Әлем
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Шанхай ынтымақтастық ұйымының 25 жылдығына арналған мақаласы 02.07.2026
ШЫҰ: Жаңа белес пен зор мүмкіндіктерДүние дидарында диалог қай кезде де бәтуаластыққа жол бастайтын ең басты құндылық саналады. Елдердің бірлік пен бітімгершілік жолында өзара құлақ асуы және дәуір сұраныстарына сай тізе қосып жауап әзірлеуі халықаралық жүйенің орнықтылығын айқындай түседі. Әсіресе өзгерістер мен дағдарыстар тұсында мұндай бірлескен қадамдардың маңызы зор. Осы ретте қазіргі әлемде мемлекеттер арасындағы өзара сенімге селкеу түсуін диалогтің уақыт өткен сайын тапшы «ресурсқа» айналып бара жатқанының салдары дер едік.Дей тұрғанмен, дәл бүгінгі халықаралық саясатта елдердің сындарлы үндестігін орнатып, бейбітшілік пен өзара сенімді нығайтуға, тату көршілік пен ынтымақтастық тың әлеуетін ашуға қалтқысыз қызмет етіп жатқан іргесі берік көпжақты құрылымдардың да жарқын мысалдары бар. Осындай бірегей бірлестіктердің бірі ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымын сеніммен атап өтуге болады.Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 2001 жылғы 15 маусымда құрылған ШЫҰ бүгінде әлемдегі ең ірі өңірлік көпжақты ұйымдардың бірі ретінде орнықты.Бірлестіктің ширек ғасырға созылған дара даму жолы ШЫҰ үшін сенім қалыптастырудың, мәміле іздеудің және Еуразия кеңістігіндегі әріптестікті нығайтудың бірегей тарихына айналды. Ұйым осы уақыт ішінде тарихи тұрғыдан алғанда күрделі әрі серпінді даму жолынан өтіп, өзінің өміршеңдігін ғана емес, ерекше тиімділігі мен қажеттілігін жан-жақты дәлелдеді.ШЫҰ-ның шежіресі 1996 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері іргесін қалаған «Шанхай бестігінен» бастау алады. Бірлестіктің алға қойған негізгі мақсаттарына қолдау білдіре отырып, 2001 жылы оған Өзбекстан қосылды. Нәтижесінде, «Шанхай бестігі» Шанхай ынтымақтастық ұйымы ретінде керегесін кеңейтіп, оның Орталық Азиялық түпқазығы қағылды. Қазіргі таңда ШЫҰ-ға әлемнің 10 мемлекеті – мүше. Бүгінде ұйым құрамына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан, Пәкістан, Иран және Беларусь кіреді. Осылайша, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үлесіне Еуразия құрлығының 60 пайыздан астамы, Жер шары халқының жартысына жуығы және әлемдік ішкі жалпы өнімнің едәуір бөлігі тиесілі екеніне тоқталып өтуіміз керек.Осы уақыт ішінде ұйым халықаралық және өңірлік ықпалды құрылымдар қатарындағы өзінің абырой-беделін жылдан-жылға дәйекті түрде нығайтып келеді. Халықаралық бірлестік қауіпсіздікті, тұрақтылықты және орнықты дамуды қамтамасыз етудің қайратты тетігі ретінде танылды. Осы жерде атап өтер жайт, бүгінде біз Шанхай ынтымақтастық ұйымының жаһандық рөлінің артып келе жатқанына куә болып отырмыз.Ұйымның өзара тиімділікке және тең құқыққа бағытталуы, сондай-ақ оның қандай да бір идеологияның үстемдігіне жол бермеуге негізделген сындарлы әрі прагматикалық ынтымақтастық тәсілі – баға жетпес құндылық. Бұл тәсіл «Шанхай рухы» деген атауға ие болды және ұйымға мүше мемлекеттер таңдаған ерекше даму стратегиясын айқындайды. Уақыттың өзі көрсетіп бергендей, ШЫҰ аясындағы көпжақты өзара іс-қимыл тетіктері өзінің өміршеңдігі мен жоғары тиімділігін барынша дәлелдеді.Соңғы саммиттердің нәтижелері ұйымның алға қойған міндеттері мен мақсаттарының ауқымдылығын айқын түрде паш етті. Яғни ШЫҰ-ның саясат, қауіпсіздік, сауда, экономика және гуманитарлық саладағы өзекті өңірлік мәселелер бойынша шұғыл әрі тиімді шешімдер қабылдай алатынын тағы бір мәрте танытты.Бұл орайда Қазақстан ұсынған жоба бойынша 2024 жылы қабылданған ШЫҰ-ның «Әділетті бейбітшілік, келісім және даму жолындағы әлемдік бірлік туралы» бастамасы осы іргелі істің жарқын үлгісіне айналды. Бұл – сенімді нығайту, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдау қағидаттарын қамтитын бұрын-соңды болмаған кешенді құжат. Уақыт өте келе аталған бастама БҰҰ Бас Ассамблеясына ресми құжат ретінде ұсынылды.Қауіпсіздік мәселесі – ШЫҰ-ның күн тәртібіндегі негізгі бағыттардың қатарында тұр. Осы кезеңде Ұйым терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы бірлескен күресте айтарлықтай тәжірибе жинақтады. Бұл жауапты жұмыста ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымына ерекше рөл жүктелген. Қабылданған шаралардың тиімділігі терроризм инфрақұрылымын жоюға қатысты нәтижелі қадамдармен дәйектеліп отыр. Ақпарат алмасудың жедел жүйесі қалыптастырылып, терроризмге қарсы тұрақты оқу-жаттығулар өткізіліп келеді. Сарапшылардың бағалауынша, күш-жігерді үйлестірудің арқасында ШЫҰ кеңістігіндегі террористік әрекеттердің саны тұрақты түрде азайып келеді.Сонымен қатар өңір ауқымында көлік, энергетика, инвестиция және технология салаларындағы тұрақты өзара байланыстарға негізделген Еуразиялық кеңістіктің қалыптасуы Ұйымның қол жеткізген қомақты жетістіктерінің бірі саналады. Дәлірек айтқанда, қатысушы елдердің егемендігін құрмет тұтатын, прагматизм және өзара тиімділік қағидаттарына сүйенетін икемді экономикалық әріптестік үлгісі құрылды.Жемісті ықпалдастықты нығайту жолындағы нақты қадамдардың бірі ретінде ШЫҰ Даму банкін құру жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта осы жоба бойынша келіссөздер белсенді түрде жүргізіліп келеді. Болашақта бұл қаржы институты ұйым кеңістігіндегі экономикалық және гуманитарлық жобаларды іске асырудың негізгі тетіктерінің біріне айналады деген сенім бар.Бұған қоса ШЫҰ елдері арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызы жыл санап артып келеді. Бүгінде ұйым аясында өзіндік өрнегімен танылған бірқатар брендтік жоба жүзеге асырылып келеді. Олардың қатарында ШЫҰ университеті, «Шекарасыз білім беру» жобасы, «Рухани киелі орындар» бағдарламасы, ШЫҰ-ның туристік және мәдени астаналары, Жастар форумы және басқа да көптеген бастамалар бар. Бұл жобалар ұйымның мәртебесін асырып қана қоймай, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтатын маңызды көпір қызметін атқарып жүр.Қазақстан ШЫҰ қағидаттарының берік жақтаушысы саналады әрі ұйымның институционалдық дамуы мен халықаралық беделін арттыруды тұрақты түрде қолдап келеді.Атап айтқанда, еліміздің 2017 жылғы төрағалығы кезінде Ұйымның құрамына Үндістан мен Пәкістан қабылданып, ШЫҰ кеңістігі кеңеюінің алғашқы кезеңі лайықты жүзеге асырылды. Ал 2024 жылғы Астана саммитінде ШЫҰ алғаш рет «ондық» форматында үн қатты. Дәл осы саммитте Беларусь Республикасы толыққанды мүше ретінде алғаш рет алқалы жиынға қатысты.Бұған қоса Қазақстанның бастамасымен және басқа мүше мемлекеттердің қолдауымен ШЫҰ-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы, Азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасы, Шекара мәселелері бойынша ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісім, Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес бағдарламасы сияқты маңызды құжаттар қабылданды.Қазақстанның ұйым аясындағы басым бағыттарының бірі – ерекше екпінмен өзгеріп жатқан халықаралық жағдайға бейімделу арқылы ШЫҰ қызметінің тиімділігін арттыру.Астана Ұйымды жаңғыртуды, оның институттарын заманауи сын-қатерлерге бейімдеуді және ынтымақтастықтың тәжірибелік мазмұнын күшейтуді дәйекті түрде қолдап келеді.Осы тұрғыда Қазақстанның 2023–2024 жылдардағы ШЫҰ-ға төрағалығы ерекше маңызға ие болды. 2024 жылғы Астана саммитінде ұйым қызметін жетілдіру үдерісі басталып, оның институционалдық тұрақтылығын нығайтуға, шешім қабылдау тиімділігін арттыруға және мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған маңызды қадамдар жасалды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық тұрақсыздық жағдайында ШЫҰ жаңа геосаяси және экономикалық шынайы ахуалға дер кезінде бейімделуі қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан ұйым қызметіне кешенді талдау жүргізуді, оның ішінде шешім қабылдау тетіктерін, бірлескен жобаларды іске асыру барысын және салалық құрылымдардың қызметін үйлестіру мәселелерін қарастыруды ұсынды.Қазақстан бастамашылық еткен ШЫҰ қызметін жетілдіру үдерісі қазіргі таңда мүше мемлекеттер тарапынан белсенді түрде талқыланып жүр. Бұл іргелі бастаманың негізгі мақсаты – ұйымның тәжірибелік тиімділігін арттыру және оның Еуразия кеңістігіндегі халықаралық ынтымақтастықтың жетекші орталықтарының бірі ретіндегі рөлін күшейту.Қазақстан ұйымның экономикалық құрамдас бөлігін нығайтуды да қолдайды. Бұл бағыт – ШЫҰ әлеуетінің толық пайдаланылмауына байланысты жиі сынға ұшырайды және осы тақылеттес пікірлердің белгілі бір дәрежеде негізі бар екенін мойындау қажет.Ішкі жалпы өнім көлемі бойынша ШЫҰ әлемдегі ең ірі бірлестіктердің санатына жатады. Мүше мемлекеттердің сыртқы сауда айналымы әртүрлі бағалаулар бойынша шамамен 1 трлн долларды құрайды. Ұйым құрамында әлемдегі ең ірі энергия өндірушілер мен тұтынушылар бар. Сонымен қатар өңір аумағы арқылы халықаралық маңызы бар негізгі құрлықтық көлік дәліздері өтеді.