Enbekshi QazaQ

Әлем

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді 04.07.2026
Ұлттық домбыра күніне орай еліміздің барлық өңірінде мәдени бағдарлама ұйымдастырылып жатыр. Оның аясында концерттер, фестивальдер, күйші және домбырашылар байқаулары, көрмелер, ғылыми конференциялар, музейлер мен кітапханалардағы арнайы жобалар, шығармашылық кездесулер мен танымдық іс-шаралар бар.Еліміз бойынша 2000-нан астам іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде 20-ы республикалық, 98-і облыстық деңгейде ұйымдастырылады. Қалған іс-шаралар аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерде, сондай-ақ жергілікті мәдениет ұйымдарында өтеді. Мерекелік іс-шараларға 2 миллионнан астам адам қатысады деп жоспарланып отыр.Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтеді. 2018 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен бекітілген бұл мереке ұлттық бірегейлікті нығайтуға, жастардың дәстүрлі өнерге қызығушылығын арттыруға және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға бағытталған.Биылғы мереке жаңа Конституция күшіне енгеннен кейінгі кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Жаңарған Ата заң халықтың бірлігін бекемдеп, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраны ұлықтайтын мемлекеттік дамудың жаңа кезеңіне жол ашты.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев домбыраның ұлттық мәдениетті сақтаудағы маңызына тоқталған болатын. Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күні қазақ халқының болмысын айшықтап, жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеретін маңызды мереке екенін атап өтті.Президент өз сөзінде: «Нағыз қазақ – домбыра», – деп, қасиетті домбыра Қазақстанның әлемге танылатын бірегей брендіне айналуға тиіс екенін айтты.Мерекелік іс-шаралар Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен барлық облыста өтеді. Кәсіби шығармашылық ұжымдардың, ұлттық аспаптар оркестрлерінің және жас орындаушылардың қатысуымен концерттер, фестивальдер мен бұқаралық мәдени жобалар ұйымдастырылады.5 шілдеде Астана қаласындағы Амфитеатрда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Алматыда мерекелік бағдарламалар бірнеше ашық алаңда өткізіледі. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Арбатта, «Алатау» дәстүрлі өнер театрында және Орталық саябақта өнер көрсетеді. Ал Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі «Күмбірле, домбыра, Жасай бер, Астана» атты концерттік бағдарламасын ұсынады.Шымкент қаласында мерекелік концерт «Шым Сити» саябағында өтеді. Биылғы мерекенің халықаралық бағдарламасы да ауқымды. Ұлттық домбыра күні Қытай астанасы Бейжіңде де аталып өтеді. Лянма өзенінің жағалауында Қазақстанның мәдени орталығы ұйымдастыратын Dombra Party іс-шарасында шетелдік көрермендерге қазақтың дәстүрлі өнері таныстырылады.Республикалық деңгейдегі негізгі іс-шаралар қатарында Түркістан облысында өтетін «Күй құдіреті» күйшілер байқауы, Қызылорда облысындағы III республикалық «Сыр толқыны» күйшілер байқауы, Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Әсемқоңыр» республикалық домбырашылар байқауы және Солтүстік Қазақстан облысында ұйымдастырылатын V халықаралық «Quzyljar Music Fest» фестивалі бар.4 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен өтетін республикалық #dombrakuni челленджі мерекелік бағдарламаның мазмұнын айшықтай түседі. Челленджге қатысушылар әлеуметтік желілерде ұзақтығы бір минутқа дейінгі домбыра үні, ұлттық өнер мен мерекелік көңіл күйді дәріптейтін бейнероликтерді #dombrakuni хэштегімен жариялай алады.
Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі талқыланды 04.07.2026
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өткізіліп, облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында көтерілген мәселелер мен ауданның дамуына қатысты өзекті бағыттар қаралды.Күн тәртібінде теміржол саласын дамыту және инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысы талқыланды. Осыған сәйкес Мемлекет басшысының тапсырмасы және облыс әкімінің қолдауымен жүргізіліп жатқан Жосалы мен Төретам кенттерінің теміржол вокзалдарын қайта жаңғырту жұмыстарының барысы сараланды. Бұл бағытта жауапты сала басшылары мен кент әкімдері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндап өтті.Жандос Еркінбек: «Вокзал инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай жаңғырту, аумағын толық абаттандыру және барлық жөндеу жұмыстарын бекітілген мерзімде, жоғары сапада орындалуын қамтамасыз етіңіздер,- деп бірқатар тапсырмалар берді.Күн тәртібінде облыстық маңызы бар «Жалағаш – Жосалы» автомобиль жолының 46 км теміржол арқылы өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарының барысы да қаралды. Бұл бойынша жобаның сапалы орындалуы мен белгіленген мерзімде аяқталуын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.Жалпы 2026 жылдың бес айының қорытындысымен аудан бойынша барлық макроэкономикалық көрсеткіштерде оң динамика қалыптасып отыр. Алдағы уақытта да барлық көрсеткіштерде оң динамиканы сақтау және жоспарланған межелерге қол жеткізу бағытында тапсырмалар берілді.Сондай-ақ аудан аумағындағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал назардан тыс қалмады. Жандос Еркінбек Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына, аудандық ветеринариялық станциясына, кент, ауылдық округ әкімдеріне тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, аулалар мен мал қораларын тазалау жұмыстарын ұйымдастыруды және кенеге қарсы профилактикалық шараларды қатаң бақылауға алуды тапсырды.Барлық жауапты мекемелер мен сала басшыларына берілген тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді ескертілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1242856?lang=ru
Ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу рәсімі өтті 04.07.2026
Бүгін Жосалы кентіндегі дене шынықтыру және спорт кешенінде ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.Еліміздің барлық өңірлерінен жиналған жас спортшылардың басын қосқан байрақты бәсекенің ашылу салтанатына аудан әкімі Жандос Еркінбек қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.– Сыр елінің қасиетті топырағына еліміздің әр аймағынан келген жас спортшыларды қарсы алу біз үшін үлкен мәртебе. Чемпионатқа 300-ге жуық спортшы қатысуда. Бұл жас буын арасындағы достықты дәріптейтін маңызды дода. Соңғы төрт жылда ауданымызда спорт инфрақұрылымын дамытуға 2 млрд теңгеге жуық қаржы бағытталып, ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде халықаралық ареналарда көк Туымызды желбіретіп жүрген жерлестеріміздің қатары артып келеді. Бүгінгі жарысқа қатысып отырған талантты жастардың арасынан болашақта Қазақстанның намысын әлемдік додаларда қорғайтын чемпиондар шығатынына сенімдімін, – деді Жандос Еркінбек.Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті Жанболат Зарлыханұлы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаев және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вилорий Пак құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді.Іс-шара аясында аудан басшысы ауыр атлетикадан Әлем және Азия чемпионы, жерлесіміз Ерасыл Саулебековті «Қармақшы арланы» белдігімен марапаттады. Сондай-ақ спорт саласының дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға «Спорт жанашыры» төсбелгісі табысталды.Салтанатты іс-шара спортшыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарламаға ұласты. Аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, көрермендерге рухани әсер сыйлады.Айта кетсек ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты Қармақшы ауданында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Байрақты бәсеке 16–23 маусым аралығында жалғасып, мұнда еліміздің чемпиондары анықталады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-karmakshy/press/news/details/1242859?lang=ru
Погондағы әкелер: ұландықтар балаларын қалай тәрбиелейді 04.07.2026
