Әлем
Бас штаб бастығы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріндегі жауынгерлік дайындықтың ұйымдастырылуын тексерді 06.07.2026
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтің жетекшілігімен инспекциялық топ Қызылорда, Тараз, Шымкент және Арыс гарнизондарындағы әскери бөлімдерде болды.Әскери бөлімдерде жұмыс тобы инфрақұрылым нысандарының жай-күйін, қару-жарақ пен әскери техниканың жағдайын тексерді. Бөлімшелердегі ахуалды зерделеген орталық аппарат офицерлері әскери бөлімдер қолбасшылығына жауынгерлік даярлықты және күнделікті қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша практикалық көмек көрсетті.Бас штаб бастығы әскери қызметшілерді оқытудың жаңа жүйесін енгізуге және жас сарбаздардың әскери қызмет жағдайына бейімделуіне ерекше назар аударды. Сарбаздармен кездесу барысында олардың тұрмыс жағдайымен, тамақтандыруды ұйымдастырумен, жауынгерлік даярлық сабақтарының өту барысымен және жеке құрамның моральдық-психологиялық ахуалымен танысты.Түркістан қаласында генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров облыс әкімінің орынбасары Зұлфұхар Жолдасовпен кездесті. Кездесу барысында әскери-оқытылған резервті даярлау, аумақтық әскерлер инфрақұрылымын дамыту және олардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру мәселелері талқыланды.Сондай-ақ Бас штаб бастығы 99210 әскери бөлімінде, Қорғаныс істері жөніндегі департаментте және облыстық аумақтық қорғаныс бригадасында болды. Жауапты тұлғалар генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровке қазіргі ахуал, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, бөлімшелерді жасақтау және жұмылдыру даярлығын ұйымдастыру жөнінде баяндады.Бұдан бөлек, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша өткізілген «Бекет-2026» кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығуының барысын тексерді. Жаттығу қорытындысы бойынша қатысушылардың іс-қимылдары мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл деңгейіне оң баға берілді.Жұмыс сапарының қорытындысын шығарған генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығын одан әрі арттыру, әскери қызметшілерді даярлау жүйесін жетілдіру және жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын нығайту жөніндегі басым міндеттерді айқындады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1244583?lang=ru
Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын алу тәртібі 06.07.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-astana/press/news/details/1244552?lang=ru
Қазақстан мен БҰҰ Ғарыш кеңістігі басқармасы Астанадағы UN-SPIDER өңірлік қолдау кеңсесін құру туралы меморандумға қол қойды 06.07.2026
Вена, 2026 жылғы 19 маусым – Вена халықаралық орталығында БҰҰ Ғарыш кеңістігі басқармасы (БҰҰ ҒКБ) мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ арасында Астана қаласында Төтенше жағдайларды басқару және әрекет ету мақсатында ғарыштық ақпаратты пайдалану жөніндегі БҰҰ платформасының (UN-SPIDER) Өңірлік қолдау кеңсесін құру туралы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Құжатқа БҰҰ ҒКБ директоры Арти Холла-Майни және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Шоқпаров қол қойды.Меморандумға қол қою Қазақстан мен БҰҰ арасындағы апаттар тәуекелдерін басқару, төтенше жағдайларды мониторингтеу және Орталық Азия мемлекеттерінің табиғи әрі техногендік қауіп-қатерлерге төзімділігін арттыру үшін ғарыштық технологияларды қолдану саласындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болды.Құжатқа сәйкес, UN-SPIDER Өңірлік қолдау кеңсесі «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ базасында жұмыс істейтін болады және Жерді қашықтықтан зондтау деректеріне қолжетімділікті кеңейтуге, мамандардың әлеуетін арттыруға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою үшін ғарыштық шешімдерді енгізуге жәрдемдеседі.Қазақстанда UN-SPIDER Өңірлік қолдау кеңсесін құру 2026 жылғы 16 маусымдағы ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған ұлттық ғарыш саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларға сәйкес келеді.UN-SPIDER бағдарламасы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес құрылған және барлық мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың апаттар қаупін төмендету және төтенше жағдайларға ден қою қызметін қолдау үшін ғарыштық ақпарат пен технологияларға қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vienna/press/news/details/1244525?lang=ru