ШЫҰ-ның экономикалық әлеуеті ұйымның серпінді экономикалық ынтымақтастықтың маңызды орталықтарының біріне айналуына толық мүмкіндік туғызады. Алайда бұл әлеует әлі де толық көлемде игерілген жоқ. Осыны ескере отырып, Қазақстан бірлескен инвестициялық жобаларды жандандыруды, өзара есеп айырысуларда ұлттық валюталарды кеңінен пайдалануды және ұйымға мүше мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерін дамытуды ұсынады.Өз тарапынан Қазақстан цифрлық бейімделу деңгейі жоғары әрі қызмет көрсету саласында мол тәжірибе жинақтаған орта держава ретінде ШЫҰ аясында цифрлық трансформация, инновацияларды енгізу және электрондық сауда, киберқауіпсіздік пен жасанды интеллект салаларындағы жаңа ынтымақтастық алаңдарын қалыптастыру бағыттарын белсенді түрде ілгерілетіп келеді.ШЫҰ мемлекеттері үшін экологиялық мәселелер экономикалық тұрақтылықты, азық-түлік қауіпсіздігін және халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етумен тікелей байланысты екенін ұмытпауымыз керек.Өңір үшін климаттың өзгеруі, шөлейттену, су ресурстарының азаюы және қоршаған ортаның ластануы мәселелері ерекше өзекті болып отыр. Орталық Азия су қауіпсіздігі тұрғысынан әлемдегі ең осал өңірлердің бірі саналады. Сондықтан экологиялық күн тәртібі ШЫҰ үшін стратегиялық маңызға ие.Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Су проблемаларын талдау орталығын құру бастамасына ерекше тоқталып өткеніміз жөн. Бұл құрылымның қызметі су ресурстарын тиімді және орнықты пайдалану саласындағы технологиялар мен үздік тәжірибелерді біріктіруге, сондай-ақ су шаруашылығы саласындағы инновациялық шешімдерді бірлесіп енгізуге бағытталмақ.Тұтастай алғанда, бүгінгі таңда ШЫҰ көпсалалы халықаралық ұйым ретінде толықтай қалыптасқаны айдан анық. Ұйымдағы әрбір ынтымақтастық бағыты «Шанхай рухын» сақтай отырып және барлық мүше мемлекеттердің белсенді қатысуымен үйлесімді дамып келеді.Осы тұста айрықша атап көрсететін тақырып – қауіпсіздік саласындағы ауқымды жұмысына қарамастан, ШЫҰ әскери блок немесе үшінші мемлекеттерге қарсы бағытталған жабық одақ емес. ШЫҰ – ашық ынтымақтастық кеңістігі.Қазақстан дәстүрлі түрде тең құқықты диалогті, шешімдерді бәтуаластық негізінде қабылдауды және текетірестік тәсілдердің пайда болуына жол бермеуді қолдайды. Тек ШЫҰ Хартиясының мақсаттары мен қағидаттарына адалдық таныту арқылы ұйымның теңгерімді дамуын және ашық әрі сенімді көпжақты диалогті қамтамасыз етуге болады.Ширек ғасыр ішінде ШЫҰ әртүрлі саяси дәстүрлері, экономикалық модельдері мен мәдени ерекшеліктері бар мемлекеттердің ұстанымдарын ортақ мақсаттар мен болашақ алдындағы ортақ жауапкершілік төңірегінде біріктіре алатынын бірнеше рет дәлелдеді.Бұл мерейтойлық белестің жүріп өткен жолына қарағанда қажырлы еңбек, дипломатиялық шеберлік, саяси көрегендік және мемлекеттердің өзара сенім мен түсіністікті нығайтуға деген шынайы құлшынысы жатқанын көреміз.Бүгінде ШЫҰ өзіндік даму жолының жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Бұл – ынтымақтастықтың тиімділігі жаһандық тұрақтылыққа және миллиондаған адамның өмір сапасына тікелей әсер ететін көкжиегі кең кезең.Уақытпен екшелген мол тәжірибе, өзара іс-қимылдың бірегей әлеуеті және «Шанхай рухының» мызғымас қағидаттарына адалдық – Ұйымның алдағы уақытта да халықаралық сахнадағы маңызды орталықтардың бірі болып қала беруіне мүмкіндік туғызатынына кәміл сенемін.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Біздің халықтарымыз ШЫҰ-дан зор үміт күтеді. Олар Ұйым аясындағы өзара ымыра мен ортақ мүдделерді ескеруге негізделген нәтижелі ынтымақтастық қазіргі сын-қатерлер мен болашақтағы қиындықтарды абыроймен еңсеруге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді деп сенеді». https://egemen.kz/article/414667-shyu-zhanha-beles-pen-zor-mumkindikter Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1239886?lang=ru
Қазақстан Сыртқы істер министрі Е.Көшербаевтың "ШЫҰ: Жаңа белес пен зор мүмкіндіктер" мақаласы 02.07.2026
Дүние дидарында диалог қай кезде де бәтуаластыққа жол бастайтын ең басты құндылық саналады. Елдердің бірлік пен бітімгершілік жолында өзара құлақ асуы және дәуір сұраныстарына сай тізе қосып жауап әзірлеуі халықаралық жүйенің орнықтылығын айқындай түседі. Әсіресе өзгерістер мен дағдарыстар тұсында мұндай бірлескен қадамдардың маңызы зор. Осы ретте қазіргі әлемде мемлекеттер арасындағы өзара сенімге селкеу түсуін диалогтің уақыт өткен сайын тапшы «ресурсқа» айналып бара жатқанының салдары дер едік.Дей тұрғанмен, дәл бүгінгі халықаралық саясатта елдердің сындарлы үндестігін орнатып, бейбітшілік пен өзара сенімді нығайтуға, тату көршілік пен ынтымақтастық тың әлеуетін ашуға қалтқысыз қызмет етіп жатқан іргесі берік көпжақты құрылымдардың да жарқын мысалдары бар. Осындай бірегей бірлестіктердің бірі ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымын сеніммен атап өтуге болады.Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 2001 жылғы 15 маусымда құрылған ШЫҰ бүгінде әлемдегі ең ірі өңірлік көпжақты ұйымдардың бірі ретінде орнықты.Бірлестіктің ширек ғасырға созылған дара даму жолы ШЫҰ үшін сенім қалыптастырудың, мәміле іздеудің және Еуразия кеңістігіндегі әріптестікті нығайтудың бірегей тарихына айналды. Ұйым осы уақыт ішінде тарихи тұрғыдан алғанда күрделі әрі серпінді даму жолынан өтіп, өзінің өміршеңдігін ғана емес, ерекше тиімділігі мен қажеттілігін жан-жақты дәлелдеді.ШЫҰ-ның шежіресі 1996 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдері іргесін қалаған «Шанхай бестігінен» бастау алады. Бірлестіктің алға қойған негізгі мақсаттарына қолдау білдіре отырып, 2001 жылы оған Өзбекстан қосылды. Нәтижесінде, «Шанхай бестігі» Шанхай ынтымақтастық ұйымы ретінде керегесін кеңейтіп, оның Орталық Азиялық түпқазығы қағылды. Қазіргі таңда ШЫҰ-ға әлемнің 10 мемлекеті – мүше. Бүгінде ұйым құрамына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан, Пәкістан, Иран және Беларусь кіреді. Осылайша, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үлесіне Еуразия құрлығының 60 пайыздан астамы, Жер шары халқының жартысына жуығы және әлемдік ішкі жалпы өнімнің едәуір бөлігі тиесілі екеніне тоқталып өтуіміз керек.Осы уақыт ішінде ұйым халықаралық және өңірлік ықпалды құрылымдар қатарындағы өзінің абырой-беделін жылдан-жылға дәйекті түрде нығайтып келеді. Халықаралық бірлестік қауіпсіздікті, тұрақтылықты және орнықты дамуды қамтамасыз етудің қайратты тетігі ретінде танылды. Осы жерде атап өтер жайт, бүгінде біз Шанхай ынтымақтастық ұйымының жаһандық рөлінің артып келе жатқанына куә болып отырмыз.Ұйымның өзара тиімділікке және тең құқыққа бағытталуы, сондай-ақ оның қандай да бір идеологияның үстемдігіне жол бермеуге негізделген сындарлы әрі прагматикалық ынтымақтастық тәсілі – баға жетпес құндылық. Бұл тәсіл «Шанхай рухы» деген атауға ие болды және ұйымға мүше мемлекеттер таңдаған ерекше даму стратегиясын айқындайды. Уақыттың өзі көрсетіп бергендей, ШЫҰ аясындағы көпжақты өзара іс-қимыл тетіктері өзінің өміршеңдігі мен жоғары тиімділігін барынша дәлелдеді.Соңғы саммиттердің нәтижелері ұйымның алға қойған міндеттері мен мақсаттарының ауқымдылығын айқын түрде паш етті. Яғни ШЫҰ-ның саясат, қауіпсіздік, сауда, экономика және гуманитарлық саладағы өзекті өңірлік мәселелер бойынша шұғыл әрі тиімді шешімдер қабылдай алатынын тағы бір мәрте танытты.Бұл орайда Қазақстан ұсынған жоба бойынша 2024 жылы қабылданған ШЫҰ-ның «Әділетті бейбітшілік, келісім және даму жолындағы әлемдік бірлік туралы» бастамасы осы іргелі істің жарқын үлгісіне айналды. Бұл – сенімді нығайту, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдау қағидаттарын қамтитын бұрын-соңды болмаған кешенді құжат. Уақыт өте келе аталған бастама БҰҰ Бас Ассамблеясына ресми құжат ретінде ұсынылды.Қауіпсіздік мәселесі – ШЫҰ-ның күн тәртібіндегі негізгі бағыттардың қатарында тұр. Осы кезеңде Ұйым терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы бірлескен күресте айтарлықтай тәжірибе жинақтады. Бұл жауапты жұмыста ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымына ерекше рөл жүктелген. Қабылданған шаралардың тиімділігі терроризм инфрақұрылымын жоюға қатысты нәтижелі қадамдармен дәйектеліп отыр. Ақпарат алмасудың жедел жүйесі қалыптастырылып, терроризмге қарсы тұрақты оқу-жаттығулар өткізіліп келеді. Сарапшылардың бағалауынша, күш-жігерді үйлестірудің арқасында ШЫҰ кеңістігіндегі террористік әрекеттердің саны тұрақты түрде азайып келеді.