Маусымның үшінші жексенбісінде Қазақстанда ер адамның отбасындағы, балаларды тәрбиелеудегі және дәстүрлі құндылықтарды нығайтудағы маңызды рөлін көрсететін мереке — Әкелер күні атап өтіледі. Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері үшін бұл күн ерекше маңызға ие, өйткені олар күн сайын тек Отанның ғана емес, өз отбасыларының да қорғаушысы болып келеді.Бүгінде Ұлттық ұлан қатарында 1700-ден астам көпбалалы отбасы бар. Солардың бірі — 5573 әскери бөлімі командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары подполковник Әділбек Болатхановтың отбасы.Офицер құқықтық тәртіп әскерінің сапында 20 жылға жуық еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол Қазақстанның төрт қаласында қызмет атқарған. Шаңырақ иесі осыған байланысты отбасымен бірге тұрғылықты жерін бірнеше рет өзгертті. Әскери қызметтің қоныс аударуы мен ерекшеліктерінде кездескен барлық қиындықтарға қарамастан, жұбайы сенімді серік боп, жолдасын әрдайым қолдай білді және үйдегі жайлылықты қамтамасыз етті. Өзара түсіністік пен отбасының қолдауы офицердің Отанға қалтқысыз қызмет етуіне мүмкіндік берді.Әскери қызмет жоғары жауапкершілікті жәнк тәртіпті талап етеді, десек те кейімкеріміз бала тәрбиесінің маңызды міндет болып қала беретініне сенімді.- Әке болу — үлкен жауапкершілік. Біз балаларымыздың бізге қарап бой түзегенін қалаймыз, олар үшін үлгі болуға тырысамыз. Әскери қызмет маған тәртіп пен табандылықты, ал әке болу — мейірімділік пен шыдамдылықты үйретті, — дейді подполковник Әділбек Болатханов.6636 әскери бөлімінің сержанты Махамбет Байжігітов отбасына және қызметтік борышына адалдықтың тағы бір мысалы болып табылады. Әріптестерінің арасында ол байланыс маманы және жауапты әскери қызметші ретінде лайықты құрметке ие. Жұбайымен бірге жеті бала тәрбиелеп, отбасының амандығын, ұлдары мен қыздарының жетістіктерін өмірдегі басты жеңісім деп санайды.Көп балалы әке балаларды спорт арқылы тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі. Қызметтен бос уақытында ол ұлдарын қазақ күресі бойынша жаттықтырады. Перзенттеріне ұлттық дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті, тәртіпті, қарсыласын құрметтеуді және жеңісжолында жігерлі болуды үйретеді. Сержанттың айтуынша, спортпен шұғылдану балаларға мінез-құлық пен өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға көмектеседі.Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мемлекеттің сенімді тірегі бола отырып, өскелең ұрпақтың бойында патриотизм сезімін, еңбекке деген құрмет пен отбасылық құндылықтарға адалдықты тәрбиелейтін қамқор әке болып қала береді."Отан қорғаушы = отбасының қорғаушысы"! Бұл көптеген әскери әкелерді тек қызметте ғана емес, күнделікті өмірде де суреттейтін қағида. Дәл осындай әкелер өз балаларына үлгі болып, отбасы институтын нығайтуға және Қазақстанның  болашақ ұрпағын тәрбиелеуге елеулі үлес қосуда. ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1242854?lang=ru
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және соған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде, Риддер қаласы әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарлайды 1 шілдеден 31 шілдеге дейін. 04.07.2026
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және соған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде, Риддер қаласы әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың басталғаны туралы хабарлайды 1 шілдеден 31 шілдеге дейін.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ridder/press/news/details/1242833?lang=ru
Қазақстан мен Бразилия арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың келешегі талқыланды 04.07.2026
Бразилиа, 2026 жылғы 17 маусым - Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Нүсіповтің Бразилия Ұлттық Конгресі Федералдық сенаторы, «Бразилия-Қазақстан» парламенттік достық тобының жетекшісі Чико Родригеспен кездесуі өтті.Кездесу барысында тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, оны одан әрі тереңдетуге өзара мүдделіліктерін растады.Қазақстан Елшісі сұхбаттасушысын елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар туралы, соның ішінде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуі, алдағы бір палаталы Құрылтай сайлауы және «Қазақстан Халық Кеңесінің» құрамын қалыптастыру үдерісі жөнінде хабардар етті. Аталған өзгерістер елдің саяси дамуындағы маңызды кезеңге айналып, негізгі мемлекеттік институттарды кешенді жаңғыртудың қорытынды сатысы болатыны атап өтілді.Бразилия сенаторы Қазақстандағы конституциялық реформаларға жоғары баға беріп, ел мен Қазақстан халқына алдағы Құрылтай сайлауында табыс тіледі. Кездесу соңында тараптар ағымдағы жылы олардың жаңартылған құрамын ескере отырып, Қазақстан мен Бразилия парламенттерінің достық топтарының кезекті бірлескен отырысын өткізу мүмкіндігін талқылады.Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Қазақстан – Бразилия» достық тобы мен Бразилия Федеративтік Республикасы Ұлттық конгресі Федералдық сенатының «Бразилия - Қазақстан» достық тобының алғашқы отырысы 2021 жылғы 13 қыркүйекте бейнеконференция форматында өтті. Қазақстан делегациясын ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы, «Қазақстан  - Бразилия» достық тобының жетекшісі Дәурен Әділбеков басқарды. Бразилия тарапынан «Бразилия - Қазақстан» достық тобының жетекшісі, Федералдық сенаторы Чико Родригес қатысты.Достық топтарының екінші отырысы 2023 жылғы 25 қыркүйекте Астана қаласында өтті. Қазақстан тарапын ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежанов, ал Бразилия тарапын Бразилия Ұлттық конгресі Федералдық сенаторы Чико Родригес басқарды.   Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1242824?lang=ru
