Enbekshi QazaQ

Әлем

«Стоп, вандал» акциясы: Астанада 270-ке жуық бұзушы жауапқа тартылды 16.11.2024
Елордада вандализмге қарсы күрес және алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Құқық қорғау органдары вандализмнің тағы екі жағдайын анықтап, бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қабылдады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.31 қазанда таңғы сағат 9-да 26 жастағы ер адам кеңсе терезесін әдейі сындырып, жеке меншік нысанға материалдық шығын келтірді.Бұған ұқсас жағдай 30 қазан күні кешке болды. Жас жігіт біреудің көлігінің әйнегі мен айнасын сындырды.Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, қала тұрғындары қолдаған «Стоп, вандал» акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.Жыл басынан бері сот 270-ке жуық адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880151
Астанада жастарға арналған кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті 16.11.2024
Елордалық Esil University-де жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Ұйымдастырушылар жастар саясаты мәселелері жөніндегі қалалық басқарма, «Астана жастары» ЖРО қалалық еңбек ұтқырлығы орталығымен және ЖОО-мен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Жәрмеңкенің мақсаты – жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы білім беру ұйымдарының түлектерін, сол сияқты жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.«Жәрмеңкеге 500-ге жуық адам қатысты, олар негізінен үшінші-төртінші курс студенттері, олар жақын білімі бар мамандарға айналады және жұмысқа орналасуды қажет етеді. Мұнда 50-ден астам ұйым – мемлекеттік мекемелер мен коммерциялық кәсіпорындар өздеріндегі бос орындарын ұсынды. Біз осындай іс-шараларды үнемі ұйымдастырып отырамыз. Бұл жәрмеңке биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Жыл соңына дейін ЕҰУ-да тағы бір жәрмеңке өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді «Астана жастары» ЖРО NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Әсел Болатқызы.Студенттер жұмысқа орналасуға көмектесетін бос жұмыс орындары жәрмеңкелерінің тиімділігін атап өтті.«Мен «Есеп және аудит» мамандығы бойынша төртінші курста оқимын, болашақта бухгалтер боламын. Әзірге бухгалтердің көмекшісі ретінде тәжірибем бар. Жақында оқуымды тәмамдаймын, сол себепті болашақ жұмысым туралы ойланып жүрмін. Жәрмеңке – бұл өзіңе лайықты жұмыс табуға жақсы мүмкіндік, мұнда да таңдау бар», - деді елордалық ЖОО студенттерінің бірі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/880060
Кітап жәдігерлері – құнды мұра: Қазан қаласында көрме өтуде 16.11.2024
Қазан қаласындағы Ғабдолла Тоқай атындағы әдеби мұражайда Семей қаласындағы Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы «Кітап жәдігерлері – құнды мұра» көрмесін ұсынды. Көрме Татарстан астанасының тұрғындары мен қонақтарына Абай кітапханасының сирек қорындағы әдеби мұралар мен бірегей басылымдармен танысуға мүмкіндік береді.Көрме екі тақырыптық бөлімнен тұрады: «Ғасырлар үндестігіндегі рухани мұра» және «Қазан қаласында басылған сирек кездесетін кітаптар». «Абай сирек басылымдар беттерінде» атты бірінші бөлім келушілерге Абай Құнанбаевқа арналған шығармалармен, сондай-ақ қазақтың ұлы ойшылына рухани азық болған кітаптармен танысуға мүмкіндік береді.«Қазан қаласында басылған сирек кездесетін кітаптар» атты екінші бөлім Қазан қаласында басылып шыққан және қазір Абай кітапханасының қорларында сақталған ХХ ғасырдың басындағы сирек кітаптарға арналған.Экспонаттар арасында Ресей мен Татарстан тарихына қатысты басылымдар, ғылыми және медициналық кітаптар, сонымен қатар сол кезде жарық көрген көркем әдебиеттер бар. Араб және латын графикасында басылған бұл кітаптар мәдени алмасу мен тарихи мұраның бірегей дәлелі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880117
Хабарландыру! Қазақстан Республикасы Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді 16.11.2024
2024 жылғы 11 қарашада ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.Күн тәртібінде ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер.Кездесу сағат 11:00-де «Достық Үйі» ғимаратында өтеді (Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі, 24).Тұрғындар мен БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.Толық ақпарат үшін тел: WhatsApp +7 707 808 60 70 – Даулет СамбетбаевАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/880136
2024 жылға арналған «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын алуға арналған конкурс 16.11.2024