Fitch Ratings Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам - «Тұрақты» 06.07.2026
Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның BBB деңгейіндегі тәуелсіз кредиттік рейтингін растады, болжам – «Тұрақты».Агенттіктің бағалауы бойынша Қазақстанның рейтингі елдің мықты сыртқы ұстанымымен, таза шетелдік активтердің едәуір көлемімен, сондай-ақ үкіметтік борыштың төмен деңгейімен қолдау табады.Fitch 2026 жылы мұнай бағасының жоғары болуы Қазақстанның сыртқы позициясын одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Ұлттық қордың валюталық активтері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда арта отырып, 2026 жылғы мамыр айының соңындағы жағдай бойынша 66,4 миллиард АҚШ долларына жетті. Агенттіктің болжамы бойынша таза шетелдік активтер бойынша Қазақстанның ұстанымы рейтингі сәйкесетін елдердің арасында ең мықты болып қалуда.Сыртқы орнықтылыққа қосымша қолдауды елдің халықаралық резервтері көрсетеді, олардың көлемі 2026 жылғы мамырда 67,6 млрд АҚШ долларына жетті. Әлемдік нарықтарда алтын құнының жоғары болуы резервтердің өсуіне елеулі әсер етеді.Агенттік үкіметтік борыштың төмен деңгейі 2026-2027 жылдары – ЖІӨ-нің шамамен 23% сақталуын болжайды.Сарапшылар Қазақстан экономикасы 2025 жылы 6,5% деңгейінде өскенін, бұл ретте өсу сипаты кең болғанын және көлік секторы көрсеткіштерінің айтарлықтай өсуімен қатар жүргенін атап өтті. Fitch көлік, шикізаттық өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер салаларын қоса алғанда, орта мерзімді перспективада экономикалық белсенділікті жалғастырады деп күтеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1244510?lang=ru
Халықаралық су ұйымын құру тұжырымдамасы Таиланд Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінде таныстырылды 06.07.2026
Бангкок, 2026 жылғы 19 маусым - Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының БҰҰ Азия және Тынық мұхитына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ АзТМЭӘК) жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар департаментінің Бас директоры Пинсуда Джаянамамен кездесті.Тараптар көпжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.Тұрақты даму, су қауіпсіздігі, азық-түлік қауіпсіздігі және климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелеріне ерекше назар аударылды.М.Баймұхан тай тарапын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын (International Water Organization) құру жөніндегі бастамасы туралы хабардар етті. Аталған бастама су ресурстарын басқару саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен үйлестіруді нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Таиланд арасындағы қатынастардың дәйекті дамуын және екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды растады. Қазақстан Елшісі Таиланд Сыртқы істер министрлігіне 2026 жылғы мамырда өткен Қазақстан–Таиланд бизнес-форумын ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы, сондай-ақ БҰҰ АзТМЭӘК алаңындағы қазақстандық делегацияларға жәрдем көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1244489?lang=ru
Алматыда португал музыкалық аспаптарын қазақтың халық музыкалық аспаптар музейіне тапсыру рәсімі өтті 06.07.2026
