана пункті, физиотерапия кабинеті, қақырық жинау кабинеті, ақпараттандыру кабинеті, шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлар көзделген.Сондай-ақ, медициналық пункттерде орта медициналық персоналдың кабинеттері, емшара кабинеті, физиотерапия кабинеті, дезинфекциялау құралдарын дайындауға және сақтауға арналған үй-жай, дәріхана пункті мен анықтамалық вестибюль, шаруашылық және тұрмыстық үй-жайлар көзделген.Ұлттық жобаны іске асырудың мақсаты - онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтауды, скринингтік зерттеп-қарауларды уақтылы жүргізуді, нысаналы топтарды вакцинациялауды және созылмалы аурулары бар науқастарды емдеп-қарауды қоса алғанда, ауыл халқының денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/899312
ҚАЗАҚСТАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ XXXVII ОТЫРЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ 09.12.2024
Қазақстандық делегация Санкт-Петербургтегі ТМД елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің XXXVII отырысына қатысты.Форумның күн тәртібінде жаһандық сын-қатерлермен күресу және денсаулық сақтау саласындағы орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігі, онкологиялық аурулармен және туберкулездің таралуымен күресу үшін күш-жігерді біріктіруге байланысты маңызды тақырыптар талқыланды.Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді дамыту, цифрландыру саласындағы жобалар, міндетті медициналық сақтандыру жүйесі, медициналық көмектің заманауи стандарттарын енгізу бөлігінде қол жеткізілген нәтижелер туралы айтып берді.Кеңестің отырысында Қазақстанның басты бастамасы 2025 жылды ТМД елдеріндегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек жылы деп жариялау туралы ұсыныс болды. Бұл ұсынысты ТМД Кеңесінің барлық мүшелері қолдады.Отырыстың қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған шешімдер қабылданды, бұл ТМД аумағында медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің XXXVII отырысына қатысу шеңберінде министр бастаған Қазақстан делегациясы «Герофарм» фармацевтикалық компаниясының өндірістік алаңына барды.Мұнда қазақстандық мамандар толық циклді гендік-инженерлік инсулиннің үздік жетекші ресейлік фармацевтикалық өндірушілерінің ТОП-20 қатарына кіретін биотехнологиялық препараттарды шығару жөніндегі ұлттық компанияның жұмысымен танысты.Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңес 1992 жылғы 26 маусымда халықтың денсаулығын сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің негізінде құрылғанын атап өткен жөн. Оның құрамына ТМД-ның 7 елі: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан кіреді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/899320
ТАҒАЙЫНДАУ 09.12.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы тағайындалды. Жасұлан Рүстемов 1986 жылы 19 тамызда туған. Д.А.Қонаев атындағы университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы және Қазақ технология және бизнес университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы «Фемида» заң колледжінде ақпараттық жүйелер оқытушысы болып бастаған. 2008-2013 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Ақпараттық-тұсаукесер орталығы» республикалық мекемесінде ақпараттандыру қызметінің техник-инженері және осы қызметтің бастығы болған. Әр жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінде бас сарапшы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы болған. Облыс құрылған сәттен бастап, 2024 жылдың қазан айына дейін Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып қызмет етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/899216
Цифрлық даму министрі Катарға жұмыс сапарымен барып, негізгі компаниялар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдерімен кездесті 09.12.2024
