Әлем
Cырдарияның жағалауы қауіпсіз әрі таза болуы керек 04.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы бірқатар нысанды аралап шықты. Алдымен Президент саябағындағы көркейту-көгалдандыру жұмыстарын көрді. Заманауи демалыс аймағында субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол мен футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед және жүгіру жолақтары, санитарлық пункттер орналасқан.Мұнда 15 түрлі 2018 түп ағаш көшеті, 16 түрлі 53 189 түп бұта және 17 түрлі 54 546 көпжылдық гүл көшеті отырғызылып, 2,7 гектарға газон төселген. Жасыл желек спринклерлік және тамшылату жүйелері арқылы суарылады.Жалпы аумағы 30,94 гектар саябақтың 32,07 пайызы абаттандырылған, 64,8 пайызы көгалдандырылған, 1,66 пайызында қосымша ғимараттар мен құрылыстар, 1,47 пайызында субұрқақтар орналасқан.Одан кейін аймақ басшысы тұрғын үй құрылысы үшін мемлекеттік жер қорына қайтарылатын учаскелерге барып, Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстарымен танысты. Жобаны «Қаратас Майнинг», авторлық қадағалауды «Geopsd kzo», техникалық қадағалауды «Орда-S» серіктестіктері жүзеге асыруда. Оған 2 млрд 996 млн теңге бөлінген, 2756 метр екі жолақты жаяу жүргінші және велосипед жолы салынып, асфальтбетон жабындысы төселеді. Сонымен бірге, 2928 метрлік қорғаныс бөгетінің еңісі нығайтылады. Бұл жағалауды су тасқыны мен шайылудан қорғайды.Сыртқы жарықтандыру жүйесі, 2848 метр электр желісі тартылады және 110 жарықтандыру тірегі орнатылады.Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында 2670 метр металл қоршау, демалыс аймақтарына орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1242728?lang=ru
Мажарстан астанасы Будапештте «Қазақстан – Ұлы дала үні» концерті өтті 04.07.2026
Будапешт, 2026 жылғы 16 маусым – Мажарстан астанасында аты аңызға айналған «Ақсақ құлан» күйінің 800 жылдығына арналған «Қазақстан – Ұлы дала үні» концерті өтті. Шығармашылық кеш мажар жұртшылығына қазақ халқының бай музыкалық және би өнері мұрасын таныстырды.Концерт XIX ғасырда салынған, Мажарстанның мәдени өмірінде ерекше орын алатын тарихи «Пешти Вигадо» концерт залында ұйымдастырылды. Дунай жағалауында орналасқан бұл сәулет жауһары халықаралық мәдени іс-шаралар өтетін ең беделді алаңдардың бірі саналады.Концерт бағдарламасына Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» халықтық ансамблі мен «Жорға» би ансамблі қатысты. Қос өнер ұжымы қазақтың музыкалық және хореографиялық өнерінің жарқын үлгілерін ұсынып, көрермендерді Ұлы даланың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени дәстүрлеріне рухани саяхатқа жетеледі.Іс-шараға Мажарстан Парламентінің вице-спикері Анико Надь Халлерне, Парламент депутаттары Шандор Ф. Ковач пен Анна Лежак Мольнарне, бұрынғы вице-спикер Лайош Олах, сондай-ақ дипломатиялық корпус, мажар іскерлік және академиялық орта өкілдері, мәдениет қайраткерлері, қазақ диаспорасының мүшелері мен Мажарстанда білім алып жүрген қазақстандық студенттер қатысты.Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы өзіннің құттықтау сөзінде халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтудағы мәдениеттің ерекше рөлін атап өтті. Сондай-ақ ол концерттің қазақтың бай рухани мұрасын дәріптеуге және Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қосқан маңызды үлесі екенін жеткізді.Концерт барысында Нұрғиса Тілендиевтің, Қаршыға Ахмедияровтың, Ескендір Хасанғалиевтің, Мұрат Өскінбаевтың және Құрманғазы Сағырбайұлының шығармалары ұлттық музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалды. Ансамбльдің орындауындағы Мажар халқына арналған танымал шығарма Йоганнес Брамстың "Мажар биі" туындысы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.Аталған іс-шара екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ ұлттық музыка өнерін халықаралық аудитория арасында кеңінен насихаттауға бағытталды. Концерт көрермендердің зор ықыласына ие болып, қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен ұлттық өнерін мажар жұртшылығына кеңінен таныстыруға мүмкіндік берді. Іс-шара Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және екі халық арасындағы достық байланыстарды тереңдетуге өз үлесін қосты.Анықтама: Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы өңірдегі жетекші концерттік ұйымдардың бірі болып табылады. 2025 жылы филармонияның құрылғанына 50 жыл толды. Оның құрамында Маңғыстау өңірі мен жалпы Қазақстанның музыкалық және хореографиялық мұрасын дәріптейтін кәсіби шығармашылық ұжымдар қызмет етеді. «Ақжарма» халық аспаптар ансамблі мен «Жорға» би ансамблі көрермендерді қазақтың дәстүрлі мәдениетімен, ұлттық музыкасы және хореографиясымен таныстырып қана қоймай, еліміздің мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға да елеулі үлес қосып келеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1242717?lang=ru