2026 жылғы 19 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, Португалия Республикасының Ұлттық күніне, сондай-ақ португал ұлттық музыкалық аспаптарын Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар музейіне табыстау рәсіміне арналған іс-шараға қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Іс-шараны Қазақстандағы Португалия Елшілігі ұйымдастырды. Өз сөзінде Елші аталған іс-шараның екі халықтың мәдени және рухани бірлігінің символы екенін атап өтті. Сонымен қатар, шығармашылық мұраның елдеріміз арасындағы мәдени байланыстарды дамытудағы маңыздылығына ерекше назар аударылды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1244453?lang=ru
Қазақстан мен Грекия сауда-экономикалық ынтымақтастық келешегін талқылады 06.07.2026
Астана, 2026 жылғы 19 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Грекия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антония Кацурумен кездесті.Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, Қазақстан-Грекия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.А.Кацуру Министр орынбасарының а.ж. сәуір айында Грекияға сапарының негізгі нәтижелерінің бірі – Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грекия үкіметаралық комиссиясының келесі отырысын (ҚГҮК) ұйымдастырудың маңыздылығын көрсету болғанын атап өтті.Ә.Қуантыров Министр орынбасары осы жылдың екінші жартысында Афины қаласында өтетін Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грекия үкіметаралық комиссиясының келесі отырысының сәтті өтетініне сенім білдірді.Министр орынбасары Қазақстанның Грекиямен серіктестікті одан әрі дамытуға және жаңартылатын энергия көздері, көлік пен логистика, металлургия, агроөнеркәсіп, қалдықтарды қайта өңдеу, фармацевтика, туризм және цифрлық технологиялар сияқты экономиканың басым секторларына грек инвестициясын тартуға мүдделі екенін атап өтті. Осы орайда екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды жандандырып, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.Ә.Қуантыров Грекияның Сыртқы істер министрлігінің, грек мекемелерінің, қаржы ұйымдарының және елдегі жетекші компаниялардың өкілдерімен жүргізілген келіссөздердің оң нәтижелерін атап өтті.«Талқылау барысында бірқатар басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты кеңейтуге екі жақтың мүдделілігі байқалып, елдеріміз арасындағы практикалық бастамаларды ілгерілету үшін берік негіз жасалды», – деп қосты ол.Өткен жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымының көлемі 2,4 млрд долларды құрағанын атап өткен жөн. Сауда-экономикалық қатынастар Қазақстаннан шикі мұнай, полипропилен, ферроқорытпа және жасымық сияқты тауарларды, Грекиядан дәрілік заттарды, топырақты сұрыптауға және ұнтақтауға арналған құрал-жабдықтарды, аминоальдегидті, фенол-альдегидті шайырлар мен полиуретанды, сүтті өңдеуге арналған жабдықтарды және т.б. экспорттауға негізделген.А.Кацуру грек тарапының Қазақстанмен экономикалық өзара әрекеттесуді нығайтуға және өзара мүдделі салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты экономикалық күн тәртібін ілгерілету және инвестициялық ынтымақтастық бойынша тұрақты диалогты қолдау бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1244465?lang=ru
Ташкентте Қазақстанның шетелдік серіктестермен инвестициялық ынтымақтастығын дамыту перспективалары қаралды 06.07.2026
Өзбекстан Республикасына бесінші Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысу аясындағы сапар барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров шет мемлекеттердің өкілдерімен және іскер топтармен бірқатар кездесулер өткізді.Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі, Ұлыбританияның Бизнес және сауда министрлігі мен Қазынашылықтың инвестициялар жөніндегі министрінің орынбасары Лорд Джейсон Стоквудпен өткен кездесуде тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.Ағымдағы жылдың маусым айында ратификациялау рәсімі аяқталған Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар энергетика, аса маңызды минералдар, көлік және логистика, қаржы, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары қарастырылды.Ә.