Қазақстан Республикасының Президентінің Катар Мемлекетіне мемлекеттік сапары аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Mekdam Holding және Wisdom Technology сияқты Катардың ірі компанияларының өкілдерімен өнімді кездесулер өткізіп, сондай-ақ Катардың Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Мұхаммед бин Әли бин Мұхаммед Әл-Маннаймен кездесті. Әл-Маннай мырзамен кездесу барысында тараптар цифрлық саладағы ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Қазақстан GovTech саласындағы жетістіктерін таныстырып, 80-нен астам мемлекеттік деректер базасын интеграциялау, проактивті мемлекеттік қызметтерді енгізу және 4,6 миллион пайдаланушысы бар eGov mobile қосымшасы сияқты табысты жобаларын атап өтті. Тараптар жасанды интеллектті дамыту және оны экономиканың түрлі секторларында қолдану бойынша ортақ басымдықтарды айқындады. Қазақстан бұл салада тәжірибе алмасып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. Киберқауіптердің артуына байланысты тараптар деректерді және ұлттық инфрақұрылымды қорғау саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын мойындады. Қазақстан Катардың киберқауіпсіздік жүйелерін құрудағы тәжірибесін зерттеуге қызығушылық білдірді. Министр Катарға Қазақстанның спутниктік топтамасын құру жобасына қатысуды ұсынды, бұл тараптарға ғылыми және қолданбалы мақсаттарда деректерді бірлесіп пайдалануға мүмкіндік береді. Жаслан Мәдиев катарлық серіктестерді Astana Hub жобаларына қатысуға, сондай-ақ Қазақстанның АҚШ, Сауд Арабиясы мен Сингапурда құрылған халықаралық IT-хабтарының мүмкіндіктерін технологиялық стартаптарды жаһандық нарықтарда қолдау үшін пайдалануға шақырды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың нақты бағыттарын пысықтау үшін жұмыс тобын құру туралы келісті. Жұмыс сапарының маңызды оқиғаларының бірі Министрдің 2024 жылғы Doha Forum аясында «Инновацияның императиві» тақырыбында сөз сөйлеуі болды. Өз сөзінде Министр GovTech саласындағы Қазақстанның жетістіктерін, соның ішінде мұқтаж азаматтарға мемлекеттік көмек көрсетуді автоматтандыратын және 3 миллионнан астам адамды қамтитын «Цифрлық отбасы картасы» жобасын атап өтті. Бұл жоба «Инклюзивті цифрлық трансформация» номинациясы бойынша GovTech Prize халықаралық сыйлығын жеңіп алды. Министр Қазақстанның табысты бастамаларын ауқымын кеңейтіп, халықаралық серіктестермен тәжірибе бөлісуге дайын екенін ерекше атап өтті. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/899297
Алматы қаласының Жетісу ауданында жаңа көпір бойынша қозғалыс ашылды 09.12.2024
Алматының Жетісу ауданындағы Кемел ш/а құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында басталған көпірдің техникалық ашылуы өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша көпір бойындағы апатты жағдайға салдарынан қозғалыс жабылып, жаңасын салу туралы шешім қабылданған болатын.Бір аралықты типтегі жаңа көпір құрылымы қысқа мерзімде-шамамен 4 айда тұрғызылды. Жұмыстың бірінші кезеңі аясында апаттық көпірді бөлшектеу, инженерлік желілерді қайта құру, 29 метрлік бұрғылау қадаларын монтаждау, тіректер мен тірек желілерін орнату жүргізілді.Салынған көпір ескіден екі есе ұзын: 16,8 метрге қарсы 33 метр. Сондай-ақ ені 8,5-тен 14,5 метрге дейін ұлғайтылды, жүріс бөлігінің екі жағында әрқайсысы 1,5 метр жаяу жүргіншілер тротуары ұйымдастырылды.Жаңа көпір толығымен аяқталды және барлық ережелерге сай салынған. Ол автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз қозғалысқа кепілдік бере отырып, барлық қажетті тексерулер мен сынақтардан өтті.Екінші кезең аясында өзен арнасын нығайту және жарықтандыруды қамтитын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұдан басқа, өзен арнасын техника үшін уақытша негізден тазарту жүргізілетін болады. Бұл жұмыстарды ағымдағы айдың соңына дейін жүргізу жоспарлануда.