Қазақстан мен Мажарстан ұлттық құрамалары арасындағы достық кездесу Дебрецен қаласында өтті 04.07.2026
Дебрецен, 2026 жылғы 9 маусым – Дебрецен қаласында Қазақстан мен Мажарстан ұлттық құрамалары арасында жолдастық футбол матчы өтті. Матч қорытындысы бойынша Мажарстан құрамасы 3:1 есебімен жеңіске жетті.Дода басталар алдында қазақстандық жанкүйерлерге «Хайду» мажар би ансамблінің қатысуымен мәдени бағдарлама ұйымдастырылды. Шара аясында қазақтың кеңінен танымал «Бүркіт» биі мен мазмұны мен рухы жағынан үндес дәстүрлі мажар халық биі көрермен назарына ұсынылды. Бұл қойылымдар Қазақстан мен Мажарстан халықтары арасындағы достық пен мәдени өзара ықпалдастықтың символына айналды.Спорттық бәсеке достық пен өзара құрмет рухында өтіп, екі ел жанкүйерлерінің зор қызығушылығын тудырды. Қос құрама жоғары дайындық деңгейін, спорттық шеберлігі мен жеңіске деген ұмтылысын көрсетіп, көрермендерге тартысты әрі әсерлі ойын сыйлады.Мажарстанда тұратын қазақстандық студенттер мен қазақ диаспорасының өкілдері ұлттық құраманы белсенді түрде қолдап, трибунада ерекше рухты атмосфера қалыптастырды.Бұл достық кездесу Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың тағы бір айқын көрінісі болып, екі ел халықтарының мәдени-гуманитарлық байланыстарын нығайтуға өз үлесін қосты.Сонымен қатар, осы күні Қазақстан Республикасы Президентінің «Оқу мәдениетін дамыту және зияткерлік ұлтты қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Елшілік мажарлық «Alfaseeds» компаниясымен бірлесіп, Дебрецен қаласында ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының мажар тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесерін ұйымдастырды.Іс-шараға Дебрецен қаласының әкімі, Мажарстан Ұлттық Жиналысының Карцаг қаласынан сайланған депутаттары, сондай-ақ Қазақстан мен Мажарстан футбол федерацияларының өкілдері қатысты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1242711?lang=ru
Кедендік баждар мен салықтарды есептеу 04.07.2026
Кедендік баждарды, салықтарды – кедендік баждарды, салықтарды төлеуші, ал осы бапта көзделген жағдайларда кеден органы есептейді.Кедендік баждарды, салықтарды есептеу туралы мәліметтер тауарларға арналған декларацияда, кедендік кіріс ордерінде көрсетіледі.Кедендік баждарды, салықтарды есептеу кезінде кедендік баждарды, салықтарды есептеу туралы мәліметтер кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы баждардың, өтемақы баждарының есеп-қисабында көрсетіледі.Кедендік баждар, салықтар, арнайы, демпингке қарсы баждар, өтемақы баждары есеп-қисабының нысанын, мұндай есеп-қисаптың электрондық құжат түріндегі құрылымы мен форматын, оларды толтыру және осындай есеп-қисапқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу тәртібін Комиссия айқындайды.Көрсетілген есеп-қисапты қағаз жеткізгіште толтыру кезінде кеден органының лауазымды адамы осындай кедендік құжаттың электрондық түрін қалыптастырады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1242667?lang=ru
Қызметкерлерге түсіндіру семинар өткізілді 04.07.2026
17 маусымда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент қызметкерлер үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніңдегі комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлер қатысуымен семинар өтті.Шара барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасын құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніңдегі комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің аға прокуроры Қанат Қуат және прокурорыДосан Елнұр Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексінің нормаларын, өтініштерді тіркеу және есепке алу қағидаларын, сондай-ақ өтініштерді қарау кезінде «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу талаптарын назарға жеткізді.Шараға бейнеконференц байланыс арқылы Департаменттің аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары қатысты.Қызметкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына толық жауаптар берілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1242654?lang=ru
ҚР Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға қол қойды 04.07.2026