Шомылуға тыйым салынған белгіні орнату және ағаштарды кесу бойынша жұмыстар 04.07.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-sarybel/press/news/details/1242827?lang=ru
Ойын алаңын тазалау жұмыстары 04.07.2026
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-palatcy/press/news/details/1242828?lang=ru
Ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастық талқыланды 04.07.2026
Бразилиа, 2026 ж. 17 маусым – Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов «NUCLEO Brasil» компаниясының Президенті Ней Занелламен кездесті.Тараптар ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға, консалтинг, уранды барлау мен өндіруге өзара қызығушылықтарын атап өтті. Қазақстан Елшісі, Бразилия атом электр стансаларына қазақстандық уранды жеткізу бойынша екі елдің ұзақ мерзімді және табысты ықпалдастығына назар аударды.Қазақ дипломаты сұхбаттасушыға елдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық, соның ішінде Қазақстандағы атом өнеркәсібінің дамуы, сондай-ақ Қазақстанның алғашқы атом электр стансасын салу жоспарлары жайында баяндады.Сұхбаттасушы ү.ж. 27-29 мамырда Астанаға сапарының нәтижелері жөнінде хабарлап, оның барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен ядролық салада тәжірибе алмасуда ынтымақтастық және бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігі бойынша келіссөздер жүргізілгені туралы хабарлады. Кездесу соңында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен өзара мүдделік тудыратын бірқатар салалар бойынша, соның ішінде қазақстандық және бразилиялық мамандардың қатысуымен диалогты жалғастыру және қазақстандық компанияның Бразилияға сапарын ұйымдастыру жөніндегі уағдаластықтарға қол жеткізілді.Анықтамалық: Сан-Паулуда орналасқан «Núcleo Brasil Energia Participações» (NBEPar) жекеменшік компаниясы 2024 жылы термоэлектрлік энергетика саласында жұмыс істейтін «Diamante Group» компаниясының ядролық секторын құрылымдау үшін құрылған. Компания Бразилиядағы ядролық энергиямен жабдықтау тізбегін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және жекеменшік компаниялармен серіктестік орнатып жатыр.Ней Зенелла - ядролық энергетикамен айналысатын бразилиялық мемлекеттік компаниялардың (INB, Amazul) бұрынғы директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. Бразилияда қазіргі уақытта екі атом электр стансасы жұмыс істейді: Ангра-1 және Ангра-2.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brazil/press/news/details/1242804?lang=ru
Қазақстан мен Брюссель астаналық өңірі ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылауда 04.07.2026
Брюссель, 2026 жылғы 17 маусым – Қазақстанның Бельгиядағы  Елшісі Роман Василенко Брюссель астаналық өңірінің Министр-президенті Борис Дильеспен кездесу өткізді.Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Брюссель астаналық өңірі арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылап, сауда-экономикалық байланыстарға, инвестицияларға, цифрландыруға, инновацияларға және өңіраралық өзара іс-қимылға ерекше назар аударды.Р. Василенко Бельгияның Қазақстан үшін маңызды саяси әрі экономикалық серіктестердің бірі екенін атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі 583 млн АҚШ долларына жетіп, 28%-ға артқаны, ал Бельгияның Қазақстан экономикасына салған инвестицияларының жалпы көлемі 14,5 млрд АҚШ долларынан асқаны атап өтілді. Бұл көрсеткіш Бельгияны еліміздің экономикасына инвестиция салатын он ірі инвестордың қатарына қосады.Инвестициялар тарту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Осы тұрғыда тараптар Қазақстан мен Брюссель астаналық өңірінің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ инвестицияларды және шағын және орта бизнесті қолдау институттары арасындағы өзара іс-қимылды талқылады.Келіссөздердің жеке блогы цифрландыру, инновациялар және жасанды интеллект мәселелеріне арналды.Тараптар сондай-ақ «ақылды қалаларды» дамыту, цифрлық басқару және қалалық инфрақұрылым мәселелері бойынша пікір алмасты. Осы контексте Қазақстанның қоғамдық қауіпсіздік пен жол қозғалысын басқаруға арналған «Сергек» зияткерлік жүйесі таныстырылды. Бұл жүйе еліміздің ірі қалаларында табысты түрде енгізілуде.Б. Дильестің Брюссельдегі Уккел коммунасының мэрі ретіндегі көпжылдық тәжірибесін және қалалық басқару саласындағы қызметін атап өте отырып, тараптар қазақстандық өңірлермен әріптестік байланыстар орнату мүмкіндігін қарастырды. Ықтимал ынтымақтастық урбанистика, муниципалдық басқару, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, инвестициялар тарту және қалалардың тұрақты дамуы салаларындағы тәжірибе алмасуды қамтуы мүмкін.Өз кезегінде Б. Дильес Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі маңызды рөлін және еліміздің қарқынды дамып келе жатқан экономикасын атап өтіп, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге ниетті екенін білдірді. Осы тұрғыда сұхбаттастар Қазақстандағы Брюссель компанияларының қатысуының оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті. Олардың қатарында Алматы мен Астанада жұмыс істейтін танымал Le Pain Quotidien наубайхана-мейрамханалар желісі ерекше аталды.