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдарды, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерін көтермелеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (Бұдан әрі – Министрлік) «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын алуға конкурс жариялайды.Конкурсқа қатысушы үшін өтінімдер Министрліктің https://scicontest2024.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде қабылданады.Сыйлық беруге үміткердің ғылыми жетістіктері келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады: 1) Қазақстан Республикасында танылған ғылыми дәреженің болуы; 2) уәкілетті органмен берілген ғылыми атағының болуы; 3) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламаларға басшылық ету; 4) таңдалған ғылыми бағыт бойынша ғылыми нәтижелердің болуы және сапасы (мақалалар немесе шолулар, отандық және шетелдік монографиялар, монографиядағы тарау, патенттер, енгізулер және т.б.); 5) таңдаулы ғылыми бағыт бойынша беделді халықаралық рецензияланатын журналдарда жетекші шетелдік ғалымдармен бірлескен авторлықпен мақалалардың болуы; 6) соңғы жылы ЖЖОКБҰ-да кемінде бір пәнді немесе бірнеше пәндерді оқыту; 7) философия докторы (PhD) немесе сала докторы ғылыми дәрежесін алған кадрларды дайындау; 8) өндіріске енгізу үшін ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің расталған нәтижелері; 9) ғылыми зерттеулердің сапасын, нәтижелілігін және әсерін арттыруға бағытталған қоғамдық жұмыс. Қосымша:«Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 қарашадағы № 544 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 3 қарашада № 25003 болып тіркелді)(https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100025003). Қағида2024 жылға арналған «Үздік ғылыми қызметкер» жыл сайынғы сыйлығын алуға үміткердің ғылыми жетістіктерін бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері. көрсеткіштерЖауапты тұлға – Тұрғанбаев Д.Ә., тел.: 8 (7172) 74-25-88 Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/880138
Алматыда «Ұрпақтар жады» халықаралық акциясы өтті 16.11.2024
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған іс-шаралар аясында Алматыға Волоколамск және Брест қамалының маңындағы ұрыс далаларының топырағы салынған капсулалар жеткізілді.Оны Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет Басшылары Кеңесі жанындағы ардагерлерді үйлестіру кеңесінің өкілдері батырлардың ерлігін есте сақтаудың символы ретінде тапсырды.Іс-шараға қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметшілері, қалалық әкімдіктің, әскери-техникалық мектептің, ардагерлер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мемориалының жанындағы Орталық зиратта капсулаларды жерлеу және гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге қатысушылар батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.«Ұрпақтар жады» акциясының әртүрлі жастағы және кәсіптегі адамдарды біріктіріп, адамзат тарихындағы ең қанды соғыстағы халықтың ерлігі туралы тарихи жадыны қалыптастырудағы маңызы ерекше.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/880143
Алматының Әуезов 90%-ға тозған ескі инженерлік желілер жаңартылып жатыр 16.11.2024
Алматыда Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 1980-1990 жылдары салынған инженерлік желілер жаңғыртылудаАлматы әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданында жұмыс сапары барысында Мамыр-4 шағын ауданындағы инженерлік желілердің құрылысы барысымен танысты.Бұл шағын ауданда жаңғыртуға дейін тұрғындар 1980-1990 жылдары салынған желілер пайдаланып келген, олар 90% тозған. Биылғы тамыз айында қала әкімінің тапсырмасымен Мамыр-4 шағын ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жұмыстары басталды. Жалпы ұзындығы – 12,3 км: сумен жабдықтау желілері – 6,5 км, су бұру желілері – 5,8 км. Инженерлік желілердің құрылысы биыл осы шағын аудандағы 14 өтпелі жолда өтеді.Қазіргі таңда су бұру желісінің 2 км және сумен жабдықтау желісінің 1,5 км салынған. Жоба 750-ден астам тұрғыны бар 197 үйді қамтиды. Құрылысты келесі жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.2025 жылы тағы 4 көшеде – Абай даңғылы, Момышұлы, Саин және Мұстай Кәрім көшелерінде желілерді салу жоспарлануда.Ерболат Досаев Әуезов ауданының әкіміне Мамыр-4 шағын ауданында инженерлік желілерді салу жұмыстарын сапалы және белгіленген кестеге сай аяқтауды тапсырды. Қала басшысы барлық үйді жаңа желілерге уақытылы қосу және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттігін атады.Айта кетейік, Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту белсенді түрде жүргізілуде. Биылғы жылдың 9 айында 219 км жаңа сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды, 27,3 км қолданыстағы желілер жаңғыртылды. 2025 жылы тағы 240 км желі салу және 48 км желіні жаңғырту жоспарланған.Осылайша, қабылданған шаралар кешені арқасында шамамен 100 мың қала тұрғыны үшін инженерлік желілердің жоғары тозуына байланысты сумен жабдықтау және су бұрудың көпжылдық мәселесі шешіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/880086