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 12 маусымдағы №311-VIII Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның басты жаңалықтарының бірі — пара алу мен пара беру үшін ғана емес, сонымен қатар пара беруге уәде бергені, ұсынғаны немесе пара талап еткені үшін де қылмыстық жауапкершілікті енгізу болмақ. Түзетулермен мүдделер қақтығысының алдын алудың толыққанды механизмі де енгізілуде. Мемлекеттік қызметшілерге және оларға теңестірілген тұлғаларға лауазымдық өкілеттіктерін жеке мүдделеріне пайдалануға тыйым салынады. Бұдан бөлек, жеке мүдделерді декларациялау міндеті белгіленіп, мүдделер қақтығысы туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі айқындалады. Заңмен туыстар мен байланысы бар тұлғалардың бірге қызмет етуіне қойылатын шектеулер күшейтіледі. Шектеулер тек тікелей бағыныстылыққа ғана емес, сонымен қатар жанама ықпал ету, ішкі бақылау және кадрлық қолдау жағдайларына да қолданылатын болады. Атап айтқанда, бір ведомствода басшының жақын туыстарына, соның ішінде жиендеріне, қайынағалары мен қайын інілеріне (бажаларына, қайын жұртқа) және күйеу балаларына жұмыс істеуге тыйым салынады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын тұлғалар шеңбері де кеңейтілуде. Оның құрамына квазимемлекеттік сектор қызметкерлері, сондай-ақ бюджеттен және Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобалардың қатысушылары кіреді. Бөлек нормамен мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордағы кадрлық процестерді бірыңғай цифрлық форматқа көшіруді көздейтін «Е-қызмет» цифрлық кадрлық жүйесінің жұмысы бекітіледі. Сондай-ақ, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік секторда заңсыз сыйақы алғаны үшін жауапкершілік қатаңдатылады, заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілігі артады және жеке тұлғалар үшін әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша ескіру мерзімі бір жылдан үш жылға дейін ұзартылады. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалар үшін шектеулер нақтыланады. Жұмысқа орналасуға өмір бойына тыйым салу мемлекеттік функцияларды орындаумен байланысты лауазымдарға қолданылатын болады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1242637?lang=ru
"Көлік құралына кедендік декларацияны қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы 04.07.2026
Көлік құралына кедендік декларацияны қабылдау (бұдан әрі - КҚКД) халықаралық тасымалдаудың темір жол көлік құралдарын және (немесе) темір жол көлік құралдарымен тасымалданатын контейнерлерді, әуе және теңіз көлік құралдарын, сондай-ақ тауарларға арналған декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды қолдану және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші КҚКД шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасауға уәкілетті мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамына КҚКД қағаз тасығышын беру жолымен жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына 29-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында баяндалған.Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кеден кодексі) 176-бабына сәйкес КҚКД ұсынады. ШҚО бойынша МКД«Әуежай Өскемен»кеден бекетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1242628?lang=ru
Мүліктік табыс: мүлікті сату кезінде нені білу қажет? 04.07.2026
Мүліктік табыс сіз мүлікті сатып алған бағадан қымбат бағаға сатқан кезде, яғни пайда тапқан жағдайда туындайды.Тұрғын жылжымайтын мүлікті, мысалы, пәтерді, үйді, саяжайды, гаражды, автотұрақ орнын, қойманы немесе жер учаскесін сату кезінде, егер мүлік белгіленген мерзімнен аз уақыт меншік құқығында болса, табыс туындайды. Өтпелі ережелерді ескере отырып: егер меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін рәсімделсе онда ең төменгі иелену мерзімі бір жылды, ал осы күннен кейін рәсімделсе — екі жылды құрайды. Егер сіз мүлікті осы мерзімнен ұзақ иеленсеңіз, салық туындамайды.Дүкендер, офистер, қоймалар және өзге де коммерциялық үй-жайлар сияқты тұрғын емес жылжымайтын мүлікті сату кезінде, мүліктің меншік құқығында қанша уақыт болғанына қарамастан табыс әрдайым туындайды.Егер мүлік мұрагерлік арқылы алынған болса, оның бастапқы құны меншік құқығы рәсімделген күндегі нарықтық бағамен айқындалады және бағалау арқылы расталады. Егер мүлік сыйға алынған болса, мүлік салығын есептеу үшін қолданылатын бағалау құны пайдаланылады.Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын сату кезінде, егер ол меншік құқығында бір жылдан аз уақыт болса, табыс туындайды. Егер иелену мерзімі одан көп болса — салық төлеудің қажеті жоқ.2026 жылдан бастап жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесі қолданылады: егер табыс сомасы 8 500 айлық есептік көрсеткіштен аспаса — 10 пайыз, ал осы шектен асатын сомаға — 15 пайыз қолданылады.Жеке тұлға салықты өз бетінше есептеуге, декларация тапсыруға және салық сомасын белгіленген мерзімде төлеуге міндетті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1242629?lang=ru