Сонымен қатар өңір ауқымында көлік, энергетика, инвестиция және технология салаларындағы тұрақты өзара байланыстарға негізделген Еуразиялық кеңістіктің қалыптасуы Ұйымның қол жеткізген қомақты жетістіктерінің бірі саналады. Дәлірек айтқанда, қатысушы елдердің егемендігін құрмет тұтатын, прагматизм және өзара тиімділік қағидаттарына сүйенетін икемді экономикалық әріптестік үлгісі құрылды.Жемісті ықпалдастықты нығайту жолындағы нақты қадамдардың бірі ретінде ШЫҰ Даму банкін құру жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта осы жоба бойынша келіссөздер белсенді түрде жүргізіліп келеді. Болашақта бұл қаржы институты ұйым кеңістігіндегі экономикалық және гуманитарлық жобаларды іске асырудың негізгі тетіктерінің біріне айналады деген сенім бар.Бұған қоса ШЫҰ елдері арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың маңызы жыл санап артып келеді. Бүгінде ұйым аясында өзіндік өрнегімен танылған бірқатар брендтік жоба жүзеге асырылып келеді. Олардың қатарында ШЫҰ университеті, «Шекарасыз білім беру» жобасы, «Рухани киелі орындар» бағдарламасы, ШЫҰ-ның туристік және мәдени астаналары, Жастар форумы және басқа да көптеген бастамалар бар. Бұл жобалар ұйымның мәртебесін асырып қана қоймай, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтатын маңызды көпір қызметін атқарып жүр.Қазақстан ШЫҰ қағидаттарының берік жақтаушысы саналады әрі ұйымның институционалдық дамуы мен халықаралық беделін арттыруды тұрақты түрде қолдап келеді.Атап айтқанда, еліміздің 2017 жылғы төрағалығы кезінде Ұйымның құрамына Үндістан мен Пәкістан қабылданып, ШЫҰ кеңістігі кеңеюінің алғашқы кезеңі лайықты жүзеге асырылды. Ал 2024 жылғы Астана саммитінде ШЫҰ алғаш рет «ондық» форматында үн қатты. Дәл осы саммитте Беларусь Республикасы толыққанды мүше ретінде алғаш рет алқалы жиынға қатысты.Бұған қоса Қазақстанның бастамасымен және басқа мүше мемлекеттердің қолдауымен ШЫҰ-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы, Азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасы, Шекара мәселелері бойынша ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісім, Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес бағдарламасы сияқты маңызды құжаттар қабылданды.Қазақстанның ұйым аясындағы басым бағыттарының бірі – ерекше екпінмен өзгеріп жатқан халықаралық жағдайға бейімделу арқылы ШЫҰ қызметінің тиімділігін арттыру.Астана Ұйымды жаңғыртуды, оның институттарын заманауи сын-қатерлерге бейімдеуді және ынтымақтастықтың тәжірибелік мазмұнын күшейтуді дәйекті түрде қолдап келеді.Осы тұрғыда Қазақстанның 2023–2024 жылдардағы ШЫҰ-ға төрағалығы ерекше маңызға ие болды. 2024 жылғы Астана саммитінде ұйым қызметін жетілдіру үдерісі басталып, оның институционалдық тұрақтылығын нығайтуға, шешім қабылдау тиімділігін арттыруға және мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған маңызды қадамдар жасалды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық тұрақсыздық жағдайында ШЫҰ жаңа геосаяси және экономикалық шынайы ахуалға дер кезінде бейімделуі қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан ұйым қызметіне кешенді талдау жүргізуді, оның ішінде шешім қабылдау тетіктерін, бірлескен жобаларды іске асыру барысын және салалық құрылымдардың қызметін үйлестіру мәселелерін қарастыруды ұсынды.Қазақстан бастамашылық еткен ШЫҰ қызметін жетілдіру үдерісі қазіргі таңда мүше мемлекеттер тарапынан белсенді түрде талқыланып жүр. Бұл іргелі бастаманың негізгі мақсаты – ұйымның тәжірибелік тиімділігін арттыру және оның Еуразия кеңістігіндегі халықаралық ынтымақтастықтың жетекші орталықтарының бірі ретіндегі рөлін күшейту.Қазақстан ұйымның экономикалық құрамдас бөлігін нығайтуды да қолдайды. Бұл бағыт – ШЫҰ әлеуетінің толық пайдаланылмауына байланысты жиі сынға ұшырайды және осы тақылеттес пікірлердің белгілі бір дәрежеде негізі бар екенін мойындау қажет.Ішкі жалпы өнім көлемі бойынша ШЫҰ әлемдегі ең ірі бірлестіктердің санатына жатады. Мүше мемлекеттердің сыртқы сауда айналымы әртүрлі бағалаулар бойынша шамамен 1 трлн долларды құрайды. Ұйым құрамында әлемдегі ең ірі энергия өндірушілер мен тұтынушылар бар. Сонымен қатар өңір аумағы арқылы халықаралық маңызы бар негізгі құрлықтық көлік дәліздері өтеді.ШЫҰ-ның экономикалық әлеуеті ұйымның серпінді экономикалық ынтымақтастықтың маңызды орталықтарының біріне айналуына толық мүмкіндік туғызады. Алайда бұл әлеует әлі де толық көлемде игерілген жоқ. Осыны ескере отырып, Қазақстан бірлескен инвестициялық жобаларды жандандыруды, өзара есеп айырысуларда ұлттық валюталарды кеңінен пайдалануды және ұйымға мүше мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерін дамытуды ұсынады.Өз тарапынан Қазақстан цифрлық бейімделу деңгейі жоғары әрі қызмет көрсету саласында мол тәжірибе жинақтаған орта держава ретінде ШЫҰ аясында цифрлық трансформация, инновацияларды енгізу және электрондық сауда, киберқауіпсіздік пен жасанды интеллект салаларындағы жаңа ынтымақтастық алаңдарын қалыптастыру бағыттарын белсенді түрде ілгерілетіп келеді.ШЫҰ мемлекеттері үшін экологиялық мәселелер экономикалық тұрақтылықты, азық-түлік қауіпсіздігін және халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етумен тікелей байланысты екенін ұмытпауымыз керек.Өңір үшін климаттың өзгеруі, шөлейттену, су ресурстарының азаюы және қоршаған ортаның ластануы мәселелері ерекше өзекті болып отыр. Орталық Азия су қауіпсіздігі тұрғысынан әлемдегі ең осал өңірлердің бірі саналады. Сондықтан экологиялық күн тәртібі ШЫҰ үшін стратегиялық маңызға ие.Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Су проблемаларын талдау орталығын құру бастамасына ерекше тоқталып өткеніміз жөн. Бұл құрылымның қызметі су ресурстарын тиімді және орнықты пайдалану саласындағы технологиялар мен үздік тәжірибелерді біріктіруге, сондай-ақ су шаруашылығы саласындағы инновациялық шешімдерді бірлесіп енгізуге бағытталмақ.Тұтастай алғанда, бүгінгі таңда ШЫҰ көпсалалы халықаралық ұйым ретінде толықтай қалыптасқаны айдан анық. Ұйымдағы әрбір ынтымақтастық бағыты «Шанхай рухын» сақтай отырып және барлық мүше мемлекеттердің белсенді қатысуымен үйлесімді дамып келеді.Осы тұста айрықша атап көрсететін тақырып – қауіпсіздік саласындағы ауқымды жұмысына қарамастан, ШЫҰ әскери блок немесе үшінші мемлекеттерге қарсы бағытталған жабық одақ емес. ШЫҰ – ашық ынтымақтастық кеңістігі.Қазақстан дәстүрлі түрде тең құқықты диалогті, шешімдерді бәтуаластық негізінде қабылдауды және текетірестік тәсілдердің пайда болуына жол бермеуді қолдайды. Тек ШЫҰ Хартиясының мақсаттары мен қағидаттарына адалдық таныту арқылы ұйымның теңгерімді дамуын және ашық әрі сенімді көпжақты диалогті қамтамасыз етуге болады.Ширек ғасыр ішінде ШЫҰ әртүрлі саяси дәстүрлері, экономикалық модельдері мен мәдени ерекшеліктері бар мемлекеттердің ұстанымдарын ортақ мақсаттар мен болашақ алдындағы ортақ жауапкершілік төңірегінде біріктіре алатынын бірнеше рет дәлелдеді.Бұл мерейтойлық белестің жүріп өткен жолына қарағанда қажырлы еңбек, дипломатиялық шеберлік, саяси көрегендік және мемлекеттердің өзара сенім мен түсіністікті нығайтуға деген шынайы құлшынысы жатқанын көреміз.Бүгінде ШЫҰ өзіндік даму жолының жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Бұл – ынтымақтастықтың тиімділігі жаһандық тұрақтылыққа және миллиондаған адамның өмір сапасына тікелей әсер ететін көкжиегі кең кезең.Уақытпен екшелген мол тәжірибе, өзара іс-қимылдың бірегей әлеуеті және «Шанхай рухының» мызғымас қағидаттарына адалдық – Ұйымның алдағы уақытта да халықаралық сахнадағы маңызды орталықтардың бірі болып қала беруіне мүмкіндік туғызатынына кәміл сенемін.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Біздің халықтарымыз ШЫҰ-дан зор үміт күтеді. Олар Ұйым аясындағы өзара ымыра мен ортақ мүдделерді ескеруге негізделген нәтижелі ынтымақтастық қазіргі сын-қатерлер мен болашақтағы қиындықтарды абыроймен еңсеруге, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді деп сенеді». Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1248312?lang=ru
KazAID-те Fondation suisse de déminage (FSD) өкілімен кездесу өтті 02.07.2026
Астана, 2026 жылғы 12 маусым – KazAID кеңсесінде агенттік басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ж. Асанов FSD Group швейцариялық қорының Орталық Азия бойынша бағдарламалық менеджері Йошиюки Шиомимен жұмыс кездесуін өткізді.Кездесу барысында FSD өкілі қордың аймақтағы ағымдағы жобаларын, соның ішінде Тәжікстандағы гуманитарлық миналардан тазартуды, халықты мина қауіпсіздігіне үйретуді және EOD/IEDD мамандарын даярлау бойынша ЕҚЫҰ-мен серіктестігін таныстырды. Өз кезегінде KazAID басшылығы Орталық Азия мен Ауғанстандағы өз қызметі туралы хабардар етті.Тараптар бірлескен гуманитарлық және өңірлік бастамалар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың потенциалын дамыту сияқты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1239882?lang=ru