Естеріңізге сала кетейік, маусым айында 60-шы жылдардағы көпір құрылысына жүргізілген техникалық тексеру бетон конструкцияларының ішінара бұзылуын, көпір тіректерінде жарықтардың пайда болуын, деформациялық тігістің болмауын және өзге де ақауларды анықтады.Жергілікті тұрғындар нормативтік мерзімнен әлдеқайда жылдам салынған көпірдің аяқталғанына қуаныштарын жасырмайды.«Біз ескі көпірді ұзақ уақыт жөндеуді күттік, бірақ біз жаңасын, сонымен қатар өте қысқа мерзімде салынғанына таң қалдық. Жұмыс сапалы және жаяу жүргіншілерге ыңғайлы жүргізілгенін көруге болады. Жаңа көпір талай онжылдықтарға қызмет ететін болады деп сенімді түрде айтуға болады», - деді Юлия Хвалынская.Семейгүл Зияданова да жаңа көпірді бағалады. «Бұл көпір шағын аудан тұрғындары үшін үлкен маңызға ие, өйткені ол арқылы бірнеше автобус маршруттары, сондай-ақ мектеп автобусы өтеді. Бұл облыс тұрғындары мен жақын маңдағы ауылдарға баратындар үшін өте қажет. Көпір күнделікті сапарлардың қысқа болуын қамтамасыз етеді», - деді ол.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/898841
Әлібек Жамауов Дохада өткен екінші Катар-Қазақстан инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты 09.12.2024
Бүгін Дохада Қазақстан мен Катардың мемлекеттік ұйымдары мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен екінші Катар-Қазақстан инвестициялық дөңгелек үстелі өтті.Іс шара барысында қатысушылар екі елдің іскер топтары арасындағы мұнай, газ және газ-химия өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.Бүгінгі таңда катарлық инвесторлармен бірлесіп бірқатар жобалар жүзеге асырылуда, оның ішінде қуаттылығы жылына 1 млрд м³ және 2,5 млрд м³ екі газ өңдеу зауытының құрылысы, жаңа КС-14 компрессорлық станциясының және «КС-14-Қостанай-Ақтөбе» магистральдық газ құбыры, сондай-ақ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші желілерінің құрылысы,«Газ өнеркәсібінің әлемдік көшбасшысы ретінде Катар біз үшін стратегиялық қызығушылық тудырады. Сіздердің нарықтарыңыз біздің компаниялар үшін өте маңызды екеніне сенімдімін, өйткені катарлық серіктестермен ынтымақтастық оларға баға жетпес тәжірибе алуға және бірлескен кәсіпорындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл білікті компаниялар алдағы уақытта Қазақстанның газ саласын дамытуда шешуші рөл атқаратын болады», - деп атап өтті вице-министр.Сондай-ақ, дөңгелек үстел аясында Энергетика министрлігі мен «UCC Concession, Infrastructure, Oil & Gas» компаниясы арасында «Инвестициялық келісім», «Қуаттылық нарығы туралы келісім» және «Электр энергетикасын сатып алып-сату шарттары» сияқты бірнеше бағыттар бойынша Жол картасына қол қойылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/899213
«АМАНАТ» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков азаматтарды қабылдады 09.12.2024
Азаматтарды қабылдау барысында Астана, Алматы, Тараз, Өскемен қалалары мен Ақмола, Жамбыл облыстарының тұрғындары вице-министрге өз шағымдарын жеткізді.Тұрғындар тарапынан әділет органдарының қызметіне қатысты сұрақтар көтеріліп соның ішінде алимент өндіру мәселесі, заң кеңесі палатасының қызметкерлеріне, жеке сот орындаушылар мен адвокаттардың іс-әрекетіне қатысты шағымдар айтылды.Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша вице-министр Әділет министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен әділет департаменттерінің директорларына бірқатар нақты тапсырмалар берді.Азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелер вице-министрдің жеке бақылауына алынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/899292
Қазақстан ТЖМ мереке күндері қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады 09.12.2024