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтар мен бизнеске мемлекеттік қызметтерге және қажетті ақпаратқа онлайн-форматта ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, цифрлық сервистерді дамытуды жалғастыруда. 04.07.2026
МКК порталында сілтеме бойынша http://portal.kgd.gov.kz пайдаланушылар Мемлекеттік кірістер органдарына бармай ақ электрондық сервистердің кең ауқымын пайдалана алады:Тексеру қызметтері:- салық төлеушіні іздеу;- контрагенттер бойынша мәліметтер;- сенімсіз салық төлеушілерді іздеу;- ҚҚС төлеуші туралы деректерді іздеу;- жұмыстарды нақты орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды жөнелтпей жасалған мәмілелерді (операцияларды) іздестіру;- қайтарылған хабарландыруларды іздеу;- біліктілік емтиханына жіберілген үміткерлердің тізімі;- жарнамаларды іздеу;- ҚР резиденттігін растайтын құжатты іздеу;- тарату сатысында тұрған салық төлеушілерді іздеу;- әкімшінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдардың тізімі;- оңалту рәсімін тоқтату туралы соттың ұйғарымы өздеріне қатысты заңды күшіне енген ЗТ және ЖК тізімі;- алкоголь өніміне есепке алу-бақылау маркасының дұрыстығын тексеру;- ІІО бойынша есептен шығарылған салық төлеушіні іздеу;- оларға қатысты сот оларды банкрот деп тану, оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген борышкерлердің тізімі;- БКМ тіркеуді тексеру;- салық режимдерін тексеру;- салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру, қайта бастау туралы мәліметтер.Салықтар мен берешек бойынша сервистер:- салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;- салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді онлайн төлеу;- жеке тұлғалардың алдағы төлемдері мен берешегі.Көмекші қызметтер:- кезекті онлайн брондау;- өсімпұлды, көлік салығын, ЖТС есептеуге арналған калькуляторлар, кедендік төлемдерді шамамен есептеу;- Салық кодексі бойынша жиі қойылатын сұрақтар.Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін МКК порталында мемлекеттік қызметтерді алу және салық міндеттемелерін орындау үшін қажетті салықтық есептіліктің және салықтық өтініштердің өзекті нысандары орналастырылған.Бұдан басқа, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және жедел кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында МКК порталының беттерінде сервистердің жұмыс сапасын бағалау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды жіберу үшін QR-кодтар орналастырылған. Пайдаланушылар кері байланыс қалдыра алады, туындаған қиындықтар туралы хабарлай алады, Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар және басқа да мәселелер енгізе алады.Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтар мен бизнес өкілдеріне мемлекеттік қызметтер мен сервистерге жылдам, ыңғайлы және ашық қолжетімділікті қамтамасыз ететін МКК порталының цифрлық мүмкіндіктерін белсенді пайдалануды ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1242544?lang=ru
Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың банкроттық рәсімдерін жетілдіруді жалғастырып, оларды барлық қатысушылар үшін неғұрлым ыңғайлы, ашық және қолжетімді етуге бағытталған жұмыстар жүргізуде. 04.07.2026
💻 Бұрын банкроттық мәселелері бойынша көптеген құжаттар мен өтініштерді қағаз түрінде немесе әртүрлі ақпараттық жүйелер арқылы жолдау қажет болса, бүгінгі күні процестердің басым бөлігі электрондық форматқа көшірілді.📌 2024 жылғы қазан айынан бастап заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің оңалту және банкроттық рәсімдері Салық төлеушінің кабинеті арқылы цифрлық форматта қолжетімді болды. Бұл рәсім әкімшілері, кредиторлар және мемлекеттік кірістер органдары арасындағы өзара іс-қимылды айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік берді.🚀 2026 жылдың басынан бастап қосымша электрондық сервистер енгізілді:✅ банкроттық рәсімдер бойынша хабарландыруларды автоматтандырылған түрде қабылдау және жариялау;✅ оңалту және банкроттық рәсімдерінің барысы туралы өзекті ақпаратты алу мүмкіндіктерін кеңейту;✅ борышкерлерге қатысты қолданылып жатқан рәсімдер бойынша мәліметтерге электрондық қолжетімділікті қамтамасыз ету.📊 Жаңа цифрлық шешімдер тәжірибеде белсенді түрде қолданылуда. Тек 2025 жылдың ішінде рәсім әкімшілері оңалту және банкроттық рәсімдерінің барысы туралы 3 мыңнан астам өзекті мәліметті орналастырған.👥 Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін жетілдіру жұмыстары да жалғасуда. Qoldau жүйесінде кредиторлар үшін мемлекеттік кірістер органдарының шешімдеріне келіспеген жағдайда шағымдарды электрондық форматта беру мүмкіндігі іске асырылды.🤝 Сонымен қатар, Комитет банкроттық рәсімдеріне қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Өткізілген кездесулер мен консультациялардың нәтижесінде негізсіз өтініштер саны едәуір азайып, азаматтардың мәселелерін қарау мерзімдері қысқарып, өзара іс-қимыл тиімділігі артты.📈 Жүргізіліп жатқан цифрландыру ақпарат алмасу мерзімдерін қысқартуға, қағаз түріндегі құжат айналымын азайтуға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және банкроттық рәсімдерін барлық қатысушылар үшін неғұрлым ашық әрі ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.📞 Техникалық мәселелер бойынша қолдау қызметіне жүгінуге болады:🌐 support.ecc.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1242537?lang=ru