Тараптар сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, осы саладағы бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығын растады. Осыған байланысты жақында құрылған Алматы өнер мұражайы мен Брюссельдегі «KANAL – Centre Pompidou» мұражайы арасындағы жоба атап өтілді. Жоба көрмелермен алмасуды, тәжірибе бөлісуді және мәдени бастамаларды жүзеге асыруды көздейді.Кездесу барысында Елші Министр-президентті Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар және 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Конституцияның қабылдануы туралы хабардар етті. Реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысуын кеңейтуге бағытталғаны атап өтілді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар практикалық ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілігін растады және инвестициялық, инновациялық және өңіраралық бағыттардағы бірлескен бастамаларды іске асыру бойынша байланыстарды жалғастыруға келісті.Анықтама: Брюссель астаналық өңірі Бельгияның саяси және әкімшілік орталығы болып табылады, елдің федералдық құрылымындағы үш өңірдің бірі әрі Еуропадағы ең маңызды халықаралық іскерлік және институционалдық хабтардың қатарына кіреді.       2025 жылы өңірдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) шамамен 108,5 млрд еуроны (117,8 млрд АҚШ доллары) құрады, ал жан басына шаққандағы ЖІӨ 80 мың еуродан асып, Еуропалық одақтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды.Өңір экономикасы негізінен қызмет көрсету және инновациялық секторларға сүйенеді. Қаржылық қызметтер, халықаралық сауда, консалтинг, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, цифрлық экономика, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер, сондай-ақ еуропалық және халықаралық институттардың қызметі негізгі рөл атқарады. Брюссельде Еуропалық одақтың, НАТО-ның штаб-пәтерлері, көптеген халықаралық ұйымдар, трансұлттық корпорациялар мен салалық қауымдастықтардың кеңселері орналасқан.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1242808?lang=ru
Қазақстандық жас футболшылар Сербияның футбол мәдениетімен танысты 04.07.2026
Қазақстанның футбол академияларының тәрбиеленушілері - «Ордабасы» ФК (Шымкент), «Атырау» ФК, «Каспий» ФК (Ақтау) және «Айбын» (Астана) - ү.ж. 12-14 маусым кезеңінрде Белград қаласында өткен Dragan Mance Cup халықаралық балалар футбол турниріне қатысты.Турнирде «Ордабасы» футбол клубының командасы ерекше жетістікке қол жеткізіп, қатысқан 48 команданың арасында 4-орынға ие болды. Бұл - қазақстандық жас футболшылардың жоғары дайындық деңгейін көрсететін маңызды нәтиже.Спортшыларды, жаттықтырушыларды және команда басшыларын осы жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз.Қазақстандық командалардың турнирге қатысуы сербиялық футбол қайраткерлері В. Рыбич, Г.Станоевич және И.Пиричтің белсенді спорттық дипломатиясы мен қолдауының арқасында мүмкін болды. Олар Қазақстан мен Сербия арасындағы спорттық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосты.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1242796?lang=ru
2026 жылғы 17 маусымда Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында инвестициялық жобаларды іске асыру және өңір экономикасына инвестициялар тарту мәселесі қаралды. 04.07.2026
2025 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 838 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы жылдың деңгейінен 5%-ға жоғары. 2026 жылдың 4 айында бұл көрсеткіш 202,0 млрд теңгеге жетіп, НКИ 109%-ды құрады.2025 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 1 750,8 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 3 есе жоғары. Аталған көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан өңірлері арасында 5-орында тұр.Өңірдің инвестициялық портфелі 1,5 трлн теңге сомасына 100 жобаны қамтиды, нәтижесінде 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. 2026 жылы жалпы құны 74 млрд теңге болатын 18 жоба іске асырылуда, оның ішінде 5 жоба пайдалануға берілді.Ағымдағы жылдың басынан бастап инвестициялық пулға жалпы құны 320 млрд теңге болатын 23 жаңа жоба енгізілді.Туризм саласында ірі жобаларды іске асыру және дайындау жұмыстары жалғасуда:TORRE ALTAY INVEST компаниясының құны 8 млрд теңге болатын «Wellness Resort» санаторийлік-сауықтыру кешені (218 орын);PANA ASIA компаниясының құны 10 млрд теңге болатын туристік ауылы (1000 орын);Өскемен қаласындағы құны 17 млрд теңге болатын Hilton Garden Inn қонақүйі (150 орын).Аталған жобаларды іске асыру туристерді орналастыру үшін қосымша 1368 орын құруға мүмкіндік береді.Инвестициялар тартуда консультативтік-кеңесші органдардың қызметі маңызды рөл атқарады. Өңірлік инвестициялық штабта жалпы құны 320 млрд теңге болатын 23 жоба, ал Өңірлік үйлестіру кеңесінде құны 42 млрд теңге болатын 6 жоба қаралды.Өңірде инвестициялық портфельді кеңейту, отандық және шетелдік инвесторларды тарту, жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша сүйемелдеу және инвестициялық саясат саласындағы Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1242786?lang=ru
