№ 4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағыты шеңберінде түсіндіру профилактикалық іс-шара
Конституция

№ 4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" үлгілік базалық бағыты шеңберінде түсіндіру профилактикалық іс-шара

06.07.2026 13:15:45 300

Ағымдағы жылғы 18 маусымда аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл О. Бочарникова «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңалықтары бойынша «Жақсы ауданы Запорожье ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты шеңберінде кезекті түсіндіру-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Кездесу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, парасаттылық қағидаттарын нығайту және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өтті.

Мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулерге, сондай-ақ жақын туыстарының және олармен байланысты өзге де тұлғалардың бірлескен қызметі кезіндегі шектеулерге ерекше назар аударылды.

Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемелеріне барудан тартыну, сондай-ақ діни сенімдерді таңбау, бағыныстыларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу және т.б. мәселелер қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1244990?lang=ru