Алматының Наурызбай ауданында 320 орындық балабақша салынды 16.11.2024
Алматы әкімі Наурызбай ауданында салынған балабақшаға бардыАлматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Наурызбай ауданындағы Шұғыла шағын ауданында жаңадан салынған балабақшаны қарап шықты.320 орындық мектепке дейінгі ұйымның құрылысы 2022 жылдың мамырда басталған болатын. Жоба екі бөлікке бөлінді – ғимаратты тұрғызу және аумақты көріктендіру мен инженерлік желілерді салу. Алайда мердігер ұйымдардың шарттық міндеттемелерін орындамауына байланысты жобаның іске асу мерзімі кешікті.Осыған байланысты Құрылыс басқармасы «Астана-Стройинвест» корпорациясы ЖШС және «Теплоэнергострой» ЖШС-ға қатысты мемлекеттік сатып алуларға міндетіне салғырт қарайтын жауапсыз қатысушы деп тану және айыппұл өндіру туралы сот талаптарын берді. Бірінші мердігерге қатысты талап-арыз толық қанағаттандырылды, ал екінші талап қаралуда.Қазіргі уақытта балабақшаның құрылысы мен ішкі әрлеу жұмыстары толығымен аяқталды, аумақ абаттандырылып, қажетті жабдықтар орнатылды. Сондай-ақ, барлық инженерлік желі тартылып, қосылған. Яғни, нысан толық аяқталып, пайдалануға беру рәсімдері жүргізілуде.Ғимаратта балаларға арналған арнайы оқу орындары, соның ішінде гимнастика және музыка сабақтарына арналған залдар, сондай-ақ қызметкерлерге арналған бөлмелер қарастырылған. Жоспарлау шешімдері әртүрлі топтардың бір-бірінен және әкімшілік-шаруашылық бөлмелерден барынша оқшаулану қағидасын қамтамасыз етеді.Нысанды тексеру қорытындысы бойынша қала басшысы құрылыс және білім беру басқармаларының басшылығына бірқатар кемшілікті көрсетіп, оларды қысқа мерзімде жоюды жүктеді.«Аудан белсенді дамуда және жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында осы шағын ауданда тағы бір балабақша салу туралы шешім қабылданды. Халық оның ашылуын күтіп отыр, сондықтан барлық ескертуді жедел түрде жойып, жыл соңына дейін балабақша балаларды қабылдай бастау керек», – деді Ерболат Досаев.Айта кету керек, Наурызбай ауданында 148 балабақша жұмыс істейді. Келесі жылы орын тапшылығын азайту мақсатында тағы екі 320 орындық балабақшаның құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/880092
Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті 16.11.2024
Қазан қаласында қазақтың көрнекті ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың ескерткішіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Назарбаев пен Качалов көшелерінің қиылысында орнатылған бюст Қазақстан мен Татарстан арасындағы достық пен мәдени байланыстың айшықты символына айналды. Бюст авторы — белгілі қазақстандық мүсінші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі – Нұрбол Қалиев.Ескерткіш қонақжайлық пен береке-бірлікті білдіретін қазандық Тайқазанның қола көшірмесінің қасында орналасқан. Оның түпнұсқасы Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи кесенесінде. Тайқазан 2018 жылы Татарстанға сыйға тартылды. Содан бері бұл жер мәдени іс-шаралар өтетін танымал орынға және екі халық арасындағы берік байланыстың символына айналды.Салтанатты шараға Абай облысы делегациясының өкілдері, оның ішінде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, Татарстан Республикасы делегациясының өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.\Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/880083
Қазақстан мен Еуропалық одақ цифрландыру және өзара байланыс саласында ынтымақтастықты нығайтуда 16.11.2024
