Enbekshi QazaQ

Әлем

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді 06.07.2026
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) нәтижелерін жария талқылау өткізілді.Іс-шара барысында Департамент қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында жүргізілген ішкі талдау нәтижелері ұсынылды. Жария талқылауға Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ мүдделі тұлғалар қатысты.Талқылау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, оларды төмендету және жою жөніндегі шаралар, сондай-ақ Департамент қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар қарастырылды.Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамның сенімін нығайту мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің маңыздылығын атап өтті.Жария талқылау барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулер анықталған тәуекелдерді жою жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде ескерілетін болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1245078?lang=ru
Актив отырысында облыс әкімінің орынбасары таныстырылды 06.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және облыс әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған Нұриддин Аманқұл таныстырылды.Мұрат Нәлқожаұлы жаңа орынбасарына өңірдің кәсіпкерлік, туризм және аграрлық әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруды тапсырды.Нұриддин Аманқұлұлы 1986 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған, экономика ғылымдарының магистрі.Еңбек жолын 2007 жылы Халықаралық саясат институтында сарапшы ретінде бастап, кейін мемлекеттік және халықаралық инвестициялық-қаржылық ұйымдарда жауапты қызметтер атқарған.2012-2018 жылдары «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінде департамент директоры, басқарушы директор және Ыстанбұл қаласындағы инвестициялық өкіл болған.2018-2023 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінде шетелдік инвестициялар тарту басқармасын басқарды, сондай-ақ Қазақстанның Түркия Республикасындағы елшілігінде бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында еңбек етті.2023 жылдың маусым айынан осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы қызметін атқарды.Мәжілісте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық сот төрағасы Әділхади Шығамбаев, облыс прокуроры, өңірлік инвестициялық штабтың тең төрағасы Ризабек Ожаров сөз сөйлеп, облыс әкімі орынбасарының жауапты қызметіне сәттілік тіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1245008?lang=ru
№ 4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағыты шеңберінде түсіндіру профилактикалық іс-шара 06.07.2026
Ағымдағы жылғы 18 маусымда аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл О. Бочарникова «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңалықтары бойынша «Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты шеңберінде кезекті түсіндіру-профилактикалық іс-шарасын өткізді.Кездесу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, парасаттылық қағидаттарын нығайту және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өтті.Мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулерге, сондай-ақ жақын туыстарының және олармен байланысты өзге де тұлғалардың бірлескен қызметі кезіндегі шектеулерге ерекше назар аударылды.Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемелеріне барудан тартыну, сондай-ақ діни сенімдерді таңбау, бағыныстыларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу және т.б. мәселелер қаралды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1244990?lang=ru
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелері бойынша Аналитикалық анықтама 06.07.2026
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауының нәтижелері бойынша   Кіріспе бөлімі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда айқындалған тәртіпке сәйкес, Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент) басшысының 2026 жылғы 2 сәуірдегі №388 бұйрығы негізінде Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Департамент қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер, ақпараттық жүйелер базасының деректері және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынуға жол берілетін өзге де мәліметтер негізінде жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері ретінде Департамент басқармаларының басшылары ұсынған мәліметтер пайдаланылды.Ішкі талдау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Кедендік әкімшілендіру басқармасы қызметі бағытында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.Аталған тәуекелдер бойынша әзірленген ұсынымдар қарау үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кедендік бақылау департаментіне жолданды.Алайда, қарау нәтижесі бойынша ұсынылған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен оларды жою жөніндегі ұсынымдар Кедендік бақылау департаментінің 2026 жылдың 11 маусымындағы  № КГД-13-2-11/14030-ВН хатына сәйкес қолдау таппай, қабылданған жоқ.                                            II.