Қуантыров Ұлыбританияның Қазақстанның негізгі инвестициялық серіктестерінің бірі әрі ел экономикасына ірі шетелдік инвесторлардың қатарында екенін атап өтті. Осыған байланысты, Қазақстан экономикасының басым секторларына британдық инвестициялар мен технологияларды тартуға қызығушылық білдірілді.Сапар аясында сондай-ақ өзбекстандық «BMB Holding» холдингі Құрылтайшылар кеңесінің төрағасы Бекзод Маматқұловпен кездесу өтті.Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, туризм, тамақ өнеркәсібі, логистика және өзара сауда салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.Кездесуге қатысушылар стратегиялық әріптестік пен одақтастыққа негізделген қазақ-өзбек қатынастарының жоғары деңгейін атап өтіп, екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың және жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығын жеткізді.Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, сондай-ақ орнықты дамуға және өңірлік экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін бірлескен жобаларды ілгерілетуге өзара мүдделілігін растады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1244443?lang=ru
Алматы облысында жеміс-жидек пен көкөністі өңдейтін зауыт ашылды 06.07.2026
Алматы облысында жеміс-жидек пен көкөністі қайта өңдейтін «Qazaq Global Food JV» зауыты іске қосылды. Мұндай кәсіпорынның елімізде өзге баламасы жоқ. Еңбекшіқазақ ауданының Тескенсу ауылында салынған жобаға 9,5 млрд теңге инвестиция салынды. Агроөнеркәсіп кешенінде жылына 70 мың тонна өнім өңделеді. Бүгін өндірістің бірінші зауыты пайдалануға беріліп, екіншісінің іргетасы қаланды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Жобаны «Alpecon Group» ЖШС іске асыруда. Алғашқы кезеңінде өңделген 70 мың тонна өнімнен 13 мың тонна жеміс-жидек пен көкөніс шырынының концентраты, пюре мен паста әзірленеді. Мұның бәрі толығымен Түркия еліне экспортқа шығарылады. Ал екінші кезеңде алма қалдығынан пектин дайындалмақ. Бұл көрші елдерде әлі қолға алынбаған. Тек Германия, Қытай, АҚШ сияқты мемлекеттерде жақсы дамыған. Жоспар бойынша 1000 тонна пектин және 3000 тонна алма талшығы дайындалып, Корея мен Жапония елдеріне жіберіледі. Жобаның басты серіктесі Түркияның бұл саладағы жетекші компаниясы – «Göknur Gıda». Ал «Байтерек» ҰИХ еншілес ұйымдары, Қазақстанның Даму Банкі мен «Даму» қоры қаржылық қолдау көрсетті.Ауқымды жобаның салтанатты ашылуына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, жаңа зауыттың іске қосылуымен құттықтады.«Өңіріміз әлемдегі алма ағаштарының түпкі отаны екені баршаға белгілі. Ғасырлар бойы бұл аймақ жеміс-жидек өсірудің басты орталығы болып келді. Бүгін осы үрдіс жаңа сатыға көтеріліп, өндірістік экожүйе тағы бір игі жобамен толығып отыр. Кәсіпорынның іске қосылуы жергілікті шаруалар үшін тұрақты нарық алаңын қалыптастырып, шетелдік тұтынушыларға дайын өнім жеткізетін экспорт тізбегін құруға мүмкіндік береді. Бұл – елімізді шикізатқа тәуелділіктен арылтып, дайын өнім шығаруға бағытталған индустриялық саясаттың нақты жемісі. 30 гектар аумақты алып жатқан өндіріс кешенінің техникалық мүмкіндіктері өте жоғары. Маңыздысы сол, бұл жобаның халыққа әкелетін әлеуметтік пайдасы орасан зор. Жаңа зауыттың іске қосылуы арқылы өңірде 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Болашақта олардың саны бірнеше есе артады», – деген аймақ басшысы осынау игі іске үлес қосқан барша маманға, инженерлер мен құрылысшыларға, инвесторларға және серіктестерге алғыс айтты.«Alpecon Group» ЖШС-ның бас директоры Самат Балабеков кәсіпорынның ашылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканың шикізаттық емес секторын дамыту, экспорт әлеуетін арттыру бойынша берген стратегиялық тапсырмасына сәйкес келетінін атап өтті.«Басты мақсатымыз – 2028 жылға қарай шикізат өндірісін, цифрлық технологияларды, маман даярлауды, ғылыми зерттеулер мен экспортты біріктіретін алғашқы толық циклді агроөнеркәсіп кластерін қалыптастыру.