Қазақстан Елшісі Сауд Арабиясының Хаил провинциясы басшылығымен келіссөздер жүргізді 04.07.2026
Хаил, 2026 жылғы 15-16 маусым – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Хаил провинциясына ресми іс-сапармен барып, өңір басшылығымен және іскерлік топ өкілдерімен бірқатар маңызды кездесулер өткізді.Сапар аясында Хаил провинциясының губернаторы ханзада Әбделазиз бен Саад бен Әбделазиз Әл Саудпен келіссөздер жүргізілді. Кездесуде екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі саяси-экономикалық байланыстар атап өтіліп, өңіраралық кооперацияны тереңдету мәселелері талқыланды. Тараптар инвестициялық және ауыл шаруашылығы салаларындағы әлеуетті жобаларды бірлесе жүзеге асыру мүмкіндіктеріне баса назар аударды.Өңірлік даму басқармасының басшысы Омар бен Абдулла әл-Абдулжаббармен кездесу барысында провинцияның инфрақұрылымдық және урбанистік даму жоспарлары қаралды. Тараптар логистика, тау-кен, «ақылды қала» технологиялары және туризм салаларында тәжірибе алмасу жайын сөз етті.Сонымен қатар Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Әли бен Бандар әл-Судайримен екіжақты сауда-саттық көлемін арттыру жолдары талқыланды. Кездесуде бірлескен іс-шаралар, В2В кездесулерін ұйымдастыру және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты мен импортын дамыту мәселелері ортаға салынды.Келіссөздер қорытындысы бойынша Хаил провинциясының басшылығымен инвестициялық серіктестік пен агроөнеркәсіптік кооперацияны іс жүзіне асыру мақсатында тұрақты жұмыс деңгейіндегі байланыстарды орнату жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riyadh/press/news/details/1242523?lang=ru
Қарулы күштерде құқық бұзушылықтар туралы өтініш берудің цифрлық жүйесі енгізілді 04.07.2026
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Цифрлық профилактика» ведомствоаралық бағдарламасы аясында әскери қызметшілерге арналған өтініштерді қабылдаудың цифрлық жүйесін енгізді.Жаңа сервис әскери қызметшілердің құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және әскери ұжымдарда «Заң және тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.Цифрлық жүйенің көмегімен әскери қызметшілер күш қолдану, заңсыз ақша жинау, психологиялық қысым көрсету және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер туралы жедел түрде хабарлай алады.Келіп түскен өтініштерге қатысты уақтылы әрекет ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери полициясы бас басқармасында бірыңғай «Жедел желі» Call-орталығы жұмыс істейді.Әрбір келіп түскен хабарлама белгіленген тәртіппен қаралып, тиісті шаралар қабылданады.– Профилактиканың цифрлық құралдарын енгізу әскери тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және әскери қызметті қауіпсіз өткеруге жағдай жасайды, – деді ҚР ҚК Әскери полициясы бас басқармасының профилактика басқармасының бастығы подполковник Әділхан Қалиев.Сондай-ақ ол әскери қызметшілер заң бұзушылық фактілеріне бейжай қарамауы және құқыққа қайшы әрекеттер туралы уәкілетті органдарға дер кезінде хабарлауы тиіс екенін атап өтті.Өтініштерге жедел әрекет ету құқық бұзушылықтардың алдын алуға, олардың бастапқы кезеңде жолын кесуге және әскери ұжымдарда заңдылық пен құқықтық тәртіптің мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Өтініштер келесі нөмір бойынша қабылданады: +7 700 081 11 19.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1242496?lang=ru
Көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеті мен шатырын жөндеу жұмыстары жалғасуда 04.07.2026
Күрделі жөндеу нысандары бойынша келесі негізгі жұмыс түрлері қарастырылған:– шатырды жөндеу;– су ағызу жүйесін жөндеу;– қасбетті линеарлық панельдермен қаптау;– алдыңғы беттегі балкондарды әйнектеу;– қасбетті сәулеттік жарықтандыруды орнату.Ағымдағы жөндеу нысандары бойынша:– қасбетке сәндік сылақ жағу;– сәндік элементтермен әрлеу;– алдыңғы беттегі балкондарды әйнектеу және қаптау;– қасбетті сәулеттік жарықтандыруды орнату.Сондай-ақ тұрғындардың «2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында көппәтерлі тұрғын үйлерге қайтарымды негізде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндігі бар екенін назарларыңызға саламыз. Бағдарлама бойынша жұмыстарды «ЖКХ-Ремонт» ЖШС жүзеге асырады.Толық ақпарат алу үшін Қайырбеков көшесі, 75 мекенжайына жүгінуге болады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1242472?lang=ru