Сипаттама бөлімі          Департамент қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында анықталған бірқатар тәуекелдер:  Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:Тұрақты кедендік бақылау аймақтарының (КБА) жұмыс істеуінің бірыңғай қағидаларының болмауы тұлғалар мен жүктерді еркін өткізуге және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалануға жағдай жасайды.Ұсыныс (жою жолы):ҚР ӘҚБтК-нің 521-бабына өзгерістер енгізіп, кедендік бақылау аймағының шекарасы арқылы тұлғаларды өткізу ғана емес, сондай-ақ заңды негіздерсіз бөгде тұлғалардың (жолаушылар болып табылмайтын) кедендік бақылау аймағында болуы үшін әкімшілік жауаптылық белгілеу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:Құқықтық айқынсыздық бақылау рәсімдерін айналып өтуге және КБА режимін бұзғаны үшін жауапкершіліктен жалтаруға мүмкіндік береді.Ұсыныс (жою жолы):ҚР ҰҚК Төрағасының 2024 жылғы 23 ақпандағы №42/қе бұйрығына өзгерістер енгізіп, кедендік бақылау аймағы арқылы өтетін лауазымды тұлғалардың кедендік бақылаудан міндетті түрде өтуін белгілеу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:Бөгде тұлғалардың кедендік бақылау аймағына рұқсатсыз кіруі лауазымды тұлғалармен сөз байласуға және тауарларды заңсыз өткізуге жағдай жасайды.Ұсыныс (жою жолы):ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексінің 404-бабында уәкілетті органның тиісті нормативтік құқықтық актіні әзірлеуі және қабылдауы үшін сілтемелік норма көздеу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:Әкімшілік заңнамадағы олқылықтарға байланысты КБА-да заңсыз болған тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартудың мүмкін болмауы.Ұсыныс (жою жолы):ҚР ӘҚБтК-нің 521-бабына өзгерістер енгізу арқылы кедендік бақылау аймағында заңсыз болу фактісі үшін әкімшілік жауаптылықты белгілеу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:КБА-да заңсыз болу үшін жауаптылықтың болмауы қайталама құқық бұзушылықтарға жағдай жасайды.Ұсыныс (жою жолы):Бөгде тұлғалардың кедендік бақылау аймағында заңсыз болуы немесе болуы фактісін ӘҚБтК-нің 521-бабының қолданылу аясына енгізу.     Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:Уәкілетті органдардың кедендік бақылау аймағына кіруі мен өту тәртібінің белгіленбеуі әртүрлі құқық қолдану тәжірибесі мен теріс пайдалануға жағдай жасайды.Ұсыныс (жою жолы):Кодекстің 404-бабына өзгерістер енгізіп, уәкілетті органдардың кедендік бақылау аймағынан өту тәртібін бекіту. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:Лауазымды тұлғалардың КБА шекарасынан өтуі кезінде міндетті бірыңғай бақылаудың болмауы тауарларды заңсыз өткізуге жәрдемдесу тәуекелін арттырады.Ұсыныс (жою жолы):ҚР ҰҚК Төрағасының 2024 жылғы 23 ақпандағы №42/қе бұйрығына өзгерістер енгізіп, кедендік бақылау аймағы арқылы өтетін лауазымды тұлғалардың кедендік бақылаудан міндетті түрде өтуін көздеу. Сыбайлас жемқорлық тәуекелі:Лауазымды тұлғалардың қасақана немесе салғырттықпен кедендік бақылауды айналып өтуге жәрдемдесуі мемлекеттік шекара арқылы тауарлардың заңсыз өткізілуіне алып келеді.Ұсыныс (жою жолы):Кедендік бақылау аймағынан өту тәртібін қатаң регламенттеу және барлық тұлғаларға қатысты міндетті кедендік бақылау рәсімдерін енгізу. Бұл тауарларды заңсыз өткізу әрекеттерінің алдын алуға және мемлекеттік шекарадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.             АРБ басшысы                                                 А.С. Жаумытбаева Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1244993?lang=ru
KazAID пен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауда 06.07.2026
Ағымдағы жылғы 19 маусымда «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ж. Асановтың Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы (ҰАҒБО) Басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары М. Сутуламен кездесуі өтті.Әңгімелесу барысында өкілдер су ресурстарын басқару және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Бұдан бөлек, тараптар KazAID-тің ықпал етуімен Қазақстан Республикасы тарапынан серіктес елдерге көрсетілетін гуманитарлық көмек туралы, сондай-ақ ҰАҒБО-ның қызметі туралы ақпарат ұсынды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1244987?lang=ru
eGov Mobile қосымшасында енді газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн түрде жолдауға болад 06.07.2026
eGov Mobile мобильді қосымшасында газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн түрде жолдауға мүмкіндік беретін жаңа QazaqGaz Aimaq сервисі іске қосылды. Сервис контролерді күтіп, қағаз құжат толтыру қажеттілігін жояды. Қосымша түрде жіберілген көрсеткіштердің дұрыстығын жасанды интеллект тексереді.Бұған дейін газ есептегіш көрсеткіштерін онлайн тек QazaqGaz Aimaq қосымшасы арқылы жолдауға болатын. Енді бұл мүмкіндік eGov Mobile ішінде қолжетімді, бөлек қосымша орнатудың қажеті жоқ. Сервис уақытты үнемдеуге және нақты көрсеткіштерге сүйене отырып газ төлемін дәлірек есептеуге мүмкіндік береді.Сервистің негізгі ерекшелігі – көрсеткіштерді жасанды интеллект арқылы автоматты тексеру. Жүйе есептегіштің фотосын енгізілген деректермен салыстырып, сәйкессіздіктерді жібермей тұрып анықтайды. Бұл қолмен енгізу кезіндегі дәлсіздіктерді болдырмайды, пайдаланушыны қате есептеулерден қорғайды және контролер тарапынан қосымша тексеру қажеттілігін азайтады.