Бүкіл экожүйені құрған кезде Жетісу өңірінен Түркістан облысына дейін қабылдау пункттері болады. Оған 10 000-ға дейін фермер мен 500 мыңға жуық ауыл шаруашылығы саласының қызметкері тартылады. Бірлескен жұмыстың арқасында еліміздің экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынымызға сенімдімін», – деді Самат Жұмабайұлы.Шара барысында жаңа нысанның лентасы қиылып, тұрғындар мен қонақтар зауыттың өндіріс цехтарын аралап көріп, технологиялық қуатымен танысты.Аймақ басшысы Марат Елеусізұлы компания басшылығымен және жоба серіктестерімен бірге екінші зауыттың іргетасына уақыт капсуласын салды. Болашақта жеміс сақтау қоймаларынан бастап, цифрлық басқару платформасы мен маман даярлау академиясы бар толық циклді агроөнеркәсіп кластері бой көтереді.Бұл жоба тек Алматы облысының ғана емес, еліміздің өңдеу өнеркәсібін ілгерілетуге, экспорт әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік береді. Ең бастысы, халықтың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етіп, ел игілігіне қызмет етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1244415?lang=ru
Әуескүл Ергешова Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды 06.07.2026
Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының бұйрығымен Әуескүл Тұрсынбайқызы Ергешова Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.Бұрынғы атқарған лауазымы - Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті шарттарды тіркеу бөлімінің басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1244362?lang=ru
Алматыда Румынияның Құрметті консулдығының ашылуы 06.07.2026
2026 жылғы 18 маусымда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Румынияның Алматы қаласындағы Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде, Елші Қазақстан мен Румыния арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуын атап өтіп, Құрметті консулдықтың ашылуы гуманитарлық және мәдени байланыстарды нығайтуға, туризмді дамытуға, академиялық алмасулар мен бизнес-бастамаларды қолдауға ықпал ететінін атап көрсетті. Соңында, Ж. Әбдрашов екі ел арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-almaty/press/news/details/1244367?lang=ru
«Жүректегі жапырақ» кітабының таныстырылымы өтті 06.07.2026
Бүгін «Достық үйінде» ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Нұртөре Жүсіптің «Жүректегі жапырақ» атты кітабының таныстырылымы өтті.Оған облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, Сенат депутаттары Бекбол Орынбасаров, Амангелді Есбай, зиялы қауым өкілдері және оқырмандар қатысты. Іс-шарада депутаттар сөз сөйлеп, Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының өкілі Қаршыға Есімсейітова кітаптың көркемдік және тағылымдық мәніне тоқталды.Сондай-ақ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері жыр шумақтарын оқып, кеш мазмұнын аша түсті.Кездесуде Нұртөре Жүсіп оқырманмен пікір алмасып, жаңа туындының жазылу тарихы, ерекшеліктері мен қамтылған тақырыптары туралы айтты. Қатысушыларға кітапты сыйға тартты.«Жүректегі жапырақта» қоғам, адам тағдыры, ұлттық құндылықтар мен өмір туралы толғаныстар топтастырылған. Автордың өмірден түйген ойлары, замандастары туралы жазбалары мен рухани тақырыптағы эсселері қамтылған.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1244348?lang=ru
Жеміс Досмагамбетова Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды 06.07.2026
Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының бұйрығымен Жемис Сагатовна Досмагамбетова Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.Бұрынғы атқарған лауазымы - Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті операциялық бөлімінің басшысы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1244333?lang=ru
Жандос Сулейменов Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды 06.07.2026
Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының бұйрығымен Жандос Оралбаевич Сулейменов Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.Бұрынғы атқарған лауазымы - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1244335?lang=ru