ҰЭМ отандық өндіріс үшін импортталатын тауарлардың тізімін жаңартуды жоспарлап отыр 04.07.2026
ҚР Ұлттық экономика министрлігі отандық кәсіпорындардың қажеттіліктері үшін импортталатын шикізат тізбесін кеңейтетін түзетулер әзірледі, яғни импортқа ҚҚС төлеуді кезінде кейінге қалдыру беріледі. Өзгерістер елдің өңдеу және химия өнеркәсібін қолдауға бағытталған.Бұйрық жобасы қазақстандық өнімді, оның ішінде пестицидтерді шығару үшін қажетті шикізат пен компоненттердің қосымша позицияларының тізіміне енгізуді көздейді. Сонымен қатар, ҰЭМ осы шараға құқығы бар салық төлеушілердің тізімін өзектендіреді.Бұл ретте өндірісі ел ішінде толығымен жолға қойылған тауарларды қолданыстағы тізбелерден алып тастау жоспарлануда. Түзетулер «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын, қайта өңдеуге арналған тауарларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына өнім өндіру мақсатында импортталатын тауарлардың, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 126 бұйрығына енгізіледі.Жобаны қабылдау қайта өңдеу және химия өнеркәсібі кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ қолданыстағы тауарлар мен салық төлеушілердің тізбелерінің өзектілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Құжаттың жобасы «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін келесі сілтеме бойынша орналастырылды: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15851138Талқылау 2026 жылғы 2 шілдеге дейін жүргізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/1242468?lang=ru
Қазақстанның цифрландыру саласындағы тәжірибесі Кувейттің қызығушылығын тудырды 04.07.2026
Әл-Кувейт, 2026 жылғы 17 маусым – Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Ақпараттық технологиялар жөніндегі орталық агенттігінің (CAIT) Бас директорының міндетін атқарушы Наджат Хусейн Ибрахиммен кездесу өткізді.Қазақстан Елшісі кувейттік тарапты елімізде жүзеге асырылып жатқан цифрлық даму реформаларымен таныстырып, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құрылуы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің заманауи цифрлық экожүйесін қалыптастырудағы қол жеткізілген нәтижелер туралы айтты.Кездесу барысында Қазақстанның БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде (UN E-Government Development Index) 193 мемлекет ішінде 24-орында тұрғаны және онлайн мемлекеттік қызметтердің даму деңгейі бойынша әлемдегі көшбасшы елдердің қатарына кіретіні атап өтілді.Елші сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанын атап өтті. Осыған орай елімізде жасанды интеллектті дамытуға, цифрлық инфрақұрылымды жетілдіруге, IT-мамандарды даярлауға және мемлекеттік басқару мен экономикаға заманауи технологияларды енгізуге бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда.Қазақстан тарапы азаматтар мен бизнеске мыңнан астам мемлекеттік қызметті электрондық форматта ұсынатын ұлттық электрондық үкімет жүйесінің мүмкіндіктерін де таныстырды. Бұл мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін қашықтан алуға мүмкіндік беріп, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың тиімділігін едәуір арттыруда.Өз кезегінде кувейттік тарап мемлекеттік басқаруды цифрландыру және электрондық қызметтерді енгізу саласындағы Қазақстан тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдіріп, еліміздің осы бағыттағы жетістіктеріне жоғары баға берді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың нақты бағыттарын талқылау мақсатында жақын арада екі елдің бейінді ведомстволары арасында онлайн-кездесу ұйымдастыруға, сондай-ақ тәжірибе алмасу және практикалық өзара іс-қимылды дамыту мақсатында өзара сапарларды пысықтауға келісті.CAIT (Central Agency for Information Technology) – мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау, электрондық үкіметті, ақпараттық технологияларды дамыту және ұлттық цифрлық стратегияны іске асыруға жауапты Кувейттің уәкілетті мемлекеттік органы.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuveyt/press/news/details/1242380?lang=ru
ОНЛАЙН-ЭФИР: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК КОДЕКСІНЕ СӘЙКЕС ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ БЕРІЛЕТІН ЕҢБЕК КЕПІЛДІКТЕРІН ТҮСІНДІРУ 04.07.2026