Сервисті пайдалану үшін:eGov Mobile қосымшасына кіру;«Сервистер» бөліміне өтіп, «QazaqGaz Aimaq» сервисін таңдау;деректерді ұсынуға келісім беріп, көрсетілген мәліметтерді тексеру;жеке шот нөмірін енгізу, жүйе оған тіркелген есептегіштер тізімін көрсетеді;қажетті есептегіш бойынша өзекті көрсеткіштерді енгізу;әр есептегіштің фотосын жүктеу, жасанды интеллект деректерді салыстырады;«Көрсеткіштерді жіберу» батырмасын басу.Сервиске қосымшаның басты бетіндегі арнайы баннер арқылы да өтуге болады.Көрсеткіштер ай сайын 25-інен келесі айдың 5-іне дейін қабылданады. Онлайн жолдау қолмен енгізу кезіндегі қателіктерді азайтады, газ тұтынуды дәлірек есепке алуға мүмкіндік береді және деректердің мемлекеттік цифрлық платформа арқылы қауіпсіз берілуін қамтамасыз етеді.Сервис Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі және «QazaqGaz Aimaq» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1244906?lang=ru
Баспасөз хабарламасы. 2026 жылдың 26 маусымында 9:30,11:00, 14:00 «БЖЗҚ» АҚ онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. 06.07.2026
Іс-шараның тақырыбы: «БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық қызметтері. Қор қызметтерін алу кезінде алаяқтардан және жалған делдалдардан дербес деректерді қорғау». Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы қызметтерінің біразын қашықтан және кез келген ыңғайлы уақытта алуға мүмкіндік беретін Қордың заманауи цифрлық сервистері, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы айтып беретін болады.Негізгі күн тәртібінен басқа қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық сұрақтар бойынша білікті кеңес ала алады.  Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуді сұраймызEvent-совещание/Event- жиналыс/Event meeting:Мероприятие «День открытых дверей» АО «ЕНПФ»/«Ашық есік күнінің»Адрес совещания для регистрации/Тіркелу үшін оқиға мекенжайы/Meeting address for registration:Регистрация (RU)Тіркелу (KZ)Registration (EN)Дата и время/Күні мен уақыты/Date and time:09:30 - 10:30 пятница, 26 июня 2026 г. (UTC+05:00) Астана11:00 – 12:00 жұма,   26 маусым 2026 ж. (UTC+05:00) Астана14:00 – 15:00 пятница,26 июня 2026 г. (UTC+05:00) АстанаНомер event-совещания/Event- жиналыс нөмірі/ Event meeting number:2512 657 64402517 224 17642519 850 5069Пароль event-совещания/Event- жиналыс паролі/ Event meeting password:1267443453889548832  «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha/press/news/details/1244886?lang=ru
Домбыра үні тербеген күн 06.07.2026
Бүгін таңертеңнен Шымкенттің әр бұрышын күмбірлеген домбыра үні тербеді. Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – ұлттың үні, Конституция – елдің тірегі» атты мерекелік шара домбырашылар шеруімен басталып, қаланың қоғамдық орындарында жалғасын тапқан болатын. Ұлттық өнерді ұлықтаған шеру Shym City саябағына жетіп, кешкісін ауқымды мерекелік концертке ұласты.Қала тұрғындары мен қонақтары жиналған саябақта қазақтың күй өнері мен халық әндері шырқалып, ұлттық рухты дәріптеген мәдени кеш өтті. Биылғы мерекенің мазмұнын тереңдете түскен тағы бір жайт, Ұлттық домбыра күні Конституцияның күшіне енуімен тұспа-тұс келуі.Жиналған қауымды мерекемен құттықтаған қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек домбыраның қазақ халқы үшін тек музыкалық аспап емес, ұлттың рухани жадын сақтап келе жатқан қастерлі мұра екенін атап өтті.– Домбыра – халқымызбен бірге ғасырлар бойы жасасып келе жатқан қасиетті аспап. Оның үнінде қазақтың тарихы, тағдыры, қуанышы мен қайғысы жатыр. Бүгінде ұлттық қорымызда 10 мыңнан астам күй сақталған. Әр күй – өткеніміздің шежіресі. Ерлік пен елдікті, қуаныш пен қайғыны, азаттыққа деген ұмтылысты күй арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізген халықтың рухы домбыра үнінде сақталған. Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» дегенде біз осы қазақтың бойындағы барлық мінезді домбыраның қоңыр үнінен ести алатынымызды айтса керек. Биыл бұл мерекенің мәні өзгеше, наурыз айында жалпыхалықтық референдумда қабылдаған конституция 1 - шілде күні өз күшіне енді. Ал жаңа Конституция ұлттық құндылықтарды сақтауға, ғылым мен білімді дамытуға айрықша мән береді. Сондықтан бұл мереке – домбыраны ұлықтау ғана емес, ұлттық мұраны қорғауға деген ортақ жауапкершілігіміздің көрінісі, – деді ол.Кештің шымылдығын Санат Әбілхан жетекшілік ететін «Қаратау» фольклорлық ансамблі Бауыржан Ақтаевтың «Арнау» шығармасымен ашты. Концертте Құрманғазының «Байжұмасы», Кетбұғаның «Ақсақ құлан» күйлері орындалып, «Бабалар мекені – Алтай», «Домбыра туралы баллада», «Мен де бір қазақпын» әндері шырқалды. Сондай-ақ халық әндері «Жариям-айдай» мен «Ахау, керім» орындалып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.Концертті тамашалаған қала тұрғындарының алған әсерлері ерекше. Олар демалыс күндерінің осындай мазмұнды мәдени шаралармен өрілгеніне ризашылықтарын білдіріп жатты. Домбыраның қоңыр үні кеш бойы саябақты тербеп, ұлттық өнердің ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын өміршең мұра екенін тағы бір мәрте сезіндірді.
«Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті 06.07.2026
«Өнер орталығында» Медицина қызметкерлері күніне арналған «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті.Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Бекбол Орынбасаров, Амангелді Есбай, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері және сала ардагерлері қатысты.Аймақ басшысы ұлт саулығын нығайтуда қажырлы еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарды құттықтады.«Денсаулығымыздың қорғаны, адам жанының арашасы, мейірім мен ізгіліктің жаршысы болған ақ халатты абзал жандардың еңбегі қашанда елеулі.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ұлт саулығы – еліміз үшін бәрінен қымбат құндылық. Сондықтан медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті саналады. Осы орайда, дәрігердің ел өміріндегі орны айрықша екені сөзсіз» деген болатын.Бүгінгі мерейлі мерекеге орай ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Сіздерге арнайы құттықтауын жолдады.Еліміздің денсаулық сақтау саласында ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген сырбойылық дәрігерлерімізді ерекше мақтанышпен айтамыз.Қазақстанның Еңбек Ері, Сыр перзенті Юрий Владимирович Пя бес мыңнан астам ашық жүрек отасын жасады. Еліміздің бас хирургі, профессор, жерлесіміз Болатбек Баймаханов жетекшілік еткен мамандар тобы медицина тарихында тұңғыш рет бір мезетте үш науқасқа үш донордың бүйрегін трансплантациялау бойынша аса күрделі операцияны сәтті жүзеге асырды. Болатбек Бимендіұлы кеше Президентіміздің қолынан екінші дәрежелі «Барыс» орденін алды. Жерлесімізді жоғары марапатымен барша Сыр жұртшылығының атынан құттықтаймын!Былтыр облыс тарихында алғаш рет бауыр, 10 науқасқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Отаның 6 жаңа түрі тәжірибеге енгізілді. Бұл – Сыр медицинасының мүмкіндігі мен мамандардың біліктілігін айқындайтын жарқын мысалдар. Дәрігер – ең ізгі, ең қастерлі мамандық иесі. Халыққа әрдайым адал қызмет етіп, абыройлы болыңыздар!», – деді аймақ басшысы.Рәсімде саланың дамуына елеулі үлес қосқан мамандар «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат», ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағымен, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасарының және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.Іс-шара соңында ардагерлерге гүл шоқтары тарту етіліп, мерекелік бағдарлама ұсынылды.Президенттің, Үкіметтің қолдауымен 2022 жылдан бері аймағымыздың денсаулық сақтау саласына 625 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп, 41 медицина нысаны ел игілігіне берілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық ауданда 28 медицина нысаны салынды.Облыс орталығында емханасы мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың, 400 және 500 келушіге арналған емханалардың, 200 орындық перинаталдық орталықтың құрылысы жүріп жатыр.Алдағы жылдары тағы бірқатар медицина нысаны қайта жаңғыртылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1244838?lang=ru
Самар ауданының медицина қызметкерлері кәсіби мерекелерімен құттықталды 06.07.2026
Самар аудандық мәдениет үйінде Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың қоғамдағы маңызды рөлі ерекше атап өтілді.Салтанатты шара барысында медицина саласының үздік өкілдері көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және ауданның денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін медальдармен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.Бүгінде Самар ауданында халыққа медициналық көмекті аудандық аурухана көрсетеді. Медициналық ұйым құрамында 38 төсек-орынға арналған тәулік бойғы стационар, 14 төсек-орындық күндізгі стационар, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт және 14 медициналық пункт жұмыс істейді. Ауруханаға барлығы 10 575 тұрғын тіркелген.2026 жылдың алғашқы бес айында ауданда 36 сәби дүниеге келді. Ана өлімі тіркелген жоқ. Нәресте өлімінің бір жағдайы тіркелді. Жедел медициналық жәрдем қызметі төрт мамандандырылған автокөлікпен қамтамасыз етілген. Барлық қызметкерлер халықаралық триаж жүйесі бойынша оқытудан өткен. Соның нәтижесінде жеделдіктің төртінші санаты бойынша шақыртулар саны айтарлықтай төмендеген.Ауданда тұрғындардың денсаулығын сақтау және аурулардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қан айналымы жүйесі аурулары, глаукома, қант диабеті, сүт безі обыры, жатыр мойны обыры және колоректальды қатерлі ісік бойынша скринингтік тексерулер жалғасуда. Сонымен қатар балаларды профилактикалық тексерумен қамту көрсеткіші де жоғары деңгейде сақталуда.Барлық 20 елді мекен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Самар ауылында төрт дәріхана жұмыс істейді, ал қалған елді мекендер дәріхана пункттері арқылы қажетті дәрілік заттармен қамтылған. Әлеуметтік маңызы бар аурулары бар пациенттер тегін дәрілік препараттарды толық көлемде алады.Ауданның денсаулық сақтау саласында 27 дәрігер мен 95 орта буын медицина қызметкері еңбек етеді. Олардың басым бөлігі біліктілік санаттарына ие. Медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.Дәрігерлер, мейіргерлер, фельдшерлер және денсаулық сақтау саласының өзге де қызметкерлері күн сайын халықтың денсаулығы мен өмірін қорғау жолында аянбай еңбек етуде. Олардың жанқиярлығы, жауапкершілігі мен мамандыққа деген адалдығы зор құрметке лайық.Мереке барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары медицина қызметкерлеріне арнап концерттік бағдарлама ұсынып, әсем әндер мен шығармашылық нөмірлер арқылы көтеріңкі көңіл күй сыйлады.Мерекелік іс-шара халық денсаулығын сақтауға өмірін арнаған ақ халатты абзал жандарға көрсетілген құрмет пен алғыстың жарқын көрінісі болды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1244821?lang=ru