Астана, 2024 жылғы 8 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Еуропалық Комиссияның Халықаралық әріптестік жөніндегі бас дирекциясының Таяу Шығыс, Азия және Тынық мұхиты істері жөніндегі директоры Петерис Устубпен кездесу өткізді.Сұхбат барысында тараптар цифрлық трансформация және өңірлік өзара байланыс саласында іс-қимылды нығайтуға баса назар аударып, қазақ-еуропалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.Министрдің орынбасары Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы саяси байланыстардың жоғары серпінін құптап, өзара мүдделі мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті.Бұл тұрғыда Р.Василенко Орталық Азиядағы цифрлық экономиканы дамытуға, соның ішінде ауылдық аймақтарда спутниктік байланыс арқылы қауіпсіз интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған «Team Europe Initiative on Digital Connectivity» бастамасына қолдау білдірді.Сұхбаттастар көлік-логистика саласындағы ықпалдастықты одан әрі дамытудың маңызын атап өтіп, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту бойынша үйлестіру платформасының белсенді жұмысын құптады.Кездесу қорытындысы бойынша аталған салалардағы ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.Анықтама: Қазақстан мен ЕО арасында Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, ратификацияланған. Аталған құжат сауда, инвестиция, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инновациялар, мәдениет, спорт және туризм мәселелерін секілді өзара іс-қимылдың 29 саласын қамтиды.Былтыр Еуроодақпен тауар айналымы 3,5%-ға өсіп, 41,4 млрд АҚШ долларын құрады. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына еуропалық инвестициялардың көлемі 180 млрд доллардан асты. Қазақстанда еуропалық капиталдың қатысуымен 3 мыңнан астам компания жұмыс істейді, соның ішінде «Shell», «Sneider», «Eni», «Total», «Air Liquide», «Alstom», «Siemens» және т.б. трансұлттық корпорациялар бар.Жалпы сомасы 300 млрд еуродан астам қаржы бөлінген «Global Gateway» бастамасы аясында Еуропалық одақ Қазақстанда инфрақұрылымдық, атап айтқанда, ТХКБ-ны дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға ниетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/880048
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы оңалту орталықтары мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып салынады 16.11.2024
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының «Жеке әріптесті айқындау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы оңалту орталықтарын салу және пайдалану жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасын әзірледі. Құжат 2024 жылғы 22 қарашаға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.Жоғарыда көрсетілген қағидалар жеке әріптесті айқындау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы оңалту орталықтарын салу және пайдалану жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін нормативтік-құқықтық бекітуді қамтамасыз етеді.Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және / немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды және мемлекеттік емес компанияларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде оңалту орталықтарын салуға және одан әрі пайдалануға қатысуға мүмкіндік береді. Құжатпен толығырақ «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15282559 сілтемесі бойынша танысуға болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/880019
Тамара Дүйсенова Қарағанды облысында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуымен танысты 16.11.2024
ҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Президенттің тапсырмаларын іске асыру барысымен танысты, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Вице-премьердің жұмыс сапары Бұқар жырау ауданының Самарқанд ауылынан басталды. Мұнда қазір «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын. Бұрынғы ғимарат өртеніп, дәрігерлер қазір науқастарды бейімделген орында қабылдауда. Медициналық мекемеге Самарқандтың 1,3 мың тұрғыны және жақын маңдағы төрт ауыл тіркелген.«Бізге жаңа ғимарат салып беріп жатқандарына барлық тұрғын қуанышты. Мұнда процедуралық кабинет, зертхана жұмыс істейді. Физиотерапиялық ем мен иммунопрофилактика жүргізіледі. Бізде дәріхана қоймасы да болады. Яғни азаматтар өздеріне тиесілі тегін дәрі алу үшін енді қалаға немесе ауданға сабылмайды», — деді медбике Әсем Жаудина.Медициналық мекеме 1300 адамға қызмет көрсетеді: Самарқанд ауылы мен жақын маңдағы тағы 4 ауылдың тұрғындары енді осы мекемеге келе алады.Жалпы Қарағанды облысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында 92 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 14 нысан 2023 жылы пайдалануға берілді. Ал осы жылдың соңына дейін тағы 27 нысан ашылады. Қалғандары келесі жылы бітуі тиіс. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауыл тұрғындарын қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.Сондай-ақ Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында оның тиімділігін жоғары бағалаған болатын. Бағдарлама ауыл тұрғындарының кірісін арттыруға және жұмыс орындарын ашуға бағытталған.Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасына Петровка ауылында мал өсіретін кәсіпкер Темірлан Қанатов та қосылды. Жас кәсіпкер ауылда өз ісін дамытуды көздейді. Жеңілдетілген несие рәсімдеп, 11 сауын сиырды сатып алған. Сауылған сүтті жергілікті кәсіпорындардың біріне өңдеуге өткізіп отыр.«Ауыл тұрғындары үшін осындай бағдарлама болғаны тиімді. Бізде өз ісімізді ашуға мүмкіндік бар. Ең бастысы – өнімді өткізу жолының жүйесін қалыптастырды. Бізде бәрі жақсы, ешқандай проблема жоқ. Барлық сүтті өткізіп отырмыз. Ал түскен қаражатқа малға жем-шөп сатып алдым, электр қуаты үшін төледім, малды қыстатуға орын дайындадым. Болашақта кәсібімді дамытып, сүт өңдеу мен сүт өнімдерін өндіру цехын ашқым келеді», — дейді Темірлан Қанатов.Ботақара кентінің тұрғыны Андрей Степаненко Кәсіпкерлікті қолдаудың біріңғай кешенді бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант алған. Көлік жөндеу орталығы үшін қажетті құрал жабдық сатып алыпты. Бұрын жұмыссыз болған және екінші топтағы мүгедектігі бар. Қазір ол тек өзін жұмыспен қамтып қана қоймай, екі ауылдасына табыс көзін тауып берді. Алдағы уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алып, бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.Премьер-министрдің орынбасары өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевпен бірге «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізді. Оған облыстың аудан және ауылдық округ әкімдері қатысты. Бағдарламаның республикалық мониторингінің нәтижесі баяндалып, басқа облыстарда жүзеге асырылған үздік жобалар үлгі ретінде таныстырылды.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жобаның ауыл тұрғындары арасында сұранысқа ие екеніне тоқталды. Былтыр 456 шағын несие берілген. Оның көпшілігі жеке қосалқы шаруашылық иелеріне арналған. 639 жұмыс орны ашылып, 62 ауылшаруашылық кооперативі құрылды. Кеңес барысында екі ірі кәсіпорын – Kazakhmys және Qarmet компанияларымен меморандумға қол қойылды. Олар қызметкерлерін тамақтандыру үшін жергілікті өнімді сатып алмақ.«Президенттің тапсырмасымен біз “Ауыл аманаты” жобасының аймақтарда қалай жүзеге асырылып жатқанына мониторинг жүргіздік. Қарағанды облысында берілген несиенің арқасында өз кәсіптерін ашқан жандармен кездестік. Өндірісті кеңейтуді жоспарлап отырған олар осындай мүмкіндік үшін ризашылық білдіруде. Негізгі міндеттердің бірі – өнімді сатуды ұйымдастыру. Осы мақсатта бүгін меморандумдарға қол қойылды. Бұл екі компанияда 63 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Ал жұмысшыларды тамақтандыруға жұмсалатын шығын 10 млрд теңгеден асады. Меморандум нақты нәтиже беруі керек. Бұл ірі кәсіпорындарға өңірдің экономикасына үлес қосуға мол мүмкіндік. Ал ауыл тұрғындары өзінің стандарттарға сай келетін өнімдерін сата алады», — деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.Ол ауыл әкімдерінің міндеті мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпаратты әр тұрғынға жеткізу екенін атап өтті. Вице-премьер сондай-ақ спортты дамыту мәселелері бойынша Қарағанды облысындағы спорт ұйымдары мен балалар-жасөспірімдер мектептерінің басшыларымен кеңес өткізді. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев жоспарланған өзгерістер туралы баяндады. Спорттық қауымдастық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерін қаржыландыруға арналған жан басына шаққандағы нормативті енгізу туралы өз ұсыныстарын білдірді. Келесі жылдан бастап бұл норма пилоттық жоба ретінде, оның ішінде Теміртау қаласында да сынақтан өткізіледі. Тамара Дүйсенова айтылған пікірлер мен ұсыныстарды арнайы құрылған жұмыс тобы мұқият қарайтынын атап өтті. primeminister.kz Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879974
Қарағандылықтар үшін ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді 16.11.2024
Қарағандылықтарды 9, 16, 23 және 30 қараша күндері қалалық ауыл шаруашылығы шағын жәрмеңкесіне шақырады.Сауданың басталуы сағат 09:00-де.Жәрмеңкелер үш орында өтеді: - Оңтүстік-Шығыста – фермерлік орталық Global City, 134-ші есептік квартал, ғимарат 921; - Майқұдықта – ТД «Умай», Карл Маркс көшесі, 9; - Пришахтинскте – Мәдениет үйі «Жастар», Металлистов көшесі, ғимарат 24/2.Сатып алушыларға ауылшаруашылық, ет-сүт өнімдері және жергілікті өндірушілердің тауарлары орташа нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/879929
«ASTANA Жас Жігер»: елордада NEET-жастарға арналған футбол турнирі өтті 16.11.2024