АҢДАТПА! Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің тікелей эфирі Тақырыбы: «Салықтар мен төлемдерді төлеу бойынша бөліп төлеуді және мерзімін ұзартуды ұсыну, мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шараларын қолдану бойынша жаңалықтар» 02.07.2026
Құрметті салық төлеушілер!2026 жылғы 12 маусымда сағат 16:00-де Департаменттің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_mkd парақшасында «Салықтар мен төлемдерді төлеу бойынша бөліп төлеуді және мерзімін ұзартуды ұсыну, мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шараларын қолдану бойынша жаңалықтар» тақырыбына тікелей эфир өтеді.Спикерлер:- Берешекпен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы Қазылова Нұргүл Абзалқызы;- Берешекпен жұмыс жөніндегі басқарманың бас маманы Рахимов Ербол Кендібайұлы.Модератор:- Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Шаймарданов Төлеген Біләлұлы.Трансляцияны жіберіп алмау үшін Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Instagram парақшасы – pavlodar_mkd жазылыңыз.Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысыжәне Байланыс-орталығы басқармасы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1239884?lang=ru
Шығыс Қазақстанда жазғы тілдік лагерьлердің жұмысы сәтті аяқталды 02.07.2026
Мектеп жанындағы тілдік лагерьлердің кезекті маусымы табысты түрде қорытындыланды. Аталған лагерьлерді ұйымдастыру мен өткізу мұғалімдерден үлкен жауапкершілік пен қажырлы еңбекті талап етті. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін тереңірек меңгеруге бағытталған лингвистикалық лагерьлерді өткізу тіл мұғалімдері мен мектеп ұжымына тиімді тәжірибе болды.Тілдік ортада оқушылармен шығармашылық, кәсіби және эмоционалдық қарым-қатынас орнатып, ерекше әсер мен қуаныш сыйланды. Бұл оқушылардың есінде ұзақ сақталатын жарқын, әрі қызықты шаралардың біріне айналды.Лагерь жұмысының тиімділігі оқушылардың көңіл күйінің жоғарылауынан байқалды. Балалардың интернетке тәуелділігін азайтып, тілдік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Ұжымдық жұмыстар барысында оқушылар ынтымақтастыққа бейімделіп, өзгелердің пікірін құрметтеуге және топпен тиімді жұмыс істеуге үйренді.Ең бастысы – балалардың тілдік лагерь бағдарламасында қарастырылған 10 модуль тақырыптары сәтті меңгерілді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1239868?lang=ru
Мемлекеттік гранттар алу 02.07.2026
Халықтың әлеуметтік осал санаттары арасында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында 2026 жылғы 24 маусым мен 8 шілде аралығында Business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінім қабылдау жүргізіледі.Грант мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішті немесе 1 730 000 теңгені құрайды. Мемлекеттік қолдау қайтарымсыз негізде көрсетіліп, кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа табыс көздерін қалыптастыруға және азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған.Грант бір рет қана беріледі және оны әр азамат тек бір мәрте ала алады.Конкурсқа жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден өткеніне бір жылдан аспаған жеке кәсіпкерлер қатыса алады.Бұл ретте үміткерлер келесі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы тиіс: мүгедектігі бар адамдар; қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар азаматтар; өңіраралық қоныс аударушылар; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар және (немесе) олардың жұбайлары; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған тұлғалар және (немесе) олардың жұбайлары; асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.Конкурсқа қатысудың міндетті талаптарының бірі – өтінім берген күнге дейінгі соңғы үш жыл ішінде алынған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту сертификатының болуы.Үміткерлерді іріктеуді ұсынылған бизнес-жобалар негізінде конкурстық комиссиялар жүзеге асырады. Өтінімдерді қарау барысында бизнес-идеяның өміршеңдігі мен даму перспективасы, жобаның қаржылық негізділігі және жаңа жұмыс орындарын құру әлеуеті бағаланады.Өтінім беру толықтай электрондық форматта Business.enbek.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Қатысу үшін порталға тіркеліп, өтінім нысанын толтыру, бизнес-жоспарды жүктеу және құжаттарға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қою қажет. Толық ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша «Федоров ауданының Мансап орталығы » филиалына хабарласыңыз, мекен жайы: Федоров ауданы Федоров ауылы Красноармейская көшесі 53 каб.14, телефоны 8(71442)21306. .Өтінім қабылдау 2026 жылғы 8 шілдені қоса алғанға дейін жалғасады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1239873?lang=ru
Салықты уақытылы төле!!! 02.07.2026
Мұнайлы ауданы бойынша жол-патрульдік полициясы және Дәулет ауылы әкімі аппараты қызметкерлері бірлесе отырып, ауыл тұрындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Негізгі мақсат — ауыл тұрғындарына салықтық, берешектерін уақытылы төлеу қажеттігін хабарлаужәне ескерту.Ауыл тұрындарына салықтық, берешектердіҚазакстан Республикасының, Салық кодексінде белгіленген мерзімде төлеу қажеттігі түсіндірілді.Қазакстан Республикасының, Салық кодексіне сәйкес, салықты төлеу мерзімі кешіктірілген жағдайда әр күнге 1,25% өсімпұл (пеня) есептелетінін еске саламыз.Дәулет ауылы әкімі аппаратының баспасөзқызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-daulet/press/news/details/1239876?lang=ru
Қазақстан мен Еуропалық Одақ визалық мәселелер мен реадмиссия бойынша келіссөздердің жаңа кезеңіне өтті 02.07.2026
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ делегациялары Визалық талаптарды жеңілдету және реадмиссия туралы келісім жобалары бойынша келіссөздердің кезекті кезеңін табысты өткізді.Келіссөздер барысында тараптар болашақ келісімдердің негізгі ережелері бойынша ұстанымдарды одан әрі жақындату мәселелерін мазмұнды түрде талқылауды жалғастырды.Қазақстан Республикасы азаматтары үшін визалық рәсімдерді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, өтініштерді қарау мерзімдері, көп мәртелік визаларды беру тәртібі, растайтын құжаттар тізбесін оңтайландыру және адамдар арасындағы байланыстарды дамытуға бағытталған өзге де практикалық аспектілер қарастырылды.Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі келісімнің де көптеген ережелері бойынша елеулі ілгерілеуге қол жеткізілгенін атап өтіп, жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.Қол жеткізілген нәтижелер өзара түсіністіктің жоғары деңгейін көрсетеді және азаматтардың ұтқырлығын одан әрі дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы іскерлік, білім беру, ғылыми және гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге берік негіз қалайды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1239841?lang=ru
Еуропарламент Қазақстандағы саяси жаңғыру мен Қазақстан-ЕО стратегиялық әріптестігінің болашағын құптайды 02.07.2026
Брюссель, 2026 жылғы 11 маусым – Еуропалық парламентте «Қазақстанның жаңа саяси жаңғыруы және Қазақстан – Еуропалық Одақ стратегиялық әріптестігінің болашағы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға Еуропарламент депутаттары, дипломаттар, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, талдау орталықтарының мамандары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.Іс-шара еуропалық саяси және сарапшылық ортада үлкен қызығушылық тудырды. Пікірталасқа шамамен 70 адам қатысып, бұл Қазақстандағы өзгерістерге және елдің Еуропа мен Орталық Азия арасындағы өзара ықпалдастықты дамытудағы рөліне деген жоғары қызығушылықты көрсетті.Талқылауды ашқан «Diplomatic World» талдау орталығының жобалар директоры Альберто Тюркстра Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы саяси диалогтың маңызын, сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.Франциядан сайланған Еуропарламент депутаты, елдің бұрынғы көлік министрі Тьерри Мариани парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталып, Қазақстанның Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі екенін айтты. Ол Қазақстанға алғаш рет 1993 жылы келгенін және содан бері елде орын алған ауқымды өзгерістердің куәсі болғанын жеткізді.«Қазақстан саяси және экономикалық жаңғырудың ұзақ жолынан өтті. Осы жылдар ішінде ел экономика, мемлекеттік институттар және халықаралық ынтымақтастық салаларында айтарлықтай табыстарға қол жеткізді», – деді депутат. Оның айтуынша, Қазақстан Еуропалық одақтың Орталық Азиядағы басты сауда және инвестициялық серіктесі болса, ЕО да Қазақстан үшін дәл осындай маңызды әріптес болып табылады.Қазақстандағы конституциялық реформаның маңыздылығын атап өткен Т. Мариани елдегі өзгерістерге объективті баға беру үшін Қазақстанға барып, реформалардың нәтижелері мен даму қарқынын өз көзімен көру қажеттігін айтты.