2026 жылғы 17 маусымда әлеуметтік желілерде тікелей онлайн-эфирлер өткізу жөніндегі бекітілген кестеге сәйкес Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Жәнбекова Қ.С. «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүкті әйелдерге берілетін еңбек кепілдіктері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру эфирін өткізді.Эфир барысында жүкті әйелдердің еңбек құқықтарын қорғау және оларға берілетін кепілдіктер мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негізгі нормалары қарастырылды. Қатысушыларға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жүкті қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктеріне, жүктілікке және босануға байланысты демалыстарды беру тәртібіне, медициналық қорытынды негізінде жеңіл жұмысқа ауыстыруға, сондай-ақ өзге де әлеуметтік және еңбек кепілдіктеріне қатысты талаптары түсіндірілді.Жүкті әйелдерді жұмысқа қабылдау кезінде кемсітушілікке жол бермеу, оларды зиянды және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстарға, үстеме жұмыстарға, түнгі уақыттағы жұмыстарға, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыстарға тартуға қатысты заңнамада көзделген шектеулерге ерекше назар аударылды.Онлайн-эфир барысында тыңдаушылар жүктілікке және босануға байланысты демалыс кезеңінде жұмыс орнының сақталуы, еңбек шартын бұзу кезіндегі кепілдіктер, сондай-ақ жүкті әйелдердің еңбек құқықтарын бұзғаны үшін жұмыс берушілердің жауапкершілігі туралы түсіндірмелер алды. Сонымен қатар қатысушыларға өздерінің еңбек құқықтарын қорғау тетіктері мен мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде ақпарат берілді.Осындай онлайн-іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік және еңбек кепілдіктері туралы хабардар етуге, сондай-ақ еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1242376?lang=ru
«Ұлттық қор - балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады 04.07.2026
«Ұлттық қор - балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады 2026 жылдың 1 мауысымындағы жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға берілген 316 223 өтініш орындалып, жалпы сомасы 57,88 миллион АҚШ долларына жуық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздейді: 36,94 млн АҚШ доллары сомасына 201 245 өтініш орындалды. Білім беру ақысын төлеу үшін 20,94 млн АҚШ доллары сомасына 114 978 өтініш орындалды.НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады.Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаты – одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (36,23 млн АҚШ долларына 196 893 өтініш). Сонымен қатар тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна ретінде енгізу үшін 1 498 өтініш беріліп, олар бойынша 248,94 мың АҚШ доллары аударылса, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) – 156,59 мың АҚШ долларына 989 өтініш орындалды. Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (19,68 млн АҚШ долларына 106 315 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (842,16 мың АҚШ долларына 5 947 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (319,33 мың АҚШ долларына 2 114 өтініш орындалды) төлем жасау. Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент. 18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады. Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет:- eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер". Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:- "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),- "Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),- "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу).Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады: «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0 «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUkhttps://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk «Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHchttps://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық: https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecAhttps://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1251437?lang=ru
1-ші Қазақстан-Испания форумы: екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары 04.07.2026