Жиделі ауылында «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі азаматтардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 06.07.2026
Жиделі ауылында «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі азаматтардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Іс-шараға Жиделі ауылдық округінің әкімі Тұрлыбеков Алмат Мейірханұлы және ауылдық учаскелік полиция инспекторы Әбіл Абылай қатысты.Кездесу барысында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, интернет-алаяқтықтан қорғану және жастар арасындағы тәрбие мәселелері талқыланды.Сонымен қатар тұрғындарға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде әр азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігінің маңыздылығы түсіндірілді. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ауылдың қауіпсіздігі мен тыныштығын нығайту бағытында ұсыныстарын ортаға салды.Қоғамдық қауіпсіздік – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірлескен іс-қимыл мен жауапкершілік қана қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастыруға негіз болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-zhideli/press/news/details/1244799?lang=ru
Алматы облысында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды 06.07.2026
Алматы облысының Талғар ауданында №15 өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді. Нұра ауылында бой көтерген жаңа нысан жақын маңдағы 10 мыңнан астам халыққа қызмет етеді. Өрт сөндіру бөлімі – автоцистерна, автосаты және жедел-құтқару автокөлігі сияқты арнайы техникалармен жабдықталған – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Салтанатты рәсімге ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал лейтенант Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, құтқарушылар мен аудан тұрғындары қатысты.Шыңғыс Сайранұлы өз сөзінде өрт сөндіру бөлімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында салынғанын айтып, оны жүзеге асырған облыс әкімдігіне ризашылығын білдірді.«Нұра ауылында бұрын өрт сөндіру бөлімі болмаған. Төтенше жағдай кезінде тұрғындар Талғар мен Іле ауданындағы өрт сөндіру қызметіне жүгінетін. Бүгінде Алматы облысында мұндай жаңа нысандардың жиі ашылып жатқанының куәсі болып жүрміз. Бұл – қарқынды жұмыстың нақты нәтижесі. Мемлекет басшысының қолдауымен еліміздің әр аймағында, оның ішінде Алматы облысында да жаңа бөлімдер бой көтеріп, жаңа техникалар, өрт сөндірушілерге арналған киімдер сатып алынып жатыр. Алдағы уақытта мұның бәрі халық игіліне қызмет ететін болады», – деді генерал лейтенант.Марат Елеусізұлы да тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құтттықтап, Нұра ауылында атқарылған айтулы шаралар туралы баяндады.«Соңғы уақытта Нұра ауылы жақсы өзгерістердің жаршысы болып жүр. Жақында ғана жаңа көпір мен медициналық нысан пайдалануға берілді. Алдағы қыркүйек айында жаңа мектеп есігін айқара ашады. Енді тек газ мәселесі өзекті болып тұр. Бұл да жақын арада шешімін табады. Ал қолданысқа берілген бұл өрт сөндіру бөлімі төтенше жағдай кезінде Нұра ауылы мен оның айналасындағы 4 елдімекен тұрғындарына жедел көмек көрсетеді. Құтқарушыларға жағдай жасау – ел Президентінің тікелей тапсырмасы. Сондықтан қызметкерлердің жай-күйі мен халықтық қауіпсіздігі әрқашан біздің бақылауымызда», – деген аймақ басшысы төтеншеліктердің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.Өрт сөндіру бөлімінің лентасы қиылғаннан кейін қонақтар нысанды аралап көрді. Замануи депо жаңа технологиялармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда диспетчерлік пункт, оқу сыныптары мен спорт аймағы қарастырылған. Қызметкерлердің демалыс, киім ауыстыру және дайындық бөлмелері бар. Олардың жұмыс істеуі мен кәсіби даярлығына барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда 20-ға жуық қызметкер еңбек етеді.Нұра маңындағы Дулат ауылының тұрғыны Жанар Иманқұлова осы салтанатты рәсімге арнайы келгенін айтты.«Өрт сөндіру бөлімінің ашылуын асыға күттік. Себебі өрт тұтанған кезде құтқарушыларды ұзақ күтіп қалатынбыз. Халықтың талап-тілегін ескеріп, осындай жаңа нысан салып берген жандарға алғысым шексіз. Алдағы уақытта халыққа мінсіз қызмет етеді деп сенеміз», – деді тұрғын.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1244773?lang=ru
Балқаш ауданы Жиделі ауылында жаңа демалыс саябағының салтанатты ашылуы өтті. 06.07.2026
Балқаш ауданы Жиделі ауылында жаңа демалыс саябағының салтанатты ашылуы өтті. Ауыл тұрғындары көптен күткен нысанның пайдалануға берілуі халық үшін ерекше қуанышты оқиға болды. Іс-шараға Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов қатысып, тұрғындарды жаңа саябақтың ашылуымен құттықтады. Өз сөзінде аудан әкімі ауылдарды көркейту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Жаңа саябақ ашылған сәттен бастап ауыл балалары ойын алаңдарында асыр салып ойнап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары аудан басшылығына және саябақ құрылысына атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын жеткізіп, мұндай игі жобалардың ауылдың дамуына оң әсер ететінін атап өтті. Жаңа нысан ауылдың көркеюіне өз үлесін қосып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға қызмет етпек.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/balkhash-zhideli/press/news/details/1244777?lang=ru
Болашақ Ойындары 2026 Астанада өтеді 06.07.2026