Қазақстан Республикасының Еуропалық одақ жанындағы Тұрақты өкілі Роман Василенко Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар мемлекеттік институттарды нығайтуға, азаматтардың саяси қатысуын кеңейтуге және мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға бағытталғанын мәлімдеді.Оның айтуынша, осы бағыттағы маңызды кезеңдердің бірі – 15 наурызда өткен жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдум болды. 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Негізгі заң саяси жүйені одан әрі демократияландыруды, тежемелік әрі тепе-теңдік тетіктерін күшейтуді, өкілді институттардың рөлін арттыруды және заң үстемдігін нығайтуды көздейді.Елші референдум нәтижелері қоғамның мемлекеттік институттарды жаңғыртуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған президенттік реформалар бағытын қолдайтынын көрсеткенін атап өтті.Франциядан сайланған Еуропарламент депутаты, Еуропарламенттің Орталық Азиямен байланыстар жөніндегі делегациясының мүшесі Виржини Жорон Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте үлкен қызығушылық туғызатынын айтты. Оның пікірінше, елде демократиялық институттарды нығайту және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру үдерісі жалғасып жатыр, бұл халықаралық серіктестер тарапынан оң бағалануда.Германиядан сайланған Еуропарламент депутаты Томаш Фройлих реформаларды қолдай отырып, Қазақстан мен жалпы Орталық Азияның Еуропалық одақ үшін стратегиялық маңызын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, бұл әсіресе энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және логистикалық бағыттарды әртараптандыру тұрғысынан маңызды.Келесі баяндамашы – Brussels School of Governance (VUB) профессоры әрі Брюссель клубының негізін қалаушы Мишель де Кемметер Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы тұрақты көлік және экономикалық байланыстарды қалыптастырудағы рөлінің артып келе жатқанын атап өтті. Ол әсіресе Транскаспий халықаралық көлік бағытының («Орта дәліз»), стратегиялық маңызды шикізат ресурстары саласындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ жоғары білім мен ғылым саласындағы серіктестіктің маңыздылығына тоқталды.Пікірталас барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы көлік және логистика, дәстүрлі және жаңартылатын энергетика, инновациялар мен ғылыми зерттеулер бағытындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, «Horizon Europe» бағдарламасы аясындағы өзара іс-қимыл перспективалары сөз болды.Сондай-ақ адами байланыстарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Осыған байланысты Қазақстан елшісі Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында әуе қатынасы жөніндегі Горизонталды келісімге жақын арада қол қойылуының маңызын атап өтті. Сонымен қатар тараптар арасында Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткізілгені айтылды.Қатысушылар Орталық Азия елдерінің «бестігі» форматындағы ынтымақтастықтың сындарлы әрі серпінді дамуы туралы ақпаратты да жылы қабылдады. Бұл өңірдің халықаралық саяси және экономикалық үдерістердегі дербес әрі ықпалды ойыншы ретіндегі орнын нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді.Іс-шара қорытындысында қатысушылар Қазақстандағы саяси жаңғыру Еуропалық Одақпен стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға берік негіз қалайтынын және саяси, экономикалық әрі гуманитарлық салалардағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1239845?lang=ru
Kazakhstan Commodity Forum Женевада әлемдік шикізат нарықтары мен инвестициялық қауымдастық көшбасшыларын біріктірді 02.07.2026
Женева, 2026 жылғы 11 маусым – Женевада Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) жанындағы Тұрақты өкілдігі мен Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің қолдауымен Commodity Trading Club ұйымдастырған алғашқы Kazakhstan Commodity Forum халықаралық іскерлік алаңы өтті.Форумға әлемдегі жетекші трейдингтік компаниялардың басшылары, қаржы секторының өкілдері, халықаралық ұйымдар, дипломатиялық корпус және Қазақстанның ұлттық компаниялары қатысқан 200-ден астам делегат жиналды.Іс-шараны Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев, Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Саржанов, Commodity Trading Club Президенті Жюльен Арбас және Женева сауда-өнеркәсіп палатасының (CCIG) Бас директоры, Швейцария Сауда-өнеркәсіп палатасының Президенті Венсан Субилия ашты.Өз сөздерінде қатысушылар Қазақстанның әлемдік шикізат нарықтарындағы маңызды ойыншылардың бірі, Еуразиядағы стратегиялық көлік-логистикалық торап және халықаралық бизнес үшін сенімді серіктес ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын атап өтті.Форум жұмысына Cargill, Bunge, Louis Dreyfus Company (LDC), ADM, COFCO, Ameropa, Gunvor Group, Trafigura, Mercuria, Olam, Phillips 66, SOCAR Trading, ING Bank, Goldman Sachs, Arab Bank, Bank of China, MSC, FIATA, SGS, SUISSENÉGOCE, CCIG және шикізат саудасы, логистика мен қаржыландыру салаларындағы жаһандық күн тәртібін қалыптастыратын басқа да жетекші компаниялар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.Қазақстан тарапынан «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, сондай-ақ салалық бизнес қауымдастықтар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.Форум барысында Қазақстанның Орталық Азиядағы ең ірі экономика екендігі, өңірдің жиынтық жалпы ішкі өнімінің шамамен 60%-ын қамтамасыз ететіні және Орталық Азия елдері арасында тікелей шетелдік инвестициялардың ең көп көлемін тартатыны атап өтілді.Қазақстан әлемдік шикізат нарықтарында жетекші орынға ие. Ел әлемдік уран өндірісінің шамамен 40%-ын қамтамасыз етеді, мұнайдың, мыстың, ферроқорытпалардың, астықтың, ұнның және алтынның ірі экспорттаушысы болып табылады, сондай-ақ энергетикалық ауысу мен жоғары технологиялық өндірістер үшін маңызды стратегиялық минералдардың елеулі қорына ие.2025 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 144 млрд АҚШ долларына жуықтады, ал шикізаттық емес экспорт көлемі 40 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл ел экономикасының тұрақты әртараптандырылып жатқанын және экспорттық әлеуетінің кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.Форум қатысушылары Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәлізді) дамыту мәселесіне ерекше назар аударды. Аталған бағыт Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалының негізгі арналарының біріне айналып, Қазақстанның Еуразиядағы маңызды транзиттік-логистикалық хаб ретіндегі рөлін нығайтуда.Kazakhstan Commodity Forum халықаралық бизнес қауымдастығының Қазақстан мен Орталық Азияға сауда, инвестиция және жаңа логистикалық бағыттарды дамыту тұрғысынан жоғары қызығушылық танытып отырғанын тағы бір мәрте растады.Форум мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, халықаралық трейдерлер, қаржы институттары мен логистикалық операторлар арасындағы тікелей диалог алаңына айналып, жаңа жобаларды іске қосу мен ұзақ мерзімді әріптестіктерді қалыптастыруға мүмкіндік берді.Қазақстан Республикасының ДСҰ жанындағы Тұрақты өкіл Қ. Төребаев атап өткендей:«Бүгінгі Қазақстан тарихы – бұл тек табиғи ресурстар тарихы ғана емес. Бұл – өзара байланыс, инвестициялар және жаңа мүмкіндіктер тарихы. Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы маңызды байланыстырушы буынға айналып келеді, ал Орта дәліз Еуразиядағы сауданың жаңа архитектурасын қалыптастыратын стратегиялық маршрут болып отыр. Болашаққа бағдарланған бизнес үшін Қазақстан шикізат секторынан бастап логистикаға, қаржыға және өнеркәсіптік кооперацияға дейінгі барлық құн тізбегі бойынша кең мүмкіндіктер ұсынады».Ол сондай-ақ: «Kazakhstan Commodity Forum протокол үшін емес, практикалық диалог пен нақты бизнес нәтижелеріне қол жеткізу үшін ұйымдастырылды. Бүгінгі кездесудің басты нәтижесі жаңа инвестициялар, сауда келісімшарттары және ұзақ мерзімді әріптестіктер болады деп сенеміз», – деп атап өтті.Алғашқы Kazakhstan Commodity Forum Женева қаласының әлемдік шикізат саудасының орталығы ретіндегі әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті және Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар екенін дәлелдеді.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-wto/press/news/details/1239846?lang=ru
Арқалық қаласының 70 жылдығы: жаңа даму кезеңіне бастайтын ауқымды жобалар жүзеге асырылуда 02.07.2026
Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында өңірде әлеуметтік, инфрақұрылымдық, мәдени және экономикалық бағыттар бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды нысандарды аралап, қолға алынған жобалардың орындалу барысымен танысты.Мерейтойды жоғары деңгейде ұйымдастыру мен өткізу – қаланың қалыптасуы мен даму жолындағы маңызды белес. Бұл мерейтой тек мерекелік дата ғана емес, өткенімізді саралап, атқарылған жұмыстарды қорытындылап, болашақ даму бағыттарын айқындайтын маңызды кезең.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Торғай өңірінің дамуы Үкіметтің айрықша назарында болуы қажеттігін атап өткен болатын. Бүгінде осы тапсырманы орындау аясында Арқалық қаласын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда.«Соңғы жылдары қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері тұрақты өсім көрсетуде. Егер 2022 жылы Арқалық қаласының бюджеті 20,1 млрд теңгені құраса, 2026 жылы бұл көрсеткіш 36,6 млрд теңгеге жетіп, 1,8 есеге артты. Қаржы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік инфрақұрылым, жол құрылысы және абаттандыру салаларына бағытталып жатыр», – деді аймақ басшысы.Денсаулық сақтау саласында маңызды жобалар жүзеге асырылды. 2024 жылы Восточный және Фурманов ауылдарында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер пайдалануға берілді. Арқалық өңірлік ауруханасы көпбейінді өңіраралық аурухана ретінде қайта жаңғыртылып, қазіргі таңда перзентхана ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.Білім беру саласында да оң өзгерістер бар. 2024 жылы облыстағы алғашқы «Келешек мектебі» Арқалық қаласында ашылды. Ал 2025 жылы Арқалық педагогикалық институты университет мәртебесіне ие болып, оның материалдық-техникалық базасын кеңейту мақсатында бұрынғы ауыл шаруашылығы басқармасының ғимараты оқу корпусына қайта бейімделді.«Соңғы үш жыл ішінде қалада 30-дан астам әлеуметтік нысан жөндеуден өтті. Тұрғын үй құрылысы да қарқын алды. Осы кезеңде 20,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде өткен жылы 9,5 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,3 есе жоғары көрсеткіш», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Спорт саласында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы күрес залы, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат және «Қазақстан» спорт кешені пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта «Жігер» стадионында жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жабық хоккей кортының құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қорының қаржыландыруымен дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр.Халықтың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау мақсатында аулаларда 43 спорт алаңы салынды.Мәдениет саласында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ашутасты ауылындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.Жол инфрақұрылымын дамыту бағытында соңғы жылдары жалпы ұзындығы 56 шақырым болатын жолдар жөнделді. Нәтижесінде 40 көше жаңартылып, 29 жаңа автобус аялдамасы орнатылды.Қаланың экономикалық әлеуетін арттыруда көлік инфрақұрылымының маңызы зор. Осыған байланысты Арқалықтан Ұлытау облысына дейінгі жол учаскесі жөнделді. Сонымен қатар Арқалық – Торғай – Ырғыз бағыты бойынша жаңа автожол құрылысы жүргізілуде.Өңірдің көлік қолжетімділігін жақсарту мақсатында Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Сонымен бірге теміржол вокзалын қайта жаңғырту жобасы аяқталуға жақын.Қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін индустриялық аймақ құру туралы шешім қабылданды. Бұл жаңа өндірістерді орналастыруға, инвестициялар тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары да жалғасуда. Арқалық қаласы мен Северный кентінде су желілері жаңартылып, Молодежный және Үштөбе ауылдарында жаңа су жүйелері салынды. 2025 жылы 1,6 шақырым жылу желісі қалпына келтірілді. Алдағы уақытта 39 шақырым кәріз желісін жөндеу жоспарланған.Қаланы абаттандыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында бірнеше көше жарықтандырылып, 100 жарық шамы орнатылған тіректер қойылды. Соңғы үш жыл ішінде 65 тұрғын үйдің сыртқы келбеті жақсартылды. Биыл тағы 25 көпқабатты үйдің қасбеті жаңартылады. Егер 2022 жылы 10 тұрғын үй жөнделсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 67 үйге жетті.Цифрлық инфрақұрылымды дамыту аясында Жаңақала, Екідің, Молодежный, Аңғар, Ашутасты, Жалғызтал, Родина және Целинный ауылдарында жаңа базалық станциялар іске қосылып, тұрғындардың сапалы интернетке қолжетімділігі қамтамасыз етілді.Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойы қарсаңында мемлекет тарапынан өңірді дамытуға барлық жағдай жасалып отыр. Сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі де ерекше маңызға ие. Осыған байланысты кәсіпкерлер мен меценаттарды әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға белсенді қатысуға шақыру маңызды.Бұл қоғамдық орындарды абаттандыру, әлеуметтік нысандарды жөндеу және жаңарту, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарын қолдау, көгалдандыру, балалар және спорт алаңдарын салу секілді халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды қамтиды.«Арқалықтың 70 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар тұрғындар мен қала қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қаланың жетістіктері мен әлеуетін кеңінен насихаттауға, оның инвестициялық және туристік мүмкіндіктерін танытуға бағытталуы тиіс. Таза көшелер, көрікті аулалар, жаңартылған ғимараттар мен жайлы қоғамдық кеңістіктер Арқалықтың жаңа келбетін қалыптастырып, оның жарқын болашағына негіз болады», – деп атап өтті облыс басшысы.Өңір жетекшісі мерейтойды ұйымдастыруға жауапты барлық мекемелер мен ұйымдар өздеріне жүктелген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындап, қала қонақтарын жоғары деңгейде қарсы алуға толық дайын болуы тиіс екендігін тапсырды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay/press/news/details/1239820?lang=ru
Қазақстан IT саласы үшін салықтық жеңілдіктерді 2045 жылға дейін сақтап қалуды жоспарлап отыр 02.07.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі еліміздегі технологиялық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұзақ мерзімді оңтайлы жағдайлар жасау аясында бірқатар жұмыстарды бастады. Экономиканы цифрлық трансформациялау стратегиясын жүзеге асыру аясында ведомство Astana Hub қатысушыларын қолдаудың 2028 жылдан кейінгі параметрлерін 2045 жылға дейін жоспарлауды әзірлеуде. Бұл бастама Қазақстанның аймақтық IT-хаб ретіндегі ұстанымын нығайтуға мүмкіндік беретін болжамды әрі бәсекеге қабілетті бизнес-ортаны құруға бағытталған. 2045 жылға дейінгі дамудың ұзақ мерзімді пайымы ЖИ саласындағы жаһандық трендтерді, экспорттық әлеуеттің ауқымын кеңейтуді және жоғары технологиялық инвестицияларды тарту қажеттілігін ескереді. Атап өтер болсақ, Astana Hub цифрлық экономиканы дамытудағы тиімділігін дәлелдеді, сондықтан ведомствоның бүгінгі міндеті - қол жеткізілген қарқынды сақтай отырып, әрбір IT-компания үшін ондаған жылдарға жоспарлау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, сапалы серпіліс жасау. Қазіргі таңда Astana Hub экожүйесі сенімді өсім көрсетуде: хабта 2 268 компания тіркелген, 35 мың жоғары білікті жұмыс орны құрылған, 438 млрд теңге инвестиция тартылған, ал қазақстандық IT-шешімдердің экспорт көлемі 1,9 млрд АҚШ долларын құрады. Қазіргі уақытта Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі сарапшылар қауымдастығымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жұмыстар аясында қолданыстағы тетіктерді талдап, бейімдеу жұмыстарын жүргізуде. Мұндағы басты назар инноваторлар үшін бірегей ортаны қалыптастыруға, адами капиталды дамытуға және ЖИ саласындағы озық шешімдерді енгізуге аударылады. Astana Hub-тың дамуына арналған ұзақ мерзімді стратегияны қалыптастыру - Қазақстанды әлемдегі технологиялық бизнес үшін ең тартымды юрисдикциялардың біріне айналдыруды көздейтін мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maidd/press/news/details/1239782?lang=ru
«Үміт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері Астана қаласының намысын «Айбын» халықаралық жиынында қорғайды 02.07.2026