2026 жылғы 16 маусымдағы туризмді дамыту мәселелері жөніндегі кеңес 04.07.2026
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен Туризм басқармасы 2026 жылғы 16 маусымда өңірдің туристік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.Кеңес барысында туризмді дамыту, туристік қызметтердің сапасын арттыру және өңір қонақтары үшін жаңа тартымды нысандар қалыптастырудың өзекті мәселелері қаралды.Мәдени туризмді дамытуға ерекше назар аударылды. Облыс әкімі музейлердің, театрлардың және тарихи-мәдени нысандардың туристік әлеуетіне аудит жүргізуді, Қазақстанның басқа өңірлері мен шетелдерден туристерді тартуға қабілетті неғұрлым перспективалы маршруттар мен нысандарды айқындауды тапсырды. Сондай-ақ музей инфрақұрылымын жаңғырту, мәдени нысандардың халық үшін қолжетімділігін арттыру және Шығыс Қазақстанның бай тарихи және мәдени мұрасын көрсететін кәдесый өнімдерін өндіруге қолөнершілерді тарту мәселелері талқыланды.Жеке блок ретінде спорттық туризмді дамыту перспективалары қаралды. Облыстың республикалық және халықаралық жарыстарды, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін айтарлықтай әлеуетке ие екендігі атап өтілді. Кеңес қорытындысы бойынша ірі спорттық іс-шараларды тарту жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаны пысықтау және облыстың қалалары мен аудандарында қажетті инфрақұрылымды дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.Мәдени, экологиялық, спорттық және оқиғалық туризмді кешенді дамыту Шығыс Қазақстан облысының еліміздің жетекші туристік өңірлерінің бірі ретіндегі позициясын нығайтуға, экономиканы дамытуға және инвестициялар тартуға қосымша мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism-vko/press/news/details/1242783?lang=ru
Ташкентте «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумының алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды 04.07.2026
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы жоғары лауазымды тұлғаларының екінші отырысына қатысты.Отырыс барысында қатысушылар алдағы Саммитке дайындық барысын талқылап, өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.Ә.Бақаев Саммитке дайындық жөніндегі бірлескен жұмыстың ерекше маңыздылығын атап өтіп, аталған іс-шара өңірдегі орнықты даму, тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды ілгерілетудің тиімді алаңына айналуға тиіс екенін айтты.Сонымен Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Чонг Ый Хиемен жеке келіссөздер өткілді.Тараптар екіжақты қатынастардың оң серпінмен дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ-корей әріптестігін одан әрі кеңейтуге мүдделі екендерін білдірді.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық серіктестікті нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара дайын екендерін мәлімдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1242758?lang=ru
Қазақстан Словенияда бай мәдени мұрасын таныстырды 04.07.2026
Любляна, 2026 жылғы 16 маусым - Словения астанасында Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшілігінің бастамасымен, Шымкент қаласы әкімдігінің және словениялық серіктестердің қолдауымен қазақстандық «Қаған» және «Яссы» этно-фольклорлық және би ансамбльдерінің қатысуымен ұлттық мәдени іс-шаралар легі өтті.Жаз маусымының басталуындағы жарқын оқиғалардың бірі Люблянаның орталық алаңында өткен импровизациялық концерт болды. Бұл Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшілігі ашылғаннан кейін қазақстандық шығармашылық ұжымдардың елдегі алғашқы өнер көрсетуі ретінде ерекшеленді. Домбыра, қобыз, дауылпаз және басқа да ұлттық аспаптардың әуезді үні, дәстүрлі музыкалық шығармалар мен көз тартар ұлттық киімдер қала тұрғындары мен қонақтарына қазақ халқының бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Концерт словениялық көрермендердің, шетелдік туристердің және қазақ диаспорасы өкілдерінің зор қызығушылығын туғызып, олардың көпшілігі үшін Қазақстанның музыкалық дәстүрлері мен мәдениетімен алғашқы таныстыққа айналды.Сол күні Люблянадағы тарихи-сәулет кешені – Križanke алаңында Қазақстан Республикасының Словениядағы Елшілігінің қолдауымен Lions Club Ljubljana Iliria ұйымы дәстүрлі халықаралық қайырымдылық Midsummer Night (Kresna noč) кешін өткізді. Өзінің 25 жылдан астам тарихында алғаш рет Қазақстан аталған іс-шараның ұлттық мәдени серіктесі ретінде қатысты.Іс-шараға Словения Президентінің жұбайы доктор Алеш Мусар, дипломатиялық корпус өкілдері, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың басшылары, Словенияның іскерлік, қаржылық және өнеркәсіптік топтарының өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері, қазақ диаспорасының мүшелері, сондай-ақ Любляна тұрғындары мен қонақтарын қоса алғанда 300-ден астам адам қатысты. Словения мемлекеті басшысының атынан сөз сөйлеген доктор Алеш Мусар Словения мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін және экономика, сауда, білім беру мен туризм салаларындағы ынтымақтастықтың оң серпінін атап өтті.