«ASTANA Жас Жігер» жобасы аясында Астанада NEET санатындағы жастарға арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, футбол, волейбол және баскетболдан турнирлер өткізілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.Жобаны Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Ол жастарды әлеуметтендіруге және дамытуға бағытталған.Жастар үшін футболдан турнир, волейболдан және баскетболдан жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар мұнда есепте тұрған қиын жасөспірімдер мен жастарға арналған мамандандырылған мектептердің әлеуметтанушылары мен психологтарының қатысуымен түсіндіру іс-шаралары өткізілді.NEET санатындағы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Әсел Болатқызы NEET санатындағы жастардың осындай спорттық жарыстар мен қоғамдық-мәдени іс-шараларға қатысуы оларға басқа адамдармен өзара іс-қимыл жасауға, өздерінің әлеуметтік желілерін кеңейтуге және достық байланыстарды қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтты.«Мұндай іс-шаралар бос уақытты өткізуге оң және салауатты балама болып саналады, оларды теріс мінез-құлық үлгілерінен алшақтатып, салауатты өмір салтына тартады», - деді Әсел Болатқызы.Іс-шара барысында «ALAMAN» Спорт және өнер академиясында жоба жеңімпаздарын марапаттау және футболдан финалдық турнир өтті.«Турнир өте жақсы өтуде, барлығы қызықты ұйымдастырылған. Біздің команда финалға шықты. Біз жыл сайын осындай турнирлерге қатысамыз және мұндай спорттық іс-шаралар жас ұрпаққа өте жағымды әсер етеді деп санаймыз. Осындай іс-шараны жиі өткізсе, нұр үстіне нұр болар еді», - деді футбол турнирінің қатысушысы Ерболат Сапаров.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/879785
Алматы облысындағы жаңа ет өңдеу зауыты өңірді жоғары сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етеді 16.11.2024
Алматы облысы Кеген ауданының Тасашы ауылында «Кеген МясоПром» ет өңдеу зауытының құрылысы басталды. Жобаға салынған инвестиция көлемі – 2,5 миллиард теңге, зауыт құрылысы 2024 жылдың желтоқсанында аяқталып, іске қосылады деп жоспарлануда.Жоба ірі қара мал, ұсақ мал және жылқы етін өңдеуге бағытталған. Кәсіпорын тәулігіне 40 бас ірі қара малды, 150 бас ұсақ малды және 10 жылқыны өңдей алады. Зауыттың қуаты жылына 3 мың тоннаға дейін ет өңдеуге, 331,5 тоннаға дейін шұжық өнімдерін және 66 тонна ет консервілерін өндіруге мүмкіндік береді.Зауыт құрамында арнайы цехтар болады: шұжық цехы ауысымына 1,5 тонна шұжық өнімдерін, консерві цехы 1000 банкеге дейін өнім шығара алады. Алғашқы кезеңде шикізат Кеген және Райымбек аудандарының фермерлерінен сатып алынатын болады, ал болашақта кәсіпорын тұрақты шикізат қорына ие болу үшін өз бордақылау алаңдарын құруды жоспарлап отыр.Жаңа зауыт өңірдегі мал шаруашылығының дамуына оң әсер етіп, жергілікті халықты сапалы және қолжетімді ет және шұжық өнімдерімен қамтамасыз етеді деп күтілуде.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/879933
Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша онлайн дауыс беру нәтижесі қорытындыланды 16.11.2024
Алматыда 2025 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 300-ден астам жоба жүзеге асырылады«Халық қатысатын бюджет» (ХҚБ) бағдарламасы аясындағы дауыс беру қорытындысы бойынша іске асырылатын жобалардың саны 308 болды. Аудандық әкімдіктер мен сараптамалық кеңестер budget.open-almaty.kz сайтында өткен онлайн дауыс беру нәтижесін қорытындылады. Жалпы алғанда, жобаларға 163,5 мың дауыс берілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 31%-ға артық. Ең көп жоба ұсынған Алатау ауданында – 50, одан кейін Алмалы ауданында – 45 жоба, Әуезов және Бостандық аудандарында – 42 және 41 жоба мақұлданған. Ең азы Наурызбай ауданында – 26 жоба.Айта кетсек, ХҚБ-ның 2025 жылға арналған әр аудан бойынша сараптамалық кеңестердің шешімдері «Құжаттар» бөлімінде жарияланған. Әрбір өтінімнің мәртебесін «Жобалар» қосымша бетіндегі «Мәртебе» сүзгісі арқылы тексеруге болады.Естеріңізге сала кетейік, онлайн дауыс беру 2024 жылы 22 қазан мен 1 қараша аралығында өтті, нәтижесі 7 қарашаға дейін қорытындыланды. Келесі кезеңде бюджет өтінімдерін қалыптастыру 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Жобалардың 2025 жылы жүзеге асырылады.«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы туралы кеңес немесе ақпарат алу үшін аудандық әкімдіктерге немесе Алматы әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі Open Almaty-ға 224 39 29 (ішкі 203) телефоны арқылы хабарласуға болады.Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 2024 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын қаржыландыру 18,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылы 12,9 млрд болған). Қазіргі уақытта аудандық әкімдіктер 2023 жылы дауыс беру нәтижесі бойынша жеңімпаз болған жобаларды жүзеге асыруда. Бүгінгі күнге дейін 2019-2023 жылдар аралығындағы өтінімдер бойынша 1 186 жоба жүзеге асырылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/879991