Бүгін Астана қаласында 1-ші Қазақстан-Испания форумы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов және Испания Корольдігі Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрлігінің Сыртқы және жаһандық мәселелер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Диего Мартинес қатысты.Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары екі ел арасындағы белсенді экономикалық ынтымақтастықты атап өтті. Airbus, Maxam, Talgo, Técnicas Reunidas, Glovo, Roca және Inditex сияқты көптеген жетекші испан компаниялары ел нарығында табысты түрде орнығып алды.Арман Исетов көлік пен логистикадан бастап жаңартылатын энергия көздеріне, цифрлық технологияларға, су ресурстарын басқаруға, озық өндіріске және агробизнеске дейінгі ынтымақтастықтың перспективалы салаларын атап өтті. «Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық көпір ретінде әрекет етеді, ал Испания инфрақұрылым, инновация, тұрақты даму, туризм және өнеркәсіпті жаңғырту салаларында халықаралық деңгейде танылған тәжірибені әкеледі», – деп қосты министрдің орынбасары.Құттықтау сөздерін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарушы директоры Әсел Суанкулова және Casa Asia бас директоры Хосе Пинтор Агилар сөйледі.Өткен жылы Қазақстан мен Испания арасындағы сауда айналымы 1,93 миллиард АҚШ долларын құрағанын атап өткен жөн. 2005 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстан Испаниядан шамамен 345 миллион АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартты. Сонымен қатар, Қазақстанда 35 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.Іс-шараға «Еуропалық Одақтың Орталық Азияға арналған стратегиясы: Қазақстан мен Испанияның рөлі», «Қазақстан мен Испания арасындағы тұрақты қалалық инфрақұрылым, логистика және іскерлік ынтымақтастық» және «Туризм және спорт: Қазақстан мен Испаниядағы озық тәжірибелер мен қазіргі қиындықтар» тақырыптарында үш панельдік сессия кірді. Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Дәурен Әбен, Maqsut Narikbayev University Халықаралық қатынастар және бастамалар жөніндегі басқарма төрағасының кеңесшісі Мирас Жиенбаев, Қазақстан тұрғын үй және коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы төрағасының орынбасары Макка Шынгазыева, Қазақстан футбол федерациясының стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Аян Әлжанов, «Kazakh Tourism» ҰК» маркетинг және халықаралық нарықтар департаментінің директоры Айнұр Жұматаева, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ елдік менеджері Әнел Турашева.Испания тарапынан спикерлердің қатарында Elcano Royal Institute аға ғылыми қызметкері және Complutense University of Madrid профессоры Ана Бальестерос Пейро, LASEI-UAM директорының орынбасары/халықаралық қатынастар жөніндегі жетекшісі Хесус Гил Фуэнсанта, Roca Group компаниясының институционалдық қатынастар жөніндегі аға басқарушы директоры Пау Абельо, IDOM компаниясының логистика және операциялар жөніндегі директоры Йауме Мас, Қазақстандағы «Атлетико Мадрид» академиясы жобасының басшысы Хавьер Гонсалес Бомон, Mas Boronat Wine Resort компаниясының бас директоры және серіктесі, Eurecat – Каталония технологиялық орталығының туризм инновациялары бойынша шеберлік орталығының басшысы, БҰҰ және Люцерн қолданбалы ғылымдар және өнер университетінің оқытушысы Игнасио де лас Куэвас болды.Форум туризм, спорт және білім беру саласындағы ынтымақтастықтың болашағына бағытталды. Іс-шара қорытындысы бойынша екіжақты серіктестікті дамыту үшін белсенді диалогты жалғастыру туралы келісімдерге қол жеткізілдіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-madrid/press/news/details/1242334?lang=ru
«Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 Шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 19 мамырдағы № 55 Шешімі. 04.07.2026
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылғы 19 мамырдағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 55 шешімімен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 Шешіміне (бұдан әрі - Шешім) өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.Жоғарыда көрсетілген Шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді (Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында 2026 жылғы 22 мамырда жарияланды).«Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 289 Шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 19 мамырдағы № 55 Шешімі. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1242339?lang=ru
Қоғамдық талқылаудың хабарландыруы 04.07.2026
2026 жылдың 17 маусымында Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының, ауылдық округ әкімдерінің, дербес бөлімдерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша қоғамдық талқылау басталды.Катонқарағай ауданды әкімі аппаратының, ауылдық округтер әкімдерінің, дербес бөлімдердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылауы 2026 жылғы 24 маусымда ШҚО, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, Жампейсов көшесі 19/1 мекенжайында, аудан әкімдігінің ғимаратында өткізіледі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay/press/news/details/1242343?lang=ru