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды демалыс және мереке күндері қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Жаппай өткізілетін іс-шаралар мен адамдардың, әсіресе қыста таза ауада демалу оқиғаларының көбеюіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу маңызды. 2024 жылғы 14 желтоқсаннан бастап ТЖМ бөлімшелері ТЖ қаупінің жоғарылауына байланысты қызметтің күшейтілген режиміне көшуде. Бұған қосымша рейдтер, жаппай өткізілетін іс-шараларды бақылау және демалыс орындарындағы қауіпсіздік кіреді. Сонымен қатар өрт-тактикалық жаттығулар, бизнес объектілерінің қызметкерлерімен нұсқамалар және ұсынымдар бере отырып, комиссиялық тексерулер өткізілетін болады.ТЖМ азаматтарға қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді: Өрт қауіпсіздігі: жылыту және электр аспаптарын пайдалану кезінде абай болыңыз, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз Судағы қауіпсіздік: жұқа мұзға шықпаңыз, су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін сақтаңыз, балалардың қараусыз судың жанында болуына жол бермеңіз. Таудағы қауіпсіздік: тексерілген жабдықты пайдаланыңыз, тиісті дайындықсыз және маршрутты білмей тау маршруттарына шықпаңыз. Жол қауіпсіздігі: жол ережелерін сақтаңыз, әсіресе қысқы ауа-райында және көлікті басқару кезінде мұқият болыңыз.ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойыншаҚазақстан ТЖМ мереке күндері қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырадыАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/898962
Жетісу облысында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына күнделікті 250 зейнеткер барады 09.12.2024
Осы жылдың басында Жетісу облысының Талдықорған қаласында зейнеткерлік жастағы азаматтарға сапалы қызмет көрсету мақсатында Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылған болатын, бұл нысанға қазір күніне 250-ден астам адам келеді. Мұнда 12 түрлі қызмет көрсетіледі, 40-қа жуық жұмыс орны ашылған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаевтың айтуынша, облыс орталығы Талдықорған қаласының өзінде 25 мыңға жуық зейнеткер тұрады, сондықтан облыс әкімінің тапсырмасы бойынша «Еңбек ресурстары және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ құру туралы шешім қабылданған.- Біздің орталық жұмысының негізгі мақсаты - мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік қабілеттерін шыңдау арқылы зейнет жасындағы адамдардың физикалық және психикалық саулығын нығайту. Бүгінгі таңда белсенді ұзақ өмір сүру орталығына күн сайын 250-ден астам адам келеді. Сонымен қатар жыл басынан бері орталыққа келушілердің қатысуымен 50-ден астам түрлі іс-шаралар, сондай-ақ Ақсу, Кербұлақ, Қаратал аудандарының киелі орындарына, тарихи нысандарына экскурсиялар, Абай облысының Семей қаласына сапар ұйымдастырылды. Талдықорғанның зейнеткерлік жастағы кез келген тұрғыны біздің орталыққа келе алады, мұнда барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Тек жеке куәлігі мен зейнеткер куәлігін алып келуі керек, - деді «Еңбек ресурстары және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ басшысы Әсет Оразбекұлы.Мұндағы қолайлы жағдайларға орталыққа келушілер риза. Орталықтан қызмет алатын Сайра Ахметова:- Мен Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына ашылғаннан бері тұрақты келемін. Фитнеспен, йогамен, бимен айналысамын. Емдік массаж курсынан өттім. Бір жағынан денсаулыққа пайдалы, екіншіден араласатын ортаң кеңейеді, бұл біз үшін өте маңызды. Қаласақ, тіл үйренуге де жағдай жасалған. Мұнда әркім өз қалауына қарай айналысатын іс табады. Орталықтың есігі біз үшін таңертеңнен кешке дейін ашық. Осы мүмкіндікті пайдаланып, оны құруға, жұмысын жүргізуге қатысқан азаматтардың барлығына алғысымды білдіремін, - деді ардагер.Атап өтсек, келесі жылы Талдықорғанда ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған 150 орынды оңалту орталығының құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар «Инватакси» қызметінің саны өткен жылдан аймақта 18-ден 32-ге дейін өсті. Жетісу облыс әкімінің баспасөз қызметі. Фотограф: Дмитрий ЕрофеевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/899148