Алматыдағы Наурызбай ауданының 50 мыңнан астам тұрғыны орталық коммуникациялармен қамтылатын болады 16.11.2024
Ерболат Досаев «Каргалы» сүзгі станциясының кәріз коллекторы құрылысының барысымен таныстыАлматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданына жұмыс сапары барысында «Каргалы» сүзгі станциясының кәріз коллекторын салу бойынша ауқымды жобаны іске асыру барысымен танысты.Бұл ауданда су бұру мәселесін түбегейлі шешу үшін 2023 жылдың соңында «Каргалы» сүзгі станциясы салынды. Бұл станцияның толық жұмыс істеуі үшін кәріз коллекторының құрылысы қажет.«2019 жылы «Каргалы» сүзгі станциясын жобалау кезінде кәріз коллекторының құрылысы ескерілмеген. Осы кемшіліктерді жою және жұмыстың дұрыс реттілігін қамтамасыз ету үшін біз қазір магистральдық желілерді жүргіземіз, содан кейін оларды бөлетін боламыз. Коллектордың құрылысы аяқталғаннан кейін ол «Қарғалы» сүзгі станциясына қосылады, бұл тұрғындарды тұрақты сумен және орталықтандырылған кәрізбен қамтамасыз етеді», - деді Ерболат Досаев.Коллектордың жалпы ұзындығы 8,6 км. жұмысты энергетика және сумен жабдықтау басқармасының және аудан әкімдігінің тапсырысы бойынша екі мердігер ұйым - «НКО» және «Көлсай Строй» ЖШС жүргізеді. Бүгінгі таңда жобаның дайындығы коллектордың жалпы көлемінің шамамен 70%-ын құрайды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.Жобаны іске асыру Қарағайлы, Құрамыс, Қарғалы және Таусамалы шағын аудандарының 50 мыңнан астам тұрғыны үшін су бұруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл қарқынды дамып келе жатқан ауданда экологиялық қауіпсіздікке ықпал етеді, ластану қаупін азайтады және халықтың санитарлық жағдайын жақсартады.Қала басшысы Наурызбай ауданының әкімі мен энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысына жұмыстардың орындалу қарқынын жеделдетуді және коллектор құрылысының сапалы, уақтылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.Ерболат Досаев кәріз коллекторының құрылысын аяқтау қалаға қосылған шағын аудандардың тұрғындарына орталық коммуникацияларға қосылуға және Наурызбай ауданының инфрақұрылымының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/880003
Ақтөбе облысы жаңа мектептердің құрылысы бойынша алдыңғы орында 16.11.2024
Ақтөбе өңіріндегі оқу орындарының тапшылығы мен апатты жағдайдағы мектеп мәселесін шешу және үшауысымды мектептер санын азайту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.Білім беру нысандарының қажеттілігінің ұлғаюы себепті облыста 2023-2025 жылдар аралығында 44 мектеп салу көзделген. Олардың бесеуі апатты жағдайдағы мектептің орнына, тоғызы - үшауысымды мектеп мәселесін шешуге, 21 мектеп - орын тапшылығын жою үшін салынуы тиіс болған.2023 жылы 5 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде ең ауқымдысы - «Алтын орда» шағын ауданында бой көтерген 2620 орынға арналған Bilimsmart мектебі. Қазіргі уақытта мектеп 5233 баланың білім алуына жағдай туғызып отыр.Сонымен қатар, №14 және №12 мектептерде орын тапшылығын жою мақсатында қосымша құрылыс салынды.Алға ауданы Маржанбұлақ елді мекенінде орта метептің ашылуы орын тапшылығы мәселесін шешті.Биыл жоспарға сәйкес, 12 мектеп пайдалануға берілуі тиіс, олардың алтауы бүгінде оқушыларға есігін ашып үлгерді, келесі алтауының құрылысы аяқталуға жақын, жыл соңына дейін халық игілігіне берілмек.Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Есет батыр-3 тұрғын алабында 2000 балаға арналған және Ақжар-2 тұрғын алабында 300 орындық мектеп бой көтеріп жатыр. Бұл мектептер оқу ғимараттарының тапшылығын жойып қана қоймай, оқушылардың жайлы ортада білім алуын қамтамасыз ететін болады.20-дан аса мектептің құрылысы 2025 жылға ауыстырылды. «Біздің басты мақсатымыз – облыстағы барлық баланың сапалы білім алуына барынша жағдай жасау. Жаңа мектептерді салу және ескісін жаңғырту бұл жай ғана сандар емес, балалардың оқу жағдайын жақсарту деген сөз. Бала санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салу мәселесі - күн тәртібінде. Салынып жатқан құрылыстар кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі. Ақтөбе қаласындағы халық көп шоғырланған ауданда жаңа стандарттарға сай ғимараттар салу қиындық туғызатындықтан, жергілікті атқарушы органдармен жапсарлас нысандар салу қолға алынуда. Апаттық жағдайдағы мектептергк келер болсақ, әр нысанның қызмет ету уақыты әртүрлі екенін есепке алу керек. Соған сай, әр жыл сайын жаңа құрылыстар салу мәселесі туындап отырады», - дейді Ақтөбе облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Артур Әуезов.