Мәдени бағдарламаның басты оқиғасы дәстүрлі қазақ музыкасы мен көне түркілік сарындарды үйлестіре білген «Қаған» және «Яссы» ансамбльдерінің өнер көрсетуі болды. Қонақтар Қазақстанның табиғи байлығы, тарихи-мәдени мұрасы және тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған фотокөрмені де тамашалады.Іс-шара қатысушылары Қазақстанның туристік әлеуеті, заманауи дамуы, ұлттық тағамдары, мәдениеті мен дәстүрлерінің сан қырлылығын таныстырған бейнероликке ерекше қызығушылық танытты.Кештің ерекше сәттерінің бірі белгілі словениялық кәсіпкер әрі меценат, Қазақстан Елшісінің Словениядағы экономика мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Янез Шкрабецті құрметтеу рәсімі болды. Оған сыйластық пен достықтың белгісі ретінде дәстүрлі қазақ шапаны табыс етілді. Қайырымдылық акциясынан түскен қаражат Шентвид-при-Стична қаласындағы балалар ауруханасының қамқорлығындағы балаларға қолдау көрсетуге бағытталды.Өткен іс-шаралар Қазақстан мен Словения арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосып, Ұлы Дала мәдениеті мен дәстүрлерінің танымал болуына, сондай-ақ екі ел арасындағы достық байланыстардың одан әрі нығаюына ықпал етті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1242760?lang=ru
Қазақстан СІМ-де дипломатиялық миссиясы аяқталатын Мажарстан Елшісін қабылдады 04.07.2026
Астана, 2026 жылғы 17 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Мажарстанның Қазақстандағы Елшісі Отто Иван Ронаны қабылдады.Қазақ дипломаты мажар әріптесіне екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған белсенді әрі нәтижелі қызметі үшін алғыс білдірді. Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін атап өткен А.Исетов Будапештпен орнықты әрі өзара тиімді байланыстарды сақтаудың маңыздылығына назар аударды.«Сіздің дипломатиялық қызметіңіз кезеңінде елдеріміз стратегиялық серіктестіктің орнатылғанына он жыл толуын атап өтті. Ашық диалог қағидаттарына сүйене отырып, мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды ілгерілете дамыту үшін алдағы уақытта да бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз қажет деп санаймын», – деді Министрдің орынбасары.Елші О.Рона миссиясы барысында көрсетілген жан-жақты қолдау үшін қазақ тарапына алғысын білдірді. Мажар дипломаты өз елінің Қазақстанмен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға және ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады.Кездесу соңында А.Исетов мажар дипломатына сәттілік және алдағы барлық жоспарларының жүзеге асуын тіледі.  Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1242761?lang=ru
Қазақстан Елшісі Словакия әйелдер қауымдастығының басшысымен кездесті 04.07.2026
Қазақстанның Словакиядағы Елшісі Жанна Сағынова Словакия әйелдер қауымдастығының төрайымы Моника Дюреховамен кездесу өткізді.Кездесу барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асырылып жатқан әйелдерді қолдауға бағытталған реформалар туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, әйелдердің елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін арттыру, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, сондай-ақ әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.М.Дюрехова Қазақстанда әйелдерді жан-жақты қолдауға және олардың мемлекеттік басқару саласындағы басшылық қызметтерге ілгерілеуіне бағытталған мемлекеттік саясатқа жоғары баға берді.Қауымдастық басшысы елде қабылданған гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі заңдардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстан Парламенті құрамындағы әйелдердің үлесі 18 пайызды құрайтынын жоғары бағалап, бұл көрсеткішті әйелдердің саяси белсенділігін арттыру жолындағы елеулі жетістік ретінде бағалады.Өз кезегінде М.Дюрехова ұйымының басым бағыттарымен таныстырды. Аталған ұйым Словакия қоғамындағы әйелдердің ықпалын арттыруға белсенді түрде атсалысып, қайырымдылық және гуманитарлық қызмет жүргізеді, соның ішінде мұқтаж отбасыларға, әйелдер мен балаларға көмек көрсетеді.Тараптар әйелдер құқықтарын ілгерілету мәселелері бойынша тәжірибе және озық практикалар алмасудың маңыздылығын атап өтіп, өзара байланыстарды одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1242765?lang=ru
Алматы қаласында Орталық Азия және Пәкістан елдерінде жаңа психоактивті заттар мәселелері бойынша сараптамалық топтың Өңірлік кездесуінің ашылуы өтті 04.07.2026