2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада дәстүрлі спорт пен диджитал спортты біріктіретін халықаралық The Games of the Future турнирі өтеді. Турнир фиджитал форматында ұйымдастырылады.Әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік командалар мен спортшылар елордада 8 фиджитал дисциплиналары бойынша жеңіс үшін бақ сынайды:Phygital FootballPhygital BasketballPhygital DancingPhygital ShooterPhygital FightingMOBA PCMOBA MobileBattle RoyaleТурнирдің жүлде қоры 4,75 миллион АҚШ долларын құрайды.The Games of the Future 2026 Астанада әлемнің үздік командалары мен спортшыларын жинап, фиджитал дисциплиналардағы ең мықтыларды анықтайды.The Games of the Future 2026 турнирінде кездескенше! 🚀Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1244761?lang=ru
Балқашта жаздың басты туристік оқиғасына 75 мың қонақ жиналды 06.07.2026
75 мың қонақ, көл үстінде қалықтаған мыңдаған жарық, рекорд жаңартқан қазыбургер және түнге дейін жалғасқан мерекелік көңіл күй. Balkhash Tour Fest – 2026 Балқаш жағалауын еліміздегі жазғы демалыстың ең тартымды орталықтарының біріне айналдырып, Қазақстандағы ең ауқымды туристік іс-шаралардың бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте айқындады.Екі күн бойы көл жағалауы спортты, шығармашылықты, отбасылық демалысты және жарқын әсерлерді тоғыстырған үлкен мерекелік кеңістікке айналды. Фестивальдің алғашқы күнінде ғана шамамен 35 мың адам келсе, жалпы екі күн ішінде шараға 75 мыңға жуық қонақ қатысты. Олардың қатарында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген демалушылармен бірге шетелдік туристер де болды.Фестивальдің ең әсерлі бағдарламаларының бірі – белгілі қазақстандық балуан Сергей Цырульниковтың қазақтың даңқты батырларына арналған шоуы болды. Ал кешкі уақытта көрермендерді бұдан да ерекше тосынсый күтіп тұрды. Балқаш тарихында алғаш рет көл айдынының үстінде ауқымды дрон-шоу ұйымдастырылды. Аспанға көтерілген 500 ұшқышсыз аппарат жарық арқылы Қазақстан мен Балқаштың тарихы мен келбетін бейнелейтін көркем композициялар құрды.Дегенмен фестивальдің мазмұны тек әуе шоуымен шектелген жоқ. Екі күн бойы алаңда ондаған тақырыптық аймақ қатар жұмыс істеп, әр жастағы қонақтарға өз қызығушылығына сай демалыс түрін таңдауға мүмкіндік берді.Фестиваль аясында ерекше гастрономиялық рекорд та тіркелді. Сахна төрінде салмағы 86,4 келі болатын Қазақстандағы ең ірі қазыбургер әзірленді. Бұл жетістікті ресми тіркеу үшін Қазақстан рекордтар кітабының бас редакторы арнайы шақырылды.Спорт сүйер қауымды Cuprum Swim жаппай жүзу жарысы біріктірді. Бір және үш шақырымдық қашықтықтарға еліміздің әр өңірінен келген 300-ге жуық қатысушы шықты. Әуесқойлар ашық суда өз мүмкіндіктерін сынаса, кәсіби спортшылар жүлделі орындар үшін бақ сынады. Қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бүкіл бағыт бойында құтқарушылар кезекшілік атқарды.Екі күнге созылған би турнирі Қазақстан мен Ресейден келген жас дарындардың басын қосты.Қатысушылар басты жүлде – Шанхай қаласындағы халықаралық FRESH DANCE CAMP би лагеріне жолдама үшін бақ сынады.Байқау қорытындысы бойынша орындаушылық шеберлігі мен сахналық мәдениеті арқылы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған астаналық биші Rufina Lu Гран-при жүлдесін жеңіп алды.Фестиваль танымал қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен өткен ауқымды гала-концертпен түйінделді. Мыңдаған көрермен сүйікті әндерін бірге шырқап, ерекше атмосфераның куәсі болды. AYAU мен фестивальдің хедлайнері 6ELLUCCI-дің өнер көрсетуі кештің шарықтау шегіне айналды. Ал Балқаштың түнгі аспанын жарқыратқан мерекелік отшашу фестивальді әсерлі қорытындылады.Алайда фестиваль тарихы мұнымен аяқталмайды. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта Balkhash Tour Fest – 2027 фестиваліне дайындық жұмыстарын бастамақ.Сонымен қатар фестиваль өткен алаң жаз бойы бос тұрмайды. Демалыс күндері мұнда концерттер, дискотекалар, көрмелер, отбасылық мерекелер және басқа да бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл бастама қала тұрғындарының бос уақытын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, Балқашқа келетін туристердің демалысын одан әрі қызықты ете түспек.Бүгінде Балқаш тек жағажай туризмімен шектелмейді. Фестиваль аясында жұмыс істеген туроператорлар павильонында Балқаш өңірі бойынша жаңа туристік бағыттар таныстырылды. Солардың бірі өңірдің табиғи жауһары саналатын тораңғы тоғайларына арналды.Бүгінде Balkhash Tour Fest жай ғана жазғы мереке емес. Ол – Балқаш өңірінің туристік әлеуетін арттыруға, өңірдің тартымдылығын күшейтуге және ішкі туризмді жүйелі түрде дамытуға бағытталған маңызды жобалардың біріне айналды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1244697?lang=ru
Қазақстандық арнайы жасақ сарбаздары Беларусьтегі парашют спорты турнирінде жоғары нәтиже көрсетті 06.07.2026
Брест қаласында Беларусь Республикасы Арнайы операциялар күштерінің бастамасымен ұйымдастырылған халықаралық парашют спорты турнирі өз мәресіне жетті.Жарысқа ұйымдастырушы елдің үздік командаларымен қатар Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның құрамалары қатысты. Турнирде жалпы саны 32 команда бақ сынады.Қазақстан атынан жарыста Десанттық-шабуылдау әскерлері, Арнайы операциялар күштері және Арнайы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әйелдер құрамасы бақ сынады.Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің командасы ІІ орынды иеленіп, өздерінің жоғары кәсіби шеберлігін, төзімділігі мен жауынгерлік рухын тағы бір мәрте дәлелдеді.Әскери қызметшілерімізді осы лайықты жетістігімен құттықтаймыз!Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1244700?lang=ru
Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер Әкелер күніне орай отбасыларынан құттықтау алды 06.07.2026
Қазақстан Республикасында атап өтілетін Әкелер күніне орай Голан жоталарында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бақылау күштері (UNDOF) құрамында бейбітшілік сақтау миссиясын атқарып жүрген ұлттық контингент әскери қызметшілері жақындарынан ерекше сый алды.Ұлттық контингент басшылығының бастамасымен бітімгерлерге отбасы мүшелерінен келген құттықтау хаттары табысталды. Шынайы тілектер мен жүрекжарды қолдау сөздері әскери қызметшілерге отбасы жылуын және олардың Отанға аман-есен оралуын күтіп жүрген жақындарының сағынышын жеткізді.Бұл акция отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және әкенің бала тәрбиесі мен қоғамның дамуына қосатын үлесінің маңызын арттыруға бағытталды.Көптеген әскери қызметшілер үшін Отанға адал қызмет етудің үлгісі өз әкелері болды. Бітімгерлік миссияға қатысушылардың бірі, гвардия 3-сыныпты сержанты Жанат Қайранбаев әскери мамандықты таңдауына әкесі Нұржан Жексенбековтың өнегесі зор әсер еткенін айтты. Әкесі Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарып, 2013 жылы еңбек жолын аяқтаған.- Бала кезімнен әкемнің өз қызметі мен борышына үлкен жауапкершілікпен қарайтынын көріп өстім. Оның өнегесі мені өмірімді әскери қызметпен байланыстыруға себеп болды. Мерзімді әскери қызметтен өткеннен кейін Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусына оқуға түстім. Кейін Қонаев қаласындағы 32363 әскери бөлімінде қызметімді жалғастырдым. Бүгінде мен Голан жоталарындағы БҰҰ бітімгерлік миссиясы құрамында қызмет етіп жүрмін, - деді әскери қызметші.Қазіргі уақытта қазақстандық бітімгерлік контингент миссияның жауапкершілік аймағында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындауды жалғастырып, Қазақстан Қарулы күштерінің халықаралық аренадағы беделін лайықты  дәлелдеп келеді.Әкелер күніне орай жеткен құттықтаулар әскери қызметшілер үшін туған-туыстарымен үзілмес байланыстың белгісіне айналып, жүктелген міндеттерді адал атқаруға қосымша жігер берді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1244701?lang=ru
Көлік, логистика, ТМК және сауда: Серік Жұманғарин Ауғанстан басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады 06.07.2026
Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Кабулға сапары барысында Ауғанстан Премьер-министрі Мұхаммед Хасан Ахундпен және Премьер-министрдің орынбасары Абдул Гани Барадармен келіссөздер жүргізді. Тараптар ауқымды гуманитарлық, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселесін талқылады.Серік Жұманғариннің Ауғанстан Премьер-министрімен кездесуі екі ел арасындағы гуманитарлық және іскерлік байланыстардың белсенді дамуының соңғы төрт жылында алғаш рет өткізілді. Мұхаммед Хасан Ахунд қазақстандық делегацияны жылы қарсы алып, ауған халқына дәйекті қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді.Гуманитарлық көмекті тұрақты жеткізуден басқа, Қазақстан Ауғанстанға кадр даярлауда жәрдем көрсетіп, қазақстандық жоғары оқу орындарында ауған студенттерін оқыту үшін білім беру гранттарын ұсынады, ел тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп, мамандардың біліктілігін арттыруда.Келіссөздерде тау-кен металлургия кешеніндегі ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды.Қазақстан Орталық Азияның тау-кен металлургия саласында түсті, қара металл, жерде сирек кездесетін және бағалы металдарды қайта өңдеу құзыретіне ие өнеркәсіптік және технологиялық орталық ретінде маңызды позицияны иеленеді. Қазақстан техникалық аквамаринді қайта өңдеу бойынша құзыреті бар әлемдегі үш елдің қатарына кіреді. Осыған байланысты қазақстандық компаниялар пайдалы қазба кен орындарын игеруге қатысуға және Ауғанстандағы өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытуда. Атап айтқанда, Ауғанстан Премьер-министрінің орынбасарымен кездесуде қазақстандық тарап осы минералды Ауғанстаннан шығарып, Қазақстанда қайта өңдеуді шешу туралы мәселе көтерді.Сондай-ақ өткен жылғы қазанда «Тау-Кен Самұрық» компаниясының мамандары Бамиан провинциясына барып, Пами-Какрак мырыш кен орнында сынама алды. «Қазмырыш» компаниясының мамандары жүргізген кейінгі химиялық талдау қазақстандық кәсіпорындарда осы кенді қайта өңдеудің қағидатты мүмкіндігін растады.«Біз Ауғанстаннан мырыш кенін жеткізуге мүдделіміз. Қазақстандық кәсіпорындар өндірістерді технологиялық жаңарту, инжиниринг, жабдықтарды жеткізу және іске қосу-жөндеу жұмыстарын сүйемелдеу саласында қажетті құзыреттерге ие», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.Хром кен орындарын барлау мен дамытуға ERG қатысуы жеке бағыт болады. Әлемдегі ең ірі хром кені ресурстық базасына ие және феррохром өндірісінде әлемдік көшбасшы бола отырып, ERG қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде өзінің тәжірибесін, салалық сараптамасын және технологиялық шешімдерін қолдану мүмкіндігін қарастырады.Абдул Гани Барадармен кездесуде тараптар көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады.Қазақстан Хафт – Герат теміржол учаскесінің құрылысын аяқтап жатқаны және Ауғанстан аумағындағы инфрақұрылымдық жобаларға одан әрі қатысуға мүдделі екені атап өтілді.«Біз Пәкістанның Карачи және Гвадар порттары бағытында 10 млн тоннаға дейін жүк тасымалдауды қамтамасыз етуге қабілетті Central Asia-South Asia (CASA) Трансауғандық көлік дәлізін іске асыруды қолдаймыз. Сонымен қатар, біз өзбек және түркімен әріптестермен бірге Мазари-Шариф және Тургунди арқылы Гератқа темір жол құрылысына қатысуға дайынбыз», — деп атап өтті Серік Жұманғарин. Келіссөздер барысында өзара сауда-саттықты одан әрі кеңейту мәселесіне айрықша назар аударылды.