Қарағанды облысында Арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің Battle of Bars жарысы аяқталды 06.07.2026
«Астана» өңірлік қолбасшылығының «Спасск» оқу орталығының полигонында Арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің Battle of Bars жарысы өтті. Үздіктерді анықтау үшін сегіз команда бақ сынасты. Жарыс бағдарламасы нақты жауынгерлік міндеттер мен әртүрлі жедел жағдайларды модельдейтін 12 кезеңнен тұрды. Әскери қызметшілер штаттық қарудан біліктілік ату жаттығуларын орындап, тапсырма орындалатын ауданға десантталды. Қашықтығы 30 шақырымдық марш барысында олар байланыс ұйымдастыру, алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелерін пысықтап, таулы учаскелерден, су кедергілерінен және миналанған жерлерден өтті. Жекелеген сынақтар бөлімше құрамындағы іс-қимылдарға арналды. Қатысушылар «Түнгі тазарту», «Квест» және «Шабуылдағы топ» кезеңдерінде жоғары үйлесімділік пен тактикалық дайындық деңгейін көрсетті. Сонымен қатар марш-жүгіру кезінде «Қарсыластан озып кету» жаттығуын орындады.Турнирдің ерекшелігі – мерзімді әскери қызметшілер командасының қатысуы болды. Әрбір кезең сарбаздардан жоғары деңгейдегі шоғырлануды, төзімділікті және бар күш-жігерін жұмсауды талап етті. Жас жауынгерлер тәжірибелі әскери қызметшілермен тең дәрежеде барлық сынақтан сүрінбей өтіп, өздерінің жоғары дайындық деңгейі мен мықты ынтасын дәлелдеді.– Бұл жарыс өз мүмкіндіктерімізді сынауға, мықты тәжірибе жинауға және нағыз команданың бір бөлігі екенімізді сезінуге мүмкіндік берді. Кезеңдер оңай болған жоқ, алайда дәл осындай сынақтар адамды шыңдап, өзіне деген сенімділігін арттырады, – деді қатардағы жауынгер Бірлік Берікұлы. Төрешілер барлық команда жоғары кәсіби даярлықты, дене төзімділігін және үйлесімді іс-қимылды көрсеткенін атап өтті. Мұндай жарыстар жеке құрамның жауынгерлік әзірлігін арттырып, әскери қызметшілердің жауынгерлік рухын нығайтуға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1244340?lang=ru
Қазақстанның институционалдық реформалары Эстония Парламенті депутаттарының қызығушылығын тудырды 06.07.2026
Таллин, 2026 жылғы 19 маусым – Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшісі Алтай Көлгінов « Эстония–Қазақстан » парламентаралық достық тобының мүшелері болып табылатын Эстония Парламентінің (Риигикогу) депутаттарымен кездесті. Кездесу барысында Елші Көлгінов Эстония парламентшілерін Президент Қ.Тоқаев жүзеге асырып жатқан саяси жаңғыртудың негізгі бағыттары туралы хабардар етті.Атап айтқанда, дипломат мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруді, институционалдық реформаларды және Парламенттің бір палаталы құрылымына көшуді көздейтін Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының алдағы уақытта күшіне енуіне егжей-тегжейлі тоқталды. Ол аталған қайта құрулар демократиялық институттарды нығайтуға, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және азаматтардың елдің саяси өміріне қатысуын кеңейтуге бағытталғанын атап өтті. Эстония Парламентінің депутаттары еліміздің саяси архитектурасын жаңартудың орталық элементтерінің бірі ретінде Қазақстандағы бір палаталы парламент жүйесіне көшуге ерекше назар аударды. Тараптар Қазақстан мен Эстония арасындағы ынтымақтастықтың тұрақты сипатын атап өтіп, екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Парламентаралық өзара іс-қимылды саяси, экономикалық және мәдени салаларда сенімді нығайтудың, тәжірибе алмасудың және бірлескен бастамаларды ілгерілетудің маңызды құралы ретінде дамытуға ерекше назар аударылды. Эстондық депутаттар байланыстарды одан әрі кеңейтуге, тақырыптық кездесулер өткізуге және екі мемлекет арасындағы әріптестікті тереңдетуге ықпал ететін жобаларды қолдауға қызығушылық білдірді. Елші Көлгінов өз кезегінде қазақстандық тараптың белсенді өзара іс-қимылға және ынтымақтастықтың қолданыстағы, сондай-ақ жаңа форматтарын іске асыруға қызығушылығы мен дайындығын растады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1244323?lang=ru