Одан бөлек, ҚР Үкіметінің арнайы резерві есебінен су тасқынынан зардап шеккен білім нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Айталық, Мұғалжар ауданы Көтібар ауылында және Ойыл ауданы Қаратал ауылында бөбекжай-балабақша қалпына келтірілуде. Ал Екпетал елдімекені тұрғындарының Ойылға көшірілуіне байланысты 320 орындық мектеп және 150 орындық балабақша құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, Ырғыз ауданы Нұра ауылындағы Т.Жүргенов атындағы орта мектеп апатты деп танылып, оның инфрақұрылымын жеке инвестор есебінен толық жаңартылу көзделген. Және де Нұра ауылының тұрғындары көшірілген Сарыобада жеке инвестор есебінен 60 орындық жаңа мектеп құрылысы басталды. Болашақта бұл ғимаратты мемлекет есебіне өткізу мүмкіндігі қарастырылуда.Бүгінгі күні Ақтөбе облысы - жаңа ғимараттар салу мен жаңғырту бойынша республика бойынша алғашқы орында. Бұл бастамалардың барлығы жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасауға бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/879976
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары Жапонияда жер сілкінісіне төзімді құрылыс салудың озық технологияларын игеруде 16.11.2024
«Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ ғимараттары мен құрылыстағы сейсмикалық төзімділік секторының жетекші инженері Ғани Темірәліұлы Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) ұйымдастырған оқу бағдарламасына қатысуда. «Маңыздылығы жоғары ғимараттар үшін сейсмикалық апаттар қаупін азайту жөніндегі шараларды күшейту үшін бірлескен шешімдер жасау» бағдарламасы Жапонияда 2024 жылғы 20 қазан мен 14 желтоқсан аралығында өтеді.Бағдарлама аясында қатысушылар басқа мемлекеттерден келген әріптестермен және сарапшылармен танысып, сондай-ақ жер сілкінісіне төзімділіктің негізгі мәселелерін талқылайды. Семинардың ашылуында ғимараттардың негіздерін есептеу мен талдаудың заманауи технологияларын игеруге бағытталған алдағы оқытудың негізгі міндеттері айтылды. Оқыту Ғани Темірәліұлы мен оның әріптестеріне өз білімдерін тереңдетуге және құрылыс нысандарының қауіпсіздігін арттыру үшін озық әдістерді енгізуге мүмкіндік береді.Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) тұрақты дамуды қолдауда жетекші рөл атқарады және апат қаупін азайтуды қоса алғанда, әртүрлі салаларда техникалық көмек пен білім береді. Бұл тәжірибе сейсмикалық белсенді аудандарда маңызды ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздік деңгейін арттыруды талап ететін Қазақстан үшін ерекше маңызды.Айта кетейік, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Күншығыс елімен 20 жылдан астам уақыт бойы сейсмикалық қауіпсіздік саласында тәжірибе алмасып келеді. Осы жылдар ішінде ынтымақтастық бағдарламасы аясында институт қызметкерлері Жапонияның сейсмологиялық орталықтарында тағылымдамадан өтуді жалғастыруда, бұл жер сілкінісіне төзімділік саласындағы білім мен практиканы айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/879960
Қазақстанда "Government Accelerators" енгізу талқылануда 16.11.2024
2024 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасы Ццифрлық даму министрлігінде ҚР Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов пен Цифрлық дамудың бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу өтті. Кездесу аясында жобалық басқарудың икемді әдістемесі және Біріккен Араб Әмірліктерінің «Government Accelerators» әдістемесі ұсынылдыҚазіргі уақытта ҮЕҰ ұлттық акселераторының алаңында 12 стратегиялық бастама әзірленуде және іске асырылуда: денсаулық сақтау, оқу-ағарту, көлік-логистика, энергетика, су саласы, өнеркәсіп және құрылыс, цифрландыру, инновациялар және т.б. саласын дамыту.«Government Accelerators» әдіснамасы бейімделгіш және тиімді тәсілдерді қолдану арқылы негізгі мемлекеттік бастамаларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді, бұл кезең ішінде күрделі және басым міндеттерді шешу үшін өзекті - 100 күн. Бағдарлама ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсартуға, орындаушылардың жауапкершілігін арттыруға және жобалардың орындалу барысына жедел мониторингті күшейтуге бағытталған.Сенат депутаттары білім министрлігі таңдаған тақырыпты талқылау мысалында БАӘ әдіснамасы бойынша ыңғайлы мектептерді басқару жүйесін қарастырып, талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/879936