Тараптар ауған ауыл шаруашылығы өнімдерін Қазақстандағы Small және Magnum секілді ірі сауда желілеріне жеткізу туралы уағдаластықты растады. Қазақстан өңір елдері арасында бірінші болып Ауғанстанға ұлттық сауда желілері арқылы өнім жылжытуды ұсынды.Мұнда анар, жүзім, өрік, қара өрік, қарбыз, қауын, ерте көкөністер, жаңғақтар және басқа да жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу туралы сөз болып отыр. Сондай-ақ қазақстандық тарап Ауғанстанға, атап айтқанда Гератқа ұн жеткізу көлемінің арттырылғаны туралы хабардар етті.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды, атап айтқанда, қаржы саласында өзара есеп айырысу үшін іске асыруға кедергі келтіретін қолданыстағы кедергілерді талқылады. Оларды жоюдың нақты шаралары әзірленді. Сауда, көлік, өнеркәсіп, телекоммуникация және гуманитарлық өзара іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілік расталды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1244709?lang=ru
Кувейтте азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Қазақстан-Кувейт бизнес-форумын өткізу мәселесі талқыланды 06.07.2026
Әл-Кувейт, 2026 жылғы 21 маусым – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Сауда және өнеркәсіп палатасы Бас директорының орынбасары Имад Әл-Заидпен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.Тараптар биылғы жылдың күзінде Кувейтте өткізу жоспарланып отырған азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі Қазақстан-Кувейт бизнес-форумын дайындау мәселесіне ерекше назар аударды. Аталған іс-шара екі ел кәсіпкерлері арасында тікелей байланыстар орнатуға, бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылауға және Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін Кувейт нарығына жеткізуді кеңейтуге арналған тиімді алаңға айналады деп күтілуде.Кувейт тарапы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығын ерекше атап өтіп, Қазақстанмен Орталық Азиядағы жетекші ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші елдердің бірі ретінде ынтымақтастықты кеңейтуге жоғары қызығушылық білдірді. Осыған байланысты тараптар ет және ет өнімдері, өсімдік майлары, астық дақылдары және басқа да азық-түлік тауарларын қоса алғанда, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені өнімдерінің жеткізілімдерін ұлғайту мүмкіндіктерін талқылады.Қазақстан Елшісі сұхбаттасушысын еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуетімен таныстырып, Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы бәсекелестік артықшылықтарын, сондай-ақ екі ел компаниялары арасында өзара тиімді әріптестікті дамыту мүмкіндіктерін атап өтті.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1244714?lang=ru
Қазақстанға «Айбын-2026» XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушылар келді 06.07.2026
Ауқымды сайысқа ел өңірлеріндегі әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, күштік құрылымдар мен әскери оқу орындарының командалары ғана емес, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің командалары да қатысады. Халықаралық жарыста ел намысын Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігі әскери колледжінің кадеттері қорғайды.20 маусым, сенбі күні Астанаға Кеңес Одағының Батыры Дайыр Асанов атындағы Қырғыз ұлттық әскери лицейінің тәрбиеленушілері келді. Қырғыз әскери лицейінің тәрбиеленушісі Ажыбек Рысқұлов Қазақстанға алғаш рет келіп отыр. Ол өз командасы жақсы нәтиже көрсетіп, елінің намысын қорғауға дайын екенін атап өтті.– Біз халықаралық жарысқа барынша қарқынды дайындалдық. Бұл біз үшін өзімізді көрсетуге, жақсы тәжірибе алып, басқа елдердің өкілдерімен танысуға мүмкіндік, – деді А. Рысқұлов.Бүгін Астанаға Әзербайжаннан Гейдар Әлиев және Джамшид Нахичеванский атындағы әскери лицейлердің, Өзбекстан Қорғаныс министрлігі «Ватан таянчи» әскери-патриоттық қозғалысының өкілдері, сондай-ақ Ресейден Кеңес Одағының Батыры Привольже федералдық округі Ғани Сафиуллин атындағы Татарстан кадет корпусының өкілдері келді.– Қазақстаннан өте жақсы әсер алдық. Жергілікті тұрғындардың қонақжайлығы, әсем табиғаты пен қалалардың заманауи келбеті бізді ерекше таңғалдырды. «Айбын» әскери-патриоттық жиынынан біздің команда жаңа тәжірибе, пайдалы білім алып, әртүрлі елдердің жастарымен таныстық күтеді. Бұл жиын біздің командамызға жарқын әсерлер мен жаңа достар сыйлайды деп сенемін, – деді Ресей делегациясының жетекшісі Юрий Зеленков.Шетелдік командалар қазір Ақмола облысындағы Щучинск қаласына келіп жетті. Олар Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің «Амандық» оқу полигонындағы далалық лагерге орналастырылды.Аумақтың инфрақұрылымын қарап шыққаннан кейін жарысқа қатысушылар күн тәртібімен және іс-шаралар бағдарламасымен танысты.Мандаттық комиссия қатысушылардың санаттары бойынша өнер көрсету ретін анықтады. Ал қазылар алқасы командалардың өкілдеріне жарысты өткізу шарттары мен бағалау критерийлерін түсіндірді.Жарыстар шетмемлекеттер командалары, өңірлердің әскери-патриоттық клубтары, күштік құрылымдар және әскери мектептер секілді төрт топ бойынша ұйымдастырылған. Жиынға қатысушыларды әскери-қолданбалы, интеллектуалдық және шығармашылық сайыстар күтіп тұр. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ауқымды іс-шарасына барлығы мыңға жуық адам жиналды.Келу күні қатысушылардың «Сәлем, Айбын!» атты кездесуімен аяқталды. Онда командалар өз өңірлерін, оқу орындарын, әскери-патриоттық клубтарын таныстырып, бейресми жағдайда еркін пікір алмасты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1244725?lang=ru