Айман Тулекенова Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды 06.07.2026
Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының бұйрығымен Айман Саламатовна Тулекенова Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.Бұрынғы атқарған лауазымы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1244329?lang=ru
Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті 35 сессиясының екінші отырысы өтті 06.07.2026
Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті 35 сессиясының екінші отырысын аудандық мәслихатының өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және аграрлық саясат мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы Б.Гадельшиев ашып жүргізді. Сессия жұмысына аудан әкімнің орынбасары Д.Имашев қатысты. Сессияда №104,109 учаскелік сайлау комиссия мүшелерін сайлау туралы мәселесі қаралып, депутаттар ашық дауыс беру арқылы учаскелік сайлау комиссия мүшелерін сайлады, тиісті шешім қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/burlin-maslihat/press/news/details/1244316?lang=ru
Қазақстан Елшісі Кореяның Экспорт-импорт банкінің (KEXIM) Төрағасымен кездесті 06.07.2026
Сеул, 2026 жылғы 19 маусым - Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Оңтүстік Кореяның Экспорт-импорт банкінің (KEXIM) Төрағасы әрі Бас директоры Хван Ги Ёнмен кездесті.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы инвестициялық және қаржы-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ кореялық қаржы институттарының Қазақстандағы басым жобаларды іске асыруға қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады.Сұхбат барысында жасыл өсім саласындағы ынтымақтастық, экономиканы көміртексіздендіру, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, жасыл сутегі мен аммиак өндіру, сондай-ақ заманауи экологиялық таза технологияларды енгізу бағыттарындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.Сонымен қатар тараптар сирек жер металдарын өндіру және терең өңдеу жобаларын қоса алғанда, критикалық минералдар саласындағы ынтымақтастық перспективаларын, жоғары қосылған құны бар өндірістік тізбектерді қалыптастыру, өнеркәсіптік өндірістерді оқшаулау және аккумулятор индустриясын дамыту мәселелерін қарастырды.Кездесуде көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға, өндірістік қуаттарды жаңғыртуға, экспортқа бағдарланған жаңа өндірістер құруға және бірлескен инвестициялық бастамаларды ілгерілетуге бағытталған инфрақұрылымдық, индустриялық және инновациялық жобаларды қаржыландыруға KEXIM банкінің қатысу мүмкіндіктері де талқыланды.Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Токаевтың ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған Корея Республикасына сапарына дайындық аясында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға және Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға серпін беретін жаңа перспективалы жобаларды ілгерілетуге өзара мүдделілігін растады.Кездесу қорытындысы бойынша кореялық қаржы институттары мен Корея Республикасының жетекші компанияларының қатысуымен нақты жобалар мен қаржыландыру тетіктерін пысықтау мәселелері бойынша тығыз өзара іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1244312?lang=ru
Құрметті төрт түлік мал иелері! 06.07.2026
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзгенің мүлкінің бүлінуін алдын алу мақсатында төрт түлік малды қараусыз жібермеуді сұраймыз.🛑Көше бойларында қараусыз жүрген үй жануарлары анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу, оның ішінде малды қараусыз қалдыру және автомобиль жолдарына шығарып жіберу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатындығын ескертеді.Қараусыз жүрген мал жол қозғалысына қауіп төндіріп қана қоймай, адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ көлік құралдарына елеулі зиян келтіруі мүмкін.📌Төрт түлікке малдарыңызға жауапкершілікпен қарауды сұраймыз!⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1244290?lang=ru