Мұндай мүмкіндікке елордалық №115 орта мектептің оқушылары Қарулы күштердің Тыл бастығы басқармасының әскери қызметшілерінің қамқорлығының арқасында ие болды.Әскери бөлім мен білім беру мекемесі жасөспірімдерді әскери-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Осы мақсатта құрылған клубта оқушылар әскери-қолданбалы пәндерді меңгеріп, дене дайындығын нығайтып, командалық өзара іс-қимыл дағдыларын дамытып келеді.– Бірнеше айлық дайындықтың қорытындысы бойынша команда құрамына 15 оқушы іріктелді. Олар «Айбын» халықаралық жастар жиынында Астана қаласының атынан қатысады. Команданы дайындау – жұмысымыздың жалғыз бағыты емес, меморандум басқа да бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – деп нақтылады Қарулы күштердің Тыл бастығы басқармасының қамтамасыз ету ротасының сержант-нұсқаушысы 3-сыныпты сержант Дидар Жанылхан.Әскери-патриоттық клубтағы сабақтар оқушылардың нағыз команда болып қалыптасуына ықпал етті. Халықаралық жарыстарға қатысу оларға құнды тәжірибе жинақтап, өз мүмкіндіктерін сынауға ғана емес, сондай-ақ әртүрлі өңірлер мен елдерден келген құрдастарымен танысып, достық қарым-қатынас орнатуға жол ашады.– Жарысқа күн сайын дайындалып жатырмыз. Бастапқыда қиын болды. Қазір үйреніп, жаттығу ырғағына түстік. Оңай болмайтынын түсінеміз, бірақ жоғары нәтиже көрсету үшін бар күшімізді саламыз, – деді №115 мектептің 8 «А» сынып оқушысы Ахат Жәкенов.Естеріңізге сала кетейік, XII Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны 21–27 маусым аралығында Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағында өтеді. Оған күштік құрылымдардың әскери-патриоттық клубтары, әскери оқу орындарының және Қазақстан өңірлерінің құрама командалары, сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген командалар қатысады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1239748?lang=ru
Аялдама алаңында тазалық жұмыстары жүргізілді 02.07.2026
Ауыл аумағының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында аялдама алаңында тазалық жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында аумақтағы тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар аялдама алаңында жиналған топырақ үйінділері тазартылып, аумақ ретке келтірілді.Тазалық және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1239680?lang=ru
Қаржылық бақылау шаралары 02.07.2026
Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында осы бапта айқындалған адамдар жеке тұлғалардың мынадай декларацияларын:- активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны;- кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынады.Активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны:- Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттығына, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттар және олардың жұбайлары (зайыптары) - кандидат ретінде тіркелгенге дейін;- осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) - лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) лауазымға тағайындау туралы актісі шығарылғанға дейін (декларация тапсыру айының бірінші күніндегі жағдай бойынша) тапсырады. Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны:- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);-лауазымды адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);-мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынады.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1239685?lang=ru
МКК-де жаңа Бюджет кодексінің нормаларын енгізу мәселелері талқыланды 02.07.2026
2026 жылғы 10 маусымда Мемлекеттік кірістер комитетінде Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасындағы өзекті өзгерістерге арналған семинар өтті. Іс-шараға мемлекеттік кірістер органдарының қаржы қызметтерінің өкілдері, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Техникалық инфрақұрылымды дамыту және қаржылық қамтамасыз ету департаментінің мамандары қатысты. Семинар барысында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексінің негізгі ережелері, бюджеттік өтінімдерді жоспарлау және қалыптастыру мәселелері, сондай-ақ бюджеттік процесті реттейтін нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер қарастырылды. Жаңа заңнамалық нормаларды іс жүзінде қолдану және бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар заңнамадағы жаңашылдықтарға қатысты қажетті түсіндірмелер алып, оларды іске асыру барысында туындайтын практикалық мәселелерді талқылады. Осындай іс-шараларды өткізу заңнамадағы өзгерістерді уақтылы енгізуге және бюджет қаражатын басқару сапасын арттыруға ықпал етеді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1239666?lang=ru
Қазақстан, Ресей және Беларусь кәсіподақтары Қарулы күштердегі азаматтық персоналдың еңбек құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады 02.07.2026
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Қарулы күштер қатарындағы азаматтық персоналдың еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті өрбіту: халықаралық тәжірибе мен заманауи көзқарас» тақырыбында халықаралық конференция өтті.Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Кәсіподақтар федерациясының өкілдері, кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан келген сала мамандары қатысты.Конференция азаматтық персоналдың еңбек құқықтарын қорғау, халықаралық тәжірибе алмасу және әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң болды.Іс-шараны Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев ашып, азаматтық персоналдың әлеуметтік қорғалуы мен еңбек құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерінің өзектілігін атап өтті.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің басқарма бастығы подполковник Арман Қалышев «Әлеуметтік серіктестік – мемлекеттік саясаттың басым бағыты» тақырыбында баяндама жасап, әлеуметтік әріптестіктің тұрақты еңбек қатынастарын қалыптастырудағы рөліне және Қазақстан Қарулы күштеріндегі азаматтық персоналға қарастырылған әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктердің маңызына тоқталды.Сондай-ақ Қарулы күштердің және басқа да әскерлер мен әскери құралымдар кәсіподағының төрағасы Төрехан Ерденбеков «Азаматтық персонал – мемлекеттің қорғаныс жүйесінің маңызды бөлігі» тақырыбында баяндама жасап, азаматтық мамандардың әскери құрылымдар жұмысындағы маңызды үлесін атап өтті. – Конференция барысында азаматтық персоналдың әскери құрылымдар жүйесіндегі рөлі кеңінен талқыланды. Бұл мамандардың күнделікті қызметті қамтамасыз етудегі үлесі ерекше екені атап өтілді. Қатысушылар азаматтық қызметкерлердің әлеуетін арттыру және олардың еңбегін қолдау мәселелеріне ерекше назар аударды, – деп атап өтті ол.Халықаралық сарапшылар Ресей мен Беларусь елдеріндегі еңбек қатынастарын реттеу тәжірибесін бөлісіп, әлеуметтік диалогты дамыту, кәсіподақтардың рөлін күшейту және жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады.Іс-шара қорытындысы бойынша азаматтық персоналдың еңбек құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік әріптестік институттарын нығайту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде ұсынымдар қабылданды.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1239669?lang=ru
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 02.07.2026
I. КІРІСПЕ БӨЛІМ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысының 2026 жылғы 10 сәуірдегі №55 ««Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - БДБ) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді: Жұмыс тобының басшысы - БДБ басшысының орынбасары Д.С. Насыров; жұмыс тобының мүшелері: БДБ «Ахуалдық орталық» басқармасының басшысы Д.О. Тлекеев, БДБ «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасының басшысы Б.Н. Испанов, БДБ Кедендік декларациялау мониторингі басқармасының басшысы Г.А. Алиасхарова, БДБ Әкімшілік басқармасының басшысы С.С. Саурамбаева, БДБ Әкімшілік басқармасы персоналмен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы У.А. Ахметова, БДБ Заң бөлімінің басшысы М.С. Асанбаева. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2026 жылғы 17 сәуірден бастап 2026 жылғы 3 маусымға дейін. II. СИПАТТАМАЛЫҚ БӨЛІМ 1. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін реттейтін құқықтық актілер және ішкі құжаттар Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: БДБ қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде, ішкі құжаттарда талдау жүргізу кезінде дискрециялық өкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін нормалар анықталған жоқ. 2. Персоналды басқару бағыты бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: 01.04.2026ж. жағдай бойынша БДБ-ның жалпы штаттық саны 134 бірлікті (нақты саны – 117 бірлікті) құрайды. 01.04.2025ж. - 01.04.2026ж. аралығындағы кезеңде 22 қызметкер қызметтен босатылды, оның ішінде:өз еркінмен – 15;басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты – 5;өзге де негіздер бойынша – 2. 01.04.2025ж. - 01.04.2026ж. аралығындағы кезеңде БДБ-ның 20 қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды. БДБ-да мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметкерлер анықталған жоқ. БДБ қызметінде ішкі тәуекелдерді талдау жүргізу кезеңінде персоналды басқару бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 3. Мүдделер қақтығысын реттеу бағыты бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: БДБ қызметкерлерінің лауазымдық функцияларын орындау барысында мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ. БДБ Әдеп жөніндегі уәкілі, басшының орынбасары Б.