Бүгін Алматы қаласында Орталық Азия және Пәкістан елдерінде жаңа психоактивті заттар мәселелері бойынша сараптамалық топтың Өңірлік кездесуінің ашылуы өтті.Іс-шараны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталық Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетпен (ЕБХК) және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ) бірлесіп ұйымдастырды.Кездесу жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Пәкістанның құзыретті мемлекеттік органдарының өкілдері, есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық сарапшылар, сондай-ақ химия өнеркәсібі мен логистикалық компаниялардың өкілдері қатысады.Іс-шараның негізгі мақсаты - өңірлік ынтымақтастықты нығайту, практикалық тәжірибемен алмасу және жаңа психоактивті заттардың, синтетикалық есірткілердің таралуына және жаңа технологияларды заңсыз айналымда пайдалануға байланысты қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың бірлескен тәсілдерін дамыту.Отырыста Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбай, Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің GRIDS бағдарламасының жетекшісі Фумио Ито, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің халықаралық есірткіге қарсы күрес және заңдылықты сақтау (INL) бөлімінің басшысы Юлиана Садовский, Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының директоры Махмуд Хамидов, Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ельдар Абдикенов сөз сөйледі.Сәбит Нұрлыбай өз сөзінде: «Бүгінгі таңда жаңа психоактивті заттар қоғамдық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Олардың тез таралуы, химиялық құрамының үнемі өзгеруі, заманауи цифрлық технологияларды қолдану және заңсыз айналымның трансұлттық сипаты, бізден уақтылы ақпарат алмасуды, күш-жігерді шоғырландыруды және бірлескен шешімдерді әзірлеуді талап етеді. Накротизмге, жаңа психоактивті заттар мен прекурсорларға қарсы іс-қимыл прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында өткен жылдың қыркүйек айында Комитет құрылымында - Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталық құрылды. Таргетинг орталық нашақорлық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы мониторингті, деректерді талдамалық өңдеуді және ведомствоаралық ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Таргетинг орталық жүйесі химиялық заттар мен прекурсорлардың айналымының толық көрінісін көруге және ықтимал тәуекелдерді ерте анықтауға мүмкіндік береді» – деп атап өтті.Кездесу барысында өңірдегі есірткі ахуалының өзекті тенденциялары, жаңа қауіп-қатерлерді ерте анықтау, халықаралық ақпараттық платформаларды, талдамалық құралдар мен цифрлық шешімдерді пайдалану мәселелері талқыланатын болады.Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг орталықтың тәуекелдер мониторингі, деректерді талдау, есірткінің заңсыз айналымының жаңа тәсілдерін анықтау, сондай-ақ ведомствоаралық және халықаралық ақпарат алмасуды дамыту жөніндегі қызметіне ерекше назар аударылды.Іс-шара шеңберінде Комитет пен ҚАЗХИМИЯ Химия өнеркәсібі қауымдастығы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыныңҚұқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pravstat/press/news/details/1242766?lang=ru
Қазақстан мен Әзербайжан Бас штабтарының бастықтары ынтымақтастық перспективаларын талқылады 04.07.2026
Астанада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров пен Әзербайжан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Әзербайжан армиясы Бас штабының бастығы генерал-полковник Керім Велиевтің кездесуі өтті.         Келіссөздер Қазақстан астанасында өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер Қарулы күштері штабтары бастықтары комитетінің отырысы аясында өтті.Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1242767?lang=ru
Cырдарияның жағалауы қауіпсіз әрі таза болуы керек 04.07.2026
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы бірқатар нысанды аралап шықты. Алдымен Президент саябағындағы көркейту-көгалдандыру жұмыстарын көрді. Заманауи демалыс аймағында субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол мен футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед және жүгіру жолақтары, санитарлық пункттер орналасқан.Мұнда 15 түрлі 2018 түп ағаш көшеті, 16 түрлі 53 189 түп бұта және 17 түрлі 54 546 көпжылдық гүл көшеті отырғызылып, 2,7 гектарға газон төселген. Жасыл желек спринклерлік және тамшылату жүйелері арқылы суарылады.Жалпы аумағы 30,94 гектар саябақтың 32,07 пайызы абаттандырылған, 64,8 пайызы көгалдандырылған, 1,66 пайызында қосымша ғимараттар мен құрылыстар, 1,47 пайызында субұрқақтар орналасқан.Одан кейін аймақ басшысы тұрғын үй құрылысы үшін мемлекеттік жер қорына қайтарылатын учаскелерге барып, Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстарымен танысты. Жобаны «Қаратас Майнинг», авторлық қадағалауды «Geopsd kzo», техникалық қадағалауды «Орда-S» серіктестіктері жүзеге асыруда. Оған 2 млрд 996 млн теңге бөлінген, 2756 метр екі жолақты жаяу жүргінші және велосипед жолы салынып, асфальтбетон жабындысы төселеді. Сонымен бірге, 2928 метрлік қорғаныс бөгетінің еңісі нығайтылады. Бұл жағалауды су тасқыны мен шайылудан қорғайды.Сыртқы жарықтандыру жүйесі, 2848 метр электр желісі тартылады және 110 жарықтандыру тірегі орнатылады.Тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында 2670 метр металл қоршау, демалыс аймақтарына орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1242728?lang=ru