А. Айнакулов мемлекеттік қызметкерлер арасында Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың, соның ішінде мүдделер қақтығысының талаптарын сақтауға бағытталған түсіндіру іс-шараларын тұрақты түрде жүргізіп тұрады. БДБ қызметінде ішкі тәуекелдерді талдау жүргізу кезеңінде мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 4. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: БДБ «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасы 2025 жылғы 1 сәуір мен 2026 жылғы 1 сәуір аралығындағы кезеңде 247 293 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде жеке тұлғалар бойынша – 124 215 және заңды тұлғалар бойынша – 123 078. Барлық қызметтер электронды форматта көрсетілді. Бұдан бөлек, БДБ «Электрондық декларациялау орталығы» басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 119-бабына сәйкес тауарларды жіберудің белгіленген мерзімдерінде көрсетілді. Осылайша, тіркелген сәттен бастап, алғашқы 4 сағат ішінде 130 638 ТД (53%), бір тәулік ішінде 38 562 ТД (16%), 10 жұмыс күніне дейінгі мерзімде 76 088 ТД (31%), кедендік сараптама мен тексеру жүргізілуіне байланысты 10 жұмыс күнінен астам мерзімде – 2 005 ТД (0,8%) жіберілді. БДБ қызметінде мемлекеттік қызметтерді көрсету бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 5. Рұқсат беру функцияларын іске асыру бағыты бойыншаСыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: БДБ қызметінде ішкі тәуекелдерді талдау жүргузі кезеңінде рұқсат беру функцияларын іске асыру мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 6. Бақылау функцияларын іске асыру бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: БДБ бақылау функцияларын іске асыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 7. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бағыты бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: БДБ қызметінде бюджет және қаржы қаражатын игері және бөлу бағыты бойынша сыбайлыс жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 8. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу бағыты бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: БДБ мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 2025 жылғы 1 сәуір мен 2026 жылғы 1 сәуір аралығындағы кезеңде жасалған шарттардың жалпы саны 36 құрайды, оның ішінде 15 – жеке тұлғалармен, 21 – заңды тұлғалармен жасалған. БДБ қызметінде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу бағыты бойынша сыбайлыс жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. 9. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бағыты бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 410-бабының 1-тармағына сәйкес, егер кедендік декларацияны беру кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынумен бірге жүргізілмесе, кеден органы декларанттан тексерілетін мәліметтерге қатысты кедендік декларацияда мәліметтері көрсетілген құжаттарды сұратуға құқылы. Құжаттар мен мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салу келесі жағдайларда жіберіледі: 1) тәуекелдерді басқару жүйесінде айқындалған; 2) тауарлардың шығарылған жері, тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар туралы мәліметтерді және (немесе) олардан мәліметтерді кеден органының Кодекстің 146-бабының 2-тармағына сәйкес алуы мүмкін болмаған жағдайларда. Осылайша, қазіргі уақытта сұрау салу қағаз жеткізгіште ресімделіп, содан кейін уәкілетті лауазымды тұлға (бұдан әрі – БДБ) қол қойған сканерленген нұсқасы АЖ-ға бекітілетіндіктен, сондай-ақ әрбір құжат бойынша сұрау салуды қызметкер АЖ-да қолмен толтыратындықтан, сұрау салудың белгіленген мерзімде жіберілмей қалу тәуекелі туындайды. Тәуекелді жою бойынша ұсынымдар: Процесті УЛТ-ның қатысуынсыз АЖ тарапынан автоматты түрде сұрау салу деңгейінде процесін автоматтандыру. Күтілетін нәтиже: УЛТ тарапынан кеден заңнамасын бұзушылықтарды болдырмау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 26.05.2026ж. №КГД-14-1-12/12483-ВН жауабына сәйкес, қазіргі уақытта «КЕДЕН» АЖ-да «ҚР-дағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 410-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті лауазымды тұлғаның араласуынсыз құжаттар мен мәліметтерді ұсыну туралы сұрау салуды жолдаудың автоматтандырылған процесі іске асырылған. Аталған тетік адами факторды болдырмау және процестің ашықтығын қамтамасыз ету есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. 10. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер. Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің сипаттамасы: БДБ қызметінде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтен туындайтын өзге мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/press/news/details/1239636?lang=ru
Жамбыл облысында 120 әскери міндетті ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы мамандығын меңгереді 02.07.2026
Бірегей оқу-жаттығу жиыны 14157 әскери бөлім базасында өтіп жатыр. Онда әскери міндеттілер далалық жағдайда дрон операторы кәсібін игереді.Жиындар тарихында алғаш рет резервтегілер дәстүрлі әскери даярлықтың негізгі курсын меңгерумен қатар, дрондарды басқаруды да үйренеді.Бұл жиындарды өткізу үшін 14157 әскери бөлімі кездейсоқ таңдалған жоқ. Аталған бөлім ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жұмыс істеуге маманданған. Запастан шақырылған азаматтарды оқытуға тәжірибелі нұсқаушылар тартылған.Бір айлық жиынға Тараз қаласы мен Жамбыл ауданы, Жуалы ауданы және Байзақ ауданынын 120 азамат келді. Қабылдау пунктінде әскери міндеттілер тіркеуден өтіп, құжаттары рәсімделеді, қажетті заттармен және әскери киіммен қамтамасыз етіледі.– Бұл жиындардың ерекшелігі – резервтегілер тек бастапқы әскери дайындықтан өтіп қана қоймай, дрондардың құрылымын және оларды басқару негіздерін де меңгереді. Бізде жеке құрамды қабылдауға толық дайындық жасалған, оқу алаңдары мен шатырлы лагерь жабдықталған, – деді 14157 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Әлімжін Қуантай.Жергілікті әскери басқару органдары бұл жиындарға әскери міндеттілерді ерекше мұқият іріктеген.– Біздің міндетіміз азаматтарды сапалы іріктеу, дұрыс ақпарат беріп, жиын өтетін орынға жеткізу болды. Шақырылғандардың арасында фермерлер, жүргізушілер, инженерлер, заңгерлер мен бухгалтерлер бар. Олардың барлығы шақыруды дұрыс дайындықпен қабылдады. – деді Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жұмылдыру ресурстарын тағайындау бөлімінің бастығы полковник Алмас Чункунов.Отыз күн ішінде олар қайта даярлықтан өтіп, соның ішінде дрондарды басқаруды үйренеді.– Бұл бағыт маған өте қызық. Қазіргі уақытта елді заманауи технологиялардың көмегімен қорғап үйрену қажет. Оқуға дайынмын, сондықтан жиынға еш қарсылықсыз шын ықыласпен келдім, - деді Жуалы ауданынан келген әскери міндетті азамат Рауан Сапарбай.Осылайша, әскери міндеттілерді даярлау жүйесі ұрыс алаңындағы өзгерістерге сай қарқынды түрде жаңарып келеді. Себебі уақыт өткен сайын ұшқышсыз ұшу аппараттары операторларының жұмысы үлкен маңызға ие болып отыр.Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1239613?lang=ru
Агенттік модельдік тәуекелді алғашқы қадағалап бағалаудың нәтижелерін жариялады 02.07.2026
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Екінші деңгейдегі банктерде модельдік тәуекелді басқару жүйесін алғашқы қадағалап бағалаудың нәтижелері бойынша есепті жариялады.Бағалауды жүргізу SREP, активтердің сапасын бағалау (AQR) және қадағалап стресс-тестілеуімен қатар тәуекелге бағдарланған қадағалауды дамытудың келесі кезеңі болды. Бағалау модельдік тәуекелді басқару жүйелерінің жетілу деңгейін анықтауға бағытталды және үш қорғау желісі шеңберіндегі тәсілдерді талдауды, сондай-ақ жеке модельдерді тәуелсіз валидациялауды қамтыды.Есепте бағалау жүргізу тәсілдері мен қағидаттары, жекелеген банктердегі модельдік тәуекелді басқару жүйелерінің ағымдағы жай-күйін талдау нәтижелері, сондай-ақ Агенттіктің модельдік тәуекелді басқарудың тиімді жүйесін құруға қатысты қадағалау күтулері ұсынылды.Бағалау қорытындысы бойынша қамтылған банктерде тиісті жүйелер қалыптасу сатысында екені және корпоративтік басқарудың жекелеген элементтерін, тәуелсіз бақылауды және валидация процестерін одан әрі дамытуды талап ететіні анықталды.Агенттіктің қадағалау күтулері банк қызметінде сандық модельдердің көбеюін ескереді және дәстүрлі модельдерді, сол сияқты машиналық оқыту мен жасанды интеллект әдістеріне негізделген модельдерді де қамтиды. Күтулер жетекші халықаралық стандарттар мен озық практикаларды ескере отырып қалыптастырылды.Есепті жариялау Агенттіктің модельдік тәуекел саласындағы қадағалау тәсілдерінің ашықтығын арттыруға, нарыққа қатысушылармен диалогты дамытуға және банк секторы үшін бірыңғай бағдарларды қалыптастыруға бағытталған. Сыртқы коммуникациялар басқармасыpress@finreg.kzАқпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1239600?lang=ru